Құқық саласындағы қызметкерлерге арналған Ар-намыс кодексі жемқорлықтың жолын кесе ала ма?

Құқық саласындағы қызметкерлерге арналған Ар-намыс кодексі жемқорлықтың жолын кесе ала ма?

kaba

Әділ БЕК ҚАБА, ҚР Бас прокуратурасы аппаратының Тіл саясаты және ақпарат басқармасының бастығы:

– Мемлекеттің дамуына, өркендеуіне жан-жақты мүмкіндіктер туғызатын, ол – білікті заңдар. Құдайға шүкір, мұндай заңдар бізде бар. Әлі де қабылданып жатыр, қабылдана береді де. Ең бастысы, сол қабылданған заңдар бізде сыйлана ма? Жалпы, елімізде заң сыйлау мәдениеті қалыптасқан ба? Мәселе осында! Егер құқық қорғау саласының қызметкері заңды сыйласа, ол заң алдында да, ар алдында да таза болатыны анық. Бұл тұрғыда бүгінгі ҚР Бас прокуратурасының Ар-намыс кодексін қабылдауы осы үлкен мақсатқа қарай жасалған игі қадам деуге болады. Енді «Ар-намыс кодексінің қабылдануына қандай негіз бар?» деген сұраққа жауап беріп кететін болсақ, Мемлекет басшысының қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, құқық қорғау саласы қызметкерлерінің жұмысын одан әрі жетілдіру жөніндегі Жарлығы бар. Былайша айтқанда, Елбасының сәуір айындағы Жарлығы прокуратураның бүгінгі Ар-намыс кодексінде көрініс тапқан. Нақты айтсақ, прокуратура қызметкерлеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық туралы басшыларына немесе құқық қорғау органдарына хабарлау міндеті бекітілген. Демек, Ар-намыс кодексін берік ұстаған прокурор ендігі жерде сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір түрін, көрінісін байқаса, бұл міндетті түрде тиісті органдарға хабарлап, не болмаса қызмет барысында болса, сол істі аяғына дейін жеткізуге міндетті. Бір сөзбен айтқанда, заң сыйлаған елде және заңды құрметтеген елде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Сондықтан қабылданып отырған Ар-намыс кодексі сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі деп сенеміз.

shalatay-mirzaxmetov_1-1

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:

– Бүгінгі күні прокуратура қызметкерлері өздерінің Ар-намыс кодексін қабылдап отыр. Бұрынғы Прокуратура кодексіндегі прокурор этикасы ескірді. Енді оны жаңалау қажет. Қай заманда, қай қоғамда болмасын, өзінің кодексі болған. Мысалы, мұсылмангершіліктің өзінің хадисі бар, Кеңес үкіметі кезіндегі партия заманында партияның арнаулы кодексі болған. Сол секілді прокуратура өкілдері кәсіби шеберліктерін шыңдау үшін өздерінің Ар-намыс кодексіне өзгеріс енгізсе, онда тұрған не бар? Кез келген өзгеріс тек өркениетке, жақсылыққа қарай бастау үшін енгізіледі. Сондықтан оның артықшылығы жоқ.

arykbai-agybaev4

Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы, профессор:

– Заман өзгерген сайын қызмет этикасы да, Ар-намыс кодексі де соған сәйкес өзгертіліп тұрады. Өйткені, коммунистік мораль, коммунистік ар-ождан кодексімен қазіргі кезде жүру мүмкін емес. Енді Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төраға болайын деп жатыр. Сондықтан дүниежүзіндегі озық ойлы елдердің қызметтік этикасын бойымызға сіңіріп отыруға талпынғанымыз дұрыс. Бұл ретте еліміздегі прокуратура қызметкерлерінің жауапкершілігі өте зор. Прокурор деген – республикадағы бүкіл заңды қадағалайтын жалғыз орган. Сондықтан олардың қызметі де барлық жағынан жоғары болуы қажет. Енді прокуратураның Ар-намыс кодексіне өзгерістер енгізіп, дүниежүзілік стандарттарға сәйкестендіруі – құптарлық жайт. Мұның артынан барлық қызметкерлер осындай бетбұрысқа баруы қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста