Қоғамды терроризмнен өзін-өзі қорғаудың қандай механизмдерін ұсынасыз?

Қоғамды терроризмнен өзін-өзі қорғаудың қандай механизмдерін ұсынасыз?


Марат БАШИМОВ, заңгер:
– Шыны керек, бүгінде халқымыз терроризмнен өзін-өзі қорғауға дәрменсіз. Әйтпесе жиырмадан енді асқан жастар нені түсініп, кімге сеніп өзін-өзі оққа бай­лау­да? Олардың бұл тұрғыда сауаты аз болғаннан кейін ада­сып жүргенін өздері де түсінбей жүр. Себебі қоғамда ха­лықты патриоттыққа үндеуден гөрі теріс бағытта тәр­бие­лейтін ақпараттар көп. Мәселен, тер­ро­ризм жайлы кинолар, роликтер интернет пен теледи­дар­да қаптап жүр. Бұл не сұмдық? Одан гөрі патриот­тық­ты кеңінен насихаттасақ, елін сүйер, елінің ертеңіне се­нер адамнан жаманшылық күтпес едік. Қоғамды тер­роризмнен сақтау үшін халық болып жұмылу керек. Қо­ғамға қауіпті адамды байқаған кез келген адам тиісті орын­­дарға хабарлап, өз елінің патриоты ретінде елінің ер­теңіне өзі де бейжай қарай алмайтынын білдіруі қа­жет. Сондықтан дәл қазір бізге халықпен жұмыс істеп, тү­сін­діру жұмыс­тарын кеңінен жүргізсек, дұрыс болар еді.

Болат САЙЛАН, Ауған соғысының ардагері, тарих ғылымының докторы:
– Кеңестік кезеңнің бір артықшылығы – патриоттық кеңінен наси­хат­та­латын. Мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршінге дейін пат­риот­тықтың идеологиясымен сусындап өсетін. Әрбір өрен елін сү­йер ұлан бо­латын. Ал қазір жастар арасында патриоттық мүлдем на­си­хатталмайды де­се болғандай. Әлдебір идеологияға сенгісі келген хал­қымыз кім кө­рінгеннің жетегінде кетіп жатыр. Халқымызды адас­тыр­ғысы келген сек­тант та, мемлекетке қарсы пайдаланғысы келген тер­рорист те азаматта­рымыз­ды иектеп кетуде. Сондықтан алдымен ха­лық­­тың рухани, саяси сауатын күшейтіп, қоғамдық тәрбиелеуді дұ­рыс жолға қоюымыз керек. Сонда халық кімнің кім екенін айыра ала­тын­дай дәрежеге жетіп, тер­ро­ристі алыстан ажыратып, өзін-өзі қорғай ала­тындай болады. Сондай-ақ ше­карамызға берік болуымыз керек. Өйт­кені ел ішін қару-жарақтан таза­лап алуға болар, ал сырттан үздік­сіз кіріп жататын қару-жарақты тоқтата ал­масақ өте қиын. Мәселен, Ау­­ғанстан кедей ел болғанымен, ел ішінде қа­ру-жарақ өте көп. Сон­дықтан ел іші де тыныш емес. Яғни оларға қару-ж­а­рақ сырттан үздіксіз кіріп жатыр. Осы орайда біз де шекарадан енген әр­бір адам мен әрбір зат­қа абай болуымыз керек. Сонда ғана қоғамның қа­уіп­сіздігі үшін алаң­дамаймыз.

Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы:
– Терроризм атауы бұрын бізге мүлдем жат дүние еді. Осыған дейін батыс елдерінде, Ресейде орын алған террористік оқиға­лардан соң біздің елімізге де келіп жететіні белгілі еді. Бірақ біз тер­­роризм қо­ғамымызға аяқастынан еніп кеткен сәтте абдырап қал­дық. Бүгінде хал­қымыздың бойында терроризмді сезініп, ал­дын алуға ұмтылудан гө­рі үрей басым. Сондықтан тиісті орындар халық­пен жұмыс істеп, тү­­­сін­­діру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Орын алған оқиғаларға сарап­та­ма жасай отырып, терроризмнің төркі­ні­нің қайдан шығып жатқа­нын анық­тап, халықты жұмыла жұмыс іс­теу­ге шақыру қажет. Шын мә­нінде қо­ғамды терроризмнен қор­ға­нуға дайындау мемлекеттің мой­нын­дағы іс. Біреулер үшін мем­ле­кеттің қарқынды дамып, тез ара­да ха­лық­­­аралық стандарттарға сай заңын ыңғайлап, қарыштап қа­нат жа­йып келе жатуы ұнамай, мем­лекеттің ішінде өзара қайшы­л­ық­тар туын­­да­ғаны пайдалы бо­луы мүмкін. Осыны біз халыққа түсін­діре бі­луіміз ке­рек. Сонда ға­на қоғамның терроризмнен өзін-өзі қор­ғап қана қой­­май, оның ал­дын алуға жұмыла кірісетінін де байқай ала­мыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста