Қазақ жастарының шетелде оқуына белгілі бір жасқа келгеннен кейін ғана рұқсат беру керек пе?

Қазақ жастарының шетелде оқуына белгілі бір жасқа келгеннен кейін ғана рұқсат беру керек пе?

 

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, ҚР Президенті Мәдениет орталығының директоры, профессор:

– «Мектептің жасы», «жоғары оқу орындарында оқитындардың жасы» деген жас бар емес пе? Сол сияқты шетелде оқитын балалардың жасына да шектеу қойылуы керек. Баяғыда соғыстан шекпенін сүйретіп келгендерді неше жасқа келгеніне қарамастан оқыттық. Бірақ ол заман өтті ғой.

Енді қазір мектепті үздік бітірген, Елбасымыз айтып жүргендей, ерекше дарынды жастардың әлемдік деңгейдегі іргелі оқу орындарынан лайықты білім алуына жол ашуға тиіспіз. Мысалы, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге барып оқып жатқандарды мен «ақылы ерте толысқан, әбден пісіп-жетілген балалар» деп ойлаймын. Өз басым «Болашақпен» барып немесе соны бітіріп келіп, бір жерде бірдеңе бүлдіріп жүрген баланы көрген де, естіген де емеспін.

Рас, «бірді-екілі балалар шетелде қалып қойып жатыр екен» деген әңгімелер бар. Бірақ ол да – тағдыр. Қалай болғанда да, ешқайсысы қазақ екенін ұмытпайды. Дегенмен басым көпшілігі елге оралып жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, шетелге барып оқитындардың жасынан қауіптенуге болмайды. Алайда белгілі бір шектеу қойылғаны дұрыс.

Тұрсынбек КӘКІШЕВ, профессор:

– Балаларды шетелге оқуға жібергенде жасына шектеу қою өз алдына, «кімді жіберген көбірек тиімді?» деген мәселеге де мән берілуі тиіс. Мысалы, қыздарды сыртқа жіберуге болмайды. Сезімге зорлық жүрмейді ғой, олардың біреуді ұнатып қалуы оп-оңай.

Бұған әдеттегі жайт ретінде қараған дұрыс емес. Яғни шетелдікке тұрмысқа шығып, жыраққа кеткен қыз балалармен бірге қазақтың ұлттық потенциалы да кетіп жатыр. Бұл – өте қауіпті нәрсе. Ал ер адам жақсы болсын, жаман болсын, қалайда өз елінің, жерінің қадірін біледі. Сол себепті де ұл балаларды оқытуға, белсенділігін арттыруға ерекше күш салу керек.

Әшірбек СЫҒАЙ, профессор:

– Шетел дегенің – көзді алдайтын, көңілді арбайтын, әлем-жәлем, жарқ-жұрқ дүние. Меніңше, оған қалай болғанда да ақыл тоқтатқан, сана-сезім жағынан жетілген, елін, жерін ойлай білетін жасқа жеткен, алды-артын бағамдай білетін, оң-солын таныған жастарды жіберу керек сияқты.

Ол үшін арнаулы комиссия іріктеген кезде дарынды балалардың тек білім деңгейіне ғана емес, мінез-құлқына, тәрбиесіне де қарауы қажет. Әйтпесе қайсыбір жастар барған жерінің даңғаза үрдісіне былығып, елге оралмай, оралса да өзінің не тілін, не мәдениетін білмей, шүлдір-шүлдір етіп немесе секталарға арбалып, айналасына түйенің үстінен қарағандай қарап, жанымызға күйік болып жүргені де шындық. Жас балалар еліккіш келеді. Шетелде өзіміз де болып жүрміз ғой.

Көп нәрсені көрген кезде басың айналып, көзің тұнады, «мынау не деген керемет өмір!» деп ойлайсың. Ал әлі қалыптасып үлгермеген жас болмыс оның тереңіне бойламай, ғайыптан жолынан тайып, ата-анасын, ел-жұртын жерге қаратуы әбден мүмкін. Сондықтан сыртқа жібергенде де кез келгенді емес, бас терісі келіскендеу «осы ертең елге оралып, көсегемізді көгертеді-ау» дегендей, маман иесі, ғылым иесі, қоғам иесі ретінде халқымызға пайдасы тиетін жастарды іріктеп жіберу керек.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста