Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қалай тосқауыл қоюға болады?

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қалай тосқауыл қоюға болады?


Шыңқуат БАЙЖАНОВ, адвокат:
– Менің ойымша, қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға тосқауыл қою үшін, ең алдымен заңды қатаңдатып алуымыз қажет. Қылмыстық кодекстің 177-бабындағы алаяқтыққа белгіленетін жаза тым жеңіл. Алаяқтық бабы бойынша 5 жылдан 12 жылға дейін жаза қарастырылған. Алайда алаяқ екі жыл отырғаннан кейін көбінесе бостандыққа шығып, алаяқтығын одан әрі жалғастыра береді. Сондықтан, біріншіден, заңды қатайту арқылы алаяқтың 10 жыл мен 20 жыл аралығында жазаға кесілуін қамтамасыз етуіміз керек. Екіншіден, халықтың ақшасын жеп, зар жылатқандардың мерзімінен ерте немесе қоныс колониясына шықпауын қадағалауымыз қажет. Үшіншіден, Қаржы полициясы, жергілікті жердегі ІІБ-дердің қылмыстың алдын алуға деген жауапкершілігін күшейтуіміз керек. Мәселен, Ресейді шулатқан Мавродидің жарнамасы неге қоғамдық көліктерімізде емін-еркін жарнамалануы тиіс? Қадағалаушы орындар қайда қарап отыр? Сондықтан қай өңірдің халқы қаржы пирамидасына тоналса, сол жердің ІІБ бастығы жұмысынан кететіндей жүйе енгізу керек. Сонда жергілікті құқық қорғау орындары қаржы пирамидаларына халықты тонатып, өздері солармен ауыз жаласып жүре бермей, қылмыстың алдын алуға белсене кіріседі.

Ермек НҰРМАҒАНБЕТ, ҚазҰУ заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы:
– Рас, соңғы кездері елімізде қаржы пирамидалары көбейіп кетті. Қазір «МММ» қаржы пирамидасының жарнамалары қоғамдық көліктер мен тұрғын үйлердің кіре берісін жаулап алды. Егер біздің қадағалаушы органдарымыз міндеттеріне сай жұмыс істеп, қылмыстың алдын алуға тырысса, қаржы пи­ра­ми­даларына тосқауыл қоюға болар еді. Өкінішке қарай, «МММ» қаржы пирамидасын ұйымдастырушы Мавродий  халықты тақырға отырғызып, сол үшін жазасын өтеп шықса да, бүгінгі күні ел ішінде тайраңдап, өз ісін жалғастыруға ұмтылуы құқық қорғау орындарының дұрыс жұмыс істемейтінінің айғағы болса керек. Заңды қандай қылып қатаңдатып жазсақ та, құқық қорғау орындары жұмыс істемейтін болса, қылмыскерлер тайраңдап, қоғамымыз алаяқтар мен қылмыскерлерден зардап шеге береді. Сондықтан қаржы пирамидасын ұйым­дас­ты­ру­шыларға тосқауыл қоямыз десек, қадағалаушы органдардың жа­уа­п­кершілігін күшейтуіміз керек.

Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға тос­қауыл ең алдымен құқық қорғау органдары та­ра­пынан қойылуы тиіс. Өкінішке қарай, бізде кө­бінесе құқық қорғау орындары алаяқтардың ел ішін ала тайдай бүлдіріп жатқанын көріп жатса да, қыл­мыстың алдын алу орнына қарап отыра бе­реді. Міндетті түрде халық шулағаннан кейін ғана іс­ке кіріседі. Бүгінгі күні де қаржы пирами­да­ла­рының елді шулатып жатқанын көріп-біле отырып, тиісті орындар олардың емін-еркін өздерін жар­намалауына жол беріп отыр. Сондықтан құқық қор­ғау органдарының жауапкершілігін күшейту ке­рек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста