Қант импортын шектеу арқылы Үкіметтің отандық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған іс-шарасын саудагерлер пайда табу мақсатына пайдаланып кетпей ме?

Қант импортын шектеу арқылы Үкіметтің отандық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған іс-шарасын саудагерлер пайда табу мақсатына пайдаланып кетпей ме?

0373

Тимур НАЗХАНОВ, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті:

– Өзіміздің отандық өндірісті дамыту мақсатында Үкімет қант импортына шектеу қойды. Бір жағынан, бұл дұрыс та шығар. Себебі отандық өндіріспен айналысатын кәсіпорындардың өз өнімін сату арқылы ары қарай өркендеуіне септігі тиеді. Дегенмен оларға осылайша ұдайы көмек беріп, шетелдік импорттарды шектей берсек, біз бәсекелестікке қол жеткізе алмаймыз. Бізде қант шығаратын бар болғаны екі-үш кәсіпорын қалды. Олар Қазақстанның ішіндегі қанттың ақысын өздері бағалай берсе, арты монополияға айналады. Сондықтан меніңше, нарықтық экономикада бәсекелестік болуы керек. Ал қазір тура мұнай саласы секілді болып тұрғандай. Себебі әсіресе астық жиналар кезде, егісті егетін кезде жанармай бағасы бірден көтеріліп кетеді. Енді қантымыз тұтынушыға жетемін дегенше ортадағы делдалдар, қант зауытының қасында жүрген әртүрлі фирмалар өнімнің бағасын көтеріп сатады. Сөйтіп, олар үлкен табыс табады. Ал қарапайым халыққа қымбат бағаға сатып алған тиімді емес. Сондықтан импортқа шектеу қою уақытша ғана нәрсе болса, түсінуге болар, алайда тым созылып кеткені дұрыс емес.

01147

Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика ғылымының докторы:

– Әрине, мемлекеттің отандық тауар өндірушілерді қолдауы дұрыс. Бірақ осылайша кәсіпорындарды көтеріп аламыз деген үмітіміз күткен нәтижесін бермеуі мүмкін. Мысалы, сырттан келген тауарларға шектеу қойылғаннан кейін, елімізде қантқа деген жетіспеушілік туындайды. Ал сұраныс көбейген жерде міндетті түрде баға өседі. Сондықтан отандық тауар өндірушілерді қолдаймыз деген жақсы пиғылымыздың арқасында біз делдалдарға көмектесе отырып, қарапайым халықтың қалтасын қағамыз. Сондықтан отандық тауар өндірушілерді қолдаудың басқа механизмдерін қарастыруымыз керек. Мына қант шығаратын зауыттар мен қызылша егетін шағын шаруашылықтардың басын біріктіруіміз қажет. Керек десеңіз, қанттың қымбаттауы – тек Қазақстанда емес, әлемдік тұрғыда орын алып отырған күрделі мәселе. Сондықтан мұны белгілі жолдармен, қант зауыттары мен қант қызылшасын егетін шаруашылықтарды алдын ала дамытатындай механизмдерді жасау керек. Біз бір-екі айға ғана отандық кәсіпкерлерді қолдағанымызбен, оның нәтижесі аз.

02112

Серік ӘБДІРАХМАНОВ, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:

– Бізде екі-үш қана қант шығаратын ірі зауыт бар. Олар шикізатты еліміздің қызылша егушілерінен алмайды, шетелден тасымалдайды. Арзан әрі сапасыз шикізатты шетелден әкеліп, осында қоспа жасап, сатып жатыр. Оны бақылап жатқан ешкім жоқ. Себебі бұл ірі монополистердің қолында болғандықтан, оларға прокурорлық тексеру жүрмейді. Жақында Талдықорғандағы қызылша егетін жергілікті тұрғындар өзінің өнімін сата алмағанына наразы болды. Өйткені қант шығаратын зауыт олардың бір тонна қызылшасын өте арзан бағаға алады екен. Бұл туралы баспасөздерде де жария етілді. Бұл отандық кәсіпкерлікті қолдау емес, қайта оларға қарсы шығу болып табылмай ма? Сондықтан Үкімет монополистерді қолдаудың орнына қанттың бағасын арзандатудың жолын қарастырып, жергілікті қызылша өндірушілерге көмектесуі қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста