Пиротехникалық заттардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Пиротехникалық заттардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?


Айтқали ЕСЕНҚҰЛОВ, отставкадағы генерал-майор, запастағы әскери қызметкерлер одағының төрағасы:
– Кез келген пиротехникалық зат – өте қауіпті. Өйткені пиро­тех­ни­калық заттарды біріктіре отырып, ірі жарылғаш зат жасауға болады. Осы орайда кейбір қолдан жасалған жарылғыш заттардың пи­ро­техникалық өнімдерден жасалып жатпағанына ешкім кепілдік бере алмайды. Ал қолдан жасалған жарылғыш заттардан қоғамға төнетін қауіп өте үлкен. Осыған дейін пиротехникалық заттардың салдарынан үйлер өртеніп жатса, келешекте мұның салдары тіпті ұлғаюы мүмкін. Әсіресе бүгінгідей лаңкестерден қоғамға төнер қауіп артып тұрған кезде пиротехникалық заттардың көшенің кез келген бұрышында сатылымда жүруі өте қорқынышты жайт. Алда Жаңа жыл мерекесінің келе жатқанын ескерсек, пиротехникалық өнім сауда орындарында тіпті кең тарай түседі. Сондықтан қауіпсіздік шарасына орай, пиротехникалық заттардың сатылымына мүлдем тыйым салу керек. Бүгінде пиротехникалық өнімнің таралу жолының бетімен кеткені соншалық, елімізде лицензиясы жоқ өнімдер де қаптап жүр. Шыны керек, ертеңгі күні лицензиясы жоқ өнімнен келген зиянға кінәлайтын адам таппай қалуымыз да әбден мүмкін. Осы орайда пиротехникалық заттың таралымына мүлдем тыйым салу қажет деп ойлаймын.

Салтанат ӘЗІРБЕК, Алматы қалалық ІІД баспасөз қыз­метінің жетекшісі:
– Негізі, еліміздегі сатылымда жүрген пиротех­ни­ка­лық заттарды бақылау құзыреті Төтенше жағ­дай­лар департаментіне берілген. Ай сайын төтен­шеліктер рейдтер өткізіп, пиротехникалық заттарды бастан-аяқ бақылап отырады. Ал біз қосымша көмекші ре­тінде рейдтерге ере шығып, қылмыстық ахуал бай­қал­ған кезде ғана іске араласамыз. Жексенбі күні пи­ротехникалық заттың салдарынан орын алған өрт пен адам өліміне қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыс құрамы анық­тал­са, біз де өз беті­міз­­ше тергеу-тексеру жұмыстарын бас­таймыз. Айта кетер жайт, заң бойынша пи­ро­тех­никалық заттар елі­мізде тек қана арнайы дүкендерде сатылуы тиіс. Егер осы заң өз күшінде жұмыс істер болса, пиротех­ни­калық заттарға қатысты ешқандай мәселе туында­мас еді. Сондықтан заңдағы талап бойынша олар­дың сатылатын жеріне қатысты ба­қы­лауды кү­ш­ейт­кен жөн. 

Гауһар ДӘУРЕНҚЫЗЫ, Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:
– Пиротехникалық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау, жою, есепке алу ҚР Үкіметінің 7 қараша 2011 жылғы №1303 қаулысымен бекітілген. Пиротехникалық заттарды сатып алушы мекемелер мен жеке кәсіпкерлердің лицензиясы болуы керек. Ондай лицензия ІІМ тарапынан беріледі. Көбінесе базарларда сатылатын пиротехникалық заттар елімізге заңсыз жолмен жеткізілетін лицензиясыз өнімдер болып табылады. Заңсыз жеткізілген тауар болғандықтан, арнайы дүкендерде емес, қара базарда сатылымға түсіп, одан әрі кім көрінгеннің қолында жүре береді. 20 қараша күні 15 сағат 48 минутта «Ялян» базары маңынан өрт шығып жатқаны жайлы хабар келіп түсті. Өрт пиротехникалық заттар сақталған контейнерден шыққан. Осы өрттен алған жарақатынан 1992 жылғы азамат оқиға орнында қайтыс болды. Бүгінде тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдай пиротехникалық заттарды сақтау ережесінің ескерілмеуі салдарынан орын алуы әбден мүмкін. Алдағы уақытта пиротехникалық заттарға қатысты бақылау жұмыстарын күшейту қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста