Патриоттық мазмұндағы телебағдарламаларды көбейту үшін не істеу керек?

Патриоттық мазмұндағы телебағдарламаларды көбейту үшін не істеу керек?


Сейілбек Мұсатаев, саяси ғылымдар докторы:
– Патриотизм деген Отанды сүю, ел үшін күю ғой. Жалаң ұран, құр даңғаза­мен патриотизмнің мәнін кетіріп алып жатамыз. Еліміздегі «әп-бәрекелділерді» ғана емес, «әттеген-айларды» да жасырмай айту керек. Телеарна – қоғамдық пікірге қозғау салушы ең қуатты құрал. Бұл телеарна басшыларына үлкен жауапкершілік жүктейді, алайда олардың көбі сенім үдесінен шығып жатыр дей алмаймын. Өйткені прайм-тайм уақытында эфирді түрік, корей сериалдарымен толтырып қойды. Ресей телеарналарын қарасақ, әскери, спорттық, ток-шоула­рының астарынан патриотизмді байқаймыз. Сондықтан телеарналарда «Менің елім, Қазақстан!» деп кеудемізді мақтаныш кернеп тұратындай отансүйгіштік мазмұндағы бағдарламалар көптеп жасалса... Мысалы, өлкетану бағытында еліміз­дің түкпір-түкпіріндегі тамаша мекен­дерді, тарихи жерлер мен ескерткіш­терді неге айшықтап көрсетпеске? Бұл, бір жағы­нан, ұлттық туризмді дамытуға септігін тигізер еді. Сонымен бірге қазақтың ілкі мәде­ние­ті мен төл дәстүрін, ұлттық қолөнерін насихаттайтын, қазақтан шыққан тарихи тұлғалар хақында бағдарламалар жасау керек. Эфирден азаматтық қоғам өкілдері­не, партиялар мен ұйымдардың тың идея, ой-пікіріне орын берілсе жақсы болар еді. Телеарна басшыларына осындай кешенді шараларды атқару міндеті тұр.

Серік Әбікенұлы, «Алматы телеарнасы» бас дирек­то­рының бірінші орынбасары:
– Ең әуелі биліктің өзі қазақ журналистерін қақпақылдағанын қоюы керек шығар. Ал телеарналарға тек қана шын ниет пен тай­сал­мас батылдық керек. Ал оны қаржыға апарып тірейтіндер бар, бірақ жүрегінде оты, кеудесінде намысы барлар қаржыға қарамай-ақ, халқына керек дүниелерді бере алады. Сондықтан ең әуелі биліктің тармақтарында істейтін басшылардың патриоттық сезімін ояту керек. Қазіргі қазақ журналистерінің кеудесінде отансүйгіш­тіктің оты лаулап тұр. Олар өз ішіндегі қайнап жатқан дүниесін толық жеткізейін десе, мына жақтағы жандайшаптар шырылдап шыға келеді. Негізінде,біз, журналистер, әлі күнге дейін ұлтты ояту мәселе­сі­нен алысқа ұзаған жоқпыз. Мысалы, біздің арнада «Тіл сақшысы» деген хабар бар. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болса да, әлі күн­ге дейін тілімізді қорғаумен айналысып жүрміз. Жалпы, ұлты­мыз­ға тиесілі дүниелерден біздің шығармашылық ұжым кенде емес. Ұлт тарихына қатысты «Тарих таразысы», дәстүрлі дінімізді дәріптейтін «Бес парыз» атты хабарымыз бар. Қазақ журналистері әу бастан бағытымызды айқындап алғанда, біздің әуеніміз басқаша болар еді. 

Әуесбайдың Қанаты, филология ғылымының кандидаты, тележурналист:
– Меніңше, телевизияшы қауым бүгінде көрерменнің талғамын бұзып алды. Соның салдарынан телеаудитория адами ізгі қасиеттерді, рухани байлықты, патриотизм ауанындағы отансүйгіштік телеөнімдерді тамашалаудан гөрі зорлық-зомбылық, қатыгездік, қиянатты әспеттеп, әсіре­лейтін бағдарламаларға әуес болып алды. Бұл – адамның ішінде бұғып жатқан «хайуандық түйсіктің» жете­гінде кетіп, рейтингілік көрсеткішті ғана көксеген ақпарат құралдары­ның да кінәсі. Тиісінше, ізгілікті насихаттайтын телеөнімдер тапшы болғанымен, бірақ оған сұраныс аз сияқты көрінеді. Мен мұны телевизиядағы тоқырау дер едім. Әдетте патриотизмді парықтайтын бағдарламаларды көрсетудің қызықты пішіндерін ойлап тауып пайдаланбаса, көрермен жинау қиын. Жалпы, патриоттық хабарларды көбейту үшін арнайы медиа-жоспар жасалуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста