Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәнінің тиімділігін қалай арттыруға болады?

Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәнінің тиімділігін қалай арттыруға болады?

01214

Алдан СМАЙЫЛ, Мәжіліс депутаты:

– Қазіргі таңда республикамыздың орыс тілді мектептерінде 1-сыныптан 9-сыныпқа дейін қазақ тілі – 1600 сағат оқытылады. Алайда ондағы оқушылар жылына 1600 сағат оқыса да, 160 сөз үйреніп шыға алмауда. Егер шәкірттер әр сағатта қазақ тілінде үш сөзден үйренсе, 10-сыныпқа көшкенде 4800 сөз біледі екен. Ал лингвист ғалымдардың дәлелдеуінше, кез келген тілде айтар ойыңды толық жеткізу үшін 3500 сөз қажет көрінеді. Бұған қарап, орыс мектептеріне бөлінетін сағат саны қазақ тілін меңгеруге толықтай жететінін байқауға болады. Алайда орыс мектептеріндегі оқушылардың қазақ тілін үйренуі бұл талапқа сай емес. Мұның себебі, біріншіден, қазақ тілінен емтихан тапсырмаймыз, ең болмаса ЖОО түсер кезде ана тілімізді талап етпейді. Ешқандай жауапкершіліктің болмауынан балалар қазақ тілін үйренгісі келмейді. Екіншіден, орыс мектептеріндегі қазақ тілінде сабақ беретін оқытушылардың сапасы төмен. Тіпті кейбір мектептерде өз ісінің маманы сабақ бермей жүрген секілді. Үшіншіден, қазақ тілі пәнінің оқулықтары талапқа сай емес. Мұны Білім және ғылым министрлігі мойындап та отыр. Негізі, мектепте ғана емес, қазақ тілі пәнін одан әрі ЖОО-да оқытуға міндеттеу керек. Тілге қатысты мұндай олқылықтарды орнына келтіретін кез жетті.

02152

Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі:

– Қазақ тіліне қоғамда сұраныс болмағандықтан, орыс мектептеріндегі қазақ тілінің жағдайы мүшкіл болып отыр. Тілді білуге деген құлшыныс қажеттіліктен пайда болады. Сондықтан ең болмаса, қазақ тілінде нан сұрап жерліктей қабілеті болмағандарға қазақ елінде өмір сүре алмайтындай жағдай жасау керек. Ал бізде, керісінше. Орыс тілін білмегендердің басына қиындық туып жатады. Өйткені көптеген салалар мен құжаттар әлі де болса орыс тілінде. Жалпы, еліміздегі барлық мектепті қазақ тіліндегі мектеп етіп ауыстыру керек. Мәселен, Германияда басқа тілдегі мектеп жоқ. Ол жақтағы басқа ұлттардың өзі балаларын неміс тілінде оқытқанды тәуір көреді. Өйткені ол елде неміс тілін білмесе тұра алмайтынын біледі. Бізге де осындай жүйе керек.

03105

Айгүл АХМЕТҚАЛИЕВА, Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары қауымдастығы корпоративтік қорының директоры

– Мен орыс мектебінде қазақ тілі пәнінен сабақ беремін. Рас, орыс мектептеріндегі қазақ тілінің жағдайы мәз емес. Оның себебі қазақ тілін үйретудің жүйелі әдістемесі жоқ. Негізі, қазақ тілі сабағы жүргізілгеннен кейін ол толық қазақ тілінде жүргізілуі тиіс. Алайда бір сыныпта қазақ тілін жетік білетін бала да, қазақ тілін түк түсінбейтін оқушы да бірге отырады. Қазақ тілін білмейтін балаға түсініксіз болып қалмас үшін сабақты орыс тілінде өткізуге мәжбүр боламыз. Оның үстіне, шәкірттерді тілді білу дәрежесіне қарай екіге бөліп оқыту әдістемелері жоқ. Негізі, еліміздегі жастар аралас немесе орыс мектебінен шыққанына қарамастан, қазақ тілді мектепте оқыған баламен қатар ана тілін білуі керек. Өйткені ертең ол мемлекеттік жұмысқа барады. Ал мемлекеттік қызметте істей алуы үшін мемлекеттік тілде сөйлей алуы міндеттелуі тиіс. Орыс мектептеріндегі қазақ тілін үйретуші оқулықтардың да жайы айта-айта жауыр болды. Оқулықтарды мектепте жұмыс істеп те көрмеген ғалымдар жазады. Мұндай оқулықтар оқушыларға ұғынықты бола бермейді. Әрине, он жыл бойына қазақ тілін оқыған оқушының бір ауыз қазақша білмеуі – парадокс. Сондықтан нақты іске көшетін кез жетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста