Оқушылардың мектеп қабырғасынан спорттың немесе өнердің бір саласын меңгеріп шығуын міндеттеу керек пе?

Оқушылардың мектеп қабырғасынан спорттың немесе өнердің бір саласын меңгеріп шығуын міндеттеу керек пе?


Алмас ӨТЕШОВ, Лондон Олимпиадасына қатысқан ауыр атлет:
– Спортшының кәсіби жолы тым ерте басталады. Кішкен­тайы­нан спортқа ден қоймаса, ол баладан жоғары нәтиже күте алмаймыз. Сондықтан мен бұл сұраққа ойланбастан оқу­шы­ларды мектеп қабырғасынан спорттың бір түріне міндеттеу керек деп жауап беремін. Алайда біздегі ауыл мектептері, ауылдағы спорттық үйірмелер Олимпиада чемпионын даярлап шығатындай дәрежеде емес. Мысалы, көзінде оты бар, келешекте бүкіләлемдік дүбірлі додадан жүлде әпереді-ау деген дарынды бала ауыл көлемінде қалып қойса, қазақ спорты үшін үлкен соққы болады. Сондықтан талантты ұл-қыздарды қаладағы спорт мектеп интернаттарына алып кетуге мәжбүрміз. Қалалық мектептерде жағдай сәл тәуірлеу. Бүгінде менің ізімді басып жүрген ауылдағы інішектерді қалаға алып келдік. Бар ойымыз – олардың әлеуетін арттыра түсу. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, жас жеткіншекті спорттың бір түріне бау­лу туралы идеяларыңыз керемет. Бірақ барлық бала талант­ты емес қой. Соны да естен шығармайық.


Нұржан ЖАНҒАЛИЕВ, дене шынықтыру пәнінен Ақтөбе облысындағы ауыл мұғалімі:
– Мұғалім ретінде сізге мынадай мысал айтайын. Мектепте нашар оқитын бала жастайынан техника тіліне әуес болып, тез меңгереді. Бірақ көліктің құлағында ойнайтын баланы біз «химия, математика, физиканы білмейсің» деп жатып кеп сөгеміз. Ал аталған пәннен үлгерімі жақсы оқушы техниканың қыр-сырынан хабарсыз болуы мүмкін. Мектеп – болашақ ғалымның, өнертанушының, әртістің, спортшының ірге­тасын қалайтын жер. Сондықтан болашақ чемпионды да мектептен бастап тәр­биелеуді қолға алу керек дегенді құптаймын. Әлемдік спорттың көшін бастап тұрған Қы­тайдағы спорт саясатына қызығамын. Балаларды жастайынан интернаттарға алып кетіп, біраз жылдан соң әлемді аузына қаратқан спортшыны даярлап шығады. Мұндай жүйе бізге де қажет деген пікірдемін. «Баланы – жастан» деген... Бірақ мектеп кезінен спорттың бір саласына дайындауды жолға қою қиын соғуы мүмкін. Себебі біздегі денешы­нықтыру пәніне деген көзқарас әлі дұрыс жолға түспей тұр. Ауыл спортының жағ­дайы айтарлықтай. Кеңес үкіметінен қалған құрал-жабдықтарды пайдаланып жүрген мектептер баршылық. Сіздің сұрағыңыз орынды, бірақ бұл мектеп бағ­дар­ламасында қарастырылмаған. Арнайы оқытатын мектептер болса, әңгіме бір бөлек. Ме­ніңше, мектеп қабырғасында толыққанды спортшы қалыптастырып шығу қиын бол­ғанымен, жас балаға бағыт беріп, бір үйірмеге қатыстыруды қоғам болып қолға алу керек.


Сұлтанмахмұт ШОҚБЫТОВ, белгілі спорт қайраткері:
– Әрине, міндеттеу керек. Қазір біздің қоғамда бір нәрсені шегелеп тұрып айтпасаң, өз еркімен спортқа, қоғамдық қызметтерге бет бұратын адамдар аз. Сондықтан да мектеп кезінен спортқа немесе басқа үйірмелерге беріп, баулу керек деген оймен келісемін. Бірақ бұл жерде тек біржақты ойға берілмейік. Егер мектеп оқушыларын спорттың бір саласын толық меңгеріп шықсын десек, оларды қызықтыра білейік, оларға бар жағдайды жасайық, спорттық құрылғылар мен спортзалдарын көбейтейік. Жан-жақты мамандарды да мектептерге бөліп тастайық. Осыдан соң ғана мектеп оқушыларынан нәтиже күткен дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста