Мемлекеттік органдар ресми сайттарының қазақша нұсқасының ақсап тұруы неліктен?

Мемлекеттік органдар ресми сайттарының қазақша нұсқасының ақсап тұруы неліктен?


Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы:
– Түлкі тырнаны қонаққа шақырып, оған жайпақ табаққа тамақ салып беретіні туралы ертегі-мысал бар еді. Ресми сайттардың қазақшасына келгенде соны есіме түсіремін. Көптеген шенеуніктің қазақшасы жоқтың қасы. Сондықтан сайттағы қазақша мәліметтерге назар аудармайды, қадағаламайды, үнемі ауыстырып отырмайды. Сосын оны сұранысқа жаба салады. Кез келген мәселені өзінің деңгейімен түсінеді. Қазір ауылда отырған халықтың барлығы мәліметті интернет арқылы іздейтін болған. Әрине, таба алмайды. Таба алмаған соң, амалсыз орысша мәліметтерді іздейді. Түптеп келгенде, бұл қазақтілді қауымның құқығының бұзылуы. Бұл мәселені реттеу үшін Үкімет басшысы арнайы қаулы шығарғаны дұрыс. Онда екі тілде берілетін ақпарат бірдей болу керек екені анық көрсетілуі керек. Талап орындалмаған жағдайда олар айыпқа тартылады деп бекітсе, шенеуніктер өздері үшін жүгіретін болады.


Аршат Оразов, ІТ маманы:
– Біріншіден, мемлекеттік орган­дар­ сайттарының қазақшасы тек міндетті түрде болуы шарт болған­дықтан, «галочка» үшін жасалады. Екіншіден, қазақша аудармасын ешкім тексермейді, көп жағдайда онлайн сөздіктер арқылы аударылады. Үшін­шіден, ақпарат алдымен орысша дайындалады. Қазақша нұсқасын ешкім тексермейді. Сайттардың жаңарылуын, аудармасын, жалпы мазмұнын тексеріп, қадағалап отыратын арнайы бір орталық болуы шарт. Өздігінен шешілетін мәселе емес. Бұл, жалпы, тек сайттарға қатысты емес, барлық салалардағы аудар­ма­ларға қатысты мәселе.


Мақсат Жақау, «Ақжол» ҚДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, саясаттанушы:
– Мемлекеттік органдар ресми сайттарының әлі де болса қазақ тілінде толық қызмет көрсетпеуінің себебі тұтасымен мемлекеттік тілге көшу саясатының баяу жүргізілуінде деп ойлаймын. Мекеме басшыларының мемлекеттік тілді немқұрайды тұрмыстық деңгейде қалдырып, ресми іс-жүргізушілікке беттетпей отыруынан болып отыр. Сайттағы қазақ тілі тұрмақ, бізде белді басқарма басшылары қазақша келген хаттардың аудармасын жазғызып не қазақша жауап берілген хаттарды аудартатын жайлар кездеседі. Мұндай әдет сақталып тұрғанда сайттағы ақпараттар сөзсіз әуелі орысшадан басталып, қазақшасы кешіктірілетіні не мүлдем жұтаң салғырт ақпаратпен толықтырылатыны белгілі. Бұл жайт тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, белді телеарналар мен компаниялардың да сайттарында орын алып отыр. Осыдан барып мемлекеттік тілге деген құрмет саналы түрде сауатсыздар мен шалақазақтардың кесірінен алға баспай отыр деуге келеді. Мемлекеттік деңгейдегі патриоттықты мемлекеттік тілге жасалған құрмет арқылы өлшеуіміз керек секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста