Мектеп директорларын ауыстыру арқылы білім саласындағы былықты жоя аламыз ба?

Мектеп директорларын ауыстыру арқылы білім саласындағы былықты жоя аламыз ба?

0041

Құлбек ЕРГӨБЕК, филология ғылымының докторы, профессор:

—Егер қала, аудан әкімдері ағарту саласына келешектің көзімен қарап, қалалық, аудандық білім бөлімінің (департаментінің) басшысына ерік берсе, оларды тағайындағанда пара талап етпейтін болса, директор парамен өспей, шын мәнінде өзінің адал еңбегімен жетістікке жетіп, адал жолмен тағайындалған тұлға болса, директорды ауыстыру, сөз жоқ, білім саласына жақсы нәтиже, жақсы сапа әкелген болар еді. Өкінішке қарай, білім саласындағы реформа бізді қуантып отырған жоқ. Білім саласында шарттылық, кадр тағайындауды бизнеске айналдырушылық дертке айналып, өршіп тұр. Одан бәлендей нәтиже күту де бекершілік болып шығады. Бір кездері мектепте ата-ана, мұғалім, тәрбиешімен бірге оқушы балалардың бірін-бірі тәрбиелеу жүйесі болатын. Ол – октябрят, пионер, комсомол ұйымдары арқылы жүзеге асушы еді. Қазір ол жоқ. Сонымен қатар мектепте бұрын «Тимуршылар», «Табиғат қамқоршылары» секілді түрлі клубтар жұмыс істейтін. Біз соның барлығынан айырылып қалдық. Мен ең болмаса мектептерде жақсы өлкетанушылар клубы жұмыс істесе екен деп армандаймын. Өлкетану — өзіңді тану, туған топырағыңды тану. Бұл тұтас еліңді тануға, жас ұрпақ бойына патриоттық рухты ұйытуға себепкер бола ма деп ойлаймын. Бір сөзбен айтқанда, қоғамда дұрыс идеология болмайынша, атқарылған істе дұрыс нәтиже болмайды.

0039

Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы:

—Жоқ, жоя алмаймыз. Өйткені елімізде білім саласына қаржы аз бөлінеді. Мәселен, оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету т.б. құрал-жабдықтар сатып алу, бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ беру, барлығын мемлекет қаржыландырады. Сол қаржының жеткілікті бөлінбегендігінен сыбайластық орын алады. Ата-аналардан ақша жиналады. Бұл ретте мен мынаны ұсынар едім: директорларды тағайындаумен емес, конкурспен алу керек. Оның үстіне, қазір барлық нәрсе директорларға байланысты болып кетті. Қаржы жағы да, шығармашылық жағы да солардан талап етіледі. Ол дұрыс емес. Меніңше, аудандық мектептердегі бухгалтерлердің барлығын бір орталыққа біріктіріп, қаржы жағын бөлек жүргізу керек. Ал директорлар тек шығармашылықпен айналысқаны жөн. Сондай-ақ жалақы т.б. ақы төлеудің барлығын автоматтандыруымыз қажет. Сонда ғана былық азаяды. Ал бұл қазір ірі қалаларда жүзеге асқанымен, ауылдарда баяғы жартас сол жартас болып тұр.

00219

Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері:

– Зерттеулер бойынша білім саласындағы жемқорлық кеден мен салықтан кейінгі үшінші орында тұр. Мектептегі директорларды қанша ауыстырғанымен, одан жағдай түзеліп кетеді деу қиын. Себебі жемқорлық індеті біздің қоғамды дендеген. Қазір жұртшылық арасында парасыз ештеңе шешілмейді деген түсінік қалыптасқан. Осы ұғымды жоймайынша, біз қай салада болсын жетістікке жете алмаймыз. Мәселен, мектепке қанша ары таза басшыны қойғанымызбен, былыққа үйреніп қалған ұжым оны да бүлдіріп, қылмысқа итермелеуі мүмкін. Ал жемқорлық орын алған жерде сапалы білім өріс алмайды. Сондықтан бірінші жемқорлықты жоюға аса мән беруіміз керек. Біз көбіне ірі қылмыстарды айтамыз да, ұсақ-түйек қылмыстарға мән бермейміз. «Кім ұсталмай жатыр» деп немқұрайды қараймыз. Ал мәселенің барлығы сол ұсақ-түйектен басталады. Сондықтан жемқорлық жайлаған қоғамды сауықтыру үшін күрделі жұмыстар жасауымыз керек. Менің айтарым – осы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста