Көше тазалығын сақтау жөніндегі Астана бастамасын өзге қалаларда да қолға алу керек пе?

Көше тазалығын сақтау жөніндегі Астана бастамасын өзге қалаларда да қолға алу керек пе?


Сәдібек ТҮГЕЛ, «Менің Қазақстаным» атты экологиялық партия төрағасының орынбасары:
– Әрине, бұл – Астанадан да басқа қалаларымызға керек тәртіп. Сондықтан Астанадан бастау алған бастама басқа қалаларымызда да жалғасын тапса, дұрыс болар еді. Қала тұрғындарының мәдениеті қаланың тазалығымен өл­шенеді. Соңғы кездері Алматы қаласы тұрғындарының да қала тазалығына деген көзқарасы нашарлап барады. Тұрғындардың осындай көзқарасының сал­дарынан әсем қаланың көркі көз алдымызда құрып барады. Мәдениеттің ордасы саналатын Алматы қаласының тұрғындарына бұл жараспайтын қылық екені анық. Мәселен, көбінесе сыра ішушілер бөтелкесін көшенің кез келген жеріне тастап кете барады немесе көшеде түкіріп, сағызын көше орындығына жап­сыра салады. Бұл – үлкен надандық. Тұрғындардың өзі біліп, тазалық сақ­тау­ға мүдделі болмаса, айыппұл, бірнеше тәулікке қамау арқылы тәртіпке ша­қы­ру қажет. Сондай-ақ мұндай тәртіптік әрекеттерді енгізуге қоғамдық патруль қызметі өкілдерінің әлі келмейтін болса, экологиялық полиция құруымыз керек. Ең болмаса халқымыздың бойында экологиялық сана қалыптасқанша, эко­ло­гия­лық полицияның қызметіне жүгіну артықтық етпейді.

Шыңқуат БАЙЖАНОВ, заңгер:
– Жалпы, мен көше тазалығын сақтау мақсатында атқа­ры­ла­тын кез келген іс-шараны қолдаймын. Мәселен, шетелде тұтас қаланың көркіне мән береді. Көшені асфальттаған кезде шаң шығатындай саңылау қалдырмайды. Ал бізде тек көлік жүретін жолдарды асфальттау үрдіске айналған. Ал басқа жерлердің құмы, тасы, шаңы шығып, бұрқырап жата береді. Үл­кен қала­лар­дың өзінде осындай жағдай қалыптасқан. Оны көрген халық та ана жердің тасы шығып жатыр ғой деп, қолын­дағы шемішкесінің қабығын, қоқы­сын тастап кете салады. Сондықтан қала көркіне жауапты орындар халық қоқыс тастауға ұялатындай дәрежеде қаланы жылтыратып қойса, бұл тұр­­ғындарға да әсер етер еді. Сондай-ақ көптеген қалада кө­шеде шемішке шағуға тыйым салған. Бізге де осындай тыйым артық болмайды. Және олар­ды әкімшілік жазаға тартып, айыппұл салу арқылы тәртіпке шақыруды қол­дар едім.

Мақсат ЖАҚАУ, эколог:
– Көше тазалығын сақтау мақсатында Астана бас­тамасын өзге қалаларда да қолдануды қол­дай­мын. Шын мәнінде, бұл жоғарыдан пәрмен күтіп отырмастан, жергілікті билік тарапынан ұйым­дас­тырыла беретін іс-шаралар болуы керек. Мәселен, былтыр Өскемен қаласында қаланы дамыту мақсатында жасалынған талай іс-шараны бұзақылар бүлдіріп тастады. Көшеге қойылған шамдар шағылып, гүлдер жұлынған. Осылайша қала көркін арттыруға жұмсалған қыруар қаржы еш кетті. Шын мәнінде, бұл – жан ауыртар нәрсе. Сондықтан біз олардың жабайы әрекетіне тос­қауыл қояр кез келген нәрседен бас тартпауымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста