Кеңестік цензураға ұшыраған әдеби шығармаларды түпнұсқа қалпында қайта жарыққа шығару үрдісін қалыптастыру керек деп ойлайсыз ба?

Кеңестік цензураға ұшыраған әдеби шығармаларды түпнұсқа қалпында қайта жарыққа шығару үрдісін қалыптастыру керек деп ойлайсыз ба?


Қуандық Түменбай,  «Үркер» журналының бас редакторы, жазушы:
– Кеңес заманында ұлттық әдебиетімізге көп қиянат жасалды. Соның салдарынан қаншама шығармалар цензураның қайшысына ілігіп, қысқарып кетті. Әйтсе де сол кезеңдердің саяси қыспағына қарамастан, қазақ жазушылары шынайы шығармалар тудыруға тал­пынды. Бірақ төбеңнен төніп тұрған билік бәрібір бәрін өз сүз­гісінен өткізіп отырды. Кеңестік кезеңде цензураға ұшыраған әдеби шы­ғармаларды біз әлі сол күйінде оқып келеміз. Мысалы, Мұхтар Әуез­овтің «Абай жолы», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділері» сияқты үлкен тарихи шығармалар қатты сынға ұшырап, көп жерлері өңд­еліп, қысқартылған. Оның сыртында қаншама ақындардың өлең­дері қызыл идеологияны дәріптеу мақсатында өңделіп, күзелген. Өкінішке қарай, бізде осындай кесек-кесек дүниелердің әуелгі нұсқасын тауып, жарыққа шығару үрдісі жоқ. Бұл істі бүгінде ресейліктер мықтап қолға ала бастады. Олар цензураға түскен әдеби шығармаларды ғана емес, кинотуындылардың да бастапқы нұсқасын қайта қалпына келтіруде. Қандай қиын болса да, біз де осы мәселенің бір шешімін табуымыз керек.

Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын:
– Қазақ әдебиетінің ақтаңдақ беттерін ашып, ақиқатын іздеу бүгінгі ұрпақтың мойнында. Сондықтан да біз кеңестік цензураның қаһарына іліккен әдеби шығармаларды түпнұсқа қалпында қайта жарыққа шығару үрдісін қалыптастыру ісіне ден қоюымыз қажет. Осы бағытта нәтижелі жұмыс атқару үшін арнайы бір жоба-жоспардың жасалғаны дұрыс. Ертеректе жазылған көптеген шығармалардың қолжазбаларын толығымен табу үшін үлкен ізденістер керек. Бұған қоса, осы тақырыпқа орай терең әдеби зерттеулер мен талдаулар жасалуы қажет. Жоғалған дүниені қайта жаңғыртып, бұрмаланған кітаптың бастапқы нұсқасын шығарып, оқырманға қайта ұсыну да оңай шаруа емес. Әрине, бұл жолда негізгі салмақ әдебиетші ғалымдар мен қаламгер қауымының өзіне түспек. Қазақстан Жазушылар одағы да бұл мәселеден шет қалмақ емес. Бүгінгі азат ойлы қоғамда қызыл құрсауда тулаған туындылардың қайта түлеуіне мүмкіндіктер жасалуы тиіс.

Мәди Алжанбай,  «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты хатшысы, жазушы, аудармашы:
– Біз «Әдебиет – ардың ісі» дегенді жиі айтамыз да, нақты іске келген­де айылымызды тартып қалатынымыз жасырын емес. «Қабырғалы қазақ әде­биеті кеңес идеологиясынан қатты қысым көрді, қаншама шығармалар цен­зураға ұшырады» деп қынжыламыз да қоямыз. Бірақ сол тағдырлы туын­дылардың әуелгі нұсқасын іздеп, қолжазбасын парақтап, соларды қай­та басып шығаруға бел шеше кірісіп жүрген біреу жоқ. Біз енді кімге жал­тақтап отырмыз? Қалай болған күнде де тамырдан ажырап қалмаудың қа­мын жасауымыз керек. Кеңес цензурасы ұлттық тұрғыда жазылған шығар­ма­ларды қысқартып қана қоймай, қаншама ақын-жазушыларымызға қия­н­ат жасады?! Бұл үдеріс есесіне жоғарыға жағу үшін цензураның қай­шы­сына айналған редакторлар мен әдебиетке жолай қосыла кеткен жаз­ғыш­тар қатарының көбеюіне алып келді. Біз осы мәселені көтеретін болсақ, ке­зіндегі кітаптарды қайта басумен ғана шектеліп қалмай, сол уақыттардағы цен­зураның қолшоқпарына айналған тұлғаларға да қатысты деректерді ар­шуымыз керек. Себебі түптің түбінде ұрпақ ақиқатты талап ететін болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста