Еліміздегі биік ғимараттардың өрт қауіпсіздігін сақтауды заңмен реттейтін уақыт жеткен жоқ па?

Еліміздегі биік ғимараттардың өрт қауіпсіздігін сақтауды заңмен реттейтін уақыт жеткен жоқ па?

255

Гүлшат ДӘУРЕНБЕКОВА, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Жасыратыны жоқ, Алматыдағы биік ғимараттардың барлығы 100 пайыз техникалық қауіпсіздікті сақтап отыр деп айта алмаймыз. Көп объектілерде өртке қарсы заңбұзушылықтар анықталатыны рас. Мысалы, кез келген объекті алғаш салынған кезде барлығы дұрыс секілді болып көрінеді. Алайда оны нағыз мамандар тексергенде неше түрлі кемшіліктерді көретіні сөзсіз. Нақты айтсақ, Алматыда 175 биік ғимарат бар. Біз өрт қауіпсіздігін сақтамаған ғимараттарды бірден жауып тастай алмаймыз. Оның барлығын сот шешеді. Осы ретте жақында Алматыда Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағандығы анықталды. Яғни өртке қарсы құрал-жабдықтар жоқ деген сөз. Қарап тұрсаңыз, бұлар да биік ғимарат болып саналады. Енді оларды өрттен бақылау басқармасының мамандары сотқа берді. Бірақ қос оқу орны сот шешіміне сәйкес белгілі бір мерзім ішінде кемшіліктерді жоюға уақыт алып отыр. Екеуінен жоқ дегенде 50-ге тарта өртке қарсы заңбұзушылықтар анықталған.

1103Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы:

—Еліміздегі биік ғимараттар тұрмақ, Астанадағы ҚР Сенатының ғимараты, Бейбітшілік пен келісім сарайы, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктері, тіпті Астананың символына айналған «Астана-Бәйтерек» монументі де «қара тізімде» тұрғанын жақында ғана төтенше жағдайлар мамандары айтты. Бұдан кейін басқа биік ғимараттар туралы не айтуға болады? Сондықтан алдымен ғимаратты салмастан бұрын өрт қауіпсіздігін, тағы басқа жағдайларды нормаға сай ретке келтіріп алу керек. Сонымен қатар жаңа салынған ғимараттарды қабылдап аларда жіті тексеріп, қатаң бақылауға алған жөн. Енді мұның барлығын арнайы заңмен реттеп, өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң тексеретін уақыт жетті. Қазақта «көрпеңе қарай көсіл, шамаңа қарай шарықта» деген сөз бар. Демек, тым биік үйлер сала беруден гөрі жағдайымыз келетұғын, халыққа ыңғайлы, өрт, тағы басқа да қауіпті жағдайларды тойтара алатын үйлерді неге салмаймыз? Әсемдікке бой ұрып, артындағы ауыр зардапты ойламау — үлкен қиянат.

324

Герольд БЕЛЬГЕР, жазушы:

– Мен өзім 12 қабатты үйде тұрамын. Осы уақытқа дейін бұл үйде екі рет өрт шықты. Үйдің қожалары сатылардың барлығын өздері қиратып алған. Менің білуімше, бұл жағдай тек бізде емес, еліміздегі көпқабатты үйлердің барлығында осындай. Бір қызығы, бізде үйді салғанда өрт болмайтындай қылып салады. Үйдің маңайына көлік келе алмайтындай қылып, жолдарды тарылтып қоямыз. Онымен қоса, елімізде өрт кезінде қолдануға арналған автосатылар саны нормадан біршама төмен екендігін сала мамандары айтып отыр. Бұдан нені аңғаруға болады? Демек, өрт қауіпсіздігіне қажетті деңгейде көңіл аударылып отырған жоқ. Былайша айтқанда, оларды сатып алуға ақша жоқ. Егер бір үйден өрт шықса, ол екі есе шығынға батыратынын әлі күнге дейін ескермей келеміз. Сондықтан бұл өте күрделі мәселе. Оны шешуді ертерек қолға алып, арнайы заңмен реттейтін уақыт жетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста