Елді мекендерге қала мәртебесін беру туралы заңды қайта қарау керек пе?

Елді мекендерге қала мәртебесін беру туралы заңды қайта қарау керек пе?


Әлихан ТОЙБАЕВ, Мәжіліс депутаты:
– Жоқ, менің ойымша, елді мекендерге қала мәртебесін беру туралы заңға өзгеріс енгізудің қажеті жоқ. Өйткені осы бағытта басқа да жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, «Өңірлерді дамыту» туралы бағдарламада ауылдарды үш категорияға бөлген. Онда жақсы дамыған, енді даму үстіндегі және өркендеуі тоқтап қалған ауылдар деп бөліп, өз бетінше дамымай қалған ауылдарды ұжымдастыру шаралары жүріп жатыр. Осылайша ауыл тұрғындарын жұмысқа тарту, оларды өз бетінше дамыту жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан оларға қала мәртебесін беру арқылы дамыту жұмыстарын жүргізудің қажеті жоқ. Есесіне, кезінде саяжай атанған, алайда бүгінде халық көп қоныстанса да, саяжайлық мәртебесінен арыла алмай отырған жерлерге ауыл мәртебесін беру керек. Саяжай тұрғындарының үй құжаты жасалмайтын болғандықтан, тұрғындар тіркеуге тұра алмайды, әрі жедел жәрдем де бармайды, мектеп, ауруханасы мүлдем жоқ. Егер оларға ауыл мәртебесін берсек, әлеуметтік мәселелерін шешер едік. Осы орайда мені елді мекендерден гөрі саяжайлар мәртебесі алаңдатады.

Ғани ҚАЛИЕВ, «Ауыл» партиясының төрағасы:
– Бұрын қала мәртебесін иеленуі үшін ондағы халық саны 40 мыңға жету қажеттілігі жайлы талап болатын. Сондай-ақ қала болуы үшін онда өндіріс орындарының болуы да міндетті еді. Рас, Кеңес Одағы кезінде жалпы халық саны да жоғары болатын. Ал бүгінгі күні 16 миллион халқымызбен қалаларға 40 мыңдық меже қою артығырақ. Сондықтан біз елді мекендерге қала мәртебесін беру туралы заңды қайта қарауымыз қажет. Және ол жерлерде өндіріс орындарын көптеп ашып, халықты жұмыспен қамту жайын да мақсат етуіміз керек. Оларға қала мәртебесін берудегі басты мақсат – мемлекет тарапынан өз алдына жеке бюджетін бөлу арқылы олардың өз бетінше дамуына жағдай жасау. Ал бүгінде елді мекендердің қалалық мәр­тебесі болмағандықтан, облыс бюджетінен ауысқан қал­ған-құтқан қаржыны талғажау етуде. Осылайша күн санап құл­дыраған елді мекендер тіпті жойылып жатыр. Нәтижесінде дала­ларымыз да бос қалуда.

Ілияс ИСАЕВ, экономист:
– Әлемдік тәжірибеде елді мекендерге қала мәртебесін берудің өзіндік параметрлері болады. Онда параметрдің ең бірінші көрсеткіші халық санымен өлшенеді. Мен онымен келіспеймін. Халықты асырайтын, ең алдымен, эконо­микасы. Сондықтан біз халық санынан бұрын ондағы өнді­ріс ошағына мән беруіміз керек. Мәселен, қиян шеттегі Қы­зыл­құмның орталығында 50 мың халқы бар елді мекен болса, оған қала мәртебесін беруден біз ештеңе ұтпаймыз. Меніңше, теміржол бармайтын, байланыс пен жолы, ин­фра­құрылымы қалыптаспаған аймаққа қала мәртебесін беру дұрыс емес. Осы орайда қала мәртебесін беру үшін ол жердің экономикасы, өзін-өзі асырайтын муниципалды бюд­жеті болуы керек. Сондықтан ол жердің жағдайын жан-­жақты тексеріп алып қана қала мәртебесін беру жайлы ой­ланған дұрыс дер едім.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста