Дәл жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердің күрделі жөндеуге жабылуын қалай түсіндіресіз?

Дәл жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердің күрделі жөндеуге жабылуын қалай түсіндіресіз?


Ұлжалғас ЕСНАЗАРОВА, педагогика ғылымының докторы, профессор:
– Әрине, күрделі жөндеу жұмыстарының дер кезінде аяқталып, 1 қыркүйек күні мектептерде қоңырау сыңғыры естілгені дұрыс қой. Оның үстіне, балалардың Білім күні үйреніскен өз мектебінің табалдырығын аттауы да психологиялық тұрғыдан оларға үлкен қуаныш болар еді. Өкінішке қарай, жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердің күрделі жөндеуге жабылуына мектеп басшылығы, мектеп ұжымы кінәлі емес. Күрделі жөндеу жұмысының кеш басталып, кеш аяқталуы бөлінетін қаржыға байланысты. Көбінесе осы мақсатта бөлінетін қаржы мерзімінен кеш бөлінеді. Оның үстіне, тендер жарияланып, құрылыс жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар бекітілгенше уақыт өтіп кетеді. Нәтижесінде, мектеп күрделі жөндеуге кеш алынып, ол жұмыстар жаңа оқу жылының қарсаңында үлгеріп аяқталмай қалады. Яғни мұның бәрі еліміздегі қалыптасқан жүйеге байланысты болып отыр. Мектеп ұжымы мен ата-аналар, оқушылар үшін мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарының үш ай демалыс кезінде жүргізіліп, жаңа оқу жылы қарсаңында ғимараттың пайдалануға берілгені ыңғайлы-ақ. Сондықтан тиісті орындар мәселенің шығу төркінін анықтап, күрделі жөндеу жұмыстарының созылмауына ықпал етсе дұрыс болар еді.


Сәния ӨСКЕНБАЙҚЫЗЫ, М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимна­зия­сының дирек­торы:
– Мұнда тұрған ештеңе жоқ. Мәселен, биыл оқу жы­лының қарсаңында мектебімде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мектеп ғимараты толығымен маусым айының орта­сында ғана босайды. Сосын жөндеу жұмыстарын маусым айының ортасында бастап кеткеннің өзінде үлгере алмай, оқу жылы қарсаңында оқушыларды уақытша басқа мектептерге тарата тұруға тура келеді. Енді мектептегі күрделі жөндеу жұмысы толығымен 1 қазанда аяқталады деп күтілуде. Оған дейін шыдай тұруға тура келеді. Осы уақытқа дейін жөндеу жұмыс­тары тек атүсті жасалып келді. Ал биыл мектептің еденінен бастап, шатырына дейін жөндеу жүріп жатыр. Мек­тебіміз алғаш осыдан 21 жыл бұрын пайдалануға берілгенін және одан бері ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүр­гізілмегенін ескерсек, биылғы 1 қыркүйектен кешірек аяқ­талатын күрделі жөндеу жұмы­сына ренжудің қажеті жоқ секілді.


Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ, ҚР білім беру ісінің үздігі:
– Дәл жаңа оқу жылы қарсаңында мек­тептерде күрделі жөндеу жұ­мыс­тарының жүргізілуі дұрыс емес. Мәселен, мектепте күрделі жөндеу жұ­мыстары аяқталмаған соң, оқу­шыларды басқа мектептерге бөліп тас­тайды. Жаңа мектепке үйренісу ба­лаларға да оңай тимейді, ата-ана үшін де аз шаруа емес. Шын мәнінде, күрделі жөндеу жұмыс­тарын жүргізу үшін үш айлық демалыс кезеңі де аз уақыт емес. Сондықтан бұл мәселеге жауапты тұлғалардың жауап­кершілігін арттыру керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста