Бруцеллезге қарсы егуге тыйым саламыз деп, мал шығынының өсуіне жол беріп алмаймыз ба?

Бруцеллезге қарсы егуге тыйым саламыз деп, мал шығынының өсуіне жол беріп алмаймыз ба?

01216

Көпмахамбет ЕЛЕМЕСОВ, ауыл шаруа-шылығы ғылы-мының докторы:

– Әрине, бруцеллезге қарсы егуге жаппай тыйым салсақ, мал шығыны орын алуы әбден мүмкін. Өйткені бруцеллез – жұқпалы ауру. Сондықтан оған жол бермеу керек. Әсіресе, жергілікті жерлердегі мал дәрігерлерінің қызметіне деген жауапкершілікті күшейтуіміз керек. Ол үшін ең алдымен қолдағы бар малдың есебін жақсы жүргізу тиіс. Мал басына сәйкес, олардың әрқайсысының жалпы жағдайы жөнінде мәлімет қоры да болуы қажет. Сол арқылы әрбір малға жекелеп тексеру жұмыстарын жүргізіп, аурудың одан әрі күш алмау жағын қарастырған жөн. Егер тексеруді уақытылы жүргізіп, профилактикалық жұмыстарды да дер кезінде атқарып, ауру ошағын жойсақ, ауру одан әрі таралмас еді. Бірақ осы жұмыстар дұрыс жүргізілмей отыр. Малды емдегеннен гөрі, алдын ала профилактикалық жұмыстарды дұрыс атқара білгеннен ұтарымыз мол.

02154

Меруерт Сүлейменова, Алматы қаласы бойынша эпизоотологиялық бөлімнің бас маманы:

– Алматы қаласы аумағында ауыл шаруашылығы малын бруцеллез ауруына қарсы тексеру жұмысы республика көлемінде қабылданған ветеринариялық заңнамаға сәйкес, ережелері сақтала отырып, жүргізіліп келеді. 2007 жылдан бері республика көлемінде барлық мал арасында бруцеллез ауруына қарсы егу жұмысы толығымен тоқтатылған. Малды егудің толығымен тоқтатылуының негізгі себебі – егілген мал организмінде вакцинадағы антигендердің ұзақ уақыт серопозитивтік жағдай туғызуы және қолданылатын вакцинаның нәтижесінде шартты иммунитет пайда болуы. Мұндай құбылыс мал қанының сары суын бруцеллезге қарсы серологиялық жолмен зерттеу кезінде, ауру малды айырып алуға мүмкіндік бермейді. Бүгінгі күні Еуропа, Прибалтика, Украина және АҚШ мемлекеттерінде де бруцеллезге қарсы вакцина қолданылмайды. Бруцеллезге қарсы егілмеген малды иммуноферменттік талдау жолымен зерттеу кезінде аурудың алғашқы сатысының өзінде-ақ малдағы бруцеллезді анықтауға толық мүмкіндік береді. Сондықтан бұл әдістің тиімділігі ауру малды дер кезінде айырып алып, тиісті алдын алу шараларын жүргізуге, яғни шаруашылықтағы бруцеллез ауруынан сауықтырудың тиімді жолы болып отыр.

03107

Мұхтар Байбатшанов, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты:

– Рас, елімізде осыдан төрт жыл бұрын мал егуге тыйым салынған. Себебі: Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке енуден үміткер болғандықтан, малдарды егуге болмайтыны анықталған. Шарт бойынша Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке енген жағдайда еліміздегі мал етінде ешбір химиялық препарат болмауы тиіс. Бруцеллез жұқпалы ауру болғандықтан, малдан малға немесе малдан адамға тез жұғады. Сондықтан мұндай жұқпалы ауру табылған малдарды тез арада көзін жойып немесе алдын ала егу жұмыстарын жүргізіп отыру қажет. Біз алдын ала егу жұмыстарын жүргізе алмайтын болғандықтан, ең болмаса, ауру малды дер кезінде анықтап, көзін жоюымыз қажет еді. Алайда кейбір облыстарда бруцеллездің тез арада таралып кетуі жергілікті жерлердегі мал дәрігерлерінің жұмыстарына салғырт қарағанын көрсетеді. Сондықтан алдағы уақытта ең алдымен жергілікті жерлердегі тексеру жұмыстарын күшейткен жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста