Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға қандай тың ұсыныс айтасыз?

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға қандай тың ұсыныс айтасыз?

 

Еркін ӨТЕГЕНОВ, Алматы қалалық Жол полициясы басқармасының үгіт, насихат және БАҚ-пен жұмыс бөлімінің бастығы:

– Мектеп жасындағы балаларға жазғы демалыс қаншалықты маңызды болса соншалықты қауіпті де. Өйткені дәл осы жаз айларында балалардың қатысуымен болған жол апаттары күрт өсіп кетеді. Сондықтан да балалардың жазғы демалыстарын қалай өткізетіндігі жол полициясы үшін де өзекті мәселе. Алматы – жол қатынастары қатты күрделеніп кеткен қала. Сол себепті де әрбір ата-ананың баласына жол ережесін бұзбау туралы әрдайым ескертіп отыруларын сұрар едім. Қазір қаладағы көпқабатты екі-үш үйдің тұрғындары жақсы бастама көтеріп жүр. Онысымен бізді де жақын таныстырып, қазір атсалысып жүрген жайымыз бар. Қолы бос ата-аналар өз үйлерінде тұратын балалардың барлығына бас-көз болып, олардың уақыттарын тиімді, қызықты өткізу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастыруда. Мәселен, түрлі жарыстар өткізіп, арасында арнайы көлік жалдап балаларын саябақ, Медеу сияқты демалыс орындарына апарды. Тіпті түскі асты да бір үйде дайындап, ата-аналары жұмысқа кеткен балалар тамақты бірге ішеді. Ал кешкісін балалар ата-аналарына концерт қойып береді. Мұны қазір «аула клубы» деп атап жүр. Менің ойымша, «аула клубын» дамыта түсу керек. Өте тиімді.

Әмина ӘЖЕНОВА, «Пәрзәнт» қайырымдылық қорының басшысы:

– Дәл қазір балаларымның жазғы демалысын қалай өткізуді ойлауға еш жағдайым болмай тұр. Коммуналдық қызметке көп қарызданып қалдық. Соларды қайтару үшін біз жанұямызбен нан пісіріп, оны «Алтын орда» базарында сатып жүрміз. Біреулер балаларын лагерьге жіберіп жатады. Әрине, лагерь жаман емес. Бізге ұсыныстар жасағандар болды. Алайда балалардың өздері одан бас тартты. Олар одан да жанұямызбен бірге жүргеніміз артық деп санайды. Балалар жұмыстан қашпайды. Күліп-ойнап жүріп, бар тірлікті тындырып тастайды. Олар үшін осының өзін уақытты пайдалы, қызықты өткізудің таптырмас амалы. Арасында қолдарына шалғы алып, шөп шабады. Жастайынан еңбекке баулыған дұрыс деп ойлаймын. Бала шыныға түседі. Егер жағдайымыз жақсы болса, мүмкіндіктер туып жатса мен балаларды табиғаты тамаша жерлерге қыдыртып, еліміздің жер-суларымен жақынырақ таныстырар едім. Әрине, оны екінің бірінің қалтасы көтере бермейтін шығар. Бірақ менің ұсынысым осы. Жыл бойы мектеп партасында отырған бала бір сергіп, серпіліп, жақсы әсерге бөленеді.

Зульфия БАЙСАҚОВА, Қазақстандағы Дағдарыс орталықтары одағының төрағасы:

– Елімізде мектеп жасында үш миллионға жуық бала бар. Демек, жаз айларында осынша бала қараусыз қалады деген сөз. Барлығының дерлік ата-аналары жұмыс қамымен жүреді. Бұл мәселеге тек ата-ана емес, мемлекет те жауапты. Менің ойымша, ең дұрысы – жазғы лагерьлер санын көбейту керек. Лагерь – баланың дамуына айтарлықтай септігін тигізеді. Ең бастысы, қайткенде баланың бос, зерігіп жүруіне жол бермеу керек. Мәселен, ұл бала автомат ойындарына беріліп, темекі, есірткі сияқты жаман әдеттерге әуестеніп кетуі әбден мүмкін. Баланың уақытының бос болмағаны абзал. Жасына, талғамына, қызығушылығына қарай, уақыт алатын кез-келген клубтарға апарып, курстарға жазып қоюды ұсынар едім. Жоғары сыныпта оқитын қыз балаларды, мысалы шаштараз, компьютер сияқты курстарға берсе, олар әйтеуір бір кәсіпті үйреніп алады емес пе. Шынымда айтсам, үш ай демалыс – бала үшін көп уақыт. Бос сандалыс баланың ығырын шығарады. Баланың психологиясы, физиологиясы бір қалыпты дамуы тиіс. Маман ретінде үш ай ертелі-кеш уақытты бос өткізудің өзіндік кері жақтары болатындығын ескертсем деймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста