Балалардың компьютер клубтары құмар ойындар қатарына жатады дей аламыз ба?

Балалардың компьютер клубтары құмар ойындар қатарына жатады дей аламыз ба?


Бағдат Мәжитов, «Ұлан» республикалық балалар басылымының бас редакторы:
–Еліміздің қа­лаларын айтпағанда, ауылдардың өзінде түрлі ком­пьютерлік клубтар қаптап кеткен. Көптеген ба­ла сол клубтарға тұрақты түрде ба­ру­ды әдетке ай­налдырған. Мұны кей­бір психолог мамандар құ­мар ойындар са­натына жатқызу керек дегенді ай­та­ды. Күні кеше ғана бұл мәселеге билік­тің өзі алаң­даушылық танытып, «Ба­ла­ларды зиянды ақ­параттардан қорғау ту­ралы» Заңды қарауға кі­рісіп кетті. Қалай болған күнде де, ел болашағы са­­налатын жасөспірімдерімізді теріс тәрбиеден сақ­тан­дыруымыз қажет. Сондықтан да біз қоғам болып ин­тернеттің тек қана игілігін пайдалана білуді үй­ренуге тиіспіз.


Артур Нығметов, саясаттанушы:
– Кез келген компьютерлік ойын­дар адам­ды құмарлыққа тартады, пси­­хо­ло­гиялық тә­уелділікке әкеледі. Көпте­ген ба­ла сабақтарына бар­май, ата-ана­­сын алдап, күні-түні сол ком­­­пью­­тер­лік клубтарда отырады. Бұл, әри­не, жақсы тен­­ден­ция емес. Сон­­дықтан ком­пью­тер­лік ойындарға тыйым са­лыну керек. Бірақ бұл жерде ин­­тер­нет-клуб­тарды жа­бу мәселесі кө­теріліп отырған жоқ. Тек қана құ­мар­лыққа әке­летін ойындар туралы ай­­тып отыр­мын. Кейбір онлайн-ойындар оқу­шы­лардың эрудициясын да­мытады. Бұл мә­селені тү­­бегейлі зерт­­теп, кейбір шек­теу шараларын қол­­да­нуы­мыз қажет деп ойлаймын.


Балжан Мұрат, журналист:
–Компьютерлік клубтарға ойын ойнау үшін емес, интернет пайдалану үшін бір­не­ше рет барғаным бар. Шынында да, көбі ба­ла-шаға. Ойынға берілген кезде, еліріп, ай­наладағының бәрін ұмытып кетеді екен. Он­дай балаларды компьютерлік ойындарға жай ғана қызығып, құмартушы емес, жан-тә­німен берілген «фанаттар» десе де бол­ған­дай.  Осындай келеңсіздікті көріп тұрып, қаншама ұрпақтың ақыл-есін улап жатыр. Сон­дықтан да баланың ойына кері әсер ететін ойындар ұсынатын компьютерлік клуб­тарға жаппай қатаң тексерістер жүр­гі­зіп, қолдан келсе, мүлде жауып тастау ке­рек. Қазақ баласы білім мен ғылымға ұм­тыл­сын десек, оларға барынша жағдай жа­сайық.


Ерғали Бақаш, Халықаралық «Бөбек» қоры орталығының баспа ісі-редакциялау бөлімінің жетекшісі:
– Бүгінгінің баласын компьютерден басқаға қы­зық­тыру қиын боп кетті. Заман ағымына қарай бар тірлігіміз де осы бір заманауи техниканың кө­ме­гімен жүзеге асады. Әсіресе балалардың интернет қажет­тілігі  мен компьютерлік ойындарға деген қызығу­шы­лықтарын пайдалана отырып, осыдан қыруар табысқа кенеліп отырғандар бар. Жалпылай алғанда, компьютер клубтары құмар ойын­ға жатады деп айту әбестік болар. Бірақ бүгінгі таңда балалардың көбі осы компьютер дегенге әсі­ре әуестеніп, басымен кіріп кеткен сияқты. Әрине, өз­деріне керекті мағлұ­матты оқып, біліп жатса, өк­пе­міз жоқ, тек монитор алдында тесіліп отырып ойын ойнаудан аспаса, не деуге болады? Қазіргі ба­лаларды одан да кітап оқуға тәрбиелесек жақсы-ақ болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста