Балалар прозасы ұмыт қалған жоқ па?

Балалар прозасы ұмыт қалған жоқ па?


Сұлтан Қалиұлы, балалар ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:
– Балалар әдебиеті қашаннан қиын жанр санатына жатады. Оған шығармашылық тұрғыдан өсіп, жетіліп отыруы үшін үнемі қолдау көрсетіп отыру қажет. Кезінде Мұзафар Әлімбаев ағаларымыз «Балдырған» журналын басқарып тұрғанда ақын-жазушыларға балаларға арналған прозалық, поэзиялық шығармалар жазуға арнайы тапсырма беретін. Әрине, бұрынырақта кітап таралымы көп, қаламақы да қомақты болды. Осының бәрі белгілі бір дәрежеде балалар әдебиетінің серпілуіне септігін тигізді. Кезінде Бердібек Соқпақбаев, Мырзабек Дүйсенов, Машқар Гумеров сынды қаламгерлеріміз қазақ баласы қызығып оқитын тамаша туындылар жазды. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта балалар прозасында біршама іркіліс бар сияқты. Оның үстіне қалыптасқан қаламгерлеріміздің көбі балалар әдебиетіне қалам тербей бермейді. Бұған қоса, кітап тиражы құлдырап, қаламақы да жойылып кетті. Сұранысы көп болғанымен, машақаты көп балалар прозасына жас қалам иелері де бара бермейді. Дегенмен елімізде «Дарабоз», «Балауса» сынды балалар әдебиетіне қатысты бәйгелер ұйымдастырылып келеді. Сол бәйгелерді жариялау арқылы балалар әдебиетінде көптеген жаңа есімдер белгілі болып, жаңа туындылар дүниеге келіп жататыны ғана көңілге медет. Жалпы, балалар әдебиетін дамытып, оның ішінде балалар прозасына жан бітіру үшін ең алдымен қаламақы проблемасы оңтайлы шешімін табуы тиіс.


Бағдат Мәжитұлы, балалар жазу­шысы, «Ұлан» республикалық балалар басылы­мы­ның бас редак­торы:
– Компьютерге телміріп отырған ұрпақты әдебиетке мойын бұрғызу оңай шаруа емес. Әрине, қызықты кітап болса кім-кімде де ұмтылыс болатыны рас. Мәселен, кейбір озық елдерде белгілі бір кітапты оқыту үшін алдымен сол кітаптағы туындының желісімен кино, мультфильмдер түсіріп, компьютер ойындарын ойлап тауып, әсем безенді­рілген журналдар мен түрлі ойыншықтар, басқа да заттар жасап шығарады. Демек, бар кітаптың жарнамасын асырады. Осыдан кейін «мақтауы асқан» шығарма сапалы кітап болып басылып, мил­лион­даған данамен нарыққа шығады. Осы тұрғыдан алғанда бізге де балалар әдебиетін дамытудың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеру қажет сияқты. Бұл өз кезегінде жақсы туындылардың жазылуына айтарлықтай ықпал етеді деп ойлаймын.


Бағашар Тұрсынбайұлы, жас сыншы:
– Бүгінгі әдебиетімізде балаларға арналған прозалық шығармалар шынымен жоқтың қасы. Егер бұл сұрақты балалар әдебиетін шығарумен айналысып отырған баспаларға қойсаңыз, олар сөзсіз «бар» деп жауап берер еді.
Өйткені шығарып отырған кітаптарын кім жоққа шығарсын? Ал олардың сапасын, мазмұндық сипатын, авторға қаламақы төлеп отыр ма, жоқ па, бұл кітаптар дүкендер мен балабақша, оқу орындарына түсіп отыр ма – қадағалап жатқан ешкім жоқ. Өз балаларына қазақ тілінде жазылған жақсы кітап таба алмай қаншама ата-ана сенделіп жүр. Кітап дүкендері болса өзге тілдегі кітаптарға лық толып тұр.
Кешегі Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлиндер, одан кейінгі буындар да балаларға арнап кесек шығармалар жазды ғой. Балалар әдебиетінде де, үлкен әдебиетте де үлкен жетістікке жетті. Ал бүгін «мен жазушымын» дейтін ағаларымыз балаларға жазбайды. Меніңше, шын ұлттың жанашыры болған қаламгер балалар әдебиетін айналып өтуге тиіс емес.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста