«Алтын белгі» алған мектеп түлектеріне сыйлық беру облыс әкімдерінің өз имиджі үшін жасап отырған әрекеті емес пе?

«Алтын белгі» алған мектеп түлектеріне сыйлық беру облыс әкімдерінің өз имиджі үшін жасап отырған әрекеті емес пе?


Майра АЙСИНА, Мәжіліс депутаты:
– Кейбір облыс әкімдерінің мектепті «Алтын белгіге» бітірген түлектерге көлік мінгізіп, миллиондап сыйлық беру әрекетін құптамаймын. Меніңше, ондай көмекті әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан, мүгедек, оқуға қаржылық мүмкіндігі жоқ балаларға беру керек деп ойлаймын. Мәселен, ауылдарда мектепті жап-жақсы бітірген кейбір балалар отбасылық әлеуметтік жағдайына байланысты жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндігі болмай,  ауылда қалып қояды. Егер әкімдер сондай балаларды оқытса, ертең ол бала ауылға қайта барып, маман тапшылығын жоюға да септігін тигізер еді. Міне, облыс әкімдері сондай балалардың жоғары білім алуына жағдай жасауы тиіс. Бұл игі шара болар еді. Екінші жағынан, үлкен көлемде сыйлық беру балалардың тәрбиесіне де кері әсер етуі мүмкін. Ертеңгі күні бала бар дүниені ақшамен өлшейтін болмай ма?! Мұндай әрекеттің тәрбиелік те, тәлімдік те мәні жоқ. Жалпы, жақсы оқып, білімді болу – мектеп оқушысының тікелей міндеті. Ал өз міндетін орындағаны үшін сыйлық беру, меніңше, жөнсіз әрекет. Маған әкімдердің бұл әрекеті пиар сияқты көрінеді.


Совет-Хан ҒАББАСОВ, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор:
– Егер шынымен де бұл шара балаларды білім алуға ынталандырып жатса, онда ол – құптарлық әрекет. Бұл ретте алалау болмауы тиіс. «Алтын белгі» алған бірде-бір бала сыйлықтан шет қалмауы керек. Мәселен, сыйақы облыстағы «Алтын белгі» алған балалардың бәріне бірдей берілмей, тамыр-таныстыққа барып, 10-15 балаға беріліп жатса, бұл наразылық туындатады.  Ондай жағдай балалардың жүйке жүйесіне де кері әсер етеді. Бірақ мұндай әрекетті облыс әкімдері бәсеке үшін жаса­мауы қажет. Жалпы, балаларды білімге ынталан­дыру­ды құптаймын. Егер мүмкіндік болып жатса, барлық облыс әкімдері білімді балаларды ынталандырып, сый-сияпат жасап жатса, оның сөкеттігі жоқ. Базбір мектеп оқушы­лары халықаралық білім сайыстарында алтын медаль алып, елдің даңқын асқақтатып жатады,  меніңше, ондай білімді балалар сый-құрметке лайық.


Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:
– Әрине, балаларды білімге ынталандыру жақсы. Бірақ бар нәрсені ақшамен өлшейтін мына заманда жаңа ғана мектеп бітірген балаға машина сыйлау дұрыс емес. Екінші жағынан, бұл бір-екі облыста жасалған бастама болып қалмай, мемлекеттік деңгейде қолға алынып, республикалық орталықтанған жүйе болып жұмыс істесе екен деген тілегім бар. Себебі бүгінгі күні әр облыс әкімінің өзінше сыйлық беруі  белгілі бір деңгейде теңсіздік тудырып отыр. Барлық «Алтын белгі» алған оқушылар сыйлыққа лайық. Сыйлық ал­маған өзге облыс оқушыларының кінәсі не? Бұл – біздің мемле­кеті­міздің қағидаларына да жат қылық. Сондай-ақ сыйақы ақша, көлік түрінде емес, оқу гранты түрінде берілуі керек. Мысалы, шетел­дік оқу орындарына грант беру. Мұндай жүйе шетелдерде жолға қо­­йыл­­ған және мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады. Мұндай жүйе мазмұндық жағынан да, мақсаты жағынан да дұрыс болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста