Алимент төлеушілердің жауапкершілігін арттырудың қандай тиімді жолдарын ұсынасыз?

Алимент төлеушілердің жауапкершілігін арттырудың қандай тиімді жолдарын ұсынасыз?


Әбдіқаһар СЕЙІТЖАНОВ, заң ғылымының кандидаты, доцент:
– Расымен-ақ, қазір Қазақстанда отбасын құратындар да, ажырасатындар да көп. Оған батыстық идеологияның сеп болып отырғаны жасырын емес. Ұлттық құндылық пен салт-дәстүрден ауытқушылық осы алимент төлеушілер мен төлемей, «қашқын әке» атанғандардың қатарын көбейтіп отыр. Алимент мәселесі еліміздегі ең өзекті проблемалардың біріне айналғалы қашан?! Жалпы ҚР заңнамаларына сәйкес, кез келген ана алимент төлемей жүрген азаматтың үстінен арыз түсіріп, сотқа шағымданып, оның дүние-мүлкін сатып, тиесілі алиментін төлете алады. Тіпті заңға сәйкес, алимент төлемеген адам сотталып кетуі де мүмкін. Кей жағдайда мәжбүрлі түрде жұмыс істеп, еңбекақысын али­мент ретінде төлейді. Мәселе заңда емес, заң да, талап та бар, тек орын­дау­шылыққа келгенде осал екеніміз өтірік емес. Құқықтық сауатсыздық пен сот процестерінің тым ұзақтығы, қажетті құжаттардың көптігі әйел адамдарды сот алдына барудан кері итермелейді. Жұмысынан қолы босай бермейтін аналар «алимент төле» деп ерлердің артынан жүгіргеннен гөрі, қолды бір сілтеуді жөн санайды. Сондықтан алимент төлеушілердің жауапкершілігін арттырудың ең тиімді жолы заң талаптарына сәйкес, құқықты дұрыс пайдалана білу деп есеп­теймін, яғни құқықтық сауаттылықты арттыру қажет.


Марианна ГУРИНА, «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті:
– Кеңес үкіметінің тұсында алимент төлемегендерге заңмен жеңіл жаза қолданылатын. Алимент төлеуші 15 күннен жоғары мер­зім ішінде әртүрлі әлеуметтік нысандарда еңбек етіп, отбасының ал­дын­дағы міндетін орындайтын. Бізге сол ескі жүйені қайта жан­дандыру қажет. Әйтпесе, бүгінгі қоғам бүлінген үстіне бүлініп бара­ды. Отбасын құру да, бұзу да ойыншық сияқты. Әлеуметтік жетім­дер­ді көбейтіп жүрген әкелеріміз ойына келгенін істеп, шетел асам десе – асып, жұмысы мен табысын жасырамын десе – жасырып, жал­ған­ды жалпағынан басып жүр. Қазіргі заман электронды жүйенің да­мыған заманы, керек болса, кез келгеннің жұмыс орны мен табыс кө­зін анықтап, мемлекеттен тысқары бір аттам жерге шығармауға кү­ші­міз келеді, алайда сыбайлас жемқорлық жайлаған сот орын­даушы­ла­рына пара бермесең, ісіңді жауып тастайды. Сол үшін бұл проб­лемаға мемлекет өзі араласып, мемлекеттік алименттік қор құ­руы тиіс деп есептеймін. Егер мемлекеттік бюджеттен төленген қар­жы алимент төлеушіге қарыз ретінде берілетін болса, ол азамат еш жерге қашып құтыла алмайды, керек болса, зейнетақы жинағы­нан берсін.


Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:
– Алимент төлемеген адамды күштеп жұмысқа жегіп қою демократияны бұзуға бағытталады және құқық бұзушылық болып табылады. Кез келген азамат өз ұрпағын асырап, тәрбиелеуге міндетті. Біз алимент төлеушінің жауапкершілігін қалай болса да заң күшімен арттыра алмаймыз. Шындығына келгенде, алимент төлеуі тиіс адамдардың 70-80%-ының жұмысы бар, бірақ жасыра­ды. Себебі алимент төлеуге ниеті жоқ. Сонда адам бойындағы ниетті заңмен бекітпекбіз бе? Менің ұсынысым да сол, алимент төлеу мә­селесін әр адамның сана-сезіміне қалдыр­ға­нымыз дұрыс деп есептейін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста