Сөйлемейтін балалармен түзету жұмысын өткізу әдістемесі
Тақырыбы: «Дыбыстармен және буындармен таныстыру»
Ибраева Г.А. мұғалім-логопед
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» мектеп-балабақша кешені» КММ
Өскемен қаласы, 2014 ж.
Түсініктеме
Сөйлеу тіліндегі органикалық кемістіктер моторлық, сенсорлық, сенсомоторлық алалияда, аутизмде, афазия, синдром Даунада, балалардың церебралды параличте (анартрия), кохлеарды имплантантта осындай күрделі сөйлеу патологиялардың түрлерінде байқалуы мүмкін.
Қазіргі уақытта балалардың сөйлеу тілінің дамуындағы ауытқушылықтары,
ерте диагностикасының және түзетуінің мәселелері өзекті болуда.
Осы аталған патологияларға түзету жұмысын жүргізуге дефектолог,
логопед, психолог мамандары әдістемелерін ұсынады. Түзету педагогикасының маманы Тамара Никифоровна Новикова - Иванцованың әдістемесін негізіне ала
отырып, қазақ тіліндегі спецификалық дыбыстары және өз нұсқаулықтарымды қосып сөйлемейтін балалармен түзету жұмысын өткізу әдістемесін ұсынудамын.
Ұсынып отырған әдістеме арнайы нұсқаулық арқылы орындалады.
Нұсқаулықтар:
- Барлық әдістер әуен арқылы орындалады;
- берілген дыбысты артикуляциясына байланысты таныстыру;
- қолды тамақтың астына қойып, берілген дыбысты әуендету;
- қолды кеудеге қойып, әуендетіп айту;
- отырып, бірге кезек-кезек әуен ырғағымен тізелерін қолдарымен соғу.
Әр дыбысты жеке таныстыру, буындап айтқызу, бекіту – осы нұсқаулық
арқылы өткізіледі.
Ұсынған әдістеме жеке сабақта қолданылады. Осы әдістемені іс-
тәжірибе жүзінде сөйлемейтін балалармен апробациядан өткізіп, нәтижесін
көрудемін.
Сабақ барысы