Күйзеліспен күресудің жолы қандай?

Күйзеліспен күресудің жолы қандай?

Бүгінде қайғы мен қарыздан, отбасылық кикілжің мен жеке өміріндегі сәтсіздіктерден қабырғасы қайысып, күйзеліске түсетіндердің қатары көбейіп тұр. Қоғамдағы ажырасу мен араздасу, дүниеден баз кешіп, өз өзіне қол жұмсауға себеп болатын да осы – депрессия, стресс. Адамның тәні ауырса, дәрі-дәрмек ішіп, дәрігерге қаралып, ем-шара қабылдайды, ал жаны ауырса ше? Жүйкесі тозып, жүрегі жараланған, жаны күйзелген адамға не ем болады? Күйзелісті қалай жеңеміз?
Күйзеліс деген не?
Ғылыми тілде адамның күйзеліске түсуін – стресс деп атайды.
Көптеген психолог мамандардың айтуы бойынша, адамдар стресс жағдайына түскенде олардың ағзалары үйреншікті күйден басқа бір халге ауысды. Қарапайым тілде түсіндірер болсақ, стресс – адам өмірінде кездесетін психологиялық ауыртпалық. Ал ғылыми тілде бұл сырттан келген күштерге адам ағзасының жауап беру реакциясы деп түсіндіріледі. Мұндағы ескеретін жағдай, стресске әр адамның реакциясы әртүрлі. Көп адамның түсінігінде стреске түсу жаман, жағымсыз дүние,
күйзеліске түссек, қиналып қаламыз деген біржақты пікір қалыптасқан. Бірақ бұл да адам өмірі үшін керек. Ғалымдардың зерттеуінше, адам кейде аздап болса да стресске түсіп тұруы қажет екен. Адамның әрекеттері мен кез келген нәрсені қабылдауы стресске тәуелді. Аздаған жеңіл стресс адамға қозғау салады және күш береді. Ал күшті стресс адамның еңсесін басып, жанын күйзелтеді.
Ұмытшақтық, қалжырау, ұсақ-түйек дүниелерді есте сақтай алмау,
отбасында және жұмыст ағы шаруаларды жүйеге түсіре алмай, жүйкесі
жұқару – бұл эмоционалды күйзеліске ұшыраудың алғашқы белгілері. Одан кейін ашуланшақтық пен күйгелектік пайда болады, жұмысқа деген ынта жоғалады. Жүйкесі жұқарған жан айналасындағы адамдармен араласуға құлықсыз болады.
Күйзелісті ислам қалай түсіндіреді?
Стресс көбіне уайым-қайғыдан туындайды. Исламда кез келген
қайғыны Алланың сынағы деп түсіндіреді. Алматы қаласы әл-Мәдина
мешітінің бас имамы Бақытжан Көптілеудің айтуынша, адам баласы кез
келген уайым-қайғыны, қиыншылықтарды Алланың сынағы деп қабылдауы керек. «Алла Құрани Кәрімде: «Мен сендердің әрқайсыңды әртүрлі жағдайда сынаймын. Қорқыныш, уайым-қайғы жібремін, жақсы көретін адамдарыңды араларыңнан алып кетемін, егіндеріңе, малдарыңа зиян тигізумен сынаймын» дейді. Мұндай жағдайда Аллаға сенетін мұсылман адам басына түскен жағдайға мойынсұнады. Осы сынақтан өтсем, Алла дәрежемді көтереді, күнәларымды кешіреді, маған Жаратқанның ерекше мейірі түсті деп сенеді. Мұғаммет с.ғ.с өзінің хадис шәріпінде «Кімде кім Алланың ерекше назарына түссе, ол сол адамды сынайды» деген. Алла Тағала кез келген жағдайда
адамға дұға ету мүмкіншілігін берген және сол дұғаның қабыл ету
мүмкіндігін де берді. Демек Алладан жәрдем сұрап, сабыр қылған пендеге Алла мейірім төгеді» дейді ол.

Бақыт Жайсаңбеков, Алматы қаласы әл-Хамит мешітінің ұстазы:
- Күйзелген адам шайтанның арбауына түседі Стресс – жанның, нәпсінің күйзелісі. Адам тән мен жаннан тұрады. Көбіне адамның жаны күйзеліске түседі. Бұл адамның мінезінен, әрекетінен байқалады. Исламда адамның ең жақсылары – көркем мінезділері деген сөз бар. Ал стреске түскен адамның мінезі өзгереді, ашушаң болады, өзі өзі басқара алмайды, қоғамнан ажырай бастайды. Жанның күйзелісі тәннен көрініс табады, адам әлсірейді, аурушаң болады, тез шаршайды, жүйкесі сыр береді, өмірге деген құлшынысы азайып кетеді. Күйзеліске түскен кезде адам
шайтанның арбауына тез түседі, харам нәрселерге жақындай бастайды.
Нәтижесінде көп адамдардың ішімдікке, маскүнемдікке, суицидке
ұшырайтыны осыдан. Сондықтан адам ең алдымен өзінің жай-күйіне баса назар аударып, күйзеліске түспеудің амалын жасағаны жөн.
Психология ғылымы күйзеліспен күресудің жолын ұсынады
Статситка бойынша әр саладағы адамдардың, оның ішінде әйелдердің
80 пайызы эмоционалдық күйзеліске шалдығады екен. Жұмыста немесе
отбасында болсын қазіргідей екпіні қатты, серіппедей ширыққан қоғамда
жүйкені стрестен толық сақтау, эмоционалды күйзеліске түспеу мүмкін емес.
Әр адамда стресстің туындауының өзіндік себептері бар. Психологтар осы себептерді жүйелеп, негізгілерін бөліп көрсеткен:
* Адамға ұнамайтын және орындай алмайтын мөлшерден тыс
жауапкершілік.
* Үнемі уақыттың жетіспеушілігі
* Ұйқының қанбауы
* Отбасылық өмірдегі және әріптестер арасындағы кикілжіңдер
* Күнделікті тіршілігіне қанағаттанбаушылық.
* Адамның өз өзіне көңілі толмауы

* Жалғыздық сезімі
* Өз тұлғасына деген сыйластық пен өзіндік қолдаудың болмауы
* Кейбір қуанышты жағдайларда, мысалы үйлену, баланың туылуы
жаңа жерге көшу, т.б кезде де адам стресске ұшырауы мүмкін.
Стресстен шығу жолдары:
* Қалаған тамақты жеу. Адам қалаған тағамын жеген кезде ми бақыт
гармонын бөледі. Бірақ шектен тыс тамақтануға болмайды.
Шабдалы, жүзім, киви, грейфрут және басқа да цитрус жемістері,
қызыл бұрыш, банан, базилик стресстің алдын алуға өте пайдалы.
Ағзадағы су мөлшерінің тым аз болуы да стресске шалдықтырады
екен. Сондықтан таза суды жиі ішіңіз.
*Ағзаны демалту. Адам күніне кемінде 7 сағат ұйықтау керек.
*Жиі күлімсіреу. Қандай жағдайда да көңілді көтеруге тырысу керек.
*Іштегі жағымсыз эмоцияларды физикалық жаттығулар арқылы
сыртқа шығарған жөн. Қан айналымы жақсарғанда адам өзін жеңіл
сезінеді, адреналин гармоны бөлінеді.
*Қатты уайымдаған кезде сыртқа шығып, салқын, таза ауамен
тыныстау керек. Қыс мезігілінде сыртқа шығып суық ауамен
тыныстаған кезде ми серотонин гармонын бөледі. Бұл адамды
тыныштандырады.
*Рухани демалу, жақсы кітап оқу, құран тыңдау, қайырымдылық
жасау секілді істермен айналысқанда ми тынығады.
Маман кеңесі
Кәмшат Бекжігіт, психолог:
Шым-шытырық ойлардан арылыңыз!
Адамның күйзеліске түскені неден білінеді? Мысалы, ол ел қатарлы
ұйықтайды, бірақ ұйқысы қанбайды, ештеңеге қызығушылығы
болмайды. Күйзеліске адам бір күнде немесе бір айда ұшырамайды.
5-10 жыл бойы күнделікті әрекеттер қайталана бергендіктен бұл
адамды ішкі күйзеліске әкеп тірейді. Көбінесе күйзеліске барлық
нәрсені ішінде сақтайтын, өзінен бұрын өзгені бірінші орынға
қоятын адамдар түседі. Адам небір ойлармен басын толытырып
алады. Күйзелістен шығу үшін ең алдымен адам басындағы шым-
шытырық ойларды реттеуі керек. «Басым ауырып кетті, шаршадым,
миым ашып кетті деп күйзеліп жүретін адамдарға кеңесім: күнде
таңертең бірнеше ақ параққа өзіңізді мазалаған ойларды жазыңыз.
Не жазам деп қиналудың керегі жоқ, сол сәтте ойыңызға не келді
соны жаза беріңіз. Осы әрекет кемінде 1 ай бойы күнде қайталанған
кезде бір күні жазатын проблема таппай қаласыз, яғни басыңызды
артық ойдан тазалайсыз. Сондай-ақ адам үнемі қиымл-қозғалыста
боулы керек, бұрын жасамаған істерді жасауға тырысыңыз.
Мысалы, жұмысқа жаяу барыңыз, күнделікті жолмен емес, басқа
жолмен жүріңіз, жан-жағыңызға мұқият қараңыз. Басқа адамдармен
танысын, ортаңызды өзгертіп көріңіз. Адам күйзеліске ұшыраған
кезде ешқандай жаңалықты байқамайды, елемейді. Сондықтан жаңа
кітап оқыңыз, дүкен аралаңыз. Адамға жаңалық керек. Күн тәртібін
өзгертудің өзі адамға оң әсер етеді.


Айнұр Сенбаева

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста