Баланың үш жастағы дағдарысы
Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстың пайда болуын оның жақын арадағы даму аймяғына қатысгы қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.
Үш жастағы дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруга болмайды. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан баста уымыз керек, мұндай материалдарды түсіндіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Үш жастағы дағдарыстың мән-жайын ашып көрсету үшін балаңың дамуындағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенің түйінді жері баланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді.
Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердің қойған талаптары мен айтқандарының бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса мұның бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден тесегіне жатып ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қыңырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осындай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен шұғылданғысы келетінін көрсетеді.
Баланың үлкендердің талабына қарсылық білдіріп, ондай ұсыныстарын орындамай қырсығуы оның өзіндік ойы мен тілегін іске асыруға ұмтылуын көрсетеді. Мұндай қылық бала әрекетіндегі өзіңдік санасындағы өзгерісті, оның сапа жағынан жаңа сатыға көтерілгенін көрсетеді. Дағдарыстың көрінісі баланың існе, осындай қылықтарынан айқын байқалады. Егер баладан басқа бір нәрсені істеуді өтініп сұраса, оңда ол бұл жағдай өзінін көңіліне қонымды болғандықтан қарсылықсыз орындайды.
Біз клиникада өзіміз байқаған мынадай мінез-құлықты мысал етіп келтірейін. Үш жастағы дағдарыс кезеңі созылып кеткен 4 жасар қыз бала өзін балалар мәселесін талқылайтыи конференцияға ертіп баруды өтінеді. Қыз оған баруға жинала бастайды. Мен қызды жүре ғой деп шақырдым. Бірақ оны мен шақырғандықтан, ол тіпті барғысы келмей калды. Ол барынша қарсыласып бақты. «Онда бері келе ғой», — деп едім, оған да келмеді. Оны өзімен өзін қалдырғанда, ол жылай бастады. Оны ертпегеніме өкпеледі. Бұл орайда оның қасарысып айтқанға көнбеуінен ызаланып булығып ренжу пайда болды. Ол өзінің барғысы келгенімен, оған жүр деп айтқан сөз ұнамай, қарсылық білдірді.
Баланың бойын ашу-ыза кернегенде әмірлі дауыспен айтқан сөз де оған әсер етпейтінін байқатты. Бірсыпыра авторлар мұндай жайттарды көркемдеп жазды. Мысалы, ересек адам сәбиге келіп әмірлі үнмен: «Мына көйлектің түсі қара» десе, ол қарсылық’ көрсетіп, «бұл көйлектің түсі ақ» дейді. Қасарысу оған айтылған сөздердің мәніне қарамастан керісінше істеуге кесірлену дағдарыстың нақтылы көрінісі.
Жағымсыз әрекетгің тіл алмаудан екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншіден, бұл жерде өзге адамдармен әлеуметтік қатынас жасау манызды орын алады. Бұл ретте балара айтқанды істеп, оны ықтыру орындалатын әрекет маңызына емес, өзге адамдармен қатынас жасау ниеттілігіне байланысты. Жағымсыздык мінез-қылық әлеуметтік сипаттағы әрекет, бұл орайда балаға қойылған талап мазмұны емес, оның мәні адамға: бағытталған. Екінші ерекшелік — баланың өзінің ашу-ызасына деген жаңаша қатынасы. Ол ашу-ыза әсерімен әрекет етпей, өзінің көңіл-күйіне керісінше әрекет жасауға ұмтылады. Ашу-ызаға бой билету мен әрекетгену үш жастағы балаға тән мінез ерекшелігі. Көптеген зерттеу нәтижелері баланың сәбилік кезеңінде оның ашу-ызасы мен іс-әрекеті бірігіп кететінін көрсетеді. Мектепке дейінгі жаста басқа адамдарға қатысты әрекет те пайда болып, ол өзге жағдайларға қатысты ашу-ызадан туындайды. Егер баланың қарсылығы белгілі бір жағдайға байланысты болса, онда оны баланың жағымсыз қылығы деп санауға болмайды. Мұндай ретте жағымсыздык әрекет дәл сол кездегі оқиғаға байланыссыз жағдайда көрініс табады.
Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі — қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі — жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсесін қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шанамен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.
Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.
Үшінші сәт — баланың қыңырлық кезеңі.
Бала мінезіндегі ерекшеліктің алғашқылардан айырмашылығы қандай? Қыңырлык жеке бастын ерекшелігі емес. Жағымсыз қылықтар баланың қандай да болсын ересектерге қарсы қарсы бағытталған әрекеттері. Ал қыңырлық бала тәрбиесінің қалпына қарсы, өмір салтына қарсы бағытталады: ол «ой қойшы!» деген баланың өзіне тән риза болмауын білдіреді, сәби өзіне ұсынылғанның, істегеннің бәріне жауап береді. Бұл жерде қырсықтық белгі адамға қатысты емес, 3 жасқа дейін қалыптасқан барлық өмір салтына қарсы. Бұрын ол қызыққан ойыншықтарды ұсыну қалпына қатысты. Қырсықтықтын қасарысудан айырмашьшығы сол, ол қалайда өзінік қажетін орындауға табандылық көрсетуі.
Буржуазиялық сипаттағы тәрбиеде қырсықтық үш жастағы бала бойындағы дағдарыстың негізгі белгісі болып саналады, Өйткені бұрын әулетте еркелетіп өсірілген бала енді айналасындағы адамдармен қатынасы дөрекілене бастайды. Баланың бойында енді назарылық білдіру пайда болып, оған бұрынғы жасалған әрекеттерге жасырын түрде қарсы шығып, өзінің риза еместігін білдіреді,
Еңді төртінші ерекшелік — өзіндік ерік немесе өзімшілдік мінез деп аталады. Бұл баланың дербестік бағытын көрсетеді. Енді бала бәрін өзі істегісі келеді.
Талданып отырған дағдарыс түрлерінін бұдан басқаша үш түрі бар деп жүр, бірақ олардың қосымша ғана маңызы бар. Оның біріншісі — қарсылық көрсету. Баланың мінез-құлқындағы бірқатар көріністердің бәрі қарсыласу сипатында болады. Оның мінез-құлқы өзгелерге қарсыласу ерекшеліктермен көрініс беріп, өз маңыңдағылармен ұрысьш, таласып, үнемі ренжісу жағдайында болып көрінеді. Баланың ата-анасымен қақтығысы әдетке айналды. Осыған орай баланың өзі елеусіз қалады. Мысалы, бұрын тату болған семьяда бала өз анасына «сен ақымақсың» дейді. Бюлер осы тақырыпқа сәйкес семьяның ренішің суреттеп жазды.
Бала өз ойыншықтарын да бағаламауға тырысады, оларды ұстағысы келмейді, онын сөздерінде балағаттау мен кемсіту сөздері пайда болады. Мұңдай сөздер орынсыз айтылады. Бұлардан басқа тағы да екі жақты ерекшелік болатынын атап айту керек. Үйдегі. жалғыз бала болғандықтан оның талап-тілектерінің бәрі орындалып, ол нағыз өзінің өктемдігін жүргізуге тырысып бағады. Бұл көрініс әр түрлі семьяда түрліше болып келетіні байқалады. Жалғыз ғана баласы бар семьада өктемдік етуге ұмтылушьшық кездеседі. Оңдай бала маңындағы адамдарға айтқанын істеп, айдауына жүргізгісі келеді. Ондай баланың шешесі үйден шықпауға тиіс, бала талабы бойынша шешесі бөлмеде болуға тиіс. Ол талап еткенңің бәрін оған алып беру керек. Ол ұсынған тағамды жемейді, өзі сүйген тамақты ғана ішеді. Бала айналасындағы адамдарға билік жүргізу үшін неше алуан тәсілдерді табады. Ол барлық талаптары орындалған жағдайда өзгелердің, бәріне әмірші болғысы келеді. Ал кейбір семьяда мұндай сипат қызғаншақтық деп те аталады. Өзінен жасы кіші не үлкен баланы қызғанатын болады.
Міне үш жастағы баланың бойында жиі кездесетін мінез нышандары осындай. Бұл ерекшелікгердің бәрі бала тәрбиесіне байланысты пайда больш отыратын қасиеттер. Бұл жайттар барлық зерттеушілердің назарына іліккен мәселелер.
Осы ерекшеліктер бала тәрбиесін қиын етіп көрсетеді. Бұғын тәрбиесі онша қиьш болмаған бала енді ересектер үшін асырауы қиындай түседі. Бала қысқа мерзім арасында күрт өзгереді деген түсінікте боласың. Бұрын мәпелеп жүрген «қуыр-шағын» енді қыңыр, тентек, қасарысқан, жексұрын, қызғаншақ әрі өзімшіл тіршілік иесіне айналады. Сөйтіп оның семьядағы бүкіл болмыс-бітімі күрт өзгереді,
Біз атап көрсеткен ерекшеліктер бала бойында пайда болып, оған деген ата-аналары мен өзіне туыс адаңдарының да қарым-қатынасында елеулі өзгерістер болатынын аңғарамыз. Мұның бәрі, ең алдымен, отбасылық тәрбиеде оның жеке дара болғанын көрсетеді. Біздерде алуан түрлі мектепке дейінгі мекемелер бар. Ал жекелеген елдерде қайырымды тәрбиенің теріс формалары қолданылатын қоғамдык пана болу мекемелері де бар. Сайып келгенде баланы жас кезінен тәрбиелеудін кеңінен тараған түрі семьялық жеке тәрбие болып табылады. Семьялық тәрбиенің басты ерекшелігі — бала өздігінен ешнәрсеге ұрынып қалмай саналы әрі әдепті болып өседі деп санаған.
Бала дамуының сәбилік кезеңінде елеусіз нәрсеге ашу шақырып, маңындағы адамдардың бәріне өз айтқанын істеткісі келеді. Соған орай ұш жастағы дағдарыста екі жақты құбылыс пайда болады: Бала қиқарлық көрсетіп, ашу-ызасын шешесіне, ойыншықтарына ұрсып кею арқьшы білдіреді. Баланың мұндай қьлықтарын екінші жағынан қарағанда оның өзімшілдік әрекеті мен дербестігін, белсенділігін көрсететін сияқты. Баланың бойында енді «мен» деген пайымы болып, өзгелер сол баланын ығына қарай есу керек. Мұндай ерекшеліктер баланын өзіне деген қатынасынын өзгергенін көрсетеді.
Жалпы алғанда, баланың мінез-құлқы мен әрекеттерінде пайда болып отыратын қылықтарынын бәрі оньң өзіндік өскендігі мен айналасындағыларға тәуелсіз тіршілік етуге ұмтылуын білдіретін қасиеттер болып саналады. Мұндай. ерекшеліктердің бәрін кейбір зерттеушілер бала дағдарысына тән қасиет деп атайды. Мен Дарвиннін мынадай пікіріне көңіл аудардым: бала дүниеге келген сәттен бастап анасынан дене мүшесі ғана бөлінеді, бірақ ол анасынсыз тамақтана да, қозғала да алмайды. Дарвин мұны сәбидін биологиялық тұрғыдан дербес өмір сүре алмайтындығы (қалталы жануарларда морфологиялық бейімділігі бар қалтасы бар болады, оған туғаннан кейін төлі орналасады) жайында айтып отыр. Дарвин пікірін жалғастыра отырып, сәби жас кезінде биологиялық жағынан бөлектенеді, бірақ психологиялық жағынан өзін қоршаған адамдардан әлі де бөліне алмайды деуге болады. Берингер 3 жасар бала әлеуметтік жағынан маңындағы адамдардан бөліне алмайды және үш жастағы дағдарыс кезінде ол өзінше ешкімге тәуелсіз өздігінен тіршілік етуге бейімделу сатысына көтеріледі деп ойын тұжырымдайды.
Енді екінші белдеу дейтін мәселенің ерекшеліктеріне тоқталып өтейін. Бұл белдеуді екі топқа бөлуге болады. Оның бірі — сәбидің дербестікке ұмтылу нәтижесінен туындайтын сипаттар. Сәбидің тіршілік ортасындағы әр алуан қарым-қатынастарға іштей назаланады, ашу-кекті болып қиналады, сырттай оларға реніш білдіріп, қақтығызтарға ұшырайды. Осының бәрі баланың бойында ызакорлық өзгерістерге ұшыратады, нервтік науқасқа ұшырау салдарынан бала энурез немесе түнде қуығын ұстай алмай, зөрін төсегіне жіберіп кою сияқты халге ұшырайды. Бұл үш жастағы дағдарыс кезінде кездесетін жайт. Ұқыптылықка үйретілген бала дағдарыс кезінде өзінің дамуындағы бұрынғы сатыларында кездескен ерекшеліктерін қайталауға мәжбүр болады. Түнгі қорқыныш, жайсыз ұйқы және басқа жүйкелік жайсыздықтар салдарынан баланың сөйлеуі күрт өзгереді. Кекештік пен тұттықпалық пайда болады, қырсығып қасарысады, ішкі дертін сыртқа шығарып, жерге жата қалып аунайды. Мұның бәрі ішкі дертті қозғағандай болып көрінеді. Іс жүзінде мұндай қьшықтарының бәрі баланың жағымсыз қылығын онымен санаспағаңдыққа қарсьшык көрсетіп, өзімшілдігін өзгелерге білдіру әрекетгері болып табылады.
Үш жастағы дағдарысы өте қиын өткен дені сау сәби 4 жасқа қараған шағында (ол трамвай кондукторының ұлы еді) еліріп, өз өктемдігін өзгелерге жүргізуге бейімделе бастады. Оның талабынын, бәрі орыңдалуға тиіс еді. Мысалы, ол көшеде шешісімен келе жатып оған түкке қажеті жоқ болса да жерде жатқан қағазды анасына алып бер деп талап етті. Сәбиді бізге дерті қозған деген шғыммен алып келді. Оның сұраған затын бермесең ол еденге жата қалып шыңғырады, қол-аяғын сермеп жер соғады. Бірақ бұл көрініс ауруға ұшырау әбігері емес-ті, мінез-құлық түрінің дерекі көрінісі еді. Баланың бұл қылығын бақылаушы маман оның сәбилік кезеңіндегі әрекеттеріне қайта орлауы деп бағалады. Біз бақылаған сәбиде бұл әрекеттер ашуға айналды, өйткені басқаша қарсыласып жанжал шығаруға оның шамасы жеттпейді. Мен мұны үш жастағы дағдарыстын негізгі белгілеріне жатпайды. Мұндай көріністер семья тәрбиесін де баланың мінез-құлқының шиеленісіп, оның қиқарлығы мен өзімшілдік ерекшеліктерін ашу-ызамен көрсетуі болып табылады.
Осы баяндалған мазмұндар баланын даму процесіңце нендей өзгерістер болатындығын және ондай өзгерістерден туындайтын сапалар жөнінде кейбір теориялық тұжырымдар жасап көрейік. Үш жастағы баланың дағдарыстык кезеңі оның мінезіндегі дөрекілік көрсету қылықтары арқылы көзге тұседі. Мұндай дөрекі қылықтарды анықтау мақсатымен тиісті бақылау жүргізіліп, оның себеп-салдары зерттеледі. Мұңдай зерттеушілердің мақсаты бір жағынан дағдарысты кезеңнін алдын ала болжап, оны дұрыс бағалауға арналса, ал екінші тараптан сол дағдарыс ерекшеліктерін анықтауда объективті де сипат алуы мүмкін. Біз үш жастағы дардарысты балаңың әлеумеутгік ортадағы қатынасын өзекті мәселе деп санадық. Үш жастағы балада пайда болатын жағымсыз әрекет тіл алмауын дағдарыстың негізгі көрінісі қасарысудан айыра бідмуіміз керек. Сондай-ақ бұл сипат баланың қайсарлығынан да өзгеше бағдарда қарастырылуға тиіс.
1. Баланың бойындағы жағымсыз әрекет оның ересектер талап еткен тілектерді орыңдамауынан басталады. Оның тиісті талаптарды орындаудан бас тарту себебі оған қойылған талаптың мазмұнында емес, баланың сол ересектерге көңіл-күйінің қатынасына байланысты.
2. Баланың жағымсыз қылығынын көрініс беруі қойылған талаптан тәуелсіз түрде пайда болатын оның өзіндік қылығы, өз ойындағы мақсатка жету ниеттілігі.
Қасарыс да дәл сондай. Тіл алмайтын қиын балалары жайындағы аналардын шағымы олардың қасарысу қалатындығын жиі айтады. Бірақ қайсарлық пен қасарысу екі түрлі нәрсе. Егер сәби бір мақсатқа қалайда жеткісі келсе, ол қайсарлық көрсетеді. Бұл қасарысу қылығына ешқандай ұқсамайды. Қасарысу кезіңде бала өзіне қажетсіз нәрсені талап етеді. Бала өз қажетінің болмысы үшін емес, сол кажеттні қалайда талап етіп отыруына сәйкес қайсарлық көрсетеді. Бұл орайда әлеуметгік жағдайдың себебі орын алады.
Дардарыстың сан қилы ерекшеліктері Өзге адамдарға қатысты әлеуметтік себептермен ұштасты екенін білдіреді.
Егер үш жастағы баланың дағдарысын іс жүзіңдегі сипаттарымен ашып көрсеткіміз келсе, оның мәні әлеуметтік қатынастар дағдарысы деп аталады, солай деп атауға да болады.
Дағдарыс кезінде баланың бойында қайта құрылатын психикалық өзгеріс не? Бұл бала маңындағы жақын адамдарына — әкесі мен шешесіне және олардың беделіне деген әлеуметтік көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ баланың «мен» деген өзіндік ерекшелігін танытқысы келіп, оның бойында бірсыпыра мінез-қьлыктары пайда болады. Ондай қылықтар ортадағы жағдайды өзгертеді. Бір сөзбен айтқанда, дағдарыс баланың жеке тұлғасы мен оның маңындағы адамдардың өзара әлеуметгік қарым-қатынасын қайта құрып, оларды өзгертіп отыруға бағытталатын психикалық фактор деп санаумыз керек
referaty-v.kz