Баланың ішкі жан дүниесі, мен не істей аламын?

Баланың ішкі жан дүниесі, мен не істей аламын?

«Жұмбағы көп жеке тұлға жайлы философиям» (эссе)
Нургазиева Даригаш Нурмухамбетовна
Шығыс Қазақстан Облысы
Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылы
«Балбөбек» балалар бақшасының әдіскері

Бүлдіршіндерімізді таза ауаға серуендету үшін асыға киініп далаға шықтық. Аяқтарын байқамай басса құлап қалатын сияқты бөбектер, қаздың балапандарындай тізіліп кетіп барады... Әркім өз ісімен айналысып кеткен. Тек кішкентай Балым ғана, мені айналып кетпей қасымда жүр. Ойынға қызықпай менің алдыма келді. Бота көздері жарқырап, менің жанарыма үңіледі. Неткен керемет көздер! Түпсіз тұңғиығына тартып барады. Бір сәт ойға шомылып кеттім. Баланың ішкі сыры неде? Менің сегіз жыл іс-тәжірибемде көптеген тәрбиеленушілер де кездессе де, осы баланың тағдыры мен ішкі жан дүниесі мені қатты толғантты. Тілі ерте шығыпты. Аяғын да бірге толар-толмас басыпты. Менің ашқан жаңалығым бұл емес, оның мылқау ата-анасы еді. Не сөйлемейтін, не естімейтін отбасында туылып, толық дамыған баланың жеке тұлғасы еді. Оны ата-анасының бақыты десем, қателеспеген болармын. Достарымен тетелестерінен асып дамымаса, кем дамымаған баланың ішкі жан сарайы молымен жетілген. Осы ерекше отбасында тәрбиенің қолданылатын әдістері де, өзгеше екені білінетін. Бала тәрбиесі ана сүтімен басталып, балабақшада қалыптасып, өмір бойы жүретін күрделі құбылыс. Кішкентай бүлдіршіннің кемістігі бар ата-анасын сүйетіні сонша, өзге балалардан ерекшеленіп көрінетін. Ертеңгіліктерде өлеңдері мен әндерін тыңдата алмаса да, ата-анасымен көзге көрінбейтін жұмбақ байланыста екенін түсінетінбіз. Ол ерекше би қимылдарын жасап, шыр айналатын. Мені қуантатын бала бойындағы орасан зор талпыныс пен күш-жігер еді. Баланың тұлға болуына қоршаған ортасымен қоғам әсер етсе де, бойындағы құнды қасиеттер адам қолынан салынбайтынын жақсы білеміз. Жеке тұлғаның бойындағы адамдық қасиеттерді тәрбиелеуде отбасының орны ерекше. Абай атамыз айтқан : «Адамның адамшылдығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». Ия, сен ерекше баласың! Келешек қоғамымызда саналы азамат болып өс, айналайын!
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста