Балабақшаға дайындық

Балабақшаға дайындық

Балабақша – баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы, себебі енді анасы тәулігіне 24 сағат бойы қасында болмайды және мұнда оны күткен өзі құралпылас балалардан, бала күтушілер мен тәрбиешілерден тұратын үлкен жаңа ұжым бар. Балабақшаға бейімделу кезеңі әр балада әр алуан сипатта өтеді. Қалай болғанда да, ата-анасынан 6-8 сағатқа ажыраудың өзі балаға ғана қиын емес, оның анасы үшін де күйзелісті жағдай.
Тәрбиешілер қаншалықты қамқор болса да, олардың ешқайсысы ана махаббаты мен оның айрықша ықыласына бөлендіре алмайды, себебі тәрбиешілер «екінші ата-ана» әрі орта есеппен 15-25 балаға ортақ. Кез келген ана мұны жақсы түсінеді, әйтсе де баланы өмір бойы жаныңда ұстау мүмкін емес, өйткені ол өмірдің жаңа сатыларымен танысып, жаңа дағдылар, өмірлік тәжірибе жинақтауы тиіс.
Балабақшаға бейімделу кезеңі бала мен анаға аса ауыр тимеуі үшін, баланың да, оның ата-анасының да балабақшаны ұнатуына көмектесетін қарапайым ережелерді басшылыққа алған жөн.
Ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңес.
• Балабақшаға берерден шамамен бір ай бұрын сәбиіңізді балабақшамен таныстырыңыз. Жай ғана балабақша аумағында серуендеуге барыңыздар, сонда ол балабақша ғимаратының әсемдігіне тамсанып, онда қайта-қайта баруға ынтасы оянады, мұндайда алғашқы ресми күн де ол үшін мереке іспеттес болмақ.
• Бала жаңаша күн тәртібінен биологиялық тұрғыда қолайсыздық сезінбеуі үшін, бір ай бұрын оны ақырындап балабақшада болатын жаңа тәртіпке үйрете беріңіз. Бұл тамақтануға да қатысты.
• Баланың ұжымға жылдам сіңісуі үшін, оның қарым-қатынас жасауға бейімділікті дамытуына көмектесіңіз, ал бұл балалармен, сондай-ақ ересектермен араласу барысында ғана мүмкін болмақ. Реті келсе, балабақшаға бармай тұрып, болашақ топтастарымен және олардың ата-аналарымен танысқандарыңыз тіптен құптарлық жайт.
• Баланы міндетті түрде дербестікке дағдыландырыңыз, өз жасының деңгейінде өз-өзіне қарай алатын болсын.
• Балаға балабақшаның не үшін керек екенін, сәбилердің онда не үшін баратынын әңгімелеп беріңіз. Әкесі мен анасының жұмысқа, ал балалардың балабақшаға баратынын түсіндіріңіз.
• Анда-санда баламен бірге балабақша маңынан өтуге тырысыңыз, және оған дәл осы балабақшаға баратындарыңыздың қандай жақсы болғанын қуана ескертіңіз. Тобының қандай әсем болатынын, ондағы ойыншықтардың қандай сүйкімді екенін, оның балалармен ойнайтынын айтыңыз.
• Осы қуанышты жаңалықты баланың көзінше достарыңызбен және жақындарыңызбен бөлісіңіз. Сәбиіңіздің балабақшаға қабылданғанына қуанып тұрғаныңызды айтыңыз. Сөйтіп, балабақшамен тезірек танысуға баланың өз құлшынысы артатындай етіп, оны жағымды арнаға бағыттаңыз.
• Балаға ондағы күн тәртібінің қандай болатынын, олардың немен айналысатынын айтыңыз, себебі бала жұмбақ жағдайларға аттанбауы тиіс және өзін не күтіп тұрғанын білуі керек.
• Баланың көзінше ешқашан балабақша туралы жағымсыз пікір айтпаңыз, және, ең бастысы, оны балабақшамен қорқытпаңыз. («тамағыңды ішпесең, балабақшаға жіберемін»; «мейлі, балабақшада сені тамақ жеуге жақсылап тұрып үйретеді» деген секілді).
• Баланы бастапқыда балабақшаға бірнеше сағатқа әкеліңіз де, кейіннен біртіндеп толық күнге жеткізіңіз. Мұндай біртіндеушілік қағидасы сәби үшін де, оның анасы үшін де анағұрлым жайлы болмақ.
• Баланы балабақшадан алып қайтарда міндетті түрде олардың немен айналысқанын, қандай тамақ ішкендерін сұраңыз, жетістіктері үшін мақтауды да ұмытпаңыз. Бала ата-анасы қасында болмаса да, оларға өз өмірінің қызықты екенін білуі тиіс.
• Баланы таңертең балабақшаға әкелген кезде жылдам қоштасып үйреніңіз, бұл істі көпке созбаған жөн, әйтпеген жағдайда бала сіздің абыржығаныңызды сезіп қояды да, сізден айырылғысы келмей қалады.
• Әрдайым қасында екеніңізді және мейлінше жақсы көретініңізді бала қашықта жүрсе де сезінуі үшін, оның қалтасына шағын ғана естелік зат салып беріңіз, бұл оның көңіліне медеу болады.
• Еш уақытта балаға көрінбей қашып кетуші болмаңыз, өйтетін болсаңыз, ол сізге сенбейтін болады. Қоштасудың өздеріңізге тән әдісін ойлап табыңыздар: беттен сүю немесе мұрындарыңыздың ұшын түйістіру секілді.
• Балабақшаға баруы үшін баланы ешқашан да ойыншықтармен «сатып алуға» тырыспаңыз. Өйтетін болсаңыз, тағы да балабақша туралы жағымсыз пікірін қалыптастырасыз.
• Балаңыз байбалам салған уақытта ешқашан оның ырқына жығылушы болмаңыз. Қайткен жағдайда да балабақшаға баратынын ұқтырыңыз, әйтпесе келесі жолы оның еркеліктерін көтеру сіз үшін қиынға соғатын болады.
• Әрине, әрбір бала өз алдына бір әлем, олардың әрқайсысының ыңғайын таба білу керек, алайда тек сүйіспеншілік, шыдамдылық және парасатты оң ықылас қана балабақшаға баруды сүйікті іске айналдыра алады.

egov.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста