Жақсылық Сәмитұлы: Белгісіз мінез (әңгіме)

Жақсылық Сәмитұлы: Белгісіз мінез (әңгіме)

Ши-анда оқып жатырмын. Үлкен қала. Бір кезде, Президент Жяң Жиешының тұсында, уақыттық болса да, Қытай мемлекетінің астанасы болған әйгілі орда. Қанша керемет дегенмен, алғашқы кезде онша ұнай қоймап еді. Мен сияқты сахарада туып өскен ауыл баласына қала өмірі, жатын орны, климаты, тұрғындарының жүріс-тұрысы, ішіп-жемі, бәрі де бөтендеу көрінген. «Ойпырай, мына тымырсық тұрмыс, қапырық ауа, қолқаны қапқан қою шаң мен көк түтіннің астында бір жыл өмір сүру дегенің, құдай сақтасын, қиынның қиыны көрінген. Енді міне бітпестей болыпсезілген сол бір жыл зыр етіп өте шығып,Шынжаңға қайтатын уақытымыз таяған шақта мен ойланып қалдым.

Оқып жатқан орнымыз Ши-ан заңиниституты. Батыс солтүстік бойынша заң білімін үйрететін жалғыз-ақ орын. Біз соның қысқа мерзімдік курысында оқып жатырмыз. Курсанттардың бұл тобы Шынжаңның әрқайсы аймақ, аудандарынан келген заң қызметкерлері. Ұйғұры бар, өзбек, татар, сібе, Солаңы бар – түгел ересек азаматтар. Көбісі үйленген, бала-шағалы адамдар. Тіпті Гоминдаң тұсынан бері заң саласында істеген, шалғысы ұзын қара мұртты егде адамдар да жоқ емес. Солардың ішіндегі ең жасы да және жалғыз қазақ та – мен. Оқу мерзімі аяқталуға таяған сайын бәрі де ертерек қамданып, елге, бала-шағаның қасына тезірек жетуге асығып, базарға шығып, сәлем-сауқыт алып, қуаныса бастады. Қуанбаған жалғыз мен ғана. Кейінгі кезде, тіпті Ши-аннан кеткім келмей де қалып еді.

Оның елден өзгеш себебі бар. Мен бір аймақтағы атақтыбайдың баласы болатынмын. Әкем үлкен бір рудың елбасы, бірнеше атадан бері тұқым жалғаған ақсүйек, Манчжур патшасының қолынан алған қара көк тасы, тауыс деген құстың қызылды-жысылды болып құбылып тұратын екі тал шалғысы – тәжі, генарал шенді сап-сары ала, оқалы тоны бар ерекше абыройлы мансап иесі. Бірақ, солай болғанымен. кейінгі заман бізге қырын қараған. Талай ғасырмызғымай келген бағымыздың қайтқан тұсы.

Әкем оқыған, мол білімді, сұңғыла, кемеңгерадам еді. Шынжаңда Алтай, Тарбағатай, Іле – үш аймақ қозғалып, Шығыс Түркістан дейтін республика құрамыз деп жаппай атқа мінген кезде мал-дәулетті қойып, шыбын жанды да соның құрбандығына атап, атой салып, алдыда жүрген әкем бір кезде аяқ астынан жалт бұрылған болатын. 1946 жылы Кеңес одағы мен Қытай үкіметі ымыраласып, әлгі Шығыс Түркістан республикасын күшінен қалдырып, «үш аймақ үкіметі» деп атаған кезде-ақ: «қап!» деп, санын бір-ақ салған.

Он алты жастағы кезім еді. Үйдің кенжесімен болатынмын. Әкем мені ауыл сыртына, төбе басына оңаша ертіп шыққан.

-Ұлым, біздің күніміз бауға таяды,-деген.

Кешкі мезгіл еді. Күн еңкейіп, сонау алыстағы қоңыр белдің үстіне төніп қалған. Сол көкжиекте тұтасып жатқан қара қошқыл, зіл-батпан ауырбұлттың үстіңгі жағы қып-қызыл, күп-күрең, қою, лат қан еді. Жайшылықта нұрланып, балқып бататын шұғылалы алтын күн бүгін қап-қара құй батпаққа білінбей жылжып, ақырын сіңіп өшіп бара жатқан. Мен сол көрініске көз жібердім.

-жоқ, ұлым, ол күн емес,- деп еді әкем басын шайқап. Дауысы бөтен. Үні тарғылдап көмейінен шығады. Қасіретті ауыр үн,- Ол күн емес, ұлым, біздің басымыздағы күнді айтам. Білесің бе, жеті атамыздан бері біздіңбасымызда құдайдың өзі берген, бір үзілмей жалғасып келе жатқан, мәңгі шұғыла шашып жайнап тұрған бақыт күні болушы еді ғой. Сол күнді айтам!- деп іштен тына, тұншығып тоқтап қалған.

Беюақ кеш. Қап-қара түн төніп келеді. Жұлдызсыз қараңғытүн. Қара тау қара барқындап, түнере, мелшиіп қалған. Қара төбенің басында қап-қара болып қарбиып әкем отыр. Ұзақ уақыт үнсіз қалдық.

-Ұлым,- деді әкем бір кезде,- Қара нор қалың елмсіз. Тусымыз көп, Ағаларың да аз емес. Бірақ үмітті саған арттым, жас болсаң да. Сен аман бол. Күндердің күнінде, замандар өтіп, күніміз қайта туғанша… Бұл дүниеде бізден де бір ұрпақ тірі жүрсін.

Сонымен он алты жасымда бір жақсы атымды міндім де, әскерге қатынасып кеттім. «Адамның басы Алланың добы»деген. Домалай-домалай жүріп, ақыры бұрын атын естігеніміз болмаса, мені қойып, әкем де аяқ басыпкөрмеген Құлжа дейтін шаһарда қызметке тұрып қалдым. Содан бері, міне, сегіз жыл өтті. Әлі елге барып көрген емеспін. Сырттай естіп жүремін. Әкемнің сондағы айтқанының бәрі аумай келген. Ел тозған. Хисапсыз қалың мал конфескеге түсіп, кім көрінгеннің қолында кеткен. Бәрін алдын ала біліп отырған кемеңгер әке де басқа барар жер , басар тауы жоқ, үйде отырып қолға түскен. Абақтыға жабылған. Қытай компартиясы бар билікті қолына алғаннан кейін, иә, анау қызыл армияны Шынжаңға бастап кірген Ваң Жын дейтін генарал қылышынан қан тамып тұрғанда, түрмеде ұзақ қамалған, қылтамақ болып, кеңірдегінен ас өтпей әл үстінде, онсызда өлім аузында жатқан, бір ру елдің ұйтқысы болған, байлығынан басқа қылдай қылмысы жоқсол бейкүнәәкені өлім жазасынакесіп, өз аяғымен тұратын мағдыры қалмаған бейшара хал үстінде де, титтей шімірікпей, арқасын тамға жастап тұрғызып, арқанмен шандып байлап қойып, мылтықты кеудесіне тіреп атып өлтірген. Үкімді солай орындаған.

Қазір құдайға шүкір, жас болсам да, өмірдің талай ыстық-суығын басымнан кешіріп, оң мен солымды айырып қалған кезім. Оның үстіне заң оқып жатырмын. Қытай заңы. Коммунистік Қытайдың жаңа жарғылары. «Шынжаңға барам, күндердің күнінде…Әй, осы Ши-анда қалып қойсам жақсы болар еді. Ешкім танымайтын бөтен елде, қалың қытайдың арасында жүре берсем, одан ештеңем кемімес еді. Ал, үйлену туралы болса… Басым аман, жаным тірі болса, еркек адамға немене, қазақ кезікпеген күннің өзінде де қытайдан яки ұйғұрдан бір шүйке бас табылмай қалмас…»

Сонымен, осылайша, ақыры Ши-аннан кетпей, осында қалып қоюға бел байладым. Соған шындап бекігеннен кейін оның да амалын қарастыра бастадым. Бір экскурсия тобын бастап келіп жүрген біздің аймақтың уәлиі Телмұхамметке амандаса бардым. Әкеммен дәмдес болған, бұрыннан таныс адам еді. Жылы-жылы сөйлесті. Осында оқып жатқаныма қуанышын білдіріп, хал-жағдайымды, үйрену ақуалымды, бұдан ары не істемек ойым бар екенін сұрады. Егер қажет болса, менің қалауым бойынша, өзіміздің аймаққа немесе Үрімжі қаласына яки Құлжаға жақсы бір орынға қызметке орналастыруға көмектесетінін де айтты.

Мен де оның аузынан осындай бір сөз шықса деп күтіп отырғам.

-Көңіліңізге көп рақмет. Егер шындап көмектескіңіз келсе, менің осы Ши-анда бір орынға орналасып қалып қоюыма қол үшін берсеңіз,- дедім ойымдағыны жасырмай.

-Ши-анда дейсің бе?- деді ол бетіме жалт қарап.

-Иә, осы Ши-анда.

Телмұхаммет менің бас-аяғымды қайтадан бір шолып шығып, көзіме тесіле қарап қалды да, соңынан терезе жаққа ойлана қарап отырып барып, іштен тына ақырын күрсініп қойды.

Бәрін біліп тұр еді. Менің ойымдағыны да түсінді.

-Қайтқың келмейді ғой сонда?- деп қайталады астыңғы ернін жымқыра тістеп, бөгеліп қалып.

-Иә, қайтқым келмейді.

-Оның да жөн,- деді ойға шома отырып,- Қытай деген қалың ел ғой. Оңай сіңесің… Сонда мен саған не істеп беруім керек?

-Осында батыс солтүстік Қытай ұлттық істер комитетінде Жәкенің Мұқашы істейді. Лауазымы биік, айтқан сөзі өтіп тұр дейді ғой. Сол кісіге ертіп барсаңыз.- дедім іштей қуанып отырсам да, онымды ашық сездіргім келмей, жасқана тіл қатып.

-Жарайды,- деді Телмұхаммет бірден келісім беріп.

Жәкенің Мұқашына ертіп барды. Менің кім екенімді жасырмай айтып, толық тыныстырды. Ши-анда не себепті қалып қоймақ болғанымды да бүкпесіз айтты. Мұқаш та түсінген сыңай байқатты. Білімді, сабырлы адам екен. Өзі де мен сияқты қара көктің тұқымы. «меркіттің әкесімін, керейдің жәкесімін» дейтін Алтай, Тарбағатай өңіріндегі керей, найманға ғана емес, қытай мен манчжурге, монғолға да сөзін сыйлатқан Жәке бидің баласы. Осыдан екі-ақ жыл бұрын яғни 1951 жылғы «үшке қарсы» дейтін ең бірінші коммунистік науқан кезінде өзі де абақтыға жабылып, өлім жазасына кесілген. Су ішері болғанда дәл сол тұста ұрдажық Қытай генаралы Ван Жын орталыққа ауысып кетті де, оның орнына келген Чи Жұңшын Шынжаң түрмелеріндегі дәл осылай өлім күтіп отырған көп адамды ақтап, босатып жібергенде, сол көп беюаздың ішінде бостандыққа шыққандардың бірі осы Мұқаш болатын. Соданол өзінің туған жері Алтайдан, тіпиті Шынжаңнан да пана таппай әбден түңіліп, Ши-анға келіп, бір мезгілге болса да, ажалдан тасада өмір сүріп жатқан. Сондықтан ол да екі сөзге келген жоқ.

-Жарайды. Оқу аяқталуға жақындағанда кел, алып қалайын,- деді бөгелместен.

Оқу мерзімі аяқтап, енді бөліс жүрейін деп жатқан кезде Мұқашқа тағы бардым. Ол кісі де ұмытпаған екен. Батыс солтүстік Қытай заң иниституті дейтін үлкен оқу орнының ректорына ертіп кірді.

Үстінде төртқалталы көк шапаны бар, құлағы қалқиған, аласа бойлы, жағына пышақ жанығандай арық қытай отыр екен. Бізді орнынан ұшып тұрып, қалбалақ қағып қарсы алды. Орындық қойды. Бір-бір тал папирос ұсынып, бір-бір стакан қайнаған су әкелді. Осының бәрін ол өзі қолымен істеп болып, қайта келіп орнына орнығып отырды да:

-Ал, қош келдіңіздер,- деді біздің бетімізге барлай қарап.

Мұқаш өзінің жөнін айтып еді, бірден тани кетті:

-О, иә, сізді білем. Біз бұрыннан таныспыз емес пе?! Март айында ұлттық істер комитетінің жораларжиналысында сіз баяндама жасадыңыз ғой. Керемет сөйледіңіз. Содан кейінгі қонақасыда да бірге болғамыз.- деп сөзін жалбырақтай, жағымпаздана бастады да, соңынан түсін суыта келіп тоқтап қалды.

Мұқаш менің жөнімді айтып еді, оған да лыпылдап, көңілді жауап қайтарды:

-Жарайды. Біз ақылдасып көрейік.- деді Мұқашқа қарап, жылмаң қағып. Сонан маған бұрылды. Қашан келгенімді, қайда оқитынымды сұрады. Соңында :

-Қытайша білесің бе?- деді қасыма келіп.

-Иә, білем,- дедім мен қытайша жақсы сөйлей алатынымды дәлелдеп, өзім жөнінде қысқаша түсінік жасап.

-Жаза аласың ғой?

-Иә, жаза да, оқи да алам.

-Онда өте жақсы. Біз де дәл сендей өзі жас, өзі білімді, ұлттық кадрге зәруміз. Осында мұғалім болып қалуға қалайсың?

-Қандай қызмет берсеңіз де, бәріне мақұлмын.

– Жарайды. Біз ақылдасып көрейік. Ши-ан деген үлкен қала. Сендер сияқты аз ұлттан шыққан білімді жастарды қажет етіп отырған орындар өте көп. Осында қаларсың, яки мынау Мұқаңның қасына ұлттық істер комитетіне жіберерміз. Ақылдасайық. Сен келердүйсенбі күні бір хабарласшы,- деді күліп тұрып, арқама қағып.

Қуанып кеттім. Жатаққа да қуанышымды баса алмай, салып ұрып, алқынып кірдім.

-Өте көңілдісің ғой?- деді менімен бір жатақта жататын Қашқарлық, Мәмтімін дейтін ұйғұр азаматы. Жасы бізден көп үлкен. Баяғыда анау 30-жылдарда Үрімжідегі офицерлер тәрбиелейтін мектепте оқыған. Кейін полк басқарған. Сол тұстағы қазақтыңБәделхан Сүгірбаев, Хакім Өмірбаев, Махмұт Өміртаев, Әнуар Қанафин сияқты көп жігіттерімен бірге оқыған. Өмір бойы қытайлармен істесболып, солардың сыр-сипатын жаттап өскен аса білімді жігіт еді. Кейде бізге аға іспетті ақыл да айтып қоятын. Бір жатақта жатқан соң және өзін ерекше құрметтейтіндігім себепті мен одан көп сыр жасырмайтынмын. Ши-анда қалып қойғыш ойым бар екенін де ашық айтқанмын.

-Құдай берді. Ши-анда қалатын болдым.- дедім мен Алып ұшқан қуанышымды онымен бөліскім келіп.

-Бастық солай деді ме?

-Жоқ. Бейнесінен соны білдім.

Ол менің бетіме көз тоқтата, барлай қарап қалды:

-Қалай болды?

-Бастық өте жақсы қабылдады?- дедім мен екі езуім екі құлағыма жетіп.

Мәмтімін әка қабағын сәл шытынғандай болды:

-Өте жақсы қабылдады де,- деді менің сөзімді қайталап.- Темекі ұсынды ма?

– Иә, өз қолымен су да құйып берді. Тіптібәйек болды.

– Күлді ме өзі?

-Иә, күліп отырды.

-Өзіңді мақтады ма?

-Ой, Мені сондай жақсы түсінеді екен. Тіпті арқаланып қалдым.

-Ақылдасайық деді ме?

-Иә, тұп-тура сүй деді.- дедім мен оның бәрін біліп отырғанына қуана түсіп.

– Шығарда арқаңа қақты ма?

-Иә, қақты.

Мәмтіміннің езуіне болымсыз күлкі үйірілді. Үндемей басын шайқады. Не дәуір бөгеліп қалды.

-Неболды, әка?- дедім мен шыдамым таусылып.

Мәмтімін қабағын шытынды:

-Онда үмітіңді үз. Ши-анда қала алмайды екенсің.- деді шорт кесіп.

Мен ыза боп кеттім. «Оттапсың!» деп қала жаздап барып аузымды әрең тиып алдым. Замандастарымның біреуі болса, әуелі боқтап та жіберетін едім. Амалсыз сырт айналып жүріп кеттім. Өкпелеп, ренжіп қалсам да, ештеңе дегем жоқ. «білгішсінуін өзінің. Пендешілікпен көре алмай айтып отырғой. Ертең көрермін» дедім ішімнен.

Келер аптада бөліс шықпақшы. Біздің қайда қызметке баратын тағдырымыз да шешілмек. Жеті күн деген таусылып берсеші. Мәмтіміннің әлгі сөзінен кейін жүрегім күпті болып, алаңдап қалсам да, алып ұшқан асау көңілмен, үлкен үміт арқалаған жастық жалын тоқтатпай, уәделі дүйсенбі күні ректордың алдына тағы бардым. Ол да мені көрген жерден ырсыңдап, тағы да жалбырақтап қарсы алды. Соңында титтей шімірікпестен:

-Шынжаңнан келген курсанттарды түгел өз жеріне қайтаратын болдық. Ереже осындай. Жоғарының бұйрығы да осы,- деді күліп отырып. Тағы да арқама қағып шығарып салды.

Соңы

www.samituly.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста