Ұйқысынан шырт оянды. Бөлме қараңғы екен. Анасының жылап айқайлаған дауысы мен өгей әкесінің зілді дауысы жанды шошытады. Жылап ұйықтап қалған еді, ісіп кеткен көзін әрең тырмалап ашып, көгерген қолын сипап, төсегінен әрең сүйретіліп тұрды. Аяғы зіл батпандай, басқызар емес. Тірі жетімнің болашағы бұлыңғыр еді.
Жаздың тұнық кеші. Оныншы қабаттан бәрі алақандай көрініп тұр. Қараңғыға қарамай, айдың жарығы мен көше шамдарына сеніп, балалар асыр салып аулада ойнап жүр. Әткеншекке қарады. Көрші апай қызын алдына алып, әкесі оларды әткеншекте тербетіп, өзара күліп әңгімелесіп тұр. "Көрші үйдің қызы қандай бақытты, олар бір-біріне сондай мейірімді, сондай бақыт маған бұйырылмаған екен ғой",- деп іштей Айгерім налыды.
Көзін ашып, ес жиғалы анасының аузынан еститіні "Сені қайдан ғана тудым? Қоқыс жәшігіне лақтырып кете салуым керек еді, басыма пәле болдың ғой" ,- деген сөздер. Жас жүрек іштей булығып, көзіне жас толып, ішінде ыза мен реніш көкірегінде оттай өртеніп тұрса да, бір тамшы ыстық жастың төгілуіне жол бермейтін. Қасқайып, қос кішкентай жұдырығын түйіп, қиыншылыққа шыдауға тырысатын. Анасының сөзін көңілге алмай, "ол менің анам, жақын адамым, бұл сөздерді ашумен ғана айта салады",- деп, жас жүрек өз-өзін алдайтын.
Айгерімнің жасы он бесте. Мектепке барып жүр. Мектепте ешкіммен араласпайды. Араласуға қызығушылығы да жоқ. Соңғы партаға жайғасып, өзімен-өзі тұңғиық ойға батып отырады. Сыныптағы алаңсыз күліп отырған оқушылардың өміріне іштей үлкен қызғанышпен қарайды, оларды жек көреді. Қит ете қалса, ата-аналары келіп, балалары үшін жан ұшырып жүреді. Ал, Айгерімнің анасы жарты жылда болатын жиналысқа да келмейді. Қанша рет мұғалім апай сол үшін оны барлық сыныптың көзінше жерден алып, жерге салды. Оған қазір еті үйреніпті, басын төмен салбыратып, еденге қарап, анасына іштей реніп тұра береді. Сабақ біткен соң, үйге бет алады. Үйге кіргісі келмейді, себебі береке жоқ. Өгей әкесін жақтырмайды. Анасы Айгерімнің пікірімен санасқан емес. Бейкүнә сәби әрқашан анасымен сырласуды армандап, оның жүзінен бір тамшы мейірімді көргісі келетін. Бірақ, өмір жас жүректің арманын көп көрді ма, аналық махаббат пен мейірім оған бұйырмаған екен. Кейде өзін жат үйдің адамы секілді сезінетін. Бірақ, амал қанша, еріксіз шыдауға тура келеді. Жас сәбидің алаңсыз балалық шағы осылай бастау алған еді.
Мұрат, өгей әкесі, қара басын түгендеп қалған, арам ойлы, шамалы ұрттағанды жақсы көретін адам. Анама осы Мұраттың қажеті қанша деген сұрақтың жауабын ол таба алмай қойды.
Сабақ бітті. Үйге еріксіз келді. Подъезде лифт жоқ, әрең дегенде 10 қабатқа көтеріліп, пәтердің есігін ашты. Үйде ішімдіктің иісі аңқып тұр. Мұрат үйде екен. Басқа ешкім жоқ. Ол жас сәбиге көзінің қиығымен бір қарап, мысқылдап күлді. Оның қарағанынан Айгерімнің денесі тітіркеніп кетті. Оқулықтарын сөмкеден шығарып, диванға қарай бет алды.
-Айгерім, мұнда кел?
-Тыныштық па? Неге шақырдыңыз?
-Жәй, сабағыңды білейін дегем деп, Айгерімнің шашынан сипады. Сумаңдаған қолдары шашынан сырғып түсіп, белінен аяғына жетті. Аузынан ішімдіктің иісі аңқып тұр.
Айгерімнің жүрегі мұздап, бойын діріл басып кетті. Тұйық болған соң ба, ол ешкіммен араласпай, көп нәрсені білмейтін. Сырлас болатын анасының түрі анау.
Мұрат мұны бірінші рет істеп тұрған жоқ, бәлкім бұл әкелік маахаббаттың бір көрінісі ма екен деп бір рет сондай ойға келген. Бірақ, бүгін үрей бойын бірден билеп алды. Оның ішіп алған көздері оттай жанып, сәбиге деген жасырын көзқарасы мүлдем басқаша еді. Аяғын сипап болған соң, оны абайлап шешіндіре бастады. Айгерім ештеңені түсінбей қалды, бірден қарсыласты. Мұрат оны күшпен нұқып қалды. Денесіне ол ауыр соққы болып тиді.
-Не істеп жатырсыз? Тиіспеңіз маған!,-деп айқай салды.
-Қарсыласпа!
-Мені жайыма қалдырыңызшы, жалынам сізге
-Тыныш тұр дедім ғой саған,-зілді дауыспен Мұрат.
Кішкентай жұдырығымен ол Мұраттың бетінен бар күшімен ұрып жіберді. Бұл Мұраттың ашуына қатты тиіп, Айгерімді жағынан тартып жіберді. Бейкүнә сәби қалбалақтап ұшып түсті. Мұрат оған жақындап келеді. Айгерім қарсыласып жатыр. Бірақ, үлкен еркекке оның шамасы келмеді. Не болып жатқанын ол мүлдем түсінбей кетті... Жиіркеніш, тітіркену,қарсыласу,дірілдеу, ауырсыну... Мұрат ойындағын істеп тынды.
Өзегiн өртеген өкiнiштен пайда болған әлдебiр ащы запыран Айгерімнің көмейiне лықсып келiп, көңiлiн әлем-жәлем етiп жiбердi. «Бәрi бiттi» деп ойлады ол. «Апыр-ау, бiтпегенде несi қалды. Көзінде шамалы ғана үміт оты болған Айгерімде ол мәңгілікке өшті. Жанары мәңгілікке сөнді. Бір тамшы ыстық жастың төгілуіне жол бермейтін қайсар қыз осы жолы өзін ұстай алмады. Жас моншақтап ағып, омырауына тамып жатты... Моншақтар тоқтамады. Жастың ащы дәмі оның ерніне тиіп, өмірдің соншалықты қатыгез, ащы екенін түсіндіргендей болды. Өмірге қатты налыды.
Кешке анасы жұмыстан келді. Киімдерін ауыстырып, ас үйге кіріп тағам әзірлей бастады. Айгерім анасына барып, болған жайды айтқысы келді. Басы салбырап түсіп, сөйлеуге бет бұрды
- Неге сүмірейіп тұрсың? Не керек саған?
- Маған Мұрат тиісті, ол мені, мені ...зорла...
- Сен не деп сандырақтап тұрсың?
- Анашым, мен шынымды айтам!? Ол мені зорлады...
- Сен қыздан көрмегенді көріп, енді естімегенді еститін болдым ғой... Бар бөлмеңе кет, екінші менің мазамды алма!
-Анашым, сенші маған, мен өтірік айтып тұрған жоқпын,- деп Айгерім еңкілдеп жылады.
-Менің өмірдегі ең үлкен қателігім саған аборт істетпегенім, енді міне көзіме күйік болып жүрсің, ол аздай Мұратқа жала жапқың келеді. Жоғал көзімнен, -деп, бетінен шапалақпен тартып қалып, есікті тарс жапты.
Сол уақытта сырттан Мұрат келді. Ас үйде дастархан жайылып, екеу ара әңгімелесе бастады.
-Айгерімнен көрмегенді көрдім, сол қыз аяғыма тұсау болды ғой;
-Не болды?
-Оны асырап, тамағын беріп, киіндіріп отырғандағы рахметін естісең... Сол қыз өмірімдегі ең үлкен қателігім болды. Әкесіне таратқан, зуайт. Мені екіқабат қылып ізін жоғалтып еді. Қызы да әкесіне тартқан, ұқсамасаң тумағыр деген осы. Бүгін маған не дегенін білесің ба?
-Не деді?
-Ойлап тапқанын қара, сені зорлады деп, жала жауып, өтірік жылап, соры ағып отыр. Тіпті шынайы айтады өзі... Сол қызды үйден қуып жіберу керек...
-Айгерім, рас айтып отыр.
-Не? Не деп тұрсың сен?
-Айгерімнің айтқанының бәрі рас!
-Мұрат, не деп жатырсың? Сонда, сонда, осы уақытқа дейін сен мені емес, Айгерімді сүйгенің ба? Сонда сен мені сүймейсің ба?
Есіктің сыртынан барлығын жасырын естіп тұрған Айгерім, сылқ етіп еденге отыра кетті. Басқа, басқа анасының аузынан бұл сөздерді күтпегені айдан анық. Қайдағы махаббат... Анасы не деп кетті?! Қандай адам ол өзі, ол менің анам ба, әлде қарсыласым ба? Жануар екеш жануарға дейін өз төлін өзгеден қорғап, қызғанып, барынша қорған болады. Менің анам қандай адам, сонда жануар құрлы болмағаны ма?-деп, көзінен ыстық жас тоқтамай ағып, жас жүрегі тілім-тілім болды. Маған емес, өзінің туған қызына емес, айдаладағы Мұратқа сенді, сенген күннің көзінде айтып тұрған сөзі мынау... Менде неге мұндай ана? Құдай мен саған не жаздым?,-деп, бөлмесіне барып, жастықты құшақтап ұзақ, өксіп жылады. Жылағаннан дауысы қарлығып қалды.
Әткеншекке қарап болған соң, пердені ашып,толған айдың жарығын бөлмеге түсірді. Жұлдыздарға ұзақ қарады. Ұрыстың бітіп, барлығының ұйықтағанын күтті. Көрер көзге жасалған қиянат пен әділетсіздікке бұдан әрі төзу мүмкін емес еді. Бәрі сағым қуғандай бір құздан құлаудан соң, екінші құздан құлаудың ізіне түсуді жөн көрді. Аяқтың ұшымен жүріп, суырмадан лезвияны тауып алып, тамырын тіліп жіберді. Ыстық қызыл оттай қан бұрқ ете қалды. Соңғы күн,соңғы сәт,соңғы дем... Соңғы дем үздігіп үзіле бастады, терезеге көз тастап, жұлдыздарға тағы қарады. "Жұлдыздар қандай әдемі едің, қалайша осы уақытқа дейін мен оны байқамағам", – деп ішінен ойлады. Айгерімнің өмір сахнасындағы рөлі аяқталып, соңғы пердесі ақырындап жабылып жатты.
Астана қаласы