Жәди ШӘКЕНҰЛЫ: ЕРТІС ҚЫЗЫ

Жәди ШӘКЕНҰЛЫ: ЕРТІС ҚЫЗЫ

– Әне, әне, тағы да шықты, – деп әкем көзім енді іліне бергенде шынтағымен ақырын түртіп оятты.
Тайқазан қауымдастығының пішен жұмысында болатынбыз. Шатырдың cыртында маса буып тұр. Оқта-текте шегірткелердің ащы шырылы естіледі,
одан ары бақаның үні. Соның бәрін басып тоғайдың арғы түкпірінен, Ертіс
бойынан сыбызғы дауысы талып жетеді.
– Әке, ол не?
– Ертіс қызы, Ертіс қызы сыбызғы тартып жатыр, шақырып жатыр . . .
– Ертіс қызы деген кім, кімді шақырып жатыр?
– Тоқта, тоқтай тұр.
Әкем шатыр ішінде басын көтеріп алыпты, әлденеге елегізе құлақ түреді.
– Тоқта, ақырын, дыбысыңды шығарма, тез киін, жүр ендеше.
Алдымен киінген әкем шатырдың етегін еппен көтеріп, бүкшеңдей сыртқа шықты. Асығыс-үсігіс киініп, аюдың қонжығындай томпаңдай ердім артынан.
Даланың бүкіл масасы бізді күтіп тұрыпты. "Шатырға тығылып алып шықпай
қойып едіңдер, бәлем, енді шықтыңдар ма?" – дегендей, басың-көзің демей төпелей жөнелді. Тоғайдың қыр жақ шетінде аттардың пысқырынып жер тарпығаны, өгіздердің масаға булығып ыңырана өкіргені естіледі. Көрші
қостан біреу күрс-күрс жөтеледі. Маяшы Әділбек ағайдың үні. Темекіні аямай
тартатын кісі.
Әкемнің сол жақ сұқ саусағынан тас қылып ұстап дедектеп келемін. Маңайдан шабылған пішеннің жағымды иісі аңқиды.
Бұл кез масалардың өлім ауызында арпалысқан ақырғы күндері болғандықтан, олар өте уытты. Тоғайдан суырылып, өзен қырғағындағы малта тасты қыратқа ілінген де барып азая берді. Ағынға қарсы соққан баяу жел жаңағы тымырсық бусантқан денемді еппен желпи бастады.
Жылқының құйрығынан істелген қыл желпуіш ін маған берген әкем күләпарасының құлағын түріп, ұсақ шағыл тасты құмды дөңеске құйрығын қойып отырды.
Жағаны сылп-сылп ұрған Ертіс толқыны түнгі аспанды шанағында шайқап, баяу шымырлап жатыр. Шіріген ағаштың сыз иісі, балық иісі білінеді. Өзеннің қарауытқан арғы жиегінде сыбызғы сыңсиды.
– Әне, әне...
Мен әкемнің қолтығына жабысып, бұға бердім, Ертістің ұйыса біткен тал-терегінің бауырына тығылған қара көлеңкелер жұлдыздар сағымымен толқып, билеп жүрген секілді.
Судың сылдырына, желдің сыбырына қосылған мұңлы бір үн су бетінен қалқып, тоғайға қарай сұғына ұшады. Кейде қанаты талып, қатты серпуге келмеген шеміршек топшы майысып, суға құлауға айналады. Құласа болды шым-шым батып жоқ болатынын сезіп, қауырсынының ұшы ғана толқындарға жұмсақ ұрылып, қайтадан садақ жақтауындай иіле көтеріліп, баяу қалықтайды. Орман белдеуінен көтерілгенде, батыстың қоңыр самалы төсін соғады да,одан ары аспанға қарай шалқи жөнеледі. Кенет, беймәлім жебенің ысқырығы естіледі де, топшысы сарт етіп үзіледі. Енді бүкіл дүние зіл-зала күй кешеді. Өзен жанарында моншақты аспан шыр айнала дөңгелейді. Аспан астыңда толқындар қазанға қайнатқанқұрттай сапырылады. Көк бұйра желке жүндері жалбыраған су серкелері сарт-сүрт сүзісіп шалқасынан құлайды.
Ертіске шүйіле құлаған үн айдын тереңіне атқан оқтай батып кетті. Сыбызғы дауысы шорт үзілді.
–Аһ . . .
Әкем көкірегін айыра күрсінді. Мен қолымның қалтырағанын білдірмеуге тырысып, маңымды мазасыздана желпи бердім.
–Әке, әке, кім ол? – деп әзер сұрадым.
–Ол Ертіс қызы.
–Ертіс қызы деген кім?
–Ол ма...
Әкем айтқысы келмегендей желкесін мағынасыз қасып, аз тұрды да, демін ішіне тартып, ауыр тыныстады. Басын кегжите, көзін орманнан асыра аспанға қадап сөйлеп кетті.
–Ерте, ерте, ертеде асқан сыбызғышы бір жігіт болыпты. Ол бала күнінен қойжайып жүріп-ақ бүкіл даланың қурайына жан бітіреді екен. Күндердің күнінде байдың жылқысына үркек дерті тиіп, қайыру бермей дүркірей қашқанда жігіт оны сыбызғымен тоқтатады екен. Сыбызғы тілін білетін байдың қызы мұны өз көзімен көріп, ет құлағымен естіпті. Сол күннен бастап жігітке ғашық болыпты. Бірақ, жігіт ол кезде әлдеқашан үйлі-баранды болған кез екен. Қыз әр күні Ертістің жағасына келіп көңіл-күйін сыбызғымен жеткізетін болыпты. Арғы жағада жүріп мұны тыңдаған жігіт оған сыбызғымен жауап береді екен. Атастырып алған жарына бұрыннан-ақ көңілі толмайтын ол шабан ат, өтпес пышақты күйге қосып толғайтын болған. Осылайша сыбызғымен ғана сырласқан қыз бен жігіттің бір-біріне деген ынтызарлығы күн сайын арта беріпті, арта беріпті. Күндердің күнінде қыз жеңгелері арқылы әкесіне өтініш айтып, жігітке тұрмысқа шықсам деген тілегін білдіреді. Жігіттің кедейлігін былай қойғанда үйлі-баранды жайын бес саусағындай білетін бай тік шапшыпты. Сол күннен бастап қызын аттап шығармайтын болыпты да, бір байдың мырзасына қалың малға беруге келісіпті. Ал сыбызғышы жігітті айшылық алысқа жылқы отарлатуға жіберіпті. Көз жасын көл қылған қыз еш амалы қалмай, түнде үйінен ұрланып шығып, Ертіске келіп жылапты. Оның зар-наласына қосылған толқындар бірге егіліпті. Сол күннен бастап қыз үйіне қайтпапты. Ендігі жерде ол байдың қызы емес, Ертістің қызына айналыпты. Бірақ оның қарасын ендігәрі ешкім көре алмайтын болыпты. Ал, ол тартқан сыбызғы үні күні бүгінге дейін естіліп тұрады екен. Әкем екеуіміз ұнжырғамыз түсіп, қосқа көңілсіз қайттық. Мен ұзақ түстің аяғына жете алмай әбден діңкелеп, қатып қалыппын.
Әкем: «Ертіс қызы шақырады» деп мені түртіп оятып жатқандай еді, оным бекер болды, әтештей қоқылдап азаннан оятатын Мәуіт атты пішеншілер бастығының айғайы екен.
Мен шөмелені басып жатсам да, өгізге мініп шанамен шөп тасысам да Ертіс қызын ұмыта алмай діңкелеумен болдым.
Сол күндердің бірінде түскі демалыс болып, шанамызды жапа-тармағай доғарып, қосқа келе жатып, сыбызғы үнін естіп қалдық. Елең ете түстім. О, тәуба, баяғы Ертіс қызының сыбызғысы. Қосқа жүгіре жеттім. Қалың пішеншілер сыбызғы шыққан жерді қаумалап алыпты. Жұрттың арасынан кимелей барып мойын создым. Ортада дөңгелек жүзді, қызыл шырайлы, қоюқара сақал-мұрты бар, тығыршықтай шал кеңірдегін кенеп алып, тамағынан сыбызғы үнін толқытып отыр.
–Кім, кім бұл? – дедім мен Жеңіс деген шанашы досымның шынтағынанақырынтартып.
–Зейнолла, Зейнолла деген сыбызғышы шал екен, Шібеті жақтан келіпті! –деп күбір етті ол тәмпіш танауын күс қолының сыртымен сүртіп тұрып.
Мен шалға оңды-солды көрім-аққарадым, қолында сыбызғы түгіл дәнеңеде жоқ. Анда-санда бөбежігін ақырын-ақырын қағып қояды. Сыбызғы үні құбылып шығандай жөнеледі. Онан төмен сорғалайды... Мен енді әкемді іздедім. Әкем қоста шалқасынан түсіп жатыр екен. Бидайықтың өзегін тісіне салып, қырт-қырт үзеді. Үзеді де бүркіп жібереді, қайта сөйтеді.
–Әке, әке, мына шал . .
.–Иә, ол шал? – Ол Ертіс қызының сыбызғысын шалып жатыр ғой.
–Иә, ол Ертіс қызын шақырады, Ертіс қызы оны шақырады. Мен әкемнің сөзіне түсіне алмай, бетіне тесіле қарадым. Ол түк деместен бидайық өзегін қырт-қырт шайнайды. Мен қайтадан топқа жүгірдім. Тымағын жанына қойған Зейнолла ақ шыт тартқан шақшадай басын шайқап-шайқап қойып, сыбызғы үнін сұңқылдата толғайды.
Пішеннің малын бағатын Закон шал кір-қожалақ орамалымен маңдай тері мен көз жасын кезек сүртіп, мұрынын қорс-қорс тартып жылап отыр.
Сөйтіп, жұмбақтың байыбына барғанша демалысымды аяқтап, оқуға баратын кезім болды. Пішеншілерге қош айтып қалаға тарттым.
Келесі жылдың пішеніне орала алмадым. Себебі әкем . . . әкем мен Зейнолла мені тастап, алысқа, а-л-ы-с бір жаққа кетіпті.
Ертіс қызы туралы ертегіні екіншілей жан баласынан естіген емеспін.

Бір уыс сәуле
(Әңгімелер жинағы)

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста