Салтанат Есенқұлова: Өзекте қалған сыр (әңгіме)

Ой мен ішкі дауыс екі бөлек дүние. Алайда, ішкі менімізден гөрі бір-бірімен шырмауықтай негізсіз шатасқан шетсіз ойларға көп берілеміз-ау шамасы. Иә, адамның ойы шексіз ғой шіркін... Жүйрік ойлар кейде құлатады, кейде шарықтатады, бір ой бір ойға қарсы болса, бір ой бір ойға дұшпан тектес, енді бір ой ақылшың болса, енді бірі қиялың... Осылайша, шайқас үстіндегі санамда арпалысып жатқан түрлі қарбалас ойларға шомылып кеткен болатынмын. Кенет, жұмыс үстінде Нұрғиса ағам хабарласты.
- Алло?!
- Алло, Сая, үйдің кілті сенде ме? - деген ағамның даусы асығыс шықты.
- Иә, өзіммен бірге алғанмын - дедім.
- Жайдарбек көке келіп тұр, тез жұмысыңнан сұран да, кілтті үйге жеткізші - деді.
Күтпеген хабар болды, жұмыстан сұранып, үстел үстіндегі заттарымды апыл-ғұпыл жинадым да, жолдан такси ұстап, үйге қарай беттедім. Жайдарбек көкені студенттік жылдардан бері танитынмын. Жол-жөнекей сол кездегі арманымның орындалған сәті еріксіз есіме түсіп отырды.
2011 жылдың тамыз айы еді. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің білім беру гранттары иелерінің тізімі шыққан номерінен Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенті атанғанымды біліп, төбем көкке бір елі жетпегендей қуанған болатынмын.
Бұл жаңалықты ата-ана, бауырларымнан бөлек Жайдарбек көкемде білетін. Жасы қырық бесті алқымдаған, біздің үймен туыстай қарым-қатынаста болып, етене араласып кеткен Жайдарбек көке, өнер жолындағы Нұрғиса ағамның ұстазы.
- Айналайын, Сая қызым, қуанышың артып, армандар орындалсын! Өзіңмен жасты ұлым бар еді, есімі - Айтөре. Ол да биыл ҚазҰУ-ға түсті. Ой, шіркін біздің кезіміздегі ҚазҰУ оқытушыларының сарқыты қалды ма екен? Ол кездегі жатақхана, студенттік шақта ерекше қызық еді ғой - деген, Жайдарбек көке сағынышын жасыра алмады.
- Жылы лебізіңіз армандарымды еселеп, қанаттандыра түскендей болды, рақмет көке - деп, ризашылығымды білдірдім. Мұнан соң, екеуара әңгімеге ерік бердік.
- Сеніңкі қай факультет?
- Әдебиеттің майданы болған филология факультетіне түстім, - деп мақтанып қоямын.
- Ал керек болса!!! Жаңа ғана бір университет деп жатқан едік, тіпті бір факультетте оқитын болыпсыңдар ғой, керемет! Айтөреге сені айтып қояйын, ағасы болып қарайласып жүрсін, - деп, қамқорлық пейілін білдірген еді. Бұл әңгімеден кейін арада қанша жылдар өтсе де ағаны көрген емеспін. Қиялыммен ой-аралас өткенді шомылып отырып, зымыраған көлікпен үйге қалай жеткенімді аңғармай да қалыппын.
Дарбаза алдында күтіп тұрған ағаны көрген бойда жақынымен көрісуге асыққан қуанышым су сепкендей басылды. Өз көзіме өзім сенбей, шошынғандай «селк» ете қалдым, турасында әзер дегенде таныдым. Жадыранқы жүзі әжімге көмкеріліп, кең жауырынды иығы бүкірлікпен алмасып, самайдағы шаштары ақ басыпты. Ағаға қарап, «алты жыл ішінде адам осыншама қартая ма?» деп, күбірлеп қоямын ішімнен. Лезде ойымды жинағандай болып, танданысымды байқатпауға тырыстым.
- Саламатсыз ба, көке! Ғафу өтінемін, үйдің кілті менде қалып кетіпті, көп күтіп қалдыңыз ба? Қалай жеттіңіз?
- Шүкір, аман-есенбіз, – деді салқын үнмен.
Үйге кіре салысымен ас бөлмесіне даярлықты әзірлеп, дастархан жайдым.
- Ораза ұстаған едім, күн ыстықта көп жол жүргендіктен бе, әлде жұмыстың көптігінен болар аузымды ашып қойдым, - деген Жайдарбек аға балаша қуыстанып қалды.
- Денсаулық пен жағдайға да байланысты ғой, - деп жұбатқансыдым.
Жүзіне ұрлана қарасам әлде-қалай мұң бар секілді, жанары солғын тартқан сондай тұңғиықты, ерекше мұңлы көрінді. Ойы бір жерде емес екені айдан анық көрініп тұр. Не де болса бір қисынсыз жағдайдың орын алғанын жүрегім сезгендей болды. Өз ойыммен арпалысып отырғанда үнсіздік ұзақ орнады. Үлкен жастағы адаммен сыйластығың ғана болмаса әңгімең қайдан жарассын?!
- Айтөрені көріп тұрасын ба?
- Иә, көріп тұратынмын. «Ол сізге мүлде ұқсамайтын. Еркетотай, суыққанды, бірбеткей болып көрінді. Өмірге бейқам қарайтын, жанары бір нүктеде тұра алмастан, жалтарылатын ойсыз көзді көрінді... Арзан топтан құралған адам ойының саяздығынан қорқамын» - деп өз ойымды іштей ғана жеткіздім.
- Ол бүгінде отбасын құрып, үйленген, - деген ағаның дауысы қуаныштан емес зілді, күрсініспен шықты.
- Оо, құттықтаймын, бақытты болсын! - дедім қуанышты хабар екенін ескеріп. Тағы да үзік-үзік үнсіздік орнады. Аға тамағына өксік тығылғандай «ух» деп терең тыныстады. Сосын іштегі алай-дүлей бар әлемін ақтарып, жайып салғысы келгендей, «өз ұлымның ұлан асыр тойында, қуанышты күнінде бөлісе алмаған сорлы бейбақ әкемін», - деген дауысы дірілдеп шықты. Сол сәтте «Қалай сонда? Не болды? Барлығын басынан түсіндіріп айтыңызшы» деп айтқым-ақ келді...
- Анау, не бар ғой, суреттерін соткадан көруге болады екен ғой... Келінімнің түрін де көрмедім, кім? Қайдан?
- Аа, инстаграм желісін айтасыз ба?
- Білмеймін, ағайындардың ұл-қыздары көрсетіп жатады ғой әйтеуір.
- Ұлыңыздың толық аты жөнін айтасыз ба?
- Айтөре Тойшыбеков.
- Ммм, қазір іздеп көрейін. Міне таптым, алайда ешқандай сурет жүктемепті.
- Ағайындардан естіп-біліп тұрамын, жақында Мәскеуден келіпті, келінім сондағы университеттердің бірінде магистратурада оқиды екен, анасы бәрі Алматыда. Айтөре қайын жұртымен тұрады екен-мыс.
- «Тегі шиеленісудің шегі осы шығар. Өз баласына орта жолда бөтен болған қай әкені көрдіңіз. Басынан айтпасаңыз мен ештеңені ұғар емеспін» - дедім ішімнен. Менің дым түсінбегенімді ұқса керек, ағыл-тегіл барлығын басынан жайып салды.
- Мен кезінде қандай адам едім, кім едім?! Отбасында отағасы, ұл-қызға әке, ұстазға шәкірт, танысқа сыйлы, дос-жаранға «Жәке» едім?! Бір сәтте бизнесім тоқырауға ұшырап, жұмысымнан жала жабылып темір тордың арғы жағынан бір-ақ шыққан едім, өзге түгіл өзіме де бөтенге айналдым. Әйелім біржола менен кетті, ұлым өзімнен безді, қазір бетімді де көрмейді, кезінде Жәке деп жүретін ағайын-туыс, дос-жаран да теріс айналды. Кімге өкпелеймін, бар болғаны үстіме жабылған қара күйені арқаладым да кеттім. Өз тағдырына өзі налыған мен бір бейбақ жанмын...
Ер адамның жанары жасқа толуын өз көзіммен алғаш рет көруім осы еді. Аузыма құм құйылды, тіпті өмірлік тәжірибесі де жоқ мына мен әкеммен жасты адамды не деп жұбатайын?!
«Бала – әке мен ананың бауыр еті, ет-жүрегі емес пе!? Орта жолда қалайша ана сүтінен безініп, әкеден бас тартар... Сабыр, сабыр етіңізші аз ғана... Ер адамсыз ғой, еңсеңізді көтеріп шыдамдылық танытсаңыз екен... Қара да тұрыңыз, осыдан мен айтты дерсіз ұлыңыз, отбасыңыз әлі-ақ сізге оралады... Қолымнан келгені бәрі жақсы болып кетеді» - деп ол кісіні іштей ғана жұбатам.
Тағдырларды жарылқайтын Құдай емеспін әрине, бірақ қатты аядым...

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста