Қажығұмар Шабданұлы: Қылмыс-1
КІРІСУ
1968 жылдың басы.
Темір қақпақ пен шəугімдей шойын құлып шарқ-шұрқ ете түсті. Қап-қараңғы терең ұрада жатқан мен елеңдеп басымды көтеріп ал- дым. Жүрегім де əлдене бір шойын-темірге соғылып, шақылдап кеткендей болды. Тұла бойымды түршіктірген қатер мен күдіктің мұздай суық желі сумаң қақты.
Заңды түрмеде жатқан адамдар мұндай тосын құбылысқа кезіккенде елеңдесе де, жүрегіне мұз ине шаншылғандай бол- май, үмітпен елеңдеп, жылы самал тигендей бір сезімге келетін. Босатып жіберер ме, иə, далада жұмыс істетер ме екен деген- дей жақсылық күтетін. Ал, менде ондай үміт сезімі мүлде жоқ еді. Өйткені жатқан ұрам – қызыл қорғаушылардың зындан деп атаған абақтысы. Ал, өзім ғой тісті қақпандай тырп еткізбес та- лай алып-соқ жалалармен қамалған «ең қатерлі қашқын», əрі тергеуі бітпеген, біткенді қойып, «қылмысы» үсті-үстіне жамалып жатқан қылмыстымын. Тергеу сұрақтарымен қинау да күн сай- ын төлдеп, өрбіп келе жатқан болатын. Жəне бұл өңірде, əсіресе орталығы Үрімжіде таяудан бері саяси қылмыстың құрсағы құр жатпай, итше күшіктейтін болып кеткен ғой. Күшіктері де түсе са- лып ырылдап, түн аса өзі де күшіктей салатын болған жоқ па! Ал,
«ақталу» «жеңілдеу» деп аталатын бейуаз жануарлардың ата-енесі қыс аспай қырылып, қозылар қошақансыз – бедеу қалғалы қашан. Бұл жəйттерді білетін менің үміт желім қайтіп желп етсін. Сөйтіп шошына қарадым. Қақпақты ашқан бас тергеуші «хұңуибеңнің» өзі екен. Құдыққа түсе сала:
– Жаздың ба? – деп арс ете түсті.
– Нені айтасыз, тергеушім?! – деп сыпайы ғана қарсы сұрау қойдым.
– Нені?!.. Қылмысыңды деймін!.. Ойлан, толық жаз деп тапсыр- мап па едім мен саған!.. Құйрығыңа етік тұмсығы тимесе ұмыта қалатын неме екенсің, ə, сен!
– Жоқ, ұмытқам жоқ, тергеушім, өмір бақи ұмытпаймын да. Бірақ алдыңғы күнгімен он алты рет жаздым ғой, жасырып қалған ештеңем жоқ.
– «Ештеңем жоқ?», көзіңе саусағымды тығып тұрып, тауып беремін мен саған. Үстіңе күніне қанша мəселе түсіп жатқанын білмейсің, ə сен!
Бас тергеуші осылай сақылдағанда, құдық аузынан төне қарап тұрған қолшоқпарлары шақылдап-шаңқылдап қоя берді:
– Ит басынды шаншып тұрып жаздырамыз!
– Ішек-қарныңды суырып аламыз!
– Тіліңді кесіп тастап сөйлетеміз.
– Мен саған айтып қояйын, – деп бас тергеуші сөзін жалғастырды.
– Қылмысыңның бір пайызын да тапсырмадың сен əлі, қылаяғы өзіңнің қап-қара өмірбаяныңды да жасырып жатырсың! Кері төңкерісші тобыңдағы реакциондармен тарихи байланысың туралы лəм демедің! Бұларды жасырған сен жауыз, нақтылы қылмысыңды қалай жасырмассың! Бірақ қанша жасырғаныңмен сыбайластарың əшкерлеп болды! Мен саған айтып қояйын, ендігі сенің тірі құтылу жолың біреу ғана. Ол өз қолыңмен толық жазып тапсыру ғана. Тіршілік керек пе өзіңе?!
– Əрине!.. Мүмкін болса, керек қой! – деп жымия қарадым. Егер мүмкін болмаса, сіздерді əурелеудің жолы жоқ та... Бұрыңғы жазғандарым дело қапшықтарыңызға лайықтап, ықшам жазылған, мəселенің тоқ етер түйіні ғана еді. Егер жаза берсем қамқорлық етіп, тіршілік беретін болсаңыздар жаза берейін. Дүниеде қылмыс деген көп қой. Мен елуден артығырақ жас жасаған адаммын. Де- мек, қылмысқа қатысқаныма жарым ғасыр болды. Бұл уақыт барысындағы өз көзіммен көрген, қолыммен істеген қылмысымның бəрін-ақ жазайын. Оның үстіне сіздерді зəру еткен келіп шығу тари- хым – өмірбаяным тағы бар. Дүниеге келгенде де мен оңайлықпен жаңбырша тамшылай салғаным жоқ, келген келісімнің өзінде де талай машақат бар. Қылмыс тапсыру керек болған соң бəрін-ақ тап- сырайын. Бірақ, жазу үшін қол керек. Мына шойын қыспағыңызды алып, қолымды босатыңыз! Жазу үшін көзге жарық та керек. Жарығырақ бөлмеге орналастырыңыз!
– Егер қылмысыңды ада-күде толық тапсыратын болсаң, орын- далады!
– Толық болғанда қандай, көзіммен көріп, қолыммен істеген істің бірін де қалдырмайын! Бірақ соған уақыт өте көп керек.
– Қанша уақыт кетер!
– Сіздерде уақыттан арзан тауар жоқ қой, сырттан материал келіп болғанша, менің сансыз сыбайластарым толық тексеріліп болғанша мен де жазып болармын. Жазып бітірісіммен мені білетіндердің сарабына салыңыздар, «біттім, Аллаһуакпармын» деймін. Олай дейтінім, бар шындығымды жазған соң өлмей нем қалды. Басқа жақтан ажалды факты іздеп сіздер де əуре болмай- сыздар.
– Рас қой?
– Ып-рас!.. Маған о дүниенің өзінен басқа тыныш орын жоқ екендігіне көзім жеткен соң, шындықтан басқаның керегі не!
– Бұлай үмітсізденбе!.. Құтылар жолыңды енді таптың! Тек өзің де мəселе қалдырмай əшкерлесең, азат болғаның!
Сөйтіп қолыма салынған темір құрсау алынды да, төсенішімді көтеріп басқа бір құдыққа – Көказық базына көштім. Бұл тұрағым да жер астында болғанымен төбесінде шағын болса да екі көзді терезесі бар, күңгірт болса да жылтыраған сəулесі бар үңгір екен.
Бас тергеуші тағы келіп тапсырды:
– Қылмысыңның бірін қалдырмай жазасың, ə! Егер...
– Бір сөзімде жасыру, иə өсіру болса, «пəлен күні атылады» деп жазылған темір таңбаны қызартып, маңдайыма быж еткізіп баса салыңыздар!
– Мен саған айтып қояйын, өтірік жазбайсың!
– Айттым ғой, маған өтірік пен жалтарудың енді қажеті жоқ!
– Айтып қояйын, қылмысыңды ең басынан бастап, уақыты, өтілген орны, өтілу ахуалы, кім-кімдер көрген... Анық жазасың.
– Мап-мақұл! Қылмыскер əкем көзін ашқаннан бастап өткізген қылмысын, өз көзімді ашқаннан бергі қылмысымды бірін қалдырмай көз алдыңыздан кино картинасындай тізіп өткізейін!.. Бірақ, сізден өтінерлік үш түрлі ісім бар: бірі, менің үстімнен материал жазатындарға «өтірік материал жазсаң, қылышты тас төбеңнен ұрамын» деп, «мен саған айтып қояйын» деп қадағалап ескертіп жаздырыңыз! Əр сатыдағы қылмысымды мен де осылай бастайын. Мəселенің шын болуы, сіздің төбеңіздің ашымауы үшін де, менің қиналмай өлуім үшін де жақсы. Екінші, жазу үстінде мені асықтыра көрмеңіз! Асыққанда мен мəселені бұрынғыдай шұнтита салуға мəжбүр боламын. Үшінші, маған қағаз көп керек. Қылмыстарымды толық жазу үшін қағаз ірке көрмеңіздер. Қылмыс деген – шіркін қазіргі кезде өте қымбат қой. Оны таба алмаған ай- ыпкер қандай қиналады. Қылмыс таба алмасаңыз сіз де шөлдеген ұзақ көзденіп, тұмсығыңыз шөмшие қалмай ма!
– Мен саған айтып қояйын, қылжаққа айналдырушы болма, ə!
– Қылжақтасам аузыма қатқан нан толсын! Сізге қылжақтауға батылым жете ме, құдай сақтасын!
– Айтып қояйын, сен енді қолым босады деп жарық үйде рахат- танып жата беретін болсаң қатты жаза көресің!
– Мап-мақұл, қинамай өлтірсеңіз болғаны! Ойланбаса ұмытылған қылмыс оқыс болып қалып қояды. Ойыма түсе қалған шақта тіпті түнде тұрып та жазамын ғой, нанбасаңыз аңдушы қойыңыз! Бұл үшін шырақ та керек екен ғой, шырақ!
Шырақ!.. Шырақ!..
Мен де айтып қояйын, «Қылмысты» жазуға осындай дикта- тура айында кірістім.
І
Құдіретті «тергеушім», өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз! Атым – Биғабіл, əкем – Жаппар ғой. Жаппардың əкесінің əкесі
– Балпаң деген кісі, алыпсоғар би де, азулы бай да болған екен. Балпаңның Құрман, Бекназар, Құлназар, Байназар деген төрт ұлы болыпты. Құрман – тұңғышы, Жаппардың əкесі. Ол ерте үйленіп, қырық-отыз қоймен бір ат енші алып, төрт қанат керегелі отау- ымен бөлініп шығыпты. Қойдан қоңыр мінезімен, қоңыр күйлі домбырашы болған екен. Ондайға мал құралған ба, ұзамай бай інілеріне жалбарынды күйге түсіпті. Солардың астығын диірменге апара жатқанда түйеден жығылып, мерт болыпты. Қырық жасқа жетер-жетпестей ғана өмір көріпті.
Балпаңның байлығы қара шаңырақ иелерінде – кішілерінде қалған екен. Мал шаруашылығымен айналысатын халықтың жер-суы малға тиесілі меншік қой. Мал қай жаққа кетсе, жер-су да сол жақта болмақ. Құрманның оншақты қойы жер-суға та- ласа алсын ба, «жетісі» мен «қырқына» жетпей құрыпты. Одан қалған кішкентай-кішкентай үш жетім, қып-қызыл борбайларын отқа қақтап отырып та қалыпты. Оның ішінде отқа мініп от- ырса да жыламайтын естиярлауы Жаппар екен. Ал, оның Айса- па, Нұрсапа дейтін інілері əкесі өлісімен-ақ қылмысқа кіріптар болыпты. Жылауық болып алыпты. Қасіреттен өлгелі жүрген шешенің құлағын ыңғырулап, миын шұқып жегендей күндіз-түні бебеулеп кеп отырады екен. Егін салмайтын малшы ауылдың балалары малдан айырылса, тамаққа жари ма! Оның үстіне бүтінірек киімдері де жоқ, оларға желді сүркей күндері қырық шоқпыт киіз үйдің көмусіз іргесі қандай айбынды. Тергеушінің қабағындай ызғардан қысылған кішкене қылмыстылар бүрісіп отқа тығылады екен.
«Қарның ашса от жақ», «тоңсаң от жақ!» – дейді екен шешесі. Тозған шүберекке тері жапсырудан қолын босата алмай отырып, төмен қараған бойы, жылағандарын осы нұсқауларымен жұбатқан болады екен. Бұл сөзді ұғарлық Жаппары отынға жүгіреді екен сонда. Он шақты тал шырпыдан ала, апыл-ғұпыл қайта жүгіріп кіріп:
– Апа, насыбайым тоңып кетті! – деп дірдек қағып, отты аяғымен көсеп-көсеп жібереді екен. – Аяғым ғой еш нəрсе болған жоқ. Бұтым!.. Маған шалбар тігіп берсең, отынды үйіп тастай- мын!
Жастай əжім басып мейіздей семген Мейіз ана Жаппарының
«көсеуіне» көзінің астымен қарап қойып, ауыр күрсінеді екен!
– Үлкен үйден бір қойдың терісін сұрап əкеліп, оған и жағып қойдым. Екеуіңе шалбар шығады.
Мұны естіген Жаппар жалаңбұттың қуанышы қойнына сый- май, далаға – отынға жəне жүгіре жөнеледі екен. Сөйтіп жүріп қылмысқа белшесінен батыпты: кіші əкелерінің қой-қорасының төбесі тесік-тесік болыпты да қалыпты. Оған жапқан бұта- шырпыларын шөкімдеп ұрлап тауысыпты.
Сөйтіп, отынмен азын-аулақ қамдай алса да, үйдегі азан-қазан құрсақ дауын кішкене Жəкең шешіп бере алсын ба? Мейіз ана өзінің иесіз үйінің жұмысын тастай салып, еріксіз жүгіреді екен де, бай қайындарынан жəрдем сұрауға кетеді екен. Қайындары ұялғандарынан азын-аулақ көмек етсе де «көмектің» ақыры Мейізді күңдікке айналдырыпты: абысындары кезек-кезек жұмысқа салатын болыпты. Оны істемесе, үйдегі күшіктері күн көрсетер ме! Жесір ананың өмірі үшін, дүниеде жас жетімдердей жауыз қылмыскер жаралмаған болса керек. Өйткені, олар қарыны ашқанда ананың жүрек-бауырын суырып, миын сорады ғой. Сөйтіп, Мейіз ананы күңдікке салушы – үйдегі үш қылмыскер. Бұлардың ең үлкені – менің əкем Жаппар болады.
Балқаш көлінің шығыс солтүстік жағында Тауқұм деп аталатын шағыл-шағыл құм болады. Біздің ата-бабаларымыздың қыстауы сонда. Оқшауырақ жерден қазылып, құм басып қалмауы үшін ай- наласына тал тоқып шегенделген таяз құдықтан біздің ауыл су ішеді екен. Сол құдықтан су алып дағдыланған Мейіз ана ернеуіне қатқан түйетайлы мұздың қатеріне қарамай, іңірде де су тасып жүреді екен.
Ақшұнақ аяздың шақылдап тұрған бір кешінде Мейіз ананың аяғы тайып кетіп, сол құдыққа күмп беріпті. Ет пісірім уақытқа дейін қайтпағанын еске алған адамдар жүгіріп келіп құдықтан үн-түнсіз жатқан Мейіз ананы көреді. Құдықтан əрең шығарысып, көтеріп үйіне əкелгенде ол шала жансар екен. Үш баласы үш жағынан жабысып шуласа да үні шықпай үзіліпті. Əділетті «тергеушім»,ақ-нақақты адамзатта сіз ғана айырар деп сенемін. Осы үлкен шешемнің өз құрсағынан шыққан балаларын зар қақсатып, лəм де- мей рақымсыз ызғарлы күйінде кетуін қарашы, не деген тасбауыр еді! Кішкенелерін есіркемей, тым болмаса маңдайынан ақтық рет бір сипамай, бір жібімей тас болып қатып, панасыз, иен құмға та- стап кетуін қарашы!.. Неткен рақымсыз қылмыс.
ІІ
Қорғансыз қалған үш жетімді қолдарынан жетелеп, үш əкесі үш үйге əкетіпті. Бұл кезде үш бай қыс қысыммен бір шұңқырда отырса да, жаздай жайылған үш ауыл екен.
Өздерінің мүсəпір суық лашығынан бай да, жылы үйлерге кіргендіктеріне қарамай, «əке-шешесін жұтып алған» бұл үш қылмыстының сойқаны тағы түгемепті. Үшеуі үш үйде жылапты. Неден екені белгісіз, бай үйлері өз үйлерінен де кедей, өз үйлерінен де суық, өз лашықтарынан айтуға тіпті тіл жетпестей тар көрініпті. Бірін-бірі іздеп тұра-тұра қашады екен. «Жəкетайымның қасына барып қайтайыншы» деседі екен. «Жəкетайы»: «Нұркештің қасына барайыншы!», «Айкенмен бірге жатайыншы» деп жалбарынады екен. Мұндай күнəлі жалбарынуды кім тындасын. Асырап алған шешелері «жат» деп жұлқып əкеліп, ауыз үйдегі əлде бір малайдың қойнына тыға салады екен.
Жəкең сонан соң сыбырлап қана малайға жалынады екен:
– Ағатай, мен ақырын барып қана көріп келейінші! Сен үндемесең, төр үйдегілер білмейді ғой!
Малай да сыбырлап жұбатады екен:
– Сен қазір барма, ана үйлер жатып қалды, күндіз ойнаған бо- лып барып көр!.. Түнде жүрсең қасқыр жеп қояды. Содан соң кіші əкең мені өлтіреді.
– Ағатай, кішкенемін ғой! Түнде қасқыр мені қайтып көреді. Ал, күндіз болса, мыналар көріп қояды.
– Қасқырдың көзі түнде шам сияқты жарқырап кетеді, битті де көреді.
– Олар бит жей ме?
– Жоқ, қойды бит сияқты сығып жейді.
– Аузы үлкен бола ма?
– Үлкен болады. Əрбір тісі атаңның асасындай болады.
– Кеше кіші апам мені сол асамен бір салды. Қиын қатты екен. Басым ісіп кетті, міне, міне! – Малай оның басын сипап көріп, кеңк ете түсіпті де құшақтап қатты қысып, арқасын сипалай беріпті. Сол түннен бастап Жаппар сол Малайға бауыр басып, сонымен бірге жатып, күндіз де соны маңайлап жүретін болыпты. Бұл малай Жаппардың атасы – Балпаңмен бір туысқан Майлы деген кісінің баласы – Құйқа еді.
Жаппар бір қылмысты Құйқадан үйреніпті: Айсапа мен Нұрсапаны көру үшін Құйқаның үйреткен əдісі бойынша жүретін болыпты. Бірақ, бір-екі реттен кейін бұл қылмысы да əшкере болып қалыпты. Інілерін бірнеше тамдардың сыртынан айналып барып, ұрлап көріп жүреді екен. Бір күні Айсапаның қасына енді жете бер- ген Жаппарды «кіші апасы» аңдып барып шап беріп ұстап алыпты да, құлашын кере-кере бірнеше лақтырып, үйіне жеткізіпті. Іздеп баратын аға да, көре салып ұмтылатын іні де осы қорқынышты жазадан үн қоса бақырып, талай рет жылапты. Ақырғы бір ретте үлкендердің бірі көріп, əйелдерге ұрысқан болса керек, ол лақтыру жазасын тоқтатыпты да, желкеден ғана жітірмелете түйгіштеп, қалтарыстарда бір-екі ғана домалатып, ағаны бауырдан байбалам- сыз ғана, шулатпай айырып əкететін болыпты. Мұндай епті таяққа епсіз бақырудың қажеті қанша, еппен ғана жылап айырылысып жүріпті.
Дегенмен, қылмысқа əбден кəніккен сұмдар ересек тартқан сайын көбірек көрісетін болыпты. Сөйтіп қылмысқа көбірек бата- тын болыпты.
«Тергеушім», менің əкем түрме тəртібін туа сала бұзған қылмыскер екенін осы тараудан көрдіңіз. Əділетті тергеуіңізге өзіңіз адалдық деп сенетін жауап бермесем, адам есебіне қоспай, «жын-шайтан» деп ақыратыныңызды, жендет шақыратыныңызды ұмытпаймын. Жаппарды сол қылмысы үшін кіші апасы өгей болса да өте жеңіл жазалапты. Тіпті жазаламапты деуге де болады. Бұл əділдікті сіздің қамқор түрмеңізден ғана көріп үйрендім. Сіздер аға-бауырларымен көрісіп қоюшыларды қан құстырмай, шонданайын үзіп шоңқайтпай тоқтайсыздар ма?! Неше ретте де жеңіл жазаланған Жаппар, жал- пылдай ұшып қылмысын осылай үдете түсіпті. Сіздің əділетті тырнағыңызға түссе ғой, əлдеқашан өлетін еді.
ІІІ
Жаппар Құйқаға ертерек серік болған екен. Отынға бірге бар- ды, суды да тасыса жүріп, ақыры он жасқа шыға екі шелек суды дік көтере алатын болыпты. Сөйтіп, қыс күндері өзінің марқұм шешесіндей, сол үйдің суына бүтіндей міндетті болып шыға келіпті. «Кіші апасы» абысыны Мейіз тіріліп келгендей көріп,«əйтеуір құдыққа түсіп кетпесең болды» деп қояды екен. «Аяғыңа қалыңырақ бір шарық тіккізіп берейінші» депті бір күні есіркеп. Ол шарық тігушінің қолына тигенше кідіре тұрмай, «апыл- ғұпыл» қыс та өте шығыпты. Есіркеуді тасбауыр табиғат түсіне ме. Əйтеуір, Жаппар шешесінше құдыққа түсіп кетпей, құлдық міндетін қылмыссыз орындап шығыпты. Сөйтіп күн жылына келе қойға еріп шыға алатын да болыпты.
Құйқа «шүйкебас» алып күркеге ие болған кезде, Жаппар қойшылық міндетті деңгелек айналдыратын болып шыға келіпті.
– Саған да қатын əперемін депті кіші əкесі Бекназар бір күні шай ішіп отырғанда.
Өр көкірек, аусарау сөйлейтін Жаппар онысына наразылық рай білдіріпті:
– Жоқ, əке, қатын деген немені қоя тұр! Құйқа ағаның қатыны сияқты күс аяқ күңді қайтейін. Көрсем-ақ қорқамын.
– Е, сен өзің де аяғыңа қарасаң болар, осы түріңмен ақ патшаның қызын алармын деп жүрсің бе!
– Ақ патшаның қызы қатын болмай ма екен! – дей салған
Жаппардың сөзіне үй іші ду күліпті.
– Пырт, адыра қал! – деп кіші апасы ернін шығарыпты.
«Кіші апасының» аты – Кенжесары еді. Ол қушық бет, істік тұмсық, жыртық көз, қисық ауыз, шикіл сары қатын екен. Кезінде көрікті де ақылды бəйбіше үстіне келген Кенжесары осы өңсіздігінен құлдырап, тоқалдыққа түскені болмаса, аспансыған бай қызы екен.
Інілерін көргісі келіп барғандығы үшін өлімші етіп талай таяқтаған осы Кенжесарыға есейген сайын Жаппардың өштігі қозатын болып қалыпты. Ернін шығарғанына тағы бір қарап қойған Жаппар оның «сүйкімді» бетіне қараудан көрі пайдалырақ пікіріне көшіпті:
– Əке, қатынды қойып, молдаға берші мені. Нұржанмен бірге біраз оқып алайын!
– Бəрің бірдей молда болсаң, қой арам өледі, балам, сен қойыңды баға бер! «Асық ойнаған азар, дойбы ойнаған тозар, бəрінен де қой жайып, к… жеген озар», түбінде Нұржаннан сен озасың.
– Нұржан-ақ озсын, əке, көп оқыды ғой, енді қой бақсын да, тағы озсын. Мен біраз оқып алайын!
«Жата-жата жамбасқа, жата келе қойынға», қарай көр мұның құтыруын! – деп кіші əкесі өне бойымен селкілдей күліпті. Шүңіректеу көк сұр көзді, селдір сары сақалды кіші əке, күлімдегендей көрініп отырып-ақ көз ілестірмей қағып жіберетін қатыгез адам екен. Жаппар одан алысырақ, есік жақта болғандықтан батыл сөйлеп отырыпты. – Енді Нұржанмен бəс таласпақпысың? – деп Бекназар тағы күлімдей қарапты.
– Ол менің інім емес пе, бəс талассам несі бар! – дей берген Жаппарды кіші əкесі қолындағы шынымен беріп кеп жібереді. Жəкең де байқап отырған екен, қисая кетіпті, дəл басты көздеп атылған шыны босағаға тиіп быт-шыт болыпты. Бекең асыға ұмтылғанда, Жəкең далаға жалғыз-ақ ытқыпты. Кенжесарыға Нұржан да өгей екен. Ол Бекназардың қайтыс болып кеткен, сол ауылдың ең кеңпейілді қамқоры – Мəрия дейтін бəйбішесінен ту- ыпты. Бекназардан қорқатын Кенжесары Нұржанға «əй» дей алмай күбіжіктейді екен де, ашуын Жаппардан алады екен. Бірақ, Жəкең енді жуыр маңда қолға түсе қоймайтын, ытқи жөнелуге шебер бо- лып алыпты. «Əке» мен «шешеден» кезек-кезек ытқиды екен.
Ытқу жиілей түсіпті, өйтетіні, қылмыс жиілей туылатын бо- лыпты. Жауабы дайын əлгіндей сөздерге жауап қайыра ытқуы керек қой. Ытқыған сайын бірер күн жоғалып, «əке-шешенің» ашуы басылғанда келіп, қой соңына əрең еретін болыпты. Бұл қашағандықтан Бекназар секем ала бастады. Осындай ер жетпей тұрғанында басын байлап, Құйқа сияқты тапжылмайтын құлға айналдырып алмаса, «мына қу ертерек жоғалатындай» көрініпті. Сондықтан, Бекең қасына мықты азаматтардан бірнешеуін ертіп, екі жылдан бері бітпей келе жатқан мал дауын қузап кеп жөнеліпті. Ауылынан жоғалған екі-үш түйенің жаласы көршілес сыбан руының бір кедей ауылында екен. Екі жылдың алдында түйе ізі сол ауылға барып жоғалған сияқты. Кезінде сол рудың «ел адам- дарына» айтып, ізін көрсетіп қойған Бекназар, енді сол ауылға бір топ адаммен барып жатып алыпты.
Қазақтың ру-бұтақ қуалап танысатын қарапайым қаншылдық əдеті бар-ау, бірақ. Соны ру төрелері іріткіш уға айналдырғаны қашан. Сол рушылдық у сүйегіне сіңе уланып, өзара ырылдасу- мен өткен қазақтан көп ұрылған халық жоқ-ақ шығар! Жоңғар хандығынан жүз жылдап жеген ұмытылмас соққылар тек сол рудың, сол рушылдықтың ғана кесірі емес пе. Менің үлкен атала- рым да сол руды мəпелеушілер екен.
Қаракерейдің семіз найман аталған бір бұтағы «бес семіз»
болып тармақталады. Бес семіздің бірі – Жаңқұлы. Жанқұлыдан таралған Қожан дейтін шағын рудың билерінің бірі – сол кездегі осы Бекназар екен.
«Қожанды сойыл беріп жауға ғой» деген мəтелге айналған жауынгер Қожанның мықты бір тобы əлгі момын, кедей ауылды жеңбей қойсын ба! Малға даумен жығып, жеңістің соңын түлкі еппен құдалыққа айналдыра қойыпты: сол ауылдағы Смайыл дейтін ең момын біреудің Күмісжан атты он екі жасар қызын Жаппарға атастырыпты. Қалың малы – сол жоғалған үш түйе ғана. Қасқыр боп келіп түлкіге, түлкі боп келіп қасқырға айнала қоятын құбылмалы жау – ең қиын жау ғой. Момын ауылдың аузына тəтті салып, «құда түстік» дегенімен, шын мəні барымта еді. Жəне бұл құдалық үстінде Жаппардың «Бекназардың баласы» болып аталуы да ауызға тəтті салу екенін аңқау байғұстар түсіне қоймапты. Келесі жылы жазда құл байлайтын «қазық» болып Күмісжан ұзатылып келіпті. Байекең ауылынан жоғалған үш түйеден басқа еш нəрсе ауыспапты. Ол үш түйенің біреуі ғана Бекназардың өзінікі екен. Демек, Бекең бұл жорықта жоғалған бір түйе арқылы он бес жасар құлдың «басын байлап», он үш жасар күңге де ие болыпты.
Құрметті «тергеушім», бұл жəйттерден менің əкемнің де үлкен қылмысты екенін түсінген боларсыз. Бір момын кедейдің кішкене қызын бір тиын шығармай айттырыпты да, күңге айналдырыпты. Бұдан үлкен қылмыс сирек кездесер.
ІV
Жасынан тұрмыстың ауырын көріп, азаптың сойқанын тартқан Күмісжан еңбекқұмар, пысық келіншек болыпты. Кенжесарыға жағу сол ауылдағы əйел біткеннің қолынан келмей жүргенде, сол машақат түйіншекті жас Күмісжан ғана шеше алыпты. Тапжыл- дырмай Кенжесарының да үй жұмысын тындырып, өз күркесін де тап-тұйнақтай үйі іспетті ұстапты. Бұл кезде бүтіндей бөлек ауыл болып кеткен Құлназар үйіндегі қайнысын – Айсапаны да есті Күмісжан тартып, баурап əкетіпті. Өз күркесіне келтіріп алыпты. Бірақ, бекер жүрген жетім «жын қуып кетеді ғой». Оқыса Нұржанмен «бəс таласуы да, молда көбейсе қойдың арам өлуі» де мүмкін. Сондықтан, бұл ауылға келгеннен кейін, оған түйе қайыру міндеті тапсырылыпты. Тым аусар болғанымен қорқақтау өскен Айсапа «басын байлауға» тым ерте – он екі жасында көнген екен. Сондықтан өте мықты «қазыққа» байланып қалыпты. Бұл ауылға кірме малай болып жүрген Рақым дейтіннің толық бойжетсе де дəупірім долылығынан ешбір жігіттің алуға батылы жетпей қойған Гүлжан атты қызына байланыпты.
Бекназардың мұны əперудегі көздегені – бірінші, қалың мал кетпейтін «арзан қыз», екінші, қаншалық дəуперім болғанымен Кенжесарыдан аса ала ма. Айбатынан ай жасырынған Бекназар тұрғанда, моп-момын келін, қайратты күң бола қалмай ма. Əсіресе, аусар Айсапаны құлағынан басып, тапжылдырмай ұстауы үшін Гүлжан табылмайтын келін ғой.
Гүлжан қайын атасы ойлаған жерден-ақ шығыпты: Айсапа жуа- сып сала беріпті. Ол уақытында малға шықпай, домбыра шертіп от- ырып алған кезінде, үлкен үйдің əмірі Гүлжанға түседі екен. Өзінен əлдеқайда үлкен келіншек қойсын ба, күйеуін күзеннің айғырынша күркеден шақылдап қуып шығатын болыпты. Шақылдағанға көне қоймағанда, аюдың тырнағына түскендей талай жұлмаланған Ай- сапа, ол қуғанда домбырасын ала сала қашады екен. Сөйтіп қашып шығып, əудем жерге бара, өшін өлеңмен алатынды шығарыпты:
«Домбырам менің қайың-ды, Білемін Гүлжан жайыңды. Төсекке кешке кіргенде, Құшақтайсың байыңды», – деп шырқатады екен. Өлеңге қару ретінде адуын келіншек қуып кеп береді екен. Талай жерге шейін қуса да жете алмаған келіншек қайтуға бұрыла бергенде, тағы шырқалады екен əлгі өлең. Келіншегі қуаламаса «əнші» күйеу отырып алып шырқамасы бар ма. Айсапа осылай үшінші, иə төртінші рет қуалағанда ғана түйесіне жетіп алып жүріпті. Алда-жалда бесінші рет қуаланса, батырың күндізгі өлеңнің есесіне түні бойы өңірейтін жазаға ұшырайды екен: кейде шымшумен, кейде шапалақпен аралас:
«Енді айтамысың!.. Енді қалжақтаймысың маған!» – деген зейіл үн естіліп қалып жатады екен.
«Тергеушім», тым ерте үйленіп, кексе қатыннан таяқ жеу де жігітке жеңіл қылмыс емес қой. Бұл феодализмнің қара батпағына белшеден емес, тіпті кеңірдектен батқандық болмай ма?
V
Нұрсапа – сол дəуірдегі ауылымыздың ең зор қылмыстысы. Бірақ, ол кенже əкесі – Байназардың қолында оншалық ауыр жаза көрмепті. Себебі ол үйдегі «тергеуші» мен «соттардың» «əлсіздігінде» болса керек. Уақытында жазалауды білмейтін «на- дан» сияқты жəне Байназар Балпаңның кенжесі болғандықтан кіші əже сол үйде тұрады екен де, кішкене жетім немересіне қормалдау болыпты. Нұрсапаны Байназардың жалғыз ұлы Қуандықпен тең көруді келініне қадағалап бұйырып отырады екен. Бірақ, сол əже қартайып, қолынан билік кете бастаған кезде Нұрсапа да жетімдігін байқай бастапты. Сонда да Құрманның басқа жетімдерінше көз ашпай жатып «қазыққа» байлана салмай, ұзынырақ арқандаулы күйінде өскен екен.
Нұрсапа енді ғана жігіттікке іліне бергенінде оған ақ патшаның ноқтасы ілініпті. Қазақтан əскер алу жарлығы шыға қалыпты. Байлар өз балаларын абын-күбін тыққыштап, ұлықтарды барлап жүргенде, Нұрсапа сойдиып, алаң-ашықта қалып қойыпты. Ақ патшаның қазақ арасындағы «жаналарлары қорғансыз жетімді қағып əкетпесін бе! Жаппардың сөзімен айтқанда: Нұрсапаны «ба- беркеге» əкетіпті. («Баберке» дегені – «проверка» болса керек).
«Жабайы» да жау қазаққа патша мылтық ұстатсын ба! Дүниежүзілік бipiнші соғыста Шарруссия Германиямен соғысқанда қазақтан əскер жиямыз деп келіп, ақшалы байлардан бала емес, алтын-күміс жиған ғой. «Əскердің» eceбiн пара бере ал- майтын кедей-кепшіктен, қорғансыз жетімнен толтырған. Патшаға анығында қазақтан əскер емес, окоп қазатын қарулы құлдар керек еді. Сондықтан Нұрсапа дəлдің өзі болып суырыла жөнеліпті.
Нұрсапа сол кеткеннен үш жылда оралған екен. Ол окоп қазып қайтты ма, иə, патшаның көpiн қазып қайтты ма, онысын Жап- пар толық білмейді. Əйтеуір үш жыл жер қазғанын ғана ecтіпті.
«Жетімдік қылмысын» өтеп қайтты дейді.
Нұрсапа ауылына қайтып келгенде «орысша» жүріпті. Жанқалтасы көп, шолақ-шолақ киімдері бар екен. Қылаяғы тымақты да тастап, «маңдайында қалқайған бірдемесі бар, сырылмаған жепек» киіп келіпті. Мұнысы шапка болуы керек. Біздің ауылға тұңғыш пайда болған «орыс та, патша əскері де» əкемнің осы iнici екен. Өзi де маңдайы шодырайған, алпамсадай жігіт болып өсіпті. «Жетім орыс» болып аталғаны – ақсақалдардың енді оны тiптi жек көретін болғаны ғой. «Орыста» шоқынып қайтқандай көрініпті. Намазды талкуайттағыш болып келген сияқты. Өзі ораза ұстамай, ораза ұстағандарды шойын сағатына бағындырып, ашықтырып ойнайды екен. Ауылдағыларға бұлтты күндері cəpeciн ерте ішкізгенімен қоймай, ауызашарда «əлі күн батпады», деп ымырт үйірілгенде ішкізетін болыпты. Тіпті Бекназар биді де ауыз ашқызбай, аштықтан шиқылдатып ойнапты. Қатты жүдеген би шорт бұзылыпты ақырында:
– Ей, шоқыншық, жоғал көзімнен! – деп қуып шығып, күн батпағаны рас болса да, сенбей тамағын жей беретін болыпты.
– Қазақты былай қойып, орысқа бағынбай келгенімде, енді сенің осы алақандай шойыныңа бағынайын ба! – деп кіжіне «аша- ды» екен аузын.
Ақсақалдар жағынан Нұрсапаға тағылған кінəнің тағы бipi
– «кішілікті» ұмытқандығы екен. Ақсақалдардың «кішілік» деп білетіні, сəлем ғана емес. Сəлемді, басқа да жəй əдет- əдептерді Нұрсапа толық орындайды екен. Оларша «кішілік» деген сөз тұп-тура құлдық. Əдеттегі иба – далаға шығарда үлкендердің кебісін қойып беру, құманын ала шығып, дəретке отырған ақсақалдың артында қыдиып тұру, атын əкеп ерттеу, олар- ды қолтығынан көтеріп аттандыру, келгенде түсіріп алып атын байлау, ат суығанда шідерлеп қоя беру, тамақта қолына су құю бұл салттарды кездесе қалғанда Нұрсапа да орындай салады екен.
Ал, құлдық дейтініміз – мұндай бүгежектеушілікті əмсе міндетім деп тану, іздеп жүріп icтey. Нұрсапа бұл «кішілікті» істемейтін бо- лыпты. «Ақсақалдарда да құдай берген қол бар, олардың қолдары біздің қолымыздан əлдеқайда ұзын да. Ұpa қалғанда тіпті қатты ғой. «Біз жоқта өздері істей салса нeci кетеді!» дейді екен. Ал, ақсақалдар Нұрсападан бұл «кішілікті» қатты іздейтін болыпты, бірнеше рет шақырып алып зекіпті де. Ондайда: «не бола қалды» дейді екен Нұрсапа. Себебін ұққан соң жаймашуақтап сөйлеп, жақсылап қана шенейтін болыпты.
Бұл – үй арасындағы ұсақ-түйек «қылмыс» қой. Нұрсападан көп өтпей ipi қылмыс та туылыпты:
Əскерден қайтқан соң Байназардың Қуандығы бip жақсы ат сыйлаған екен. Сонысын мініп, ауыл ақсақалдарына ілескен топпен бipгe бip тойға сол «орыс» та бара қалыпты. Ол кездегі ас-тойларда ақсақалдар ру тартысына түспей, шайқаспай, мүйіздеспей қалған ба. Кекетісіп-мұқатысып, мақалдасып-мақамдасып, қорласып- қомсынысып отырып, артынан қызыса кетеді екен. Сөйтіп, əрқайсысы өз руының ұранын шақырып кеп қалғанда, тап-тату ойнап-күлісіп отырған азаматтар дүр eтiп бөлінісіп, аттарына міне қамшыласып, сойылдасып ала жөнеледі екен.
Əлгі «жетім орыс» төбелес шыққанда «ұялмай-қызармай» атын жетелеп, жеке барып отырып алыпты. «Қожан атаның» Шымыр- бай ұраны əлдеқашан шақырылса да, желп еткен ол болмапты.
Жап-жаңа құлын-тайдай айқасып жүрген жігіттер енді əп-сəтте айғыр болып шайнасып та, тебісіп те жатыр, қызылшеке бipiн-бipi шықпыртып жүр, қамшылар ысқырып, оқ жыландай ыршиды ту талақай.
– Ей орыс, аттанға шықпасаң, атыңды бер! – депті бip қожан тепсініп келіп.
– Мұндай қанішерлікке ат бермеймін! – депті «жетім орыс».
– Ей шоқыншық, қан жоқ па сенде!
– Қан жоқ болса, қан ішкізейін деп пе едің?!. Алжыған шалдар айқасты деп тап-тату дос-туыстармен қырылысайық па!.. Бет алды жінікпей отыр былай! Есің дұрыс па, не бола қалды!
– Қап, сені! – деп əлгі қожан жерді бip тeyiптi де, өзінің жауы- рына жүгіріпті.
Бірнеше адамды соққыға жығып, шер-құмардан шығысқан қожандар тобымен ауылына қарай беттегенде, Нұрсапа да арт- тарынан ілесе қайтыпты. Əлгі қожан жалт қарапты да, жауырын тебініп қалып, алдағы ақсақалды қуып жетіпті. Өзін Бекназарға шағыстырып бара жатқанын сезген Нұрсапа тізгінін тарта беріпті. Бекназар артына жалт бұрылып:
– Ей, сен бepi келші, ей! – депті Нұрсапаға. Нүкең де жалт бұрылып тұра кеп қашыпты. – Қуыңдар, ананы! Ұрып-жығып, байлап əкеліңдер! – деп зіркілдепті шал.
Бірнешeyi тұра кеп қуыпты, «Қуандық-Қоңыр» шалды- ра қоймапты да, қуғыншының көбі тізгінін тартып артына қайырылыпты. Қара үзіп кеткен Нұрсапа артына қараса, екі қуғыншы қалмай қуып келеді екен. Артына қайырыла шауып, өздерін қуып кеп бepiптi.
– Мен сендерге не ғыппын! – деп екеуін қамшысымсн екі осып қайырыпты да, аяңдап нағашысы жаққа тартыпты...
Содан бepi ай өткенде, шалдар оның жақсы көретін Жаппары мен Қуандығын жіберіп, қайтарып алдырған екен. Бұл қылмысына ақсақалдар кешірім еткен бейне көрсетіпті де, абын-күбін «басын байлауды» ойластырыпты. Байлағанда да бұл «қашаған қансызды» өздерінің ықпалынан шыға алмайтын, шырма–шату, мықты байланған əйелге қосақтауды ойластырыпты: Бұл ауылға ең алал күң бола алған Құйқаның əйелінің монтанақтай «сіңлісі» бар екен. Оның əкeci – «қой аузынан шөп алмас момын шал» аталас ауылға жасынан малай болып келген, ұя бұзбас бағынышты шал, қызына қалың мал кетпейді, бұл қыз да əпкесі тəріздес, «аузың қайсы десе танауын көрсететін бip байғұшым». Оның үстіне əпкесінен гөpi өңдірек. «Жетім орыстың» көзін тарта алады. «Жаңа келінге» əпкесі – «көне келін» қазық болады да, «жаңа келін» қайсар тұлға қазық болады. Мұнымен үйленсе, бұл «қансызға» қан бітіп, ауыл- дан қия басып кете алмайтын болады.
Осылай тұжырымдалыпты да, осылай құпталыпты.
«Жетім орыстың» құптау-құптамауына қарасын ба, шалдар дереу құда түciп, қойға бата қылысыпты да, «қазір үйленбеймін» деген «орысқа» ақырысыпты: «Ақ батаны бұзу – Хақ тағалаға да, аруаққа да ауыр қылмыс» дейтін үкімге қарсы үн шығарушының аузын қарымай ма!
«Күйеу» бармай қашып кетсе де «келін» түсірілген екен. Нұрсапаны бірнеше жігіт жіберіп ұстатып əкеліпті де, «келінінің» төсегіне сүйреткізіп кіргізіпті.
Төсекке қыздан да бетер еріксіз кірген «күйеудің» мұндай ақылды тіл жақты болуы некен-саяқ кездесер. Жазықсыз қызды жəбірлемей, зорекер құдалыққа қарсы «дұғасын» үшкіріпті келіп: өзінің қашып жүрген себебін, бұлардың зорлап қосақтағандағы мақсатын жас қызға түсіндіріпті. Бұл үйлендірудің жігітті ағаларынша тапжылдырмай құлдану үшін, қызды əпкесінше күңдікке түсіру үшін болып отырғанын толық ұқтырыпты сөйтіп.
– Ceнi менсінбегендігім емес, менің бұларға басым- ды байлатып, Жаппар мен Айсапаша құл болғым келмейді, əcipece кедей болса да əке-шешесі бар, кінəсіз таза сен бейшараны əпкең сияқты шөмішбас күң еткім келмейді. Сондықтан, менімен қосақталып кірленбе! – деп үгіттепті.
– Ағатай, олай болса, – депті қыз, мені үйіме өзіңіз ертіп апарыңыз. Осы сөзіңізді əке-шешеме толық ұқтырып, өз қолыңызбен тапсырып беріңіз, əйтпесе, ол ауыл мені қинайды! Осы сөзге келіскен соң Нұрсапа сол түні өзінің атымен қызды үйіне апарып тапсырып беріп, өзi сол бетімен тағы жөнеліпті... Сонымен жыл өтіп, шалдардың ашуы басылды-ау деген кезде Жаппардың үйіне келіпті. Алғаш келгенде ешкімнен жаман сөз естімеген екен. Шалдардың алдына кірмепті де, Жаппар мен Айсапаның қасында болып, одан далдалана жүріп Нұржан, Қуандықтармен көрісіпті. Желтоқсанның сүркей бip күні таңертең жарқ ете түскен жазасын бip-aқ көріпті сөйтіп. Жақын сыбайлас, туыс ауылдардан жиырма шақты жігіт Жаппардың қырық шоқпыт үйін қоршай қалыпты да, жаңа киініп жатқан Нұрсапаның мойнына қыл шылбырдан екеу- үшеуін тастап-тастап жіберіп, сүйрете жөнеліпті. Сүйреткеннен сүйретіп құдық басына апарыпты. Күні бұрын қағылып дайын- далып қойылған төрт қазыққа Нүкеңді етпеттете керіп тастап, жалаңаш арқаны қамшымен осыпты келіп. Алпамсадай бірнеше жігіт тыпыр еткізбей ұстап тұрған Жаппар мен Айсапада үн салып боздаудан басқа не шара болсын. Нұрсапада үн жоқ. «Ақырын ұр» дей алатын да ешкім жоқ. Шалдар ақшиып тұр.
Дағдап отырып қырықты соққан дүреші ақсақалдарға қараған екен. «Қырық шелек су!» депті олардың бipi саңқ ете түсіп. Күз ақырының мұздай суы құдықтан тартылып, Нұрсапаның үстіне төгіліпті келіп. Дүре арқаға ғана соғылғанымен, су ала қалдырмай, бар денесіне құйылыпты. «Ақ батаны» бұзған қылмыстының «ақ жазасы» осы екен.
Қамшыдан тілім-тілім болып қолдырап, қызып кеткен қып- қызыл оттай арқаға мұздай су құйылып, күнəдан «тазарғанымен» қасқырдан қалған жемтіктей алжа-алжа болған екен. Есінен танып қалған, Нұрсапа Жаппар мен Айсапаның көтеруімен бip кезде ор- нынан əрең тұрыпты. У ішкен адамдай ішіне бүріліп, сенделектей беріпті де шалдарға қарапты.
– Кезі келгенше өліп кетсеңдер, осы суларыңды көрлеріңе құярмын! – деп қатты тістене қалшылдапты. – Бірақ өліп кетсеңдер қамшыларың қайтарылмай қалады екен ғой, қап!..
– Мына бəтшағар не дейді?! – деп бip шал анадайдан тепсіне ұмтылғанда, Нұржан мен Қуандық оның алдын тоса қалыпты да, Жаппар мен Айсапа аузын басып Нұрсапаны ала жөнеліпті.
Ағалары тоқты-серкеш, əлуеттілері қой сойып, бауырларын сорпалаған екен. Бірақ, Нұрсапа содан көп өтпей, оба дертінен опат болыпты да, шалдардың дүресі мен суын «қайтарып бере алмай» кетіпті. «Құдайдың қарғысы дəл тиіпті, аруақтың дəлдеп атқаны осы!» – депті шалдар. «Ақ батаны бұзу деген оңай күнə ма!»
Əділетті «тергеушім», мұндай зор қылмыстың жазасын ұлы құдай бермесе, оған адам пенденің күші шақ келер ме! Дүре өлтіре алмағандықтан оба жіберілген ғой. Менің əкемнің ең жақсы деген iнici осыншалық қылмыс өткізіпті, əcipece жиһангер ақ патшаға əскер болуын қайтіп қана ұмытарсың!
VI
Құрманның ұлдарын қырсық тағы шалыпты. Қылмыскер ұрпақты қырсықтар қашанда оңай тауып шалмай ма. Бұл жолы келістіріп шалыпты: Күмісжан артықша азаптанып жүріп тапқан ауруымен мезгілсіз дүние салыпты да, одан туған біздің үлкен ағамыз Бигелді мен əпкеміз Бижан тағы да кішкентайынан жетім қалыпты. Туа салып жетім атала қою қылмысты пенделердің əдеті ғой. Бижанды əкеміз Байназардың үйіне бесігімен апарып бере салыпты да, Бигелдіні өз қойнына тыға салыпты. Қырсық зорық дерт болып келіп, алдымен Күмісжанды қаққан соң, шала болып қалды дегендей, іле-шала оба болып келіп, нардай Нұрсапаны соғып жiбepiптi. Бұдан жетім қала қойған ешкім жоқ екенін білген сол жойқын қырсық, жиырма шақты күн өткенде қайта оралып, Айсапаны ала жөнеліпті. Бисара дейтін кішкене қызын құшақтап зарлап адуын Гүлжан қалғанда ғана қанағаттанғандай болған оба тоқтай қойыпты. Бақадай шақырған бір үлкен ауылдан таңдап əкеткені – бip жесір жалшы мен Жаппардың осы екі інісі ғана екен...
«Тергеушім», сіз қырсықтардың қылмыстыны қалай таба- тынына оншалық назар аудармаған сияқтысыз. Бұл жайыңызды сіздің қылмысты тергеп табамын деп көп шұқшиятыныңыздан байқаймын. Cізгe менің жөн үйретерлік титтей де құқығым жоқ. Бірақ сіздің бұл əдiciңiздeн мен де к ө п қ и н а л д ы м . Сондықт ан, айыпқа бұйыр м ас аңыз, қылмысты тез мойындату жайлы кеңес бергім келеді: қырсық сізбен кəсіптес əулие ғой. Қырсықты Құдай тағала іске салады да, сізді үкімет іске салады. Парықтарыңыз сол ғана. Былайша айтқанда, сіздің сыйынар піріңіз қырсық болуға тиісті. Себебі, ол тарихтан бepi барлық сорлы «сойқандардың» қылмысын мойнына артып, жазалап келе жатқан, өте тəжірибелі əулие. Оның тергеу тəжірибесі – ауыл-қыстақ, көше үстінен бip-бip рет ұшып өту ғана. Сонда нағыз қылмыстының өзі бадырайып, көзг е көрініп ке те ді. Өйтетіні, нақтылы қ ылмыстыда қорған-пана, қолдап қорғаушы деген болмай- ды. Тергеуші аспаннан төніп келе жатқанда қылмыстының өзі жасырынар жер таба алмай, алаң-ашықта мен мұндалап тұра қалады. Сіздің піріңіз Айсапа, Нұрсапа, Күмісжан сияқты қылмыстыларды дəл осы əдіспен тауып ала қойды ғой. Əйтпесе бүкіл ауылда бұдан да басқа адамдар аз ба еді. Əсipece, жерін жеп, жасарын жасап болған кəрілер де көп емес пе еді. Ал, аналардың талассыз, жалаңаш қылмыстылар екенін білісімен, оларды сөзге келтірмей мойындатып, мəңгілік түрмесіне ала жөнелмеді де! Сөзге келсе, бұлардың қайсысы оңайлықпен жан бере қоймақ.
«Тергеушім», сіздің де осы əдісті қолданғаныңыз жөн шығар.
Қылмысты «менмұндалап» тұрғанда тергей бepiп қинаудың қажеті қанша?! Осы тергеуіңізбен бірдеме тапсаңыз да, таба алмасаңыз да бəpiбip аласыз ғой. Нұсқаушыңыздан бұйрық келіп болды ма!
Құрман тұқымынан сопиып жалғыз қалған Жаппар, соңынан қалмай қойған қырсықтарға қатты ызаланыпты. Мал бағу, отын алу сияқты үйреншікті міндеттерін тастапты да, əкeci Құрманнан бepi қарай шалған қырсықтың бəрін іздеп, жалғыз шолағын мініп ап, ел кезіп кететін болыпты. Мұндайда көзге қырсық шалынсын ба! Əр ауылға барып, қырсықты деп білген үйлерге əдейілеп қонады екен.
«Құтырған ит көрдің бе оттап тұрған, Пəле бар ма ауылыңда жатқан-тұрған? Өзім қырсық таба алмай жүргенімде, Менен қырсық сұрайды қай антұрған!»
Атақты шатақтардың о сы өлеңін Жаппар қонақ кəде сі ретінде қонған үй басы айтып жүріпті. Ақыры шатақ өлең өзіне дарып, бұл жанрда ол суырып салма ақын болып- ты. Tiптi қылығының барлығы қырсықтың дəл өзi сияқты бо- лып кеткендіктен, бұл шатақтан өз ауылдарының кəрілері де қаймықпайтын icпeт байқатыпты. Kiші шешeсi Кенжесары оның көзіне көрінбеуге тырысатын, көріне қалса бəйпек қағатын болыпты.
Қырсық таба алмай əбден зарығып жүрген Жаппар қыстың айт болып жатқан бip күндері, өзi көбірек кезенген бip ау ы л д ы ң жо лын т орыпты. Бұл – Нұрс а п аның арқасын тілгілеген мықты дүрешінің ауылы екен.
Мереке күндерінде қыз-келіншектер сəнденіп жеңіл киінеді ғой. Қызыл-жасылды болып келе жатқан бip топ атты қыз- келіншектің арасынан дүрешінің қарындасын, артынан келе жатқан ендігі бip топтың арасынан қатынын таныған Жəкең, eкi топты айғырша қайырып қосып, қуа жөнеліпті. Оларды ша- шау шығармай тау құмының бip тұйық шұңқырына айдап апарып, кешке дейін қамапты. Күн шақылдаған аяз. Əйелдердің жылауы мен жа лынышын тыңдайтын адам қырсық іздей ме. Күн батып, қас қарая бергенде:
– Салқындадыңдар ма? – деп сұрапты Жаппар.
– Yciп кеттік, ағатай! – деп шу ете түсіптi қыз-келіншек біткен.
– Е, алдымен борбайларың үciгeн шығар? Онда əдемі киімдеріңнің рақатын бүгін ғана көріпсіңдер, ал қайтыңдар! – деп алдымен Жəкеңнің өзі шауып ала жөнеліпті. Өзi де тонған болса керек.
Мұны ecтiгeн дүреші ертеңіне қасына eкi жігіт epтіп, Жаппардың iзiнe түciпті де, түс ауа бергенде бip иен ойпаңда онымен кездесе кетіпті: янаттап қамшы үйіpe келген олар бipep қамшы салып та үлгеріпті. «Іздегенге сұраған», қырсықты өзі іздеп жүрген шатақтың да бip сенгені болса керек қой.
«Көптен бepi іздеп жүргенім де осы қамшыларың еді, мұнша зарықтырып қайда жүр едіңдер!» – деп салыса кеткен Жаппар, үшеуін де аттан домалатып түcipiптi. Қорғасын жіпшілеп өзі өрген дойыр қамшысын білеп, жазықсыздау екеуін отырғызып қойыпты да, дүрешіні желкеден басыпты келіп:
– Кедейді кезеңнен тосып, ойпаңнан тонайтын қырсығы сен екенсің ғой! – деп, шалбарының бауын үзіп жіберіп, жалаңаштанған құйрыққа жиырманы ұрыпты.
– Енді жиырма қамшы қа лды мойныңда, Нұрс апаға құран оқы!.. Нүкешім кешірімшіл еді, ол үшін мен де кештім! – деп жы- лай бұрылған Жəкең атына қарғып мініп жүре бepiптi.
Бұл қырсықтан кегін алғанымен бұдан кейін Жəкеңе тағы бip үлкен қырсық жабысыпты. Бозқырауда боздаған соншама қыз- келіншектің көз жасы қойсын ба, «жынды Жаппар» атанды- рып жіберген екен. Жəкең келе жатқанда сол өңірдегі əйел біткен «жынды Жаппар» келе жатыр деп шулай қашатын болыпты. Өзі тапқан ауруға дауа жоқ, Күмісжан қайтыс болғаннан кейін, ол осы атақтың салдарынан төрт-бес жыл бойына үйлене алмапты.
«Жындыға» қай eci дұрыс əйел табылсын. Жəкең де қасарысып «eci дұрыс» əйел іздеумен болыпты. Ал шалдардың тапқанына Жаппар көнсін бе, шалдардың: «əмеңгеріңді жатқа жіберсе, теріс батамызды береміз» деп сақылдауы жиілей түсіпті де, Жаппардың басқа əйел іздеп шапқылауы жиілей түсіпті. «Мына шалдар салт бойынша Гүлжанды маған қоспай қоймайды, ал Гүлжан үстіне əйел алдырмайды. Не болса да əуелі өз еркіммен бip əйел тауып алып, көргілікті содан кейін көрейін!» деп шапқылапты.
Құйқа өзінің Байжұрқа деген інісін астыртын қосып беріп, Жаппарға: «Қасқа атаңның Марқа дейтін ауылында Жанқожа атты момын молданың бip қызы бар, соны көріп келіндерші!» дептi сы- бырлап қана.
Eкeyi іздеп барып, жазық-жасаң жайлауда шағаладай əппақ, киіз үйлері бар бай ауылдың шетіндегі бip кішкене қара үйге түсіпті. Үйде жүдеу киінген ақ-сұр қыз ғана отыр екен. Жолаушы- лар кipiп барғанда, орнынан ұшып тұрып сырмақ салыпты. Көнелеу мəсілі қыз кебісін киіпті де, далаға шығып шəугім асыпты. Қайтып кipiп қолын жуыпты да, дастарқан жайыпты. Сықпа құрт пен та- рысын қойып, шай құйыпты. Бip-eкi шынысы құрсаулы болғанымен тап-таза жуылған екен. Бip тізерлеп шай құйып отырған отырысы өте икемді, өте əдепті көрінген қызға екі жолаушы үнсіз қараумен болыпты. Бұлардың сонша неге қарайтынын байқамағандай, қызда именіc те, ыңғайсыздану да жоқ секілді.
– Əке-шешең қайда, қалқам? – деп үн қатыпты Байжұрқа.
– Өз шешем қайтыс болғалы он жыл болды. Əжемді epтіп əкем нағашылап кетіп еді.
– Жəй көpiп қайтуға ғана ма? Қыз күлімсіреп алыпты.
– Үй ішінде бірдеме жетісіңкіремей қалғанда əжемнің төркіншіл болатыны бар.
Сөйлескен сөз, қатысқан тіл осы ғана. Ш а й і ш і п , « Аллаһуакбар» айтысқан жолаушылар атқа мініпті.
– Мына бала қалай?.. Ұнай ма? – деп сұраған Байжұрқаға:
– Бұл да жастай жетім қалыпты-ау?.. Шүйкиген бip байғұс қой өзі!
– депті Жаппар. Алыптай зор денелі Байжұрқа күбіден шыққандай жуан күлкісімен қарқылдап күліпті келіп.
– «Қы рсығы барға қыз жақпайды» дег ен о сы!
« Шүйкебас», «күс аяқ», «күңеш» дейтіндерің қалып енді шенді «шүйкигенді» тауыпсың ғой, саған дауа жоқ екен!.. Қап- қара Жаппарға аппақ та жақпапты!.. «Шүйкигендігі» – кəмалатқа əлі жетіп, денесінің толыспағандығы рас, жынды болмасаң, көргенді үйдің тəрбиелі ecтi қызы екенін қимыл-əрекетi мен əлгі бip сөзінен-ақ байқар едің ғой.
– Байқайын-байқамайын, осы қызың жынды демей маған келсе, шын ecтi қыз деп білер едім! – деген Жəкеңнің сөзіне Байжұрқа одан арман күліпті...
– Қасқа да – Жанқұлыдан таралған, Қожанмен туысқан ел, бipaқ, Қожаннан ipгeci мол, «Қожанды сойыл бepiп жауға қой» деген мəтелді шығарған жұрт: «Қасқаны қамшы бepiп дауға ғой» дегенді қоса шығарған: шешен мен даугерлер көп шыққан ру еді. Бұл қыздың үлкен атасы – Марқа Балпаңмен тұстас би болған кici. Бұл кезде оның Есқазы дейтін кенже ұлы Қасқаны шұрқ үйірген мықты болған. Егер Жанқожа молда Жаппарға қызын өзi беруге разы болмаса, бүкіл қожан аттанысқа келсе де ала алмастай қиын жер eдi. Бұған құда түсуге ша лдар, əрине шықпайды. Үйіп-төгіп берілетін қа лың ма лға Жаппар үшін қайсысы шыдар. Олар ecтice шыдағанды былай қойып, шорт шектер eдi.
Жаппардың қыңқылдауына Құйқа мен Байжұрқа ғана қайысып, Жанқожаға сөйлесуге тіл-жақтылау, ағайындас бip қарияны көндіріпті. Оған тағы да Байжұрқа epiп барып сөйлескен екен. Момын молда аузын жыбырлатып барып, Есқазысына ақылдасыпты. Есқазы жалғыз-ақ гүж ете түciптi. Өзі де қызыл бұқа тəpiздi гүржиген тасыр, қызыл көздi кici екен.
– Əл г і жынды Жаппарға ма?..Оның орнына ма , қ а л ы ң м а л ына ма, иə, кісілігі ме, нeciнe қызығасың? Енді бізге күйеу болмаған жынды-делқұлы малайлар ғана қалып па! – деп Жанқожа молданы зекіп жерлеп шығарыпты.
Бұл сөзді сегіз қанат ақ орданың ipгecінe таман барып тыңдап тұрған Байжұрқа, қайтып келіп Жаппарға бұлжытпай жеткізіпті. Бұл қорлауға қатты намыстанған Жаппар інілерін тағы құсамен есіне алып жылап жіберіпті.
– Əттең, Айкенім мен Нүкешім! Дəл осы кезде қасымда болсаңдар еді-ау!..
– Босама, Жəке, – депті өзі де жылап жіберген Байжұрқа. Ұзын жағы солыңқырап түйіліп алған Байжұрқа, үшкірлеу иегіне сұйық біткен бip шоқ қана с ақа лын сипай берген екен. Гүр ете түсіпті бip кезде.
– Жылама, қасында мен бармын!.. Мен өлгенше жалғызсырамайсың! Бай əкелерің мал беруден қорықса, жан беру- ден де қорықпайтын аға-бауырларың əлі көп!
Əділетті «тергеушім», менің əкем өз бетімен сүргіндейтін, өз бетімен дүрелейтін осындай жауыз, қылмысты еді. Оны жын соқпаған, қылмыс соққан. Қылмысы тасқындап, ішіне сыймай кеткенде, шатақ іздеп жырлайды да, жылайды.
VII
Жаппар Есқазының қорлығына қарамай, бұл қыздың «есінің дұрыс-бұрыстығын» білу үшiн ауылына жиі баратын бо- лыпты. Өзi айтқандай, «өзіне көңіл берсе, шын ecтi болғаны, жынды деп көнбей қойса, шын ессіз болғаны». Бipaқ қалай да Есқазыдан кегін бip қайтару – жүрегінде түюлі.
Қожан атаның ол ауылға келін боп түскен бip қызы бар екен. Соны Жанқожаның үйінің дəл қасынан тауыпты да, ал-дымен сол қарындасы арқылы сол қызға сөз салыпты. Бірақ қыз «ecтi» иə «ecciз» екендігін білдірмей қойыпты. «Əжеммен, əкеммен сөйлессін, ағама айтсын» депті. Өзімен бip туысқан Мұқамəди дейтін жалғыз ағасы ғана бар екен. Қыздың аты – Мұқамадиян. Молдакең Мұхаммед пайғамбардың шын берілген үмметі бол- сын деп, екі баласын да соған аттас етуге барынша тырысқан көрінеді. Бipaқ жұрт ол Мұқамға бағынсын ба, ауылдастары қыздың атын қысқартып, Мəдиян деп атап келіпті. Бəpiбip бұл да шарапатты атау ғой. Мəдина шаһары да «біссімілла» мен аталатын шаһар емес пе!
Жəкең қыздың сол өсиетіне де бағынып, үй іштеріне неше рет сөз салыпты. Үйленбеген жас жігіт Мұхамəди əкесіне қарайды екен де. Əке сі əлі де тіп-тік, пысық т а ақылды өз шешесіне қарайды екен. Ал ақылды шеше Есқазы қайнының қыңырайса қырына алатынын біліп, онсыз қия баса алмайды екен. Сөйтіп барлық ес-ақыл ол ауылда Есқазының сақалына байлаулы екен.
Жаппар сөз салған сайын Есқазыдан түңіліп түтігe беріпті. Tүтігy апарып тəуекелдің дариясына салып кеп жіберіпті. Алып қашпақ болыпты. Енді сол ауылдағы қарындасына:
«Мəдиянды шығарып бер!» деп жалыныпты. Дегенмен қожан ғой, қарындасы да ержүректік қылыпты: «Үш күн өткізіп, төртінші күні ел жатысымен ауыл шетіне кел!» депті.
Жаппар дереу ауылына қайтыпты да, төрт қанат кереге жи- ыстырып, Құйқаның үйінің ipгeciнe жазып жіберіп, күйреген күркесін қайта тікейте қойыпты. Байжұрқа өзі мен Жаппардың тілеулес, əлуетті жігіттерінен топ құрып, білегін сыбана түciптi. Бүкіл Қасқа қаптай шапса, бұл ауылды күйретіп кетеді ғой. Қалың мал құрап бере алмаса да білек күшін құрып, алдылары- на қоя қою қажет.
Байжұрқаға құдай тағала мал берме се де, күшті ая- май берген. Жұрттан ала бөтен биік көрінбейін деп бүкшие жүріп əдеттенгендіктен бе қалай, алдымен басы емес, жауы- рыны көрінетін бүкic болып өсіпті. Tізeci мен бөксесі де бүктеліп, жүргенде eкeyi екі жаққа кететін сол бүктемелі адам дүниені тар көpiп қаншалық бүктеліп жүрсе де, жауырыны басқалардың басынан асып көрінеді екен. Иip-иір денеде қамалып жатқан үйір-үйір күшті де о сындай əбден намыст анған ке зде болма- с а көрс ете қоймайтын момын ма лай бұл жолы Жаппардың жыртысына барын сарқа жұмсамақ.
Уəделі кеш жетіпті де, Жаппардың қасына Байжұрқа мен бес адам ғана ілесіп, басқалары жол ортада тосқауылда қалыпты.
Жайлау аспаны тұп-тұнық. Самсаған жұлдыз. Шығыстан ай шапағы енді қылаң бepiп келеді. Лүпілдеген торғындай жұмс ақ с ама л сол сəуле жақт ан – қарсы беттен құлаққа сыбырлай- ды. Ауылға таяп барып тындаса, қыз-келіншектер алтыбақан ойнап, əндетіп жатыр, қой күзетіне шығыпты. «Жарайсың қарындасым!» депті Жаппар. Бүгін ұйымдастырған сол екені белгілі. Басқалары бел астына тасаланып, Жаппардың өзi ғана байқағанға қарауытып көрінетін жерге барыпты. Маңайда ауылдың тұсаулы аттары ғана жүр. Бip кезде бepi қарай аяңдап келе жатқан екі адам көрінген екен. Бұғып отыра қалған Жаппарға олар жақындай бepiптi, екеуі де төбетайлы қыз icпeттi, тегі қарындасы басқа бip қызға міндеттеген сияқты.
– Енді қайда барамыз! – депті бipeyi, Мəдиянның үні та- нылыпты.
– Менің саған айтатыным қызық, ұзақтау əңгіме ұ заңқырап барып отырайық, түзге келген бipey естіп қоймасын. Қыздар келіп отыра бергенде, Жəкең орнынан атып тұрыпты:
– Əңгіме енді менен болсын, қайсысың үн шығарс аң мынау пышақты алқымдарыңнан саламын, – деп қонышынан ұзын сапыны жарқ еткізіп суырып алған екен. Қыздар үнсіз қалшиыпты да қалыпты.
– Ал, Мəдиян, мін мына атқа!
– Ағатай-ай!.. Кейін өзім... Ағатай!..
– Үніңді шығарма! – деп Жəкең Мəдиянды атқа қонды–
рыпты да, іле өзi ырғыпты.
– Ағатай, қоя бер мені, қоя бер!.. – Ат ырши жөнеліпті.
Қыз айғайлай бергенде Жəкең аузын басып ала қойыпты.
– Егер маған деген титей көңілің болса, үн шығарма! Қыз үн салып жылай бepiптi.
– Маған мүлде разы емеспісің?!
– Ел жынды дейді сізді!
– Мен жынды емес, ел жынды, кейін көресің! – Сонда да сыңси бepiптi Мəдиян. – Неге жылайсың?!
– Əке кедей, аға жалғыз... Əлсіз жетім деп басынғаның ғой мені!
– Мен де кедей, мен де жа лғыз, мен де жетім – дəл өзіңнің теңіңмін, жылама! Есқазының май басқан құлағы тілегімді тыңдамай қойды. Алып қашпауға шара жоқ!..
Арттағы ауыл жақтан шу көтеріліпті осы кезде. «Аттан! Аттан! Аттан!». Əлгі шығарып берген қыз, ұзасын деп бipaз тосып тұрып барып, шаңқылдаған тəрізді.
– Əкетті... Əкетті!.. Ойбай Мəдиянды əкетті! деген үн алдымен естілген екен.
– Аттан!.. Аттан! Атқа! Атқа мініңдер!.. Қуыңдар! Жібермеңдер!
Бұл кезде Жаппар Бөрібелден асып құйғытып кете бepiптi. Арттағы Байжұрқаның саңқылдаған зор дауысы ecтіліпті енді.
– Ой, ағайындар, қайтыңдар! Балаң жауға кеткен жоқ, жақын, туыс, құдандалы елміз, қырылыспайық!..
Ашулы ауыл тыңдасын ба, айқай-сүрен салып дүрілдей қуыпты. Жуық елде суық өштік қалмасын деп, бес мықты сой- ыл салмай қорғана қашып келе жатқан сияқты, анда-санда сойылға сойылдың шарқ-шұрқ тиген дыбысы ғана естіліп отырыпты. Жаппар үлкен тосқауылдағы адамдарына жете бере оларды дүркіретіп, қуғыншы алдынан шыға келіпті.
– Шымырбай! Шымырбай!
Бұл кезде «жота үстінен» ай да шығып қарай қалған екен. Асығыс қуғынға шыққан бip ауылдың азаматтары сақадай сай- ланып, жұдырықтай жұмылып тоса қалған мұнша қожанға төтеп бере алсын ба топталып тұра қалысыпты.
– Ей, қожандар, – депті бipey, – көрде болсақ та көpice жа- татын көршілес ауылмыз. Ел боламыз десеңдер баланы дереу қайтарып беріңдер, өйтпесеңдер, ертең бар Қасқаны жиып келіп, шаңырақтарыңды шағамыз.
– Күлдіреуіштеріңді күйретеміз! – деп қосыпты бipeyi.
– Дереу қайтарыңдар баланы!
– Қара тұяғымыздан қал кеткенше қолымыз алқымдарында болады!
– Қайтар қызымызды! Қанға боялмай тұрып қайтарып беріңдер!
Бұлар жауап күтіп тына қалысқанда, қожан жақтан бip үн шығыпты:
– Ағатайлар, ондай күштi болсаңдар, қыздарыңды үш күнде қайтарып берелік! Қазір қайтыңдар, өз epiктepiңмен қайтпасаңдар, бастарыңа сойыл ойнатып отырып апарып саламыз.
Байжұрқаның тау жаңғырықтыра əділ жауабы шығыпты артынан:
– Oй, ағайындар, бip қыздарыңды алып кетіппіз, біздің де неше қызымыз сендердің ауылдарыңда ғой! Бұрыннан қан төгiciп жүргеніміз жоқ, қан ауысқан қандастық-туыстық жайымыз бар. Жаңа сендер бе сеумізді сойыл астына алып ке лдіңдер, біз со л жақындықты ойла п, өз деріңе сой- ыл жұмсамадық, сойылдарыңды ұрып түcipiп қана келдік. Бiз оны ойламасақ тым болмаса бірнешеуің жолда жантаятын едіңдер ғой. Аруақты, туысқандықты, құдалықты сыйладық, əлi де сыйлайық, бүгін қайтыңдар! «Ашу алдында, ақыл соңында», сөйлесе жатармыз, алдарыңда айыпты Жаппар мен ағасы – Байжұрқа. Ақсақалдарымыз білген де жоқ. Айыбымыз үшін алдарыңа барып аяқтарыңа жығылармыз, кeшipiм сұрармыз, қайта тұрыңдар!
Қасқалар бipaз күбірлесіпті де, қайта аяңдап жүре бepiптi.
– Неткен қоршылық еді! – деп жастау бipeyi үн сала жылай бұрылыпты.
– Мұхамəди, – деп айқайлай шапқан Байжұрқа Мұхамəдидің қ асына барыпты. – Ашуыңды бер, жарығым!.. Тоқтай тұршы өзің! Сені қорлағандығымыз емес, қолымыздың жетуі осы ғана болып қалды. Heшe рет жалынып сөз салып едік, Есқазы м а ңына жо - латпай қойғанын біле сің өзің, лажсыздықтан істедік көңіліңе алған жерің болса, таңдаған қызың болса, оған Жаппар екеумізді сал, кедей болсақ та жанымыз сенің дастарқаның болсын!
Сөйтіп, Байжұрқа қарапайым қасқалардың қалшылдаған ашу- ын сол түні бəсеңдетіп қайтарған екен.
Келін келіп түскенін бip-aқ білген Бекназар қайтерін білмей, қып-қызыл болып булығып отырып қалыпты.
– Əлгі ынжық молданың өзімен ғана істейтін ic болса, еш нəрсеміз кетпес еді, жолбарыстай күркіреген Есқазысы бар оның, шақыр Байжұрқаны! – деп əкесінен қалған асасымен кілемді түйіп жіберіп тeciптi. – Бізбен алдын ала ақылдаспай, үлкен ауыл деп рұқсат сұрамай қай құтырғаны бұлардың!..
– Балақтағы бит басқа шығып, о сынша басынар ма!..
Ашу үстінде ақсақал алдына барудан Байжұрқа сескеніпті.
– Сен бар! – депті Жаппарға, – қанша дегенмен жынды ат ың бар еме с пе!.. Өз кіндігінен шыққан ба ласына сол Есқазының өз қызын да қомсынар еді! Бірақ, мұндай сөзді айтпа, тек иіле бер. Қайтар десе, «ел намысы, ер намысы» жөнін ғана айт!
Жаппар сəлем бере кipiп барып, бip тізерлей отыра қалған екен.
– Ей, сендер осынша неден құтырдыңдар! – деп Бекназар ақырып қа лыпты. Tiптi көк-сұр көзі қып-қызыл болып Жап- парды о жақ, бұ жағына тeciп өтердей төніпті. – Дереу осы түнде қайтарыңдар, мына Қасқаның қызын. Бұл пəлелеріңді мен көтере алмаймын!
– Сізге ақыл сала алмай, тосын ic болып қалды, əке, кешіріңіз! Енді қайтарсаңыз сіздің де, елдің де намысы. Қасқадан қорықты де- ген мəнаға шығады ғой! Мен ел көзіне көрінбей көрге кірерлік ic ту- ылады!.. Сізге келер пəленi Байжұрқа аға келген қуғыншылармен бipгe қуып тастады, барлық жөнін айтып, ақсақалдарымыздың əлі хабарсыз екенін айтып қуды. «Бұған айыпты Жаппар екеуміз, аяқтарыңа екеуміз жығыламыз, айыптарыңды екеуміз тартамыз» деді. Жəй қасқалар жылы сөзбен жуасып қайтты, ал жайын қасқа кел- генде осы жəйтті айтып отыра беріңіз. Жұтқысы келсе, мені ұстап бере салыңыз!.. – Бекназар үнсіз отырып қалыпты да, ертеңіне Есқазы би топ құрып келгенде, бip қойын ғана сойып беріп: о сы сөзбен құтылыпты, «маған ақыл салмағандығы үшін тентекке ара түсе алмаймын. Күнəһарларың əне, өз ықтиярларыңа бердім!» деп ipгeciн бөле қашыпты.
Есқазы үлкен пайда өндіре алмайтынын біліп, тiciн сорып-сорып жіберіпті де, тілін шық еткізіпті. Ол Жаппардың несін алмақ!..
Бip тоға момын Жанғожа Байжұрқа мен Жаппардың жал- бырақтаған ақ көңіліне разы болыпты. Мұнан кейінгі кезде бай туы- старын бip жаққа қойып, өзара ата-бала, аға-бауырдай ет-сүйектерімен бipiгiп кетіпті. Шынында жалқы Мұхамəдидің Жаппары мен Байжұрқадан басқа жанашыр жақыны болмаған тəрізді.
«Тергеушім», маған артқан қылмыстарыңыздың ең негізгісі – топ құру, үкіметке қарсы ұйым құру еді. Бұл жөнінде мен тума қарақшымын дəл өзі тəлихалімін. Өзім ғана емес, тіпті, əкем де то п құрып, басқа жұрт қа о с ындай шапқыншылық қылыпты. Одан туған мен не оңармын! Ол кici топ құрап барып, жуан ауылдың қызын да тартып алыпты ғой, ал мен топ құрсам да əлі ешкімнің қызын тартып ала қойған жоқпын, дəл бұл жөнінен алғанда əкеме əлi де жeтice алмай жатырмын. Сөйтсе де, осындай қылмыстардан туылғандығым үшін өмip бойында қылмыстан кенде болмайтындығыма кəміл сенемін.
VIII
Жаппар қайтадан үйлі-баранды болғандықтан, оның үстіне өзінің қалауы бойынша үйленгендіктен қырсық іздеуін шорт тоқтатыпты. Бipaқ, «ізіне түспеген емін-еркін қырсықтың өзі» Жаппарды қайтадан іздеп табатын болыпты. Тағдырдың бұл қайталаушылығы үйлене салысымен-ақ басталыпты. Шалдар қайтадан шақшиыпты, Жаппарға «əмеңгерді қайтаруыңа жол жоқ» деп Мəдиянның үстіне Гүлжанды некелепті. Сөйтіп, жыл өтпей жатып екі қатынды болыпты. Үлкенге өте ибалы болған Мəдиян, үcтiнe əмеңгер алуға өздігінен разы болғандықтан, Жаппар үнсіз көне салыпты. Бірақ, етегі тар кедейдің екі түтін түтетуге шарқы жетсін бе, екі күркені қоңырша бip үй етіп құрап, қосып ұстапты. Сонымен тағы бəсеңдей түскен Жаппарға Кенжесары қырсық та қытымын қайта тігіптi: Екі əйелін кезек-кезек жұмсап, тағы да ма- лайлана бастапты. Бipi үйіне қайтса, бipi орын баса істей бepyi ке- рек. «Екі қатын бірдей ол молада не істейді!» – деп шаңқылдап ай- дайтын болыпты. Жаппар бұл кезде Байжұрқа тəжірибесімен дəрі жиып, емшілік icтeп, иə, аңға күзен інін қазуға кeтiп жүргендіктен, бұл қиғылықтың зардабын əйелдері айтпай, өзi көрмей күн өткізе бepiптi.
Бipaқ, кедейдің əйелдері болса да Кенжесарыға құралыптастау абысындары арасында сөз болған екен: «Жаппардың шешеci Мейіз марқұмды күндіз-түні салпақтатып жүріп, құдыққа түcipiп өлтірді. Жастай алған келіншегі Күмісжанды зорықтырып, қыршынынан қиды. Енді мына Мəдиян байғұсты қайтер екен?! – Өзi шеше- ден жастай жетім қалған, бұл ауылға келісімен Кенжесарының тепкісіне түссе, бұл да көзi ашылмаған сорлы болды-ау» десіп, Мəдиянға жаны аши, Кенжесарыға жауыға қарасатын болып- ты. Бұлардың арасында Құйқаға немерелес туыс Көкитан де- ген шалдың бəйбішесі Тəби бар екен. Осы ауылда малайлықпен кəртиген болса да, Тəби кейінірек келе Кенжесарыдан кемдік көргісi келмейтін, өрлігімен тең түciп, «е» десе, «ме» деп тұратын абысын болыпты. Сол Тəби бip күні су көтеріп келе жатқан Мəдиянды көре сала Кенжесарының eciгi алдына əдейi барып тұра қалыпты. Бекназардың үйде жоқтығын білген ол, келінге cөйлеген болып Кенжесарыны атыпты.
– Қарғам, Мəдиян-ау, мұның не! Келе сала басқа үйдің оты- мен кipiп, күлімен шығуды кім бұйырған саған? Айтатаңның1 шаңырағынан бұл үйдің суын тасып жүріп өлген адам аз ба еді, енді саған ауыз салған ба! Қайт үйіңе! Жаппар асырай алады сені! Өз үйіңнің жұмысы да жетерлік, – деп Мəдиянның қолындағы eкi шелек суды жұлып ап жерге қоя салыпты!.. – Қайта ғой!.. Сені ешкім жыртық қатынның күңдігіне əкелген емес.
1 Жаппардың əкесі Құрманды ауыл əйелдері осылай атайтын Келін қайтерін білмей, күлімсіреп тұрып қалған екен, Кенже- сары шыға келіпті, бар сөзді ecтiп сыбана шыққан ашулы жыртық, бұл жолы Тəбиге тиісе алмапты. Ол бip жұлып қалса, кесек денелі жуан қара қатын жұлқып жығып, жүндей түтетінін білген көрінеді. Eciгiнiң көзінен бepi жылжымай құйрығын ақ боз үйге тыға тұрып шаңқылдап ала жөнеліпті:
– Мына қара күң не деп тұр!.. Өлсе өз абысыным мен келінім өз ажалынан өліпті, оны жоқтайтын ceнбiciң, адыра қал, адыра қалғыр, пырт, бұл ауылға қапқа түсіп келген күңнің енді содиян бола қалуын.
Бекназар барда болса бұл осы ашумен Тəбидің тұқым- тұқиянына бір-ақ шаптыра жіберер еді. Еркін сарылтудан қорыққандығын байқаған Тəби де қатты борандатпай жауабына жауап қана қайтарып күліпті:
– Пішт дейді, адыра қал, жыртық ауыз, аузыңнан шашылып кет- кен анау сідігіңді жиып ал. Бұл ауылға сен өз атыңа мініп келсең, мен бұл ауылдың адамына мініп келгенмін! – дегенде тыңдап тұрған жұрт ду күлді. Суды үйге кіргізе алмай тұрып қалған Мəдиянды Тəби eндi «тықсыра» түciптi. – Бұдан бұлай осы үйдің жұмысын icтeп жүргеніңді көрсем, үйіңе сүйреп апарып кipгiземін де, есігіңді құлыптап тастаймын. Бұл үйдің сенсіз де ақысыз ма- лайы көп. Малайы көбейген сайын жұмысы да көбейе бepeдi. Көкитан мен барлық қайындарым, оған қосылып мен, Мейіз, Күмісжан марқұмдар болып істеп тауыса алмаған бұл талақтың жұмысын қаршадай сен тауыса алмайсын, үйіңе қайт! Кімге бол- са да жауабын мен беремін, қайта ғой! – Сұқ қолын тістеп, төмен қарап кетіп бара жатқан Мəдиян артынан ілесе жауған мейірім ыстық сөзді естіп, ерігендей жылай қайтыпты.
– Əдебіңнен айналдым, қарғам, бip жасың мың болсын!.. – Кенжесарының таусылмас бырқылдақ, шалдуар быжалақтарына құлақ аспай-ақ, Тəбидің өзі де қайта бepiпті содан соң. – Біреудің бүлдіршіндей жас баласын дəл бip сатып əкелген күңіндей көруін, аузы көпірген неменің! – деп үйіне кipiп кетіпті.
Жұрт Тəбидің сөзіне күлгенде Кенжесарыны мұқату үшін ғана күлмеген, оның сөзінде асқан шешендік бар еді. Кенжесарының Тəбиді «Қапқа түciп келген күң» деуінде шындық бар. Ал, шындықты жеңер шешендік аз кездеседі. Оның «қапқа түсіп келу» жайты былай...
Тəби осы ауылға іргелес бip ауылдағы төмен шаруаның қызы екен. Көкитан Бекназардың немерелес туыс малайы. Көп жылдар icтeгeн еңбегі үшін Бекназар Көкитанның «басын байламақ» бо- лып, Тəбиге құда түседі, бірақ, төрт-бес қарадан басқа еш нəрсе өткізбейді де, құда жақ қызын ұзатып бермей, сөзбұйдаға салып соза береді, қалың мал төлеу – ақсақал кісінің еркінде, «кісідегінің кілті аспанда».
Көкитан ақырында «өз күшіме сүйеніп бip көрейін, қалғанын үлкендердің өзi шеше жатар» деген ойға келген кeзi екен. Күздің қараңғы, салқын бip іңірінде қайын жұрт ауылынан қыз- келіншектердің күлкі үнi естіле қалады, Көкитан үлкен бip қапты ала салып, сонда барады. Қой күзетіне шыққан жастар екен. Ара- сында қалыңдығы Тəби де отыр. Көкитан ойынға кipice кетеді. Біраз уақыт «тақия тастамақ» ойнап, одан зерігіскенде:
– Ал, енді не ойнаймыз? – депті бipeyi.
– Біздің ауылда «қап ойыны» дейтін бip қызық ойын бар, соны ойнайық! – дейді Көкитан отырып. – Таң атқанша ойнасаң да зерікпейсің, тоңбайсың да!
– Ал, басташы кəне, көрейік... Қабың бар екен ғой! – деп көпшілік əуестене қалады. – Онда бipeyiң мені қапқа салып, кім екенімді білдірмей арқалаңдар – дейді Көкең. – Мен өзімді арқалаған адамды танып, атын атап бере алмасам, оны қапқа салып көтеріп, ауылды бip айналамын. Егер танып қойсам, ол көтеріп ай- налып шығады, сөйтіп қапқа бəріміз бір-бірден түсеміз, осылай болады.
Көкең өзінің қалыңдығының бəрінен де мықты қап көтергіш екенін, бұл ойын оған ұнайтынын біледі. Айтқаннан-ақ Тəби құлшына түседі. Көкең түсісімен бір келіншек қаптың аузын бұра ұстайды да, «көтер!» деп бip жігітке ымдаған екен. Қалыңдық ки- мелей келіп кере бip қап болған күйеуді иыққа сала көтеріп кеп алады.
– Көтерген кім? – дейді бipeyi. Көкең білмегенсіп, басқа біреудің атын атапты. Қыз-келіншек ду күліп күйеуді қаптан шығарып, қалыңдықты қаптап береді.
– Іздеп келгенің осы сор ғой, көтер де ауылды толық айналып кел! Қалыңдықты қабымен иыққа арта салады Көкең.
– Ие, іздеп келгенім осы бақ! – дейді де, қайын жұрт ауылының өз ауылы жақ шетіне айналып шыға зытып ала жөнелді.
Тəби өзінің құтты орнына қонып, келін болып түскенін күйеуінің саңғырлауынан бір-ақ біледі. – Aпa, eciк аш, келінің келді!
Көкитанның кəpi шeшeci жүгіріп шықса, келін жоқ!.. Ұлының көтерген орта қап «бірдеңкесі» бар екен. – Ой құдай-ай, көзім жаңа ғана ілініп еді, ұйқымды шайдай ашқанын қарашы!.. Мұнысы неменесі?! – дегенше Көкитан қапты көтерген бойы үйге кipiп жерге қоя салыпты.
– Əлгі дайындап жүрген киіміңді əкел, апа, шымылдық тарт!.. Келін қаптан шығуға ұялып, бетін басып алады да, есікке қарай қабымен домалай береді.
– Құдай-ау, не ғып жүр мына қағынған! – деп, қапты шeшeci бас салады сонда. Қаптың аузын ашып жіберіп, енді келінге бас салады. – О, құдайымның бepгeнi-ay!.. Құтты қадам қарашығым, құтты қадам бол!... Өмір-жасың ұзақ болсын! Енді ұялмай-ақ қой, қарғам, ұялмай-ақ қой!.. Ұялатын ешкімің жоқ.
Келін бeтін басқан бойы қаптан суырылып шығады да, оң жаққа барып отыра кетеді. Ауыл-үй əйелдері келіп, басына желек жапқанша бетін басып отырады. Ұрысқанда Кенжесарының «қапқа түсіп келген күң» деуі де, Тəбидің «сен өз атыңа мініп келсең, мен бұл ауылдың адамына мініп келгенмін» деуі де осы жəйт екен. Жаппар екі күзен, бip қарсақ соғып қайтып келгенде, Кенжесары үйіне бip кipiп, бip шығып əлі сампылдап жүр екен дейді.
– Үй, ана жыртыққа не болған?! – депті Жəкең. – Көбігінің барлығы бiз жаққа қарап шашылып жүр ғой!
Үйге кіргенше жалаңбұт Бигелді баяндап болыпты бар жайды. Kipe əйелдерінен сұрап қанығыпты да, ертеңіне Қуандықтан екі түйе сұрап əкеліп, Жəкең Байназар ауылына көшіпті. Қыс түсуге таяған кез. Құлназар мен Байназар ауылының қыстауы бip екен. Жаппарға там салып беруге екі ауылдың азаматы түгел шығыпты. Екі ауылдың түйесін бip-aқ, тiзiп Балқаштан қамыс əкеліп түcipiптi де, байланған екі қабат қамыстың арасын топырақпен толтырып отырып, кең бip ауыз үйді қаздитып тұрғыза қойыпты.
Жаппар мен екі əйелі артылған тал мен қамыстан тəп-тəyip сенек те тоқып, жауып алыпты. Екі бөлмелі үй болып, «салтанат құруға» мұршалары болмаса да, Бигелді мен Бисараның үйден шыға сала жалаң аяқ қар баспаулары үшін керек қой.
Бигелді мен Бисара үш жұбайға қадірлі де ерке болыпты. Бірақ, Кенжесарының кecipiнeн бұларға киім керектігі «ескерілмей» келген екен, «сансыз кем кетік», «жамау-жасқаудан» eкi əйелдің бipeyiнiң қолы енді босап, балалар киімін ескере бepгeнде, «екі қатын бip молада не істейді» деп келіп қуып ала жөнелген өгей ене ұмыттырып жібереді екен. Сөйтіп, үлкен үйдің келер жылға керекті саба-торсықтары жуылып, жамалып жатқанда, кіші үйдің биылғы киілетін тepi-тepceгi иленбей де қалады екен.
Тозаңдай тозып кеткен баспананы, үйме-жүйме алынған екі əйeлдiң көйлек-көншегін бүтіндеп үлгере алмай жүргенде, екі баланың киімі Жаппардың есінде болсын ба, қолдағы бары бip сиыр, екі-үш ешкі, жалғыз ат, бұларды сатқанымен сауар сауын, бұт артар көлік қалмайды ғой. Сондықтан, оқу жасына жетіп асқан Бигелдіні əліге дейін жалаңбұт еркелетіп жүрген «қылмысын үй жылы, жылы үйдегі балаға қазірше киім не керек» деп жасырады екен.
Жəкеңнің бұл қылмысын Бигелді əшкерлепті бip күнi. Аңшылар тілінде қар жауып ашылған күн «қансонар» деп аталады. Иə жүйрік иті, иə құсы, иə мылтығы жоқ аңшы Жаппар қансонар болатын күнi ұйықтай алмайды екен. Ceнeтіні жалғыз атының аяғы жеңілдігі.
– Таң жақын қалды, қатындар, шай қайнат!–деп жатады екен анда-санда. – Құдай бұйырса бүгін бірдеме болар!
Бip күнi осы сөзін естіп оянған Бигелді жалғыз көйлегін кие салып, орнынан тұрып апты:
– Бүгін мен де барамын, əке!.. Жоқ, барамын деген соң барамын! – Есіркеліп өскен ерке жетім, айтқанын істететін əдетімен Жəкеңнің ба- сын əңкі-тəңкі қылыпты. Аңшының үйі түн ортасында у-шу. Ақыры Мəдиян күпісін жауыпты да, Гүлжан киіз байпаққа шақай тартып бepiп, əкесінің алдына мінгізіпті, сөйтсе де, «кіші аңшының» бұтына лайықты еш нəрсе табылмай, жалаң бұт кете беріпті.
Жəкең көбінесе жүйрік, ipi аңның соңына түспей, тышқаншылап қана күзеннің ізін қуады екен. Бip күзенді індетіпті де, «кіші аңшыға» аттың шылбырын ұстата салып, сол інді қазуға кipiciптi.
– Eci-дерті күзеннің айғырын тipi ұстау. Ол тipi ұсталса, тоң жерді қазып əуреленудің қажеті жоқ, ұзын қайыс арқанын айғыр күзеннің аяғына байлайды да, басқа күзеннің iнiнe салып кеп жібереді. Ол қыран шақылдай кіріп барып, «үй иесін» қуып шыққанда, Жəкең қамшымен бip-aқ тартады. Иə, табанымен баса қояды.
Iзіне қарағанда мына күзeннiң тұяғы ipi екен, сол қырандардың ноян бipi тəрізді. Сондықтан да інді бар ынта-пейілімен қазыпты. Бipaқ, ін тереңдеп кeтiптi де тереңдеген caйын қиындапты. Қарулы Жəкеңді қит ұрғызып, қинап, түс ауа əрең ұстатыпты. Мөлшерлегеніндей-ақ дəу айғыр екен. Жəкең күзенді шақылдатып, қуана шығыпты құдықтан. Бозарып-көгepiп тұрған Бигелді де ыр- жиыпты.
Тоңдың ба?–деп сұрапты əкесі.
Тоңғанын айтса аңға eкiншi рет шыға алмайтынын білетін
Бигелді:
– Тоңғам жоқ! – деп төмен қарап мұрынын бip тартыпты.
– Əке,осы ағаштан шүметай жасауға бола ма?
– Болады!– деп күлiмcipeптi көңілді əкесі. – Иə, оны ағаштан жасап қайтесің, өзiңдікі бар ғой?!
– Мына шүметай тоңғақ екен, ағаштан жасалса тоңбайды ғой, ие, əке, үйге барған соң ағаштан жасап берші!
Баласының бүгін сол немесінен ғана тeпepiш көpiп тұрғанын білген əке онысын бipaз уқалап жылытып, от жағып ысытыпты да, тағы ізге түciптi. Түстен кейін екі-үш күзенді ін қазбай, сол айғырмен соққан екен.
Қайтқанда сол ашулы тicтeyiк күзенді eтiгiнiң бipiнe қамап, қанжығасына байлап алып байпақшаң қайтыпты. Ертең де осы қыранды құрал ету керек қой. Оны білетін Бигелді аңға тағы да бipгe шығу үшін, үйге келе сала құрғақ ағаш іздеп, бip кішілеу тоқпақ тауып əкепті.
– Miнe, əке, міне, – депті, – шүметайды осыдан жасап бер! Бұл тоңбайды, ертең тағы шығамын! Басқа жерім тоңған жоқ!
Құрметті «тергеушім», «су бастан лайланады». Бұл бөлімде ата-ана тегімнің өзi де тума қылмыстылардан екенін баян- дап шықтым. Мен осы қамыс тамда, қыл аяғы шөметайды да қайыспас қатты ағаштан жасайтын, қылмысы шегінен асқан от- басында туылыппын.
I
Құдіретті «тергеушім», өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз. Мен 1925 жылы Тауқұмдағы сол қамыс тамда туылыппын. Ес
біле бастаған кезімде ол үйдің дəл ортасында бүкір тipey бар еді. Үйелмелі-сүйелмелі бес-алтау болып шуласып, сол қисық тіреуді айнала жүгіруші едік. Бұл сапқа Бигелді мен Бисара қосылмай, біздің арызымызды тыңдаушы, иə қылмысымызды тepгeyшi сот болып, төбемізден қарап жүретін.
«Би» қатарына туыла сала қосылыппыз. Бұл «үкімшілердің» үлкені Бигелді болса, кейін оған Биғазы, Биғабіл, Биғаділ, Биғайша болып ілесіпті. «Би» болмай қосылғандықтан ба, қалай, Байғабыл, Нұрғайшалар көп жасай алмаған.
Мен алғаш ес білгенде сол шойырылған бүкір діңгек бесеумізге ғана тиісті еді. Үлкендер өз жұмыстарымен далаға шығып кеткен- де, бiз де қамыс үйден өре шығатынбыз. Бipaқ, iлe-шала ересек
«сотқардың» бipeyi көре салып, қайта қуып тығатын. Өйтетіні, би аталғанымен ic жүзінде бəріміз де қылмысты – сыпыра жалаң аяқ, жалаң бұт едік. Далада қар барын, қыстаудың зор бip қазандай шұңқырда екенін ғана көріп үлгере алатынбыз. Сөйтіп, мол қамыс үйдің ішінен басқаның барлығы бізге жұмбақ, тiптi «о дүние» сияқты болып сезілетін.
Дүниеге адам алғаш келгенде күле келеді, қылмысты да, қылмыссыз да күле келеді. Одан кейін ақырындап қорқу мен қорқыту сатысына көтеріле бастайды. Ең алдымен маған сол қамыс үйдің iшi қорқынышты болып сезілді. Өйткені, қазандықтың арт жағындағы бұрыштан бірдеме шырылдап тұрады. Əcipece, үлкендер үйде жоқ уақытта «басынып» қатты шырылдайды. «Бақажай» оны
«айдаһар» деп түсіндіреді. (Биғаділ екеуміз Биғазыны осылай атай- тынбыз). Қарасақ, ол «айдаһар» көрінбейді. Teгi ол бізді көрінбей тұрып жұтқысы келетін тəрізді. Терезесi – ешкінің түгі қырылған қарны болғандықтан, үйіміз күндіз де күңгірт болушы еді. Күн ба- тарда үлкендер жұмыс басты болып, далаға шығып кеткенде тіпті күңгірт, тіпті қорқынышты еді.
Əлгі «айдаһар» да дəл осы қорқынышты кезде құтыратын. Бұл кезде мен діңгекті айналмай, «айдаһардан» ең алыс төрдегі қарсы бұрышқа барып тығылып отырып алатынмын. Онда да қамсыз емес, ойынға қанбай жүгіріп жүрген бipeyiн «жеп қояды-ау» деп үрейлене отыратынмын. Ол орыннан үлкендердің бipeyi үйге кіргенде ғана тұрып жадырайтынмын.
Бip күні кеште сол орында үнсіз жылап отырғанымда ше- шем кipiп келіп, бауырына басты да оның айдаһар емес, қара шегіртке екенін, қас қылмайтынын дəлелдеп түсіндірумен болды. Одан қорқынышым азая берді де, енді өзім басқаларды қорқытуға кірістім. Биғаділ менен бip жас қана кiшi, Гүлжан шешемізден туылған еді, ол қорқуды білмейтін тентек. Соны бip қорқытып қойғым келді. Үлкендер жоқ, үй-iшi қара-күңгірт қорқынышты шақтың дəл өзі болатын. Шешемнің төл салысын қараңғы бұрышқа кере жайып, жата қалдым да, бip бұрышын қолыма ұстап, домалап ала жөнеліп едім, созылмалы салы өн бойыма кəмпит қағазындай жабысып, бip-aқ орап алды. Əcipece бөксемнен жоғары жағымда бір саңылау жоқ, қолым да қимылға келмей екі бүйіріме жабысып қалыпты. Орнымнан сенделектей əрең тұрдым да, даңғаза Биғаділдің жақындауын күттім. Қасыма таман келгенін білдім де «өбіжа.. и!» деп ұмтылып кеп бepiп едім, Биғаділ шыңғыра қашты. Оның даусынан қорыққан өзім де шыңғырып, салыға түсе ала екпетімнен түсіппін. Қорқушы ғана емес, қорқытушының да құлын дауысы шыққанда басқа үшеуінің не үрейі қалсын. Жаппай шыңғырдық, ең үлкеніміз
– Биғазы қашамын деп барып, eciккe басын соғып алыпты да, ол өкipiптi, мен жанталаса тыпырлап жатырмын. Өзім оранған салыдан өзім құтыла алмай, зəрем ұша айқайлап тұншығып та кеттім. Тыпырлаған сайын қысылып, қысылған сайын тыпырла- дым. Шыңғырған дауысыммен бipгe жаным шығып кеткендей, дауысым өзіме де естілмей қалыпты.
Бəріміз бірдей шулауымыздан үйге өрт кетті ме деп шошыған тəрізді, даладан дабыр-дүбір, абын-гүбін үлкендер кірді, азан- қазан, у-шу. Бəpi жабылып мені пəле-салыдан шығара алмай, бipeyi былай тартса, бipeyi былай тартып, барлығы жұлмалап жа- тыр. Cipə, сол барлық шулағандардың ішінде апат өзіме ғана кел- ген сияқты, барлық қол менің үстімде. Салыдан əрең шығарды.
«Үй аузыңа... көк түйнек!» – деп Гүлжан шешем домалата салды мені. Қалжам жаққандай, қатты терлеппін. Жарық дүние көзіме жарқ ете түскенде, бip өксіп қалып тыныстаппын.
Teгi, қорқытушының өзi бip қорықса мөңкіте қорқатын сияқты ма, қалай!
Гүлжан шешемізді «Күле апа» деп атайтынбыз. Мен ғана емес, бүкіл үйдегі үлкен-кіші он адам – бəріміз де Күле апамыз- дан қорқатынбыз. Біз көбейген сайын əкем бəсеңдеп жаси беріпті. Біздің біреуіміз туылған сайын оның бip «жыны» қашып, ақыры
«жыннан» ада болған тəрізді. Бip бала қосылса күніне бip күзеннің інін артық қазу міндеті қосылғандай, машақат ауырлап-ауырлап барып, құлақтан басып алған көрінеді. Сиректеу қара сақалды, кең иықты, шығыңқы кең кеуделі, денелі қара кедейдің жуан басы əмсе төмен, əмсе ойда болатын. Жүргенде кеудесі керіле түскенімен, ба- сын төмен сала теңселіп–ырғалып, асықпай жай жүретін. Мұнысы сол ауыр жүкті əрең көтеріп келе жатқандығы екенін кейінірек түсіндім. Шиеттей жеті бала мен екі əйелді бағу жалғыз атты Жаппарға оңай ма! Сырттағы əлеуметтік сөздерге зауқы жоқ, қасында бipey айқайлап тұрса да естімегендей, басын төмен салған бойы үнсіз жүре беретін. «Жыны қағылған» адамдай көрінгенімен, Күле апамызды бүкіл үй–ішінде осы кісі ғана қаймықтыра алатын. Сол көзінің ағында қарашығының сырт жағын ала біткен қалы бар eдi, ашуланғанда сол қалы қып-қызыл болып бадырая қалатын. Күле апамыздың шаңқылы сол қалы көрінісімен-ақ тыйыла қоюшы еді.
Бұл шешемізден көргілікті əкеміз жоқта көретінбіз. Біз ғана емес, өз кұрсағыннан шыққан Бисара мен Биғаділ де көретін, менің шешем ол кісіге қатты сөйлемейтін. Сондықтан Күле апамыз шаңқ ете түскенде сап бола қалатынбыз. Бірақ қарын ашқан кезде қыңқылдамай да болмайды ғой. «Қарным ашты» деп жеке біреуіміз ғана қыңқылдайтын болсақ, пəлеге қалушы еді, «қарныңа қара пышық кірсін!.. Үй, көктей орыл!» – деп баж ете түседі. Сондықтан əдетте сыбырласып алып, бəріміз үн қоса қыңқылдайтынбыз. Мұншалық үлкен коллективке нан қайда онда!
– Күле апа, бидай, бидай! – дейтінбіз. Біздің ауырлығымызды көтеріп азапқа батып жүрген əкеміз ғана емес, шешелеріміз де əмсе қырыспер, албарынды еді. Əр үйден ескі-құсқы, темір-терсек, киіз- жабағы жиып əкеліп, кешке дейін баса алмай жамау-жасқаумен болатын. Мұндайдан əсіресе, менің шешемнің қолы босамайтын да, біздің бірлескен талабымызды Күле апаға қайталап жеткізетін. Ол кісі қоқыр-соқырын қоя салып, қарғай-сілей түргелетін де, қазандыққа от жағуға кірісетін. Мұндайда от тез тұтанса, бəріміз де жадырай қалатынбыз. Екі-үш үрлегенде тұтай қоймаса,қырсықтың шөнесі сонда келіп шырмайтын: Күле апамыз отты үрлей-үрлей, тұтай қоймаса, түкіріп-түкіріп жіберетін де оған да кегі қайтпағандай, шəугімдегі суды отқа құя салатын. Тіпті, кейде соншалық ашуландырған қырсықты отқа өзінің «кислотасын» да құйып жіберуге дайындала бастайтын. Күрестің бұл кезеңіне жет- кенде шешем орнынан қарқылдап күле тұратын да, от пен Күле апамыздың арасына түсе қалып, отты өзі жағуға кірісетін. Бəріміз де: «қоян-шабан, от-жүйрік, қоян-шабан, от-жүйрік» деп шулап кететінбіз. Шын мақтаса от тез тұтайды деп қаттырақ шулайтын- быз.
Күле апамыз от жанған соң ғана райынан қайтатын да, бақырға бидай қуыра бастайды. Сонда да ашуы еркін тарқай қоймай, қара алтын жүзі мен етті ерні көкаязданып ызғар шашып тұратын. Мұндай кезде біз отқа ентелемей кейінірек тұруға тиістіміз. Олай етпегенде борбайымызға от шашылып та кететін.
Осындай құрыштап тұрған ашуын байқай алмай, Биғаділ екеуміз бір күні үлкен жазаға ұшырап қалдық, бақыр қатты қызып бидай бытырлап жатқан шақта екеуміз де жалаңаш едік. Бақырдағы ойнақтап кеткен бидайға сабырсыздық етіп төне беріппіз. Көз ілестірген жоқ, Күле апамыз қызып кеткен ашулы бақырды жалмаң-жалмаң еткізіп, екеуміздің бүйірімізге екі басып үлгерді. Екеуміз бірдей быж ете түстік те, екеуміз екі жаққа сол бидайша тулап ала жөнелдік...
Төрт-бес жаңасындағы айдай иілген сол таңба, менің оң бүйірімде əлі тұр.
Рақымды «тергеушім», өз көзіңізбен көріп, сол таңбаны қабыл алыңыз, «жазалау жағынан сізге жете алмаса да, сипаты жағынан жете қабылдау қабілеті бар өзіңдей сот басқан таңба ғой», сол кезімнен бастап-ақ менің өмірлік жаза таңбасы басылған, таңбалы қылмыскер екендігімнің ең сенімді айғағы осы.
ІІ
Мен ол кезде ес білгеніммен, анда-санда бір зəуірлігі бол- маса сөйлемейтінмін. Сондықтан үлкендер де, кішілер де мені
«мылқау» деп атайтын. Кіші аталарымыздың үй-іштері мені жуас деп, жақсы көретін болды, ол үйлердің қайсысының болса да ба- лалары аз еді. Сондықтан, «бала базарына» бала таңдағанда мені сұрайтын. Өйткені, менен төрт жас үлкен Биғазы «тым ересек», бала етіп əкетуге «сіңбейтін қу», ал менен бір жас кіші Биғаділ «тым тентек», олардан кішілері – өте кішкене, шешелерінен айы- рылса жылап тоқтамайды «əуресі көп». Сол үшін менің базарым жүріп кетті. Əрқайсысы өз үйлеріне апарып бала етіп алып көрді, бірақ, сөйлемейтін «мылқау» болғаныммен ішімді бəрі сайрап тұратын. «Іш мерездігім» барған үйімде көп өтпей əшкере болып қалып жүрді. Мені алдымен Нұржан иеленіп, екі белдің астындағы «алыс» ауылына əкетті. Жат үйде жасқанып, «өте əдепті»,«сүйкімді» болып жүрдім. «Өлең айт!» деп мені іңірде ермек- ке айналдырып, зорлайтын болды. Өз үйімде Биғаділге қосылып айтатын «Екеу-ай» дейтін өлеңімді терлеп-тепшіп қинала, бұғып отырып айтып беретін болдым.
«Өзім сылқым, өзім сал, мен кімге зар, ой, екеу-ай» – деп аяқтайтын жалғыз ауыз өлеңдегі «зар» сөзіне тілім келмей «сор» дейтінмін де күлкіге, мазаққа қалатынмын. Қызыл-сары семіз Нұржан бұған барлық қарнымен солқылдап күлетін болды.
– Сен Жаппарға сорсың, аузыңды..! – деп боқтай күлетін. Мұнысына мен іштей қорланатынмын. Бұл үй тамақты аямайды, шыттан көйлек–штан да тігіп берген. Сондықтан, қорлана отырып- ақ талаптарын тағы орындап, «Қотыр торғай» дейтін ертегімді де айтып беріп жүрдім.
Бір күні маған қойған талабы шектен асып кетті:
– Жаппарды боқта! Мəдианды боқта! – деп талап етті. Үндемей қойып едім.
– Маған бала болсаң, боқта! – деп тоқалы зорлай түсті. – Бар, есікке барып тұрып боқта!.. Пəленіңді, түгеніңді деп боқта!..
Орнымнан көтеріп тұрғызды. Мен есіктің көзіне барып отырып алдым да, солқылдап жыладым-ай келіп. Сол есіктен көтерсе де тұрмай бұлқынып, жұдырықтап жатып алдым. Тамаққа шақырса келмей, тамақ та ішпей қойдым. Одан соң Рысалды дейтін малайы- на көтертіп, төрге əкелдірді, уатып, пəлен киім, түген киім тігіп беретінін айтып алдаса да уанбадым. Ел жатқанда жатпай, отырып алып жыладым...
– Үйін сағынған екен мына арамза! «Қасқырдың күшігі тауға қарап ұлиды» деген осы!.. – деп Нұржан ауыз үйден малайы Ры- салдыны шақырып алды да, сол түні мені үйіме апарып салуды тапсырды оған. Рысалды мені түн ортасында тонға орап, түйемен үйіме апарып қайтты.
– Сағындың ба, қарғам?! – деп шешем құшақтап көтеріп алды мені. Мен үн салып еңірей жыладым, – біреу ұрысты ма?.. Аттеріс ұрды ма?
Мен жауап қайырмадым, «Аттеріс дегені» Нұржанның əлгі тоқалы еді. Шын аты «Майлы» болатын. Бабамыздың бірінің аты Майлы болғандықтан, шешем бұл абысынын «Аттеріс» деп атайтын. «Аттеріс» – бала таппаған, шайпау, «сұлу қара» еді. Бəйбішесінен туылған үлкен ұлы өліп, жалғыз кіші ұлы ғана қалған Нұржан мені артымнан неше рет сұрап келсе де бармай қойдым.
Бұдан соң мені іле-шала екінші кіші атамыз – Құлназардың үйі сұрады. Мен ес білгенде кіші аталарымыздың бəрі «марқұм» аталған екен. Ол үйдің биі, Құлназардың бəйбішесі – Əспет дейтін асқан жомарт та, алақұйындау мінезді шешеміз мені жəне асырап алмақшы болды. Бұл кісі де бала таппай, еріне өздігінен тоқал əперіп, содан туған үш-төрт баламен отырған, өте балажанды адам еді. Кішкене баланы көрсе-ақ айналып, үйіріле тістеп, иə, шым- шып жылататын.
Мені ол кісі тістеп те, шымшып та жылатпады. Тағы да сол асырандылықтың «Жаппарды боқта, Мəдиянды боқта», «менің ба- лам болсаң оларды боқтайсың!» дейтін кезеңіне жеткенде шығыса алмай қалдық. Əспет шеше бұларды боқта десе жөні де бар шығар, Жаппардың шешесі тұстас қой, сөйтсе де ондай қорлаушылық Нұржан үйінен кек болып сақталғаны себепті, бұл үйден де менің жүрегіме тікендей қадалды. Бұл бұйрықты да орындамай тағы да жылап отырып алып қайтып келдім.
Менің біраз тұрақтап бала болған үйім – Қуандық ағамыздың үйі болды. Қуандықта бала жоқ еді. Бұл үйде əжеміз, Қайныш дейтін кең мінезді жеңгеміз бар. Бұлардың бəрі де өз əке-шешем сияқты жайлы болды. Ең жақсысы – «Жаппарды, Мəдиянды боқта!» демегендігі. Оның орнына: «Апаңды сағынсаң барып келе ғой!.. Мен ертіп апарып келейін бе?» дейтін Қайныш. Өзім ғана үнсіз барып, тілсіз қайтып келіп жүрдім.
Бірақ Биғаділ жындымен еркін ойнап, еркін шайнасуға не жетсін!..
Сөйтіп жүргенде маған шешек шықты да, өз шешемнің күтіміне қайтып келдім. Бір тəуірі шешек жеңіл шықты. Жазылып тұрғанымда көші-қон болып, түйелі үйдің бəрі көшіп кетіпті де, біздің үй жалғыз қалыпты.
Жұртта қалу біздің үйдің əдеті еді. Ауылдастарымыз ба- рып қонған соң ғана біздің үйге бір-екі түйе, екі-үш жылқы бо- сайтын. Əкеміз соны алып келген соң ғана көшуге кірісетінбіз. Біздің қолғабысымыз – түйеге тең болып, алдымен тонға оранып артылған кебежеге кіріп, отырып алу ғана еді. Жаппардың барлық
қазынасы – үш-төрт кебеже бала. Мендей кішкенелерінің екеуі бір кебеже болғанда, ересектердің əрбірі бір кебежеге əрең сиятын.
Биғаділ екеуміз құйып қойғандай дəл бір кебеже болып отыра қалатынбыз. Екеумізге əкеміздің бір ескі тоны ғана мо- лынан жететін. Алғашында екеуміз құдай қосқандай тап-тату отырғанымызбен, артынан зеріге келе, құдай қоспағандай бола қалатынбыз. Үлкен кебежеде тышқандай-тышқандай – екеуміз ғана отырып, сыйыспай, тіпті екеуміз екі дүниеге сыймастай ауқым ту- дыратынбыз. Оқиға көбінесе Биғаділдің тынышсыздығынан туыла- тын. Тауқұмынан Үржар – Егінсуға дейін көріп қызықтауға лайық талай көріністердің болуы мүмкін ғой, кебежеге кірісімізбен-ақ бізге еш нəрсе көрінбейтін де, «түрменің» сыртында атпен келе жатқан əке-шешелеріміздің мынау пəлен, мынау түген дегендей тамашалау сөздерін ести қалса-ақ, Биғаділдің делебесі қозып, елең қағып орнынан атып тұра қарағысы келетін. Екеуміздің жамылып отырған тонымыз ортақ болғандықтан, əрине, «мылқау» көршінің мазасын алмау керек еді. Мазаны алмағанды қойып ол үстіндегі жарты тонын жұлып əкетіп тоңдыратын да.
Содан барып «дүниежүзілік соғыс басталатын». Биғаділ тон- ды ашып тастап, атып тұра бергенде, мен «отыр!» деп шымшып алатынмын. Тамашалауды тастай салып ол шынтағымен шеке- ме қағып қалатын. Мен құлақтан алып түскенде, ол менің даяр құлағыма жармаса кететін. Бұл дүниеде екеумізді арашалайтын, иə, келісімге шақыратын кім болсын, біреуміз толық жеңілгенде ғана айқайлап «он сегіз мың ғаламға» жар салатынбыз. Əрине, жар салушы жəне Биғаділдің өзі болып шығатын. Сонда ғана құдайдай ақырып əкеміз жетеді де, кебежені қамшымен салып жіберетін, найзағай түскендей шарт еткенде, құлағымыз тынып қалушы еді. Сөйтіп соғыс өртін сол құдай ғана өшіре алатын, соғысқұмарлар жым бола қалатынбыз.
Көшкенде басқа аға-бауырларымыздың қайсысы қай дүниеде
– «қай түрмеде» отырғанын бір құдайдың өзі білмесе, біз қайдан білейік. Қонысқа жетіп, түйе шөккенде ғана жаудырап, бір-бірімізге жыл құсындай жып-жылы көріне кететінбіз.
Кебежеден шығысымен Қайныш келіп, мені қолымен жетектей жөнелді.
Ендігі көшкенде мен сені кебежеге түсірмеймін! – деді ол. – Тепкішек салып, жұп-жуас жорға тайға мінгіземін!
Осындай жақсы үмітпен мен қозы қайыруға жұлқына кірістім. Қой өрген соң Қайныш қозыны көгеннен ағытып береді, мен
қозының соңына түсемін. Қайныш қозыны санауды үйретеді. Мен сан білмеймін де, саусағымды көрсетіп «мынадай қара, мынадай қоңыр, мынадай ала, мынадай қасқа қозы» деп Қайнышты разы ететінмін. Бар-жоғы жиырма шақты ғана қозы еді. Бəрінің түр-түсін біліп алыппын. Қой келе жатқанда қозыны қайырып қайтатынмын. Қайныш көгендеседі де, кем шығып қалса қайсылары жоқ екенін менен сұрайды, мен үндемей саусағымды бір-бірден ұстап жүріп түгендеп шығамын да, келмей қалған қозылардың түрін айта, оларды іздеуге жүгіремін. Сөйтіп, түріне қарап іздеп, тауып əкеліп жүрдім.
Қозы көгендеу кезінде, кейде өз əкем келіп қызықтап қарап тұратын болды.
– Мылқауым қалай, қозыны жақсы бағып жүр ме! – деп сұрайды келінінен.
Оған Қайныш мені қатты мақтап беріп жүрді.
– Менің балам – шопан атаның нақ өзі, көзі бүркіттің көзі сияқты. Қандай қозының жоқ екенін қарай салып біледі! – дегенде мен көзімнің қиығымен əкеме қарап қоямын.
Бірақ, ел жайлаудан түсер шақта жорғатайға мінемін деп жүрген үмітім жақындап келе жатқан бір күні абыройым айрандай төгілді: бір қоңыр қасқа қозым кем болып шықты. Əрі іздеп, бері іздеп ақыры оны тапқан болдым да айдап келіп көгендеп қойдым. Қайныш қой сауып болған соң қозы жамыратқанда бұл қозыда ене жоқ, біздің қойда қозы жоқ болып шықты. Сөйтіп, қылмысым əшкере болып қалды. Əлгі малданған қозым Əспет шешемдікі екен. Артынан иесі іздеп келіп алып кетпесін бе! Кешінде Əспет шеше келіп Қуандыққа айтып күлкіге айналдырды мені. Əспет күлкішіл де, өте сықақшыл еді. Өз басымды жерден ала алмай бетім күйіп отырғанда:
– Əкең, жынды ғой, кəпір! – деп бетімді шымшып кеп алды. Бұған да жыламайтын едім.
– Жəкең жынды болса да, қозы ұрламайтын! – деп «сап- сау» Қуандық қостай күлді. «Жынды кемпір» сөзін Қуандық аға қостағаннан кейін-ақ менің шегіме жетпесін бе! Көзімді баса бергенімде мұрнымнан да ытқып кетті, тұра жөнелдім. Қайныш қуаласа да қарамай, жүгірген бойы үйге жетіп, əкемнің жамау- лы тізесін құшақтай барып жығылдым. Іңір бойы сол жатқаннан тұрмай жылай беріппін.
Сол қозының табылған-табылмағанын білмеймін. Оны маған айтқан ешкім болмады. Бірақ, «Жəкең жынды болса да қозы
ұрламайтын» деген Қуандықтың күлкісі есімнен кетпей, оларды көрсем-ақ қорланатын болдым. Қайтып бармай қойдым да бұл қылмыстың салдарынан жорғатайға мінбей-ақ кебежеге түсіп кете бердім.
Құрметті «тергеушім», мен – кішкентай кезімнен-ақ түрмеде
– тар камерада өскен қылмыстымын. Зор қылмысты болмаса сол кезден-ақ қамалар ма едім. Қазіргі қылмысымның түп тамыры мен- де əзерден-ақ бар екен. Шешемнің емшек сүтімен бітіп, бұлшық еттерімнің талшықтарына айналып кетіпті. Бұл қылмыс сол кездің өзінде-ақ мені жақсы киім мен жорғатайдан жұрдай етіп, əкемнің жыртық тоны мен кебеже түрмесіне қуып тығыпты ғой! Əзелден бар бұл арам тамырымды делоңызға мықтап орналастырғайсыз да, «қылмысы сүйегіне біткен тума қылмысты» деп үкімсізге қосқайсыз.
ІІІ
Тауқұмға сол жылы күз аяғында көшіп қайтқанымызда, неліктен екенін білмеймін, қамыс тамымызға бармай, бір жадағайлау сайдағы бөтен қыстауға келдік. Біздің үй кірпіштен қалаған екі бөлек, төрт ауызды жақсы тамға бөлініп түсті. Гүлжан шешеміз Бисара, Биғаділ, Нұрғайшалармен айырым үй болып алды. Əкем де басын төмен салып жүретінін қойып, тіпті нұрланып қалған секілді.
Ыңғай жақсы киінетін кіші əкелеріміздің үй іштерінен ешкім бұл қыстауға келмеді. «Əкең жынды» дейтін сөзді де мен естімейтін болдым. Бұл қыстауға түскен адамның барлығы, бұрын мен көп көрген, жалбыр-жұлма, əмсе жүдеп жүретін адамдар екен де, қазір менің əкем тəрізді бойын көтеріп, ширақ жүретін болып алыпты. Ерекше əдемі киінген біреуі болмағанымен, ит талағандай ерекше жыртық кигені де көрінбеді. Бұл қыстауға алғаш келгенде маған ең жағымсыз тигені – Биғаділмен бірге тұрмауым ғана болды. Биғаділ басқа үйде, мен басқа үйдемін. Қыс түсісімен үйден шықпайтын əдетіміз дəл осы кезде мені ерекше түрмедей езді. Басқа ойынның жөні болмағанда, Биғаділмен бірер рет құлақтасып алсаң да ішің пыспайды ғой. Менің одан басқа кішкене бауырларым бұл жөнінде білмейді. Ұрып қалсаң «ымма!» деп жылауына қарап жаның аши- ды да, маңайын баспайсың. Ал, Биғазы көрші ауылдағы кішкене мектепке оқуға түседі де, менен ерекшеленіп «паң» болып алды. Сонда да іңірлерде онымен айтыспай, лаж жоқ, менің айтысуым
сөзбен емес, əрине, қағазға жармасып, ірге күш көрсету ғой. Ше- шем ылғи менің сөзімді сөйлейтін болғандықтан, оған жалынудың қажеті не. Іңірде ол келіп, кітап-дəптерлеріне үңілген кезде мен ки- мелеп, жамбастай барып төнемін. Ол ары қарай ығысса мен ірге кеңейтіп, ілгерілей отырамын. Биғазы да енді ығысарлық территория қалмаған кезде маған еріксіз жалынады да, бір қарындашын беріп ал- дыма жаман қағазын қояды. Тыныш отыруымды өтінеді. Сонан соң мен де найынсаптық қылмауға тырысамын. Жалғыз-ақ шарт: ол «а»,
«б» деп оқығанда үнін естіп, қараған əрпіне мен де қарай отыра- тын жақындықта болу. Сөйтіп оның аузына бір, қағазға бір қараумен боламын. Тіпті тесірейіп кететіндігімнен болар, ол кейде күліп жіберіп, қаша жөнеледі.
– Апа, мына мылқауыңа тыныш отыр деші! – деп арыз айта қашады.
– Ол ненді алды, тып-тыныш отыр ғой! – деп шешем арызшының өзін теріске шығарады. Ол лажсыз қайта отырады да, менің ішімді пысыру үшін аузын жыбырлатпай ішінен оқуға кіріседі. Сол себепті келісімді мен қайта бұзамын. Иығыммен шынтағын қағамын.
– Мынаны оқышы!.. Мынау немене? – деп өндіршектей кірісемін. Мұның өзі жанжалға апаратын жол екенін үлкен жігіт болған Бигелді біледі де, өзіне түсі таныс əріптерін маған үйрете бастайды. Бірақ, ұстазым екеумізде қағаз жоқ еді. Бұған кейінірек Бигелді бір амал тапты: қой мен ешкінің жауырын сүйегін жиып əкелді. Екеуміз екі мұжық қарындашпен білгенімізді соған шимайлайтын болдық. Өшіріп та- стап қайта жазуға оңай, нағыз кедей қолды, келіскен «қағаз» осы екен! Үлкенді-кішілі екеуміз бұл мектепті «кемелдендіре» түстік. Сиыр мен жылқының жауырынын да тауып, Бигелді мұғалімге жүгірді бір күні, «Ленин», «Сталин», «Жаппар», «Құрман»,
«Балпаң», «Балтекей» деп айқын жаздырып əкелді. Сөйтіп біз, педагогтердің тəртіп ережесін бір-ақ бұздық. Əріптерді жеке- жеке үйренбей-ақ адам аттарын суретше сызып, жаза жөнелетінді шығардық. Биғазыша шөкімдеп отырмай, шеңгелді бір-ақ салдық. Бигелді əкеммен бірге аңға кеткенде де мен бұл «ғылымнан» бас алмайтын болдым. Қыстауда бұл алты кісінің аты жазылмаған жауырын қалмады.
«Шабытым» келе қалған кейбір кездерде тоқбас жілік пен кəрі жілікке де, далада қураған бастарға да тізіле қалып жүрді. Мен жазған «сүйек кітаптарды» Биғазы кейде даладан тауып əкеледі, бұл «кітаптарда» ол «молда» білмейтін əріп көп еді. Тізілген алты атаудағы кей əріпті ол менен сұрайды. Мен, өзім жазсам да, ол əріпті білмейтіндігімді сездірмеуге тырысамын:
– Бұл сен білмейтін əріп! – дей саламын да мұрнымды көтере бір тартып қойып теріс айнала беремін. Сөйтсем де, бұл əріпті оның өзі не деп оқитындығын аңди отырамын.
– Мына мылқау үндемей отырып сенен озды, – дейді əкем. Сөйтіп, мені шектеуден Биғазының өзі шектелетін болды. Оның кітабына, көзі мен ауызына қанша қадалсам да ұқықты болып шықтым.
Əкем бір күні күзен, қасқыр, түлкі терілерін түп үйге əкеліп қаттап, қапқа тықты.
– Жұзағашқа апарамын!... Саған дəптер, қарындаш, етік əкеліп беремін! – деді.
Қуанғанымнан жүрегім ішімде жүгіріп жүргендей сезілді. Өзім де ойлы-қырлы шапқылап, қыстаудың желке жағындағы биік шағылға шығып, ойнап кеткендей болдым. «Алдымен ана үйдегі Биғаділге барамын ғой!» деп ойладым.
– Биғаділге де əкелесің бе, əке?
– Оған да əкелемін...
Əкем терілерін бөктеріп, аттанып кеткеннен бастап, дəретті сыл- тауратуым көбейіп алды («бұл жұмысты» бұрын табалдырықтан жөнелте салушы едік). Аяғыма шешемнің кебісін іліп алып шығып, үйдің артына бара əкем асқан белге қарап тұратын бол- дым. Жауырынға жазып отырғанда да даладан ат дүбірі естілгендей, елендеп қалып, тұра жөнелемін.
– Сен өзің тынышсыз болып кеттің ғой, – деп шешем кінəлай берді, – əкең кеткелі жазғаның екі-ақ жауырын!
– Олай болса əр кеште үш жауырыннан жазып өшіріп жүрмін ғой!
– Саған мен киіз шарық тігіп жатырмын. Егер көп жүріп кететін болсаң, сыпырып аламын!
– Алсаң ала бер, əкем əдемі етік əкеледі! Киіп аламыз да, Болтай ағамша былай-былай жүріп кетеміз баяғысында! – деп адымдап-адымдап жүріп кетіп едім. Шешем қарқылдап күлді, одан сайын адымдап барып, кішкене Биғайшаны қағып-жығып алдым. Қылмыс табу оп-оңай екен. Ол шыр ете түскенде алды- артыма қарамай үйден шыға қаштым да, қарда жалаң аяқ күртілдете жүгіріп, Гүлжан шешемнің үйіне кірдім. Мұндайда Биғаділ пана бола ма, Күле апамның етегіне барып тығылдым. Аюдай ақыратын бұл шешеңіз аялы қормалымдай көрініп кетті. Бауырына басып, аймалай берді өзі. Байқасам, қуғыншы жоқ екен. Сонда да тығыла түстім. Бұл кісінің мейірімін көз ашқалы
көргенім осы болса керек, алдында жата бергім келді. Қып- қызыл болып кеткен аяғымды уқалап, көйлегінің ішінен омы- рауына басты.
Егер тосын қылмыс өткізіп қоймаған болсаң, тосын тəуекел бол- мас еді де, Биғаділді дəл мұндай тосынан көре алмас едім. Мен келе тығылғанда, ол да келіп, басымды сипады. Сүйінші сұрағандай, таяу заманда етікті болатынын, қазірдің өзінде-ақ киіз шарықтың сырылып болып қалғанын айтты:
– Киіп шығып ойнаймыз! – деді. Мен де осы қуаныштың салда- рынан қылмыс өткізіп алғанымды есіме түсіріп, есікке жалтақтай бергенімде шешем кіріп келді, мен тығыла қалдым. Бірақ, шешем күле кірген тəрізді көрінді. Гүлжан жазғыра қарсы алды оны:
– Үй, бұл не қылды саған, қарға жалаң аяқ қуғаның не?
– Қуғаным жоқ, қайтып кел деп шақырсам, қаша берді өзі... Сөйтсе де бұл мылқау əкесі кеткелі құтырып кетті тіпті!
– Құтырғам жоқ, қуандым! – дедім мен бұғып жатып ақталып.
– Ашумен құтырғаннан қуанып құтырған жаман! – деген шешенің сөзіне екеуі қатар күліп алды.
– Сен ғой, – деді сонан соң шешем. – Қымыр етсе-ақ қойып қалып жүріп балаларды қорқақ қып қойыпсың!
Бұл сөзге Күле апамыз бұрқ ете түсті:
– Қу шұнақ құдай! – деп мені өз шешеме лақтырып тастады да, шашы мен бетін жұлғылай берді. – Өлгеніңе.. Құдай, осынша қыр соңыма түсіп, сені құлдыр қылған мен бе едім, қу құдай!.. Балаңның су жүрек болып туғанын да менен көрдің-ау құдай!..
Мені арқалай түрегелген шешем:
– Болды, жə! – деді, – сенің қыр соңыңа түскен ешкім жоқ қой!.. Заңсыз деп бөліп қойып отырған үкімет емес пе? Əйтпесе мына екі баланың бөлінетін не қылмысы бар еді. Іштері пысып өлгелі жүр!.. Болды, ру қуудан өзім ақталамын деп сені қаралап қойыппын!.. Енді олай сөйлемейін!..
Шешемнің арқасында келе жатып, бүгін едел-жедел екі қылмыс өткізгеніме өкіндім. Қуанбасам, Биғайшаға аяғым тимейтін еді де, қашып келмесем, апаларым ұрыспайтын еді!..
Үйге кірген соң шарықты үн-түнсіз ысыра берді. Мен бес-алты жауырынды алдыма бір-ақ қойып жазуыма кірістім, кешке дейін осы алты жауырынды толтырып, шешемнің ашуын тарқатқым келіп еді.
Біраздан соң Биғаділ азан-қазан айқайлап кірді де, «міндет»
орындалмай қалды. Ол тату уақытында мені «Қырау» деп атайтын да, жараспай қалғанда «Мылқау» деп атайтын.
– Қырау!.. Қырау!.. Мінеки киіз етік деген! Бисара тəтем тез бітіріп берді!.. Сенікі қайда!.. Үй, сен қу сүйек мүжитін болғанбысың, қолыңмен басып отырғаның не?
Бұрынғыдай əр күні бірге жүрген болсақ, əсіресе кебеже ішінде отырсақ, бұл сөзі үшін қолымдағы жауырынмен бір-ақ салар едім оны, қыс түскелі көре алмай сағынып жүргендігімнен ашуланба- дым. Шешемнің қолындағы шарығыма қарай бердім. Биғаділдің сөзіне төмен қарап күліп отырған шешем:
– Қыраудыкі де қазір бітеді, – деп жеделдете түсті, – сен де жазу жазып үйрен!
Шешемді асықтыра алмадым мен, қылмысым бар ғой, əйтпесе бидайықтай қуыратын жөнім келіп-ақ еді, құлағым қызып отыр. Үндемей жазуымды шұқылай берген болдым. Бірақ, көре салысымен-ақ Биғаділдің сағынышы тарқап сала бергені білінді:
– Мына шимайың немене, ей, мылқау? Мен жауап берудің орнына жалғыз-ақ:
– Қу түрік! – деп бұртия қарадым. Оның үстіңгі ерні түріктеу еді.
– Мылқау!.. Мылқау! – деді ол.
– Шыжың! – деп салдым мен, төсекке анда-санда жіберіп қоятынын көргенім бойынша оның ең намыстанатын айыбын бетіне бір-ақ бастым.
– Мылқау дүлей! – деп тұра қашты. Мен тұра қуып едім.
– Ей, тоқта, шарығың бітті! – деп шешем шақырды. Мен қайырылып тұра қалдым.
– Əкем келді, əкем келді! Қырау!.. Қырау! – деп қайта татулық атымды шақырып, Биғаділ айқай салды да терезені кақты.
– Əкем келе жатыр!
– Шарықты қоңылтаяқ кие сала жүгірдім. Ең алғашқы киген аяқ киімім болса да, біраз қарап, көз сусынымды қандырып алуға мұршам жетпеді. Үйден шешем де шықты. Маңайдағы əр үйден адам шығып қарап тұр екен, біз жеткенше ересек Биғазы барып, əкемнің ал- дына мініп алыпты. Биғаділ екеуміз жете бере əкеміздің өте көңілді екенін байқадық. Биғазыны түсіре салып мені, сонан соң Биғаділді алып бетімізден сүйді. Аттың артынан бірнеше шуылдақ еріп келеді. Əкеміз мылтық əкеліпті. «Кімдікі» деп сұрағанымызда «үкімет берді» деді. Өзі де қуанышты үнмен айтты.
– Үкімет неге берді?
– «Аңды көп аула, қасқыр, түлкіні көп əкел» деп берді!
Өзі бұл жолы көп нəрсе əкеліпті. Пұл, шай, кəмпит, қант, дəптер, карындаш... Қалай санарсың... тіпті... шешем бəрін ашып көрді. Бұрын мұндай көп нəрсені Нұржан, Қуандықтар ғана қаладан əкелетінін көргенмін. Енді біздің əкеміз де əкелді. Олар қой айдап апарып əкелетін. Біз оған қызығатынбыз, əкеміз бір қап терімен- ақ əкелді! Қант-кəмпит дегенді шешем келгендердің бəріне үлестіріп жатыр. Біздің үй де бай болған сияқты. Күле апамыз да күле отырып көп нəрсе алып қайтты. Ең жырғаған – Биғаділ екеуміз, бірақ «лапкеде» кішкене етік жоқ екен дейді. Екеумізге жып-жылтыр қысқа қонышты кішкене «калош» етік əкеліпті. Мұндайды бұл ауылда киген басқа бала жоқ!..
– Мылтық келді, қасқыр, түлкіні енді қырып саламыз! – деді
Бигелді.
– Жаппардың өнерін енді көресіңдер! – деп Байжұрқа атамыз да қостады.
– Мылтық иесін енді тауыпты. Бұл ана жылы Нұржанның
«бердеңкесімен» аспандағы бір топ қаздың бірін жібермей түсірген!
– У да əкелдім! – деді əкем. – Тегі ең мықты қыранымыз сол бо- лар! Пиаланың үгіндісін қосып, жемтікке себеміз, қасқыр сеспей қатады!.. Тері алатындардың бастығы Минаж дейтін жуан ноғай еді. Барлық қазына сонын қолында екен. Бəрін сол бергізді. Өзі менің қолымды ұстап:
– «Саған не керек болса, бəрін мен қамдаймын» деді. Тіпті жалбырақтап тұр өзі. Ұлықтардың ішінде мұндай адамды көргенім осы. Өзі: «осы жаққа шығамын, сенің үйіңде де боламын» деді. Мен кедейлігімді айтсам, ол қатты күліп кетті. «Бізге ең керегі – сол кедейлігің!» деді. Тіпті «совет үкіметі – сенің үкіметің» деп салды. Осы жазда ауылдарыңа колхоз құрылады, байларды арестоват» деді.
– «Арестоват не? – деп сұрады Байжұрқа. Бұл сөзді жуан дауы- сымен гүрілдемей, ақырын сұрады.
Əкем де жауабын бəсендей қайырды:
– Нұржандарды құлаққа2 жатты дейді, малын кəнпескелепті. Ал, «арестовайтын» өзім де ұқпадым. Қайтып келе жатып Ақтайдан сұрасам, «Сібірге айдалады» деген сөз дейді.
Байжұрқаның дөңдей бүкір жауырыны одан сайын бүктеле түсіп, əкемнің бетіне ауызын жақындата сөйледі:
– Совет өкіметінің кедейшіл болуы жақсы-ақ, бірақ, əлгі колхоз
2 Құлақ – кулак деген сөз
дегені, тіпті жаман дейді, орыстармен бір үйде, бір қазаннан тамақ ішеді екенбіз. Бізге де шошқа етін жегізеді дейді, дінді жоғалтады дейді. Бұған қалай шыдаймыз?! Əлгі ноғайың бұл жөнінде ештеңе айтпады ма?
– Жоқ, айтпады. Совет кедейді жақсы көрсе олай етпеуі керек.
– Орыстарда кедей бар ғой?!
– Кедей болғанымен олардыкі өз алдына, қазақ кедейінің де өз алдына тілегі бар емес пе. Біздің тілегімізді де орындамай ма... Бұл естігеніңіз байлардың сөзі шығар, олай болмайды. Байлардың өсегі ғой тегі! Сізге кім айтты мұны?
– Байлардан естісем ғой сенбес едім. Бірақ осыны өзіміздің қулар көп айтып жүр. Қалай сенбессің, бəрі айтады, тіпті, Санат- пай, Ақтайлар да айтыпты.
– Мұны айтқандарға біз де айта жүрелік. Совет кедейлердің тілегін орындайды, осыған ғана сеніңіз! – деді əкем...
Резинке шолақты киіп алғаннан кейін-ақ «қар кешейік!» деп түрткілей берген Биғаділ мені жетектеп ала жөнелді. Біздің əкеміздің де бұл сөздерінен «ұлық болып қалғанын» байқап мен шықтым. Шыға салып қар кештік, қысқа қоныштан асып кетсе де Биғаділ ескере қойған жоқ.
– Совет, Совет, – деп айқайлады қар кешіп жүріп.
– Үкімет, үкімет!.. Коммунист!.. Менің əкем коммунист.
– Ей, аузыңа с...!–деп үйінен Күле апамыз шыға келді.
– Қонышыңа қар құйылып кетпеді ме! О, өкіметіңе, коммөнисіңе... сенің! Жүр үйге, түн ішінде неғып жүрсің!..
«Тергеушім», біздің осы шешеміздің шұнақ деген құдайы, тілі тимеген үкіметі қалмаған. «Екі дүние» емес, төрт дүние болса да қылмысы жетерлік еді. Жас кезімде сол қылмыстыдан оза шауып тəлім алған қылмыстымын.
IV
Бұл қыстауда бізбен бірге отырған Санатпай, Ақтай атты ағалы– інілі екі жігіт болды. Сол кезде Санатпай қырық жастан асқанда, Ақтай отызды басып өткен. Екеуі де əліге дейін неке көрмеген бойдақ. Олардың басын қосып, түтінін түтетіп отырған шешесі еді. Екеуі де белсеніп, ертерек «ақ жүрек» қатарына қосылыпты. Тіпті Ақтай район, ауыл жағалап жүріп, партия қатарына өтіп алып- ты да, бүкіл өңірге «Ақтай коммунист» деген атағы шығыпты.
Ұзын шаш қойған жігіттен ең алғаш көргенім осы Ақтай бол-
ды. Шашын көзіне түсіріп, əр адым басқан сайын басын кеңжең еткізіп бір сілкіп тастап жүретін. Отырғанда сылағыштап, қолы шашынан кетпей отырушы еді. Оның киімі қала формасында бола- тын. Бет шырайы да əдемілеу, бірақ, тар маңдайындағы ұзын шаш ақ-сұры қушық бетін одан сайын қушайтып, қырылған иегін ғана қалдырғандай, шүкірейген сұп-сұр суық көзі шаш арасынан зəрін шашып тұратын.
Ол ауылға барып қайтқан сайын сол суық көзі шекшие түсетін болды. Сондықтан, ауыл əйелдері оған алдымен «текеш коммунис» деп ат қойды. «Ақтай» атына жалғаса айтылатын «коммунис» деген сөз кəрілер жағынан өте кекетінді, өте ащы мысқылмен қосылатын болды да, ақыры өз аты өшіп, «коммунис» аты ғана қалды. Ақтай үшін ат болған осы бір қасиетті атау – ең ащы янат сөзден де тұрпайы естіліп жүрді. Сол кезде біздің ауылдастар көрген коммунист осы Ақтай болғандықтан, бірін-бірі янаттағанда «коммунист» деп тілдесе ғана əріптесін мұқаттым деп есептейтін.
Ақтайдың мұнымен ісі жоқ, өзін «коммунист» деп қана «атай- тын» болғанын «халық атымды атай алмайтын беделді болдым» деп мардымсыған ол шекірейген үстіне тікірейе түсті. Бұған иық сүйеген «белсенді» ағасы Санатпай да елден оқшауланып əспенсіп алды.
Бұлардың жұртқа не істеп жүргенін ол уақытта өзім түсіне ал- мадым. Бірақ, қарапайым ауылдастардың барлығы да ағайынды екеуінен сілтідей тынады. Киімдері де, өң шырайлары да, мəртебе- дəрежелері де ауылдан осылай «биіктеп-биіктеп» алған «қос мықты» осы себептен үйлене алмай жүріпті.
Сөз салған қыздары «кəрі» деп қана жауап қайырса, жесір келіншектер күлкілі жауап қайырыпты. Біреуі Ақтайға: «Жарайды, кекілің ұзара түссін, əнеу сүйкімсіз көзің мүлде көрінбейтін болған кезде бір жөні болар!» депті. Тағы біреуі Санатпайға: «Жарайды, менің енді бір-екі күйеуім қайтыс болған соң кел, сонан соң сенен басқаға тимеймін» деген екен.
Мұндай сөздер əйелдер қауымына жұқпалы аурудай тара- ла кетіпті, ақырында өз қыстауындағы жеңеше-жеңгелері оны түрлендіріп, неше саққа жүгіртетін болыпты. Осы сайқымазақпен Санатпайды «мүңкір-нəңкірдің» күрзісіндей соққанын «мылқау» болсам да естіп жүрдім.
Санатпай мен Ақтайдың бірі кірген үйде сөз болмайды, тамақ пісіріліп жатқанда кірсе қазандары түспейді. Үй иесі бір «жұмысына» жөнеледі. Иə, келе жатқанын ести сала «була-
нып», «терлеп», «ұйықтап» қалады. Өйтетіні, бұл «мықтылар» сөйлесе кетсе бір астамдық көрсетпей қоймайды. Бұлардан ба- лалар да қатты қорқатын болды: «Үйбай... Əй, Ақтай келе жа- тыр, көзін қарашы!», «Үйбай... Əй, Санатпай мас болып келеді!» деп қорқытса, «Аю келді!» деп қорқытудан бізге əлдеқайда қорқынышты естіледі. Бұл екеуі де құмаршы болып, бұрынғы орта шаруалы тұрмысын төрт асық пен «жиырма бірге» салып құртқан екен де, ең соңында шешесінің білезігі мен келіншек кезінен қалған сақиналарын ұтқызыпты. Сөйтіп, қаңғыбастыққа салынып жүріп, «ауыл пролетары» болып шығыпты. Бірақ, жалшылыққа түскен батырақ емес, ұсақ ұрлық-кезептікпен, кақты-соқтымен күн кешіріп, ауыл маңына үрей салып өскен бадырақ көздер екен. Бұлардың кезептігінен бұл ауылда, қыл аяғы есік жақта тұратын кебіс те «қорқып», «төрге қашып» жүктің астына тығылатын болыпты.
«Бадырақтардың» қазіргі қолы жеткен кəсібі – ішкілік. Олар мас болып, қираңдап шыға келгенде, тұра қашпайтын бала жоқ. Өйтетіні, қалтырақтаған қолына түссең желкеден, иə, төбеден ба- сып мыжи салады. Жақсы көріп аялауы да, жек көріп жазалауы да осы. Сондықтан біз оларға сау кезінде де алыстап, үрейлене қарайтынбыз.
Жазуды қағазға жазатын болғанда маған бір арман қоса пайда болды, ол – өшіргіш еді. «Айналдырған бір кішкене дəптер, алты бірдей үлкен адамның атын жазуға қаншаға жетпек! Жазып болған бір бетін қағазбен өшіріп, қайта жазып жүрдім. Екінші өшіргенде қағазға қарайып қалады екен. «Егер Биғазынікіндей өшіргішім болса, төрт-бес өшіріп жазсам да қараймас еді!» Осы арманмен шағылдар арасынан құмсағыз іздегім келді. «Құмсағызды төртбұрыштап қатырса өшіргіш деген сол» деп болжағанмын. «Қасқыр жеп қояды» деп бір кешке жақын Биғаділ шықпай қойды да, өзім жалғыз кете бардым. Екі төбе астым, табылмады. Үшінші төбе бауырына жеткенімде қасқырдан өзім де қорқа бастадым. Қайтуға енді беттей бергенімде ауыл жақтан келе жатқан бір атты адам көрінді. Анықтап қарасам Санатпай екен! Қасқыр дейтін корқыныш жай ғана мысық тəріздес болып қалды да, өзім сол қорқынышты санаған иенге қарай зыта жөнелдім. Санатпайға көрінбейін деп жыра-жыраны далдалай қаштым. Ауыл- дан тым алыстап кеткенімді біле зытқаныммен, «басқа шара жоқ, əйтеуір ұзын мойын Санатпай көріп қоймаса болғаны». Əкем соғып əкеліп беріп жүрген қасқырлар аласа ғой, жүзген мен шыралжының арасынан мені көре қоймас! – Бар қорқынышым Санатпайда ғана
болды. Неше белді асқанымды білмеймін, қараңғы түсіп, шағыл төбелердегі жүзгендердің барлығы сорайып, Санатпайдай көрінді. Қорыққанымнан айқайлап жылайын десем, менің қайда екенімді
«біліп қояды», жыламайын десем, қайда келгенімді өзім де білмей қалдым. Маңайымның барлығы түсірлеп-тасырлап асыр сап кет- кендей. Бүкіл дүниеден жүрегімнің дүрсілі ғана естілді. Кеңкілдеп жылап барамын, жүгіріп барамын. Біресе оң жаққа, біресе сол жаққа жүгірдім. Таныс жоталарымнан ешқандай белгі жоқ. Өне бойымнан тер сорғалап, малмандай су болдым. Тасыр-түсірмен тосыла тұс- тұстан айқай-шу естілді. Құлағымның шуылы сияқты, оған да сен- беп едім. Сол көп шуылдың ішінен таныс бір айқай сап ете түскенде тоқтай қалдым. Əкемнің дауысы өте қатты естілді, енді жақындап келе жатқандай бір естілді де, өзінің бір жағымнан атпен шауып өте шыққаны көрінді. Мен айқайлайын деп едім, үнім шықпай қалды. Кеңкілдеген дыбысымды естіген болу керек, қайырыла шауып келіп, ат үстінен іліп алды.
– Таптым!... Таптым! Мұнда, мұнда! – деп айқайлады сонан соң жан жағына қарап. Бірнеше адам іздеп шыққан екен.
– Балам-ау, қайда жүрсің! Маңайдың барлығы шуылдасып жатқан қасқыр ғой!
– Санатпай! – дедім жалғыз-ақ...
Бұл менің одан бір реткі қылмыссыз қорқуым еді. Сол қыста Санатпайдан қылмыс істеп қойып тағы бір қорыққаным бар. Бізге аталас Құрақбай дейтін шал қайтыс болып еді. Артында қалған жалғыз кемпірі оған құран оқытқыш болды. Үлкен келсін, кіші келсін, үйіне кім кіріп құран оқыса сол өлмелі жалғыз кемпір бар мəзірін дастарқанға төгетін. Сілкіп салар сырмағы жоқ кедей болса да тыр- наштап жиып, тыққыштап сақтаған құрт-ірімшігін, тары-талқанын беретін сол үшін, балалар Бүбіқан шешенің дастарқанына құран оқығыш болып алды.
Мен өз бетіммен барып оқи алмаймын, құран білмеймін де, кейбір балалар сияқты жоқтан бар етіп құрастырып зулататын қабілетім де жоқ, «мылқаумын ғой». Құранды ең жақсы оқитынымыз «Биғазы молда». Дағды бойынша соны андып тұрып, Бүбіқанның үйіне бара жатқанында ілесе кеттім бір күні. Сонан ол «Ассаламағалейкумді» көтере айтып кірді де, жүгініп отыра қалды.
Молда жүгінгенде тəбəрікші одан да жақсырақ жүгінуі ке- рек қой. Мен де оның жамбасына жабыса далдалап, бар ынтамен жүгіндім. Киіз шарығым астыма сыймағандықтан ұша жөнелмек құстай қоқшырайып қалдым да, қатты күшеп, жығылмауға тырыстым.
Бірақ, бұдан гөрі күлмеуге күш көбірек жұмсалды. Екі қабат күш жұмсап тіпті қатты тырысқандығымнан көзімді жұмып та алдым.
«Биғазы молда» мақамына келтіре баптап «аузыны», одан соң
«биссімилланы» толық соза айтып шықты. Оның есебінде: құранның дұғасын көбейту үшін асықпай, ұзағырақ созу қажет. Бұл ойын на- дан мен де байқап отырмын. «Биссімилласын» бітірді салмақтанып. Тамағын қырынып тағы да ұзағырақ тынды. Бұл баптауы менің кұйрығым мен тіземді қинап бара жатса да надандық етпейін деп шыдап, енді тістене түстім. Содан сон «молдекем» əр күні оқып дағдыланған ыңғай
«иттен» құралатын «дұғасына» түсті:
«Уассалаты уəл ақ итті үйіттім, уəл кара ала итті үйттім, уəл са... а.. ыр и... тым. Уəл тара... уиық тарғыл итті үйіттім, уəл кари... итім».
Мыжырайған оқыр қара кемпір бұл «дұғаның» мақамына мүлги түсті. Аузы жыбырлап: «Амин!.. Амин!!! Сəбидің жүрегі таза ғой, қабыл болар-ақ... Амин!» деп күбірлейді. Мен күлкіден тұншығып Биғазыға сүйене бергенімде, «Сұбыхан» басталып барып шорт тынды. Сып етіп Санатпайдың кіріп келгенін білмей қалыппын.
«Биғазы молда» орнынан қарғып тұра жөнелгенде, дастарқанға мен етпетімнен түстім. Санатпай бір түйіп қалғанда «молдаекем» табалдырықтан асып барып, ұшып түсті. Жалма-жан қарғып тұрып, шыбын-шіркей қаша жөнелді.
– Контыр! – деп зекіді Санатпай маған. – Контырдың тұқымы!.. Құран оқы деген кім сендерге!.. Құдайларың қайда! Құлағын жұлып алайын!..
Осыны айтып Санатпай менің құлағыма ұмтылды. Мен шы- рылдал барып Бүбіқан шешеге тығылдым.
– Асстапыралда, қарағым, үйдеме!.. Бұл балаларға мен оқыттым, мен!.. Бəрімізге де бір құдай бар ғой, үйдеме, қарағым, үйдеме!
– О, құдайынды!.. – деп Санатпай шыға жөнелді.
Құрметті «тергеушім», мен бесіктен белім шықпай жатып- ақ осындай «контыр» (кері төңкерісші) болғанмын. Ол кезде
«контыр» дейтін, қазір сіз «пəнгымең» дейсіз, қалай атасаңыз да оңып жатқаным жоқ, бұдан үлкен кері кеткендік бола ма. Бұл атауларыңыздың қылмысқа лайық, аталы атау, əділ үкім екеніне кім таласпақ!
V
Əкем мен Санатпай келісерлік ағайын емес екенін мені
«контырдың тұқымы» деуінен-ақ сезгендей едім. Артынан
байқасам араларында асусыз кезең, өткелсіз өзен бар екен. Бұл жəйт біздің үйге Минаж ноғай келгенде анық білінді.
Ұзын қара тон киген құндыз малақайлы, жуан күрең сары кісі келіп, əкеммен далада қос қолдап амандасты. Қасында мылтықты екі адам бар. Мұндай «үлкен ұлықтың» үш ат жеккен жылтыр қара шанамен келіп, ескі тымақты əкеммен құшақтаса кетуі бізді таңқалдырды. Жалбырақтай амандасып біздің үйге кіріп бара жатқанда, мен қысыла ұялдым: «жаңа сырмағы да жоқ жаман үйімізге мына киіммен қалай отырар екен!». Биғаділ екеуміз қашып, Күле апамыздың үйіне кеттік. Ол шешеміз бен Нұрғайша қатар ауырып жатқан. Біздің даң–дуңымызды жақтырмады. Далаға қайта шықтық. Есік алдындағы жалтырауық шана мен сап-сары ала шылия – қамытты үш ат біздің үйді сəулелендіріп жібергендей көрінді. Біз шананы біраз сипалап көріп тұрып тоңдық та, есіктен келіп сығаладық.
«Үйіміз мынадай қонақ отырса оншалық ұялмайтындай екен» де- ген ой келді маған, қайдан келгені белгісіз, бір үлкен текемет жайылып, қонақтарының астына көрпе салыныпты. Жаңа дастарқанға қант пен бауырсақ төгіліп тасталыпты. Шешем шай құйып отыр, қазаннан еттің исі бұрқырайды. «Попыразбен» тағы бір нəрсенің жағымды исі аңқып кетті. Биғаділ екеуміз сыбырласып, есіктің саңылауынан кезекпен иіскелеп тұрғанымызда, ауызғы үйдің есігінен Санатпай, онан соң Ақтай болып екі бірдей «əзірейілдің» кіріп-ақ келгені ғой! Сыртқа қашуға жол жоқ. Енді қайда қашарсың. Ағалы-інілі екеуміз бір-бірімізді қаға-соға кимелеп, үйге бір-ақ кірдік. Көздеріміз ит көрген лақтай едірейіп, қонақтардың үстінен секіріп өте жаздадық. Қорқынышта иман тұра ма, ұялуды ұмытып қалыппыз.
– Не болды сендерге! – деді əкеміз ызбарлы танданыспен қарап. Жайымызды шешеміз ұқтырды.
– Ар жағынан бөрі келе жатса қайтпек, – деп күлді. Кіре сəлем берді қос мықты:
– Ассалаумағалекум...ым
– Ə...ысламағалекум!
– Келіңдер, келіңдер! – деді Минаж. Оларға да түрегеліп қол ұсынды.
Елулерге келіп қалған ауыр қозғалатын адам екен. Бурыл тартқан тықырлау, жуан қасқа басы келісіп-ақ тұр. Кіргендердің ахуалын қайталап сұрай түсті.
Сəл шытынып қалған əкем үн қатқан жоқ. Биғаділ екеуміз жуан-жуан төрт шақпақ қантқа ие болған соң «бадырақтардан» алысырақ бұрышқа – ағаш керуеттің аяқ жақ далдасына барып отырып алдық. Бірақ, көзіміз
соларда болды. Мен бұрын байқамаппын, Санатпай кеңірдегі ұзын мойнынан бір бөлек біткендей, айырым-сорайып тұрады екен де, езуі ұзын жағын көлденең кесіп өтіп кұлағына таман барып тоқтаған екен. Аузы мұндай үлкен болар ма, бауырсақ бес-алтыдан топталып бір-ақ атылып кіріп жатыр.
Басытқылық ет туралып дайын болғанда, əкем төсектің асты- нан пешетті бөтелке алып, арақ құйды. Бір шынысын өз алдына қоюынан қаупім асқындап, тітіреп кеттім мен. «Бұрын арақ ішіп көрмеген əкеміз мас болып қалып, «қос мықтыға» төтеп бере алмаса қайттік. Анау Санатпайдың тарғыл беті қазірдің өзінде-ақ талаурап қиық көзі қып-қызыл шоқтай болып отырмай ма. Биғаділ де сы- бырлап, қорқынышын айта берді. Мен төсек астына қарай түстім, соның астынан басқа пана табылмайтын сияқты.
Қонақтар арақты үш реттен көтерісті. Дабырласып сөйлесіп отыр. Оған құлақ салудан ойлаған қамымыз басым еді. Минаж бізге бағдарлай қарап қойып сөйлегенде ғана назарым ауды.
– Сіздер балаларды қатты қорқытады екенсіз, – деді ол, – байқасам өте əдепті балалар көрінеді. Ал, жаңа сіз екеуіңіз келіп кіргенде бұлар бізді басып өте жаздады.
– Балаларға ғана емес, – деп оған жауапты əкем қайырды, –бұл маңда үлкен-кішіден бұл екеуінен қорықпайтын адам жоқ, бекер обалдары кəне, қазірше мені ғана қорқытпай жүр.
– Біз буржуйлардың бəрін де қорқыта аламыз! – деді Санатпай. Ақтай бұл сөзді құптаған сықылданып басын бір изеп қалып, ша- шын сылай түсті де, суық көзінің астымен əкеме бір қарады. Əкем тігіле қарап сөйледі Санатпайға:
– Осы қорқытып жүргендеріңнің барлығы буржуй ма!
– Біз буржуйдың тамырын əлі қырқып болғамыз жоқ, – деп
Ақтай бір ырғалып қалды. Санатпай күле қостады інісін.
– Мəселен, өзіңіз де құтыла алмассыз! – Əкемнің көзіндегі қалы қып-қызыл болып, бадырайып шыға келгендей білінді маған. Ақтай оған жалт қарап атып тұрды да шыға жөнелмекші болды. Əкем лып етіп тұрып барып, оның алдын тоса қалды, баяу сөйледі бірақ:
– Сен отыр!.. Мен сендерге бүгін тиіспеймін. Сыйлы қонақ бар, бұл сендердің бүгінгі бақыттарың, сөздеріңе жай ғана жауа- бын қайтарамын! – деп жауырынынан бүре дедектетіп əкелді де, құйрығын тік еткізіп орнына басып отырғыза салды. Өзі де орнына келіп отырды сонан соң. Сылқ-сылқ күліп отырған Минаж түсін ке- нет салып, қатқылдау үнмен сөзін шорт-шорт қайырды:
– Қорқытумен еш нəрсе бітпейді, жолдастар! – балалар
қорқар, бірақ жойылып кетпес, олар ертең өздеріңді бас сала- ды. Бəрін буржуйға шығарсаңдар, дүниедегі пролетарлар осы екеуің ғана ма! Шипуқа сөзіңді қойыңдар!.. Ал, Жəке ашуыңды маған бер!
– Мен өзім де сіз үшін кешіріп отырмын, – деп күлімсіреді əке. – Сіз болмағанда менің мінезімді бұлар біледі. – Ақтайды қалай бүргеніне қарап біздің қорқынышымыз тарқай бастады. Əкем жайымен арағын құя отырып, кеңінен тыныстап алып қайта сабақтады сөзін.
– Бұл екеуі менің жынымның бүгін түспейтінін біліп құтырып отыр ғой, оқа жоқ! Ал, бұлар жай ғана сөзбен маған «əзіл» айтты жаңа. Мейлі шындағаны болып, буржуй десін де, мені айдата берсін! Бірақ, мен де əзілдеріне-əзіл айтып қояйын: осы бірнеше ауылдан екеуің ұрлаған қозы-лақтарды, кемпірлердің жаңа шылауышы мен кебіс-мəсісін, шалдардың кісесі мен саптама етігін, келіншектердің сендер ұрлаған салысы мен жаңа штанын, – дей бергенде Санатпай қашып шыға жөнелмекші болып еді, əкем оны құлағынан жетектеп əкеліп отырғызды.
– Дəретке барып келейін, Жəкетай, дəретке! – деп кеңкілдеп күле келіп отырды Санатпай.
– Жоқ, əзілдеріңе шыдап мен дəретке жөнелмеген соң, сендер де шыдап отыруға борыштысыңдар! – əкем де орнына келіп отырды да, ішек–сілесі қатқанша күліп отырған конақтарға арақ көтертті.
«Бадырақтарға» қысап ішкізіп, өзі де көтеріп салып тағы сабақтады сөзін. – Жə, сендердің ұрлықтарыңның қай түріне келіп едік?.. Ие, ие əйелдер штанына келгенбіз... Ұрлап апарып құмарға салған өз шешелеріңнің білезік-жүзіктерін, ауырып өлгелі жатқан Құрақбай марқұмның сендер ұрлап апарып сойып жеген жалғыз ешкісін... Қойшы, тіпті қайсысын тізе бересің, өздерің мойындаған барлық ұрлықтарыңды төлеткізіп əпермей, сендердің арестовайттарыңа мен бармаймын! Оның ішінде менің мына қатынымның сыңар кебісі де бар. Менен қорқып бір сыңарын тауып беріп, біреуін көмген жерлеріңнен таба алмай жалынып едіңдер ғой! Енді төлетіп аламын, енді төлетіп алмасам буржай болам ба?.. Сендердің мықтылықтарың сол: өздерің басынатын адамдардан ұрлайтынсыңдар да, өздерің қорқатын байлардың итіне де тисе алмайтынсыңдар. Сендердің қай қылықтарың коммунистік, қай қылықтарың ақ жүректік, қай қылықтарың кедейлер жақта болып еді!.. Енді келіп сол өздерің бұрыннан басынып-тонап келген сорлыларды буржуй деп қорқытасындар!.. Қазір екеуің осы
«сүйкімділіктеріңмен» қатын таба алмай, екі баласы, жап-жас байы бар
Жанжүкенді айналдырыпсыңдар, түнде барып екеуін де қорқытып,
ажыратпақ болып жүріпсіңдер. Бұл өнерлеріңді де көріп алмай, мен буржуй болмаспын! Ал, «əзілім» бітті, енді бара беріндер!
Қонақтар дуылдап күліп кетті де, «екі бадырақ» тұра жөнелді.
– Коммуниске мұндай жала жабу – контырлардың кəсібі, буржуй!–
дей шықты Ақтай.
– Ей тоқташы, ей! – деп əкем орнынан тұра бергенде олар жеделде- те зытты да, əкем қайта отырды. Кейінгі сөзі де сол екі «бадырақтың» үстінде болып, үй іші дуылдаған күлкіге толды. Дастарқан жиылған соң Минаж əкемнің жиған-тергенін көру үшін шошалаға шыққанда, біз де ере шықтық.
Мылтық пен у əкелген соң əкем аңды көп алып еді. Əсіресе, қасқырдан өмірлік кегін бір-ақ қайтарғандай болып еді. Пиала үгіндісін қосқан умен кей күндері жеті-сегізін серейтіп, күндіз түйемен тасытқан. Тошалаға кіргенде Минаж бар алғысын бір-ақ жаудырды:
– О, пəле, Жаппар, молодцы!.. Сені дəл-ақ тапқан екенбіз... Өзің жай қыран емес, аң терісін баптаудың шебері де екенсің ғой!.. Сен енді бір колхоздың личный аңшысы боласың, жүйрік ат, жақсы мылтық қана болады қолыңда!..
Минаж асығып сол күні басқа жаққа жүріп кетті. Биғаділ екеуміз енді кəрі ұлықтардан қорықпайтындай масайрап қалдық.Қорқытқаны сол Минаж кетерінде біздің басымыздан сипап, екеумізге қызыл бояулы қарындаштан екеуін беріп кетті ғой. Мұнымен екеуміз ертеңінде- ақ əр үйдің есік–терезесін шимайлайтын болдық. Мен бірыңғай ретпен «Ленин», «Сталин», «Жаппар», «Құрман», «Балпан», «Бал- текей» деп бар үйдің есігіне жазып шықтым. Өз үйіміздің есігіне бұл аттарға қосып, оныншы бабамыз «Қожанға» дейінгі тізімді бір- ақ тізіп, қызыл сызықпен «өрнектеп» қойдым. Мұны егер сауаты бар адам көрсе, күлер еді. Бақытыма жарай бұл қыстауда мұныма күлетін адам болмады. «Мылқаудың» мектеп көрмей-ақ «молда» болғанын айтысты.
«Тергеушім», мен – жуанның шөбересі, өзіңіздей адал коммунистерді масқаралауға осындай шебер контыр буржуйдың баласы бола тұра, сол контыр ата-бабаларымызды пролетариаттың көсемдері қатарына жазатын, барып тұрған шебер көзбояушы қылмыстымын.
VI
Бұл қыстауда менің «кітап сөздерім» жазылмаған бір ғана есік қалып еді. Ол – «бадырақтардың» есігі болатын. Олардың есік-
терезесі жаңа да теп-тегіс. Оған қызыл бояулы қарындаштың айқын түсетіндігіне көзім жетіп, қаншалық қызықсам да, амал қанша, қос аюдың апаны маңайына бастырар емес. Сонда да əкем оларды бір бүрістіргенінен бері маған біраз жүрек біткендіктен, алыстан торып, байқап жүрдім. Бір күні Биғаділ екеуміз екі қарындашты шарықтың қонышына тығып алдық та, алыстан орағытып, олардың үйінің ар жағына – қыстаудың шетіне шыға қар кештік. Мұнымыз өтірік ойын еді. Екі пəле кетіп, «апанда» момын кемпір ғана болса игі еді деп, төрт көзіміз сол есікте болды.
Таяқ ұстаған екі жаяу белден асып келіп, бір жықпылға отыра қалды да, əудем жерден бізді шақырды. Жүгіріп бардық. Екеуі де тері шақай тартқан, ыңғай тері болса да жеңіл киінген, алпамсадай- алпамсадай жас жігіт екен. Алыстан шаршап келгендей, аяқтарын созып тастап, қозғалмай отыр.
– Кімнің баласысыңдар? – деп сұрады біреуі ақырын ғана. Биғаділ жауап қайырып еді, екі жолаушы күбірлесіп, бізге тəптіштеп қарай түсті.
– Əлгі Ақтай–Санатпай дейтін коммунистер де осы ауылда ма?
– Осы ауылда, – деді Биғаділ тақылдап, – міне.. Мына ең бергі үйде!
– Жанжүкен тəтең осында келді ме, көрдіңдер ме?
– Көргенмін, бірақ келген жоқ.
Жөн сұрап отырған жігіт қойнынан екі құрт алып екеумізге ұстатты.
– Жəкеңнің дəл өзіне тартқан балалар екенсіндер!.. Қалаға бара жатырмыз, қайтқанда кəмпит əкеліп береміз!.. Сен Жанжүкенді қашан көрдің?
– Былтыр Байжұрқа атамның үйіне келген ғой, сонда көрдім. Кейін көргем жоқ.
– Сен өзің батыр жігіт көрінесің, жасырма!
– Ой, көрсем мен оны жасырам ба!.. Сен көрдің бе, ей, Қырау? – деп Биғаділ «батырлық» көрсете алмай қалғанынан қысылып менен сұрады. Мен басымды бір шайқап, төмен қарадым да шарығыммен қарды тарпи бердім. Бізден еш нəрсе өнбейтінін байқаған болса ке- рек, екі жолаушы орындарынан тұрды да, бір жырашыққа түсіп, қыстаудың теріскей жағына тартты. Мен ойлай қалдым: «əнеукүні Минаж келгенде əкем осы Жанжүкен жөнінде Санатпайға бірдемені қатты айтқанын естіп едім ғой! Қандай сөз еді сол?!»
– Ақтай! Ақтай!.. – деп Биғаділ мені иығымнан басып қарға отырғыза қойды. Баспалап қарасам Ақтай аттанып қыстаудың
теріскейіне қарай беттеп барады екен. Ақтай ұзаңқырағанда екеуміз ептеп басып, оның есігінің алдына таядық. Кешеден бері Санатпай үйінде жоқ деп естігенбіз. Биғаділ менен бұрын жетіп, есікке тұра қалды да, айқыш-ұйқыш сыза берді. Есіктің таза уақытында менің
«кітап» жазуыма жол бермегеніне ыза болып, терезеге бардым мен, апыл-ғұпыл төрт адамның атын ғана жаза алдым. Жүрегім дүрсілдеп кетіп, жалт бұрылып едім. Оң жағымдағы тошаланың есігінен біреу сығалап тұр екен. Қамыс есік сым темірмен айқыш- ұйқыш шандылыпты да оның үстіне мықты кұлып салыныпты. Ішінен көрінген адам Санатпай ма дегендей қорқынышпен бір ыршып қалып, қашпай қайта қарадым: Көзіме жылы, əдемі адам тəрізді бір шалынды да лезде ғайып болды. «Жанжүкен, сол Жанжүкен!.. Неге қамалған мұнда?» Қамыс есікке бара сығаласам, үй іші қараңғы ештеңе көрінер емес. Байыздап қарап тұра алма- дым. Жотадан Ақтайдың дауысы естіле қалды да, Биғаділ мені же- тектеп қашты. Өз үйіміздің алдына жетіп алып тыңдадық.
Ақтай біреулерді ақырып айдап келеді. Жаңағы екі жолаушы екен. Олар қылмысты адамша үн қатпай, бастарын төмен салып келеді. Аспан тұп-тұнық еді. Күн батыс жақ жотаның «үстіне қонған» күн жарқырап, шаңқиып тұр. Ызғарлы қармен шағылысып, бет қаратар емес. Қылмыстыларын Ақтай сол шағылысқан күн нұрының астына айдап түсті де, бізге аз уақыт көрінбей кетті. Бірақ, шақылдаған зейіл үні, тері киімге тиген
– Қатыныңды бізге бақтырып қойып па едің!.. Жоғалтқаның өтірік, ауыл торып жүрген ұрысындар!.. Əкеңнің, бүгін суық тошалаға қамап қояйын да, ертең ми- лиса шақыртамын! – деп қамшы ойнатып -келеді. Біз үдірейіп тұра бердік. Ақтай екі қылмыстыны үйінің алдына айдап əкелді. Ол екеуі дабырлап-кəукілектеп жалына бастады енді:
– Мұнан соң ауылдарыңның маңына баспайық, ағатай, қоя бер бізді! Жанжүкенді іздеп тауып алайық!.. Балалары шырылдап жылап қалды!..
– Жоқ, мен мұныңа алданатын əңгүдік емеспін!.. Қатыныңды бізден көрдің ғой, ал тінт! Сонан соң тошалаға қамап байлатып та- стаймын, ертең айдаласындар!
Жоқ іздеушілер жалына түсті. «Балалары шырылдап жылап қалды!» дегеніне менің де жылағым келді. Үйге жүгіріп кірдік. Əкем мен Бигелді аңға кеткен екен. Шешеме Биғаділ көргенін саудырлатуы- мен болды да, көргенімді сөйлеуге маған кезек тимеді. Далаға шешем де шығып тыңдады, енді қарасақ екі қылмысты тез-тез басып келген
жағына қарай зытып барады екен. «Балаларына тез жетсе екен!» деген тілеумен қарадым арттарынан. «Жанжүкен тəтем неге кетем деп айқайламайды енді?!»
Əкем келетін бел жаққа бір қарадым да:
– Апа əкем қашан келеді? – деп алдына тұра қалдым шешемнің.
– Кеш болды ғой, келіп қалар, – деп ол бетіме енді үңіле қарады,
– əкеңді неге іздедің?
Менің көзімнен жас ыршып кетті.
– Балалары жылап қалыпты!.. Жанжүкен тəтемді Ақтайлар қамап қойған ғой деймін!
– Қайда?! – Көрдің бе?!
– Көрдім ғой деймін... Тошаласында... Жанжүкен тəтем əдемі еді ғой… Сол!
– Қайтып көрдің?
– Жазып едім... Өзі көрінді!
– Анық көрдің бе?!
– Есіктің тесігінен бір көрдім, барып сығалап едім, көрінбеді!
– Мынау не дейді! – деп шешем Биғаділге қарады.
– Мен көргем жоқ! – деп Биғаділ сақ ете түсті.
– Ол көрген жоқ, есікте болатын. Мен қамыс есіктің тесігінен көрдім.
– Тошаланың есігінен бе?
– Ие, ие соның тесігінен!
Шешем аң-таң болған бейнеде біраз ойланды да:
– Болады, əкең келсін, айтайық!.. Сұмдық екен мынасы!.. Енді ол жаққа бармаңдар! Əкең не дер екен, ақылдасайық!
Əкем ымырт жабылғанда келді, екі қасқыр, бір түлкі əкеліп ауыз үйге қойды. Үйге кіріп ауыр киімін тастаған соң, шешеме баяндаған порымда сөйледім. Айналдырып сұраған сайын «тесігінен»,
«тесігінен» дей беріппін. Əкем ақырында солқылдай күлді де бетімнен сүйді.
– Бұл ішіне сыймайтын бір істі көрмесе, мұншалық қиналып сөйлемейді. Рас-ақ болар! – деді.
Əке-шешемнің шай ішіп отырғандағы сөзіне қарағанда, Жанжүкеннің Санатпайға қашып келетін жөні жоқ екен, ол өзінің күйеуіне ырзалақпен барған. Оның үстіне қазір екі балалы болып- ты. «Бірақ, өзі аңқау да, қорқақ». Сол жағдайынан болмаса, «өте салмақты, көрсеқызарлықты да, тіпті сөзді де білмейтін бала» екен. «Зорламаса, дəл Санатпай-Ақтайға қор болуға қызықпайды.
Бұлардың адамгершілігін ол толық білетін» деп əкем кесіп айтты.
– Мен барып келейін бе? – деп сұранды Бигелді. Əкем басын шайқады:
– Содырлар бір сылтау тауып, сені ұрып тастар!
– Құдай біледі, сол екеуінен таяқ жемеймін!.. – деп Бигелді өкірештей түсті. Өзі де қазір ұп-ұзын, əкемнен де иықты еді. Оған шешек өте қалың шығып, божбиған шұбар болған.
– Жоқ, сен төбелескенді қой, біреумен боқтасып та көрген жоқсың, олар сойқанның бəріне де жетіп, сені байқатпай қаға салады да, біреуі Жанжүкенді ала жөнеледі!.. Сен онан да Байжұрқа атаңа барып айт. Жанжүкен өз ырзалығымен келсе, кіші əкесі ғой, Байжұрқаның үй-іші біледі. Олар білмеген болса, мен Жанжүкенді қазір алып шығамын да, анықтап сұрап, құтқара саламын.
Бигелді ұзын сирағымен екі-ақ аттап шықты да, Байжұрқа атам еңкендеп жетіп келді. Естісімен ашуға мініп гүрілдеп ала жөнелді, əкем оған басу айтты!
– Қазір əйелдер еркіндігі бар ғой, итке кетсе де өз еркімен шешіледі. Жанжүкен Санатпайға ықтияр болса, біздің қолымыздан не келмек, өзіміз тентек болып қалармыз. Келгені рас болса, мен қазір оны шығарып əкеп сұрайын, сіз көрінбей тұрыңыз, сізден де қорқып, ол өзінің шын жауабын айта алмай қалады!
Осы сөзге келісті де, əкем жеңіл киіне салып шығып кетті. Менің жүрегім дүрсілдеп ала жөнелді. – «Өтірік болып қалса пəлені мен турдырған боламын ғой!» Байжұрқа мен Бигелді сыртынан қарап тұруға кетті, мен де ұмтылып едім, шешем жібермей баса отырғызды. Биғазы да шыққанда мен тіпті тықыршыдым. Болмаған соң шешем қолымнан жетектеп есік алдына алып шықты.
Ұят пен қорқынышым қатар алқындап, бар ниеттіммен «рас бол- са екен!» деп тілеп тұр едім, бадырақтардың терезесі алдында сөйлеген əкемнің үнін естігенде Жанжүкенді көргенімнің растығына біраз сенім пайда болды.
– Санатпай, есігінді аш! – деді. – Кигізге қанша орап таңса да көрініп тұр!.. Ей, Ақтай, далдалама терезені!.. Ей, шошқалар, қорқытпа оны!
«Ырзалығыммен қашып келдім демесе қайтпек едің, түбінде ажалың менен болады!» дедің ғой, ə! Құтырған, əкеңді көзіңе көрсетіп, есігіңді жұлып аламын, өзің аш»!
– Ал, Жəке, айып Жанжүкен екеумізден, – деп Санатпай да саңғырлап шыға келгендей болды. Əкем қатты ақырып қалды оған:
– Бар, анау жерде тұр!.. Ей, Ақтай қорқытып болдың ба, шық бері!
– деп бір тына қалды да, үні жұмсара шықты. – Жанжүкен, шырағым, өте қорқақ едің, есіңді жиып ал, мен сенің тілегіңнің бəрін орындай- мын! Қазірше нəрселеріңді қалдырмай алып шық!
Аузым мен тамағым кеберсіп жұтына алмай тітіреп тұрған менің үрейім енді ғана орнына түскендей болды. Біздің үй жаққа жылап келе жатқан Жанжүкенді жолдан тосқан екі əйел демеп, қолтықтай аяңдады.
– Тесіктен көргенім рас болды ғой, апа! – деп қалдым мен қуанғанымнан. Шешем аузымды баса қойды:
– Сен ешкімге көрдім деуші болма!..
Қыстаудың барлық адамы сыртқа шығып қарап тұр екен. Жа- пырлап біздің үй жаққа жүгіріп еді, Жанжүкеннің арт жағында келе жатқан əкем:
– Кейін көресіңдер! – деп қайтарды.
– Жаңжүкен – Құйқаның қызы. Жіңішкелеу сұңғақ бой- лы, ақсұр жүзді, сүйріктей сұлу, қыр мұрынды, қаракөз Жаңжүкен келіскен бар бітімімен, жібектей мінезімен біздің ауылдағылардың бəрінен сүйкімді еді, бір адамның бетіне кара- май басын төмен салып, үзілердей əрең сөйлейтін ұяң келіншек. Шешемнің айтуына қарағанда, бұл сұлулық оған «осы күйеуіне келіншек болып түскеннен кейін біткен» екен. Қыз күнінде борша- борша көйлекпен күйсіз тұрмыс бар мүсінін жасырып, оны қор етіп келген көрінеді. Əке-шешесі өлген соң тым жүдеп, барлық кейпінен жасқаншақтық көрініп тұратын болыпты.
Есік алдында менің қолымнан ұстап тұрған шешем, оның осы
«қашып келуіне» қатты кейіп «кимегенін кигізіп, кедей болса да бар күшімен мəпелеп, адам кейпіне келтірген күйеуі не жазды екен бұл қызға» деп күбірледі.
Біздің үйге кірген соң Жанжүкеннен көз алмай қарап қалдым. Ет сүйектері шығып, өте арықтап кетіпті. Былтырғы сиқы мүлде жоқ.
– Мұнда қашан келгенсің? – деп алдымен əкем сөз қатты. Еңіреп отырған Жанжүкеннің аузы сөзге əрең келді:
– Өткен түні!
– Өзің ауырғанбысың?
– Жоқ.
– Енді не болған? Құр сүлдерің ғана қалыпты ғой?! – Жаңжүкен үнсіз егілді.
– Күйеуіңмен жанжалдасып па едің? – деп қалды шешем.
– Жоқ, не қылығына жанжалдасамын!..
– Енді не болған?! – деп əкем жəне жауап күтіп кідіріп
еді. Жанжүкен бөгеліп тырнағын шұқи берді: əкем жұмсарып бəсең үнмен ұзақ сөйлеп кетті сонан соң: Бұл істе ешкімнен үлкен деп ұялмауының, мықты деп қорықпауының керектігі, келерлік қауіп-қатер болса ағалық міндетпен өзі көтеретіндігі жөнінде кепілдік беріп, серт айтып келді де:
– Алдымен осынша жүдеген жайынды сөйле! – деді. Жанжүкен тұқырған бойы тоқтаусыз жылап отыр. Ернін əрең-əрең жиып, үзіп-үзіп сөйлей бастады:
– Мен... Жарым айдай болды... Ұйықтай алмадым... Тамақ та іше алмадым... Қатты қиналдым!..
– Кім қинады?
– Бұлармен бірге... қашайын десем... екі балам мен күйеуімді қимаймын!.. Қашпайын десем... өлемін!..
– Кім өлтірмек?! Қайтып өлтірмек? – деп əкем айқайлап жіберді.
– Біздің үй екі-ақ үйміз: анау... жалғыз ғой, көбінесе үйде бол- майды… аңға... отынға кетеді... өлтірем деген соң... өлтіреді ғой. Білем ғой бұлардың мінезін!.. Мылтығы да бар екен!
– Өзің қашып келдің ба, иə олар зорлап əкелді ме?
– Өзім келетін... Несіне қызығамын!.. Бірнеше күн бұрын... Күйеуіңе айтпайсың деп... пышағын көрсетті... айт-падым да... тамақ та ішпедім, одан соң... көзіме сол пышақ көрініп тұратын болды. Жылай бердім... əлгі көп сұрады... «Ауырып жүрмін»... дей салам... Бірақ... «қасымнан кетпе!» деп жалынамын... Ол үйден шықпаса күн көре аламыз ба!.. Алдыңғы күні...«Қақпанкөріп...отынəкелемін»деп...күншыққансоңкеткен...«ерте қайтып келемін» деп еді... Түнде де келмеді... Санатпай мен Ақтай келді.... Есіктің топсасын жұлып тастап... «Үніңді шығарма!» деді де... жетектеп, сүйреп жүре берді... Омыраудағы кішкенем шырылдап қалып еді! – деп Жанжүкен өзі де шырылдағандай үн сала еңіреп ала жөнелді.
Мен шешеме қарап едім, ол бұрыннан жылап отыр екен, мен де жыладым. Биғаділ көрсе «сен əйелмісің» ей, мылқау!» дейді екен деп, оған көрсетпей, екі тіземе басымды қойып алып жыладым. Үй іші бір шақ жым-жырт бола қалып еді.
– Е, бəсе солай! – деп қалды əкем. – Осы екі қаны сұйықтың өздерінің қаны тасып, төгілейін деп жүр! Екеуін осы қазір- ақ лақша бақыртып бауыздай салар едім. «Коммунист» дейтін жақсы аты бар. Өлтірсең коммунист партиясына қарсы көрініп, жексұрын қанішер болып қаласың, амал қанша!.. Сонда да өш алу шарасы бар. Анығында бұл үкімет – бұлардың үкіметі
емес, біздің үкімет, несіне қорқамыз. Жанжүкеннің осы сөзін үкіметке жеткізсек те бір жайы болар! – деп Жанжүкенге қарады.
– Ал, шырағым, жайыңды ұқтым, бұлар сенің соңыңа түсісімен- ақ Байжұрқа екеумізге келіп айтсаңдар, бұл істі болғызбайтын едік. Керегі жоқ, өтер іс өтіп болды. Өкінудің жолы жоқ. Енді бұларды сенің маңайыңды басқаны сол, тіпті мына қырдан аса алмайтын етемін! Оны- ма мықтап сен! Енді сені үйіңе өзіміз апарып саламыз, иə күйеуіңді шақыртып алып, жайыңды ұқтырып, қосып береміз. Бұған не айтасың? Жанжүкен тағы үн сала жылап кетті.
– Енді оны қай бетіммен... не абыройыммен көрермін!.. Тым болмаса бағана олар келгенде... пошаладан шықсам... немесе айқай салсам еді!.. Қасыма Санатпай отырып алды да, аузымды басып қорқытумен болды... Əлгінің балалар жылап қалды деп жалынғанын естігенімде аяйтын жаным қалмай... айқайлап жіберейін деп едім... тұншықтырып үнім шықпай қалды!..
– Ар-абыройың да, бетің де, тілеу-ниетің де əлі өзіңде екен, қалқам, күйеуің бұл жайды түсінетін жігіт!..
Байжұрқа бар сөзді есіктен тындап тұрыпты, екі бүктеліп кіріп келді.
– Ал Жаппар, – деді қолын артына қайырып тұра қалды. Төмен қарап отырған Жанжүкенге қарап бір сəт тұрды. – Енді менің кешірерлік те, коммунистігіңнен қорқарлық та еш жайым қалмады!.. Жасым жетті ғой, қан ішкен атақ менімен ғана кетсін, сен қозғалма, сол екеуін қазір өлтіремін.
Байжұрқа шыға жөнелді. Жасы алпыстан əлдеқашан асып кет- кен адам болса да, қайраты əлі мығым екен, алдын тосқандардың ешқайсысына бөгелер емес, кезіккенін итере салып жөнеле берді, əкем жүгірді артынан. Үрейлене жүгіріп мен де шықтым. «Кісі өлтірткен мен боламын-ау» енді деген өте суық сезім қалшылдатып əкетіп барады.
– Əне қашты! – деп айқайлады біреуі. Əкем суып тұрған атын міне салып, қуып берді.
«Олар екеу ғой, əкемді өлтіріп кетеді-ау!» деген қауіппен қалтырадым енді. Бірақ, оның артынан атты–жаяулы азаматтың бəрі ілесе қуды. Бір белеңнен Санатпайдың жан дауысы шықты:
– Ойбай-ай... Жəкетай, жанымды қи, жанымды қи, Жəкетайым!.. Құлдығым бар, Жəкетай, құлдығым. кұлдығым! – деп қылғына қалғандай болып үні шықты.
– Өлтірді-ау, – деді шешем!
Енді бір мезетте əріректен Ақтайдың дауысы шырқырады: ол
жалынышты сөзбен ағасынша шырқыраса да, оның дауысы оншалық өшпей жақындай берді, иə сойыл, иə қамшының үні естілмейді, ат үстінен қалай шырқыратып келе жатқанын түсінбедім. Санатпай- ды басқалап-итермелеп айдап əкеледі. Өз аяғымен келе жатқанына қарағанда өлмеген де, бірақ, үн жоқ. «Екі батыр» Байжұрқаның есік алдына апарылды, мен де қорықпай бардым. Биғаділ тіпті басынып, қос аюдың дəл алдына барып қақшиып тұр. Байжұрқаға əкембірдеме деп сыбырлап еді, ол кісі жай–жапсарды жиылған жұртқа қысқаша болса да айқын айтып шықты.
– Ал, көпшілік,– деді сонан соң, – əділдігін сендер айтын-даршы, қайтейін бұл екеуін! Мұнша басынар ма, адамды мұнша қорлар ма?!
Жаңа туып келе жатқан жарты айдың алакеуім сəулесі астын- да көпшілік қатты ыза білдірді. Əрбір жүректен қайнап тұрған кек, булыққан ашу буырқанып-тасып ала жөнелді. Көпшіліктен өлтіруден төменірек үкім шыға қоймады. Екі қанқұйлының шешесі де бажылдап, қарғап-сілеумен болып, екі ұлын бірнеше рет шапалақтап жіберді де, Байжұрқаның алдына барып бүк түсті. Мұнысы кешірім сұрағаны болса керек. Өлмелі кемпірдің өз ішінен шыққан шұбар жыландары үшін бас ұра жығылуына Байжұрқаның жүрегі шыдамағандай, бұрылып жүріп кетті де кемпірдің қасынан алысырақ барып тұрды.
Жекеленіп сөйлесе қалған бес-алты жігіттің біреуі өктем үнмен саңқылдап кеткенде ғана көпшіліктің абыр-сабыры саябырлай қалды.
– Əке, қартайдыңыз,– деді жігіт. – Енді қартайғанда бұл иттердің арамқанын сіз арқаламыңыз! Жаспыз ғой, біз көтерейік...Арам болса да біз ішейік! – деп «бадырақтарға» төне кеп түсті. Бұл – баяғыда
«қапқа түсіп» келетін Тəби кемпірдің жалғыз ұлы Баянбай дейтін жігіт еді. Алып тұлғалы, зор жүректі бұл жігіттің істеймін дегенін істемей тынбайтынын білетін Ақтай–Санатпай Байжұрқа мен əкемнің аяғын құшақтай келіп жығылды: бар дауысымен өкіріп жалбарына ант- қасамын іше жығылды, бебеулеп-зарлап кемпір жатыр. Байжұрқаның босаңқырап қалғанын байқаған əкем, олардан аяғын серпіп босатып шыға берді де:
– Бұлардан негізгі кек алушы біз емеспіз,– деді. Өлтіруге хақылы талапкер əлі келген жоқ, күйеуді шақырып келіңдер біреуің! Солардың қолына байлап берелік, үкіметке апара ма, өз қолдарымен жазалай ма, өздері білсін!.. Ал, Байжүкең екеуміздің міндетіміз: бірінші, хақы иесіне тентегімізді қашырмай тапсыру. Екінші, өз ықтиярларымен қосылып, күн кешіп жүрген момын жандарға енді қайтып қас
қылдырмау үшін екі бұзықтың да тілерсегін қиып тастау, бұл шара- ны ақы иесінің жазасы орындалғанда, тірі қалса мен орындаймын!
Көпшілік бұған толық қосылғандай қатал раймен құптасты да, жы- миысып қойды, мұндай жаза – малға шапқан қасқырға қолданатын əкемнің жазасы екенін көпшілік біледі: нақ қылмыспен қуғынға түскен қасқырды өлтірмей, қара тұмсықтан ғана ұрып талдыратын да, тұмылдырықтап алып, ауылға тірі əкелетін. Сонан соң артқы екі аяғының тілерсек тарамысын қиып тастап, мал арасына қоя беретін. Бұл – жеңіл қылмысты қасқырдың жазасы еді. Егер ірі мал жеген ауыр қылмысты қасқырды қолға түсірген болса, терісін тірідей сыпырып алып қоя беретін. Тұмылдырық қасқырдың сойғанда ыржақтап «күліп» жататынын мен бұл қыста үш рет көрдім. Күн жылы болса қызыл жалаңаш күйінде де жуырда өлмей, бірсыпыра уақыт «бүрсеңдеп- ойнап» жүгіріп жүреді екен.
Ақтай–Санатпайдың қайталап қас қылмауы үшін əкем қолданбақ болған шараға бірнешеуі жасырын күліп алды.
– Мына жазаңыз – ең жеңіл жаза еді ғой, Жəке?! – деді біреуі. Енді біреуі оны тойтарды:
– Жоқ, бұл жазалар орындалып болғаннан кейінгі, қойға қайталап шаптырмау үшін қолданылатын шара, бұған қосыламыз. Тірі қалса тілерсегін ғана қиюымыз керек!
– Дұрыс, – деді тағы бірі, – бұлар бөктеріп алып келсе де, өлтіріп жей алмай қалған қасқырлар ғой.
– Өлтірмегенімен мал емес адамды өлім халіне жеткізді. Бір емес, бір үйлі жанды ойрандады. Кішкене балаларын шырылдатып тастап, шешесін бөктере қашу қандай ғашықтық! Бұл адамшылығынды с... дер, осы ауылдың да намысын таптады. Бұлар істемеген жауыздық қалды ма!.. Рақым жоқ бұларға! – деп айқалады біреуі.
– Ал, енді қалғанын таңертең көрейік, екеуін екі тошалаға апа- рып байландар!
– Қолдарын артына қайырып мықтап байлаңдар да, діңгекті екі бұтының арасына келтіріп кісендеп тастаңдар, қашпасын, – деді əкем!
Арқанаты тауындағы Жанжүкеннің үйіне дереу адам жіберілді.
Əділетті «тергеушім», бұл оқиға түгелімен менің қылмысым. Мен болмасам «ғашық» Санатпайдың құшағында момын сұлу тып-тыныш жата бермей, бұл ауылдан мұншалық ұлар-шу, ұрып- соғу, зарлау мен қақсау туылар ма! Тілім шықпай тұрып-ақ əкеме тыңшы болып, өзіңіздей екі төңкерісшіні осылай жазалатқанмын.
Бұл қылмысым үшін мені Жанжүкеннің сол екі баласына тепкілетіп өлтірсеңіз тіпті əділдік болар еді. Қылмыстыны қимасына са- бату, əкесін баласына сабату – қастарды төңкерісшілдікке тəрбиелеудің бірден-бір жолы, адамзатта болатын қайырымдылық пен жанашырлық сипатты кері төңкерісшілдіктен адаланудың данышпандық назариясы емес пе еді.
VII
Ақтай қорқытып қуып жіберген екі жігіт ертеңіне түс ауа өгіз жеккен шанамен біздің үйге келіп түсті. Ауыл кəрілерінің бəрі біздікінде. Осы мəселені қалай шешу жайлы кеңесте еді. Екі жігіт күлім қағып бар ықыласымен сəлем беріп кірді. Күйеу – кешегі бізге құрт беріп, жөн сұраған жігіттің өзі екен. Кешегі суық-сүркей жүдеу шырай жоқ, қуанышпен құлпырып өңейе қалыпты. Барлық ибасы мен разылығы көзінде жайнап тұр. Адамгершілігі нұр атқандай, Жанжүкенге жаутақтай қарай берді. Сол жайнап тұрған көзінен Жанжүкеннің жүдегендігіне жаны ашығандай, іркілген тұп-тұнық жас та көрінді. Ол кіргенде Жанжүкен өзін тоқтата ал- май солқылдап кетіп еді, жылауын əрең бөгеді.
– Балалар аман ба? – деді ақырын ғана.
– Аман, нағашы апам келіп бағып отыр. Еш нəрсе болған жоқ!
– Не болып қайта алмай қалдың?! – деп Жанжүкен тағы солқ–
солқ ете түсті. Үй толы адам соларға қарасты.
– Арқандап қойған өгізім жоғалып, таңға жақын əрең таптым. Оны бір сарайға апарып байлап тастапты, біреудің ізі жатыр.
– Алдымен сені шырмаған екен ғой! – деп Байжұрқа саңқ ете түсті де əкеме қарады. – Ал, не отырыс бар!
Сөзді əкем бастады, кешеден бергі болған оқиғаны, өздерінің көрген шараларын күйеуге толық сөйлеп берді.
– Қылмыстыларың екі тошалада байлаулы жатыр, – деді ақырында, – оларды сол байлаулы күйінде-ақ қолдарыңа береміз. Зəбірленуші сендер ғой, сотқа бересіндер ме, осы жерде соттай- сындар ма, билік сендерден!
– Құрметті ағекелер, – деді күйеудің қасындағы жігіт. – Сіздер тұрғанда біз билікті қайтеміз? «Соқырдың тілейтіні – екі көзі», біз саяқ қоныстанған əлсіз екі-ақ үйміз, бізге өз амандығымыз ғана ке- рек. Ең қорқарымыз сіздердің қолда екен. Бұлар бізге енді тиіспесе болғаны. «Бадырақ көз, сен тимесең мен тимеймін» деп қайта береміз. Оларды өшіктіріп алмайық!
– Оларды айдап сонау Жүзағашқа апарарлық бізде көлік те жоқ,
– деп күйеу қостады оны. – Қайтеміз, құдайдан күттік! Бұл закон- чиктермен үкімет алдында айтыса алатын да жайымыз жоқ, бұлар үкімет адамдары ғой, үкімет бізге «ие» дей салар да, қоя бере салар, сонан бұлар қайтып келерде бізге «ме» деп сыбағамызды қайта тар- тар. Біз кештік, тек олар енді бізге тиіспейтін болсын.
Əкем қолданбақ болған кеше түндегі шарасын тағы айтты!..
– Бұлар өшігіп, қорамызға қайта шабар дейтін күдіктен енді аулақ болыңдар! Сендер жаққа енді беттей алмайтын етемін. Менің қасқыр «асырап» жүрген аңшы екенімді білесіңдер, сендер жазалап болғаннан кейін тілерсектерін қиып тастаймын, мына белден асып көрсін сонан соң!
– Ағатай, мұны айта көрмеңіз! – деп жалынды өш алар күйеудің өзі, – балаларыңыз бар ғой, біздің кесіріміз сізге де тиіп жүрмесін!
– Үкімет тыя алмай қалған тентек болса, біз тыйсақ қайтер дейсің! Барлық қылмыс дəлелдері қолымызда ғой... Ал жүріңдер, Жанжүкен шығарым, сен де жүр!.. Сотқа апара алмасаңдар қорқыныштан құтылып қайт!.. Кейін үкімет сұрай қалатындай болса, олардың бар қылмысын тартынбай-жасырмай айтуды ұмытпа!..
Екі қылмысты Байжұрқаның есік алдына шығарылғанда ауыл адам- дары түгел жиналды. Қос содыр сол бір түннің ішінде-ақ жазасын тартып болған көрінеді: ауыл жігіттері кəрілерден ұрлап–жұлмалап тамтығын қалдырмапты, сасыған өлекседей ісіп-кеуіп кеткен екен. Екеуі екі тошаладан сүйретіліп шырқырай шықты.
– Ағатайлар, шыбын жанды қиыңдар! – деп Санатпай тар маңдайын қатқан мұзға тақ-тұқ ұрды. – Бауырым, Жанжүкен, Мамырқан, сендер кешіре гөріңдер!..
Ақтайдың көнек болып кеткен ерні мен мұрны жалбарыну сөзін толық ұқтыра алмады, бүкіл бет-аузын қаптап алған қан-қан шаш жағы мен иегіне жабысып қалыпты.
– Қасықтай қанымды! – деп бірдемесін үздіксіз міңгірлеп, жерге жабыса сүйретіліп шықты.
Екеуінің де бірнеше қайталап айтқаны: «ешқайсыңызға қас қылмауға қасам ішейік, құран ұстайық!» деген жалынышы көпшілікке ой салғандай, қатал жүздерді біраз жұмсартқандай ашулы айқайлар сая- бырлай қалды. Мұншалық соққыға түскенін қариялар да, əкем де білмей қалыпты.
– Құран ұстатып, ант алсақ, осылар тыйылар ма еді? – деп күбірледі əкем Байжұрқаға, тың бір шара тапқандай ойлана қалды.
Жібіп-босап қалған сияқты. Бір шетте тұрған Баянбай зекіре сөйлеп кетті осы кезде:
– Кеше ғана «құдайыңды», «құраныңды» деп жүр едіңдер ғой, əкеңнің! Енді көр аузында ғана естеріңе түсіпті!.. Маған беріңдер! – деді əкеме қарап. – Бұлар құранын о дүниеге барғанда бір-ақ ұстасын! Өйтпегенде алдайды да, желкемізге қайта мінеді!
– Міне жаным, міне иманым, – деп екеуі екі жерде жанда- рын жарыса беріп жатты. – Алдарыңыздан қия кесіп өтпейік!.. Не бұйырсаңыздар соны істейік!.. Жанжүкен, Мамырқан! Маңайыңды енді бассақ, қылша мойнымыз талша жұлынсын. Бір рет кешірдік деңіздерші! Жанжүкен, Мамырқан!.. Бір рет қана ұлтарақ- шұлғауларың болайық!..
– Үкімет кешір дегенде ғана кешіреді бұлар, – деді əкем. Қазір сотқа айдап апарамыз!.
Бұл сөзге келгенде Ақтай қызған қазанға түскен бидайша ыршы- ды:
– Жəкетай, енді... енді... Өлсек те өз қолдарыңызда... Өз қолдарыңызда өлейік!.. Өздеріңіз... Өздеріңіз не қылсаңыздар да!.. Өз ауылымызда өлейік!..
Кəрілерден бірнешеуі алдымен əкемді, сонан соң Байжұрқаны, екі жігіт пен Жанжүкенді жеке шығарып əкетіп бірдеме айтып жат- ты. Екі содырды екі қолымен желкеден сүйрей жөнелген Баянбай- ды əрең тоқтатқан Тəби шеше де сол жерге барды, кеңес соңында бір шал бүкшеңдеп барып кұран алып шықты үйінен.
– Ей, құдайсыздар, – деді ол Ақтай-Санатпайдың алдына келе зекіп, – сендер құдайды, кəлама молданы ұмытқалы қашан!.. Өлер шақтарыңда иманға келесіңдер ме, жоқ па!
Екі содыр бірін-бірі тоспай қоңқылдап ала жөнелді: «Құлдық! Құлдық!.. Осынша қылмысты құдайды ұмытқанымыздан істедік!.. Қойдық!.. Тəуба қылдық!.. Ант ішейік!.. Намаз оқиық!» дегендей əлденеше қайталаған кұлшылық сөздерімен қанды қолдарын тарбита жайды құранға... Ескірген сары тісті жалба- жұлба жуан кітапты қос қолдап алып соған қан соқталанған жалбыр-жұлбыр басын қойған Ақтай көнектей ерні мен мұрнын бір-ақ салды. Сүйіп жатыр ма, иіскеп жатыр ма айыру қиын еді. Көпшілік төне қарап тұр. Ақтайдан соң Санатпай да солай сүйді. Əлгі молда шал жайнамаз алдырып, құранды соның үстіне қойды да екеуін соған қаратып «беттері құбылада» жүгіндіріп отырғызды. Молданың бұйрығымен екеуінің оң қолдары құранның үстіне қойылды.
– «Алланың ісімен бастаймын» деңдер, екеуің бірдей айтыңдар!
– деді молда. Екеуі қатарласа соны айтты. – «Магарики, мұнан кейін
Аллаға қарсы күпірлік етсем, осы кəлам шəріптің қасиеті атсын!..»
«Магарики, Мамырқан–Жанжүкен сияқты некелі əзиз жандарға үшбу қасамнан кейін қастандық-харам ниетте болсам... Магарики, осы тұрған күллі кедей-пақыр жандарға харам-қастандық ойла- сам... Алла алдында қара юз болайын! Өзіміз кəпір, қатындарымыз талақ болсын!»
– Үй молда, – деді Баянбай. – Бұл иттерде талақ боларлық қатын тұрмақ қаншық бар ма еді!
– Мұнан кейін, үшбуден кейін!.. – деді молда, ол нені айтса соны айтып жатқан екі содыр бұл сөзді де қатарласа айтты. – «Үшбуден кейін ұрлық қылсам, ғайбат айтсам, боржай деп қорқытсам, інсанға жəбір салсам, Алланың қаһары, кəламның киесі атсын!»
Осы сөздерін молда үш рет айтқызып шықты, асықпай, бірден анықтап айтқызды. Қалтыраған екі содырдың құран үстіндегі қолдары аяздан сіресіп, қыбырсыз жатыр. Өздері жуан етіктерінің үстінде жүгініп отыруға шыдамай мықшиып жатса да бар күшімен ай- тып жатты. Ант сөздері айтылып болысымен əкем қатты дауыстап тілдеп жіберді:
– Əкеңнің аузын... Мына жаққа қарап енді ұлитын болсаңдар тірсектеріңді қиямын да тастаймын!
Ант аяқталса да, Санатпайдың қолдары құран үстінде тұра берді. Жанжүкен мен екі жігіт шанаға түсіп жүріп кетті. Қарсы алдарында кетіп бара жатқан шанаға да қарай алмай, құранға телмірген бойы екі содыр отырды. Өгіз шана əудем жерге барып тоқтай қалды. Жездеміз бірдемесін ұмытып қалғандай қайта жүгіріп келді де, Биғаділ екеуміздің бетімізден екі сүйіп лəм демей қайта жүгірді.
– Мұқаметқали болыстың қалай өлтірілгенін білесіңдер ме, ей, шошқалар! – деп сұрады əкем қасқырларына төне қарап.
– Білеміз, естігенбіз, – десті олар. Құран мен жайнамаз жиып алынды.
– Қаны тасыған, əкеңнің аузын... естіп жүріп-ақ сол кірген көрге кірмек болыпсыңдар ғой!.. Барыңдар үйлеріңе!.. Сендердің қылықтарың одан да асып түсті, ұмытпаңдар!..
Мұқаметқали дейтін болысты қыз-келіншектерге істеген ашық зорекерлігі үшін былтыр қыста халық өлтіріпті. Соны ескертіп əкем со- дырларды қоя берді. Бірақ, Байжұрқа мен Баянбайлармен сөйлескенде үкімет орындарына-ақ мəлімдеп қоюды ақылдасып, тоқтасыпты. Гүлжан шешеміз бен Нұрғайшаның ауруы күшейіп кетіп, соларға
əр жерден дəрі іздеп жию қарбаласында болды да, əкем мезетінде жолға шыға алмай қалды. Дəрі материалын тауып жасап болғанша екі науқас іркес-тіркес қаза болған соң, үкіметке «мəлімдеп қою» ұмытылып та кетті.
Бұл қысты Ақтай–Санатпай тым-тырыс, тымырсық күйінде өткізді. Еркімен жүрсе де ұрды-соқты деп ешкімге шағым айтпаған, арыз көтермеген сияқты. Бірақ, қыс өтісімен бөліне көшті де, іргесі мүлде аулаққа кетті. Бұл аулақтық біздің ауылға аз уақыт тыныштық бергендей көрінгенімен артынан аяз болып біліне бастады. Үржар маңындағы Егінсу деген жерге көшіп келген соң, əкем бір-екі күнге жолаушылап кетіп еді.
– Ақтай, Санатпайлар көрінбегенімен көрімізді қазып жүрген екен! – деп тым көңілсіз қайтты. Үй ішіндегі үлкендер арасындағы күбір көбейді. Биғаділ екеуміз ол күбірдің жайын ұға алмадық. Əйтеуір, бізге қуаныш болып келген «көп баламен ойнау»,
«колхозға кіру» дейтін жаңалық естілмей қалды. Оның үстіне ауылымыздың адамы азайып кетті. Қайда кетіп жатқанын білмедік. Əкем біреуден екі өгіз бен тіс ағаш сұрап əкелді де екі тақта жер жыртып тары шашты. Күн сайын азайып жатқан ауылымыз ақырында үш үй болып қана қалып еді. Ол үш үйдің өзі де бір- біріне алыс-алыс əрқайсысы өздерінің салған егіндерінің жанына қонып, қара-қоңыр үйлеріміз жеке-жеке шошайды.
Қуандықтың қолындағы кəрі əжеміз «жалғыз қаңғырып қалыпты» деген хабар келді бір күні. Əкем дереу іздеп барып, жалғыз атымен соны алып келді. Өте бүкшиіп, қатты жүдеп қалыпты. Төрт қанат киіз үйде тағы да он адам болып тұрдық. Сауыннан жалғыз сиыр бар. Кəрі əжемізден сұрасақ, Қуандық та «құлаққа» жатып, мал-мүлкі кəмпескіленген екен, Сібірге айдалып бара жатқанда қашып кепті де, əйелін ертіп «жоғалыпты». Басқа кіші аталардың үй іштері де солай, олар бұрынырақ «жоғалған» екен.
Алыс-алыс үш үй ғана шошайып, Биғаділ екеуміз құлазып қалғанымызбен үй іші көңілді сияқты көрініп жүрді. «Биыл астығымыз көп болады» деп əкеміз бен Бигелді ағамыз алдыла- рына алып қуантатын болды бізді. «Жоғалып» кеткен үйлердің бірнешеуінің салған егіндері де «бізге» қалыпты. Үйде астық азайып, бір-бір уыс бидай ғана жейтін болғанымызда бұл қуаныш тіпті көп айтылатын болды. Күндіз-түні егін суаратын ол екеуінің қол-аяқтары қап-қара болып, көздері шүңірейіп кеткенде, жақтары суалып арса-арса болғанда, осы қуанышты онан сайын көп ай- тып бізді уатып жүрді. Қарнымыз ашқан сайын бұл қуаныш бізге
де өте зор қуаныш болып сезіліп, тез уанатын болдық. Биғайшаны көтеріп алып, Бисара тəтеміз де енді көктеген егінді көп аралайтын болды. Тегі кішкене Биғайшаны да ол осы сөзбен қуантып, осы қуанышпен уататын көрінеді. Қуанышты майса кезінде көрсетіп, жүріп уату-дəлелді де, пəтуалы да болады ғой!.. Əзер болса көзіне нан елестеп ішек-қарны ғана шұрылдар, уатушылардың өздері де тамсана сөйлеп уатып жүрді.
Бигелді ағамыз бізді солай уатып, астық сары ала тартысы- мен көк тары жейтінімізді, онан соң тіпті үлкен-үлкен қарма нан да жейтінімізді айтып қарық қылып отырғанда, бір топ атты адам тасыр-тұсыр шауып келіп есік алдына тұра қалысты.
– Жаппар қайда? – деді біреуі үстем үнмен. Бигелді жүгіріп шығып, егін басын көрсетті. Аттылар солай шауып ала жөнеліп, əкемді қоршай қалды. Араларында Ақтай да бар екен, бəрі мылтықты, біз шошып кеттік. Əкемді алдыға салып айдап келді.
– Жуанның тұқымы, енді жуандығыңды көрсетші кəне! – деді біреуі. Үйдегі бəріміз үрпиіп, есік алдында тұрмыз. Əкем келе
«ауылаткомға» шақырылғанын, біздің қорықпауымызды тапсырып үйге кірді.
– Мылтығы бар мұның! – деген Ақтайға, біреуі: «жазға салым Жүзағашқа қайтарып» берілгенін айтты, əкем бешбеті мен етігін киіп шығып, алдыға түсіп жүре бергенде, əжеміз боздап жіберді:
– Құдайым-ау, енді қайттік!.. Қалай күн көрдік. Жаратқан-ау!.. Айдаушының бірнешеуі қайырылып тұра қалды, Ақтай
мылтығының шақпағын шақ-шұқ қайырып жіберіп:
– Қайда құдайың!.. Аспанда ма еді! – деп зірк-зірк ете түсті де, аспанға қаратып мылтықты атып-атып жіберді. Қорқып кеткен мен шалқамнан түсе жаздадым. Жалт қарасам əжем де, шешем де жағасын ұстап тұр екен.
– Құдай сенің қыстағы құран сүйген жеріңде қалмасаң да табар əлі! – деді шешем бар дауысымен. Айдаушылар үн-түнсіз жүріп кетті. Əкемді ұрар ма екен деп қауіптеніп едік, тиіспей айдап, əудем жердегі Баянбайдың үйіне барды, оны да айдап шықты. Тəби шеше Ақтайды тым қатал үнмен жер жебіріне жете қарғап-сілеп қалды. Үйдегі ең кішкенеміз Биғайша да дағдарып, үн-түнсіз үрпиген күймен əкеміз кеткен жаққа ұзақ қарап тұрды. Қарасы үзіліп. кеткен соң да біз кеш батқанша сол жаққа қараумен жүрдік.
Əкем де, Баянбай да ымырт жабыла қайтып келді. Əкемнің қатты түтігіп, біржолата бітіп қайтқаны байқалды бізге. Үн жоқ. Не дер
екен деп бəріміз соның бетіне қараулымыз. Шешем дастарқанға бір уыс бидай салып шай құйды. Əрең тілге келді əкем:
– Жуанның тұқымы аталдық, бес жүз кило ет налог салды, – деп күрсінді. – Көздегендері атымыз бен сиырымыз, ертең алып кетеді. – Ақтай, Санатпайдың төндіруі ғой, е! – деді шешем.
– Дəл сол!.. Оның жайын мен ауылаткомға айттым!.. Амал қанша, кеш қалыппыз, аудан аткомға кезінде барып айтсақ болғандай екен. Бүгін ешқайсысы бұл сөзді тыңдамай қойды. Ол қанқұйлылар бар жерді шиырлап, Баянбай екеумізге көр қазып болыпты!.. «Жуанның, боржайдың тұқымысың, ауданда тізімің бар екен, лаж жоқ!» деді де қойды ең жанашыр дегендеріміз.
– Біздің өз əкемізден бастап жетімдікпен, кедейлікпен көз аш- пай келгенімізді айттың ба?
– Айттым ғой!.. «Балпаңның немересі екендігің рас қой, тіпті соның кіші əйелі де сенің үйіңде тұр ғой, рас па!» – деп куə бол- ды Ақтай. Мен: «Рас» дедім, «сен екеуіңнің қақаған аязда есігін бұзып, емшектегі балаларын шырылдатып тастап, Жанжүкенді зорлап алып келгендерің де, екі күн өткен соң көріп, менің сендерді ұрғаным да рас, сендердің үкіметке айтпа деп ант-су ішіп, құран сүйгендерің де рас! Сен бұзықтарға жаным ашып, енді жаралы болғаным да рас!.. Осы қырсықтарыңнан тірі қалсам, өлетіндіктерің де рас» деп айтып шықтым.
Əкем мұнан соң үн-түнсіз жатып қалды. Бəріміз де үн-түнсіз ауыр қайғымен жаттық.
– Жалғыз ат пен жалғыз сиырдан айырылған соң балалар не күйге түсер екен! – деп күбірледі шешем. Сол кеште үйдің іші түгел күрсініп, ұйықтамай шықты.
Таңертең ат пен сиыр байлаулы күйінде келешек иелерін күтті. Шешем қызыл қасқа сиырын жылай отырып ақырғы рет бір сауып алды. Биғаділ екеуміз тарғыл бұзаудың тұмсығын сүйіп, аймалай бердік.
Күн көтеріле бергенде үш адам келіп, атты жетекке алды да, сиырды бұзауымен айдай жөнелді.
– Жүр, Жаппар, – деді біреуі, – өлшегенде қасында болып, бес жүз килодан артық-кемін көріп қайт!.. Боқ-жыны ет болып кесектелмейді ғой, жетпей қалуы мүмкін, артыла қоймас.
– Қайран кəрі жирен! – деп өксіп қалды əкем ат жетектеліп бара жатқанда. Бəріміз артынан қарап, телміріп тұрмыз. Əкеміз бен шешемізге қарап қойып, олармен бірге жылап та тұрмыз. Биғаділ мен Биғайшаға қарасам, кеберсіген ауыздары ашылып, кішкентай қабақтары бүрісіп
түйіліп қалыпты, бұл кейіптерін байқаған мен мылқау солқылдап үн сала жыладым.
– Қайран қасқа сиыр!.. Сүтті еді! – деп шешем қатты егілді.
– Тарғыл бұзау əрең еріп барады! – деп жылады Биғаділ. Қанатым едің қайран жирен, қош, – деп тағы бір өксіп қалды əкем.
Түбірлі жанның тұрмыс-түйіні болып келген қайран қызыл қасқа!
«Мейірімді анадай иитін қайран төрт мама ешмек!» Жирен ат пен қызыл қасқа сиырдың артынан қарап тұрып, бəріміз ашықтық, бəріміз шөлдедік, бəріміздің де аузымыз ашылып, ерніміз кеберси түсті. Көзіміз бұлдырап, сол қимастарымыз көз ұшынан үзіліп кетті.
Құрметті «тергеушім», біз тұқым-тұқиянымызбен осындай буржуймыз. Сондықтан, конфискация шартына толық үйлестік те, мыңғырған малымызды шұрқыратып бір-ақ айдаттық. Əкемнің Ақтай, Санатпайға істегені осы жазаға лайық-ақ қылмыс қой!
VIII
Рақымсыз ашаршылық бізді ұлар шу болып жылауымызға қарамай бүрді. «Қуаныш айтып» уатушылардың өздері де бүріліп, тыжырына əрең сөйлейтін болды. Əкеміз бен Бигелді мойындарына қоржын-қап артып ел кезді. Əркімнен қарыз астық сұрағанымен, жақын маңнан табыла қоймай, алысқа жорытты. Əр күні кеткен жақтарына қарап тұрғанымызда екеуі екі таяқпен қалқақтап əрең жетіпті, үн-түнсіз құлап түседі. Олар тастай салған қап пен қоржынның бос екенін көре тұра көзіміз сенбей, қол сала тінтеміз. Түбінен кейде бір табақ кебек, иə, тарының қара талқаны шыға қалса, жайраңдап қаламыз. Табылмаған күндері, табанынан таусылып қайтқан екеуінше біз де солай жата қаламыз.
Бір күні екеуі де ақсап таяқ сүйенішімен əрең жетті, десе де кеберсіген еріндерінен күлкі байқата жетті. Екеуі бөліп көтерген екі бұттай шикі тары бар екен. Сол кеште тілмар Биғазы бізге қызық ертегі айтып берді. Бəріміз күлкімен болдық. Шешем де жасаңғырап қалғандай, ол ертекке жымиып қойып жүрді. Бұл шаттық қайнап жатқан шикі тары көженің буы еді.
Таңертең бəріміз де ерте тұрдық. Шешеміз бар тарыны қазанға бір-ақ салып қайнатып жатты. Бисара тəтем арық үстіне тоқыған ши жайып қайнаған тарыны соған салып сүзуге дайындалды. Сүзілген соң-ақ ол тары қуырылады. Алаша жайылып оның үстіне келі-келсап қойылды. Демек, қуырылған соң-ақ түйіледі. Түйілді
деген сөз – ауызға түсті деген сөз. Бигелді де, Бисара тəтеміз де асқан келіші болатын. Тары қайнап болмай-ақ ол екеуі жеңдерін түріп, сыбанып алып, қазір-ақ тоятындығымызға сендік.
Бірақ сол тары ауызға түспей, бір уақиға туылып қалды.
Өз үйі алдынан Бигелдіні шақырған Баянбайдың дауысы естілді де сыбанып тұрған ағамыз ұша жөнелді. Бəріміз сол жаққа қарадық. Бигелді жүгіріп жетіп еді, Баянбай бір қап бірдемені үйінен əрең көтеріп шығарып, Бигелдінің арқасына қойды. Зор денелі, күшті ағамыз тəлтіректей барып түзелді де, бар күшімен дедектеп бері тартты.
– Ойпыр-ай, мына қасқыр не пəле тапты екен? – деп əкем шо- шына қарады оларға.
– Сірескен бір қап ет екен. Бигелді үйге кіргізіп қоя салды. Өте семіз жылқының еті. Біз қатты қуанғанымызбен əкеміз қатты шо- шыды. Көзі шатынап біраз тұрды да, Бигелдіге ақырып қалды:
– Əкет, өзіне қайтарып бер!
Бигелді қайтерін білмей, шешеме жалтақтай берді.
– Япырмай, мынасы ұрлық қой! – деді шешем.
– Пəлесі тиеді, əкет! – деп тағы ақырды əкем. Баянбай қарқылдап күле кірді біздің үйге:
– Қорықпай-ақ қойыңыз, Жəке, пəлесі де күнəсі де өзімдікі, сізге жұқтырмаймын!.. Бұл ет – балалардың ырыздығы. Жас ба- лалары мен кəрі кемпірлердің кұдайға еш жазығы жоқ. Бұлар аш- тан қырылмасын дедім де, кеше таңертең жаяу жорытып банды қуалап жүрген атты солдаттардың соңына түстім. Бұл шақта банды аталғандар – жазадан құтылу үшін тау-тауға тығылып жүргендер бо- латын. Өткен іңір қараңғысында сəті келе кетті: банды жолында күзетте жүрген бір орыс əскер түсе қалды да, атының шылбырын қолына алып, тобылғының арасына қисая кетті. Еңбектеп қасына таман бардым. Ауыл өте алыста қалып еді, ұйықтауын күтіп көп кідірсем, таң ағармай үйге жете алмайтын сияқтымын, тықыршып асығып ба- рамын. Сыбдыр білдірмей, аттың мінер жақ алқымында біраз жаттым. Қатерсіз болу үшін мылтығын ала жөнелмек едім. Бауын мойыны- на асып, басына жастанып алыпты. Шылбырын қиып, жерге қоя салдым да атқа қарғып міне қаштым. Аттылы атып қалды артымнан. Аттың жалынан ұстап қабырғасына жабыса жөнелгенмін, тимеді. Əр жерге түсіп тыныққан бес алты əскер еді, тарс-тұрс бəрі атты. Оқ шыр-шыр етіп үстімнен аттың құлағынан сипай өтіп жатты. Жануар мұндай жүйрік болар ма, лезде қара үзіп кеттім. Із тастап тауға қарай біраз зымыраттым да, бір жыраға түсіп алып, қайта бері
тарттым. Үйге түн ортасы ауа бергенде-ақ жетіп келіппін... Атын бұл ауылға сойылды деп ол солдаттар мүлде ойламайды, банды əкетті деп түсінеді. Қорықпай-ақ жей беріңіз!
«Енді қайтармаса екен!» деген тілекпен бəріміз əкемізге жаудырап қарай бердік.
– Япырмай!.. Япырмай!.. – дей берді əкем. – Үй, осыншалық жаныңнан безетіндей не болған саған, жалғызсың ғой!
Баянбай қарқылдап күле берді, əкем шиыршық атқан сайын күлді.
– Ақтай алдына салып айдағанынан-ақ безгенмін бұл жаннан,
– деп тынды ақырында. – Артымда шулап қалар балам жоқ. Шешем мен кішкене інім тағдырдың жазғанын көрер! Келіншек қой жап-жас, мен өлсем тие салар біреуге, қорыққанды құдай алмай ма, «еркек тоқты құрбандық. Мына кəрі шешелерің мен жас балаларыңның бір кəдесіне жарап өлейін дегенім ғой!.. Ал, Жəке, бұл пəледен қам жемеңіз, біреу көрсе «Баянбай балаларға беріпті, қайдан алғанын білмеймін!» деп қамсыз отыра беріңіз! Жауабын жалғыз өзім-ақ қайтарамын!..
Баянбай шығып кеткен соң əкем бір тұрып, бір отырды, ша- панын бір киіп, бір шешті. Қайта тұрып, қайта киінді де, таяғымен қоржынын алып жүре берді бір жаққа.
– Қайда барасың? – деді шешем.
– Жынды деп аталсам да ұры деп аталмаған едім... Мына еттің иісі тарап кеткенше жоғала тұрайын!.. – Сол бойы артына қарамай жүріп кетті əкем.
Қуғыннан титықтап көзі қып-қызыл болған ашулы қасқырдың ақсиып тұрған тісінен қаймықпай алқымынан ұстай алатын, тіпті, Ақтай «коммунистің» тілерсегін қия салмақ болып талай ұмтылған əкемнің ұрлыққа келгенде тым су жүрек екенін көргенім осы. Шешем оның бұл мінезін ынжықтық-қорқақтық деп білмейтіндей артынан қарап тұрып күлді де, көз жасын бір сүртіп алды. Бигелді етті қабымен егіндік арасына апарып, дымды, салқын жерге көміп қойды. Ол етке қарап сілекейіміз қанша шұбырса да, күн батпай ауызға түспейтінін шешем қатал түсіндірді бізге. Енді қуырыла бастаған тарыға қарап тамсандық. Жан-жағына қарап жалтақтап тұрған Бигелді:
– Бəле... – деді бір кезде. Алыстағы ауылаткомы жақтан бір топ атты құйындатып келе жатқаны көрінді. Тəби шешеміз үш-төрт қап етті бір түйеге артып алып, ықтап кетіп барады. Баянбай өз үйінің алдын- да түрегеліп тұр.
– Сойқан болған екен! – деді шешем. Сөйтсе де келе жатқандарға қарамай, тарысын қуыра берді. Бигелді мен Бисара тары қаралауға
кірісті. Олар да ол жаққа қарамай, келі түюмен болды. Ал, біздің аспан құлап түссе де қарайтындай мұршамыз жоқ, Биғазыдан ба- стап бəріміздің көзіміз келінің аузында, келсаптың табанында еді. Көңіл-күйіміз өте жақсы тəрізді, тары жейтін уақыт таяп қалды ғой əйтеуір. Бигелді Тəби кеткен жаққа жалт қарағанда бəріміз қарадық. Тəбидің алдынан екі атты адам тосып тұра қалыпты. Біреуі қаптарды қамшымен түртіп-түртіп жіберді.
– Ой, шеше, түйеге артқаның немене бұл? – деді біреуі оқшау үнмен. Тəби біраз кідіріп қалды да дауыстап, ашық жауып қайырды:
– Ет қой, карағым, ашыққан соң бір ат ұрлап əкеліп сойғанбыз!
– Е, енді қайда апарасың?
– Сендерден тасалай тұрайын деп əкетіп барамын.
– Жоқ, енді тасаламай-ақ үй жағыңызға алып жүріңіз!.. Бұл кезде Баянбайды алыстан қоршап мылтықтарын қолдарына алған атты адамдар тұрды. Олар да, Баянбай да үнсіз арба- сып тұрғандай қарасады. Ет артқан түйе қайтарылып келгенде Баянбайдың əмірлі үні шықты:
– Апа, түйеңді шөгер!.. Тұлтай, бері шық, – деп үйіндегі келіншегін де шақырды, – мына етті жайғастырып көлеңкелі жерге қойындар!
Өзі арқанды шешіп жіберіп, қаптарды түсіре бастады!
– Түсірме! – деп ақырды бір мылтықты, – өзің түйені жетектеп алып жүр.
Бұл кезде біз де жүгіріп жетіп едік.
– Менің құным бір аттың етіндік болмай ма? – деді Баянбай.
– Қайда апарсаңдар да мен дайын тұрмын, қолыммен істедім, мойныммен көтеремін, жалғыз сиырларынан айырылып аш қалған мына үйге бөліп беремін де, алдарыңа түсемін!..
Баянбай қаптарды үй көлеңкесіне бір-бірден көтеріп апа- рып қойды да, өзі бұрынғы тұрған жеріне қайта келіп отыра кетті. Қоршаушылар түспей, ат үстінен төнді. Қайдан əкелгендігі, қалай алғандығы жөнінде сұрақ жүргізе төнді. Баянбай бəріне жауап қайырып отырды. Оның барынша шыншыл жүректі сөзін ешқайсысы бөле алар емес. Жым-жырт тыңдауда.
Біз Ақтай бар ма екен деп көзімізді қанша қыдыртсақ та көрінбеді, ол келмеген екен. Ал, мына мылтықтылар оншалық қорқынышты емес тəрізді, шікірейіп тұрған бірі жоқ, түстері жып-жылы. Баянбай ағамыздың да шырайы бұзылмапты. Қанға толы қызыл-сары жүзі бəз қалпында. Ат жақты жуан басын изеп тастап, күлімдеп сөйледі,
ағытыла сөйлеп отырғандықтан екі езуінен ғана аздаған ақ көбік көрінеді. Тегіс етті, жуан мұрны да, сақал-мұртсыз толық иегі де, тіпті барлық мүсіні өзінің сом үніне сомдық қоса түскендей. Қазір оған атса мылтық, шапса қылыш өтпейтіндей сезілді маған. Көз ал- май қарап тұрсам да сөзіне толық көңіл бөлмеппін. Əйтеуір оның жүзінен ешқандай қорқыныш ізі білінбеген соң, қорқыныштан мен де азат болдым. Бір кезде Баянбай:
– Ей, Бигелді! Анау екі қаптағы етті үйіңе жеткізіп ал!.. Аш елден қайыр тілегенше, кəнпискіленген малдан ұрлап же!. Шөп жесең қақалып өлесің, басқа лажы жоқ, бауырларым! – деп орны- нан тұрды да ұрлап сойған құла жорғаның терісін иығына салып алып жүре берді. – Ал мені айдап апарыңдар! Бірақ, мына көп жанның аштан өлмеуі үшін етке тиісе көрмеңіздер! Ұрлағаным міне, мой- нымда тұрмай ма!.. Мойныма қоямын деп əуре болмайсыздар!
Ұстауға келген адамдардың бір-екеуі етті де шып-шырғасын шығармай ала кетпекші болып еді, басқалары тоқтау айтты.
– Бұл – солдаттың аты, олар жылқы етін қайтарып алмайды, терісі мен ұрысын апарып берсең болмады ма, етін жеп қойыпты дей салармыз! – деді егделеу біреуі. Баянбай қайырылып тұра қалды:
– Ей, туыстар, менің басым бірнеше атқа татиды, аштан қырмаңдар, айттым ғой!..
Сөйтіп ат еті бізде қалды, атандай Баянбай айдауға кетті. Артында қалған анасы да, келіншегі де көзіне жас алмады. Жылаған менің шешем ғана.
– Біз үшін өлді-ау есіл қайным! – деп жылады ол. Тəби шеше жалғыз азамат ұлының қолды болғанына босағаны сол, қайта менің шешеме басу айтты:
– Қой, Мəдиян, мұндай шақта жасысаң күн көре алмайсың, шырағым!..
Баянбай кетісімен ет асылды да, бəріміз тойдық. Бірер айдан бергі бар тілегіміз орындалып, арманға жеткендей қамсыз ұйықтадық, ертеңіне сəскеде бір-ақ ояныппыз. Далаға шықсақ, кеше Баянбайдың үйінде қалған екі қап ет біздің есік алдына тағы келіп қалыпты. Оның үйі жағына жалтақтай караумен болдық. «Бəрін бізге беріп, олар не жемекші екен!» деп енді олардың өздеріне жанымыз ашығандай бо- лып еді. Биғаділ екеуміз қанша қарасақ та ол үйдің түңілігінен түтін, есігінен шыққан бірер адам көрінбейді. Байқасақ, түңілігі де, есігі де тарс жабулы екен. Жүгіріп барып босағасынан сығаласақ, киіз үйдің ішінде адам тұрмақ ыдыс-аяғы да қалмапты. Өзіміз шошып қайта қаштық.
Биғаділ айқайлай жетіп еді, Бигелді оның аузын баса қойып, құлағына сыбырлады. Биғаділ маған сыбырлады:
– Баянбай айдалып барған жерінен іңірде қашып келіпті де, үй ішін көшіріп ала безіпті. – Биғаділ сыбырласып отырып қана шай ішкенімен үйден Бигелдінің бір сөзін қайталап айқайлай шықты:
– Ет біздікі, кету Баянбайдікі!...
Ағамыз оны қуа шығып, құлағынан жетектей кірді үйге. «Бұл сөзді ешкімге айтпауға, Баянбай қалдырған киіз үй жаққа бармауға» құлақтап тұрып қасам алды. Біздің көптен бергі ойнауды көксеген күніміз сол күн еді, айқайламай тыныш ойнаған күніміз де сол күн болды.
Баянбайдың тігулі қалған үйін түске жақын тағы да көп адам келіп қоршады да бір тобы біздің үйге қарай шапты.
– Баянбай қайда?.. Үйі іші қайда кетті?
– Баянбай айдалып кетіп еді ғой, – деді шешем, – үй іші кеше кеште бар сияқты болатын.
– Іргелес отырған үйдің қашқанын білмейсіңдер ме!.. Қайда кетті?
– Ие, қайдан білейік тай шаптырым жерден! Ұрлығы шығып, айдағалы ат ізін салған кім бар екен ол үйге. Жəкең алдынғы күні астық іздеп кеткен. Кеше кештен бері балалар қорқып, ол жаққа аттап баспады!
Шешем осы сөзбен қалды да, олар арба келтіріп, Баянбайдың киіз үйін жығып алып кетті. Біздің үй енді жалғыз шошайды.
Құлазудан егін сары ала тартқан соң ғана құтылдық. Астық жию науқанына бүкіл үй іші болып тұтас кірістік. Əкем мен Бигелді астықтың піскенін кекілдеп тасумен болды да, біз бастырумен болдық: алаша мен киіз, тулақ жайылған «қырманымыздың» үстінде тобымызбен ойнақтайтынбыз. Үп-үлкен шешеміз бен Бисара тəтеміз кекілденген бидай мен тарының үстінде ойнақтап жүргенде Биғаділ екеуміздің делебеміз қалай қозбасын. Шаңтас болып дома- лауды да шығардық. Мұндай қызыққа іш пыса ма, бидай басатын шаңтас болмай, шашатын «шаңтас» болып шыққандығымыздан кейде шапалақ жеп қалсақ та, қызық сияқты. Қыңқ етпей ойнақ салатын көнтерілі жігіт болып қалдық. Бидай дегенді уыстап емес, табақтап жейтін болған соң, оның буы нені көтермейді. Көңіліміз тоқ, «көлігіміз» күйлі бір топ болып «билеуге» не жетсін!
Астық толық піскен соң қашқындардан қалған бидай тары- сын бір жердегі колхозшылар келіп орып алды. Бұл кезде біздің
«қырман тобы» қыран масақшы болып шыға келіп еді. Бұлардың
ішінде Биғаділ екеуміз ең қыраны болдық. Ересек масақшылар жер- ге шашылғанын ғана терсе, біз бауға басылғанын тонаймыз. Кол- хозшылар мұнымызға күледі де қояды. Жаппардың көп баласы да күн көрсін деп кеңшілік ететін тəрізді. «Мына десте бастырақ екен, түгел алып кет!» деп сыбырлайды кейбіреуі. Екеуміз бөліп көтере алмай, Биғазыны шақырамыз. Біздің «беделімізбен» ол да табысты болып қайтады сөйтіп. Масақ кезіндегі қырманшымыз – мықты Биғаділдің өзі болды да, ол үйде алаша үстінде тұрып алып, тауып келгенімізді жуан табанымен бір-ақ тарпи салады. Сөйтіп, егін жиы- лып болғанша, барлық қабымызды толтырып алдық та, алашаны да қапқа айналдырдық. Əкем «осы тапқан астығымызды өзімізге бұйыртып жегізер ме екен» деп қамықты бір күні.
– Ақтай, Санатпайдың көзіне қазірше түспей, Келдімұратқа көшейік! – деді. Мұқамəди нағашымыз көптен бері сонда еді. Бисараны өздерінің бір қалаған жеріне ұзатып бере салып, əкем Келдімұрат жаққа көлік іздеп кетті. Биғаділ екеуміз ұйықтап қалған бір іңірде екі арба келіп үйімізді ала жөнеліпті, келдімұраттық аза- мат болғанымызды оянғанда бір-ақ білдік.
Келдімұраттың «Кеңқарын» дейтін ауылы Тарбағатайдың бауырындағы бір қойнауда екен. «Кеңқарын» бізді келісімізбен кең бауырына тартып, сіңіріп əкеткендей болды, даланымен бір ауыз там үй беріп қарсы алды. Кəрі нағашы атамыз тірі екен. Мұқамəди нағашы қырық жастан асыңқырап қалған жалғыз. Ал, оның баласы да жалғыз қыз болғандықтан мені ол да өз балам деп есептейтін. Көшіп барысымызбен мен көбіне сол балажан нағашымның үйінде тұрдым. Бойжеткен нағашы əпкем – Камал оқуда екен, оның кітап- дəптерлері де мені тарта түсті. Өткен қыста өзім жазып үйренген он шақты адам атының жалғасына «Мұқамеди», «Жанқожа»,
«Майқыбек», «Марқа» деп тағы да төрт адамның атын қосып жа- затын болдым. Сөйтіп Ленин мен Сталиннің жалғасына нағашы тегім де тіркелді. Бұл «мағлұматыма» ақылы толған сауатты Камал қатты күліп, əдемі дəптері мен бояулы қарындашын сыйлап жүрді. Бұл үй мені өте еркелететін. Бірақ, «мылқаулық» мəселем сонда да шешіле қойған жоқ, іңірде көбіне үнсіз жазу жазып отырып ұйықтап та қалып, таңертең Камал мектепке кетісімен Биғаділді іздеп жөнелемін, сөйтіп күндіз үйімде болып жүрдім.
«Кеңқарын» бізге кең болғанымен Ақтай, Санатпайдың ызғары артымыздан тағы да қуып жетіп, тағы да тарайта түскені байқалды. Бұл жайды шешемнің немерелес нағашысы Шалақбай дейтін кісі əкеме айтыпты. Ол кісі Келдімұраттағы сақшылық қызметінде екен. Арт
жағымыздан келген материал бойынша біздің үйге бақылау, үздіксіз тінту жүргізілетіндігін ескертіпті. «Күнделікті тұрмыстан артығырақ азық- түліктерің болса қауіпті» депті. Əкем оған Ақтай, Санатпайдың неліктен көзіккендігі, өзінің «жуанның тұқымы» болып қалай аталуы жайлы толық айтқан екен. Шалақбай оған қолынан келгенше құтқару жағында болатындығын айтыпты:
– Жуанның тұқымы емес, жуанның соғымы болып келгеніңді толық білемін ғой, – депті ол кісі, – жетім десе жетім, кедей десе тума кедей едің. Тұрмыс езгісін сендей-ақ көрген шығар бір батырақ. Сені шырмап алған бұл жалаға қатты ашынамын, шындығында бұл – коммунизмшілдік емес, бұзақылық, суды лайлап балық аулайтын мұндай бұзақылық пен жалақорлық қазір көп жерді былықтырып жатыр. Бұл үлкен ауқымға айналып алды. Амал қанша, оны тыямын дейтін адамның өзін домалата жөнеледі. Сойқандай алмаған адамның өзін сойқан деп есептейді. «Буржуйды қорғаушы контыр» деп ертең Ақтай менің үстімнен шағым айдаса бұл жердегі ақтайлар мені бас салады. Сонда да оларға сені түсіндіріп көрейін, бірақ, өзің сақ бол!
Əкем мұны естіген күннің кешінде үйдің қарсы алдындағы бір жал қидың далдасынан екі ұра қазып, бидай мен тарысын көміп тастаған екен. Мен таңертең келгенде Биғаділ соның үстінде ойнап жүріпті, мен де ойнап кеттім. Ол астында бар қазынасы жатқанын біліп ойнақтаса, мен «мылқау» білмей-ақ ойнақтай беріппін. Қасымыздан екі жігіт, ойынымызға қарап күлімсірей өтті. Биғаділ де оларға мағынасыз ыр- жиып қойды. Біраздан соң əлгі екі жігіт тағы өтті. Біз əлі де сол жер- де ойнақтап жүр едік, біреуі қидың далдасына қайырылып келіп отыра қалды жəне күлімсіреді. Қасқыр құйрығын бұландата келетінін қайдан білейік? Қуанышы қойнына сыймағандай жарқылдаған Биғаділ оған қарап жəне жымиып алды да, енді қаттырақ ойнақтады. Өзінің екі ойнағына кезек-кезек секіріп ойнақтады.
– Сенің осы жерден басқа ойнағың жоқ сияқты, иə? – деді əлгі жігіт күлімсіреген күйі, – мына қи басқа біреудікі, бұл жерде нелерің бар еді.
– Мына жерде біздің бидайымыз бар! – деп Биғаділ бір ойнағын теуіп-теуіп жіберіп, екінші ойнағына секіріп барды да тағы тепкіледі, – мына жерде тарымыз бар!
– Е, солай ма еді, онда ойнақтай берсеңдер болады екен! – деп жүре берді əлгі жігіт.
Мен бұл жерге астығымыз көмілгенін енді білсем де, не үшін көмілгенін түсіне алмадым. Тағы да «буржуй» болып
қалғанымыздан хабарым жоқ еді. Биғаділдің əлгі сөзін Бигелді естіп қалыпты, үйден шыға келді де бізді шақырды. Үйге кірісімен əлгі момын ағамыздың түсі ерекше бұзылып кеткенін байқадым, басы қалтырап гүж-гүж ете түсті. Шұбары бұрынғыдан да көбейіп, бұдыр-бұдыр бола қалыпты. Биғаділді шапалақтап-шапалақтап жіберді. Ол шырылдағанда менің «шыбыным» мұрным ұшына келсе де, аң-таң болып тұрып қалдым. Жайды ести келе əкемнің көзінің қалы да бадырайып, шағын сақал-мұрты тарам-тарам бола қалды. Тұншыққандай түксиген күйі үн-түнсіз отыр. Шодырлау маңдайындағы биыл тереңдеген əжім ши барқыттай жол-жол. Екі қасының арасындағы əліптей-əліптей үш тік сызық үш таяқтай тігілді. Бүк түсе күрсініп қарт əжеміз жатты. Мейірімді шешем сұп-сұр болып, тіксіне қалды.
– Құрыдық-ау енді, – деді ол, – япырмай, бұл түйнекті қайдан көріп едім. Есімізде болсайшы!..
Мен енді түсіне бастадым, жазы-күзі «ойнақтап» жүріп тапқан азығымызды ойнақтап жүріп алдырған сияқтымыз. Əр жерде томпиып-томпиып отырып қалдық. Үлкендерді былай қойғанда кішкене Биғайшада да үн жоқ.
– Осы кеш аман қалсақ, түн бойы басқа жерге жайластырар едік-ау! – деп əкем қатты күрсінді бір кезде.
Сұп-сұр іші сұп-суық қауіппен үнсіз дағдарып кешті батырды. Мен бұл күні нағашымның үйіне бармай қалдым. Төніп тұрған қауіпті үй ішіммен бірге көргім келді.
«Қауіп неден болса, ажал содан», кешке дейін елестеген құбыжықтар ымырт жабыла сау ете түсті. Есік алдына жиналған адамның бір тобы үйге кіріп тінту жүргізді. Бірнешеуі ұраларды қазып, астық қаптауға кірісті. Ұясын қорыған қызғыштай быжақ болып, шешем барды олардың қасына. Балаларының барлық тіршілігі түгелімен сонда екен, сол жəйтті бəріне айтты. Тыңдаған біреуі болмай алып жатыр, арбаға басып жатыр.
– Обалдарың болса өз ауылыңнан шыққан атқа мінерлеріңе болсын, біз не білейік! – деді де олар жанымызды – аузымыздағы нанымызды алып жүре берді.
Біз тағы да үрпиісіп, есік алдында тұрып қалдық. Қап-қараңғы түн болғанымен кетіп бара жатқан ырыздығымыз көңілімізге жап- жарық. Жазда күндіз кеткен қызыл қасқа сиырдай ап-айқын кетіп барады. Алыстаған сайын айқындалып, ауыр күйінішіміз бен қайғымызды ауырлата, жап-жас қабырғамызды күйрете жаншып кетіп бара жатқандай. Бұл жолы бізді қасқа сиырдан да қаттырақ
қинап кетті. «Кішкентай саусақтарымызбен əрең теріп, балғын табандарымызға найзаларын сұққанына қарамай əрең тапқан тары-талқанымыз, қош бол!»
Бүкіл адамзат бізге қарап қарғыс айтып тұрғандай, жан- жағымызға сұп-суық көзбен қарап қойып, мөлейіп ұзақ тұрдық. Күннің аязынан біздің көзіміз суығырақ сезілсе керек, біз қарағанда маңайымыздағы адамдар жерге қарайды, олар да үнсіз.
– Мұншалық бүрісіп неғып тұрсың, жарығым-ау! – деп нағашым құшақ жая келіп, көтеріп алды мені. Биік денелі нағашым өз бойымнан қаншалық биікке көтерсе де көңілім жерге кіріп бара жатқандай. Нағашымның алқымына басымды тыға солқылдадым.
Құдіретті «тергеушім», басқа үлкен буржуйлар бір рет қана конфескеленгенде біз осылай екі рет конфескеленген, асқан зор буржуй болғанбыз. Бұл қылмысымды қандай нар көтерер?
IX
Үйде бар-жоғы бір пұттай тары ғана қалған екен. Ертеңіне əкем Шанақбайға кетті. Тіршілік қамымен жергілікті үкімет орында- рына жоғары жаққа арыз көтеруі жөнін сұрайын деп кетіп еді. Қайтқанда өте ширап, көзінің қалы қызарып, бадырая кірді үйге. Жай-жапсарды шешем мен Бигелдіге сыбырлап қана айтты, өте суық хабар сияқты. Бізге оның ызғары пікірлесушілердің шырайы- нан білініп, бүрістіріп барады. Қашан толық ұғармын екен деп мен бар сезіммен бақтым. «Айдалу», «жер аударылу», «Сібір» дейтін сөздер естілді.
– Əттегене! – деді əкем, ақылдасу біраз кідірген кезде. Соны айтты да тағы кідіріп ойланып қалды, – жоқ мен қашпаймын!.. Сол екеуін өлтірмей кетпеймін!..
– Сен кісі өлтіремін деп жүріп балаларды аштан қырасың! –деді шешем.
– Өлтіремін деп жүріп өзің атыласың! – деп Бигелді бұрқылдап аңыра қарады əкеме. – Осындай аманымызда кетуіміз керек, жанашыр жақыныңның бəрі осыны айтып жатпай ма!
Біраз үнсіз отырған соң əкемнің жүзі сынып, бір түрлі мүсəпірлік халге түскендей болды.
– Ал, олай болса... дайындалайық, – деді дірілдеген өте бəсең үнмен, дереу орындарынан тұрды. Əкем далаға шығып кетті де, Бигелді тарыны ақтауға кірісті. Артынан естісем Шанақбайдың сөзі қысқа болыпты:
– Ал Жаппар, менен қайран кетті. Тізімге ілініпсің, ендігі арызың өтпейді. Айдалмай тұрып, неғұрлым тез кетіп ал! – депті.
– Айналдырған бір пұт тары түс аумай-ақ ақталып болды. Шешем ақталған тарының бір бөлігін шекер қосып жармалады да, жылап отырып бір дорбаға салды. Оны кəрі əжеміздің бас жағына қойды. Қалған тарыны қоржынының бір басына, талқанын бір басына салып тігіп тастады. Енді бұл үйде отырып жерлік еш нəрсенің қалмағанын кішкене болсақ та бəріміз біліп алдық. Үй дегеніміз қуыс үңгір болып қаңғырап қалғандай сезілді. Ойнауға зауқымыз болмай, бүрісіп-бүрісіп отырып қалдық. Күн бата кəрі əжеміз үнсіз жылап орнынан тұрды да, бəріміздің бетімізден сүйді. Əкем де, Бигелді де, тіпті, он жастағы Биғазы да мені мен Биғайшаның бетінен қайта-қайта сүйе берді Биғаділдің ман- дайынан шешем иіскеп, алдына дəміл-дəміл алды. Үй ішіндегі қым-қиғаш бұл сүйіспеншілік қалайдан-қалай күшейіп кеткенін білмей мелшиіп мен отырдым. Бірін-бірі сүйеді, сүйеді де теріс айналып кетіп көздерін сүртеді. Отбасының тоз-тоз болуының бұл аянышты белгісі маған айқын ұғылмады. Ұққан болсам, құлақтасып көз ашқан Биғаділді құшақтап алып, айырылмай жы- лар едім. Ол екеуміз бір-бірімізге жыласпадық та, сөйлеспедік те. Биғазы мен Биғаділді шешем барынша жылы киіндірді, қатты-қатты сүйді де, өксіп-өксіп қалды сонан соң.
Ымырт жабылған, май шам жағулы. Əкем таяқ ұстап буыншағын арқасына салды да, Биғазыны жетектеп алдымен шығып кетті. Əжем теріс қарап төсегінде жатыр: өне бойымен солқылдап, үнсіз жылап жатыр. Бигелді азық салынған қоржынды мойнына асты да, Биғаділді орап арқалап шыға жөнелді.
– Қайда барады, апа? – дедім мен сонда ғана.
– Шəуешекке барады, біз де барамыз, жылама, – деді шешем, –
біз де қазір жүреміз!
Мен мұнан соң «Шəуешек» дегеннің немене екенін, онда неге баратынымызды сұрай бердім: «нағашым да бара ма? Камал тəтем де бара ма?» Менің сұрауларыма шешем жартымсыз ғана қысқа- қысқа жауап қайырып, бірдемелерін буып, түйе берді. Ұйықтайтын уақыт əлдеқашан өтіп кетсе де ұйқым келмеді. «Қыс ішінде қалай жетер екенбіз, ауру əжем қайтып жетер екен?!» – тітірене ойлану- мен болдым.
Бір кезде нағашым кірді үйге. Ол шешемнің буып-түйген киім- кешегі мен бір-екі көрпені алып шығып кетті де қайта кірді.
– Ал, жүрдік! – деді. Мені қолымнан жетектеп есікке беттеді. Кəрі əжем баж ете түскенде қайырылып тұра қалыппын. Бағанадан бері қасымда сыбырласып, арыздасып отырған шешем, ол кісіні бас салып құшақтап жылап жатыр екен. Қыстығып жатқан əжемнің іштегі барлық қасірет-қапасы барылдаған даусымен бір- ақ ақтарылды.
– Қош, əжетайым!.. Кешіре гөр!.. Өлер шағыңызда қасыңызда болу қолымыздан келмеді. Бақыл бол, əже! – деп шешем де үн сала жылады. Өлмелі кəрі кемпірдің зары өне бойымды сырқыратып əкетті. Оның енді жалғыз қалып өлетіндігін сонда білдім. Солқылдап кеткен зор денелі нағашым бар қауқарымен тартынып, артына қарай құлаған мені көтеріп ала жөнелмекші, онан сайын туладым.
– Қойыңдар!.. Қойыңдар! – деді нағашым. – Маңайдағылар естімесін!.. Əжем зарлы даусын тоқтата қойып, төсегінде отырған бойы Мұқамедидің құшағында тұрған мені сұрады.
– Бері келші, құлыным!.. Немере-шөберелерімнен ең ақырғы сүйіп қалғаным сен боларсың! – деп сүйе берді мені. Маңдайымнан да, иегімнен де сүйіп келіп, бетін екі бетіме кезек-кезек басты. Қатпарлы көзінен тамшылаған ірі-ірі тамшылар бетімнен сырғанап сел боп ақты. Ие, ие, ол көздерден аққан қасірет тамшысы менің көздеріме де құйылып кетті. – Аман бол, құлыным!.. Өмірің ұзақ болсын!.. Қайда жүрсең де бақытты бол!.. Сендер аман болсандар, ата-бабаларыңның да, менің де өлмегеніміз сол... Жаратушыдан ең ақырғы тілегім осы!.. Құлыным!.. Құлыным!..
Мені нағашым көтере жөнелді. Еңіреп–зарлап жалғыз қарт кемпір қалды сол үңгірде!
Бұл кемпір – мен ес білгелі біздің аталас үш-төрт ауылдың ең үлкені де, əй-шəйсіз, ең бейуаз момыны еді. Əкемнің əкесінің кіші шешесі – Балпаңның кіші əйелі. Сол бидің қартайып өлер шағында зеріккеннен алған əйелі екен. Жас шағында махаббат қызығын да көрмеген, өз құрсағынан бала да сүймеген, сөйтіп тоқсан жылдық өмірі іш құсталықпен, ішінен жылап өткен ең сорлы кемпір еді бұл!. Ақырында мүлде сорланып сол үңгірде қалды! Көп малдың ішінде көп мұң мен өксік жастық шағы өтсе, кəртейген қызыл иек ауру шағында жарты дорба жарманы жастанып иен үңгірде қалды.
Мені нағашым біраз жерге көтеріп əкеліп, қос ат жеккен шанаға орап отырғызды. Қолында ұзын бишігі бар, пималы, тонды біреу божы ұстап отыр. Ұйықтап қалған Биғайшаны көрпеге орап жатқызып, шешем де, нағашым да келіп отырды. Бишік ұстаған
сырт бейнесі дəл нағашыма ұқсайтын ұзын мұртты адам екен, ар- тына қайырылып бір қарап алды да шананы айдай жөнелді.
«Нағашы атам мен Камал да қалған екен ғой!» деген тағы бір ауыр қайғы түсе қалды маған. Менің ойымдағыны шешем сұрады.
– Оларды қайтып келіп əкетемін! – деді нағашым. Шешем бұл ақылға қанағаттанғандай, қайта тіл қатпай үнсіз жылай берді. Жы- лауы Келдімұраттың көшесінен шыққан соң тіпті үдеді, еңіреп- егілуге айналды. Ал ауру əжеміздің жалғыз күңіреніп қалғаны, əсіресе оған тиген жарманың аздығы менің есімнен кетпей қойды. «Неге жылайсың?» деп сұраған ағасына шешем де соны айтып солқылдады.
– Ел бар ғой, аштан өлмес! Шанақбайға жылап отырып-ақ тапсырдыңдар ғой, болмады ма, қолдарыңнан одан басқа не келмек!...
– Ажал құдайдан, жасарын жасаған адам ғой!
– Сендерге ақ жол, амандық тілеп, өз раздылығымен қалған соң болды енді! Арқалап жүріп далада өлтіргенше, осында – елі ішінде қалғаны көрім болды!
Нағашым да, шанакеш те соны айтып шешемді жұбата берді. Шешем үнсіз отырып қалды. Жылауын қойған сияқты. Мен көңілсіз марғау ұйқыға кетіппін.
Бір мезетте оянып қарасам, сұрғылт аспан қарсы алдымыздан ағарып таң атыпты. Ұзын жолда шана шықырлап баяу сырғып келеді. Нағашым мен шешем шананың соңында жаяу қатар келе жатыр. Ша- накеш мұрттыны енді таныдым: қазаққа да жарым-жартылай орысша сөйлейтін нағашымның досы Қабыкен деген кісі екен. Қабыкеннің үйі алыста, Көктұма жаққа көшті деп Камалдан естігенмін.
Қайрылып қарасам, шешем жəне жылауда, көзі бұлаудай. Нағашым ұзақ сөйлеп, бір жайды ұқтырып келе жатқан тəрізді.
– Мұны маған бұрын неге айтпағансың? – деп шешем ашулана қарады оған.
– Сенің ұрысатыныңды біліп айтпадым. Енді сонда баратын болған соң жасыруыма болмады. Ұрысқың келсе осы жолда-ақ ұрысып ал маған, онда барған соң наразылық сыр білдірме!
Шанадан Қабыкен де түсе қалып соларға қатарласты.
– Мəдиян, шырағым, нечего, сен енді өте жақсы жеңге таптың! Қытайға өткеніңше құс төсекте жатасың... Но, барғанда көресің, қап-қара Жамал оның қолына су құйып та бере алмайды!..
– «Оларды қайта келіп əкетемін!» дегеніңе сеніппін, – деп еңіреді шешем, – Қамашымның бетінен де сүйе алмай кеттім-ау!
– Ничего, ничего! – деп Қабыкен тағы сөйледі. Онда да бір Ка- маш бар, соны сүйесің!..
– Қойыңызшы! – деп шешем оның сөзін бөліп тастады. Мұқамедиді қатын-баласынан аздырған сен екенсің ғой дегендей жазғыра қарады оған, – Камашты жаудыратып тірі жетім ететіндей не жазығы бар, неткен азғындық бұл!.. Жамалдың ұл таппағандығынан басқа қылмысы бар ма? Бұларды жылатып тастап алған кəрі салдақыңнан жолың болғанын көрермін!.. Жоқ, мен бармаймын ол үйіңе, өз жөніме кете беремін, тоқтат шанаңды!..
Нағашы мен Қабыкен екі қолтығынан ұстап алып, жалына берді ше- шеме. Жаңа қатынды мақтап, Жамалды жамандай жалынды...
Камал тəтем оттай жайнады көз алдымда. Түп-түзу жүретін сұңғақ бойымен, дөңгелек қара торы жүзімен, қарақаттай жайнаған көзімен, қабақ шытпайтын жағымды мінезімен қатты сағындыра елестеді, дəл осы кезде есігінің алдында жалғыз жылап тұрғандай. Қабырғам қатты қайысты. Ұл таппаған үшін қатынның да, қыз болып туылғандығы үшін қыздың да қылмысты болып жазаланатындығын, тастанды болатындығын тұңғыш рет осы жолда сездім. Жалғыз қызын, жанын- дай жақсы көретін балажан нағашым соншалық опасыз, соншалық мұзжүрек – ызғарлы болып көрінді көзіме. Менің бетіме талай тиіп, жұп-жұмсақ та ыстық сезілетін оның шалғылы сарғыш мұрты дəл қазір қанжардай қатты, құбыжықтай суық сезілді. Қызыл-сары жүзі, ат жақты сопақ еріндегі қызыл меңі ұятсыз опасыздықтың белгісіңдей, əп-сəтте жиренішті, жат адам сияқты көріне қалып, жатырқай қарадым. Шешем оған қатал тиіп, қаттырақ сөйледі енді:
– Сендер де аспаннан түспей, əйелден туып едіңдер ғой, қыз туғандығы үшін ғана осыншалық жазалай ма екен əйелді, осыншалық қорлай ма екен əйел затын! Сендер кімнің арқасында теректей- теректей болып өстіңдер! Камал екі ұлға айырбастайтын қыз ба!.. Қызды балаға есептемесең, мені бір құрсақтан шыққан бауырға есептемегендігің, адамнан туған азғын!.. Бұл қатынның шұбыртып отырған ұлы қайсы сонда!..
Шешемнің ащы тілін естігенім осы, нағашымды да, Қабыкенді де бүрістіріп жіберді. Екеуі де еңкейіп, төмен қарап келеді. Кезек-кезек сөйлейді, күле береді. Өз қылмыстарын білсе де қысылмайтындай, жер- суға сыйғызбай мақтайды тапқандарын. Адамгершіліктен қаншалық тоналса да армансыз сияқты. Шешемнің зілдей сөздерін шыбын құрлы көрмей, көтеріп əкеткендей екі дəу!
Осы көнтеріліктері үшін кешірім етті ме, немесе олардың істерінің
«əділеттілігіне» сынды ма, əлде лажсыздықтан ба белгісіз, мұнан соң шешем сөйлеуді қойды. Қабыкен шанасын тоқтатып, шешемді орнықтырып отырғызды да, аттарын қузай жөнелді. Талай ойпаңға зы-
мырай ағып, талай белге сықырлай өрледік. Тағы да зымырай ақтық. Камал тəтем мүлде қалған сияқты, өте алыста, алыстаған сайын оның қымбаты аса түсті. Бауыр мен жүрегімді сағыныш күйдіріп барады, елестеген сайын безіп барады. Əне, жылап тұр ол, біз кеткен жолға қарап жылайды, өзін қыз етіп туғызған құдайға өкпелеп жылай ма, мынау қызыл меңді əкесі мен қара сұры қаскүнемнің опасыздығына ыза болып жылай ма, булығып, буырқана өксіп жылайды. Сонда да оның жазық маңдайы жиырылмайды, биіктей біткен екі қасының арасы түйілмейді, кінəсіз əдемі ажарында кінарат білдіретін ешқандай түйін жоқ. Бар зарын көз жасынан ғана көргендейсің. Ол тұп–тұнық болып зырғиды толықша бетінен. Өйткені əкесіне өте тұнық еді ол. Құдай тағала өзін не жазығы үшін қыз етіп жаратты екен!
Шанадан ауып қалмауым үшін барынша қорғап, дəл қасыма отырған нағашыма бір қарамай мелшиіп отыра бердім мен. Көз алдымнан Камал тəтем кетпеді. Шаңқиған ашық күн қармен шағылысып, шана екпінімен суық жел ұйытқып бұқтыра түсті, бұқсам да тігіле қараймын Камалға. Жылап тұрып «бері келші!» дегендей қос қолын жаяды маған.
«Алыс қалдыңғой,тəтетай!..Бараалмаймынғойенді!»Менқысылақарадым шешеме, ол да төмен қарап алып үнсіз егіліп отыр екен. Салысының шалғайы мен омырауының бəрі су. Əйелдердің көз жасы не деген көп, құдай тағала бұл жағын аямай ақ берген екен...
– Анау – Көктұманың тауы, Бақты, – деді нағашым. – Шəуешек соның шығыс жағында.
Шешем екеуміз де қарадық. Біз соның теріскейін көріп, Тарбағатайға қарай өрлеп барамыз. Біздің барып орналасып, қар кет- кенше тұратын жеріміз – Тарбағатайдың тағы бір қойнауындағы «Саз» деген қалашық екен. «Онда да бір Камал бар, соны сүйесің» деп шешеме Қабыкен айтқан, бізге қараңғы – суық бойжеткен мен оның нағашымды Жамалдан тартып əкеткен жесір шешесі сол Сазда дейді. Біз сон- да келе жатырмыз. «Бұл тəтең ыңғай орысша оқиды, кітап-дəптерлері өте əдемі, суреті көп, соны көресің!» деп нағашым маған оны көпірте мақтаумен, маған оны «тəте» етіп телумен болды, мен ұйықтап қалыппын.
«Дыр... ыр» деген Қабыкеннің дауысынан оянып, көзімді ашып алсам, түн екен, екі-үш терезелі биік үйдің алдына келіп тоқтаппыз. Қабыкен шанасын босатып алып, басқа жаққа жүріп кетті. Мен шешемнің артынан дірдектеп, қобалжи кірдім сол үйге. Үй іші де, адамдары да жат көрінді. «Орысша» əдемі киінген жіп-жіңішке ақ сұры бой- жеткен келіп, менің малақайымды, мақталы бешпетімді шешіндірді, тығыршықтай семіз, төртпақ ақ қатын шешемнің алдынан шығып, Биғайшаны қолына алды. Үйлері де аппақ кіршіксіз, менің көріп кел-
ген үйлерімнен бүтіндей басқа, үй жиһазы мол болмағанымен үлкен байдың үйі тəрізді сəулетті көрінді. Өзіміз жол бойыңда түсіп шай ішіп, тынығып шыққан орыстардың үйіне көбірек ұқсайды. Мұнда да жуан бөлке пісіретін. Аузы арандай ашылған үлкен меш бар екен.
Жуан əйел жуан бөлкені кесек-кесек қойып, самаурыннан шай құйды. Қызы тарелкемен қант-кəмпит əкеліп қойды. «Осыншалық жуан бөлке жеп жүріп, неліктен жіңішке болып қалды екен» дегендей мен оған көзімнің астымен ұрланып қарап қойып отырдым. Ұялыс па, тартыныс па, жек көргендігім бе білмеймін, қарным ашып келсе де аз жеп, шайды анда-санда бір ұрттап шешеме тығыла отырдым. Бөлке мен кəмпитке тамсанып ішегім шұрылдаса да, өзімнен-өзім қатты шектелдім. Шешем де сөйлемей қою сүтті шайды тартып отыр. Жуан əйел мен қызы маған қарай берді:
– Сіз айтқан əлгі үндемес балаңыз осы шығар? – деп сұрады əйел нағашымнан. – Ұялшақ екен.
«Саған бала болсам-ау, енді» деген оймен түйіле қалдым.
– Же, суықтан келдің ғой, көп же, – деп алдыма бөлкені жақындата берді. – Ей, Мəкен, қасына келіп отыршы, қайсысың көп жейді екенсіңдер, көрейік!
Қызының аты Мəкен екен. Ол менің қасыма келіп отырды да, үнсіз күлімсіреп алдыма кəмпит қойды. Бастамашы болмақ секілді. Бөлке мен кəмпитті өзі де күйсей бастады. «Сен əдетте былай жесең ғой, дəл мұндай жіңішке болмас едің» деген ой келді маған. Оның «қулығын» біліп қойсам да еліктеп жеуге кірістім. Аш адам мен тоқ адамның тамаққа деген «махаббаты» бірдей болмайды. Біреуі бар пейілмен құныға жесе, біреуі зорлана əрең жейді. Біреуі нан- ды дүниенің ең тəттісі деп қадіріне жете жұтса, біреуі дəм татусыз сезіп, əрең жұтады, біреуінің ішегі шуылдаса, біреуінің жүрегі ай- ниды. Екеуміздің өзгешелігіміз сондай көп екен. Маған жегізу үшін шайнаңдай бергенімен оның жұтқаны аз болды да, мен шайнауым аз, жұтуым көп болғанын сезе қойдым, ар жағым айдаһардай тартқанын білдірмегім келіп, енді мен де шайнандауды көбейттім. Ол күліп жіберді:
– Мен жаңа ғана тойып алғанмын, – деп ұяндай қарап күлімдеді маған, – сен көп же!
– Мəкен, ол үндемей отырғанымен сенен қушыкештеу, – деді нағашым. Мəкеннің өзінше шайнаңдасам да бөлкеге көңілім ауып отырғанын біліп қойған қулығын мен мойындап ұялып қалып едім, –сен оған кітап берші! – деді нағашым тағы да, – қағазға қарай отырса көп жейді ол.
– Оқи ала ма! – деп жайнаң қақты Мəкен.
– Оқығанда қандай! Біздің жиендердің ішіндегі ең оқымыстысы осы кісі.
– Оқи алмаймын! – дедім мен төмен қараған бойымда. Қысылғанымнан тер бұрқ ете түсті. «Мəкен кітабын əкеліп оқы десе қайтпекпін» деген күдіктен шошына қарадым жан-жағыма.
– Неше жасқа келіп еді? – деп сұрады Мəкеннің шешесі. Менің шешем күрсіне жауап қайырды:
– Жетіде... Ағаларынан бірдеме жазып үйреніп жүрген.
Мəкен терезе алдынан бір кітабын алып маған ұсынды. Алсам да бетін ашып көруден ұялдым. Кітапты алдыма қоя салып, нан жеуге кірістім енді. Оқи алмай қалудың ұятынан, нан жеудің ұяты əлдеқайда жеңіл сияқты. Аузымды босатпауға тырысып, тықпалай бердім нанды. Кітапты Мəкеннің өзі алып ашты.
– Мынаны оқышы! – деді. Менің нан жесіме қарап тағы да күліп жіберді өзі. Тағы да біліп қойғаннан ұялдым.
– Шай ішемін! – дедім шешеме сыбырлап қана. Мен шешеме тығылған сайын, Мəкен де жақындай түсті. Шешем күбірледі маған:
– Кітап оқудан ұяла ма екен, оқи бер!
Көзімнің қиығымен қарасам Мəкеннің көрсетіп отырғаны «А» əрпі екен. Мен айта салдым.
– Ие, оқи алады екенсің ғой, тартынба!.. Мынау не? – деп «Б»
сияқты бір əріпті көрсетті.
– Білмеймін.
– «Б» – деп атады Мəкен.
– «В» емес, Балпаңның «Б-сы» ол емес! – дедім мен. Шешем күліп жіберді. Мəкен таңырқай қалды:
– Не дейді, тəте?!
– Бұл латынша үйреніп жүрген, – деп түзетті шешем, – сен орыс- шаны көрсетіп отырған шығарсың, Мəкен «В» əрпін көрсетті со- нан соң.
– Балпаңның «Б-сы» осы! – дедім мен. Мəкен тағы да таңырқады:
– «Балпаң» деген не?
– Балпаңшы! – дедім мен. «Менің бабамды білмейтін бұл қандай адам» дегендей таңырқап қарадым. Шайын іше күлімсіреп отырған шешем енді қатты күліп жіберді. Оның көптен бері көңілді күлкісін естігенім осы еді, мен де жадырап көңілдене қалдым.
– Бабасының аты, – деп түсіндірді шешем Мəкенге, ата- бабалары мен нағашыларының атын жазып үйренген бұл.
– Мен нені айтып отыр десем! – деп Мəкен ұяла сықылықтады. Күлкісі дəл Камал тəтемнің күлкісіндей екен. Жалт қарап ұзақ қадалдым бетіне. Камал тəтемнен кішілеу, орысша киімді, сопақша жүзі сұр... ұқсамайды екен! – Қайтадан мұңайып төмен қарадым. Камал менің ұялғаныма қарамай бауырына басып алып қатты сүйетін. Басымнан, маңдайымнан сипап арқамды қаситын. Жоқ, бұл Камал тəтемдей емес, менен өзі тартынып, өзі ұяла ма, иə, тəкаппар ма, əйтеуір суықтау көрінді.
– Мен орысша оқимын, латынша білмейін, – деді Мəкен, – мен саған латынша кітап іздеймін, бірақ бұл жерде үш үйден басқа қазақ жоқ. Олардың оқитын баласы да жоқ.
– Мен оқуды білмеймін, латынша жазуды білемін, – дедім мен. Əлгіндей сұрай беру қатерінен құтылғым келіп айттым. Ол терезе ал- дынан дəптер мен қарындаш алып келді.
– Кəне, жазшы! – деді.
Əркім өз білгеніне жүйрік қой. Мен қорғанбай жаза бердім. Білгенімнің бəрін жазып болғанымда басымды бір-ақ көтердім. Ле- ниннен бастап Марқаға келіп бір-ақ тоқтайтын бір үлкен «шежірені» Мəкен қолына алып, алдымен жазуымның əдемілігіне таңырқағандай мені мақтап қойды.
– Сен оқып үйренбей жазуды қалай білдің? – деп сұрады сонан соң, үлкендерден ұялғандай басын төмен салып, өте бəсең үнмен сұрады.
– Жаза бердім, жаза бердім, сонан соң білдім.
Бұл сөзіме Камал тəтемше мейірлене күлді ол енді. Мен тағы да телміре қарап қалдым. Оның «қулықсыз» ықыласпен жақсы көріп күлгенін жылы көз жанарынан байқағандаймын. Қоңырлау болғанымен мұның көзі де əдемі екен. Ол маңдайымнан тартына сипады да, алақанын жел- кеме қойды. Біреудің жақсы көргенін білсем, ұялшақтығым қатты ұстайтын əдетіммен мен енді тұқырып отырып қалдым.
– Сен менен зерегірек екенсің, – деді ақырын ғана, – талапты екенсің!.. Мен оқығалы үш жыл болды, əлі жақсы жаза алмаймын!..
Ол өзінің оқуға кешігіп, он үш жаста əрең түскенін де айт- ты. Соншалық «асыл киінген» бойжеткен қыздың ұялса да, өзін
«жамандап» отырғанына, өзін менімен салыстыра сөйлеген қарапайымдылығына ішімнен жақындап, жақсы көріп қалдым оны:
«ие, бұл да тəтем екен»
Осы кештен бастап-ақ оған үйір бола бастадым мен. Екі-үш күн өткен соң тіпті жақсы көрінді. Үлкендер не сөйлесіп, қандай көзқараста
жүргенімен ісім болған жоқ. Ол қайда отырса мен де сонда, ол не істесе, мен де соны істейтін болдым. Ол таңертең мектепке кетіп, түсте қайтады. Ол келгенше мен де оқығансып, кітап-дəптерге қараумен боламын. Түске жақын далаға шығып, оның жолын тосамын. Онымен бірге тамақ ішсем қорғанбай көп жеймін. Ең көп айналысатыным – бөлке. Бөлке жеген- де маған бір түрлі көңілділік пайда болады. Өйтетіні Биғаділ екеуміз ес білгеннен бөлке нанды көп арман ететінбіз, былтыр-алдыңғы жыл- дары «колхозға кіреміз, көп баламен ойнаймыз» деген қуаныш пайда болғанда, «бөлкені тойғанша жейміз, көп жейміз» деген тəтті үміт те миымызға қоса орнап, қатты сіңген. Енді қазір Биғаділ бұл арманға жеткенін-жетпегенін білмеймін, ал өзім анық жеттім. Сондықтан, бөлкені құшырлана соғатын болдым. Кешікпей домаланып семіріп алғанымды үлкендер айтып жүрді.
Түстен кейін ойнауға шығамыз, Мəкен үлкен болса да өзі тұстас орыс балалармен ойнамай, ыңғай менімен бірге ойнай- ды. «Үлкенірек ұлдары адамға соқтығады, қыздары олармен құшақтасып жүреді. Қазақ бала жоқ, сенің келгенің қандай жақсы болды!» дейді ол бойым аласа болса да, мені қолтықтап жүреді. Мая шөптің түбінде отырып, маған əңгіме айтып береді.
Нағашым бұл жерге екі жылдан бері келіп-кетіп, тас қазу жұмысын істейді екен, Қабыкенге еріп келіп бір күні Мəкеннің нағашысымен танысыпты. Содан бірер ай өткенде Мəкенге «əке болыпты». Мəкеннің өз əкесі семейлік, орта ауқатты саудагер екен, жер аударылып келген соң, шешесі мен өзі жалғыз нағашысының үйімен бірге осында келіпті.
– Міне, енді мен қазір сенің нағашыңның қызы болдым, – деді Мəкен күлімсіреп, – менің нағашымның үйі қазір Саздың арғы шетінде, біз осы шетінен пəтер үйді əрең таптық.
Сол маяның түбінде ұзақ отырамыз. Ол осындай бір əңгіме сөйледі де, менің де əңгіме айтуымды сұрайды. Мен «əңгіме білмеймін» деймін. Сонан соң тағы да өзі сөйлейді, бұл жерде өзінің іші пысатындығын айтады.
– Сенімен ғана бірге жүргім келеді, сен əңгіме айтып беретін болсаң қандай жақсы болар еді!
– Мен əңгіме айтып көргем жоқ, Биғаділ болса айтып бе- рер еді!
– Ол кім?
– Ол менің інім емес пе!
– Ол қайда?
– Қытайға кетті, əкем де, ағаларым да кетті.
– Сенің қалғаның жақсы болған екен, менімен ыңғай бірге боласың. Менің енді ішім пыспайды. Сен білемісің, екеуміз қандай ұқсаймыз. Мен нағашым мен шешеме еріп мұнда келдім. Сен де нағашың мен шешеңе еріп мұнда келдің. Екеуміз қазір міне бірге отырмыз. Бір үйде тұрамыз, қандай жақсы!
Ол мені құшақтап тартып, басымды алдына алды. Мен оның еркіне беріліп құлай кеттім. Камал тəтемнің еркелетуін сағынып жүр едім. Сол Камал тағы да ап-айқын елестеді көз алдыма. Ие, бұл да менің тəтем емес пе! Мəкен маңдайымды қайыра сылады. Сипап отырды да еңкейіп бетімнен сүйді. Бірақ, Камал тəтемше қалай болса солай жұлмалап-тістелеп, домалатып-лақтырып есімді шығармай, мəпелеп қана сүйді.
– Сенің əкең Қытайға неге қашты, – деп сұрады ол бір кезде. – Бай болып па еді?
– Біз өтірік бай болдық!
– Өтірік бай болғаны несі? – деп күлді ол.
– Біз бай емеспіз, басқа біреулер байсың деді де, қызыл қасқа сиы- рымызды алып кетті, сонан соң астығымызды əкетті. Жейтін еш нəрсеміз қалмаған соң əкем де, ағаларым да Биғаділді көтеріп Қытайға кетті. Апам «біз де кетеміз» дейді.
Мəкеннің мен тығылып жатқан бауыры бүлк–бүлк ете түсті. Жылағанда шешемнің бауыры да осылай бүлкілдейді. Жалт қарасам, Мəкен басын көтеріп далаға қарап отыр екен. Аппақ тамағы да бүлкілдеп тұр. Біреудің жылағанын көргендегі əдетім бойынша ба- сымды көтеріп түзу отырдым. Оның жүзіне тура қарасам да, бетін теріс бұра бере жан қалтасынан орамалын алып, көз жасын тез сүртіп тастағаны байқалды.
– Сен кетпе, – деді ол басымды қайтадан алдына алып, жасаурап тұрған тұп-тұнық қоңыр көзінен өз жүзімді көріп, айнаға қарағаңдай қарана бердім мен. – Сен апаңа айт, Қытайға бармаймын де! Осы жерде оқимын деп айт, бола ма?!.. Бірге оқимыз, бірге тұрамыз!..
Кей жексенбі күндері нағашым мені азық-түлік алуға ертіп кетіп жүрді. Астық, қант, картоп, қызылша, шекер нормаларын алғанда мені «хатшылыққа» ертеді. Алатынын алып, өлшетіп болған соң стол үстіндегі қағазға мені көтеріп тұрып, «Мұқамəди» деп қол қойғызады. Бұл өнерімді бір рет көрген соң қалған екі қазақ та солай ететін бол- ды. Сөйтіп, кішкене «секретарь» атандым. Біреуі көтеріп тұрып
«Ахметжан» деп жазуымды сұрайды. Менің оқыған «кітабымда»
ондай адам аты болмағандықтан «Жаппар» деп жаза саламын. Енді
біреуі «Ыбырайды» жаз деп көтергенде «Кұрман» деп қоя саламын. Олар мəз болып азық-түлігін ала жөнеледі. Ол жерде менің өтірік молдалығымды айыра алатын ешкім жоқ. Завхоз орыс та мені та- нып алды. Қазақтарға азық-түлік береді деп, «секретарь» деп алдымен мені шақырады. Кейде мені өзі көтеріп қол қойғызады. Онысы тым қатерлі еді: «молодцы» деп тік көтеріп, допша лақтырып ойнайды.
«Жалғыз хатшымызды өлтіріп аласың, үй, орыс» десіп үш қазақ бірдей ұмтылады онда. Завхоздың қақпақылына түспеу үшін сол қазақтардың біреуінің етегінен мықтап ұстап тұратын болдым.
Уақыт өте келе Мəкен маған бір туысқан жалғыз бауырын- дай, өте бауырмал болып кетті. Кей күндері азық-түлік немесе қырмандарда молотилкадан шала шыққан топанды ұшырып бидай алуға шешелеріммен бірге кеткенімде, ол да менің жолымды тосып күтетін болды. Мая түбіне отырып алып əңгіме айтысуға, бірге сабақ оқуға асығамыз.
– «Қытайға бармаймын» деп айт апаңа! – Мəкеннің маған ал- дымен үйрететіні осы болды. – Осы жерде оқимын де, жарай ма?! Орысша тілмен мына есепті үйреніп алған соң, келер жылы екінші классқа оқуға түсесің, сонда мектепке бір барып, бір қайтып тұрамыз.
Бұл ұсыныстарына мен бас изей беремін. Кейде «жарай ма» деп қадалғанда, мен «жарайды» деп жауап та қайырамын. Сонан соң бар ықыласын салып орысша үйретуге кіріседі. Кеш батып, шам жанған соң да оның істе дегенін бар ынтаммен орындауға кірісіп жүрдім.
Мəкеннің еңбегі мен менің талабым да зая кеткенін бір-ақ білдік бір күні. Нағашым көршіміздің ала атына бір арба жегіп келді де, шешем мені киіндіре бастады.
– Кетеміз, – деді, – əкеңе, Биғаділіңе барасың...
– Биғабіл кетпесінші, тəте!.. Осында қалсыншы! – деп Мəкен жалынды да, жылап тұрып, екі қолымен бетін жауып алды. Көзін сүрте салып, үнсіз қарай берген маған ымдады, «Айтсаңшы! Айтсаңшы!» дей берді сыбырлап. Оған бір, шешеме бір жалтақтай берген менен сөз шықпаған соң, өзі тағы жалынды-қалсыншы, тəтетай, осында оқысыншы!.. Ендігі жылы оқуға менімен бірге кіреді! Шешем оған жауабын қысқа-қысқа қайырды.
– Биғайша қалады, оны қайтып кеп əкетемін, қазір жалғыз кете алмаймын!.. Жоқ Биғабілды тастап кетпеймін!
– Тəтетай, онда Биғабілды қайтып кеп əкетерсін, қазірше қалсын!
– Жалғызсырап жүр еді, – деп шешесі құптады оны.
– Бауыры келген соң ғана іші пыспайтын болып еді, қазірше қала тұрсыншы!
– Жоқ, мен бұл болмаса жалғыз кете алмаймын, Биғайшаны көтеріп жүру қиын! Шешем бұл жалыныштарды тыңдамады, мені жетектеп əкеліп, арбаға шығарды. Биғайшаны күні бұрын алдап көндірген көрінеді, ол қыңқ етпей сол үйде қала берді. Мен жабыға қарадым, Мəкенді қимай қаншалық жалтақтағаныммен, шешемді тіпті қия алмайтын сияқтымын. Нағашым арбаны айдай жөнелді. Мен артқа – Мəкенге қарап отырып алып кете бардым. Ол менен көз алмай, солқылдап тұрды. Əне, қолын көтеріп сермеп тұр, жы- лап тұр! Мен мылқау ұялғанымнан «қош» деп айта алмай кетіп ба- рамын. Бірақ, екі көзім Мəкенде қалғандай, басқа еш нəрсені көрер емеспін. Ол енді жалғыз қалды ғой! Мінеки, белеңнен астық, ол мүлде көрінбей қалды! «Қош бол, Мəкен! Жалғыздықпен зерігудің қыспағында тағы қалдың!» Қимастықтан ішек-қарным ба, бір жерім күйгендей елжіреп мен кеттім. Камалдың əкесін əке етіп алғанына жауыға келіп едім ғой, енді неге қимай қамыға кеттім?!.
Нағашым бізді Ақшоқының Көктұма жақ тұсына əкеліп түсірді де жол көрсетті, жол емес-ау, жолсызға жөн сілтеді: Шəуешектің тұсын көрсетті. Арбадан түстік. Шешем иығына бос қап салды да, тезек терген болып жөнеле берді. Мен онын жүрісіне ілесе алмай қалып едім, етігімді шешіп қабына салды да, байпақшаң жетектей ерітті. Мен де дедектей зыттым. Шынжаңға қарай дедектедім.
Əділетті «тергеушім», өзімді ұратын күрзіні қаһарлы қолыңызға енді ұстаттым білем, қандай қашқын екенімді баяндадым ғой. Дəлелдеп айтқанда, пролетариат диктатурасындағы Совет одағынан сол кезде феодализм диктатурасында тұрған Шынжаңға қашқанмын. Пролетариат диктатурасына қарсы феодал болмасам, феодалдық елде нем бар еді?! Демек, мен қаршадайымнан бұзылған кері төңкерісші қашқынмын. Бұл сіздің мұқтажыңыз үшін айтқанда, соқырдың қолындағы таяқтай, айырылмай қос қолдап ұстайтын қылмыс емес пе?
I
Құдіретті «тергеушім», өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз! Бақты тауының шығыс жақ етегіндегі жап-жазық далаға шыққанда шешемнің «тезек теруі» қиынға соқты.
– Шекараға келіппіз, – деді шешем, – анау тұрған шекара күзетінің үйі! Қарасам, Бақтының бауырынан көп терезе бізге қарап төніп тұр, біз одан өтіп дəл көз алдына келіп алыппыз. Көп көз араларын- да Камал, Мəкен тəтелерімнің де əдемі көздері бар сияқты, барлық көз бізде! Бұрын күлімдеп, сүйіспеншілікпен қарайтын көздер енді сұстанып, суық қарап тұрғандай. «Жақын арада бір үй жоқ, тезекті қайдан келіп теріп жүрсіңдер, қайда апармақсындар?! Қанеки, енді қайтер екенсіңдер, көрелік!» дегендей. Күн еңкейіп қалған, аспан ап- ашық. Сол көп терезе жақтан салқын ғана самал жел келіп тұр. Мен қаншалық қорқынышты екенін білмей, ұялған сияқты болдым. Шешем сұп-сұр болып кетті. Тезек терген болуды қойып, білегімнен ұстады да, мені жағасына тобылғы өскен бір арықтың ішіне түсірді. Тобылғы бүрлеген кез. «Еңкейіп жүр!» деп күбірлеп өзі де бұға жөнелді. Алды- мызда қорғаны төрт құлақты бейіт тұр еді, соның далдасына келдік. Шешем бейіттің ішіне кіріп, күн батқанша тасаланбақ болып еді, мен қорқатындығымды білдіріп қыңқылдадым. Мені дедектетіп қайта шықты да, əлгі арықтың ішіне түсірді. Желкемнен басып жатқызып, өзі жан-жаққа баспалай қарады.
– Астағыпыралла, келіп қалды! – деп менің басымды баса түсіп құлады. – Қыбырламай жат, иті бар екі əскер келіп қалды!
Мен де шешем сияқты етпеттеп қыбырсыз жатып қалдым. Біз көрмесек олар да көрмейтіндей. Көзімді шарт жұмып алып- пын. Жүрегімнің қатты соғуынан жер дүрсілдеп кеткендей сезілді. Сөйтсем, аттың аяқ дүбірі екен. Біз келген жақтан бейітке келіп, аттан түскендей болды. Ит шəу ете түсті.
– Нельзя! – деді бір жуан дауыс. Иттің үні екінші шықпады.
– Қыбырлама, – деп сыбырлады шешем, – жел соғар жақтан қимылдамасақ сезбей қалар!.. Аттары ар жағына жайылды... Бұл жаққа беттемесе екен! А, құдай, ақсарбас!
Тобылғының арасынан сығалаған шешем екі солдаттың енді бейіт қорғаны үстінде отырғанын айтты. Арамыз жиырма адымдай ғана жер. Олар даңғырлап сөйлесумен болды да, шешем сыбыр- лап, құдайға жалбарынумен болды. Көзімді шарт жұмып алып мен жаттым. Көзімді ашсам-ақ көріп қоятындай, башпайымды жыбыр- латсам естіп қоятындай, тірлігім жүрегімнің соғуынан ғана сезіліп жатты. Бір шақта оны да сезбей ұйықтап қалыппын.
Мылтық тарс ете түскенде, селк етіп оянып кеттім. Шешем жел- кемнен баса қойды. Күн батып, қараңғы түсе бастаған екен, мылтық жəне екі рет атылды. Құлағым бітіп қалғандай бетіме бетін төсеп жатқан шешемнің ернінің жыбырлауын ғана көрдім. Ол бір кезде басын көтеріп мойнын соза-соза орнынан тік тұрды.
– Тұра ғой, жарығым, кетті, – деді шешем, – бейіттің ішінде болсақ, қолға түседі екенбіз, сенің сəби жүрегің сезініпті!.. Жүрейік енді!
Солдаттар батыс жақтағы заставаға кетісімен, біз шығыс жаққа тарттық. Жер бетін дүлей қараңғылық басты. Жұлдыздарға қарап бағыт түзеп, алдыда шешем келеді. Оған ілесе алмай дедектеп жүгіріп шаршап та қалдым. Шешем сəл озып барып жер сипай- лайды. Тегіс далада жусаннан басқа еш нəрсе жоқ екені байпақшаң аяғыма айқын білініп келеді.
– Немене, апа? – деймін. Енді жеткенімде дем алдырмай ол тағы жүріп кетеді.
– «Шекарадан өткен соң шөп сұйылып кетеді. Шəуешек жеріне өткеніңді жердің тақырлығынан білесің» деген нағашың.
Шешемнің аяғы жерге тимейтіндей, ұшып барып қонатын алдамшы торғай сияқты лып етіп тағы озып кетеді. «Қона қалғанында» жан-дəрмен борсаңдап тағы қуып жетемін. Қыс бойы жеген бөлкем осылайша қуалаумен тер болып ағып, бір кезде ада-күде біткендей көрінді. Енді жүре алмайтындай халге түстім. Бірақ, шешемнің арқасында жарты қап жүк бар, жарымы – менің киімім. Оған қоса мені арқала деуге тілім бармай, арық шешемді аяймын. Артта қалудан қорқамын – екеуі де қиын болды.
– Ақырын жүрші, апа! – дедім бір кезде, – шаршап кеттім!
– Біраз шыда, жарығым, аз қалды!.. Бұл жерде ақырын жүрсек ұсталып қаламыз, таң ағармай тұрып өтіп алуымыз керек.
Шешем қолымнан жетектей зытты. Еркіңмен дедектеуден еріксіз дедектеу қиын болады екен.
– Жүре алмаймын, апа, сен жүре бер! – дедім де тартынып тұра қалдым. – Артыңнан барайын!
– Қасқыр жеп қояды!
– Жоқ, оған көрінбей жатып аламын! – деп отыра қалдым. Шешем күрсінді де, дағдарып тұрып қалды, отыра кетті өзі де. Алдыңғы жағымыздан бырылдап екі үйрек ұша жөнелді.
– Əне жерде су бар екен жүр, сол жерге жетіп демалайық!.. Шешем мені арқалап алды, салмағымды жеңіл түсіруге барынша тырысып көтерілген болып келемін. «Өзі арық, өзі кішкене шешем ғой, өліп қалса қайтермін» деген оймен жаным қанша ашыса да лажым қалмап еді.
Əлгі үйректер арықпен ағып жатқан судың бір жайылмасынан ұшыпты. Шешем мені жерге қоя салып, қабын жастана қисайды. Оның да қатты шаршағанын енді білдім. Недəуір үнсіз отырып де- малды.
– Мынау жер суаруға келтірілген су ғой тегі, Шəуешектің егіндігі болар, өткен сияқтымыз, енді демалайық! – деді де, əрең қозғалып қабынан орамалға ораулы бөлкені алды. Су ішіп, бір жапырақ нан жеуімді ғана білемін, ұйықтап қалыппын, шешем жұлқылағанда əрең ояндым.
– Қабыкен, Биғабіл!.. Ұйқынды ашшы!.. Əне Кəкең келе жа- тыр! Анықтап қарашы! Бізді іздеп келе жатқан əкең мен Бигелді емес пе!..
Таң қылаңдап қалыпты. Алдыңғы жағымыздан екі баран көрінді, бірінен-бірі сəл биіктеу, қатар келе жатқан екі адам тəрізді. Аласалау, кең иықты, жуаны – əкем сияқты, биіктеуі желемікпен ырғалып тұрғандай, еңкеңдеп, түйеше адымдап жүретін Бигелдіге ұқсай қалыпты. Мен де сол екеуіне ұқсатып, қадала қарадым.
– Екі терек қой, апа, – дедім бір кезде, – əне, мына жағында да сондай көп терек тұрмай ма!
Шешем терек екеніне сонда сенгендей болды. Мен мылқау жайшылықтай көрсем де, бұрын көрмеген жат елге келе жатқанымызға қамшыл шеше қатты аландап, жүрек тоқтата алмай қалған екен. Кірпік ілмей, тік отырып таң атқызыпты. Де- реу менің байпағымды тазалап, қағып, етігімді кигізді. Түйе жүнінен шешемнің шебер қолымен бойға шақ тоқылған бешпет- сымы бар еді, оны да қағып-тазалап, беті-қолымды жуғызды. Тағы да жүріп кеттік. Бірақ, түндегідей асықпай, жай жүрдік. Алдымыздан Шəуешек қылаңдады, көп шынарлы-теректі қала көрінеді. Дəл басып тауыппыз. Шешемнің айтуынша, нағашым бұл қалаға екі-үш рет келіп қайтқан екен. Жолға қанықтығымен дəл нұсқапты.
Көп теректі қоржадан алысырақ жүрсек те, ит үріп андағайлай жүгірді бізге қарай.
– Бұл жақта ит не деген көп, апа?! – деп мен шешеме тығыла бердім. Шешемде таяқ жалғыз, ал иттердің аузы тым көп. Олар қаптап, ауыздарын аша, байбаламға баса жетті, қатты састым.
– Отыра қал! – деді шешем. – Отырған адамды ит қаппайды.
Өзі отырып алды, оған тығыла отырдым мен. Жан- жағымыздан арсылдай берді иттер, атып тұрсақ бас салатындай, өршелене үріп, тыпыр еткізбеді. Бар үлкен ауыз, бар улы тіс бізге төніп тұр, бейтаныс жердің иттерінің ортасында бүрістік енді. «Бұл жерде ит көп екен, сорымызды қайнатып, əлі талай қабады ғой!» дегендей оймен жүрегім зырылдап отырды. «Отырған адамды ит қаппайды» деген шешемнің əлгі сөзі расталғандай болды. Бір шақта иттер бір- бірден кете бастады. Ең соңғы көк ала төбет пен қара қаншық қыбырсыз бізден зеріккенде бір-ақ қайтты. Олар алыстап енді жүгірмейтін болғанда ғана қозғалдық орнымыздан.
«Отырған адамды ит қаппайды» деп күбірлей ердім шешеме. Бейтаныс жердің табалдырығын осы сөзбен аттадым. «Ендігі жерде ит- тен қорқудың жөні жоқ екен!».
Шəуешектің шеткі тамдарына да іліндік... Етектей қара сақалды бір дəу адам жыртқан жерден арық жасап, қыр соғып жүр екен. Соған беттедік. Оның қолындағы «тесесі» де дəу, етектей екен. Мен алдымен соған таңдандым:
– Апа, тесесіне қарашы, не деген үлкен?!
– Кетпен деген осы, – деді шешем.
Егінші бізге қарады да күлімсіреп, жыртылған жердің шетін нұсқады.
«Шетімен жүріңдер дегені екен». Шешем кілт бұрылып шетке тарт- ты, мен де бұрылдым. Дегенмен екі көзім егіншіде болды. Пішіні бір түрлі, бүкіл алқымына, тіпті кеудесіне де сақал өсіпті.
– Мынау қандай адам, апа?!
– «Сарт» дейтін халық осындай болады.
– Бұл да сарт па, жуас қой өзі!
Шешем мырс етіп күліп жіберді. «Ойбай-ай, сарт келе жатыр!»
деп бала қорқытатын кейбіреулердің сөзі есіне түскен сияқты.
Əлгі «жуас сарттың» жүзінен жылынғандай, біз көшеге кірдік. Күн жаңа шығып өрлеп келеді. Үп еткен жел жоқ, əлі жапырақ жая қоймаған сұп-сұр терек бізге жатырқай қарап, бейтаныстықтың белгісін көрсеткендей болды, десе де тым-тырыс. «Кел» дейтіндей де, «кет» дейтіндей де ешкім жоқ сияқты. Ұйқылы-ояу, алаң ашық
жатқан шет көшеден жалғыз қыз көрінді. Мəкен пішіндес, бірақ, одан киімі де, тазалығы да жүдеуірек, тақтайлары арса-арса, тозғын қақпаның алдында ұйқыдан жаңа оянғандай манаурап отыр. Ше- шем соған бұрылды, сірə Мəкендей көзіне жылы көрінгендіктен бұрылған болса керек.
– Жарығым, Қайысбек дегеннің үйін білемісің! – деп сұрады одан. Қайысбек – баяғы Күмісжан марқұмның ағасы, Бигелдінің нағашысы еді.
– Білмеймін! – деген қыздың ерні бұртия қалды. Шытынаған қабағы мен шікірейе қараған көзі көңілге тікендей тисе де, қақпаның ішіне қарады шешем.
– Əке-шешең бар шығар, солардан сұрайықшы!
– Сұмалак қалендырлар қайдан келеді осында!
– Қалендыр емеспіз, олай деме, шырағым!.. Еш нəрселеріңнің керегі жоқ, жөн сұрайық, – деп шешем назалана кірді аулаға.
– Қалендыр деген немене, апа?! – деп сұрай өттім қыздың алды- нан.
– Қайыршы дегені болар!.. Құдайдың уақытысы ғой мұны естірттірген!.. Келмей жатып естідік-ау!
Қазан-ошақты лапас астында тұрған бір кекселеу қызыл-сары əйел шешемнің сөзін естіп күлімсірей қарады.
– Келіңіз! – деп алып амандасты. – Не дейді менің қызым?
– «Қалендыр» деген сөзді енді естіп, кейіп келе жатырмыз! – деді ше- шем.
– Кейімеңіз!.. Қайыршы тым көбейіп кетіп, жақыннан бері ығыр болып қалдық. Бейшаралардың бəрі де «қайыршы» десе шамданады. Ешқайсысы қайыр тілеп көрмеген адамдар көрінеді. Сіздердейдің мəн– жайын талай рет түсіндірдім, сонда да айта береді бұл қыз, мейжазы со- лай. Қапа болмаңыз, отырыңыз, шай демдеп берейін? Нандарыңыз бар шығар? – деді əлгі əйел.
– Шайымыз да бар, – деп шешем ескі киіз үстіне барып отырды.
– Сіздің шайыңыз – қағаз шай, болмаса памила шай шығар? Жың қара шай ішіп көріңіз енді, қазақтар құнан шай дейді ғой, соны ішіңіз! – деп сары əйел шəугімге жуан-жуан бұтақ араласқан қара жапырақ сияқты шайды бір уыс қып бір-ақ салды.
– Басым ауырып келіп еді, жақсы болды-ау, – деп күрсінді шешем. Самай шашын шықшыттан төмен түсіріп тегістеп қырқып қойған,
тасырайған жуан қара көзді, жастау қара əйел келіп амандасты. Маған бір түрлі жат көрінгенімен, ол да біздің жайды толық білетін
бұрыннан таныс адам сияқты сөйлесті. «Гыфулар», «солдаттар» деген- дей кей сөздері болмаса, мұның тілінде де мүкіс жоқ. Қазақша сөйлеп, біздің жердегі жəйтті сөз етті.
– Апа, бұлар да сарт па? – деп сыбырладым шешеме. – Бұлар бізді қайдан біледі?!
– Біздің ел көп келіп жатыр ғой, солардан естіген шығар.
– Мына бала бек пакыз екен, – деді үй иесі əйел самай кекілді əйелге қарап, – Матіриым бай «бір ұл бала бағып алсам!» деп жүр еді. Осы баланы сатып берші!
– Саламаттілігі якшы, шырайлық бала екен... Бірақ, шоңырақ!.. бала болмайды, сəл кішірек болса!
– Мына балаңыз неше жаста?–деп сұрады шешемнен. Шешем не дерін білмегендей аңқиып қарап қалды. Мен шешеме қарай бердім.
– Сұмдық-ау, лақ емес, қозы емес, бала сатқаны несі!– деп ше- шем екеуіне кезек қарады. Екі қатын қатар күлді.
– Балаңызды бізге берсеңіз, іздеген адамыңызды тауып беріп, жақсы жерге орналастырып қояр едік, ақша берер едік!
– По, құдай сақтасын! – деп күрсініп қалды шешем. – Оны айта көрмеңіздер!.. Ондай халге жеткеміз жоқ!
Шешем ішіп отырған шайын қоя салып, орнынан тұрды, мен де тұрдым.
– Шошымаңыз, алдырамай шай ішіп шығыңыз, – деді үй иесі əйел, – арғы беттен келгендерден бала сатып жүргендер көп болған соң сұрап едік, бермесеңіз ықтиярыңыз!.. Шай ішіп бір-ақ шығыңыз, шаршап келіпсіз!..
– Сұмдық екен мыналарыңыз, – деп шешем қайта отырды, – сегіз жаста өзінің кіші əкелеріне де, нағашысына да бермей əкеле жатып, енді жолда сатпақпын ба мұны!.. «Құлақ естімегенді көз көреді» деген осы ғой!
– Қапа болмаңыз! – деді самай кекілді қара. – Көшеге шыққанда көріп те қаласыз. Қашып келе жатқан бейшаралар бек қиыншылықта қалды, ашаршылық, кəсіп табылмайды. Қиналып қалмасын деп айтқанымыз!.. Бұл жерде кіміңіз бар еді? Білсек жеткізіп қояйық!
Əкемнің туыс, жекжат таныстардың бəрінің атын айтып шешем бір-бірден сұрай берді. Шай ішпей кекжиген бойы мен отырдым.
«Құнан шайыңды!» деп қоямын ішімнен. Бүйрек бетті бір əйел лапастың қарсы жағындағы бір кішкене тамнан шығып қарап тұрды да, бізге қарай ақырын басып келді. Əжімі мол, жүзі тотығып қара– қоңыр тартқан қазақ əйелі екен.
– Кімді іздейсіз! – деді қарай қалған шешеме ерін ұшымен ғана амандасып. Жаңа айтып шыққан адамдардың атын, түр-түсін ше- шем толығымен қайта айтып шықты.
– Қайысбектің үйін білемін, жүріңіз апарып салайын, – деп қалғанда, көзім жарқ ете түскендей болды. Ере жөнелдік. Күн шақырайып ыси қалыпты. Сəскеге өрлеп қалған сол күн маған ба- тыстан өрлеп келе жатқандай сезілді.
– Апа, Шəуешектің күні батыстан шыға ма? – дедім мен. Ба- стаушы əйел күлімсіреп маған аяй қарағандай болды:
– Күн батыстан шықпайды, балам, шығыс жақ осы!.. Жат жерге келген соң күн де жат болып көрінді-ау. Қайтсін бейбақ, басы айна- лып қалған ғой, – деді шешем.
Екеуі күрсінісе, мұңдаса аяңдады. Жаңа əйелдердің «балаңды сат» деуін шағынып, жылай айтты шешем. Көздерін екеуі де жаулықтарының пұшпағымен сүртті. Бірі мұңын айтып жыласа, біреуі қосылып жылай- ды. Біріне-бірі бұрын мүлде бейтаныс адамдар, ата-бабаларын айтып таныспай жатып-ақ жүректері лезде табыса қалуын қарашы! Ие, адам баласын мұңдастық таныстырады, мұңдастық достастырады, мұңдастық бірлестіреді ғой. «Бұл əйел де біз сияқты екен ғой» дедім ішімнен. Ол біздің ел жақтан келіп сатылған жас ұл-қыздардың көп екенін, жергілікті ұйғыр, ханзу, күйзулардың да, тіпті бұрын келіп орын теуіп қалған қазақтардың да бұл «саудаға» əдеттеніп қалғанын айтты.
Екі көшені айналып, бір ашық қақпаның алдына келгенімізде бастаушы əйел, сол есіктің түп жағындағы кішкене қарақұрым киіз үйді көрсетті де қош айтты. Біз аулаға кірдік, көзіміз киіз үйде ғана болып, жан-жағымызға қарамай жүре беріппіз. Дəу ақ төс қара ит арс ете түскенде бір-ақ білдік те, отыра алмай қалдық. Шешем еңкейгенше болмай, ит иығынан ала түсті. Киіз үйден жүгіре шыққан Қайысбектің əйелі шаңқ ете түскенде ит тайқап жөнеле берді. Нағашы жеңге амандасудан бұрын шешемді үйіне қолтықтай кіргізді. Шешемнің сол жақ топшысына ит екі тісін батырып үлгерген екен. Жарақатты көрді де қайта жүгіріп шығып, сол иттің жүнінен жұлып əкелді. Отқа шала күйгізіп, тіс жаралаған жерге басты да, шүберекпен таңды. Амандасу да, жай-күй де содан соң басталды. Қайысбек жоқ екен. Əйел далбырақтап бізді күтумен болды.
«Отырған адамды ит қаппайды» деген сөзді мен ішімнен қайтадан тексерумен болдым. «Біз отыра алмай қалдық-ау!» Олай емес, біздің отыруымызды ол тоспады... Орай бермей орала салатын ит екен!.. Əлсіздікке, əділдікке қарамай, тек тісінің күшіне ғана сүйенетін əулекі ит көп сияқты бұл жерде! Бағанағы қыздың қылығын
көрмеймісің, біз оған не іздеп келгенімізді айтсақ та, ''қалендыр» деп салды ғой. Бұл да əй-шайға қарамай «ап» деп қаба салу емес пе!..
– Қабаған ит, – деді Қайысбектің əйелі бізге шай құйып беріп отырып. – Байлаулы болатын, қайыршы келмесін деп қоя беретін болды. Иттер қайыршыға өш болады ғой, біз жақтан келгендердің баспана таппағандары бір нəрселерін көтере жүреді. Тұрғындар оның бəрін де қайыршы деп біледі. Бұл жерде иесіз кедейдің өлімі сұраусыз болған соң, итін əдейі қоя береді. Ит иесі де қорасына адам кіруді жақтырмайтын Итбай. Басқа кəсіп табылмаған соң, əйтеуір күн көре тұру үшін лажысыздан тегін жалданып отырмыз...
Мен бай емес, ит жайында ғана ойландым: «иттер қайыршыға неліктен өш болады екен деші?! Өзі тамақ таба алмай сандалып, аш жүрсе, оның үстіне иттердің бəрі өш болса, қалай күн көрмек!.. Оларға өзінің итінің өш екенін біле тұрып неге қоя береді, тегі иесі де өш болғандықтан қоя берген ғой. Өзінің тісі өткір емес, қаба алмайтын болған соң, тым болмаса итім қапсын дейді ғой. Рас, ит иесіне тартады екен!»
– Ол жақтан ашығып қашқан бейшара халық, бұл жерге келіп аштан қырылып жатыр деші! – деді шешем, – «қайыршыға жел қарсы» деген осы да!
«Бəле, қайыршы болса бəрі қарсы болады екен, қайыршы бол- мау керек екен. Онан да апамның мені сатып жібергені жақсы екен! Байқап жүріп, қашып келе салмаймын ба!..» деп ойладым мен.
Əкем Дөрбілжін деген жерге кетіпті. Қайысбектің əйелі мен шешемнің əңгімесін осы сөзге келгенде тыңдай қалдым. Өткен бір жұманың ішінде Ақтай, Санатпайлар да қашып келген екен. Елді сойқанмен тоздырып болып, шоқпар өздеріне тиерде қашқан көрінеді. Əкемнің Шəуешекте екенін біреуден ести салып, Санатпай Дөрбілжінге зытыпты да, Ақтай Шағантоғай деген жерге безіпті. Əкем Дөрбілжінге алдымен Санатпайды өлтірмек болып кетіпті.
«Оралып келіп, Ақтайды өлтіремін де, Мəдиян келіп қалмаса, бала- ларды ертіп елге қайтамын» деп жүр екен. Бигелді төменгі жақтағы Ергейті деген жерде Смайыл атты дүнгенге малайлыққа тұрыпты.
«Биғазы Ілушінде бір қазақтың қозы-лағын бағып жүр» дейді. Биғаділ қайда екенін Қайысбектің əйелі анық білмейді, біреуден естуінше ол осы Шəуешекте сияқты.
– Əспет апасының қолында ма, иə Қуандықтың иелігінде ме, əйтеуір осында жүр деп естідім, – деді. – Бірақ, олардың өз үйлері де быт-шыт. Біреуі ойда, біреуі қырда қаңғып жүр. Олардың да ешкімге қарайласар күйі жоқ.
«Биғаділімді ит талады-ау!» деген оймен денем тітіркеніп кетті.
– Бұл жаққа келіп ерінен бұзылған əйелдер көбейіп кетті, – деп Қайысбектің əйелі тағы бір тақырыпқа көшті. Күн көре алмаған соң қайтсін, сендердің туыстарыңнан Нұржанның інісі Жұмабектің əйелі бұзылып, қытайға тимекші болып жүр. Құлназардың үлкен қызы – Балбике бұзылып, ол əлгі Бигелді тұрған Смайыл дүнгенге тимекші деп естідім. Ол өз күйеуі Төреханнан жасырынып, бір жерде тығылып жатыр дейді. Жұмабек те, Төрехан да дал болып қаңғырып жүр.
Шешем ауыр күрсінді. Шай ішіп тыныққаны сол, шаршап өңі қаша түсті. Ширығып қозғалақтай берді.
– Ал, енді маған Қуандықты тауып бер! Көшеге шығайық, кім кезде- сер екен.
Қайысбектің əйелі тынығуға шешемді көндіре алмаған соң, түс ауа көшеге өзін ертіп шықты. Үлкен көше қым-қуыт, қайшалыс жүріс. Адамның көбі босқындар көрінеді. Қайда барарын білмегендей, сенделіп бекер жүр. Тымырсық-ыстық қуырып жатқандай, базар баж- бұж етеді. Түкке тұрмайтын бірдемесін тік көтеріп, «арзан, арзан» деп айқай салады. Кейбірінің көтерген нəрсесі мен айқайынан адам ұялғандай, ал өздері шімірікпейді.
«Шаншар рру...у» деп ұрандаған ащы дауысқа жалт қарадым, оның кəсібі тіпті «əбүйірсіз» екен: бір бұрышта қаңылтыр астауға от жағып алыпты. Темір істікке жанышқан турамыш еттерін желпіп қақтап, құныперен айқайға басып бір «сарт» отыр. Темір істіктен ет жұлмалап жеп бірнешеуі түрегеліп тұр. Ыстық істікті аузына сұғып, жарытымсыз етін тістеп алып қалады да, істікті тұмсығына көлденең тоса қояды. Мұрнына сұғып алар ма екен деген қауіппен тұрып қалыппын, шешем озып кеткен екен. Қайта оралып келіп жетек- тей жөнелді. Ығы-жығы базардан бас айналғандай, аң-таң болып əрең шықтық. Енді адам сирей бастады. Қатар тізілген сауда дүкендерінен маған мүлде бейтаныс иістер сезілді. Бірде жағымдырақ сезілгенімен, бірде сасық, шіріген шөптің иісі ме, сасыған көк даттың иісі ме күлімсі бірдемелер мөңкиді. Ондай дүкен ашып тұрғандарды «қытай» деп таныстырды. Оларға таңырқап көбірек қарап өттім. Олардың нелер үлкен, нелер əдемі дүкен ұстап тұрғандарын көрдім. Кейбіреуі сон- дай сəнді бай болғанымен, көбі жүдеу, арық, ұсақ-түйек нəрселер сатып жүреді екен...
Сөйтіп бар көрініске таңырқай да, жатырқай да қарап келе жатқанымда, артымнан аса бір таныс дауыс шаңқ ете түсті.
– Апа, апа! – деп ұшып келеді тыртиған жалаңаш қара бала. Оның артынан төрт-бес бала қуып келеді екен. Қашып келе жатқан таныс дауысты баланың тұла бойы қожалақ-қожалақ, қап-қара. Бұтында боршаланған штаны ғана бар. Танымасам да қайырылып қарап тұрып қалдым.
– Қырау, аналар мені күнде ұрады! – деп маған жыламсырай шағынып өте шықты да, шешеме барып тығылды.
– Биғаділ!.. Қаденім! – деп шешем құшақтай алғанда əрең та- ныдым. Қуып келе жатқан «иттерге» жұдырығымды түйіп, қарсы жүгіріп едім, жалт беріп қаша жөнелді олар. Бой тұрықтары Биғаділдің өзіндей болғанымен, киімдері бүтін екен олардың. Өшіге қудым мен. Солақай қолын түйіп алған. Етікті, шекпенді, балпанақтай бір жуан ұрарманды көргенде баяғының батырларын көргендей бол- дым. Алды-арттарына қарамай зытты əлгілер. Бірақ, шешесінен ұзап қуа беруге батырға да жан керек сияқты, тез қайтты. Аяй қарадым Биғаділіме. Бойы менімен теп-тең еді, күйген картоп тəрізді мұжырайып, семіп қалыпты. Шешем Биғаділді бір қолынан жетекте- генде, екінші қолынан менің де жетектегім келіп, бір жағында қатар жүріп отырдым. Тіпті құшақтағым келді. Бірақ батылым жетпеді. Бірдемеге асыққанда бұрын ол мені жетектей жөнелетін еді ғой. Кең қарындағы ұраның үстінде ойнақтағанымыздан кейінгі бірге жүргеніміз осы. Ол енді менен кішірейіп, інім деп еркелетсем бо- латындай, тіпті, көтеріп алсам да икемге көнетіндей көрінді. Бірақ, үсті-басы өте былғаныш. Шешем сүйген бетіне, көзіне, аузына көп қарадым оның. Адам жеуге келмейтін əлденені жегендігі басын күнге қойып ұйықтағандығы, былапыт жердің иісі балғын денесіне толық сіңіп, тіпті көзіне де кіріп алғандығы көрініп тұр. Көзі ауырып, былшық басып алыпты. Беті мен қолы, кеудесі мен арқасы айғыз- айғыз. Аямас жыртқыш тұяқтың ізі сау тамтығын қалдырмапты!
«Ит талады ма» деп сұрайын деп едім, аузым жөнге көнбей, қисая берді. Шешем де, Қайысбектің əйелі де үнсіз жылап келеді. Биғаділ қалыңдау қабағы бырысып, шағынуын кеңкілдеп жылауымен ғана білдірді. «Иттің балалары, осындай күйдегі баланы аямай тағы ұрғалы қуып келе жатыр-ау!» деген оймен бар денем қалшылдап кетті.
«Несін алды екен?!» жат жерде қаңғыған əлсіз-қорғансыз жетімнің күні осы болғаны ғой!.. Ақтай, Санатпайлар да ақырғы кегін осы кішкентай Биғаділден алыпты-ау!.. Соларды тауып өлтіріп қана келсе екен əкем!.. Осылай болуына Биғаділдің өзі де себепші болды ғой. Ол астық қоймамызды айтып қоймаған болса, өзі де, біз де осылай қаңғымас едік! Өзінен болды, осы сор түрткен ғой өзін!..
Құрметті «тергеушім», қылмыссыз адам жазаланбайды. Егер Биғаділ өзі осылай қаңғымай, жейтін еш нəрсесі қалмаса да қозғалмай жатып алып, шағы жеткенде тып-тыныш қатып қалса, ит талап, осыншалық жаза көрмеген болар еді. Оған біздің жанымызды аштықтан таңба-белгілердің барлығы – қылмыстардың белгісі. Осыншалық қылмыстыға мендей қылмыстының ғана жаны ашып, мендей қылмысты ғана онымен бірге жыласады.
П
Шешем Биғаділді көше арығының суына жуындырып алмақшы болып еді.
– Келініңнің үйі мұнда! – деп Қайысбектің əйелі бір қораға кіргізіп əкетті.
Бізді оң жақ бетінде меңі бар, қып-қызыл болып боянып, жақсы киінген, кейкіш мұрын Рақима дейтін жеңгеміз қарсы алды. Нұржанның Кенжесарыдан туған інісі Жұмабектің əйелі осы еді.
– По-о! – деп кекете кірді шешем оның үйіне. Тап-таза сыпырылған кішкене ғана бір ауыз үйдің жарымын алып жатқан сəкінің үсті қызылды-жасылды, əлем-жəлем, үй ішін арзан қолды бірдемелерімен безендіріп қойыпты. Сөйтсе де, мүңкіген бір шірік иіс шығып тұр. Бəріміз Рақиманың бетіне қарай бердік. Бұрыннан қып-қызыл, болат бетті қызыл сары əйел, оның үстіне далап жаққан соң не онсын, шүкірмен боялған терідей қою күрең жиреннің өзі бола қалыпты.
– Жұмабек қайда? – деп шешем қатандау үнмен соза сұрады. Рақима үндемей төмен қарап кетті де, есік көзіне таман барғанда жауап қатты:
– Білмеймін, – деп шəугім алып шай қайнатуға дайындалды.
– Ішпейміз, қайнатпай-ақ қой! – деді шешем. – Жаңа ішіп шықтық!.. Онан да су берші, мына баламды жуындырып алайын.
Шешем Биғаділді жуындырып болғанша Рақима шайды қайнатып үлгіріпті. Дастарқан жасап, шай құйды. Дастарқанға салғаны – доп-домалақ ақ сабынға ұқсайтын сарғыштау нəрсе. Нан болса да шикі нан ба екен деп қалдым мен.
– Қытайдың момысы, – деді Биғаділ. – Буға пісереді. Жеші, Қырау, тəп-тəтті... бірақ. Тұзы жоқ!
Мен біреуін қолыма алып көріп едім, жұм-жұмсақ үлбіреп тұр екен. Бір үзіп алып аузыма салсам, жып-жылымшы татыды. Зорла- нып жұттым да, қалғанын жемей қойдым. Биғаділ жайпай соғып
отыр. Жым-жыртықты Рақима өксіп қалып бұзды да, солқылдап жылап ала жөнелді. Шешемнің шай да ұрттамай қойғанына жылаған көрінеді.
– Жылама, бояуың ағып кетеді! – деп қалды шешем.
– Күн үшін күліп жүргенім болмаса, не сəнім тасып жүр дейсің!
– деп бырқылдай жалғады сөзін.
Ол биыл жыл басынан бастап бір ат диірмені бар ханзуға даяшы малай болып тұрыпты. Онысы əйелі ауру, орташа бай екен. Алды- мен Рақимаға біраз ақша беріп, оны «көңілді жүруге», опа-далап алып безенуге зорлапты. «Егер толық жасанып келмеген күніңді көрсем, шығарып жіберемін де басқа даяшы аламын!» деп шарт қойған екен. Содан бері əр күні жасанып, қып-қызыл бояуға мал- шынып баратын болыпты. Бүгін де түс уақытында келіп боянып шыққаны осы екен, біз келіп қалыппыз.
– Жұмабек қайда, ол не істейді? – деп шешем қайта сұрады.
– Білмеймін... Екі ай болды іс таба алмай қаңғып кеткен...
– Бұған зорлықпен боялып жабысқанша, онымен неге бірге кетпедің?! Он жылдан бергі құдай қосқан қосағың еді ғой!
– Күн көре алмаймыз, аштықтан қатты қиналдық!
– Оған кəсіп табылғанша, сен дұп-дұрыс жүріп малайлығыңды істей берсең, бірге күн көріп кетпес пе едіндер!
– Оған жаңгүдейім3 көнбеді. «Екеуіңді бірдей баға алмаймын, сен өз жөніңді тап!» деп қуалады, мына үй де соған қарасты ғой!
– Соған тидім десеңші одан да!
– Қазір некелі емес... Əйелім өлген соң аламын дейді.
– О, арсыз, азғын жүзіқара! – деп орнынан тұрды шешем. – Алал аштықтан өлсең еді бұл қорлыққа көнгенше!.. Енді бір бейшара əйелдің өлімін тілеп, тап-тарғыл бетіңмен көкке қара да отыр!..
Шешем шыға жөнелді, біз де шықтық. Рақима үн салып жылаған бойы есігінен шығарып салды да, тез басып қайта кіріп кетті үйіне. Сірə, сол жылаған бойы айнасына қарап қайтадан боялмақ шығар, бұл бояуын көз жасымен ағызып жіберіп, тағы да бояп алар. Шешем аяусыз тілдеді. Егер басқа əйелдердей оның да көз жасы көп болса, бояудың соры, алдымен өзінің соры екендігінің белгісі сияқты.
– Не жеп семірдің ей, Қырау?! – деді Биғаділ былай шыға бере. Момыға бір тойып алған соң ес жиып, менің семіріп кеткендігімді енді ескерді-ау деймін. Əлі жалаңаш келе жатқандығы есінде де жоқ, жайнаң қақты...
3 Жаңгүдей - қожайын
Балтырын тізесіне дейін сұры шүберекпен таңып тастаған ыңғай сұр киімді, шошиған кішкене сұр қалпақты, өңдері де сұп- сұр «шөжебас» əскерлер үштен-төрттен қатарласып, базар жаққа ағылып жатыр.
– Көшеден Сəйзіге4 адам ұстағалы шықты! – деп маған Биғаділ күбірледі.
– Сəйзі деген немене?
– Көшеде бос еркектің бəрін айдап апарып, бекер жұмысқа салады. Ыңғай жаман киімді адамды ұстайды. Жүрмесе қылыш-мылтықпен қатты ұрады.
– Ар жағындағы көшемен бəрі қашып кетсеші! – деп артыма қарадым мен.
– Қайда! Қазір ол жаққа да əскер келіп алды, қаша алмайды. Байлар ие болып сұрап əкетпегендерін қайтармайды. Жұмысы біткенше істейді, тамақ та бермейді екен!
– Өліп қалмай ма онда?!
– Құңқузыға5 өлгені не керек... Өліп қалса жамбылдың артына көмдіре салады.
– Құңқузы деген немене?!
– Осындай əскердің бəрін құңқузы дейді... Қырау, Қырау, қарашы əне! Елдің дүркіреп қашып бара жатқанын қарашы! Не анау ақыл тапты! О, о, бəрі де!.. Қораларға, дүкендерге кіріп кетіп жатыр, артқы есігінен шығып кетеді!..
Сөйтіп Биғаділ өзінің көше «саясатына» менен əлдеқайда қырағы, əлдеқайда жүйрік болып алғанын көрсетті. Тұра қалады да əлденені көрсетіп, маған түсіндіреді. Тұрып қалған екеумізді шешеміз неше шақырып, неше жетектей жөнеліп, Қуандық тұрған үйге апарды. Мен пысынап терлеп кірдім ол үйге.
Кең мандайы дүңкиіп тұратын қызыл шырайлы, ақ бөрте Қуандық ағамыз тотығып, арықтап қалған екен. Сонда да əлі əдемі. Етегінің екі жағы жырық, сырма шүберек шляпа киіп алыпты. Басқа киімі де бүтін, бірақ, бұрынғыдай сəнді емес, мені құшақтап бетімнен сүйді де, шешемнен қысқаша хал сұрап амандасты.
Оның қарсы жағында сирек қана шоқша қара сақалды, сырма шляпалы, қара мəуіті пəлтелі, қызыл қоңыр, семізше біреу отыр.
– Смайыл дүнген осы, – деп сыбырлады Биғаділ маған, – Бигелді аға осыған малай болды.
4 Сəйзі – тонаушы, қарақшы
5 Лау мағынасындағы сөз
Қуандықтың əйелі Қайныш Еміл жақта төркінінің қолында тұрады екен де, өзі көбінесе осы Шəуешекте жүреді екен, үй ұстай алмапты. Бұл үй – Əспет апамыздың үйі болып шықты. Оның Болтай атты мырза ұлы да малайлыққа тұрып кетіпті. Балбике де- ген үлкен қызы күйеуін тастап осы құйзуға тимекші екен, оның сөзіне Қуандық ағамыз қатынасып отырыпты. Балбике əпкеміз көрінбейді, бұрынғы күйеуінен жасырынып бір жерде тығылып жатыр деген күбір естілді.
«Тістеуік» шешеміз бұл рет мені тістемеді де шымшымады. Күлімсірей қарап қоя салды. Биғаділдің айтуынша, бұл үйдің астығы қазір тақа таусылып отырыпты. Шай қайнату ыңғайы көрінбейді. Шешем Əспет енесімен кімдердің қайда, қалай тұратындықтары жайлы біраз əңгімелесті де, шығуға беттеді. Ұяшықтай тар үйде
«осында бол» деуге орын жоқ екенін де, «шай іш» деуге шайна- ма жоқ екенін де жаңа күйеуі алдында жайып салғызбай іштен білісіп, іштен күрсінісіп, сырттай күлісіп айырылысты. Тұрмыс жоқшылығының туыс жоқшылығына да саятынын сəби жүрегім осы салқын лептен сезе шықты.
– Қазіргі тірі жүрген туыстарың осылар ғой, – деді Қайысбектің əйелі, – амал қанша, өздері аш отыр! Мұндайда кімге- кім қарайласа алмақ. Қазір бұлар Балбике жайлы оңаша сөйлесу керек болғандықтан үндеспей қалды. – Смайыл дүнгеннен бірдеңе алып, қаптарыңа астық түскенше бұларға туысқаншылауыңды қоя тұр. Жəкең қайтып келгенше біздің үйден шықпай-ақ қой! Жарты қалашымызды жарып жесек те өлмеспіз.
Екі «қалендыр» байып үшеу болып Қайысбектің үйіне қайта кірдік, Ақтөс қарадан аман алып кірген ақкөңіл əйелі дереу қожайынның үйіне мəлімдеп қоюға кетті. «Қайыршы емес» Қайысбектің қарындасы екенін, «қорада қожайынның еш нəрсесіне зиян салмауына өзінің кепіл болатынын айтып шықты. Менің ше- шем Күмісжан марқұмның орнына түскен əйел болғандықтан, оның екі ағасы – Қарысбек, Қайысбектерге шын ниетімен қарындас ретінде болып, оларды да жалғыз ағасы Мұхамəди сияқты төркін тұтып келген болатын. Олар бізді де туған жиені Бигелдімен тең еркелететін.
Біздің келгенімізді Қайысбек мен құралыптас жалғыз ұлынан естіп, қожайыннан рұқсат алыпты да, қонағасылық бірдеме іздеп базарға шығып кеткен екен. Ол күн бата шаршап түтігіп келді. Бір қойдың бас сирағы мен ішек-қарнын əрең тауыпты. Келе Биғаділ екеумізді бетімізден сүйіп, тізесіне қондыра отырды. Өзі байыпты
шешен адам еді. Асықпай сыздықтата сөйлеп, шешеме бар жайды түсіндірді. Ат жақты арық, сіріңке қара өз елі, өз жеріндегі шы- райлы қалпын сақтапты. Бұрын толып көрмеген оның ұрты, мұнда келіп ауыр жалшылық жұмысқа түскенде толмапты да солмапты, бет сүйегі əлі шығып тұрғанымен шыры бұзылмапты.
– «Кең жерде тар отырсаң, тар жерде кең отырасың» деген мақал бар еді, – деді ол бір сөзінде, – өте дұрыс мақал екен. Біздің жерден ауып келгендердің ішінде не құйлысы бар ғой байқасаң, кең жерде бұрын кең отырып, керіліп өскен адамдар бұл жерге кел- ген соң тұншығып қуырылып қалғандай, ес жия алмай жүр. Ал, бұрыннан таршылық көріп, кең жерде біз сияқты тарығып өскен адамдар созылғанымен үзілмей қалқақтап бұрынғы қалпында жүріп жатыр əйтеуір. Қайысбек ағаң да Дөрбілжінде. Бір Қытайға жалшылыққа тұрған. Қартайып қалса да қалпын бұзбай жүрген адам сол.
Біздің бұрынғы бай туыстар бұл жаққа əлдеқашан өтсе де, əліге дейін ес жия алмай, қызының қияға, келінінің керге қашып жүрген себебіне шешем Қайысбектің осы сөзінен жауап тапқан сияқты. Бар ықыласымен басын изеп, ұйи тыңдады.
Қайысбек əйелінен ұлының бір көйлегін сұрап алып, Биғаділге кигізді де, əкемнің күн көріс жағына көшті.
– Жаппар недəуірде мықты емші болып шықса да, ол кəсіпке көп бой ұрмаушы еді ғой. Енді ауруды өзі іздеп барып емдейтін болды, – деп күлді Қайысбек, – көбінесе құрт ауруы тəрізді сүзілген салмақты науқасқа тəуір еді өзі. Қыс бойы сондай екі аурудың үйінен күн көріп шықты. Қараған аурулары жазылып қалыпты. Бірақ, ол аурудан ақы сұрамады да, ауру одан ақы сұрамады.
– Дəріні қайдан тауыпты? Ыңғай улы дəрімен емдеуші еді.
– Аздаған алмасы, кепіреші, сынабы бар екен.
– Жеген тамағы үшін дəрісі мен өнерін сатып жүр деші, қасындағы жалғыз Биғаділді де баға алмапты.
– Қаңғыған «қалпеде» құн бола ма!.. Əйтеуір дəрісінің есебін жібермейді, қулығы оған жетеді екен, берген дəрісін «біреуден қарызға алдым деп» аурудың өзіне тапқызып алады екен.
Əкем екінші күні түстен кейін келді. Ақтөс қараны қатты ар- сылдатып кірді қораға. Басқа шапшып, балтырға кимелей өрмелеп жүрген өктем итке жуан ақ таяғын бір тигізбей, қорғанып қана келді. Қасқырға көрсететін өнерін көрсетпей, иə саспай теңселіп кірді үйге. Егер өз елінде болса мұндай шектеусіз итті қара тұмсықтан көз ілестірмей тық еткізіп қана жер қапқызар еді. Теңселуінен-ақ
жолы болмай жасып, ауыр «жүк» көтере алмай келгені байқалды: Ақтай, Санатпайлар Ресейге қайта қашып, құтылып кетіпті.
– Дөрбілжінде іздеп жүргенімді бір қу ауыз тағы айтып қойыпты, амал қанша! – деді ол мені құшақтап отырып. Кеберсіген ернін дəміл-дəміл жалады, – Шағантоғайға шейін ізіне түсіп ба- рып, жатқан орындарын таяқтап қайттым. Менен бір күн бұрын шекарадан қайта өтіп кетіпті!..
Шай ішіп болған соң шешем əкеме, əкем шешеме жүдей қарасып алды. «Мына аядай қара үйшікке паналай келген үш қайыршы енді төртеу болдық. Мұнда мүлде сыймаспыз, қайда болса да кетелік!» дескендері екен. Биғаділ екеумізді екеуі жетектеп көшеге шықты. Үй иелеріне көп рахметтерін көлите айтып шықты. Күн екінтіге ауып қалған екен!
– Алдымен бүгінше түнейтін баспана тауып алайық! – деді ше- шем.
– Базар жабылмай тұрғанда, алдымен балалар жейтін бір нəрсе сатып алалық!
Əкем теңселе тартты базарға қарай: өзі ғана емес, төрт адамның жұтқыншақ талабы «тұқыр» деп төбесінен басып келе жатқан сияқты, басын төмен салған бойы ілби берді, қиын есепті шығара алмай қиналғандай қабағы қарс жабулы еді оның.
– Сатып аларлық бірдеме болса, ірке тұр, ертең алармыз! Бүгінше жейтін біраз қатқан бөлке, ертең жейтін біраз тары бар. Əкем басын көтеріп, жадырай қарады шешеме. Есебінің шығатын жолы біраз сəулеленгендей болды білем.
– Азын-аулақ тиынды бүгін кеште жеп алсақ, балалар ертеңгі жолда қайтып жүре алар екен деп қауіптеніп келе жатыр едім.
– Ал, ертең қайда бастамақсың?
– Ілушінге бармасақ болмас... Биғазы жылап əрең қалып еді. Ол жерде мен емдеп жүрген бір ауру бар, құдайға қараса, күйлері жақсы. Соған сүйене барып отырсақ!.. «Бала-шаға келе қалса дос солаңымнан бір ауыз үй де сұрап алып берейін!» деп еді.
– Елге қайтып кетеміз бе, не көрсек те шыдап тұра тұрамыз ба?
– Əлгі қуларды өлтіре алмай қалдым!.. «Жуанның тұқымы»
аталған соң қайтып барсақ, олар енді айдатады ғой!..
Қаланың бір шеткі жағына күн бата шықтық. Құлаған кетік дуалдардың сыртында, ойпаңға салынған үлкен мал қора бар екен. Əкем соған бастап кірді. Қора толған адам, бəрі босқындар көрінеді. Сыртта əр жерге от жағып, шай қайнатып жүргендер де
бар. Кейбір тобы алаша, иə киіз салып, тəп-тəуір отырса, кейбір тобы сабан шөп-шалаң төсеп, еш нəрсе таба алмағандар малдаста- рын құрып құр жерде отыр. Кейбір топ мелшиіп үн-түнсіз отырды да, кейбірі күбірлесіп, кейбір топ тіпті гүжілдесіп кісілік құрысып отыр. Мұндайда əйелдер жыламай, биғам отырған ба, кей бұрышта үн салып жоқтау да бар екен. Əкем ең төрге – түпкірге тартты да үлкен шапаны мен қапты жайды. Демек, үй болып қайта құралдық деген осы. Бірақ, шай қайнатып ішу жөнін құдайым білсін, шəугім де, шыны да жоқ еді. Сол қаммен болса керек, шешем «əлемді» аралай жөнелді де, арғы бұрыштағы бір топ əйелдің қасына барып отыра қалды. Недəуір отырып қалды.
– Ей, құдай тағала-ай, – деді əкем көршілес отырған топтың бір кəриясына қарап, – қатындар қыдыруға əлі тоймапты! Сонан соң Үржардан бері қарай қыдырып келіп, Шəуешекті аралап бол- са да менің қатынымның əлі де қыдыра түскісі келетін тəрізі бар. Қарашы изектесіп отырғандарын!
– Мына «үйлерінің» иə жұмысы, иə қызығы болмаған соң олар- ды кім бөгесін, – деп күлді шал, – менің кемпірім де сонда кеткен. Бас қосып алып жыламаса іштері кебеді бұлардың! Қарағым, өзің Үржардан келген екенсің ғой, қайсы туыстан едің?..
Сөйтіп, ата-бабаларын айтысып, таныса кетті де, табыса қалды. Тарбағатай сыртынан қашып өткен Омар дейтін кісі екен, Омардың кемпірі мен шешем бұлардың сөзін жылай келіп бұзды.
– Айттым ғой, – деп мырс-мырс күлді олар. Өсек таппаса өксіп жылап қайтады бұлар.
Естіп отырғандардың күлкісі тез жиылды. Əйелдердің бұл жолы жыласатын жөні бар екен, қыдырып қайтқан екеуі еріндеріне ие бола алмай кемсендеп, əрең айтып шықты: сол бұрыштағы бір əйел кішкене ұлын бүгін ғана сатып, бір дорба талқан əкеліпті, со- нысын жей алмай жылап отырғанын көріп бəрі жыласыпты. Енді бір кемпір бойжеткен қызынан қан базардың ортасында айырылып қалыпты да, кешке дейін іздеп таба алмай, жалғыз өзі жылап еңіреп жаңа қайтып келіпті. Ол да сол бұрышта сылқ түсіп жатыр екен.
Хабарларды естіп болғанымызша, сол қос сорлының қосыла аңыраған зарлары естілді. Езіліп-егіліп жоқтау айтады да, еңірей жөнеледі екі ана! Біреуі қолынан беріп, құнына келген бір табақ талқанға қарап жоқтаса, біреуі жолынан беріп, қаңғырып қалғанын айтып қақсайды. Маңында отырған өзінің мұңдасы халқына шағынады. Көпшілік тым-тырыс. Иектері ғана дірілдеп, селкілдейді: кейбір тамақ, көмейлер шиқ-шиқ ете түседі, кей
мұрындар бырсылдап кетеді. Тіпті, бар мұрынға тұмау тиген бе деп қалғандайсың. Тоқтау-сабыр айтарлық біреу жоқ сияқты.
Қызын жоғалтқан кемпір шағынып жалғыз қалғанын, кім «пана боларын» айтып, «көктегі» құдайға шертеді мұңын.
Бірақ, көкте де мұңына ортақтасар ешкім көрінбейді. Қора төбесінің өзі түксиіп, өзі басып қалғалы тұр. Қабағын қарс жау- ып қатулана төнеді... Аспаннан да медет жоқ сияқты, Кім ара түсе алар бұл қайғы-зарға?! Ара түсе алмасын біліп бəрі де жылайды, адам шарасыздықтан, əлсіздіктен жылайды. Тіпті, осы қораның өзі көз жасының зор бір бөшкесі сияқты лықсып барады көз жасына.
Биғаділ екеуміз түйілген бойы сыбырласып «түзге» шықтық. Қырат кенересіндегі дуалдың бір кетігінен асып барып, қатар отыра қалып едік, біреудің қараңғылықтан шыға келіп, арқама шапалақпен салып жібергенін бір-ақ білдім мен. Етпеттей беріп, тұра жөнелгенімде сымымның ауына тұсалып қалып, ұшып түстім. Жан дəрмен қайта тұра салып ыршыдым да, дуалдың сыртына шығып алдым. «Анаңды!» деп Биғаділді бас салған əлгі
«дию» бірнеше ұрып жіберді. Биғаділ шыр қағып ұшып, артымнан жетті. Қораға үнсіз қашып кіріп, əке-шешеміздің арт жағына оты- рып алдық. Əлгі мықты «дию» емес, қарны кебежедей жуан қара сақалды ұйғыр екен. Ырсылдай кірді қораға. Бірдеме деп ақырып қалып еді, бар адам тұқырып жым бола қалды. Жылау мен жоқтау да кілт тоқтады.
– Қалаймақан жүріп атызға дəрет қылмандар, қалаймақан шу- ламандар!.. «Қорадан əммаңды қуып шығамын, анаңды»! Дуалдан бір-бірден атып өтемін! – осы «өсиетпен» қолын сермеп-сермеп шықты.
– Осы жердің қожасы, – деп таныстырды Омар, – қора иесінің өзі! Кім шығып еді далаға?
Ешкім жауап қатпады оған. Екеуміз бөденедей бүрісіп тығыла түстік. Еш жəбір көрмегендей, көмпістігін білдіріп, көзі жай- нап Биғаділ жатыр да, үнсіз жылап мен жатырмын. Бұл менің жат қолдан тұңғыш жеген таяғым еді. Қатты шапалақ та, ауыма тұсалып жығылған аса ұятты қорлық та ыза-намысымды құйындай ұйытқытып тұншықтырып əкетті. Биғаділге жаным ашыды сонан соң. Оның əлгі аянышты шырылы құлағымнан кетер емес. Ол маған қарағанда сорлы, арық қой! «Сорлыға сойыл өш» барлық қырсық біткен қырына сорлыны, əлсізді алады. Отырған адамды ит қаппайтыны қайда бұл, қайта əлсізді талайды екен ғой. «Иттің жауы – диуана», «қайыршыға жел қарсы!» Алдымен маған келсе
де, азуын Биғаділге басқанын көрмеймісің!.. Қарақшы қырсықтың көзіне басқа қыз көрінбеді ме, қайдағы əлсіз, сорлы кемпірдің қызын əкетуін қарашы!.. Əлгі мес қарынның несін алдық осы біз?!».. Шəуешекке кірердегі «сарт» егінін басып келе жатсақ та жай ғана күліп еді. Ол «сартқа» бұл сарттың сақалы ұқсағанымен сапасы ұқсамайтындығы байқалғандай болды маған. «Ие, сарт деген дəл осы бейкүнə дəретте отырған адамды сарт-сұрт сабай жөнелгенін көрмеймісің! Əнеукүнгі егінші қандай болғанда да сарт емес! Егер ол да сарт деп аталса, мынау – сарттың ішіндегі қырсығы болса керек!»
Қожайын кетсе де, қора да сол бойы жым-жырттық орнап қала берді. Үн салып жылаудан қорқып, үнсіз қыстыға шиқылдаумен болды екі əйел. Еркімен жылап шерлерін тарқатуға да тыйым салынған жағдайда бырсылдау да, өксуі де қалып, көпшіліктің қысылыс-қыстығыстары соза-соза күрсінулерінен ғана білініп жатты. Қорадан айдалудан бəрі қорықты. Бəрі босқын, бəрі қылмысты.
«Тергеушім», бұлардың ішіндегі осы жолы жазаланғаны
– ағалы-інілі біз екеуміз. Оның үстіне мына жұртты жаппай жəбірлеткен де, қыспаққа ұшыратқан да, тіпті жылау еркіндігінен айырған да біз. Сондықтан бəрінен үлкен қылмысты ағалы-інілі екеуміз. Жазаланып келген қылмысымызды жасыру үшін жатып алмадық па.
ІІІ
Таңертең Омар ақсақалдың шəугімімен шай ішіп алдық та, Ілушін жаққа тарттық. Əкем «сəйзіге» ұсталудан қорқып, базарға кірмей, бізді шеткі көшеге ертіп əкетті. Биғаділ айтқан бір дүкендегі «Бор батыр»6, «бала батырлардың», «тұлпар ұстап тұрған мүсіндерін» көре алмай кеттік. Базар жаққа алаңдап, өте сағыз жылжып едік. Əкеміз тезірек жүргізудің амалын таба қойды. Бұл жақтың ақшасын көрсетті де «тез жүрсеңдер осының бəріне нан əперемін!» деді. Əкемдегі ақшаның ең үлкені – «мысқал» деп
6 Бор батыр – Чың өкіметіне қарсы Шынжаңда болған халықтық көтерілістердегі басшылардың бірі. Хуйзу. Ол 1866 жылы жергілікті халықтан қол ұйымдастырып, Шың армиясын үлкен шығынға ұшыратқан. Тарбағатай, Іле, Үрімжі аймақтарындағы жеңіс соңында іштен шыққан шпионның уынан қаза болыпты. Ат қасында тұрған батыр кейпіндегі бір мүсінді осы кездегі халық сол Борбатырдың мүсіні деп түсінеді екен.
аталатын майлы қоңыр мата екен. Оған тетелесі – дөңгелек мыс сөлкебайлар, оны əкеміз «тымпыр» деп атады. (Тұмпың– «мыс тиын» деген ханзуша атау екенін кейін түсіндім). Жəне ортасын- да төрт бұрышты тесігі бар кішкене қола тиын көрсетіп, онысын
«жармақ» деп таныстырды.
– Ақшаның «сəрі» деген ең дəуі бар екен, – деді Биғаділ, – шіркін сол табылсашы! Ол қағаз ақша екен, оның бір өзіне бес тоқаш келеді. Нанның қызу əңгімесіне түсіп, қыза жүріп кетіппіз.
«Бор батыр» ойымыздан бордай тозып кеткенін сезбей де қалдық.
– Сарттың тоқашы жақсы, жалпақ наның ғой, – деді Биғаділ. – Тəтті болғанымен, шеті болмаса, ортасы қағаздай ғана, аузыңа толмайды!.. Шіркін, ең тəтті нан дүнгендердің көкиі!..
– Көки деген немене?
– Сен əлі оны жеп көрген жоқсың ба, Қырау?.. Мен екі рет жеп көрдім, бірақ, тоймадым. Тоймайсың оған, қиын тəтті!.. Ол – қалаш сияқты дөңгелек қарма, бірақ қиын жұмсақ.
Биғаділдің сілекейі ұп-ұзын болып салбырап бара жатқанын көріп, мен де тамсанып қойдым. Алдымыздан айқай салған үн естіп, соған қарадық. Төбесіне тал шыбықтан тоқылған үлкен дөңгелек шарбақ қойып алған ұзын бойлы «сарт» көрінді. Тілінен ғана айырдық. Оның сақалы аз, мұрты ұзын екен. Төбесіне соншалық үлкен шарбақ жабысып қалғандай, өзі тұр. Екі қолын сермеп тастап əлденендей сөзден азынатып келеді, нанын мақтайтын сияқты.
Əкем алдын тосты да, алты нан сұрады. Ол шарбағын түсірмей- ақ тік тұрып ақша алды да, төбесіне қолын созып, екі-екіден алты жалпақ нан əперді. Діңкілдеп тағы айқайлай жөнелді. Өнеріне артынан таңдана қалыппын. Иығымнан шешем түрткенде жалт қарасам, бір нанды төртке бөліп бір бөлігін маған ұсынып тұр екен. Қалай тез біткенін білмеймін, көмейімнен жып етіп өте шықты.
– Тағы жейікші, апа!
– Барған жерде жейміз, тез жүріңдер!
Шешеміздің арқасындағы дорбадан нанның иісін сезіп артынан бүлкілдедік те отырдық, шаршадық та демедік, «Бор батырдың» қалғанына да өкінбедік, мұндай иіс сезген күшіктерді «кə-кəлап» шақырып ертудің қажеті не, дəл осылай өзі-ақ бүлкілдеп еріп отыра- тын, тұмсығын көтеріп иіскей бүлкілдейтін ғой. Шақшырайған тал түс, тымырсық ыстық болып кетті. Екеуміз аузымызды ашып алып бүлкілдедік енді. Тіліміз аузымызға сыймай, тамағымыз құрғап кетті де, жұтқыншағымызды жұмсартуға түкірік те шықпады.
Тозаңы аспанға шыққан үлкен жолмен келеміз, таңдайымыз тозаң татиды. Екі жағымыз егіндік, көктеп қалыпты. Бірер арықтан су да көрінбейді, киімім қапқа салынды, көйлекті шешіп алып, екеуміз де дамбалшаң қатарласа бүлкілдедік.
Алдымызда көлденең созылған көп терек тұр. «Ілушін сол» деді əкеміз. Барлық үмітті соған артып, соған жетуге асықтық. Қатар- қатар, кербез тізілген көп терек бой жазып үңіле қарағандай бізге.
«Келіңдер, бауырымда саялап, зəмзамдай суымнан ішіңдер! Мына қалың егінім сендерге де жетеді. Мал деген қора-қора, табын- табын, ет те көп, сүт те көп!» деп тұрғандай, бар адамға ортақ жəннат болып елестейді. Түс ауа сол «жəннаттың» шетіне іліндік. Үлкен жол жалғыз көшеге кіргізді. Көшесі адамсыз, көлбеген ұзын-ұзын дуал болып кетті.
– Байлардың бақшасы, – деді əкем. Жəннаты сол дуалдың ішінде қамалыпты. Зəмзам су мен мырза теректердің өздері де меншікті түрме қоршауларында екен. Біздің күйіп кеткен аяғымызға ыстық топырақ қана тиіп, кепкен аузымызға тозаң ғана түсіп келеді.
Сол қайырсыз теректердің ар жағына өткенде ғана тоқтады əкем. Тозған дуалдары бар ашық қақпаның алдына келіп тоқтап, қабы мен шапанын жерге қойды. Дуалдан басқа саялайтын еш дал- дасы жоқ, дуалдары да көлеңкесіз аласа екен.
– Осы жерде дем алып отыра тұрыңдар, мен əлгі ауру мырзаға барып келейін!.. Осы қорада бір қазақтың үйі бар, суды содан ішерсіңдер, ит жоқ, – деді де əкем көшенің теріскей жағынан кел- ген бір арықты жағалап өрлей жөнелді.
Шешем аула ішіне беттеді. Ауланың шығыс жақ босағасындағы жалғыз тамнан сылдыраған бір қызыл келіншек шыға келді де, ернін ғана жыбырлатып, шешеммен амандасты. Қайтадан кіріп, жарты шелек су алып шықты. Жалаңаш, қақпаның алдына отыра қалдық. Шынысын өзі ала келіп, су құйып берді ол.
– Қайдан келесіздер?
– Арғы беттен өтіп едік, қаладан күн көре алмайтын болған соң, паналау үшін осы жерге келдік.
Келіншек те сол жақтан былтыр келгендіктерін қысқаша айт- ты да, шелегін ала салып үйіне кіріп кетті. Көп терек қоршалған биік дуал жақтан шыққан жалаң бас, жуан қарынды біреуге қарап қойып жөнелді.
Əлгі жуан қара, жер тəңірі сияқты, қолын артына қайырып ұстаған бойы алшаңдай əрең басып алдымыздан өтті. Балпиған бетіндегі қырқылған бурылдау мұртына қарап оның егделеп қалған
ер адам екенін білсек те, беліне түскен өрулі айдарына қарап, оны- сына күмəнданып қалдық. Артына қайырып ұстаған қолында темекі тартатын ұзын найы бар екен. Кестеленген темекі дорбаның бауын найының мойынына іліп алыпты. Үлбіреген ақ көйлек пен қара сымы асыл болса да, шүберек кебісіне жеткізбей жібек орау- ышпен орап таңып тастаған балағы басын қазандай, аяғын қылдай бірдеме етіп көрсетті.
– Қытай жаңгүдей! – деп сыбырлады Биғаділ.
– Солаң болу керек, – деді шешем, – бұл жерде солаң көп деген. Келіншек ол өтіп кеткен соң қақпа алдына қайта шығып, артынан қарап тұрды. Айдарлы қайта бұрылып аяндағанда келіншек бізге қарап сөйледі:
– Біреуді тосып отырсыздар ма?
– Ие, шалым осы жерден тоса тұрыңдар деп былай кетіп еді.
– Үйіңе қонақ келген бе, Бағила? – деді айдарлы жақындай беріп.
– Жолаушы ғой, үйге кіріңіз.
Келіншектің үні бізге сөйлегендегіден басқаша сылдырап, ойнақтала қарады. Айдарлы айбарлана қарап, алдымыздан асықпай өтті де келіншек артынан еріп оны үйіне кіргізіп əкетті.
– Солаң екен, – деді Биғаділ, – бұлар ыңғай қазақша сөйлейді. Шешем жан-жағына жабырқай қарап, ауыр күрсінді.
– Есіл ел, аяқ асты болдың-ау!.. Əй иттің ғана баласы Ақтай-ай!.. Оның көзіне тағы да жас тамшысы іркіле қалды. Бұл жолы
шешемнің неліктен жəбірленгенін толық айыра алмадым. Нан сұрап едік, əкемнің келе жатқанын көрсетіп, орналасқан соң шай ішетіндігімізді айтты.
Қолында кішкене қазан мен қара шəугім бар əкем келді.
– Осында бір ауыз бос үй бар еді, соны сұрап алып қойыпты, өзім де осы болар деп ойлап едім! – деп əкем аулаға кіре жөнелді. Ауланың шығыс жақ босағасындағы əлгі келіншектің үйінің есігі тарс жабулы тұр. Біз батыс жақ төргі бұрышындағы бір кетіктен астық та, иен дуалдар ішіндегі төрт бұрышты, кішкентай ғана ала- са үйге кірдік. Ат қора ма, – деп ойлап едік, төр жағында жалғыз көзді терезе бар екен.
– Өзің де пəлендей құнды қалпе көрінбейсің! – деп күлімсіреді шешем, қабы мен əкемнің шапанын көтере кірісіп, үйге тексере қарады. – Шаршап келгенде бір шəугім шай беріп тынықтыратын ешкімнің болмағаны ғой!
– Құн қайда қалды, Жаппар қайда кетті. Оны қой, бəйбіше!
Əйтеуір дүниеде саған құным бар екен. Сол жетеді маған! Байға тиіп кетпей артымнан іздеп келдің ғой! Енді осы иен дуалдың ішінің барлығы сенікі, бұған да шүкіршілік айт!.. Ал, үй ішіңді сы- пыра бер, мен астыға төсейтін мия шөп жұлып əкелейін!
Əкем еңкейіп тұрып сөзін бітірді, басын көтере беріп төбені бір сүзіп алды да «ыңк..і..ы.. əкеңнің» деп қалып еңкеңдей жөнелді. Құдайдың кең даласында басын төмен салып жүретін əкеме мына үй дауа болған сияқты. Шешем соны айтып күлді:
– Тұқырғыш болсаң енді тұқыр!
– Арқан жоқ-ау, ие, – деп əкем есікке қайта қайырылып еңкейді.
– Мияны бір-ақ көтеріп əкелер едім
– Арқан Келдімұратта қалған еді, əкеле қояйын ба?
– Қой, құдай сақтасын, сенен арқан сұрамай-ақ қояйын, енді кете көрме!..
Сыпырылып, мия төселген соң үй кейпіне келе қалды да, Биғаділ екеуміз құлай кеттік. Таңертең сұраған нанымыз екінтіде ауызға əрең түсті. Ауызға түсті де зым-зия жоқ болды. Əке-шешемізбен бірге қара шай ұрттай бердік. Сөйтсе де қуанып та отырдық. Əлгі біз сүйенуге келген ауру сауынға бір ешкі беретін болыпты. «Кеш- ке мал келген соң алып қайт» депті. Ол ауырмаса бізге шəугім мен қазан, сауындық ешкі қайда!
– А, құдай, ауру көбейе түссе екен, – деді Биғаділ. – Бəрі бір-бір ешкі берсе Қырау екеуміз бағар едік. Айран ішер едік шіркін. – Əке-шешеміз күліп жіберіп еді, Биғаділ тағы бір тілеуін жалғады.
– Əлгі семіз солаң ауырса екен!
Бағана көрген жəбірі шешемнің есіне қайта түсті білемін, өңі салқын тартып соза күрсінді.
– Қай солаң ол?–деп сұрады əкем шешемнен.
– Мына үйдегі келіншек те бір салдақы көрінеді ғой!.. Бағана қарны кебежедей, айдарлы біреуді біздің көзімізше үйіне кіргізіп əкетті, қылмың-қылмың етеді, шімігер емес өзі!
– Үйінде науқас қайын атасы бар еді ғой?
– Қайдан білейін, əйтеуір бір түрлі бұзақы көрінді.
– Ие, ие, жерінен ауып, желкеге қиыншылық мінген соң кімді не істеді дерің бар ма? Əліпті білмейтін біреу молда болып алды. Ол құдайдан жаназа ғана тілейді. Салдақы келіншектер борбайын сабалап, салт бойдақ байларды тілейді. Кейбірі тіпті бəйбішелердің бəріне өлім тілейді... Рақиманы көрдің бе сен!.. Бұрын қандай адал еді ол!.. Саудагерлер өз қолындағыларының басқа жерде болмауын тілейді, құдайдан өзінен басқа бəрінен мұқтажды сұрайды. Ұрылар
мал иесінің ұйқысы мен итінің өлімін тілейді, бақсылар бар адам- ды жын соғуын тілейді!.. Енді мына кішкентай Биғаділдің не тілеп отырғанын ұқтың ба!.. Дəрігерлердің күн көргісі келгенде аурудың көбейюін тілейтіні рас та ғой!.. Мен бұл қиыншылықты көп көрсем де, басқа кəсібім барда қашан ауру іздеп едім?! Осы жаққа өткелі құрт ауруы мен жел-құзды əркімнен сұрап іздеумен болдым. Бұл – алал кəсіп қой, сөйтсе де адамзатқа апат тілейтіндей, ниетіміздің бұзылып кеткенін көрдің бе! Кəсіпсіз ашықкан адам не тілемейді, не істемейді дерің бар ма!.. Бұл келіншектің күйеуі – сол айдарлы солаңның малайы. Келіншегі мен қартайған ауру əкесін бағамын деп қол-аяғы тілім-тілім болып жүр. Солаң оны малайлыққа алса да, қайраты үшін емес, осы əдемі келіншегі үшін алған шығар, қайдан білесің! Күстаналама да, көрме де оның ісін, кеселі бізді шарпып, осы үйшіктен қуып шығарып жүрмесін!
Биғаділ екеуміз ертеңінде-ақ ешкіші болып шыға келдік. Бағатынымыз бір ғана шыбыш пен оның лағы. Шығыс жағымыздағы дуалдас екі ауланың ар жағы Ілушіннің өзеншесі екен. Өрісіміз – соның шөптесін көкмайсасы. Шешем ешкіге желін қап байлап берісімен қуалай жөнелеміз де, түскі шайдан басқа уақытта сол майсада боламыз. Басқа бұзаушы, қозы–лақшы балалар да көп екен. Алғашқы кезде оларға қосыла алмай, оңаша ойнап жүрдік. Олар ірірек те іргелі, өктемірек көрінді бізге. Олардың ішінде əдемі киінген бір жуан қара жігітше бар. Ол ешқандай мал бақпаса да келіп сол балалармен ойнайды. Балаларды əскер етіп тізіп ой- найды. Күрестіреді, жарыстырады. Биғаділ екеуміз алысырақтан үрпиісе қарап тұрып, солардың ойынын көреміз.
Бір күні сəскеде тағы сол дағдымызбен тұр едік, біздің үй жақтан бір ересек бала жүгіріп келеді екен. «Бақажай!» деп Биғаділ айқайлап жіберді. Биғазы екенін мен де тани қойдым, оған қарсы жүгірдік. Біз судан өтісімізбен екеумізді бір-ақ құшақтады ол. Көзі қызарып, жасаурап кетті, сөйлей алмады. Мен де үнсіз қарай бердім жүзіне. Бұрынғыдан қарайып, ерні жарылып кетіпті. Аяғына шеті қайыспен бүріліп киілетін тері шақай тартып алған екен. Бойы өсіп қалғандай көрінгенімен, арықтап қатып қалған сияқты. Ол құшағын жазды да, жыртылған қара бешпетінің қалтасынан бір жапырақ қарма нан алып, екеумізге бөліп ұстатты.
– Мен жоғары жақта мал бағып жүр едім. Əкемнен есіттім, сендерді көріп қайтайын деп келдім, қойға əкем қарап қалған, тез бармасам қожайын ұрысады! – деп жүгіре жөнелді ол. – Түс уақытында келіп кетіп тұрамын! Биғаділ тағы айғай салды:
– Бақажай, біз де ешкіні сол жерге апарып бағайықшы!
– Болмайды ол жер алыс!
Бақташы балаларға бастық болып жүрген қара жігітше бұйыра шақырды Биғазыны:
– Ей, бері кел, бері келші!
– Тіндəй ағатай, қойым егінге түсіп кетеді ғой, кейін келермін! Биғазы жүгіріп кете берді де, Тіндəй жан қалтасына қолын са-
лып біздің қасымызға келді.
– Ей, анау сендердің неменелерің?
– Бақажай ма, ол біздің ағамыз емес пе! – деп Биғаділ жауап қайырды.
– Бақажай ма оның аты?
– Биғазы! – деп түзеттім мен.
– Е, бəсе, Биғазы... Мен оны танимын, ол қиын ертекші! – деп ол маған қарады.
– Сенің түрің оған өте ұқсайды екен. Сен де ертек білетін шығарсың?
– Біз білмейміз, – деді Биғаділ, – біз де Бақажайдан еститінбіз.
– Жүріңдер, ана балалармен бірге ойнаңдар, сендерге тиіспейді, мен айтып қояйын. Бірақ, мен не айтсам соны істейсіңдер!..
Сөйтіп, ол бізді үйіріне қосып алды, оның бұйрығын əлімізше орындап жүрдік, біз де тізіліп əскер болдық, біз де жарыстық, біз де күресіп көрдік. Бірақ, бəрінен артта қаламыз, бəрінен жығыламыз. Əсіресе, Биғаділ көп күресті де, көп жығылды.
– Өздерің қурай сияқты екенсіңдер, нан жемегенсіңдер ме? –
деп жəбірлейді «қолбасшымыз».
«Нан» сөзі шыққанда тамсанып қана қоямыз. Бұл кезде бізде нан деген жоқ, бір уыс, екі уыс бидай ғана болады. Күрескен сайын бұралып, бұралған сайын ішегіміз шұрылдаушы еді. Бұлардың ойынының бəрі бізге ауыр келді. Өзіміздің жеке шүңкілдесіп, тып-тыныш ойнауымыз жақсы еді. Бұлардың ойы- ны нанды бұрынғыдан да көп ойлататын болды, аштығымыз қатты біліне бастады. Аштың ойыны мен тоқтың ойыны бірдей болмайды екен. Бастықтың бұйрығын орындамаса тағы болмай- ды. «Ертек айт!» деп зорлағанда да сондай, оны да айта алмай- мыз, сөйтіп жəне жəбірленеміз. Жігітке мұндай да бір өнер ке- рек екендігі дəлелденіп-ақ жүрді. Дəлелденгенімен дəрмен жоқ, амал қанша.
Тапқан амалымыз – ешкіні осы жерге айдап салып, өзіміз үйдің қасына келіп ойнау болды. Үйдің төбесіне, дуалға шығып көздеп
тұратын болдық. Алғашқы бір-екі күнде бұл амалымыздың да жолы болмады. Бізді келсін деп балалар ешкімізге мініп алатынды шығарды. Мұны істетіп жүрген «қолбасшы» екендігі анық болды. Шешемізге айттық, атының Тіндəй екенін ұғып барып, шешем оған арыз етті. «Екі бала да науқас» екенін, «келе алмай жүрген себебі сол» екенін айтыпты. Ешкіміз сонан соң ғана тыныш жайы- латын болып қалды.
Қайдан алғанын білмеймін, əкем екі ағаш бидай тауып əкелген күні, шекарадан қайта өтіп, енді Биғайшаны əкеліп алу жөнінде шешемнің талабы күшейіп кетті. Биғазыны қожайыны босатқызып, жанына ертті де, ертеңінде-ақ жолға түсті.
Қызыл келіншектің үйінің ар жақ іргесіндегі кішкене қорада жалғыз бойжеткен қызы бар кемпір-шал тұрушы еді. Əкем бір жаққа кетерде бізге қарасып тұруды соларға тапсырып кетіп жүрді. Оның қызы біздің үйге келіп, шай қайнатып, бидай қуырып беретін болды. Жалғыздығынан туған болу керек, өте бауырмал бойжеткен екен. Өздігінен бетін де жуғысы келмейтін Биғаділдің бетін жуғызып, бізді аялап, маңдайымыздан сипап жүрді. Өзенге суға барарда мені ертіп кетеді, байқасам, далаға жалғыз шыққысы келмейді екен. Біздің үйге келерде маңайына қарап-қарап алып, дуал асып келеді де, дуал асып кетеді. Суға барса еш жаққа қарамай шелегімен суды іліп ала қашады. Мен ілесе алмай да қаламын, «тез жүр, тез жүр!» деп сыбырлап, мені желдіреді де жүреді. Қорқатын жауы Тіндəй екенін білдім.
Тіндəйдің де осы маңайдан кетпей көздейтіні – осы қыз екені сезілді. Суға барғанда бізден көз алмай, кейде көре салып бізге қарай аяңдайды. Бірақ біз тездігімізбен, біз емес-ау, қыздың тездігімен шалдырмай кетіп жүрдік.
Екі беті томпақтау, тоқ қара торы қыз, жүзі жайшылықта əдемі болса да, суға барғанда түйіліп, сұп-суық болып алады. Тағы бір байқағаным қыз суға барғанда нашар тігілген, ескі қоңыр ала көйлегі мен оңып кеткен көк бешпетін киіп шығады. Жаңа туфлиі мен бүтін шулкиін тастап, жыртық кебісін іле салады. Сонда да оның қап-қара ұзын бұрымы мен қиғаштала серпіліп тұратын қара қасы алыстан қарағанда көркін жасыра алмай қалатындай. Бұл жайларын байқаған соң, өзіме əпкедей көрініп қалған бауырмал қызға шын көңілмен болысқым келді. Аты Жамал екен, шешесі
«Жəміш» деп шақырады.
– Жəміш тəте, бұрымыңды бешпетіңнің ішіне салып алсаңшы, – дедім бір келгенінде. Бетімнің қызып кеткенінен
қызарғанымды біліп, төмен қарап айттым. Қыз жалт қарады да күліп жіберді.
– Неге?
– Сол... Суға барарда бетіңе топырақ жағып ал! Келген соң жуып аласың!
Жəміш қатты күлді. Камал тəтемнің күлкісіне мұның күлкісі де ұқсай қалды. Көзімнің астымен бетіне қарадым. Ол менің алал ойымды əбден түсініп күлген екен. Күлкісін тоқтата қойды, қызара түсіпті. Жаңа ғана күліп тұрған қара көзі енді жасаурай қалды да, менің басымды екі қолымен уқалап-уқалап жіберіп, шыға жөнелді. Мен оның дуалдан асып, үйіне жеткенше еркінірек жылап алғысы келгенін түсіндім. Шешеміз кеткен соң Биғаділ сырқаттанып қалып еді, іші бұрап ауырады екен, бүгін көбінесе үйде мия төсекте жат- ты.
– Қырау, ешкімізді мінді ме екен, қарап қойшы, – деп жатты сонда да.
Жамал кеткен соң мен үйдің төбесіне шығып ешкіге қарадым. Түскі күн шақшырайып тұр да, маңайым жым-жырт ыстық екен. Өлкедегі балалар да үйіне қайтыпты. Үйшіктің дөдегесінен шығып тұратын ұзын, қу сырғауылдың ұшында бір қарлығаш сайрап отыр. Қызық əңгіме айтып отырғандай сық етіп «күліп қойып», жіп-жіңішке əдемі үнмен жылдам-жылдам сөйлеп кетеді де, тағы күліп жібергендей болады. Өзіміздің жақтан кел- ген таныс қарлығаш сияқты, бұл жақтан көрген күлкілі істерін айтып болғанша асығатындай, жеделдете «айтып» ішегін тарта, сық етіп қояды. Мен оның не «сөйлеп» отырғанын ұғатындай бар ықыласыммен тындап тұрып қалыппын. Үйшігіміздің арт жағы көктат бақшасы еді. Бұл жақта оны «сəйлік» деп атай- ды. Бақылдап кеткен сəйші қытайдың «кəрі дауысы» мені жалт қаратты. Жаңа өспірім, ұзын бойлы бір жас орысты бүкшеңдеген кəрі сəйші əпкіш ала қуып барады екен. Орыстың қорыққанын көргенім осы еді. «Япырмай, ана дəу де қашады екен-ау!» де- ген оймен таңдана қарадым мен. «Ана жуан қолымен кішкентай шалдың шидей сирағынан ұстай алса, үрген қарынша домалаң ете түсер еді-ау!.. Бұл жаққа ауып келгелі су жүрек болып, бұлар да қорға айналған екен ғой!.. Диюдай денесімен шіркейше ұшып бара жатуын қарашы!»
Алғашында шалдың бақылдауынан қорқып кідірген қарлығаш, өзіне келмейтін қатер екенін сезген соң «əңгімесін» жалғастыра жөнелді: «кісі жеріне келген кісі кісі бола ма екен? Шіркін-ай,
кішірейіп шіркейдің шіркейі болып кеткен жоқ па!» деп сықақпен соза тоқтағандай болды сөзін.
Қызыл келіншектің үйіне Тіндəй өңдес, бірақ, одан үлкендеу бір жігіт лыпылдап келіп кірді, қақпадан кірерде жан-жағына қарағыштап қоюынан, оның да суық жүрісті екенін сезгендей болып, үйдің төбесінен түсе жүгірдім: байқағым келгендей бір əуес пайда болды. Кетіктен аса ақырын басып келіп, ауыз үйінің терезесінен қарадым. Ауру шал ауыз үйінде еді. Терезе алдындағы жəшік үстіндегі шикі тары салған қаптың аузы ашық тұр. Шалдың аузы бұлт-бұлт етіп малмаңдайды. Ақбурыл сақал-мұрты ойнақ са- лады. Бір уыс шикі тары қолында! Тарыға ғана төніп тұрған оның көзі баспалай қараған маған түсе қалды да, теріс айнала малман- датты. Онысын көргім келмегендей, мен де теріс айналып кеттім. Шалдың «құлқынының» жамандығына «жиренгендей» болған едім. Ол сезім дереу ғайып болды да орнын күйіне аяушылық алды: Келдімұратта қалған əжем көзіме елестеді де, мына аш шалдың халімен дереу бірігіп, бір тұлғаға айнала қойып еді, жүрегім зырқырап сыздай жөнелді. Төр үйден тапыр-тұпыр алысқан, күбірлей ұрысып ренжіген үн естіліп тұр. Аштықтан қалжырап ес- түстен айырылған қарттың құлағы оны естімейтіндей. Келіншек дауыстап ұрысып кетті бір кезде:
– Ілдай, қоя бер мені! Болмайды, болмайды!.. Əкең... əкеңе ай- там мен!.. Ұқпайсың ба, Ілдай?! Мен.. мен, жас болғаныммен, енді шешең... шешеңдеймін... Əрі жүр!.. Жолама маған!..
Менің тұла бойым қалтырап кетіп еді, шарт-шұрт шапалақ үні естілген соң терезенің астыңғы көзінен сығалай қалдым, ұрған сол жігіт екен, ақырғы шапалақты салып жібергенде келіншек баж ете түсіп, бетін баса бүкшиді. Сарт-сұрт басып есікке беттеді жігіт, мен зытып бердім.
– Тоқташы ей! Сен əкеңнің!.. Қайдан жүрсің?
Мен дуал кетігінен асып түсіп қарасам, ол мені қуаламай шығып кетіпті. Бұрыш айналып барып үйшігіме кірдім. Көзімнен жас сорғалай кірді үйге. Биғаділ жалт карап, басын көтерді.
– Не болды, Қырау, Тіндəйлар ұрды ма?!
– Жоқ, – дей салып, солқылдап кеттім, ол тағы сұрады. Сөйлей алмадым. Өлмелі шалдың аянышты халі, келінін соққыға қимайтын сезімім, өзімнің янатталуым қосылып булығып кеттім. Əлгі қара- сұр жауызға қатты өшіктім. Іле-шала келіншекті аяу сезімім жойы- ла қалды. «Ол кешке дейін түлкіше жылтаңдағанша, атасына дайын астықты неге пісіріп бермейді!.. Не деген тасбауыр келін!.. Тезірек
аштан өлсін, айдарлының келгенін көретін көзі тез жұмылсын деп əдейі аштан қатырып, əдейі ауыртып отыр екен ғой! – бұл сезім енді мені келіншекке өшіктірді, мейлі өлтірсін сол қаншықты, бар қожайын, бар төбет келіп таласып, қолын-қол, бұтын-бұт күйінде жұлып-жұлып əкетсін!.. Онда нем бар еді, бейшара шалға ұлы келіп қарасатын болады сонда!» – Осы оймен көз жасым тез тый- ылды. Сұрай түскен Биғаділге көргенімді сөйлеп бердім.
– Соған жыладың ба, Қырау!.. Өзіңді біреу ұрған екен деп қорықтым!.. Ешкіні көрдің бе?.. Мен көріп келейінші!..
Келіншекті ұрған қара сұрының аты Ілдəй екенін ойыма түсіріп, Тіндəйдың ағасы екені де, ол екеуі айдарлының ұлдары екенін де білгендей болдым. (Таяқ жеген келіншек «əкеңе айтам» деген ғой). Енді сол қара сұрыға көрінбесем екен деген оймен мен үйден шықпай қалдым.
Əкем күн батпай қайтып келді. Екеумізге жан қалтасынан бір жапырақ нан алып, бөліп берді де, Биғаділдің тамырын ұстап көріп, суық су ішпеуді тағы тапсырды.
– Мен шай қайнатайын, сен ешкіні айдап кел! – деп мені жұмсады.
Мен жалғыз барудан қиналсам да үндемей есіктен шығып, Жамал өтетін дуалдардан астым. Оның есігінен қарасам, Жамал төмен қарап бірдеме тігіп отыр екен, шешесі мені көріп қойды.
– Келе ғой!.. Ана бала келіп тұр! – деді қызына. Оның үйі біздің үйден тəуірлеу, төріне жайған сырмағы бар болатын. Қызы сол сырмақтың үстінен күлімсірей тұрды да, есіктің көзіне келіп менің неге келгенімді күбірлеп қана сұрады.
– Əкем келді, ешкіні айдап кел дейді, – деп сыбырладым мен, –
қорқам, Тіндəй деген солаң бар екен!
Жамал менің сөзімді шешесіне күле қайталап айтып берді.
– Алда қарағым-ай! – деді шешесі. – Бұл да сол иттерден қорқады екен ғой, бұған да тиіскен ғой тегі!.. – Жүр, мен қарап тұрайын, сен айдап қайт, қорықпа одан, ер баласың ғой!
«Ел қорыққанда мен қайтып қорықпаймын» деп ойладым. Қақпадан шыға қарап алдым да, тұра жүгірдім. Бара ешкімді қуалай жөнеліп едім, Тіндəй алдыма көлденеңдей берді:
– Ей, сен бізден қорқып жүрмісің?.. Біз тиіспейміз саған, тоқтай тұршы! – Мен тұнжырай тұра қалдым. Ол дауыстай сөйледі. – Биғазы екеуміз жақсымыз ғой! Сендерге біреу тиіссе маған айт! Əкесін көзіне көрсетем!
Мен басымды изей салып ешкіні айдап қайттым.
«Əкеңнің əкесін көзіне көрсетерсің!» деп ойласам да, біраз ме- деу тапқандай оншалық асықпай айдап қайттым. Тіндəйдың сөзін кемпір де естігендей сөйледі:
– Е, бəсе, ол саған тиіспейді, қарғам! Ешкімнен корықпай жүре бер, қайта Жəміш тəтең суға барғанда бірге барып келіп тұр!
Кешкі шайды ішіп жатқанымызда, шешем мен Биғазы қайтып келді. Биғайшаны арқалап кірді. Бəріміз қуандық, Биғайша ояу екен. Бəрімізге қарады. Бəріміз құшақтап бетінен сүйдік. Ол кішкентай үйшігімізге де жаудырап қараумен болды, əкем алдына алып отырды оны.
– Өз жеріміздің иісі бар екен! – деп əкем көзіне жас алды да, маңдайынан, бетінен сүйіп, екі шекесіндегі екі тұлымынан кезек- кезек иіскеді! Һо-һо-һо... Құлыным, құлыным!..
Біздің үйіміз енді толықтанды! Өліп қалғандар мен күйеуге тиіп қалған Бисара тəтемізден басқамыз түгел өтіп болдық. Шекарадан бір- екі рет өтіп келген шешеміз біржолата титықтап, арықтап қалыпты. Жақ сүйегі арса-арса болып көрініп тұр. Ақ маңдайы қоңырқай тар- тып əжімдене бастаған. Кішілеу өткір қара көзі ғана бұрынғысынша жарқырайды. Оның көңілі енді толып, балаларының толықтануымен ғана масайрап отырған сияқты. Көзі жарқырағанымен сол отты көздерінің маңайы ойқылданып, үңірейіп қалған екен. Жə деген қайраты бар ер адам, шекара қатерін бір-ақ рет əрең басып өткенде, арықтаған кішкене ғана əлсіз əйелдің оны үш рет басып, жан алқымға үш рет келуі оңай ма?!
– Сенің батырлығыңа енді шек келтіре алмаспын! – деді алпам- садай батыр денелі əкем оған.
Расында оны батыр еткен – балалары үшін өлуге қашан да дай- ын тұратын аналық жүрек қана еді.
Құрметті «тергеушім», ең құдіретті жүрек – ана жүрегі. Ба- лалары үшін ол жүрек жазадан, қысымнан, қырсықтан, тіпті, өлімнен де қорықпайды. Ел бір ғана бұзып өткен шекараны ол үш рет бұзып өтті. Ол үш есе қылмыс өткізді. Мен сондай жансебіл қылмыстыдан туған қылмыстымын.
IV
Шешесінің талабын орындап, Жəмішпен бірге суға барып тұрдым. Ол да менің айтқанымдай, бұрымын бешпетінің ішіне салып, кір– кір болып шығып жүрді. Суға барарда мен оның бетіне əдейілеп қараймын, ол күліп жібереді. Таяқ жегеннен кейінгі бір кешке жақын
қызыл келіншек су көтеріп келеді екен, біз суға бара жатып қарсы ұшырасқанда көрдік. Оның, оң жақ көзінің маңайы түгел көгеріп кетіпті.
– Мұны Ілдəй ұрған! – деп сыбырладым Жəмішке.
– Неге
– Əдемі болған соң ұрды!
Қабағын түйіп ап келе жатқан қыз күлкі қысып, бір қолымен аузын басты:
– Əдемі болса ұра ма екен?
– Əдемі болған соң бəрі соның үйіне келеді. – Əкесі де, Ілдəй да келеді. Тіндəйдің келгенін көргем жоқ. Əкесі ұрмады. Ілдəй қатты ұрды, көзі содан көгерді.
Қыз сұп-сұр болып, тез жүріп кетті. Суды іліп ала қашты. Мен артынан ере тоңпандап едім, Тіндəй шақырды. Қайырыла қарап едім, қыз бет бұрмай бұйырды маған:
– Жүр, қарама оған, барма!
Мен жүгіріп Жəмішті қуып жеттім де, еріп қайта бердім. Күн бір түрлі күңгірт тартып батып барады екен. Аспан буалдыр, бұлт па, шаң ба белгісіз, сұрғылттанып алыпты. Жел ішіне тартып тұншығып тұр. Шөп басы үлп етпей ойлана қалған сияқты... Жəміш қақпасына кіргенде мен де ойланып тұрып қалдым. Ешкіні айдап қайтатын уақыт болған екен. Соған барғым келді. Тіндəй маған бір түрлі жылы жүзбен қарап, қарсы жүрді.
– Ей, ана қыз сенің неменең?
– Іштемем емес, көршіміз.
– Ыңғай сені ертіп, сөйлесіп жүреді ғой өзі, не айтады?
– Ештеме, ол емес, мен айтамын.
– Ей, сен екеуміз жақсы болайықшы! Сен менімен де бірге жүр! Мен бақшаға ертіп апарамын. Ешкіңе ешкімді тизгізбеймін, мыналарға бақтырамын. Үйіңе бірге айдасып апарып беріп тұрамын. Екеуміз бірге жүрейік, бола ма?!
Мен не дерімді білмей, басымды изеп қойдым. Тіндай ешкіні менімен бірге айдасып келіп дуалға кіргізісті де ертең келетінін, бақшасына баратынымызды айтып қайтты. Мұнысынан қуанарымды, қорқарымды білмей кірдім үйге. «Өзі жақсы жігіт сияқты ғой!» Шешем Биғайшаны алып келген соң шекарада екі рет «ақсарбас-ниаз» айтқанын есіне түсіріп еді. Біреуін мені бұқтырып, төрт құлақты бейіттің түбінде жатқанда айтқан. Биғайшаны əкеле жатқанда тағы қорқып, тағы айтыпты.
– Екі рет айтып едім. Құдайды алдамайықшы! Пальтомды сатып,
сарбас болсын-болмасын, əйтеуір, бір ақ қой тауып келші! – деп əкеме айтқанын естіп едім.
Шешемнің сол жалғыз шапанына кішкене қара қой келіп қалыпты.
– Табылғаны осы, – деді əкем, – құдай біздің қорамызда қой жоқ екенін білмей ме! «Барды жоқ деген – кəпір, жоқты тап деген – кəпір» деп айтқан құдайдың өзі болатын. «Барға қанағат, жоққа салауат» осыны сояйық та мүсəпірлердің бірнешеуін шақырып, балаларға ба- тасын əперелік, бəйбіше, жоққа қиналып қайтесің!
– Япырмай, тым болмаса қылаң сұрамай, қас қылғандай қап– қарасын əкелуіңді қарашы!.. Енді майына шелпек пісіріп, «жеті шелпек» бере тұрайық», құдай беріп орайы келгенде ақсарбастың дəл өзін-ақ тауып шалармыз, қайтерміз енді.
– Ұн керек қой, оны қайдан табамыз?
– Мұқамəдидің үйінен бір табақ үн əкелгенмін. Балаларға көрсетпей, əдейі сақтап отыр едім.
– Ақылды енді таптың, бəйбіше! – деп əкем серпіле кетті де, пышақ қайрауға кірісті. – Өзіміздің жердің ұнымен тілеу жасау бəрінен сауапты!.. Ал, енді бір жағынан, ақсарбас қойды табу – Алланың өз қолынан ғана келеді. Қайткенде де өзіне арналған қойдың қисынын өзі келтірмей ме. Мұның да ақыл тапқандық!.. Үшінші, қазір балалар да, өзіміз де аш. Қара қойдың етімен өзіміз бір қаужанып алалық! Оның сорпасымен Биғаділ жазылады. Көптен ұстап көрмеген қойдың басын ұстап, мен қопиямын. Бір жағынан бір-ақ ұтқан өзің. Тіпті, түпкіш екенсің! Сөйтіп қара қойды бас салған əкем майшамның жынды көбелектей дірілдеген сəулесімен лезде мүшелеп шығара салды. Сол түні мия төсенішіміз құс төсектей тиді жамбасымызға. Ертеңіне шайдан соң шешем май шыжғырып, шелпек дайындығына кірісті. «Жеті шелпек» жеті ғана емес, қырық шақты шелпек болып шығатын көрінеді.
– Апа, жеті шелпегіңді анау үйдегі ауру шалға берейікші! –дедім мен, – басқасына бермесең берме, соған берші!.. Өзің апарып өз қолына бер!
Соны айтып жалынып тұрғанымда, Тіндəй есіктен қарап маған ымдады. Шелпек пісіріліп жатқанда кісінің үйден шыққысы келе ме, қаншалық тырысқаныма қарамай шақыра берді. Бір сылтау ой- лап таба бергенімде, оның талабын шешем қолдады:
– Алаң болма, сенікін алып қоямын, ана бала жақсы көріп қапты ғой сені!.. Бара ғой!.. Ойна, жақсы, тату жүріңдер!– деп сөзін Тіндəйға қаратты шешем, – шырағым, менің бұл балам қорқақ, бір
нəрседен қорқып қалмасын! Жəне өте ұялшақ, онысына қарап, бұртыңдаған тұйық бірдеме екен деп қалма! Үйренісе келе оны- сын қойып, шешіліп кетеді. Жалғыз-ақ, əке-шешеңді боқта демесең болғаны бұған! – шешем күле айтты бұл сырымды. Тіндəй да күліп тұр. – Басқасының бəріне көнімді, бəрін де түсінеді. Үлкенсің ғой, ойыңды жақсылап үйрет, балам!
Тіндəй мені күле ертіп шығып, өзінің бақшасы жаққа бастады.
– Сен неден қорқасың?
– Мен иттен қорқамын.
– Одан басқа.
– Одан басқа, – деп бөгеліп қалдым «Ілдəйдан қорқамын» демекші едім, ол Тіндəйдың ағасы болғандықтан айтқым келмеді. Бірақ, біз соның үй жағына бара жатырмыз. Дəл қазір иттен гөрі содан қорқынышым көбірек еді. Соны айтып қоймай үрекпеген қаупім басылар емес.
– Ие, одан басқа? – деп Тіндəй қайта сұрады.
– Одан басқа... сенің ағаң ба, Ілдəйдан қорқамын.
– Ол – менің ағам, одан қорықпа... Ол қалай қорқытты сені?
– Əнеукүні қызыл келіншекті қиын ұрды... жəне боқтады, мен үндемей қашып кеттім.
Тіндəй күлімсіреп біраз ойланып қалды.
– Одан қорықпа, енді тиіспейді! – мен тигізбеймін!.. Ал, одан басқа кімнен қорқасың?
– Ақтай, Санатпай дегендерден қорқатынмын. Əкем оларды ұрған соң қатты қорықпайтын болдым.
– Əкең мықты ма?
– Қиын мықты. Қасқырды тірі сояды, қорықпайды.
– Ал онда сен неге қорқақ болдың!.. Жəне басқа неден қорқасың?
– Бір қыздан да қорықтым.
– Неге?
– Қабағы өте суық көрінеді екен.
Тіндəй күліп жіберді. Мен Шəуешектен алғашқы көрген қыздың қабағын меңзеп едім. Тіндəй Жəміштің қабағы деп түсінген сияқты. Бұл жəйт менің есіме енді түсті.
– Қыздың қабағынан жігіт қорқа ма екен? – деп күлді ол.
– Мен жігіт емеспін, баламын ғой!
– Əлгі өзің бірге жүрге қыздан қорқамысың?
– Жоқ, одан қорықпаймын, ұяламын.
– Неге ұяласың?
– Мен жақсы адамдардан ұяламын.
– Ал менен ше?
– Сенен... біраз қорқатынмын. Қазір біраз ұяламын.
– Мен біраз жаман, біраз жақсы болдым ғой онда?! – деп Тіндəй тағы күлді.
– Жоқ, жақсы сияқтысың.
– Сен бір қу екенсің! – деп ол жымиды да, қулығымның қайда екенін түсінбей мен жымидым.
– Сен қорықсаң бақшаның артынан түсеміз! – деп ол биік дуалдың артына келді. Бір ағаштың сыртқа салбырап тұрған бұтағынан ұстап өрлеп дуалға мінді де менің қолымнан көтеріп шығарып, сол бойы дуалдың ішіне түсірді. Бақша деген біздің үйіміздің артындағы тəрізді сəйлік екен. Бірақ, мынаның төңірегі қатар тізілген биік ағаш, біз Шəуешектен алғаш келгенде көрген
«қоршаулы жəннаттың» біреуі осы екен. Демек, біз «жəннатқа» кірдік! Қалың жапырақ басқан кең сəйліктің ауыз жақ шетінен қатар тізілген биік үйлер көрінді. Қара-сұрлардың үйі сол сияқты. Жап-жасыл қалың жапырақ, қара жерді көрсетпей, көздің жауын алғандай. Тал түске көтеріліп жарқыраған ашық күннің ыстығын жұтқан дымқыл ауалы бақшаның əр түрлі иісі бірігіп, сап-салқын самалмен желпиді. Осындай кең бақшаны кемелдендіріп берген кім екенін толық айыра алмасам да, малайларының қыз-келіншектерін қуалап сабап жүретін қара-сұрлардың қолы бұған тимейтінін біліп келе жатқандаймын. Малайлар əйелін сақтайтын берігірек үй таба алмай жүргенде, бұлардың тегін егілген жапырақтарын да мықтап сақтайтын биік қорған соқтырып алуларын қарашы!.. Мына ағаштарының саясына адам келтірмеу үшін істеген қулығын көрдің бе! Тіндəй қалай жомарттық көрсетіп жүр маған?! «Сен қу екенсің» дейді өзі. Ал, мұның əкесінен сыған, ағасынан жауыз ешкім жоқ. Өзі қандай екен?..
Бақшаның кей жерінде көкпеңбек қалың сояулар көрінеді. Ол біздің Серек тауындағы қалың сарымсақ сияқты менің көзіме өте ыстық көрініп кетті де, солай беттедім.
– Ей, мына жақта лобы бар, қазір тəтті уақыты, содан жейік!
–деп бастай жөнелді мені Тіндəй, – сəйді аяғыңмен басып алмай, мына қырымен жүр! – Ол кішкене бір тақтаға келіп отыра қалып, бір жапырақтың қып-қызыл тамырын жұлып алды. Жапырағымен сүртіп тастап күртілдете бастады. – Сен де алып же, қанша жесең де болады, жей бер! – қатарындағы бір тақтаға отыра қалып, мен де біреуін жұлып алдым. Бұл да қып-қызыл екен. Соның көзінше
сүртіп аузыма салып көрсем ап-ащы, теке саситын бір дəм білінді. Түкіріп тастадым. – Үй, ол шамғұр емес пе, мына тақтадан алып же! – деді Тіндəй. Көрсеткен тақтасына жəне біреуін жұлып алып көрдім. Оңып тұрған ештеңесі жоқ, мұның дəмі де сол «шамғұры» сияқты татиды. Əлгі теке иісті суы тіпті молырақ екен, оны да түкіріп тастадым.
– Мынау теке жейтін шөп пе?! – деп таңдана қарадым өзіне.
– Жоқ, лобы емес пе. Мұны қазақ та жейді ғой!.. Жемейсің бе?.. Онда қайсысынан жегің келеді?
– Анау тұрған сарымсақ па?
Тіндəй үй жағына бір қарап алды да, жүгіріп барып екі талын жұлып əкелді. Бұл əлі өскен жоқ...
Сол «жəннаттың» ішінен сарымсақтан басқа мен бұрын жеп көрген ештеңе таба алмайтынын білген соң, дуалдан қайта асып шығып кеттік.
– Ертең итті байлатып қоямын, сонан соң қақпадан кіретін боламыз!.. Сен Ілдəйдан қорықпа, оны да тиіспейтін етіп қоямын! – дегендей нашаттарымен шығарып салып, Тіндəй үйіне қайтты. – Ей, түстен кейін көкмайсада ойнаймыз, ə!
Мен түстен кейін көкмайсаға қорықпай келдім. Тіндəй да, оның нөкерлері де мені бауырларына тартқандай бейне білдіріп жүрді. Мал қайыртпады да, күрестірмеді де. Əскер болып тізілгенімізде нөкерлеріне қатты сақылдап кететін «қолбасшы» маған келгенде:
– Биғабіл, сен де түзу тұр! – деп күлімсіреп қойды. Ал, басқаларына бар айбарын көрсетіп, шекшие қалды. Ол бұлай шек- шигенде біз қаққан қазықтай қатып қаламыз. Жақсы көретін ең ересек нөкерлерінің біреуі күліп қойып еді, ыршып келіп шапалақпен тартып жіберді. «Қолбасшы» сұрланып алған толық жүзі де от- алып, қызарған көзі де найзадай қадалып, соның алдында тұрып алды. Шапалақ тигенде босап кеткен болуы керек, қылмысты мұрнын тартып қалып еді, шапалақ тағы шарт ете түсті. Ешқайсысы енді мұрнын жия алмай қалды білем, көзімнің қиығымен қарасам, бірнешеуінікі салбырап та кетіпті. Ыңғай жалаң аяқ, жалаң бас «əскер» демдерін де ала алмай сіресіп тұр, мен де сірестім. Қылмысты жылап жіберер ме екен деп күтіп едім, ол «қолбасшыға» итағатпен қарап қатып қалыпты. Жазаланған адамға тиісті тəртіп солай еді. Қайсар жауынгер екенін білдіру үшін, ол мұрнын қайтып тартпады. Мен оған үңіле қарадым. Мұрнынан шығып тұрған «сүңгі» тіпті ұзын екен. Көз алмай қарап қалған болуым керек. «Биғабіл, түзу тұр» деп маған
тағы жұмсақ қана бұйырды да, «тартыңдар мұрындарыңды!» деп ақырып қалды «қолбасшы». Нөкерлер пырылдап ала жөнелді. Жиіркенген «қолбасшы» шегініп, алысырақ барып тұрды. «Жиесəн»7 деп бұйырғанда, барлығы арттарына қайырылып тарай жөнелді де, бүкшиіп алып мұрындарын мыжыса берді, бəрі де қорлықты мұрындарынан көрген екен.
Мен ешкімді қарап келейін деген сылтаумен шықтым да, үйге тарттым.
– Қайда барасың? – деп сұраған «қолбасшыға» үйге барып қайтып келетіндігімді айта зыттым, – мақұл, қайтып кел!.. Екеуміз доспыз енді, менен ұялсаң ұял, қорықпа! – деп қалды артымнан. «Ұялмаспын, бірақ қорқамын-ақ!» дегендей зыттым...
Жəмішпен бірге суға келгенімді ол тағы көрді, тағы да көз алмай қарап қалды. Күн бата қайтып барып, ешкімді айдай жөнеліп едім,
«қолбасшы» менімен бірге айдасып келді:
– Əлгі қыз бүгін не айтты саған?
– Ештеме айтпады.
– Басыңды көп сипады ғой, сені жақсы көреді екен өзі... Менің ба- сымды солай сипасашы! Сен менің осы сөзімді оған ұмытпай айтып қой!.. Мақұл ма?
Үндемедім, басымды да иземедім, мұның мені жақсы көріп жүрген себебін енді түсінгендеймін. «Жəмішті жақсы көреді екен деп, мені бұл да жақсы көрсе не зияны бар. Ешкім бағулы, өзім сыйлы болмаймын ба... Бірақ Жəміш бұдан тіпті қорқады, айтпаймын оған!.. Ие, бұл Жəмішке жақсы көрінбек екен ғой, енді тіпті де айтпаймын!» Осы оймен келе жатқанымда Тіндəй тақауырлай түсті:
– Менің сөзімді ұқтың ба!.. Менің басымды да солай сипасашы дедім ғой! – мен үн қатпай тұқыра түстім, – сен мені жақсы көремісің!
«Қорыққан адамын жақсы көре ме екен!» деп ойладым ішімнен.
– Сен менен ұялып келемісің?
– Жоқ, – деп жауап қайттым, – Жəміштен ұяламын! «Қолбасшы»
күліп жіберді:
– Сен одан ұялма, ол саған ұрыспайды?.. Қыздан жігіт ұяла ма екен! Осы сөзімді айтып қойсаң болды! Ертең біздің үйге барамыз, сен қонақ боласың! Сен қорқатын нəрсенің бəрін мен қорқытамын! – деп қайтты ол. Расында да солай сияқты, мені де қорықсын деп бар баланы қорқытты бүгін.
7 Жиесəн – (қытайша) тараңдар деген сөз
Тіндəй ертеңіне сəскеде біздің үйге тағы келді. Оның келе жатқанын көріп Биғаділдің қасына жатып алып едім, тағы қолқалады.
«Ерегіссе ешкімге маза бермейді, өшіктірсең ұрады!» деп Биғаділ сы- бырлады бір жағымнан!
– Бара ғой! – деп қалды əкем де, сонан соң Тіндəйға тапсырды, – мырза, бұл балаға ешкім тиіспесін, бұл өзі ешкімге соқтықпайды, жуас бала!
– Жоқ, бұған мен ешкімді тиістірмеймін, – деп күлімсіреді Тіндəй,
– өзіне де айтқанмын.
Ескі дуалдан шыға келгенімізде батыс жақтан құйын соғып өте шықты да, арты салқын желге айнала бастады. Көп шынардың ар жағынан қара бұлт көрінді, күн жүзі ашық тұр. Екеуміз кешегі көшемен жүріп барып, қалың қарағай есікті үлкен қақпадан кірдік. Бірқатар биік үйлердің алдыңғы жағы арттағы бақшасынан сəулетті, тым əдемі бақша екен. Күс-күс жалаң аяғыммен кір-кір көйлек-дамбалшаң ғана соншалық сəулетті үйге кіруден қатты жасқанып, өзімнен-өзім қорланып келе жаттым. Əртүрлі гүл ашылып жайнап тұр. Тіндəй маған «алма» деп бірнеше түп аласа ағашты көрсетті. «Пысқанда» ертіп келіп жегіземін! Жолдан шыға беріп, екі тал қызыл гүл жұлып алды да, бірін маған берді, өзіне алып қалғанын иіскей жүріп келіп, уқалай-уқалай лақтыра салды.
– Иісі жақсы! – деді сонан соң. Расында да иісі өте жағымды екен, мен тастамадым, Биғайшаға апарып бергім келді. Бір есікке жақындай бергенімізде бақшаның бір жағынан Ілдай көріне қалды. Мен жалт беріп Тіндəйдың далдасына өттім.
– Қорықпа, итті байлатып қойғанбыз, басқа ит жоқ! – деп Тіндəй жан-жағына қарады да, ағасын көрді, – ол тиіспейді!
Ілдай расында да үндеген жоқ. Қолын артына қайырып алыпты, бізге қарамай бақша аралап кете барды. Тіндəй мен Ілдəйдің киімі ұқсас еді, түрі де ұп-ұқсас екен. Екеуі де төбесін теп-тегіс қырықтырып, қысқа шаш қойған, екеуінде де көк сұр бешпет-сым бар. Балақтарын əкесінше байламапты, айдар да қоймапты. Екеуінде де қара барқыт шақай. Тіндəй секілді оның да «қаппайтындығын» ұққаныммен, табалдырығынан қорқалақтай аттадым.
Біз кірген үй шығыс жақ шеткі кішкене үй еді. Оның батыс жақ қарсысындағы үлкен үйдің есігі ашық тұр. Ол үйге кіруден «құдайдың сақтағанына» қуандым. Көз қамайтын қып-қызыл гүлді кілем оның төріндегі есікке дейін жайылыпты, төр есіктен өтсек, ар жағы тіпті
«қиын» сияқты көрінді. Ол үйде қандай пəле жатқанын кім білсін. Əйтеуір батыс жақ есікке кірсем, барлық масқаралық менің басы-
ма орнап, бұрын өзім сезініп көрмеген ең жаман мүсəпірлік халге түсетінімді біліп едім, бар қоршылық аяғымда тұрмай ма!
Біз кірген үй ондай емес, үй тағанының жарымын алған сəкінің үстінде ғана кілем бар, қалғаны мұздай жалтыр көк ала кірпіш төселген еден екен. Соны да жаман аяғым тайғанақтап əрең ба- стым. Сəкінің шетіне қана ілініп, аяғымды салбыратып отыра кеттім. «Жоғары шығып отыр!» деп қонақ иесі айтпады да, өрлеп шықпауға мен бекіндім.
Қарсы үйден қандай пəле шыға келер екен деп аңдып отырғанымда, тал шыбықтай бұралған, сұңғақ бойлы, ақ келіншек кірді. Сопақша келген аппақ бетінің ұшы нарттай қызыл, дөңгеленген үлкен қара көзімен Тіндəйға күле қарады. Мен одан қымсынып қалып едім, қаупім бекер екен, маған пысқырып та қарамады ол.
– Шай ішемісің? – деп Тіндəйға қазақша сөйледі. Киімі де, жүрісі де «қытайша». Осы сөйлеумен ғана маған жылы көріне қалды. Аш беліне түсетін топ-тоқ қос қара бұрымының ұшын қызыл лента- мен түйіп, қызыл гүл порымына келтіріп қойыпты. Етегінің екі жаны жырық, ұзын ақ жібек көйлегі жерге тиер-тимес. Қызыл қатипа шақайының тұмсығы жүргенде ғана көрінеді. Көйлегі соншалық ұзын болғанымен тарлығына таңданғандайсың, етімен ет болып жабысып тұр. «Егер етегі жырылмаса, тұсалып жығылар еді де, өзі үзілейін деп тұрған аш белінен екіге бөлініп түсер еді» деп ойла- дым мен.
Тіндəйдің не айтқанын ұқпай қалдым. Жібек көйлек жабы- сып алған құйрығы екі айрық болып, бұлтыңдап шыға жөнелді келіншек. Мен үйдің төбесіне қарадым, сыртынан қарағанда үйлерінің арты соншалық биік, алды аласалау, кірпіш дөдегелі еді. Төбесінің ішкі жағы біркелкі тегіс, əдемі қызыл көк гүлді қағазбен безелген екен. Кішкентай үйде үлкен-үлкен екі терезе тұр. «Əрбір көзі біздің үйге үлкен терезе болар еді шіркін!»
– Əлгі келіншек – менің жеңгем, – деді Тіндəй, мен жалт қарадым. Ілдайдың келіншегі бар екеніне, болғанда да ерекше сұлу келіншегі бар екеніне сенбей қалғандаймын.
– Ілдайдың келіншегі ме? – деп сұрадым да, ол басын изеген- де төмен қарап кеттім. «Мұндай келіншегі бар адамның елдің қатынында несі бар, неге жабысады оған, неге ұрады оны?!» деген ой келіп еді.
– Мұны да ұра ма? – деп қалғанымда Тіндəй күліп жіберді. Подносқа момы мен бір тарелке турамыш лобы салып, жеңгесі кіріп келді.
– «Ілдай қатынын сабай ма» деп сұрайды мына бала! – деп күлді
Тіндəй.
Келіншек те күліп жіберіп маған қарады. Мен тұқырып алдым, бетім оттай жанды.
– Неге сабайды екен?.. Ол сабаса мен де сабамаймын ба!.. Оны неге сұрадың? – деп келіншек көзін аудармай маған қарап тұрып алды, бұл көз – өте өктем көз еді, мен қатты қысылып терлеп кеттім. – Біреуді сабағанын көрдің бе?..
Жауап бермесең болмайтындай, Тіндəйға саса қарадым мен. Тіндəй шытылып қалды, екінші рет қарағанымда көзін қысып қалды.
«К...ынды қыс» дегені екенін сезе қойдым мен. Жауап қатпай мен де күлімсіреген сияқты болдым. Менікінің өте қиюсыз, қысылыстан болған күлімсіреу екенін білемін, дөңгелек аласа столдың ернеуін сызғылай бердім.
– Бұл өте ұялшақ бала, бірақ, сөйлей қалса тіпті қызық сөйлейді екен! – деп Тіндəй келіншекті өзіне қаратып əкетті.
– Кімнің баласы өзі?
– Жаңа келген бір көршінің.
Келіншек жыпылықтата сөйленетін бір тілде сөйлеп алды да, соңына қазақша жалғады:
– Біз əдемі киіндіріп, мырза қып қояр едік! – Жеңгесі шай құйып беріп шығып кеткен соң, Тіндəйдан оның солаңша не деп сөйлегенін сұрадым.
– Сені «біздің солаң сияқты екен, əке-шешесі бізге берсеші, көп ақша берер едік!» дейді... – Бұл келіншек солаңдардың үлкен бір байының қызы. Əкесінде ұл жоқ. Сен оған бала болсаң, əдемі мырза болар едің, əкең де малды болар еді!
Менің жүрегім аузыма тығылып дүрсілдеп кетті. Қолыма алып бір ұрттаған шайды қоя салдым, шығып кеткім келді. Бұл жайымды сез- гендей, Тіндəй сөзін жайма шуақтай берді:
– Қорықпай-ақ қой, əкеңнің сені бермейтінін білемін. Əкең де, шешең де өте жақсы көреді екен сені, барған сайын маған тапсырады ғой... Көңіліңе алма, бұл қатын былжырайды!.. Шай іш, мынау жақсы сəй, момымен қосып жеп, тойып ал!
Мен шай ұрттай бердім, лобы жеуге көңілім алай-дүлей. Кешегі лобы дегенін шикі күйінде турап-турап үстіне май сияқты қоңыр бірдеме құйыпты. Одан да жемедім. Сырланған екі шыбықпен қалай іліп алып жейтінін білмеймін. Тіндəй сонымен алып соғып отыр. Ол тіпті зорлай берген соң лобысынан бір үзіп жедім. Жаныма қойған гүлімді алып, қарай бердім, ол алғашқыдай емес, солыңқырап
қалыпты. Тіндəйдың жаңа үзіп алған гүлін уқалап-уқалап салғаны есіме түсті. «Өйтетіні бар неге үзіп алды?» деп ренішпен ойла- дым. «Ал Ілдайы өзінің мынадай əдемі қатыны бола тұрып, елдің қатынына жүгіреді? Бұл да сол үзіп алған гүл сияқты уқалап- уқалап тастай салғаны емес пе. Жоқ, бұл келіншек құлпырып тұр, бейшара қызыл келіншекше көзі көгермепті. Мықты байдың қызы болған соң ұрғызбаған да, уқалатпаған да ғой тегі... Бірақ, бұлар үзіп алады да қадірсіз тастайды. Мына Тіндəйдың «иісі жақсы» деп тастай салуын көрмеймісің, тоқ қасқыр сияқты!.. Əкем: «өзі тойса да көзі тоймайды» дейтін. Олар тоқ болса да қойды қыра береді екен, ал бұлар өздеріне керексіз болса да жұлып тастай береді. Осылардың «тегі қасқыр» екен!.
– Сен қонақ болып келіп отырып, неге тамақ жемейсің! – деп қалды Тіндəй.
– Жеп болдым, қайтамын?
– Əй, сен əлгі қатынның сөзінен қорқып қалдың ғой!.. Мына момыны ал, кейін жейсің. Жан қалтаң бар ма?
– Менде жан қалта бола ма, – Тіндəй қалпағымды алдырып, мен үзген момыға екі бүтін момы салып берді. Мен еріп шығып қайтуға бет алдым. Балағын айдарлыша таңып алған, ұзын жыртық көйлекті семіз əйел шықты бір есіктен. Аяғы кішкентай «ши аяқ» екен. Сондай торғын киімді, жастау бір əйел ар жағында бір есікте тұр. Таңып алған аяғы мен желкесіне түйіп қойған шаштары болмаса, екеуі де өңді адам- дар екен. Семіз əйел Тіндəйға, онан соң маған қарады.
– Мына балаң кім? – Тіндəйдан жауап күтпей-ақ, алшаңдап жүре берді ол.
– Сенің апаң ба? – деп сұрадым мен.
– Ие... арғысы кіші шешем.
«Ең қиын қасқыр – əкесі екен!» деген ой келді маған. «Ілдай біреуін тастап жүгірсе, ол кəрі басымен екеуін тастап жүгіріпті қызыл келіншекке. Баласынан аш көздігімен тартып əкеткені ғой!.. Ілдай сабағаны да жөн екен. Бірақ, өз əкесін қоса сабаса əділдік болар еді ғой! Əлсіз деп малайдың қатынын ғана сабауын қарашы иттің баласының!»
Үш момының үстіне қойып əкеле жатқан гүліме қарап, Тіндəй тағы да екі қызыл гүл үзіп берді. Маған арнаған сыйын осы- мен аяқтатқандай болды да, қақпадан шыға бере енді менен сый күткендей:
– Менің кешегі сөзімді айттың ба? – деді.
– Кімге?
– Үй, кеше қызға айт дегенім қайда?
– Өзі сұрамады.
– Ол сұрамайды, Тіндəй былай деді деп сен айт! – Мен жалтара сөз таба алмай ойланып қалдым, тұра қалдым да қақпаның босағасына қарай бердім, берген «сыйлығын» сол жерге үйіп қойып құтылғым келіп еді, олай етуден қорықтым да ойлана түстім:
– «Кеше қыз не айтты» деп сен менен сұрадың ғой. Ол да менен сұраса айтайын! Сұрамаса... сұрамаса... қайтып айтамын!
Тіндəй санын шапалағымен бір салды. Жүзі суылып, қабағы түйіле түсті. Мен төмен қарай бердім. Маңдайымнан тер ағып кетті.
– Өзің ынжық екенсің ғой! – деді ол. – Алдымен жігіт сөз сал- маса, қыз сұраушы ма еді!
– Ие, алдымен сен айт, сонан соң менен сұрарсың! – дедім оған жалынышты шыраймен қарап қойып, сонан соң қалпағымдағы
«сыйлыққа» үңіле тұрып сөйледім. – Мен мынаны алмаймын!.. Ке- рек емес, үйіңе апарып қойшы!
– Оны мен не қыламын, алып кете бер!
– Итіңе берерсің, не малайларың жер, мен алмаймын! – Тіндəй күліп жіберді де, жұмсара қалды.
– Бізде момы көп, алып кете бер, керек емес!.. Сенің үйіңде астық жоқ шығар, қызға əлгі сөзімді айтсаң көп ұн апарып беремін!.. Жүр, үйіңе мен апарып салайын. – Мен еріксіз ілесе жүрдім, – сен ол қызға былай де: Тіндəй саған айт деп тапсырды де? Жақсы көріп қалдым, су бойында болса да, бір сөйлессін!.. Ұқтың ба?.. Сен бұл сөзді айта салып кете берсең, үндемейді ол. Ұрысса маған ұрысады... Осыны айт, ие!.. Бүгін айт!
– Сұраса айтам!
– Сұрамаса да айт!.. Айтасың!.. Айтпасаң... мен өкпелеймін. Осылай қадағалап тапсырды да үйіне қайтты ол. Мен өз үйіме ауыр жүк көтергендей қинала кірдім. Əкем үйде жоқ екен. Табысымды жерге қоя салғым келді де, Биғаділ мен Биғайша қарай берген соң бір момыға бір гүлден қосып үлестіріп бердім. Артылған бір «па- рын» шешемнің алдына қоя салып едім, күліп жіберді.
– По, табыспен қайтыпсың ғой өзің!.. Не болды ызалысың ғой?... Тамақ берді ме өзі?
– Жемедім, – деп тұнжырай түстім мен, – Жəмішке айт дейді!
– Не айт дейді? – деп ойлана қалды шешем. – О, адыра қалғыр- ай, бəсе! Сені не қып құрметтеп кетті десем... Онда мына немелерін неге əкелдің?
– Зорлап берді, əкеп салды өзі?
– Дəндеуін иттің балаларының!
– Сен не дедің? Айтайын дедің бе?!
– Жоқ, «өзің айт» дедім!
– Ие, дұрыс айтыпсың! Өз намысыңды жібермепсің! Бұзықтан туған немені қарашы! Енді онымен бірге жүрме! «Ұшынғаннан құтырған туады» деген осы!
– Ол: айтасың, айтпасаң өкпелеймін деді!
– Жоқ, сен айтпа! Мен Жəміштің шешесін сақтандырып келейін! – деп сөйлей шықты шешем, – біреудің бүлдіршіндей жалғыз баласын қорламақ қой енді!
Қызыл келіншектің көзінің көгерген себебін мен шешеме де айтқан едім, содан болу керек, ол қатты ширап шықты.
Биғаділ сорпа ішкелі біраз əлденіп қалып еді. Бет сүйегі сойдиған арық жүзіне бір қайғы орнай қалғандай болды:
– Бұл жақтың байының балалары өте бұзық болады екен, сені ұрады-ау енді ол! Ешкіге маза бермейді енді! – деді уайымдап.
Мен де осы қайғымен əлдиленіп ұзақ отырдым. Шешем қайтып келіп шай қайнатты.
– Сен ешкіге үйдің төбесіне шығып қарайтын бол, – деді ше- шем, – ол жаққа бармай-ақ қой, мен өзім айдап əкеліп тұрамын!
Осы ұйғарыммен төбеге екінші рет шығып қа- рауылдағанымда үйінен Жəміш шығып тұр еді, маған қолын бұлғады. Мен жалма-жан жерге түсіп, шешемнен рұқсат алып шықтым. Жəміш өңін мен айтқаннан да бетер бұзыпты, күйелеш-күйелеш. Басымды күлімсірей сылап тұрып, Тіндəйдің не сұрағанын, менің не дегенімді бір-бірлеп сұрады. Оған менің қайтарған жауабыма күлумен болды, ақырында мені де қорғау шарасын айтты ол.
– Қазір мен сені шыбық алып қуамын, сен өзендегі балалар жаққа қашасың, ұялмай-ақ жылай қаш, күлме! Шыбық біраз қаттырақ тиіп кетсе де шыда! – деп күрсінді, – сені сол ит қапқаннан менің ұрғаным жұмсақ емес пе!... Мен ұрған соң саған ол тиісе қоймас.
«Сенің Жəмішке айт дегеніңді айтып едім, қотиын қыз екен, қатты ұрды» деп бар! Онан кейін сен оған Жəміштен «ұяламын» демей,
«қорқамын» дей бер, мақұл ма?
Мен бұл амалға разы болып басымды изеп-изеп қалдым. Ол бір шыбықты дайындап терезеге сүйеп қойған екен, ұш жағына қалың шүберек орап тігіп тастапты. Сонысын алды да, «ал, қаш» деді. Мен зыта жөнелдім. Қақпадан шыға қарасам Тіндəй нөкерлерінің
қасында екен. Соларға қарай тура тарттым. Таяқ жегізбей құтылып кеткен болайын деп қаншалық құйындатсам да қыз қоймады, қатты ұрғандай шыбығын бар пəрменмен сермеп қалып бір кідірді. Ба- стырмалата қайта қуып жетіп жəне қырқа салып жіберген болатын. Шыбық кейде дарымай ысқырып қалады да, кейде дарығанмен жұмсақ тиеді. Жылай алмадым, дауысым қатты шықпай күлкіге ай- нала берді. Шындап жылағым келгендей «қаттырақ!» деп қалдым мен. Қыз мырс ете түсті де, өзенге таяй бергенімде салып-салып жіберді. Расымен-ақ шыңғыра жөнелдім, қыз өзенге түспей тоқтап қалды да, мен суды кешіп өте шықтым.
– Не болды, не болды! – деп Тіндəй орнынан атып тұрды. Мен қашқан бойы ар жағына ешкі жүрген жаққа өтіп кеттім.
– Сендер не үйретіп жүрсіңдер бұған? – деп шақ ете түсті Жəміш. – Бұзықтарың өздеріңмен кетсін! Екінші рет мұндай сөз айтқызатын болсаңдар, ешкіміңді аямаймын. Мені кімге ұқсатып жүрсің?
Қыз кілт бұрылып қайтып кетті. Шешесі қақпадан шығып қарап тұр екен. Тіндəй ауыз аша алмай қалды. Мен басқалардың көруінен ұялып, ешкінің қасына барып жатып алып едім. «Қуғыншы» мен
«қарауылшы» үйіне кіріп-кіріп кеткен соң ғана шақырды Тіндəй, бармадым. Мені расында қорқудан ұят меңдетіп алғандай. «Осы неме үшін қыздан таяқ жегендей көріндім-ау мен!... Сырттан көргендер болса не дер екен?» деген намыспен бүрісе түстім. Тіндəй қасыма келіп түрегеліп тұрды.
– Айттың ба?
– Айттым.
– Ол не деді? Күлді ме?
Арқама екі шыбық қатты тиіп еді, өзім тілеп ұрғызсам да титығыма жеткендей болған.
– Таяқ күле ме екен! – деп шытына қарадым оған, – үн-түнсіз шыбық ала сабады мені, əрең құтылдым!
Маған Тіндəй суына қарады:
– Менің сөзімді ғана айтпай, қопал сөйлеген шығарсың! Тіпті шағыстырған болуың керек. Əйтпесе мұншалық ыза болмайды! Оған мендей жігіт табыла бере ме?! Неге тулайды? «Бұзық сөз үйреттің» деді ғой. Мен саған қашан бұзық сөз үйретіп едім?!
– Жоқ, сенікінен басқа бұзық сөз айтпадым!
– Не деп айттың?
– «Жақсы көрдім... судың бойында сөйлессін, басымды сыла- сын дедің ғой» соны айттым!
Тіндəй шытынап қалды:
– Бəсе, бұзып айтыпсың ғой! «Сені жақсы көріп, басыңды сипай- ды екен ғой, менің басымды да сипасашы деп айт» деп едім ғой!
– Осылай айттым! Сен бағана... «осылай айтсаң, саған тиіспейді, ұрысса маған ұрысады, деп едің, мені ұрды ғой! Қотиын қыз екен, қатты қорықтым.
Тіндəй үйіне қайтты. «Қолбасшының» түсі бұзылғанынан үн- түнсіз отырып қалған балалар, оның қарасы көрінбей кеткен соң ғана тарай бастады. Кешегі таяқ жеген ересек «нөкер» қасыма келіп есіркей қарады маған.
– Сені ана қызға ұрғызған Тіндəй ғой, – деді ол түрегеп тұрған бойы, жан-жағына қарап, – Жəміш жақсы қыз еді, ол Тіндəйға ыза болған соң ғана ұрды. Тіндəйді ұра алмаған соң сені ұрмай қайтсін,
«таз ашуын тырнадан алады». Мені де талай келіншекке сөз айтып бер деп ұрғызған Тіндəй, кеше өзі ұрды. Сенің бұл көргенің ештеңе емес, керегі жоқ, үндемей жүре бер!
Мен əлгі намыстану жайымнан азат болғандай бойымды жиып, ширақы қайттым үйге. Ешкімді айдап қораға кіргізген соң Жəміштің шақыруымен дуалдан асып, сонда бардым. Қолымнан жетектеп үйіне кіргізіп əкетті де, жалма-жан арқамды ашып қарады. Кейінгі ұрылған екі шыбықтан өзі де қауіптеніп қалған екен.
– Ойбай-й... таңба түсіп қалыпты, – деп өзінің артынан қарап тұрған шешесіне жалт қарады да, мені құшақтай алып отыра кетті. Маңдайымнан қатты-қатты сүйді. Көзінен жас шығып кеткен екен.
– Мұның жазығы не еді, қуалаған болып қана қоймай, неге ұрдың мұнша? – деп шешесі оған ренжи қарады.
– Өзі, – деп күліп жіберді қыз. Өзі «ұр, қаттырақ ұр!» деген соң судан өте бергенінде екі рет ұрып қалып едім, қатты тиіпті!
– Ауырған жоқ... Еш нəрсе болған жоқ! – дей бердім мен.
– Өзін-өзі сойғызған деген осы! – деп кемпір қатты күрсінді.
– Қорқа берсеңдер біріңнің етіңді біріңе жегізеді əлі, əзер бол- са мына моласынан көшіріп жібереді. Онан басқа несі бар бізде. Қорықпаңдар ешқайсысынан. – Кемпір сөйлей жүріп, үлкен бір қарма нанын орамалға орады, – мынаны Мəдиянға ала баршы, ба- лам!
Үйге кіріп барғанымда шешем басы–көзіме анықтай қарады.
– Тіндəй тиіспеді ме саған? Өлкеге кетіп қалыпсың ғой!
– Жəміш маған ұрысқан болып, ұрған болып, қуалап апарып тастады, Тіндəйға ұрысты.
– Амалын тапқан екен, – деп күліп жіберді шешем, – жарайды, қызың қу екен, адам болады екен!
Əкем болған істі шешемнен сұрап ұқты.
– «Төреге ерген ерін арқалайды» деген сөз бар балам, ендігəрі оған ерме! Жай ғана жауап беріп үндемей жүре бер! Жағымсысаң жаныңды да, арыңды да суырып алады. Қазір жамандасатын кез емес, «күштінің арты диірмен тартады», не десе де үндемей құтылып жүре бер. Ал, мұндай арсыз іске араласушы болма!
Əкемнің бұл кеште маған айтқаны осы ғана болды. Ертеңіне таңертең жалғыз ешкінің соңына еріп көк майсаға бардым, қорқынышсыз бардым. Тіндəй үшін қыздан таяқ жеп алдым ғой, енді мұның ұрарлық себебі жоқ қой! Нөкерлер қораланып алып, əңгіме айтысып отыр екен. Келе жатқан маған «қолбасшы» бір қарап алды да, өзі алдыңғы күні шапалақтаған «нөкерін» оңашарақ шығарып, оған бірдеме айтып жатты. Күн буалдыр еді. Батыс жақтан сүркейлеу соққан жел жаңа көтеріліп келе жатқан күннің жылуын қайтара айдап, келтірмей тұрған тəрізді. Қораланып отырған «нөкерлердің» қонжауы бүгін тым төмен екен. Сырттары- на келіп отыра кеттім. Ешқайсысы маған қарамады, ығысып орын берер түрлері де тіпті жоқ.
Топқа қайтып келген Тіндəй маған қарап та қоймады. Келісімен екеуіне топ-топ бір жағы жарыла орын берді. «Қолбасшының» та- науы ісініп алыпты, қара сұр жүзінен ызғар шашылып тұр екен. Қиық көзінің құйрығынан бір рақымсыз күш тартып тұрғандай, екі көз екі жаққа қиыстап, жыртия қалыпты. Бүгінгі күннің сүркейлігі де «қолбасшының» осы ызғарынан болып тұрғандай білінді маған. Топ жым-жырт, бəрі төмен қараулы, əлгі оңаша шығарып сөйлескен
«нөкері» сөз бастады. Жеген таяғы бүгін есінде жоқ сияқты, са- рынды көсемше кейпіне келе қалды:
– Биғабіл, – деді төмен қараған бойы, – Тіндəй мырзаны сен қатты өкпелетіпсің. Бəрімізге белгілі қайырымды мырза еді, көңілін қалдырыпсың. Бұл кісінің талабын орындамайтын ешбір қыз да, келіншек те жоқ еді, кеше əнеу үйдегі бойжеткенге шағыстырып ұрысқызыпсың, құрметті мырзаның сөзін бұзып жеткізіпсің! Сол үшін мырза сені бұл жерден бөлініп кетсін дейді. Ешкісін бізден аулаққа бақсын деп бұйырып отыр.
Менің өрекпіп соққан жүрегім су сепкендей суынып барып, басыла қалды. Мырзасынан да, бəрінен де айнығандай, о сы топ түгелімен бір түрлі нəжістің үлкен үйме сіндей көрініп кетті. Кеше кеште маған тəп-тəуір демеу беріп, бұл мырзасы
өзін де талай келіншекке ұрғызғанын айтқан о сы «нөкер» – бұл үйменің қазақ ортасындағы ең сасық, адам қарамастай, нағыз жүзіқарасы болып байқалды. «Аузының дереу арт жағына орнай қалғандай құбылуын қарашы!» Жиіркеніштен тыжырынып, мұрным қисайып кеткендей болды өзіме. Бұрын өзіме бітіп көрмеген ерлік, батырлық дарығандай бола қалғаны байқалды. «Мұншалық пəлелі топтан бөлініп кетсем өлем бе екен!» дегендей еге спен тұра жөнелдім, ешкіні ұстап алдым да, жоғары жаққа жетектей əкеттім. Кішкене ешкі де- дектеп, лағы маңырап артынан еріп келеді. Бұрын жоқ күш те біткендей болды өзіме, тартынғанына, төрт аяғын бірдей тіреп тас табандауына титтей де бөгелмедім. Ешкіні бір иеліс, ойық жардың шөпте сін тұйығына таман апарып, ашық жағына отырып алдым, ешкі біраз маңырап тұрды да, жайыла бастады. Сонысына қуандым, жалғыз жайылып көрген жуас ешкі сияқты.
Менің бөлінісіп кеткенімді шешем көрген екен, Биғаділді жіберіпті. Бір лақты ешкіге екі қойшы қосылып жақсы жайылдық. Оның үстіне бұл жерде зорекер үкімет жоқ, өзімізді-өзіміз еркін сезіндік.
Біз жүрген жерге ертеңіне Тіндəй келді. Жүрегіміз зырылдай жөнеліп еді, ақыраңдамай, сынықтау келді. Мені анадай жерден шақырды да отыра қалды. Қасына мен барып тұра қалдым.
– Ей, сен отыршы! – деді, мен тұра бердім. Нақақ соттағанына қарай, оған артар айыбымды ойлап тұрдым, – сен ана қызбен қайтадан сөйлестің бе?
– Неге сөйлесем, ол ұрды ғой! Енді оның қасына бармаймын.
– Біздің қасымызға барасың ба?
– Сендер қудыңдар ғой!... Бармаймын!
– Неге?
– Барғым келмейді, қорқамын!
– Сен ана қызбен енді бір сөйлес! Менің сөзімді туралап айтып қой!
– Бір айттым, енді айтпаймын! Əкем мұндай іске араласпа деді, араласпаймын!
Ол үндемей, суық қарап қайтып кетті. Сол күннің кешінде бұл суық бізді бүре кеп түсті. Көже ішіп отырғанымызда Ілдай есіктен үңіліп қарай қалды да:
– Көшіңдер! – деп қолын бір-ақ сермеді! – Ертең басқа адам түсіремін бұл үйге!
Əкем далаға шығып сөйлеспек болып, орнынан атып тұра, ба-
сын төбеге тағы соғып алды. Əдеттегісінше оған кейімей төбесін сипайлай шықты.
– Мырза, бұл үйді Мақұлбек сұрап алдым деп бізді кіргізіп еді.
«Мырзаларға мен айтқанмын, бір жылға дейін қуаламайды» деген. Сіз неге ашуландыңыз, соны айтшы!
– Жоқ, ит деген себеп айтып тұрмайды, бас салып жұлады, көш деген соң көш!
– Ойпыр-ау, кім айтты ит деп?
– Əнеу балаң, «ит пен Ілдайдан ғана қорқамын!» депті ғой. Көш енді көш деген соң! – Ілдай сөзді тыңдамайтындығын білдіре бұрқырап, қолын сермей-сермей жөнелді.
– «Ит пен бала бірдей» деген емес пе еді. Ей, мырза! Оны ере- сек біреуімізден естімей, баланың сөзімен жазаламақпысың! Бала мен бала болғаның ба?
Ілдай дуалдан шыға бере қатты ақырады:
– Кет бұл жерден, кет дегенде ит те кетеді!
Əкем қалшиып тұрып қалды. Шағын қара сақалы дір ете түсті де, үн қатпай қала берді. Сол орнында көп тұрды. Мен шешеме қарай бердім.
– Сен қозғалмай тамағыңды іше бер, – деп қойды шешем. Əкем қайта кіргенде өңі бұрынғы қалпында екен, еш нəрсе болмағандай бейғам қарап қойып отыра кетті.
– Сен оны кімге айтып едің?
– Тіндəйға, – дедім мен, – ол менің неден қорқатындығымды сұраған соң айтқам!
– Не деп айттың?
– Бір сұрағанда, «иттен» дедім: жəне сұрағанда сенің «ағаңнан» дедім: сонан соң «Ақтай, Санатпайдан» дедім, жəне «бір сарт қыздан қорықтым» дедім жəне бір дию сарт бар еді, оны ұмытып қалғанмын.
Əкем мен шешем күліп алды.
– Сен өзің қорқатыныңның бəрін осылай тізіп айта бер, – мұнан соң еңкілдеп күлді əкем, – қорықпай-ақ айта бер, алдымен иттен бастасаң болғаны! Қорқытатын адамдар ит болмаса, өзі қорқады, онда! О, тіліңнен, бал тамған қоңыр қозым! Оқасы жоқ, көш десе көше береміз! Кіндік кесіп, кір жуған жерімізден, туған елімізден айырылған соң, зорекердің Ілушінінде қимайтын неміз бар!
Бұл сөздегі менің айыра алмағаным «тіліңнен бал тамған қоңыр қозым» деуі болды. Бұл жолы менің тілімнен бал емес, у тамғанын енді түсіндім. Əкеме қалайша бал болып ұғылады?
Əкем дереу Мақұлбегіне кетіп еді, оның көшірмей алып қалу қолынан келмейтінін білген соң, тез қайтыпты. Алып келген ең жақсы хабары – ешкінің бізге басымен тигендігі болды. Ауруы ада- күде жазылғандықтан разы болып, сауынға берген лақты ешкісін бізден қайтарып алмайтын болыпты.
Енді Ергейтіге – Бигелді тұрған Смайыл хуйзудың қасына көштік. Көшу дегенім – Ілдəй енді қол бастап шығып, анықтап жазаламай, неғұрлым ұйқысынан оянбай тұрғанында кішкене қазанымыз бен жалғыз қабымызды көтере қашып, кетіп қалу еді. Таң бозынан тұрдық та солай тартып бердік.
Құрметті «тергеушім», «ит үреді, керуен көшеді», біздің керуеніміз, түйе тізбегі емес, əрине түймедей-түймедей ауызда- рын бақаша ашқан кішкене балалар тізбегі. Бұл керуенді де, бар жүкті көтеріп көш бастап келе жатқан əке-шешемді де сорла- тып, солай көштірген – менің қылмысым. Жан-денем түгелімен қылмыс болмаса, кішкене жүрегімнің шын қорқатын жəндіктерін шыншылдықпен айтар ма едім! Шынымызды айтамыз деп у ша- шып алып, ұрлана қашып шыға беру – Биғаділ екеумізге туа біткен қасиет болды. Ал əке-шешеміз бұл қасиетімізден қаншалық сорланып келе жатса да «тіліңнен бал тамған қоңыр қозым» деп сүйеді, «осыныңнан танба, қорықпай айта бер!» дейді тағы да. Біздің тілімізден желкесіне у тамып, өзі жауыр болып келе жат- са да, олар уымызды бал деп есептеуден айнымайды. Қылмыстың қайдан туып, қалай асқынып келе жатқанымен ісі де жоқ, соған жігерлендіреді бізді, біз қайткенде қылмыстан тазарамыз!
V
Смайыл, Смазы дейтін ағайынды екі хұйзу орта Ергейтідегі шағын ғана бір қожаның иесі екен. Олар егіндік жері мол, мал жағы шағын, бір-екі ғана кісі жалдай алатын күйлері бар байшы- кеш көрінді. «Бай» деп атауға бара алмайтын себебіміз – олардың өзі, иə, ер жетіп қалған балалары егін жұмысына араласып істей жүреді екен де, тамақты да жалшыларымен бірге ішеді екен. Ерек- ше «қоршаулы жəннат» пен ерекше қожалық құқық жүргізу мен мұндалап көріне қоймады. Əсіресе Смайылдың өзі, жиылмай жатқан құйрығын басып кетсең де «ың..і..ы» деп қана қоятындай кең мінезді адам екендігі маңайына паналаған қоңсыларының көптігінен көрінді. Оның қора-жайының маңайында саялы терек көп болмағанымен, өзі сая бола білген тəрізді. Қақпасының алды-
арты толған жер үй, өзінің күн шығыс жақ қатарына іргелестіре салған кедей қолды дуал үйлер де көп көрінді. Үйеңкі, теректері алаң-ашықта. Бүкіл қоржа малы түс кезінде соның ішінде жа- тады екен. Бұл жəйт оның кең қолтықтығына қосымша салдыр- салақтығын да байқатады.
Көшіп барысымызбен қожайын қақпасының алдыңғы жағындағы көне жер үйдің бос біреуі бізге тиді. Бигелді күні бұрын айтып, дайындап қойған екен. Қоңсыларының көптігіне қарап ше- шем Смайылдың бұл жайын жақсы бағалағандай болды: «саясына ит жатпайтын бай емес көрінеді».
Қоржаның батыс жағы Смайылдың Смазы дейтін інісіне тиісті екен. Оның қора-жайы да, дуал ішіндегі теректері де биіктеу, əрі мынадай кедей үйлері ол жаққа көп салынбапты. Шешем сол жақтан қана секем алғандай, «кесел-қырсық осы жақтан келмесе, кең жер екен» деп күбірледі.
Жер үйге салған мия төсенішімізде кеңірек, үңгір болса да ауыз үйлі, аспаны да тыныстырақ көрінді. Əке-шешеміз бұл үйді жөндеп алу, жақсырақ тұрмыс жасап алу туралы кең жоспарлар айтысып, құрлау болса да сүт қосқан шайын масайрап отырып тартысатын болды. Бигелдінің жылдық жалақысы – қожа егінмен бірге екі ағаш борми (жүгері) егіп алу екен. Мұны өздері «дайжың»8 деп атайды. Екі ағаш борми «дайжыңға» қосып бір серкеш, жалшының өзіне сəлде боздан көйлек–штан, екі шақайлық сиыр терісі, жар- ты шай бермек болыпты. Ең жақсысы, тамаққа жуыр маңда тоя қоймайтын, нардай Бигелдінің тоқтығы болды.
Диірменге тартылған борми талқанына ол еркін екен. Бұл молдықты Бигелдіге бір рет, əкеме бір рет еріп барып мен де көрдім. Смайылдың əдеміше ғана кең сəкілі үйінде шай ішуі өте көңілді көрінді. Талқанды үлкен табаққа, арбаға сабан тиегендей, үйе басып əкеліп, дөңгелегі аласа үстелге қояды екен де, қожасы мен қонағы, ұлы мен малайы қоралай отырып соғады екен. Шынысына басушылардың көптігінен табақ ой- сырап қалса, кілеті қарсы үй, Бигелді барып басып əкеле са- лады. Əрқандай жұмысқа өз күшін жанқиярлықпен арнайтын Бигелдінің жомарттығын да, оның шеңгеліндей үлкен шеңгелді де өзім жүрген жерден көрмеген маған, оның сол мол қолдығына (бір қарап та қоймай шыдап отырған) мына қожайынды да
8 Дайжың – жер иелері жылдықшыларының жылдық ақысы үшін егін беретін жер.
«дүниеде жоқтай» көрінді. Қып-қызыл күрең жүзі мен қысыңқы көзі күлімсіреген бойы, сирек қана қара сақал-мұртына ти- ген ақсары талқанды сүрте салмай нақ қарапайым қазақы тілде əңгімелесе отырып, шынысындағы шайға кеулеп жейді. Қонақтарының көңілі үшін ғана жегені болар деп ойласам, олай емес, осыншалық көп талқанды үңірейте обатындардың негізгі бірі – өзі екен. Оның тапалтақ қана шаршы денесі мен томпиып тұратын қарны талқанды нығарлап толтырған қап сияқты, қап болғанда да қазақтың қой жүнінен тоқылған шаршы-төртбақ қабы. «Бұлар бір шайда бір пұт талқан жесе, бір жылға неше пұт талқан жетер?» деп есептеп көрейін десем, шығара алатын емеспін, сан жетпес пұт талқан дей салдым. «Ал мұның өзі қалайша дүнген болып аталған екен?» деп іздеп, қазақтан оның айырмасын қызыл бұрышты көп жейтіндігінен ғана тапқандай болдым. Өз алдында ғана бір тостаған қызыл бұрыш үгіндісі тұрады. Талқанды ол қызыл бұрыш қосып, қызыл бояудай етіп жейді екен. Сондықтан болу керек, оның қызыл болса да жазықсыз көзінен жасы шығып, жараның аузы немесе жарып қойған қызыл бұрыш сияқты жыртиыңқырап тұрады.
Балбикенің бұрынғы қып-қызыл, жас күйеуін тастап, бəйбішесі өлген кексе қызылды осы мол талқаны үшін тапқандығы белгілі еді. Ашаршылықта азып-тозып жүрген бізге оның бұл қылмысы кейінгі күйеуінің кең пейілдігімен жабылып, өзі жазықсыз болып көрінді.
Сұңғақ бойлы, ақ сұр Балбике ер жүректі, суырылып тұрған шешен, айтып салатын ащы-шыншыл, күлкілі-сықақшыл əйел еді. Смайылмен некеленіп алғанымен əлі де қайындарынан жасыры- нып, үйінен шықпай жүреді екен. Біздің үйге бір іңірде келіп аман- дасты. Шешем бұл қайын сіңлісімен қатты қалжыңдасады.
– Ей, қаншық, – деді ол амандаса салысымен, – Төраханды тастағандағы тапқаның осы шалдың түрмесі ме?!
Əпкеміз ірі күміс теңгелер соғылысқандай ашық күлкісімен ақтарыла күлді:
– Е, қазіргі күнде жүйрік пен жорғадан жұп-жұмсақ талқан қабы сүйікті емес пе. Сендерге нықталған бір қап талқан тауып қойғаныма жазғырамысың!
Екеуі қатар күлісіп алды да, күлкінің астынан шыққан жылаудың көз жастарын сүртісті.
– Некелі болып алған соң енді неден қорқып жасырынасың?
– Бұл «талқанның» ірі тастай інілері бар, тісімді шағар деп
солардан қорқамын. «Қаңғыған қара кедейдің қызын алдың» деп бəрі жауласып жүр. Ағасына жай ғана өкпелі қабақ көрсеткенімен, маған жарып салатын пышақ көрсетеді...
Смайылдың Смазыдан басқа үш інісі бар екен де, ол үшеуі үш қоржаның иесі екен. Бұл екеуінен жер-сулары айырым болса да, олар үлкен ағасының қазақтан қоңсыны көп қондырғанына, қазақ болып кеткеніне, əсіресе «қаңғыған қара кедейге үйленгеніне» қатты наразы екен. Бұл ашуларын екінші ағасы – Смазыға құйып, оны уландырып қойған көрінеді. Ал Смазы өзі қазақтан үйленген болса да, қазақты көбейтіп, «орта қоржаны қазақ қоржасына ай- налдырып қойдың» деп Смайылмен өштеседі екен. «Енді босқын қазаққа күйеу болып, оларды одан əрі қаптатып болды» деп ісіп- кеуіп алыпты. Бұл уақта інілерінің уы құйылған соң Смазы жа- рылып, атылып кете жаздап жүрген көрінеді. «Балбике аманын- да кетсін, əйтпесе, жарып тастап айырамын!» деп кісі салыпты. Смайыл оны естіп, мырс-мырс күліпті де, Балбикеге қазірше үйден шықпауды, өзі жоқта кілетке кіріп бекініп, жата тұруды айтыпты. Содан қорқып үйден де шыға алмай, шешесі Əспет пен Болтай ба- уырын да көшіртіп ала алмай жүргенін айтты Балбике. Бұл сырдан шешем қауіптеніп қалды:
– Олай болса біздің көшіп келуіміз жəне ушықтырады деші!
– Жоқ, сендердің жөндерің басқа... Сендер Бигелдіні паналап келдіңдер, Бигелді бұлардың құдайдан сұрап таба алмай жүрген өгізі. Биылғы ерекше көп салынған егіннің тағдыры Бигелдінің білегінде, сендерге тиісе алмайды! – Балбике осына айтты да, көзін тағы бір сүртіп алып, сол мақтаулы бауырының қорғауында үйіне қайтып кетті.
– Дүнген өте жайыл болады деуші еді, сақтан! – деп қалды шешем. Бигелдінің мүйіздей болып кеткен күсті қолының абыройымен
жалшылық мəртебе кешікпей бізге де қонды. Шешем Смайылдың сауыншысы болып «сайланды да», Биғазы күндіз егін қоритын, қарға қуушы болып «тағайындалды». Биғаділ екеуміздің алдымызға бұзау мен қозы, лақ түсіп, «бағынды». Ергейті өзеншесінің бір иіні біздің есіктің алдында ғана, əлгі «бағындынымызды» соған қуалап түсіріп жібереміз де, мия жұламыз. Əкеміздің айтуынша «қыста отын болады». Мия қалың екен, ағайынды екеуміз бұл жұмысқа зор ынтамен кірістік. Қыстың отынынан да үлкен бір арман бізді құлшындыра түсті: «жұлып жайған миямыздың кепкенін көтеріп əкеле береміз, əкеле береміз, есік алдына дуалша биіктетіп жия береміз. Ол егін пысқанша биіктеп, көлеңке түсіретін биік дуал бо-
лады. Сол көлеңкеге рақаттанып отырып аламыз да, ыстық шайға бөріткен талқан жейміз. Адам аз жегенге тоя ма, көп жеу үшін көп отыру керек. Көлеңке кең болмаса, көп отыра алмайсың. Қарның қазандай болып, икемге келмей қалғанда қисая кетесің. Сонда мия көлеңкесінде соққан салқын самал ыстық қаныңды қалай сипағанын сезіп жатсаң, шіркін! Екеумізді құлшындырған осындай «зор» ар- ман еді. Арман қинап ащы теріңді ағызады, бірақ, сол ащы азап- ты арманның өзі тəтті сездіреді. Нар көтере алмайтын ауырыңды арман көтереді. «Сейіл де сейіл, сергелдең де сейіл ғой», арманға бөккен сергелдең – анық сейіл. Шибиген кішкене қолдарымызды мия қанша ашытқанымен, жарылған аяқтарымызды шөгір қанша сойғылағанымен есептеспей, жұла бердік мияны. «Мал келе жа- тыр, бұзау мен лақты қуыңдар бері!» деп біреу айқайлап тұрғанда да, қураған миямызды арқалап қуанамыз. Арманымыз есімізге түсе қалып, кеш болып бара жатса да қайта кетеміз. «Үй, сендер осынша неден бейнетқор болып кеттіңдер, ара–тұра істесеңдер де болмай ма!» деп шешеміздің жаны ашиды бізге. Бірақ, қылмыскер арманымызды айтпай, жауапсыз жүре береміз.
Бір күні Қуандық ағамыз көшіп келе қалды. Көрмегелі көп жыл болған абысыны – Қайнышты шешем құшақтап алып ұзақ жыласты. Екеуі аман көріскен қуаныштарын айтысса, жылау болмас еді. Қадірлі мекені мен қайран елін, қадірлес аға-бауыр, туыс-туғандарды сағынғандықтарын айтып зарласқанда, еңкілдеп еркектері де жыласып берді, туған жері мен туысқан елінің қадірін бұл жаққа келген соң ғана толық ұққан сияқты. Өздерінің де қаншалық жақын туыс екендіктері енді толық білініпті. Бұрынғы əл-ауқат, тұрмыс айырмашылығы бар кезде де Қайныш шешемнің ең жақсы көретін абысыны еді. Енді мүлде қабысып-жабысып қалысты. Құшақтарымен қатты сағыныштарын білдіріп, қосқан үндерімен шағымдарын айтысты.
Қайныш менің бетімнен сүйіп, бұл жаққа өткен соң туылған жалғыз ұлын көрсетті.
– Ініңді көрші! Міне, дəл саған ұқсайды, аты Зейнолла, – деп оның бетін тосып маған сүйгізді.
Қайныштың жарқын мінезі де, жалынды сөзі де шарайнадай үлкен, дөңгелек көздері де, ат жақтылау, аппақ жүзі де бұрынғы аса келісті шырайын кемітпей сақтапты. Азапты босқын тұрмыспен тоқтамай шетіней беретін бала күйігі қабағына кір түсіре алмап- ты. Ақ маңдайында əжім ізі əлі жоқ екен. Бұл қуат – өзінің ерімен болған аса тату махаббат қуаты сияқты. Бірі түрмеленгенде, бірі
төбе тесіп, құтқарып, енді бірі қамалғанда бірі есік-терезе бұзып құтқара жүріп, Ақтай, Санатпайлардан төртінші кезекте əрең қашып құтылыпты. Ерлі-зайыпты екі адамға ілуде бір тепе-тең бітетін ерлік пен сүйіспеншіліктің үлгісі еді бұл екеуі.
Сөйтіп біздің жер үйдің батыс жақ қатарына бұл екеуінің киіз күркесі қалқия қалды да, Балпаңның ауылы Ергейтінің жағасына келіп қонғандай шұрқырастық. Қуандық бұл қоржаға күнкөріс, кəсіп іздеп емес, бізді іздеп келіпті: аз күн болса да бізбен бірге отырып, кішкене Зейнолласын көрсетіп, туысқаншылап қайту ниетімен Емілдегі қайын жұрттан келіпті. Жалшылыққа түспей-ақ, білезік-жүзік, киім-кешек сатып, аз уақыт жан сақтарлық қаражат тауып алғандықтарын айтты.
Ерлі-зайыпты екеуі қай-қашанда, қай жерде отырғанда да тізерлесіп, иықтарын бір-біріне тіресе отыратын. Жаңа туған нəрестесін солай отырып кезекпен сүйіп, шетінегенде де солай от- ырып үнсіз жыласатын. Мына кішкентай күркеде де солай отырып жүрді. Екеуінің де сұлу жүздері күлімсіреп, Зейнолласын тағы да кезекпен сүйіседі екен.
Күрке тігілгеннің үшінші күні түс уақытында бұл екеуі əдеттерінше солай отыр еді. Биғаділ екеуміз шақшырайған тымырсық ыстыққа шыдамай, жер үйге кіріп жата кеттік. Далада шай қайнатып жүрген шешем асыға кіріп, ұйықтап жатқан əкемді оятты:
– Смазы осылай жүгіріп келеді, Жəке. Бір қолында ұзын пышағы, бір қолында күрегі бар, түсі тым суық!... – Соны ай- тып болғанша даладан қатты айғай шықты. Көзін уқалай салып жүгіріп шыққан əкем шығыс жақ далаға қарай шыбын–шіркей қаша жөнелді. Биғаділ екеуміз де артынан ере қаштық. Əкем күрке жаққа қарай салып қашқан еді, біз қарамай-ақ қаша бердік, əкеміз қорыққан құбыжыққа қарау мүмкін еместей сезіліп қаштық. Əкеміз үріккен түйеше одырайып, артына қарай қалған кезде, біз де тоқтап қарадық. Ұп-ұзын қара сұры Смазының екі қолын қоса, сыртынан қапсыра құшақтап Қуандық ағамыз тұр да, құрықтай мойнын соза бұлқынып Смазы тұр. Серпіліп шыға алмай қалш-қалш етеді ол, құтырған адамдай көзі шақырайып, қызарып, шағын мұрты тік тұрып, асқан жыртқыш аңның бейнесін елестетті. Əйтеуір үлкен пышақ жарқылдап тұрған қолын Қуандық мықтап ұстаған көрінеді. Күркенің бір жақ босағасындағы уық күрт сыныпты. Ұзын сапты бір темір күрек сынған уықтың үстінде жатыр. Қайныш Зейнолла- сын бауырына басып дірілдеп тұр. Үлкен көзі Смазыға төнулі.
Қайныш пен шешемнің қысқа-қысқа сөзбен қатты жазғыруларына қарағанда: күркенің бір жақ босағасын күйреткен күрек Қайныштың Зейнолланы қорғаған білегіне тиіпті.
Қуандықтың қатты қысуынан Смазы дем ала алмай қалды білем, пышағы жерге түсіп кетті, тыпыр ете алмай серейіп тұр. Пышақ түсісімен ұзын Смазыны баладай көтеріп алған Қуандық жерге төбесін жанша ұрып жіберуге бір икемделді де, ауашарақ апарып, аяғынан тік тұрғыза салды. Екеуінде де үн жоқ. Қуандық оның иығынан ғана келіп, төне қарап тұрды да, Смазы мойнын шөлдеген түйеше созып Қуандықтан қиыс, өзен жаққа қарап тұр.
Бұлардан елу метрдей алыста тыпыр етпей үрке қарап, əкелі– балалы үшеуміз тұрдық, əкеміз қозғалып, Смазыға қарай жүрсе, біз де жүрмек едік. Бірақ, əкем жазықты адамша тұнжыраған бойы үнсіз тұр. Əр жерде өзді–өз үйлерінің алдында қарап тұрған көршілер де үнсіз. Ауа да демін ішіне тартып тұншығып тұр. Аспан «құтырғандай» жалғыз көзін шақшитып төне қарайды бізге, ес-түссіз қаһарымен қуырып барады.
– Ей, Смазы, – деді шешем жер үйінің сыртына таман шығып, – бет көріскенің осы еді, адамша келіп сəлемдестің-ау! Күректей тісіңмен жалғыз нəрестесін жарып кете жаздадың!
«Жаманның күші жапалаққа жетеді», қаңғыған кедей болса да бұларды да адам деп білсең бұлай етпейтін едің! «Көп – тара- зы, көңіл – қазы», көпшілік көріп тұр ғой, құдай да көрер бұл
«жақсылығыңды».
– «Қабаннан пана іздеген қанға малынады», – деп Қайныш жылап жіберді, – бірақ біз сенен пана іздеп келгеніміз жоқ. Мына қарап тұрған ел де саған емес, Смайыл бар деп келген екен, сенің көлеңкеңе ит жатсын.
Қуандық қайырылып келіп, пышақты жерден алды да, Смазының өзіне ұстата қойды:
– Нəрестенің жазығы жоқ, мə, мынауыңмен мені жар! Ағаңа қарындасымды берген мен ғой... Апаныңды үй етіп отырған анау Күмісжан да менің қарындасым, солардың кегі үшін мені жар!
Смазы пышағын қынына салды да үнсіз жүре берді. Адым тастауының ақырындығы қараушыларға ашуынан айырылғанды- ғын байқатты да, қақшиған басын төмен сала кетуі – ұяттың тұқыртуы болып көрінді.
Смазының беті үйіне қарай бұрылған соң əкем де, біз де қайтып келдік.
– Құдайыңның сақтағаны-ай! – деп шешем тергей қарады əкеме, – аман-есен қайттың ба?! Сонша қашатындай не көрінді!
– Тергеуіңе «ынжық, қорқақ» деген сөзді қоса көрме, бəйбіше, қаңғып жүрміз ғой, батырлығым елімде қалған! «Пəледен машайық қашады», оның пышағынан жараланып қалсаң да пəле, қорғанамын деп қол тигізіп алсаң да пəле! Қуандықтың қол тигізбей пышағын өз қолына беріп қайтарғаны қандай жақсы бол- ды! Бұрынғы өжеттігімен бір шапалақ салып жіберер ме екен деп, жүрегім қабынан шығып кете жаздады!
Ашумен аулығып тұрған Қуандық мырс ете түсті.
– «Қараған өз жерінде дүрілдейді», Жəкең өз жерінде болса, Смазыны қасқырша тұмылдырықтап алып, ел аралатып жүрер еді, қазір! Əттегене! Енді құдай басқа салған соң, жуас болуға жетпейді. Осы пəлеге бүгін Жəкең қалады ғой деп қорқып едім, қашқан қашысына сүйсініп тұрдым!
Əкемнің жаңағы тайраңдай жөнелгені көз алдына келген болса керек, назалы келіні де күліп жіберді.
Құрметті «тергеушім», «ұрының арты қуыс», қылмыстының белгісі – қылт еткен көлеңкеден қорқу ғой. «Қағаз жолбарыс» қалтырамай жүрген бе! Əкелі-балалы үшеуміздің дүркірей қашып шығып, қалтырап тұра қалғанымызды осы қоржадағы бар адам көріпті. Үшеуміздің тұрған тұрысымызға күлісіпті. Мұншалық қылмысты халге түсуімізге қарап мүсіркепті де. Өзімізді-өзіміз əшкерелеп тұрыппыз. Бұл қылмысымызды жабуға етегіміз де жоқ еді, əкем жалаң бас, көйлек-дамбалшаң ғана қашып «құтылған» болатын.
VI
Қуандық сол уақиғадан соң мұнда тұра алмай қайта көшіп кетті. Тірі адамша тік тұрып, теңдік тұрғысында байланыс жаса- уды талап ететін адам қоржа иелеріне, əрине, тікендей көрінеді. Смазының жолымызға өспек болған «тікен» деп қарап, тамырын жаймай тұрғанда жұлып тастау ыңғайында жүргенін біліп көшті. Оңай көшсе де кетерінде оңдырмай айтып көшті.
– «Егер иесіз екен деп Балбикеге қастық ететін болсаң, қашанда қаныңды төкпей қоймаймын!» – деп үйіне кіріп бетпе-бет ескертіп кетті. Балбике содан соң ғана далаға шығатын болды.
Жуас малай – жөндеуге оңай, Құдай берген өлік қазына ғой, Смазы ұрмақшы, жармақшы болған екі ботасын ерте қашқан əкем
сол қылығымен оларды сүйіндірген көрінеді. Қоржадан қуғаны сол, Смазы шақырып алып əйелінің ауруын қаратты. Сөйтіп, біздің үйдегі жеті жанның Биғайшадан басқасына түгел жұмыс табылды. Жалақы табылмаса да, жалшылықтың табылуына қуанды. Тым болмағанда осы қоржаның тізімінде бар екендігімізді көрсетеді ғой. Бигелдіден басқамыз кандидат малай болып істей бердік. Тіпті жұмысы ең көп Биғазының да бір сəті түскені болмаса қожайын үйінен тамақтану тоқтамы жоқ. Егінге келген малды «қуа сала- тын», қарғаны «үркіте» салатын ермек ретінде жай ғана қолғабыс сипатында қалды. Ал, шешем сиырларын сауып бере салады, оның «боғын таптап» бере салады. Сонан соң ыңғай өз үйінің жұмысын істейді. Өз үйіне терген боқты таптайды. Сондықтан, ол ақы мен тамақ талап ете алмайды. Биғаділ екеуміз кезеген лақ- қозы, бұзауларды қайыра саламыз. Көк майсаға «түсіре салып», кешке дейін «қайыра салып» жүреміз де, ыңғай мия жұлып кəсіп қыламыз. Сондықтан, кішкентай бізге де ақы мен тамақ талап ету
«ұят» еді.
Рақымы бар, кең мінезді қожайынның желкемізге мінуі де осындай епті болды. Жаңа үйреткен тайларын қалай болса солай қарғып міне сала қамшылап, шошытпай мойнынан, құлағының түбінен сонан соң шоқтығынан, арқасынан қаси келіп, аяғын ақырын ғана артып үстіне қона қоятын əдіс қолданды. Жақындық байланысты пайдаланып қанау əдісі осындай өте сұм болатын.
«Пəлен ете сал», «сүйте сал», «бүйте салдың» ауызға жеңіл, қолға ауыр жұмысы таусылмайды. Ал, тамақтандыруға, ақысын өтеуге келгенде көрмеске, білмеске салынып, қақасқа қалдыра береді. Бəріміз соның жұмысын істеп жүргенімізде де үйімізге бір табақ талқан жібертіп беруді білмей-ақ қойды ол. Тамаққа сол жарымаған күйімізде жүре бердік.
«Қайыра сал» əдісін қолданып, құлағымыздың түбін қаси келе шоқтығымызға қона түскенін Биғаділ екеуміз білмей де қалдық: егін пыса мал қаптауы көбейіп кетіп, егіннің ол шеті мен бұл шетіне жүгіріп жүретін Биғазы ада-күде таусылып қайтты бір кеште. Ақсаңдай келіп, қақпа алдында Смайылға сыбырлап тұрды. Үні бітіп қалған екен. Смайыл біздің есіктің алдына əкемнің қасына келіп, Биғаділ екеумізге кезек қарады. Сиыр бағып жүрген шалды Биғазыға қосып бермесе, үлгіре алмағандығын айтып мені нұсқады.
– Орнықты көрінеді, мынаны жуас өгізге мінгізіп сиырға қосайық, қайтар уақытта айдап қайтып тұрсын! – деді, – лақ пен бұзауға Биғаділің бапандай.
– Ондай бапандайлықтары болса барсын, – деп қуанды əкем. Биғаділ екеуміз мия көлеңкесі туралы арманымыздың орындал-
май қалатынына да қынжылсақ та қыңқ етпей көне кеттік. Ертеңіне таңертең мен сиыршы болып аттандым да, Биғаділ бұзаушы, қозы- лақшы болып қала берді.
Жуан тарғыл өгіздің жалпақ сауырына мені қондыра салған əкем, сиырмен қосып айдап шығарып жіберді. Өгізге мінуім қуаныш болғанымен, қалың шидің арасында қасқыр қорқынышы бар еді. «Сиырға қасқыр тиісе алмайтынын айтты да, осы өгізден түсіп қалмасаң болғаны, қорықпа!» деп қала берді. Қасқырдың
«тілі» тұрмақ, «ойын» білетін əкеме бас изей салдым.
Жаңа кəсіппен бірге жаңа ой түскендей тарғыл өгіз екеуміз де теңселумен болдық. Өгіз əр түп шиеге асықпай «бойлана» келіп бір тоқтайды. Оның қияқты жұлған жұлысына мен сүйсінемін. Ол күрт-күрт шайнағанда мен тамсанамын да, ол жұтқанда мен жұтынамын. «Мен де осындай шөп жейтін болып туылсамшы, түсе салып мен де жайылар едім-ау!» деп қоямын. «Бұлардікі рақат қой, ауыздары қалай толады, қарындарын қарашы! Осы тоқтығы ғой, үстінде адам отырғанын да сезбейді Бала деп менсінбей ме, иə сезбей ме! Мен тебініп көрдім, ол жүріп кетті. «Тыр... ыр» дедім, тоқтай қалды. «Біледі екен! Тіпті бағынады екен!» Кісі болған деген осы, екі мықынымды тіретіп, масайрай қалдым. «Бұл бір ақылды өгіз екен, еркімен жайыла берсін, тиіспейінші!» деп лəм тіл қатпай отыра бердім, тіпті салмағымды қатты түсірмеуге, құйымшақ сүйегімді арқасына батырмауға тырысып, көтеріле от- ырдым! «Мен тамақ жегенде үстіме біреу отырып алса жақсы ма» дегендей жаным ашиды. Бірақ лаж жоқ, түссем қайта міне алмай- мын, қасқыр жейді, иə, жылан шағады.
Ашық күннің ыстық аңызағы етімді қарып, қанша кептіргенімен алғашқы күндері сергек қайтып жүрдім. Ергейтінің бізден төменгі жағасы шалғынды-қияқты екен. Кейбір кексе сиырдың егін жаққа тұмсығын көтеріп қоятыны болмаса, қашу ниеті жоқ сияқты. Қызыл көзді жуан қоңыр бұқасы болмаса, қабақ шытқан біреуі де жоқ. Менің қаупімді білетіндей өгізім де «мені қорғап» оған жақын апармайды. Əйтпесе, бұқа иттің қабағынан қан жауып жүр, бір ашылмайды, несін алғанымды білмеймін, Смазының бұқасы дейді өзін. «Ит иесіне тартады ғой», сондықтан ол қарағанда мен де қараймын. Бұл жайымызды біліп, өгізім екінші шетке əкетеді мені. «Тегі қасқыр келсе де осылай қорғамақ қой, алтын жүректі айналайыным!» Кіші дəреттен қысылғанда да қабырғасына жібере
саласың. Жақтырмағанын білдіріп пыс етеді де қояды. «Қысылып кеттім» дейсің ақырын ғана кешірім сұрап. Ол райын бұзбайды,
«біреудің қарғадай баласы ғой, қайтсін енді» деп кешіретін сияқты.
Сөйтіп бір-екі күн мен тарғыл өгізге толық сеніп разы болып қайтып жүрдім де, Балбике мен əке-шешем маған сеніп, разы бо- лып жүрді. Асығым алшысынан түскендей, абыройға ие болып қалдым, Балбике кейде менің бешпетімнің жан қалтасына талқан, кейде тіпті нан да салып жіберетін болды. «Зеріккенде же, ұйықтап қалма!» дейді. «Қарның ашқанда» деп бір де айтпайды.
Мен бар күшімді ұйықтап қалмауға салып жүрдім. Қалғысам
– таудай өгізден құлап өлетіндей көремін. Алғашқы күні өгізге мінгеніме қуансам, енді зəрезеп болып əрең мінетін болдым. «Жаяу бағайын дегеніме ешқайсысы көнбеді. Өгіздің үстінде кешке дейін қақшиып отырудан қасқыр да қорқынышсыз сияқты сезілді. Түнде ұйқыдан ояна қалғанда тарғыл өгіздің арқасы есіме түсе қалса, өне бойым сырқырайды. Бұл қайғыны алдымен басым емес, жүрегім емес, құйрығым «ойлайды» да, таң атқан соң тарғыл өгіздің арқасында азап бар екенін бүкіл денеме хабарлап, зар қағады. Со- нан соң белімнен бастап бебеулейді.
Бесінші күні түстен кейін əбден қалжырадым. Еңкейіп оты- ру, сонан соң шалқайып отырып, бел талғанша қайта еңкейіп екі қолға тіреніп отыру, өгіздің қабырғасына тірене, омыртқасына тірену, жеңілдік медет бере алмады. Қалғып кетіп, неше рет ауып түсе жаздадым. Қаншалық уқалағаныммен көзім ашылар емес.
«Ұйықтағанда ауып түсіп өлгенше ұйықтамай түсіп алайын!» дедім де, бір дөңге таман қақпалап əкеліп, сырғанап түстім. Онан кейін не істегенімді білмей қалдым.
Көзімді ашып алсам, орнында күн жоқ, сонау батысқа «жетіп», ұясына «кіріп» барады екен. Сиырлары да жоқ! Тыжырынып қалып, қыңқ ете түстім де тұра жөнелдім. Əр дөңеске шығып бір қараймын. Безек қағып қоржаның шығыс жағындағы диірмен тоғанның көпіріне шыға келсем, сиырларды сол көпірден айдап өткізіп, Биғазы қуып барады екен. Қоржаның шетіне ілініпті.
«Егінге түспесе Биғазы қуып келер ме!», жан алқым жүгіріп, сиырдың артына жете бергенімде, Балбике шыға келді. Егінге түсіріп алғанымды білген екен, ұрыса жөнелді маған.
Əпкем айтқан «көк түйнектің» қайсысын тізе берейін, əйтеуір оның Бигелдіден басқаңның бəрін боқташақ, боқ қапсырыңдар!» дегені ғана есіме қатты орнапты. Мен тұқырған бойы үйіме қайта
бердім. «Боқ қабы болатындай менің оның үйіне күнде барып ығыр еткен жоқ едім ғой!» Талқанынан бір-екі рет жан қалтама са- лып берген өзі, қарным ашатынын айтқаным да, талқан сұрағаным да жоқ!» деп булықсам да бүлк етпей, қараңғы бұрышқа барып отырып алдым. Ырғаққа қондырған құсша төрт-бес күн қиналып тапқан абыройымнан əп-сəтте-ақ айырылып қайтқаныма өкіне де қойғаным жоқ, мені жерге тартып бара жатқан «боқ қабы» аталу- ым болды.
– Сиырын енді бақпаймын! – дедім жалғыз-ақ. Шешем мақұлдай салды:
– Бəріміз малай болғанда бергені белгілі, баққың келме- се бармай-ақ қой! «Жұдырықтай бала қоралы сиырды қайтып бағады» деп мен де талай айтқанмын.
– Өгізден құлап түстің бе, өзің түстің бе? – деп əкем бетіме үңіле қарады.
– Өзім... қиналып кеттім!
– Ие, ендеше жігіт болғаның осы, боқ қабы емессің! Өгіздің үстінде ұйықтап, қапша ауып түссең, сонда боқ қабына сəл ұқсайтын едің...
Мен азаптан енді құтылдым да, Биғаділден жұлынған мия жай- ын сұрадым. Биғаділ тезек теру, таптама жию тақырыбында сөйлеп кетті. Мия қурап басылған соң көлеңке түсірмей, кішкентай болып қалады екен. Ол таптаманы қалай тізіп, үлкен көлеңке жасау жо- спарын жақсы ұқтырды. «Күзде көлеңкесінде отырып талқан же- сек, қыста қалаға апарып сатқызып, көки, тоқаш алдырып жейміз, киіз де аламыз, міне, бұл – табылған ақыл!»
Балбике тəтемізге «боқ қабы деген міне!» дегендей-ақ таңертеңінде екеуміз екі жаман қапты арқаға сала шықтық та, қозы- лақтары мен бұзауларын боқ қабымен үркітіп, айдай жөнелдік.
Біз боқ талғамаймыз, адамдікі мен иттікінен басқасының бəрі
– құрғағы болсын, жасы болсын – біздің қабымызға түсе береді. Жерден ойылған «қазан қырманымыз» толған соң, су тасып құйып, түсе қаламыз да аяқпен айдап еземіз. Шешеміз тапалай береді. Күннен де ыстық арман күнге күйгеніңді білдіре ме, ұйқыдан басқа уақыттың бəрін осыған арнадық. Шешеміз бізді аяп, таңертең ерте оятпайды да, өзі кетеді. Смайылдың сиырларын қашан сауып, қай уақытта кетіп қалатынын білмейміз де, əйтеуір біз оянып далаға шықсақ, үйіліп қалған боқты көреміз. Шешеміз сонда да, көбінесе, Ергейті суының ар жағынан көрінеді. Оның арманы біздің арманы- мыздан əлдеқайда зор сияқты.
Борми дəн алғанын естіген соң біз шешемізге жете істеуге ты- рысып көрдік. Ерте оянуға кірістік. Елең-алаңда өзен суын кеш- песек те, бері жақтан термек болдық, төменгі түбекте бір бай хұйзудың биебауы бар еді. Сондағы жылқы тезегінен шайға дейін бір-екі рет əкеліп жүрдік. Биғаділ мені оятпай кетіп қалыпты, бір күні. Тұра салып боқ қабымды көтере жүгірдім... Күн шықпапты, шешем ар жақтан өтіп келеді екен.
– Биғаділ қайда?!
– Мен тұрғанда жоқ еді, əлі келмеген бе?! – деп сұрады.
Мен биебауға қарай тарттым. Шешем қабын бергі жағаға қоя салып, менімен бірге жүгірді. Қауіптене қалған екен. Біз түбектің қабағына келіп қарасақ, Биғаділ көрінбейді. Боқ қабы желі басында жатыр. Аң-таң болып тұрғанымызда, еңіреген бір үн естілгендей болды.
– А...па...ау! – деді бір кезде Биғаділдің үні!
Шешем қосқа қарай жөнелді. Мен де жүгірдім. Қостың босағасындағы қазықта қол-аяғы бірдей таңылып Биғаділ жа- тыр. Қостағы екі жылқышы ұйқыда, бастарын бүркеп алыпты. Биғаділдің екі қолын артына қайырып байлап, аяғын қазыққа шан- шып тастапты. Біз келген соң тулап, зарлай жөнелді. Қос иелері шешем оятқанда бастарын əрең көтерісті.
– Қарақтарым, мына бала не қылмыс өткізді?
Байлаушылар асықпай сөйлеп, қылмысын жариялап болғанша, шешем ұлын шешіп алып, талаурап кеткен қол-аяғын уқалай берді.
Биғаділ бұл қосқа түн ортасы ауа келген екен. Қымыз сабасының аузын шешіп, тегешке құя бергенде биешілер шап беріп ұстай алыпты да, байлап тастапты.
– Басқа нəрселеріңе тиісіп пе? – деп сұрады шешем,
–қымыздарыңнан қанша ішіпті?
Қос иелері байлауын қатты байлағанымен басқа қылмыс таға алмай, өздері ұялыңқырап қалды. Биғаділ құйып алған қымызынан да бір ұрттай алмаған екен. Шешем ұрлыққа кірген ұлын кінəлап, ұрыса жетектеп қайтты. Бірақ, былай шыға бере көзінен де жас сорғалап үйге жеткенше жылаумен болды. Бұрын өз үйінің тамағына да рұқсатсыз қол сұқпайтын кішкентай ұлының енді ашыққан соң қорықпай түн ішінде жортуылға аттанып келіп, жат қоста бір шыны қымыз үшін байланып, қол-аяғын жия алмай қалуына қатты налыды.
Биғаділ екеуміз де бірі-бірімізге қарасып қойып, жылай ердік.
Оның жіңішкеріп қылдай болған мойны мен бет сүйегі арса- арса арық жүзіне адам баласының жаны ашығандай еді. Жұбына жетіп тұрған сол əлсіз кішкене дене қарулы тоқ қолдарымен тым рақымсыз байланыпты! Аштықтан басқа бір-бірімізге тағар кінəміз жоқ сияқты. Биғаділ менің де арықтаған аш жүзіме жаутақтай қарап, шағынады. «Аштыққа сен сияқты мен неге шыдамадым?» дегендей, басын шайқап қойып жылады. Мен оның танымайтын жерде бас болып байланып жатқандағы «а..па...ау» деп шағынған мұңлы үнін қайта-қайта естігендей болып жылаймын, құлағымнан кетпейді ғой сол үн! (Тергеушім, қазір соған қырық неше жыл өтсе де, сол үн менің құлағыма əлі естіліп тұрады).
Ашаршылықтың тағы да шегімізге жетіп қалғанын Биғаділдің осы ұрлығын естіген Биғазы шешесіне бірдеме айтып мақұлдатып жатыр бір күні.
– Əкеме айтпай тұра тұрайық! – дегенін ғана естідім. Сонан соң Биғаділ екеуміздің қасымызға келіп отыра қалды. – Сендер ұрлық қылмаңдар, таяқ жеп қаласыңдар! Мұнан кейін... Ертеңнен бастап мен тойғызамын сендерді. Ұрлық қылмай-ақ өз еңбегіммен тойғызамын. Борми (жүгері) дəнденді. Көк борми тəтті болады екен?
Биғаділ екеуміз сол күннен бастап боқ қапты қуана көтердік. Бірақ шешеміз бізді ерте тұрып кетуден шектеп қойған. Таңертеңгі шайды ішкен соң ғана шығып, тезекті екінші рет көтеріп келгенімізде, түп үйімізде «той болып» жатқанын көрдік. Қазан толтырып қайнатқан көкбас борми екіден-үштен үлестіріліп жа- тыр екен, қарық бола қалдық. Ең тəттіні «талқан» деп қана түсініп қалған екеуміздің аузымызға «тəттінің тəттісінің ішіндегі ең тəттісі» енді түскендей болды. «Құдай біледі, жəннатта да бұдан тəтті жеміс бола қоймас!»
Мұның қалай келген жайын сұрауға əкеміздің мұршасы жеп болған соң əрең жетті:
– Жə, бұл қайдан келді? – деді Биғазыға қарап, – өз бормиымыз ба?
– Байдың бормиы пісіп қалды... содан əкелдім.
– Ұрлап əкелдің бе? Көздерінше алдың ба?
– Көздерінше алса бере ме?
– Ұрлап əкелдім деші.
– Жоқ, ұрлық емес!... Ақы тұрмақ маған тамақ та бермейді ғой!... Табан ақы, маңдай терімді осылай қайтармасам бола ма!
– Амал жоқ! – деп мырс-мырс күлді əкем. Ішінен мұны ұрлыққа санамауды құптағаны байқалды.
– Қалай əкелдің?
– Бір қабат қабығын ғана қалдырып, беліме белдікпен оқша тізіп алдым. Бешпетімді жамылып аламын:
Сөйтіп бұл «кəсіптен» көрінісі ұрлық, мазмұны ақы, – деген қорытынды шыққандай болды. Осылай етіп күніне екі рет тойып жүрдік. Он бір жастағы ағамыз Биғазы тілмар да, қу да болып өсіп қалып еді. Ұсталып қалса да жауабын ұялмай, толық қайтара ала- тынына əкемізді сендірді.
Бір күні «ұсталып қала жаздадым» деп күліп келді. Түс уақытында қайтып келе жатса Смайыл атпен егіні жаққа кетіп барады екен. Биғазы одан алысырақ өтпек болып қиыстай берсе, Смайыл атының басын солай қарай бұрыпты. Белді сірестіре тізілген боқ емес, жуан- жуан бас борми, қымырласа сықырлап, икемге келтірмей келеді екен. Енді қашқалақтаса сезіліп қалатынын біліп, қарсы жүріпті. Сүйтсе де оқтау жұтқандай кердиіп өте бергенінде: «тоқташы, ей!» деп Смай- ыл атынан түсуге ыңғайланыпты. Биғазы шеңгелдің арасымен екінші жағына өтіп алыпты. Смайыл артынан қарғып түсіп, жаяу қумақшы болған екен, Биғазы қақшиған бойы ыршып барып, тағы бір топ шеңгелге өтіп алыпты. Смайыл атына қайта міне қуып, ұстай алмаған соң, шеңгелді айнала жүріп тергепті:
– Сен менен сонша неге қашасың?
– Мені «балдыз» деп мыжғылап ойнамақсың! – Смайыл қарқылдап күліпті.
– Құдай біледі, тиіспеймін, тұра тұршы!
– Онда нең бар менде?!
– Беліңдегіңнің немене екенін көрейін!
– Қытықтамақсың ғой! – деп қаша беріпті Биғазы.
– Мен қуларды көп-ақ көріп едім, əй, сенен асқан қу шыға қоймас!
Смайыл күлгенде, Биғазы да күліп тұра қалыпты:
– Мен қу қожайынды да, зорекер қожайынды да көріп жүр едім, күліп тұрып жұмыртқаның түгін қырып жейтін сендей қу қожайынды көрмеппін!
Смайыл сілесі қатқанша күліпті де, атын борбайға бір салып, шауып ала жөнеліпті...
Содан кейін ол Биғазыны көргенде, тінтемін деп тоспай, күлімсіреп қана өте шығатын болыпты. Біз талқан көксемей-ақ көк бормиға мейлімізше тоятын болдық, тоя келе Биғаділ екеуміздің көлеңке жөніндегі үлкен арманымыз аш адамға арман сияқты сезілгенімен, тоқ адамның күлкісін келтіретін, жай ғана балалық
алданыш екенін білдік. Сол күлкілі мардымсыз арманның өзі-ақ бізді көп еңбектендіріп, көп жеміс бергенін тау болып үйілген тап- тама отынынан көрдік.
«Тергеушім», сіздер мені қанша қылмысты десеңіздер де, ұры деп жариялай алмағансыздар. Сүйекке сіңіп, жуғанға кетпейтін ең өткір күйе міне енді табылды. 1933 жылдың жаз аяғынан күз ақырына дейін біздің үй ұрланған көк бормимен күн көрген. Бұл ұрлық өзінің қап-қара шырынымен сүйегімізге кемік, жүрегімізге май бітірген. «Əке-шешесінен бастап, үй ішімен ұры болған» деп жарияласаңыздар, менің бетімнен мəңгілікке кетпейтін күйе осы.
І
Құдіретті «тергеушім», өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз!
«Мұсылмандар бас көтерді, пайғамбардың ақ туын көтеріп, Ма Сылиң дейтін батыр келіпті, Шəуешекке» деген сөз – жел соқтырды, бізге алдымен Ергейті хұйзуларынан естілді де, бүкіл ел аузымен құйындатып ала жөнелді. «Хұңқузыларды қырады екен, Қытай үкіметін құлатып, дүнген патшалығы орнайды екен».
– Онда мына Смазы қырады деші бізді! – деп əкем шешеме өз қаупін айта бастады.
Батыс жағымыздағы бір жер үйде Əлімжан атты қожа тұратын. Əкем бұл қоржада тамыр ұстап, ауру көре бастағалы, Əлімжан қожа біздің үйге ат ізін салмайтын да, сəлемдеспейтін болған. Өйткені, бұл қоржаның бұрынғы «дəрігері» сол екен. Бұрын ауруларға ол қойған диагноздарды əкем жоққа шығарып тастапты. Бірнеше сырқатқа оның берген ішірткісі ішілмей, дұғалық тұмары тағылмай қалыпты. Əркім шақырып дұға оқытып, дем салдыратын абыройы сөйтіп арзандап кетіпті. Оның «зиярат басып кетіпсің», «перінің шалық желі тиіпті», «түнде алдыңнан қара мысық өтіпті» деген
«болжаулары» күлкіге айналыпты. Бұрын келген əрі бұл маңайда сүйеніш, туыстары бар іргелі қожа əкемді күндеп қырына алмақшы болғанда, Смайыл мен Смазының əйелі араға түскендігінен тоқтап қалған екен. Сөйтсе де, келісе алмайтын дүрдараздығы бар еді. То- сыннан сол қожа келіп кірді біздің үйге, сүйінші сұрай келді.
– «Лаилахи илолла» деп алтындап жазылған ақ тулар Шəуешекті қоршап алыпты, Жəке! – деді ол. Қуқыл сіріңке қара жүзіне иман үйірілгендей жылтырап, өңейіп алыпты. Ойнақтап тұратын кішкене көздерімен сөйлегенде шошаңдап кететін, көп «дəрет» пен бұйраланған шоқша сақалы бұрынғыдан да тез ойнақтап, шошаңдай жөнелді. – Ислам ах Алласы көз ашатын болды. Алла рақым айлап Ма Сылиңды жіберді. Бүкіл мұсылман мұһмен бір туысқан ғой, бізге де Алла таупиық берсін енді! Бір- бірімізді құрметтеп, енді тату-тəтті тұрайық, Жəке! Не көрсек те бірге көрейік! Ислам ұқматына қолымыздан не келсе сонымызбен
жардамдасайық! Молданың аузында Алланың сөзі бар, оған кір келтірген күнəға кіріптар болады. Байлардың қолында Алланың мал-қазынасы бар, оған қайыр болмаған несібеден тақаззаға ұшырайды. «Бəрімізді осы ислəм лəшкеріне бағышылайық!» деп жатыр жұрт. Берерің болмаса да берекеде бірге бол!..
– Ей, қожа, – деді əкем, – бұл шариғатыңды білемін. Мен де Алланың құлы, Мұхаммедтің үммəтімін, мен сенің молдалығыңды тартып алайын деп немесе Алла сөзіне кір келтірейін деп жүргенім жоқ. Имандай шынымды айтайын: басқа молда – қожа емес, тек сенің бейшара ауруларды «жын соқты» деп шошытуыңа ғана қарсымын. Осы маңайдағы сырқаттанған адамның бірін де жын соққан емес, соқса, өзің мен бала-шағаңды құдайға қарсы сол жын–шайтандар аяп жүр деймісің. Басқа берекеңді бұзғаным жоқ, елмен біргемін! Қастық ойлаған қастан шықпасын!
Əлімжан мырс-мырс күлді де, татуласқан болып шықты. Басталған бұл апалаң-төпелеңде өзінің қастық ойлаған біреуінен қастық көріп қалмай «ислам лашкеріне» деген атпен бірдеме жиып алуды көздеп жүрген көрінеді. Əкемнің райын байқап, онысын айтпай шықты.
Шəуешектен атылып жатқан зеңбірек үні жерді сілкіндіріп, елді тітірете бастады. Пісіп тұрған егінді жиып алу қамы жайына қалды да, хұйзу қожайындар жақсы киімдерін киіп алып, қала жақа шапқылаумен болды. Ешкім зорламай-ақ қазаққа айналып кеткен біздің хұйзулар ешкім зорламай-ақ хұйзу қалпына түсе қалды. Смайыл жаңа жырық қалпағы мен су жаңа қара көк пальтосын киіп, бейуаз ғана күдірейген мырза хұйзу болып атанса, Смазының ұзын мойны одан əрі ұзарып едірейген жауынгер хұйзу болып аттанып жүрді. Ол қоржадағы еш қазаққа үн қатпайды, тіпті, қазақша тіл білмейтін сияқты, жүзі өте сұрланып, қанын ішіне тартып алыпты. Сонысынан шошынған əкем Бигелді мен Биғазыны егін жақтан күндіз келтірмей, өзі де сол жаққа иендеп шығып ала жүрді.
– Біздің қайда кеткенімізді ешкімге айтпаңдар, – деп тапсыр- ды бізге, – өздерің осы жер үйден ешқайды шықпаңдар, дүнген қоржасы болғандықтан бұл жаққа зеңбірек атар, бірақ, жер үйден шықпасаңдар зақым келтірмейді! Ал Смазы сендерге тиіспейді!
Біз сол нұсқау бойынша үйден шықпай, көк бормиымызды кеміріп отыра бердік. Сол отырыстың екінші күні, біз көрмеген бір жастау əйел Биғаділ екеуміздей екі кішкене баласын ертіп, «көшіп келді» де, шешеммен жылап көрісті. Бізге туыстық жағынан жақын Жолдыбай дейтін марқұмның жесір-жетімі екен. Жаугершілік
уақытта біздің қасымызда болуды көксеп келіпті. Ергейтінің ба- тыс жағындағы Сақабай дейтін зорекерге баласымен малай болып, қорлық-зорлықта жүреді екен. Алай-дүлей заман бола қалса ба- ламнан айырылып қалмайын деген оймен түнделетіп қашып əрең құтылыпты.
Біздің үйдің алдында төбесі тесіліп, құлап тұрған бір жер үй бар еді, шешем соны жөндесіп беруге шықты. Ұлының үлкені Жебесін мен құралыптас болса да, менен зорырақ əдемі бала екен. Жастай жетім қалғандығынан болса керек, жұмыс жөнінен бізден əлдеқайда мықты. «Тесік өкпе» көрінді. Шешесі біздің үйден шыққанша інісі Жебежанды ерте жүріп мияны үйіп қойыпты.
Біз де шықтық. Бұлыңғыр күннің қабағы қатулы, демі салқын еді. Анда-санда зеңбірек үнімен қатты күрсініп қояды, екі шеше жер үйдің тесігін бітеп, ішіне мия төсеп жатқандарында жуан күрең ат мінген семіз сары қазақ шауып келді. Сары мұрты тікірейіп, шегір көзі тұздай болып шатынап кетіпті. Жебесін «Сақабайдың інісі» деп бізге ұқтырғанша болған жоқ, қамшының басына шарт ете түскенін бір-ақ білді, жығылып түсті. Биғаділ екеуміз екі жаққа қаштық. Сары қазақ атынан қарғып түсті де, жыртық-жыртық көйлекшең ғана жалаң аяқ, жалаң бас Жебесінді дырау қамшымен шықпыртып ала жөнелді. Екі үйдегі ыңғай əлсіз бала-шаға түгел шулап кеттік. Екі шешемізді екі жаққа итеріп құлатты ол.
– Əкеңнің... Қаңғыған қаракерей!.. Сиыр қайда?! – деп тұрып шықпыртады. – Сиыр қайда, тап!.. Сиырды тап!
Алғашында шырылдап кеткен Жебесіннен үн шықпай қалды. Бүкіл қоржа болып жиналса да, əлуетті жігіттерден ешқайсысы қалмапты. Ешкім ара түсе алмады. Биғаділ, Жебежан үшеуміз шырқыраған бойы қайта келіп, əркімнің етегіне бір жабыстық.
– Ағатай!.. Апатай!.. Өлтірді ғой. Айырып алсаңдаршы!.. Айы- рып алшы, ағатай!..
Шешелерімізбен төрт-бес кемпір топтаса келіп, ысқырған қамшысына миземей, сары қазақтың алдына тоса қалды да, бір кемпір Жебесінді ала жөнелді.
– Айтшы өзің, қайдағы сиыр, – деп тосты кемпірлер.
– Анау ұры əкеткен сиыр, – деп кішкентай Жебесінге тағы ұмтылды сары қазақ. Бар қазақтың қатын-баласы шу ете түсті.
– Сиыр əкелген жоқ!.. Əкелген жоқ! Құдай біледі, бұлар сиырың тұрмақ, лағыңды əкеле алмайды! Андай-мұндайларын бір қаппен ғана шешесі көтеріп əкелді ғой.
– Өзін көтере алмай жүрген кішкене бала сиыр ұрлай ма?
– Менің бар сиырымды айдап иіріп жүрген бұл қарақшы бір сиыр ұрлай алмай ма!.. Ұрламаса түнде неге қашады?!
– Күндіз жібермесең, түнде қашпай қайтпекпіз! – деп Жебесіннің шешесі зарлай жөнелді. – Екеуміз бірдей жалшы болып тамаққа жарымасақ! Киіміміздің түрі міне!.. Сиырыңды ұрлағын болсақ құдай бар ғой! Көктетпесін бізді!..
Сары қазақпен бар қазақ салғыласып тұрғанда, біздің екі көзіміз тұра алмай жатқан Жебесінде болды. Қамшы тиген жерлері қып-қызыл қанмен білеу-білеу болып шыға келді. Жаңа ғана жай- нап тұрған қап-қара көзі жұмылып күп болып ісіп кетіпті. Сол томпақтың үстінде ұп-ұзын қалың қара қасы ғана тұр. Қара-торы əдемі жүзі көк-қызыл жасыл реңмен адам ашынарлықтай быт- шыт болып кетіпті. Жаңа ғана тұп-тұтас болып, өңкейіп тұрған кең маңдайы орқаш-орқаш. Адам баласына сирек бітетін осындай сүйсінерлік келбетті осы жауыз сарының қамшысы əп-сəтте бұзып болыпты!
Біз үңіле қарап жылап тұр едік, «су» дегендей болды Жебесін. Биғаділ екеуміз бірдей жүгіріп ағаш шөмішпен су əкеліп бердік. Шөмішіміздің қалың ернеуіне оның көнектей болып ісіп кеткен ерні əреңге жетті.
– Менің ұрымды сендер ақтай алмайсыңдар! – деді сары қазақ.
– Өз жандарыңды бағыңдар, ұқтыңдар ма!.. Бұл ұры қашан менің сиырымды тауып бергенше, иə, төлеп бергенше менің қолымда болады!.. Тараңдар, бүлік шығарғалы тұрсыңдар ма, бүлік көргелі тұрсыңдар ма!..
Жиылған əлсіз көпшілік күрсіне-күрсіне тарасты. Сарының
«атақты зорекер», «қида кездік неме» екенін, «құдайдың өзі ғана жа- засын беремесе, бұған дауа жоқ» екендігін, «сиырының жоғалғаны қып-қызыл жала» екенін, «асқан жауыздығынан» ешкім жалға да тұрмай, «қоңсы болып та қонбай қойғандықтан, мына жесір қатын
– жетім баланы қанды шеңгелінен шығармау үшін жауып тұрған жаласы» екенін бір-біріне күбірлеп айтыса тарады көпшілік. Жа- уынгер бес кемпірмен уақиғаны жаңа естіп келген Балбике ғана қалды.
– Ей, тұр! – деп сары Жебесінге қамшысын төндіре жетіп келді. Жебесін орнынан əрең тұрды.
– Мен сиыр ұрламадым, ағатай! – дегенге ауыз икемі əрең келіп, жылай тұрды.
– Еқ.. Ұрламадың! Əкеңнің... сен тауып бергенше бақтырамын қалған сиырды!
Сары қазақ шылбырмен Жебесіннің қолынан байлай бастады.
– Ей, апарсаң байламай апар! – деді Балбике. – Қаршадай ба- ланы өлімші етіп тілгілеп, енді қорыққандай байлап айдаудан ұялмаймысың!
– Мен ұрымды қалай əкетсем, өзім білемін, сенің нең бар!
– Менің нем жоқ екенін əлі көресің, бұл менің бауырым!...
– Сен мұны өлтірсең де іздеусіз-сұраусыз кетеді деп ойлама! Осы сиырыңның жоғалуы туралы сұрастыра жатармыз, құдай мен халықтың қаһарына ұшырай берме деймін мен саған, қате ме?!
Бар кемпір шулап жүріп шылбырды əрең шешті. «Мал бағуда қол–аяқ пен сау дене керек екенін, енді ұрмауды айтып тұрған
«ақымақ қатындардың» сөзін тыңдағысы келмеген сары, атына міне салып, Жебесінге қамшысын үйірді.
– Жүр, түс алдыға!.. Қашпақшы болсаң өлесің!.. – Неше жүз ит талағандай борша-борша болған Жебесін алдыға үнсіз ақсаңдай түсіп жүре берді. Қамшының қаһарына «сүйенбесе» жүре алатын дəрмені жоқ көрінеді, əрең кетіп барады. Жыртылып түсіп кет- кен жеңі мен ауына дейін жыртылған балағы жалп-жұлп етіп, бар күшін жүруге ғана салғанын білдіріп барады. Жуан ат мінген, жуан сарының алдында арықтаған ақсақ қозыдай, сырт жағынан əрең көрініп бара жатқанымен, əдемі жүзінің əлгі ойрандалған суреті менің көзіме ап-айқын көрінгендей. Оның шешесі менің шешем- мен алғашқы көріскендегісінен қаттырақ үн салып, қайта көрісті. Жауынгер кемпірлердің енді жылауы басылды. Біз оларша мұңлы- зарлы сөз айта алмағанымызбен «қарнымызға» толып алған мұң мен дəрменсіз ыза үнсіз-ақ өзі айтылып тұрғандай, олардан қалыспай жылап тұрдық. Жебесіннің шешесі көтеріп келген қабын қайта көтерді де, кішкене Жебежанын жетектеп, Жебесіннің арты- нан кетті. Қозысын сүйрей жөнелген қорқау сары енесінің маңырай еретінін біліп бара жатқан тəрізді, артына қарап-қарап қояды...
Біздің оларға қарап тұруымыз ұзаққа созылмады, ши арасына кіріп ғайып болды. Үлкен жолдың шаңын аспанға көтеріп, əрлі- берлі шауып жүрген салт аттылар, бізді елеңдете түсіп еді.
– Дəкіл қара, Дəкілдет! – деген бір зор үнге жалт бұрылдық. Қала жақтан құйындатып келе жатқан қара жорғалы, қара сақалды жуан біреу бізге қарай бұрылды. Дəркенбек дейтін атамыз екен, ол арғы беттен кемпірі мен жалғыз ұлын осы қара жорғамен əкелгенін, үйі қазір Еміл жақта екенін айтып, біздің үйге амандаса келіп айтқан болатын. Өзінің жалғыз ұлынан кем көрмейтін осы атын мінгенде оған бақылдап дем бере жүретін əдеті бар еді. Дəкіл
қараның үстіне қара Дəкең оқтан да қорықпайды, – дейтін ол, –
оғыңның аузын ұрып өте шығады!
Дəу қара тоқал теке сияқты, бадырайған үлкен томпақ көзді, дөңкиген жуан имек мұрын, ұзын қара сақалды кісі еді. Сөзді де текеше бақылдап сөйлейтін. Сол «Дəкіл қарасымен» қалаға қорықпай кіріп қайтыпты. Əкемнің қайда екенін сұрады да, аттан түспей, қалада болып жатқан жайды шешеме қысқаша баяндады. Сақ тұруды, балалардың қия басып сыртқа шықпауын қатты тап- сырды.
– Дəкілдет! – деді сонан соң «Дəкіл қарасына», лезде ғайып болды.
Жаңа ғана жылап тұрған шешем қайын ағасының артынан жы- мия күліп қалды.
– Төлеңдісін қамауға асығып барады енді? – деді.
Ол жалғыз ұлын тып–тыныш күндерде қамауға бұйырып жүретін: «Ой, бəйбіше, ыстық жел ысқырып тұр, жалғызыңды қағып əкетеді, шығарма үйден!» деп бақылдайтын. Осы жолы қалаға кіргенде де сол Төленді үшін қатер бар–жоғын білуге ғана барғанын түсіндік. Қытай əскері жамбылға қашып кіріп бекініп алыпты да, дүнген лəшкері сол жамбылмен қосып бір-ақ қоршап алыпты!.. «Құңқузылар жамбылының құлақтарын далда- лап, мылтықпен атқылап жатыр екен. Дүнгендер онысын елең де қылмай, саты қойып жəне екі пышақпен өрлеп жамбылдың үстіне шығуға тырмысып жатыр». «Бастарына қазан киіп алыпты. Екі пышақпен биік жамбылдың қабырғасына өрлегенде мысықтан да епті екен! Нешеуі менің көз алдымда солай өрлеп шығып, оқ тиіп өліп түсті». «Дүнгендер өлгеніне қарамайды екен, біреу жамбылға өрлей алмай, түсіп кетіп еді, бастығы келіп қылышпен бір-ақ шап- ты». «Менің байқауымша жамбылға сол шойын басты дүнгендердің жүз шақтысы кірді ме, құңқузыны қызыл көтен етіп, қырып сала- тын көрінеді». «Жеңбей қоятын емес, құдай сақтасын өте дүлей халық екен». Байқап тұрған біреудің айтуынша, хұңқузы мылтықты қаймана ата береді екен, қызықты оғы таусылғанда көресің, дүнгендер кіріп жəркемдей салады дейді. «Ал, келін, Жаппар кел- генде айтып қой, мұсылман деп бұл дүнгендердің тілеуін тілемей- ақ қоялық, Шəуешекке жақындап келе бере бір ауыл қазақты бір-ақ қырып салыпты! Мылтығы мен қылышын сөйтіп қазақпен қандап кіріпті! Олардан не рақым, не мұсылмандық сұрайсың»,
«Дүнгеннен басқаны адамға санайтын халық емес көрінеді. Мен бір дуалды баспалап қарап тұр едім. Арт жағымдағы дуал ішінен
бір сарт айқай салды: мына дүнгендердің өзі-ақ қайырыла қалып, тарс қояды. Бірнеше мұсылманды осылар атып тастады. Көрмей тұрғандарында кетіп қал!» деді. Мен қайсысы жеңерін анықтап біліп алып кетейін деп едім, осыны естіген соң Дəкіл қараға қамшы баса жөнелдім. Əйтеуір қайсысы жеңсе де бізге жақсы емес екен: құңқузылар жеңсе бізді «мұсылман» деп қырады да, дүнгендер жеңсе «дүнген» емес деп қырады. Мен соны ғана білдім. Тығыла тұрмасақ біз сорлыға ешқайсысынан күн жоқ!»
Үздіксіз бақылдап келіп бір-ақ тоқтаған Дəкеннің сөзінен менің ұққаным осы болды.
Жұрт тынышсыздана бастады. Əрқайсысы өз қамымен бо- лып, өздерінің алып жүре алмайтын нəрселерін тыққыштап, өз үйлерінен шықпай жүрді. Ал біздің жасыратын нəрселеріміз бол- маса, өзімізді жасырар жер таба алмай жүрдік. «Анау атысып жатқан жамбылынан қашып шыққандары да, қуып шыққандары да қырады». Зеңбірек гүрс етіп түскенде, бір жерімізге келіп дүрс ете түскендей болды. Қоржа хуйзулары ат үстінде қоқиып, күндіз қала жаққа кетеді де, қай уақытта қайтып келгенін білмейсің. Таңертең аттарына қайта мініп жатады.
Төмен Еміл жақтан көрініп тұратын көп қоржаның иесі Машың Шаңияның Мұсасы дейтін бір дəу хұйзу бар еді. Ол əр күні үлкен жолмен тор жағасын тайпалтып, салтанатпен өтіп тұратын. Бір күні сол қала жақтан құйындатып келеді екен. Қарсы жолығып,
«не болып жатыр» деп сұраған біреуге: «не болғай, не болғай» деп ессіз гүрілдеп өте шықты. Осыдан біздің қоржа да тіксіне түсті. Үдірейісіп топ-тобымен сөйлесіп жатыр.
Смайыл қақпасының алдындағы топқа шешем барғанын аңдып шығып, біз де бардық. Көріп келгендер хұйзу «лашкерінің батырлығын» айтты. Олардың сөзі Дəркенбектің айтқанымен ұп- ұқсас еді. Біз барысымызбен мінген атынша ентіге жеткен біреу, істі жеделдетіп жібереді.
– Құңқузыдан оқ таусылып, сирек атылатын болып қалыпты. Дүнгендер қабындап, бір жағынан қақпаны бұза бастапты да, екінші бір жағынан көп саты қойып, жапа-тармағай басып кірудің бұйрығын күтіп тұр екен. Сол мезетте Хилауский бастаған екі жүз шамалы ақ орыс оқ жаудырып, дүнгендердің бір қанатын то- сыннан күйретіп жіберіпті. Қазір дүнгендер жамбылды тастай са- лып, Хилаускиймен соғысып кетті. Əй, бірақ ана көк көздердің аз болғанымен қиын көрінеді, ықсыратып барады! – деді ол.
– Енді құңқузылар шыға келіп, оларға қосылып жайғады деші!
– Жоқ, ондай жүрек қалмапты құңқузыларда, жамбылдарынан сығалап қарар əуселесі де жоқ сияқты. Ұйықтап қалғандай тым- тырыс! Өздері қаланың бар қытайын енгізіп апты ғой жамбылда- рына! Қалада бір қытай көрінбейді. Олар жамбылға кірісімен сау- да дүкендерін бұзып, халық талап əкетіпті.
– Қаһар соққар Хилауский дейтін пəлең қайдан шығып еді! –
деп тыжырынды Əлімжан қожа.
– Хилауский Бəкішпен бірге коммунистерден қашып өткен ақ орыстың бір бастығы екен Шəуешекте тұратын.
Ол Үрімжідегі Жин Шурын өкіметіне барыпты да, дүнгендерді жеңіп беремін деп құрал əкеліпті. Екі жүз орысын өзі құрастырып алыпты. Сол келіп қалмаса, Ма Сылиң құңқузыны бүгін-ақ қырып болатын еді!
– Пəле енді болды! – деді бір шал, – құңқузылар өздеріне жəрдем келгенін білісімен жамбылдан қаптап шыға келеді де, ой– қырды шауып мұсылмандарды қырады!
– Енді қаладан мойны алысырақ жерге барып паналай тұруымыз керек!
– Емілге, Емілге! – деді Əлімжан қожа. Күн батты. Түн ішінде қайта кететінін білмей тұрған көпшілікке қаладан шауып келген Смайыл басу айтты:
– Бүгін, ертең күтейік, – деді ол. – Ма Сылиң «орысты да» жоямыз депті. Өзі бір топ лəшкерімен орыстың сырт жағынан шыға келген екен, орыстар пулеметті солай қарай жаудырып кеп жіберді. Лашкерлер жалт беріп бір жағына зыта жөнелгенде, жарға қамалып қалды. Сонда Ма Сылиңнің өзі атын жатқыза салды да, соған далдалап отыра қалып пулеметті қарсы жаудырды. Басқа шыққан сол бір топ əскері қырылып кеткенде өзіне оқ дарыған жоқ. Атына қайта қарғып мініп, жардың аласалау жерінен ырғытып өте шықты. Орыстарға қылышын жарқ еткізіп білеп кете барды. Қазір осы екінтіде ғана қалың əскеріне бұйрық түсіріп, əр тұсты көрсетіп жатқан. Қытайларды бір пулемет қана камап отыр!
– Алла тағаланың өзі белгіліп жіберген қаһарманына оқ дари ма! – деді Əлімжан қожа, – оның тəнінде Алла дұғасы жазылмаған жер бар деймісің, оқ дарыса да өтпейді оған. Дін мұсылманды кəпір зұлматынан құтқарсын деп жіберген Алланың шері-арсыланы Хазірет Əлі Шахимарданның рухы ғой ол, жалғыз қалса да жеңеді, əмин...
Əлімжан қожа енді «Хазират Əлі Шахимарданның» бір шаһарға өз талабымен құл болып, сатылып барып, қалай ойрандап, қала
халқын дінге кіргізгені туралы ертекке көшкенде, топ бет-бетімен тарап жүре берісті. Тегі «Ма Сылиң Шахимарданның» өзі жеңе қалған күнде де мүкімен уа мұсылмандық тамұққа қамайтын, ауы- лын қырған қырысын біліп тарасқан болса керек.
Əкем екі баласын ертіп түнде келді. Масақ теріп жинаған би- дайын көрсетіп күлдіре келді.
– Бір жаққа тағы дүркіріп боса жөнелсек, көк борбиді көтеріп жүруге болмайды, бəйбіше! – деді сайқыға айналдырған шешеме,
– ел не десе о десін, қайсысы жеңсе сонысы жеңсін, бізге осы би- дайдан басқа ешқандай санаты керек емес!
Егіндікте тығылып жүргенімен хабарды ести жүріпті. Осы қазір ғана қаладан келе жатқан біреуден естігенін айтты:
– Қас қарайып ымырт жабыла бастаған кезде Шəуешекке сəбеттен бір топ атты əскер келіп кіріпті. Тек алдыңғы бір тобы ғана болу керек. Шəуешектің шетіне Қарадөң жақтан ілінісімен ең алдында келе жатқан бастығы қазаға ұшырапты.
– Неғып? – деп шешем үдірейе қалды.
– Мына дүнгендерің асқан қансұйық көрінеді ғой, дəл теле- грамма ағашы сияқты қылаң киінген біреу телеграмма ағашына жабысып тұр екен. Атты əскерлер жақындап келгенде ыршып шығып бастықты қанжарымен жарып салыпты. Бастық аттан құлап түскенде бір-ақ білген артындағы солдат қарақшыны атып тастапты. Қараса, ішкеріден келген осы дүнген лəшкерінің біреуі екен.
– Ойпырмай, не деген жанынан кешкен неме бұл.... Оны кім көріпті?
– Сол дүнген тасалап тұрған телеграмманың қарсысындағы қақпа алдында бір қазақ тұрған екен, сол көріпті.
– Солдаттар оны неге атпай отыр?
– Оны шақырып алып тексерген екен, қазақ болған соң қоя беріпті. Қызыл əскер өзінің қарсы адамы болмаса құңқузы мен дүнгенше адамды бет алды қыра бермейді. Солардың келгені жақсы болды. Енді тəртіп орнайды, оншалық қорқыныш жоқ, ұйықтай беріңдер!
Біз бір-бір керіліп алып құрғақ мия мен жұмсақ сабан үстінде тыныштық ұйқыға кеттік. Таңертең тұрып қарасақ, үлкен жол сеңдей соғылысқан қара нөпір шұбырындыға айналып кетіпті.
– «Бас Ергейтінің дүнген қазақтары, үркіп, төмен Емілге тар- тып барады екен!»
– «Түнде Совет армиясы кірісімен-ақ дүнгендер қашып
жоғалыпты да, құңқузылар жамбылдан шыға сала «қасапқа»
кірісіпті, мұсылманды қырады дейді!»
– «Совет əскерінің көбі Ма Сылиңді қуып кетіпті. Шəуешектің тыныштығын қорғауға олардан аз адам ғана қалған екен. Құңқузылар халықты оған бағынбай қырып жүр екен!»
– Хилаускийді кеше Совет əскері кірудің алдына дүнген атып өлтіріпті... Ол бір топ атты орысын ертіп, қаладағы жай халықты ылаңдап жүрген дүнген лəшкерін іздеп шыққан екен. Бір иен қораға алдымен кіре бергенде жалаңбас Хилаускийді жалтыраған маңдайынан таныған көрінеді, терезеден дəлдеп отырып, дəл маңдайынан атыпты! Жалғыз дүнген екен, артқы есіктен қашып құтылып кетіпті!
– «Дүнген лəшкері телім-телім болып бытырап қашқан екен. Соларды маңайдағы қоржалардан іздей шыққан құңқузылар жай халықты қырып жүр дейді, қашпасақ қырыламыз!»
– «Тығылған дүнгендеріңді тауып бер» деп шаңқылдайды екен. Тез кетпесек қырыламыз!
– «Құңқузылар құтырды, жауды өздері жеңгендей-ақ шақшиып, көздері қанталап кетіпті. Қашпасақ қырыламыз!» Біздің қоржа осылай дүрлікті. Құйзуларымыз мойындарын іштеріне тығып, ар- баларына керек-жарақтарын басып жатты.
– Дүнгендер дүнген болғандығы үшін қашсын, – деді əкем дүрлігіп жүргендердің біріне, – ал біз не күнəмызға бола қашамыз?! Орыстар құңқузылардына бірдеңе дер, артын күте тұралық! Егер болмай бара жатса, Емілге шұбамай-ақ мына төтемен өз жерімізге өте салмаймыз ба!
– Ой, Жəке, күте тұруыңызға құңқузылар қарайтын емес, атқа мінген түгел қоқшиып алыпты! Жалаңаш қылыштарын жарқылдатып кіріп келгенін қала жанындағы кей қоржалар білмей де қалыпты. Сытылып кетуге үлгере алмапты.
– «Жамбыл ішінде неше күн жатып, ұйқысын қандырып алған құңқузы халықты қырып болғанша дем алар емес, ал кеттік!»
Сеңдей соғылысқан жұрт толқыны əкемді де іле жөнелгендей болып еді, Смайылдың жүгін арбаға тиеп болған Бигелді жетіп келді. Шешемізді «жеңеше» деп атайтын:
– Жеңеше, Шəуешектен Əспет апам мен Молтай да қашып кел- ген екен, – деді ол, – солармен бірге Емілге кете тұрыңдар! Əкел, ана нəрселеріңді арбаға басайық!
Бигелді буыншағымызды көтере жөнелді де, біз оның артынан
шұбай шығып, жаяу ілестік. Бигелді бірнеше жігітпен бірге қоржа мен егін күзетінде қалатын болыпты.
– Құңқузы қайсы арықты тінтіп арылтар дейсің, – деді ойлана қараған əкеме, – күндіз бүтіндей егін арасында, арық ішінде жата- мыз! – Əкем күте тұру ойына қайта беки қалды енді:
– Бигелдіні жалғыз тастап кетем бе? Олай болса мен де қала тұрамын! Аңысын аңдып, болмай бара жатса екеуміз арттарыңнан жетіп аламыз! Ал, Балбике, Молтайжан, балаларды сендерге тапсырдық. Балапан басына, тұрымтай тұсына кетер заман бол- са, Бигелді екеуміз қуып жете аламыз. Ең арғы көмбеміз Үржар маңайы болсын!
Төрт-бес өгіз арбаның соңынан бұзауша ілесе бердік біз. Биғазы мен Биғаділ үшеуміз ғана емес, қоржадан шыққан біздей кішкене қашқын көп еді. Оның ішінден біздей бұзау, тайынша қашқындар да, құнан қашқын да, дөнен қашқын да, тіпті, тісі мен буынан мүлде айырылған лақса кəрі қашқын да көп еді. Қалайда туа пісіп көз аша жетілген қашқын емеспіз бе, мұндай босқын тізбегінде ілесе алатындаймыз. Ергейтіннің төменгі қоржасынан өте бергенімізде түн болып кетті. Арыдым деуге мұндай үркіншілікте арба тоқтай ма, сықырлай берді, шиқылдай берді, жолсызбен ши түбірге соғылып шойқаңдай тартты. Арбада кішкене Биғайшадан басқа ешкім қалмады. Жетектеп алған шешеміз түн түйілген сайын Биғаділ екеуміздің қолымыздан қыса түседі. «Ұйықтап жығылып түспе!» деп сілке жетектейді. Біз де өзімізді сілкігендей, басы- мызды шайқап–шайқап қойып дедектейміз. «Соғыстың ең үлкен қылмыстысы Ма Сылиң да мұндай қиналмаған болар!» деген- дей шайқау еді бұл. Буыннан айырылып мүлде қалжырадық. Ояу екенімізді де, ұйқылы екенімізді де, жүріп келе жатқанымызды да, ұшып келе жатқанымызды да білмедік. Кейбір шайпау қамыс маңдайға соғып қалғанда ғана ес жиып, бір жерге келдік те құлай кеттік.
Түсімізде өзіміздің мия мен сабан төселген «алтын сарайы- мызда» рақаттанып ұйықтап жатқан сияқты едік. Көзімізді ашып алсақ шошқа өте алмайтын қалың қамыстың арасында сызда жа- тырмыз. Ойда жоқта күннің өзі де қаңғырып қамыстың арасын- да шығып тұрған сияқты. Сол қалың қамыстың қай тұсы болса да салдыр-сұлдыр, сыбыр-күбір «əлди-əлди», «іңгə-іңгə». Тіпті, əкіреңдескен егестер де көп. Қалың қамыстың сілкінбей, сыбырла- май тұрған біреуі жоқтай екен. «Жау біліп қояды, от жақпаңдар!»
«Айқайламаңдар!» деген айқайлар үздіксіз, бар тұстан естіліп тұр.
«Айқайламаңдар!» деп бəрі айқайласа ол айқай есептелмейтін тəрізді.
Сөйтіп «шексіз-шетсіз» қамыстың ішін қашқынға толып алып- ты. Кеше таңертеңнен бері сеңдей соғылысып тасыған босқынның барлығы осында құйылып, лықсыған шексіз қашқын теңізіне ай- налыпты.
«Тергеушім», қылмыссыз адам қаша ма?.. Қылмысы болма- са неден қорқады! Демек, бұлардың бəрі қылмысты, өздерінің сыйынған пірі «Хазірет Ма Сылиң Шахимардан» құдіретті жам- былдан жеңіліп қашқанда, бұлар – кірерге жердің тесігін таба ал- май босқан қылмыстылар. Мен де сол қанды қол армияның бір мүшесі болғанмын.
ІІ
«Соғыс қылмыстылары» қамыс арасында да тыныш жата қойған жоқ. Тынышымызды ендігі алғандар жергілікті хұйзулар болды. Еті тірілері ыңғай атқа мініп келген еді. Аттарынан түспей күндіз–түні керілдесті де жүрді олар. Бұрыннан сүзісіп үйренген, бір-біріне бағынуды жеңілгендей көретін өңшең тоқты қошқар шақ-шұқ, шарт-шұрт сүзісумен болды.
– Күркіремеде жата тұрамыз, арбаны солай тартыңдар! – деп айқайлайды біреуі. Ол «күркіреп қалғырының» қай жер екенін біз қайдан білейік, боса беруден аза бойымыз қаза болса да, орнымыздың жан-дəрмен тағы түрегелеміз де солай бет аламыз.
– Мойынталға паналай тұрамыз, былай тартыңдар! – деп айқайлайды енді біреуі. Біз бетімізді батыстан шығысқа бұрамыз.
– Дурак! Хунқузының үстіне апарып түсіріп, халықты қырғызбақсың ба! – деп ақырады біреуі. Оған жəне бірі тебініп жетіп барады:
– Сен дурак!
Хұйзулардың «дуракты» қайдан үйренгенін біле алмай аң–таң болып тұрғанымызда, шарт-шұрт қамшыласып ала жөнеледі. Қамшылар батысқа қарай сілтенеді сонан соң, қамысты салдырла- тып, сатырлатып солай қарай жөнелеміз.
– Тоқтаңдар!... Қайтыңдар! – деп қайта ақырады біреуі. Арба- лар шықырлап, бишіктеп шатырлап, шығысқа қайта бұрылады...
Құралды соғыс болған Шəуешектің өзінде де дəл осы қамыс арасындағыдай ойран-асыр дүрлігіс болмаған шығар-ау! Еміл бойы түгел құтырып, байлауға түсіп жатқандай, ту талақай болды
да жатты. Қоржа жақтарынан хабар алып тұратын хұйзулар осылай екі күн өткенде тым-тырыс тыныштала қалды. Жеке шығып алып мəжіліс ашты да, сүзісуді қойып, сүмірейісіп тарқасты. Шекарадан өтіп кетудің қамына көшті бəрі де.
«Аңысын аңдап, болмай бара жатса» артымыздан қуып жет- пек болған əкем мен Бигелді əлі жоқ. Олардың неге келмей жетқандығының «аңысын» енді шешем «аңдады»:
– Олар сірə, қоржада тұра беруге болатын жағдайды байқап жатқан болар, – деді шешем. – Біз де қайтып барайық енді! Болмаған күнде де оларсыз шекарадан өтіп кете беруіміздің жөні жоқ. Дүнген емеспіз ғой, қайтер дейсің.
Басқа хұйзулар бөлініп-бөлініп батысқа қарай тартты да, біздің хұйзулар күн еңкейе арбаларын айдап қоржаға тартты. Қалдырып кеткен нəрселері мен азын-аулақ малдарын айдап, шекарадан біржолата өтпек екенін естідік.
Іңірде сенделектеп əрең жеттік жер үйімізге. Əкем бізді іздеп кетіпті.
– Бармады ма? – деп бізден сұрады Бигелді, – қарсы кездеспей, басқа жолмен өтіп кеткен ғой, қайтып келеді. Орыстар құңқузыны тізгіндеген көрінеді. Əр он құңқузыға бір орыс қосылып, қоржалардан дүнген іздеп жүр екен. Енді қазаққа тиістірмейтін болды дейді. Смайылдар кетсе кете берсін, біз тұра тұрайық... Жігіттер Сақабайдан Жебесіннің кегін мықтап қайырды! – деп күлді сонан соң. Бірақ, не істегендіктерін айтпады. – Ізі басылсын, кейін айтайын!
Сол түні Смайыл, Смазы семьялары жиылмаған бормиы- нан басқа еш нəрсесін қалдырмай алып, шекарадан өтіп кетіпті. Жағдай тынышталысымен қайтып келеміз деп есіктерін құлыптап тастаған екен. Олармен бірге кеткен Əспет шешеміз ескі киізі мен екі көрпесін бізге қалдырыпты. «Біздің үйге де киіз бен көрпе бітті» деп біз қуансақ, «осылармен бірге біз де қайтып кететін едік» деп əкемнің келмей қалғанына шешеміз ренжіді.
– Биыл қыстық соғымымыз да бар! – деп Бигелді күлді, – бір қора сиырды Сақабайдікі деп ел талап əкетті. Менің қолыма ең семіз бір ту сиыр түсіпті. Боршалап тұздап, жер асты клетке іліп та- стадым. Майының өзі кере бір қап! – Шешеміз шошынып қалды:
– Сақабай келіп енді боршаламай ма, сорым-ай!
– Басқасын тапса да, біздікін таба алмайды, қорықпай-ақ қой! Жəне Сақабайларға сасқалақ қатты жетіп, елден бұрын босып
жоғалыпты. Ел құңқузыдан босса, ол маңайындағы тепкіленген
қазақтарынан босқан дейді. Ол жуырда орала алмайды енді, оның жауы қасында ғой!
Əлгі Жебесін бейшаралар бар ма екен?
Жоқ, олар өгізді болып, Дөрбілжінге тартты дейді. Тегі Сақабайдың бар сиырын базарға салып кеткен сол жігітім сықылды. Сайдың тасындай іріктеліп, осы қоржаға сау ете түсті де, сендердікімін дегендей кетпей жатып алды. Екінші күні əкем кетісімен жəркемдеп салдық!
– «Ел қақсатқан қан қақсайды» деген осы! – деп құптады ше- шем, – сол сарыға қарсы істің бəрі оң!...
Түс ауа бере қоржа тағы дүрлікті. Кейдей-кепшік қазақтардың Əлімжан қожадан басқасы түгел-ақ қайтып келген көрінеді. Үйлерінің төбесінен қаруылдап, елеңдесіп тұр. Қайрат-қуаты бар ел адамдары бірлеп-екілеп өзен жарларына түсіп кетіп жатты. Мұны көрген шешеміз Бигелдіні де қуып түсіріп жібереді. Жер үйіміздің төбесінде біз де үдірейістік.
– Бəрі құңқузы! – деді Биғаділ, – əне, қоқшаңдап келе жатыр! Ат үстіне құйрықтары тоқтамайды олардың, атқа міне алмайды емес пе!
Тізілген жиырмадай салт атты үлкен жолмен расында да қоқшаңдап желіп келеді екен. Жүрегіміз тітірей қалды.
– Қызыл шүберектен ту жасап алдынан шығайық, – деп айқайлайды бір қарт, – сонда қоржаға қаратып оқ атпайды!
Кей кемпірлер сампылдап оған қарсы дау айтты:
– Оларды жалау бұлғап өзіміз шақырғандай болмай тұра тұрайық, қоржаға беттесе көрерміз!
Өгізге мінген бір бала үлкен жол жағасындағы диірменінен шығып, соларға қарсы кетіп бара жатыр еді. Келе жатқан əскерлерді алғашында байқамай қалған екен, қарап тұра қалды да, өгізін кілт бұрып, шығыс жағындағы далаға қарай тебіне жөнелді. Артқы қатарда келе жатқан бір құңқузы тұра қалып, мылтығын кезене қойды.
– Ей бала, қашпа! – деп біреуі дыбыстағанша болған жоқ, мылтық тарс ете түсті. Алдында келе жатқан басшысы сонда ғана артына жалт қарап зекіп жіберді. Мылтық атылысымен бала ұшып түсіп еді. Басшының не деп зекіргенін біз ұқпай қалдық. Құңқузының үш-төрті шауып барды да, жығылған баланы қылышпен көсіп- көсіп өте шықты. Артынан қарғып түскен біреуі өлген баланың басын кесіп, аяғымен теуіп домалатып жіберді!
Біз қалшылдап кеттік. Еңкейіп қалған күн де, лүпіп тұрған бала-
шаға да, сарғайып қалған теректің жапырақтары да, төңіректегі сирек ши мен мия да қып-қызыл шұбар тарғыл түске айналып, қалтырап кеткендей көрінді маған. Шешеміз Биғайшаның бір кішкене қызыл көйлегін ұзын сыраққа байлап ұстап тұр еді. Құңқузылар қоржаға қарай бұрылғанда сол «туларын» көтеріп алды. Бірақ өзі де, сырық та қалтырап кетті.
Қоржаның шетіне іліне бергенде «құңқузылар» мылтық шақпақтарын шақ–шұқ қайырды.
– Нельзя! – деп қалды алдындағы басшысы. Оның зірк ете түскен жуан дауысы жып-жылы естілді құлағыма. Жазғытұрым шешем екеуміз шекарадан қорғанып төрт құлақты бейіттің түбінде бұғып жатқанымызда үрген итін екі солдат осы сөзбен шекте- ген еді. Бұл ретке «нельзя» қатты ашумен шыққандай болды да, құңқузылар шақылдауын қойып, үнсіз ілесті. Сонда да қалтырап барамын. Əйелдер мен балалардың əр тобынан бір-бір жалау көтеріліп тұр екен. Құңқузылар Смайыл қақпасының алдына кел- генде тағы шақылдады. Балдыр-бұлдыр етіп қақпаны ашты да, мылтықтарын кезеніп кіре берді. Жапа-тармағай қайта шығып, Смазы қақпасына ұмтыла бергендерінде əлгі бастық шақырып алып, сапқа тұрғызды. Орыс екені енді танылды. Қарап тұрған топтардың бəрін Смайыл қақпасының алдына шақырды ол. Ше- шем ту көтеріп, біз тізіліп, қалтылдай жеттік. Ту көтерушімізден кейінгі «жауынгер» – Биғайша, ең артымыз – Биғазы. Іркіліп тұрған топтарды орыс қазақша сөйлеп шақырды.
– Корыкпандар, корыкпай келиндер, тиспейди. Бир адам кал- масын, калса булар атады! Бир адам калмай мунда келсе атпайды, сураймыз!
Бəріміз сол орыстың алдына келіп, тығыла тоқтадық. Оның да бешпеті мен қалпағы сұр болғанымен, əскери галапасымы мен етігі совет солдаты екендігін танытады. Бəріміздің көзіміз істік тұмсық, тоқ денелі, орта бойлы орыста ғана болды. Шағыну ма, қорқыныш па, бірнешеуміз жылап та жібердік.
– Мунда дунган бар ма? – деп ол бəріміздің бетімізге қарап шықты, – жыламаңдар, корыкпандар, тиспейди!.. Бул коржада дун- ган бар? Кайда олар?
Əйелдер жамырай жауап қатты:
– Дүнгендер кетіп қалған, қашып кеткен, кеше кетті.
– Бұл қоржада Смайыл, Смазы дейтін екі дүнген бар болатын,
– деп жауапты қариямыз толықтай қайтарды енді.
– Екеуінің əйелі де қазақ, кеше бала-шаға, мал-мүлкімен, арба-
ларымен Советке кетті. Басқа дүнген келмеген бұл қоржаға! Егер осы қоржада дүнген болып, табылып қалса, мені атыңыз, бастық! Мен бұл қоржаның көне тұрғынымын, бəрін білемін, жасырған болсам, мені атыңыз!
«Құңқузылар» балдырлап, тепсіне бастады. Кейбірі мылтығымен нұсқап ақырды.
Орыс оларға қарап басын шайқады да, қайта сұрады:
– Мунда сендерден баска адам бар ма? Ынгай айел, бала, шал... осы ма? Жигиттер кайда?
– Бастық, біз осы бəріміз де қоржадан қашып кеткенбіз. Мына кісілер халықты қырып жүр деп естіп, қорқып кеткенбіз. Кеше- ден бері ғана қайтып келіп жатырмыз. Жігіттеріміз əлі Еміл жақта қашып жүр. Сіздер келді деп естіген соң ғана бала-шағаны ертіп біз қайтып келдік, олар да қайтып келеді енді. Бірақ, бұл қоржаның дүнгендері шекарадан өтіп кетті. Орыс «құңқузыларға» қарап ба- сын шайқай ымдады да жүре берді. Олар ілесе жөнелгенде біреу сөйлеп қалып еді, екі əскер бөлініп Смазының қорасына қарай шапты. Орыс та тоқтап, олардың артынан көз алмай қарап тұрды. Олар қайтып келіп, сапқа тізілген соң орыс бізге қарап күлімсірей сөйледі:
– Мунан кейін аскер келсе сендер кашпай турындар! Кашкан адамнан булар корыкпайтын батыр, атып тастайды, – ол атын тебініп қалып желе жөнелді, – үйге бара берсеңдер болады!
Əскерлер аттарының жалынан ұстап қопақтап алыстай берді. Бет алыстары төменгі көп қоржа. Олардың қарасы үзілгенше біздің «жауынгерлер» тараған жоқ. Сөйтсе де, бəрінің шырайы қалпына келді. Өгіз мінген баланың басы кесілгендегі менің көз алдыма қалтыраған тарғыл-шұбар дүние өз өңін қайта тапқандай, күн-күнше жарқырап, аспаны-аспанша көк зеңгір түске енгендей болды. Аспан тіпті биіктеп, дүние кеңіп келе жатқандай сезілді.
«Жауынгерлер» өз көтерген туларына енді қарасып, күлісе ба- стады. Бір жас əйелдің көтеріп тұрған туы өзінің ескі іш киімінің бір балағы екенін көріп күлісті.
Жолда басы кесілген бала сүйегін жылап еңіреп орап жатқан кемпір-шалдың зарын естіген көпшілік тұнжырап тұра қалысты. Ешқайсымыз қыбырламай ұзақ тұрдық. Шешем бірнеше кемпірге ілесіп солай кетті.
– Лағнет, құңқузы! – деп салып, шал да жөнелді солай. Əлгі əскерлер барысымен көп қоржының түтіні бұрқ етіп аспанға бір-ақ көтерілді.
– Ма Шың шаңянның клеттері кетті!
– Неше склад сірескен бұл, шай еді, бір-ақ кетті-ау, əттеген-ай!
– деп жардан шыққан азаматтар жамырай өкіністі.
–Япырмай, – бекер өртенгенше, мына аш-жалаңаш халықтың алуына бермеген-ай!
– Ма Шыңның жиған бұл шайы базарда да жоқ еді!
– Сатып алар жер де қалмады-ау енді!
– Япырмай, не деген қаскүнем еді бұл иттің балалары. Əлгі орыс қалай өртетті екен оны! Бұл өкінішті сұраудың жауабы іңірде жетті бізге: орыс қалған қоржаны тінтіп, адам табуға əскерінің жарымын таратып жібере қойған екен. Олардың бірге кеткен екі-үшеуі өздерінің бұрынғы жендеттік тəртібі мен шынжырын үзген итше арсылдай барыпты да, үлкен қойманы бұрқ еткізіпті. Орыс қанша бақырғанымен қайта өшіре алмай қойыпты. Алаулай жөнелген қойманың маңы адам бара алмастай болыпты. Əскерлер қоржаның өрттен аулақ бір тамына барып аттарынан түсіпті. Кеш батқандықтан қайта алмай, сонда түнемек көрінеді.
Сол маңда тығылып жатып ымырт түсісімен осылай қашқандар айтты бұл жайды. Əкемді сұрап едік, ешкім білмеді, əйтеуір көп қоржа маңында адам қалмағанын ғана айтты. Шекарадан өтпегендері Емілде сияқты.
– Түн ауа барып сол қаскүнемдерді қырып салсақ қайтеді? – деп жінікті жігіттер, – кешке дейін ат соққан құңқузылар, тұяқ серіппей ұйықтайды, құдай біледі! Орысты өлтірмей, жалғыз қоя бере салмаймыз ба?
Бұл дүрілді қария шорт тыйды:
– Қойыңдар, жігіттер, бұл сөзді! Ертең бар құңқузы шығып бүкіл Ергейтіні бір-ақ қырады!
Сол қазына түтінін аспанға ғана ұсынып, жарым ай бойы күйіп жатты. Түтіні күн көзін қапса, күлі желмен ұшып адам көзін, өкпесін қапты. Өртеушілердің өздеріне де одан басқа пай- дасын тигізе қойған жоқ. Киімнен жүдеген жалба-жұлба егіншілер қынжыла қарайды оған. Шайы таусылғандықтан басы ауырған əйелдер сол түтінен тым болмаса шайдың иісі келер ме екен деп күтетін тəрізді. Ұзақ қарап тұрады. Бірақ, рақымсыз өрт түтінін де адамзатқа қимай аспанға итермелеп, тықпалап жатты.
Əкеміз қайтып келмеді. Əскерлер өлтіріп тастады ма, əлде шекарадан өтіп кетті ме, дерек жоқ, біз түтін жаққа сол үшін көп қарайтын болдық. Бигелді іздеп екі күн жүріп қайтты. Емілде жоқ сияқты. Ілушіннен ондай адам е стілмепті. «Шека-
радан өтіп кетсе қайтып келер» деген ұйғарымға үй ішімізбен келдік.
Астық жиып алу жұмысы өте асықтырып əкетті бізді. Өйткені, əкемізге алаңдап жүргенімізде, Смайыл мен Смазының атызда қалған бормиын тік тұрған күйінде маңайдағылар тонап əкеткен екен. Бигелді мен Биғазы тездетіп, өздеріне тиесілі жалақы бор- миын орап алуға кірісті де, Биғаділ екеуміз Смайылдың бор- ми сабағын аралап, масақ тердік. Əлі де бірдеме табылатындай көрінеді, құныға кірістік. Бұл құнығуымыз қоржадағылар сабақты талапайлап орып, аңыздар тап-тақыр болғанда ғана тоқтады. Екі ешкіден басқа малымыздың жоқтығына қарамай, борми сабағын да үйіп тастадық. Бұған да тояр емеспіз.
Таптама тезекті баса үйген борми сабағы мен ши, қияқ таудай мая болғанша, борми қуырылып, иесіз қалған диірменге тарты- лып жатқанда, аспан сұрланып, қарлату мен борандатудың қабағы көрінгенде, мен де бой жаздым. Шешем тігіп берген қысқа тон- ды қиып алып, «шаруашылығымызды» қорғаудан басқа жұмыс қалмады маған. Жаз, күз əуреленіп əрең үйген бұл байлығымызға сиырлар сұғын қадап, маза бермейтін болды. «Помещик» мұндай сумақылыққа төзген бе, мен момын тайыншаларға маза бермейтін болдым. Мініп аламын да, сол тұтқынның өз тұмсығын ғана маяға тығып қойып, басқа «арамтамақтарын» жолатпаймын. «Помещик» деген мойынға бір мініп алса, өз еркімен түсуші ме еді. Мен де түспей қойдым. Тіпті сол момынның арқасында жатып алдым.
Солай жатып басымды бір көтеріп алған кезімде, көзім жарқ ете түскендей болды. Ергейтінің суынан өтіп, əкем сияқты жарбиған біреу келе жатыр! Үстінде маған таныс қаптал шапан, басында көне елтіре тымақ, бірақ, өзі жалаң аяқ... тайыншадан түсе жүгірдім. Судың бергі жағасына өте бере мені құшақтап алып бауырына басты.
– Үй іші аман ба?
– Бəрі аман... байып алдық! Əне... отын-шөпті көрдің бе, бəрі біздікі! Астында тезек тіпті көп! Үш қап талқан, үш қап бормиы- мыз бар! Бір киіз, екі көрпеміз бар! Жəне үлкен бір сиыр сойып алғанбыз, майы бір қап!
Əкем жаман етігін киіп үлгергенше, мен осы байлығымызды толық баяндап үлгердім.
«Тергеушім», мен сол күзде меншікті жерім болмағандықтан, помещик қатарына толық қосыла алмасам да, бай шаруаның жуан ортасынан орын алған едім. Мұншалық өзімшілдік пен бас
пайдаға өлермендік мені буржуазия қатарына қоспай қойсын ба. Шынжаңдағы Шың Сысай сынды «данышпан» өз жауларының бəрін жайпап таққа шығарда, əйелдің іш киімінің балағын ту етіп көтеріп, əжуалай шыққан «кертартпа» топтың бір мүшесі болған менің аз күн ішінде-ақ мұншалық асқындап, байып кетуім неден болды? Əрине, қылмыс, қылмыс, тағы да қылмыс.
ІІІ
Қапалақтап қар жауып тұрды. Аяз соңында артын күтіп тұрған сияқты еді. Қарны жуан сары қазақ біздің қоржаға енді білегіне қызыл шүберек киіп келді бір күні.
– Елубасы келді, ой, халайық, елубасы мырзаның өзі келді!
– деп Əлімжан қожа кəукелектей жүгіріп алдынан шықты. Сары қазақ оған бір қарап қойып, тоқтамай жорғалата өтті де, Смайыл қорасының қатарындағы аласалау ақ тамды үйге барып түсті. Сон- да да Əлімжан қаршығадай ілді барып, сарыны қолтығынан демеп түсіріп, атын байлады. Кеңкілдеп күле амандасты да, өзіне бөгде үйдің есігін ашты. – Бір көруге зар болып жүр едім. Алла нəсіп айлап, мырзаның өзі келді-ау! Үйге, үйге, кіріңіз!
Тереземізге екі көзді əйнек салып, сылап тұрған əкем Əлімжанның қимыл-əрекетіне тұнжырай қарап қалды. Шешем күрсіне сөйледі:
– Япырмай, елубасылыққа мына қансұйықты тапқан болса,
«жүз басы», «мың басы» болып қандай немелер сайланады екен?!
– Бигелді! – деді əкем терезеге үңіліп, – əлгі сиырыңды мына
Əлімжан біле мен?
– Ақырын сөйле! – деп қалды шешем, – өзің жар салғаның не! Өзінің аңқаулық еткеніне əкем күлімсірей түсті де, онысын ақтай салды:
– Е, құдай көріп тұрған ұрлықты ақырын айттың не, қатты айттың не!
– Əлімжан сізден екі күн бұрын қашып, үш күн бұрын қайтпады ма, – деді Бигелді, – сиырды оның жындары да көрген жоқ!
– Болды онда!... Қалғанын сыбырлап сөйлесерміз, мына шешең ұрысып тұр маған!...
Жел қуған ебелектей елпілдеп шыға келген Əлімжан есік ашып тұрып жуан сарыны шығарды. Елпек қағып атын əкелді де, қолтығынан көтерді. «Ұлықтың» үзенгісі мен тізесіне екі қолдап жабысып ере жүрді. Иіле алмайтындай қақшиып алған сарыға
жалбарынышты күймен шалқалай қарап, жабысып алған кішкене қожа шоқтай ғана иек сақалын шошаңдатып, бүлкілдеп сөйлеп өтіп бара жатыр. Əр есіктің алдында қар күреп жүргендер түгел қарап қалыпты. Ол екеуі Смазының дуалынан айналып, арт жақтағы Бек- босын молданың үйіне беттеді. Шығыс жағымыздағы іргелес жер үй алдынан Нұрғазы атты жігіт бірдеме деп қалып еді, келіншегі сыңғырлай күліп ала жөнелді. Сол күлген сөзден бу алған болса керек:
– Біздің қожа күшікше еркелеуге де шебер екен-ау! – деп ар жағындағы жирен сақалды шал сыңғырлағанда, күлкі жалпыла- сып, бүкіл қоржа күлгендей естілді маған.
Батыс жағымызда қожаның жер үйінен кемпірі мен келіні шығып тұрғанын енді көрді білем, сөйлеген шал оларға үңіле қарап қойып, үйіне кіріп кетті. Көптің күлкісіне шыдамаған бей- немен түйіліп, қожаның жуан кемпірі де ғайып болды, енесінен екі еседей денелі, қара келіні əркімге бір қарап, тамағын кенеп-кенеп жіберді. Дауысын жас əйелше сыпайы шығаруға ашуы бағынбаған сияқты, шарқ–шұрқ ете түсті.
– Адам мен адам сөйлеседі, сақалды басымен не деп шатып тұр!
– Мына қаншығы қабаған екен! – деп қалды Нұрғазы күрегін қоя салып, үйіне кіріп кетті. Оның күлкішіл келіншегі тағы күлді. Қоржа күлкісі тағы өрлей көтерілгенде, қожа келіні үйіне кіре жөнеліп еді. Бірақ, қалған сөзі бар сияқты, ақ жаулықты басы есіктен қайта көрінді.
– Боқ сақалдың бақылдауына күйлей қалған ба, анау ешкі! – деп шаңғырлап тастап жоғалды. Келіншегі тағы күлгенде ері үйіне шақырып алды. Биғазы мен Биғаділдің күлкісі əлі қана қоймаған еді, əкем ақырып қалып үйге қуып тықты. Бірақ, көп өтпей қайта шықты. Үйіне елубасы түсіп аттанған ақсақалды қария əкеммен сөйлесіп тұр еді:
– «Үркіншілікте бір қора сиырым жоғалды!» дейді ұлық, «егер із-түзін білетін біреу шығып, маған айтатын болса, сиырларым- ды өндіріп алысымен бір сиыр сүйінші беремін!» деді. – Қария елубасының осы бұйымтайын міндет ретінде көтеріңкі үнмен ха- барлады.
– Оған сіз не айттыңыз? – деп сұрады əкем. Қария үні енді бəсеңдей шықты:
– Мен ол пəлеге не айтады дейсің, түйені жел ұшырса, ешкіні аспаннан ізде деген, сіздер үріккенде бізде не жан қалды дейсің, қоржамызда адам қалмаған, білмейміз дедім...
– Ұлығыңыздың басқа не сөзі бар екен?
– Ұлықтың өз сиырынан басқа ойы көрінбейді. – Əлімжан қожа жұлығын жалап, əурелей берген соң, сиырларының ізін байқай жүруді сол екеумізге мықтап тапсырып аттанды.
– Қожа он басылық «мансап» сұрады одан, – деп мырс ете түсті қария! – Атақты Əлімжан қожаң – мен. Смазының үйін ашсақ мешіт те, медресе де болады. Имам боламын, бала да оқытамын. Алла тағала тілеуімді қабыл етіп, сіз ұлық болдыңыз, енді қарап жатамын ба, сіз үшін, халқыңыз үшін қызмет етемін! – деп жабы- сты.
– Бұдан шайтандық үйренуге береміз бе баламызды, Бекбосын оқытса болар!
Əлімжан қожа елубасының аяғына жабысқан қолын енді арты- на қайырып, кісіліктене қайтқанын көрген қария, шығыс жақтағы үйлерге қарап кете барды. Қожа жол-жөнекей бес үйге кіріп, ал- тыншыда өз үйіне кірді.
Қожекеңнің орынбасары «онбасы» болып сайланғаны гу ете түсті қоржаға, күлкімен қосылып гуледі. Апанынан жирен шал да, қушыкеш Нұрғазы да қайта шықты:
– Қожекең орынбасарлыққа ғана жетсе, одан асып онбасы болған қай дəу екен?!
– Одан сұмпайырақ біреу табылыпты да, «онбасы» сайланыпты.
– Əттеген-ай!–деді жирен шал қайтадан, – есіл Қожекеңнің сұмдығы жетсе де сұмпайылығы жетіңкіремей қалған екен -ау!
Сайлауда маңайлап жүрген бір жігіт анық жауабын ар жағындағы жер үй алдынан қайтарды:
– Жоқ, Қожекеңнің онысы да жетеді əлі! Ұлықтың жоғын іздесу үшін орынбасарлыққа сайланды. Сиырларын тапса, нақтылы дəу онбасының өзі болып сайланбақ. Бұл шартты Қожекемнің құлағына ұлық нығарлап тұрып қойды!
– Қожекелеріңе осы мансап та жетер, – деді ақсақалды қария,
– «бала да оқытамын, имам да боламын» деп елубасыдан рұқсат алып шықты.
– Е, онда кішкене басына үш үлкен мансап жетер-ақ! – деді жирен шал, – сол кісі тіпті басқасын қойып, бақсы ғана болса деймін ғой, осы қоржада жыннан көп нəрсе жоқ, алақ-жұлақ қағып қуаласын да жүрсін сонысын!
– Қыстай қууға мына келіндеріңіздің жыны-ақ жетеді! – деп тиянақтандырды Нұрғазы. Келіншегі сыңғырлап тағы күлді:
– Дəу келіні дəуперім бақсы екен, мана арс ете түсіп, менің үлкен
жынымды қауып алды. Содан бері жөндеп күле алмай қойдым.
Бұл сөзге ешкісін қамап жүрген шешем де күліп еді.
– Осы күлкіге араласпа, – деп тойтарды əкем, – бұдан бір шатақ шықпай қоймайды, қожаның бағанағы сиқынан қорықтым мен, дүниедегі бар пəле осындай адамнан туады. Мұндай арсыздың жаны сірі, оны ешкім жеңе алмайды, əлі көресің...
Бигелді қалаға апарып отын сату үшін, ортаққа бір өгіз шана тауып əкеліп еді. Ертең алдымен бір шана қиды өзіміз үшін апа- рып сатпақ та, бүрсікүні өгіз шана иесіне бір шана ши апарып бер- мек. Ерте аттану үшін шанаға күн бата тезек тиеп жатты. Əлімжан қожаның есігінен қарайған басы қылтыңдап, біз жаққа бір-екі рет үңілді де, іле-шала «орынбасар-онбасының» өзі шықты. Шағын денесін дүрдитіп, таудай адамша кісіліктене жетті.
– Ой, апақ-сапақта шанаға басып жатқандарың немене бұл? Ұлықси келуіне қарап əкем де, Бигелді де үн қатпады. Келіп
жəрдемдесіп жүрген Нұрғазы ғана жауап қайырды:
– Бəсе, ұлық болған кісінің алдымен көзі кетеді, сізге көзəйнек керек енді! Тұңғыш тергеуіңіз ғой, бір жəрдемдесіп қояйыншы,
– деп, бір таптаманың үстіндегі қоқырын төкпей апарды да, лып еткізіп қожаның мұрнына тигізе қойды! Қожа шегініп барып əкеме тығылған соң ғана құтылып еді, сол тығылған панасын тықсырып тергей жөнелді бір сəтте:
– Жəке, осы сіз қайда барып келдіңіз, соны айтыңызшы?!
Бала-шағасын «шекарадан өтіп кетті» деп естіп, Мұқаншыға дейін барып келгенін айтты əкем.
– Ал, сонда қоржадан қай күні кеттіңіз?
– Қоржадан... ел үркіген соң екі күннен кейін кеттім.
– Не үшін қалдыңыз мұнда?
– Совет əскері келіп, соғысқа орыстар араласқан соң қырғын тоқтар деген оймен қалып едім. Бала-шаға тоқтамай, Емілге кетіп қалған соң мен де тұра алмадым.
– Сақабайдың сиырлары жоғалған күні кеттім деңізші?
Мына сұрақтың қатерінен əкем қысылыңқырап қалғандай бол- ды. Бигелді де жерге қараған бойы бүгежектей берді.
– Ол кезде Сақабай қайда, сиыры қайда еді, қайдан білейін. Мен жалғыз таяқпен ғана кетіп бара жатқанымды көп адам көрді ғой.
– Емілден мен де көргенмін! – деді Нұрғазы. Ол кезде өзі Бигелдімен бірге қоржада болса да, Емілден көрдім деп əдейі айт- ты, – сонан соң екі мықынын тірей, «тергеушінің» алдына келді.
– Жы... а...а, сол сиыр туралы мен өз білгенімді айтайын, тексеріп
көріңіздер! Қожеке, сіз сол «іслам лашкеріне» немене апарып бердіңіз? Соны айтыңызшы!
– Астағыпыралла, ол қанқорлармен менің не байланысым бар еді! Ондай адамға өкімат құрметтеп бəдал бере ме, кіммен ойнап тұрсың өзің!
– Ей, қожа, аузыңнан иман, қолыңнан құран түспейді, Алладан қорықсаң ақ сөз айт! «Ислам хукуматына бəрімізді бағышылайық» деп шапқылап едің ғой, сонда «жамағаттан» не жиып бердің?
– Қарағым, соған жəрдем деп бергендеріңді айт онда маған!
– Сенің жиып бермек болғаның рас та, біздің бергеніміз рас... Рас қой? – «орынбасар онбасы» басын еріксіз изеді. Нұрғазы төне түсті. – Олай болса, халықтан еш нəрсе жиып бере алмай, өзіңіз айтқан «хазыраты əли Шахимарданнның» рухына, «оқ дарыт- пайтын» «хазыраты» Ма Сылиң «Шахимарданға» Сақабайдың сиырын айдап апарып бергенің де рас! Дүнген лашкерінің жеп жатқанының барлығы сиыр еті екені де рас емес пе еді!
«Орынбасар онбасы» алғашында не дерін білмей қалды да, əкемнің қолтығына кіре түсті:
– Ой, Жаппар, ой Жəке, мына пəле не тауқымет артып тұр маған?! Хақ тағаланың халал құлына бұ қадар нақақ пəле арта ма екен, бірдеме десеңші мынауыңа!
Əкемнің өзі пəлеге қалғандай есі шығып тұр еді. «Сиырлардың жоғалған күні кеткендігінен қорқып отырғанда, пəленің нақ өзі-ақ пəледен қайтіп құтқармақ.
– Əй, қожа, – деді есін əрең жиып, – өзің пəле іздеп, мені тықсырып тұрсың, өзің маған пəле боп төніп тұрып, пəледен құтқар деп жалынасың. Сол сөздерді маған да айтып едің ғой, қайтіп құтқарармын мен сені?! Құран ұстаған адамсың, өтірік бай- балам салмай айтқаныңды айттым десеңші!
– По-по-по! Алла сақтасын, Алла сақтасын! Қойдым енді, қойдым, пəледен машайық қашқан!
– Жоқ, хақ-алал дауды енді біз қоя алмаймыз! Алланың алал құлы сен емес, міне, мына кісі еді, өзі не тауқымет артып тұрсың бұған!
– Қойдым, шырағым, қойдым енді!... Бейуақыт қой, қойдым деп қасам етейін!... Жүр, Жəке, үйіңізге кіріп ақшам оқып алайық! Əкем сыпайылық үшін бе, қорқынышынан ба белгісіз, үйге қожамен бірге кірді. Жайнамаз жоқ екенін айтып, шапанын жайды.
– Ал өзің оқып ал, қожа!
– Сіз де намаз оқитын едіңіз ғой, кел бірге оқиық, ұйып оқыған намаздың сауабы он хиса артық болады!
– Жоқ, мен сізге ұйымаймын, оқи беріңіз, – деп əкем басқа бір шапан жайды да дербес оқыды. Құбылаға қарап əкем бесінші деп жығылып болғанда, қожа үшінші рет əрең жығылды. Оның əлі екі рəкағаты бастаусыз еді. Əкем өз «жайнамазын» жиып алып, далаға шығып кетті. Қалған екі жығылуын асықпай өтеп болған қожа енді ұзақ сонар батаға түсіп, кейде күбірлеп, кейде əндете жөнелді. Əдемі мақамның ол жер, бұл жерін тыңдауға менен басқа үйде ешкім қалмады. Қожа ақырғы «Аллаһуакпарын» айтқан соң кірді шешем.
– Алла тағала ғұмыр-хаят берсін, мына балаң өте салмақты бала екен! – деп «жайнамаз» жиған қожа енді малдасын құрып, орынға отырды.
– Осы қыс мен бала жиып оқытамын. Осы балам маған шəкірт болсыншы, Алла қосса үлкен молда болып шығады!
Шешемнің не жауап қайтарарын тоспай-ақ ұшып тұрып, мен жөнелдім. «Сенен оқып не оңармын» дей шықтым ішімнен.
– Əлі оқып отыр ма? – деп Бигелді менен сыбырлап сұрады. Оқып болса да орнығып отырғанын Нұрғазы менен еңкейіп тыңдады.
– Мынау сиырдың етін енді иіскелеп таппақшы болып отырғаны, көже ішіп, турамыш етін жеп көрмек қой! Мен қуалап шығарайын!
– деді ол. Бигелді оны тоса қалды:
– Алдымен əкем кіріп, қасына отырсын, асықпа, əйтпесе содан көреді!
Бигелді бірдеме айтып əкемді үйге кіргізді, мен де кіріп əкемді жанасалай отырдым.
– Жəке мен медресе ашпақшымын, кел отыршы. Əңгімелесейік!
– деп қарсы алды қожа, – балаларың оқысын, «тілашар мен
«Жұмалықты» бұл балалардан сұрамаймын! Кімки берсін-бермесін өз ықтиарыңда, халайықтың шама шарқына қарай!
– Жоқ, сенен оқудан құдай сақтасын! – деп бір-ақ тойтарды əкем, –жаңағы намазда саған надан əкесі де ұйымады ғой, балала- ры Алланың сөзін сеннен үйренсе тозаққа кететіні хақ.
– Астағыппыралла! – деп кеңк-кеңк күлді қожа, – бұ қадар ме- нен неге нəпратлəндыңыз, соны айтыңызшы!... Бала оқытсам...
Нұрғазы кіріп келді де, қожа сөзі шорт үзілді. Оның көкшіл көзі мен тотыққан қоңырша жүзі ерекше суынып, сұрланып алыпты.
– Е, бала оқыту дəмесінде ме едіңіз əлі, оған мұрсаңыз жете қояр ма екен, Ма Сылиңге тартқан сиырыңыз азғантай сиыр ма еді!... Жүріңіз, Бекбосын молданың құраны алдында мойындата-
мын!... Жəке, сіз де жүріңіз, «Орынбасар онбасының» сол кездегі айтқанын сіз де əшкерелейсіз! Айтпасаңыз, өзіңіз бірге айдаласыз! Мұның сол сөзін естіген адам көп, жүріңіздер!
– Ей, қарағым, бəріміз бір мұсылманбыз ғой.
– Енді айтпа мұсылмандығыңызды, жүр былжырамай, мəселені құңқузы шешеді:
– Қарағым, ата-бабаларыңа құран бағыштап тұрайын, өмірімде ұмытпайын, осы сөзіңді қойшы енді! Ал, ал, ал, жүрейін! – Қожаны дедектетіп ала жөнелді Нұрғазы.
– Япырмай, япырмай, япырмай! – деп алып, əкем Бигелдіні сы- бай жөнелді, – енді қартайғанда ұры еттің-ау божбиған əкеңнің ау- зын! Мына қожа бір тықырға таямай тоқтамайды!
– Өй, не болды саған сонша, – деп шешем ұрысты оған, – Нұрғазы болмаса өзің-ақ мойындай саласың ғой мына қалпыңда!
– Құдай көргенді адам мойындамай құтыла ма, бəйбіше!... Көп ұзамай қайтып кірді Нұрғазы.
– Бар иманын бір-ақ сыпырдым! – деп күлді ол, – енді қымырлай алмайды, жолда жалынып, жылап отырып алды да, қасам ішті! Басқаларымыздан еш нəрсе таба алмайды бұл! Сіздердің момындық-аңқаулықтарыңызды пайдаланып кетер ме екен деп қауіптеніп жүр едім, бүгін мен барда келгені жақсы болды! Аға, сіз қорқа бермеңіз бұдан, қабаққа қарап басатын албастының өзі осы!
– Нұрғазы, шырағым, дəл осы ұрлықтарың болмаса мен дипаңгуңнен9 де қорықпаймын! Өзі ұры болған соң адамның арты қылпылдап кетеді екен, осы істі бекер-ақ істепсіңдер, рас аман құтыламыз ба, жоқ, ашылып қала ма?
Бұл сөзге Нұрғазы ішегі қатқанша күлді.
– Құтылғаныңыз осы, аға! – деді артынан Аллаға сенсеңіз, құтылдым деп қорғанбай жүре беріңіз, қасамын ұмытайын деген- де құңқузы болып бас салып, бұтына жібертемін!
– Олай болса құтқарушым болдың!.. Осы алақұйрық шайтан медресе ашып балаларымызды жынды етер ме екен деп те қорқып едім, енді бұл қауіптен де құтыламын, ертең-ақ аластаймын!
Ертеңіне əкем ақсақалды қартпен сөйлесті де, үш-төрт шал бірлесіп, арт жақтағы Бекбосынның үйіне барды. Бекбосын ешкімге зиян салмаған, «ақ-хақ» деп алдамайтын едəуір сауатты молда еді. Соны бала оқытуға көндіріп шығыпты. «Молда сабақ ұқпаған
9 Қытайша жергілікті өкімет бастығы деген сөз
шəкіртті тілін созып дүрелейді, шəкірттің еті молданікі, сүйегі ғана əке-шешенікі» деген сөздерді естіп жүретінбіз. «Оқымаймын, молда болмай-ақ қояйын!» деп Биғаділ азар да безер болды. Оны оқуға зорлап берген күннің өзінде қағаз-қарындаш сатып алу, əр жұма сайын беріліп тұратын «жұмалық», «тілашар» сияқты шығындарды əке-шешемнің əл-ауқаты көтере алмайтын болды. Ал Биғазының Бигелдіге көмектесуі, ши оруы тұрмысымыз үшін өте зəру. Үйіміз ақылдасып, биылша мені ғана оқытуға келісті.
Сұңғыла Биғаділдің азар да безер болуынан маған тілім жұлынып, қамшы тиіп, арқам ашып бара жатқандай сезіліп еді.
– Жақсы оқыса, тəртіпті болса молда ұрмайды, – деп сендірді шешем, – ешкім оқытпай-ақ латынша жазуды үйреніп алып едің ғой, ал қазір ондағыдан үлкейдің, оның үстіне молда үйретеді.
Сөйтсе де, құранның «быжықы–тыжықы» жазуы елестеп көз алдым шұбарта берді. Қалаға отын сата кеткен Бигелді екі дəптер, бір қарындаш əкеліп бергенде, жүрегім тіпті алай–дүлей боранда- тып əкетті. Сол түні ұйықтай алмай шықтым. Бұл оқудың ең қиын көрінгені Əлімжан қожаша əндетіп оқу еді. «Үнім қалай шығар екен... Жалғыз жерде өзім ғана айқайласам онда болар еді, молда бақырайып отырып алады ғой. Қорыққаннан үнім шықпай қалса қайттым!»
Ел шайын ішіп болғанда əкем мені жетектей жөнелді.
– Əке, мен үндемей оқысам жақсы ұғамын. Молдаға айт, дауы- сым жаман, «үндемей оқысын» деп айтшы! – деп жеткенше жа- лындым.
Бекбосын молданың үйі кең, үш бөлмелі əрі кірпіштен қаланған биік еді. Іші таза ақталған екен. Жасаулы үйінің дəл төріне қабат- қабат көрпе салып отырып алыпты. Ең жақсысы, маңайынан қамшы, иə, таяқ көрінбейді, шағындап қана тегістелген əдемі қара мұрты бар, ұзын бойлы ақсұр өңді адам еді. Бұрын бұл қалада тұрған деп естігенмін. Үй іші де, киімі де өте таза екен. Он шақты бала – босағадан төрге дейін созыла терезе жақ қабырға іргесінде қатар отыр. Астына үш жерден кірпіш қойған екі тақтай, парта болып бəріне жетіпті. «Шəкірт жүгініп отырады деп» еститінмін. Сол тақтай «партаның» артына отырғыш етіп дөңбек қойылыпты. Жалғыз-ақ қорқынышты жері – молдамыздың екі əйелі де сол үйде жүр. «Ойпырмай, мыналардың көзінше əндету – алдарында тыр- дай жалаңаш болып шешінуден де қиын ғой!. Осылардың алдын- да құйрықты түріп қойып дүреленгенде əндетсем не оңдым!» деп ойладым мен. Бұл қорқынышымды молдаға əкем айтып жатты:
– Сізге ең үміткер баламды əкелдім. Бірақ, өзі өте ұялшақ,
«əндетпей ішімнен оқимын, сонда жақсы оқимын, молдекеңе айтшы!» деп жеткенше жалынды маған. «Дауысым жаман» дейді.
Молда жымиып қана күле қарады маған. Бұл кісінің үн шығарып күлгенін қоржада ешкім естімегенін айтатын. Осы жымиюы маған жетерлік сияқты болды.
– Олай болса, сен маған жақынырақ, мына жерге отыр! – деп бірнеше оқушыны төменірек ығыстырды да, мені өз тұсына, ортаға отырғызды.
Əкем өзінің төтесінен бір-ақ қоя салатын əдетімен рақметін ай- тып шықты.
– Алғашқы ұстазы шайтан болып қалар ма екен деп қорқып едім, баламның бақыты бар екен, сізді кезіктірген Аллаға ырзамын!..
«Əліп», «би», «ти» – деп бастадық біз алғашқы оқуды. Молда əрбіреуіміздің дəптерімізге арабша алпауитінің тəртібімен алты əріп жазып, əрбір əріпті бір-бірден көрсетіп үйретіп шықты.
– Енді өздерің дауыстап оқи беріңдер, – деп маған бір қарап қойды да, көрпесіне барып отырды. Балалар дуылдап ала жөнелді. Олар оқығанда мен аузымды ғана жыбырлатып, əрбір əріпке анықтап қараумен болдым. Нағашы ата мен шешемнен бұрын құлағыма сіңгені бойынша бұл алтауының атын да біліп алдым. Жазу да оңай сияқты. Бірақ молда бізге жаз деген жоқ.
«Басқалары жазса мен де жаза аламын» деп ойлап əрқайсысына көзімнің қиығымен қарасам, сабақтастарымның жазғаны сол, тіпті қағаздарына қарамай зулатып отыр. Кейбірі үңіліп отырған болып, көздерін тарс жұмып алыпты. Бəрінің дауысы əдемі. Ал молдамыз олардан да қуырақ сияқты. Үндерін ғана тыңдап отырғандай болса да, көз астымен білдірмей көріп отыр екен. Ол «сиқырлығын» біле қойдым да, қағазымнан көз алмай, сыбырлап оқи бердім. «Мұндай сиқырдың қамшысы өзінің көзі сияқты ұрланып көрпенің астында тұрған болар, шарт ете түскенін білмей қалмайын!»
Неден екенін біле алмадым, сабақтастарым жым бола қалды бір кезде. Мен үн шығармай, аузымды ғана жыбырлатып отыр едім, əшкере болдым да қалдым. Жалт қарасам, молданың көзі де, əйелдерінің көздері де менде отыр екен. Сабақтастарым сықылықтай күлді, бетім ду-ду ете түсті. Молда орнынан тұрды да ең бастағы шəкіртке келді.
– Қане, оқышы, – деді ақырын ғана. Ол зулатып айта салды. Молда ортадағы бір əріпті нұсқап, – мынау не? – деді. Ол айта ал-
май отырып қалды. Сөйтіп, молда бəрін жаңылтып маған жетті. Əріпті қанша ауыстырып оқытса да мен жаңылмай, дəл–дəл атап бердім. Егер үндемей отырғаныма қарай білмей қалсам маған жаза бар сияқты еді. Ұстаз жымиып қана өтті менен.
Молдаға ма, ия молдалықтан ба, əйтеуір əйелдері өте ықыласты көрінеді. Емтихан комиссиясынша молданың артынан олар да қалмай сығалап жүрді. Əріп ауыстырып оқытқанда менен басқа жаңылмағаны қалмады. Бірақ, «жақсы–жаман» деп ешқайсысымызға айтқан жоқ. Сонысының өзі жақсы болды, өйтетін болса менің бетім жəне дуыл- дар еді. Бет дуылдаудан жаман құбылыс жоқ. Ол ұялғанымды білдіріп, одан əрмен ұятқа қалдырады ғой!..
Түсте үйге қайтқанда тындырып тастағандай тез жеттім. Шай- ымды іше салып, молда тапсырмаса да үйренген əріптерімді жа- ман қағазға жаза бердім. Кешке шейін жаздым. Үй іші қараңғы тартқанда далаға шығып қарға жаздым. Ертеңіне таңертең молда сұрағанда, менен «жетілгені» болмай шықты да, маған он неше əріпті бір-ақ жазып беріп, неше рет қайталап үйретті. Басқаларының кейбіріне бес əріп, кейбіріне үш əріп қосып, кейбіріне жаңа əріп қоспай кешегісін оқытты. Менің үйге қайтқанда жазатын жазуым тағы көбейіп, кешегіден де тез жеттім үйге. Сөйтіп үш күн ішінде арабтың негізгі алпауитын бітіріп шықтым.
Молданың тапсыруы – əріпті тани, оқи алатын болу ғана еді, мен жаза да алатын болып алдым. Жазып үйренбесем, оқуды ұмытып қалатындай қауіп астында үйрендім.
– Жаппардың баласы үш-ақ күнде сауатын ашып, молда болып шығыпты! – деп гулетті қоржа желауыздары. Əкем Бекбосын мол- даны шақырып, сойып берерлік жарамды мал таба алмай қиналды. Маған ұстаздың батасын əпермек сияқты. Бірақ бұл табыс молданың еңбегі мен менің ерекшелігімнің бодауына келген емес, ұялшақтық пен қорқақтыққа қосылған бұрынғы құлақ молдалығымыздың бо- дауына келген еді. Білетін латын əріптерімнің ізін тілге жаттаулы араб əрпімен бастыра қойып едім, бұл жайымды шешем ашты.
«Көз», «сұқтан» қорқатын көне сеніммен ашты:
– Тіл өтіп кетпесін, көз тимесін, сақтай гөр, құдай!.. Ту фа! Ту фа! – деп үйде біраз сыйынып алды да, əр үйге кіріп «телефоншы»,
«тілші» əйелдерге «мəлімдеме» жариялады.
– Ол бұрын оқыған бала, мектепті арғы бетте көрген. Енді мұнда келе салып ұмытып кететіндей не көрініпті. Əлі сол ізі!
Кейбір тілші оған сенбейтіндігін білдірді: арғы бетте оқи қоятындай неше жаста еді сонша!
– Одан да тіл, көз сұғынан сақтасын деп тіле, Мадиян!.. Өмірі ұзақ болсын!
– Оның бойы шарға, биыл он бір жасқа шықты! – деп салды шешем...
Бұл сөзді естіп жүрсем де, мен қорлана да, қуана да қоймадым, арабтың жалаңаш əріптерін латын əрпі сияқты тез үйренгеніммен, ескішенің «тон киген», «басына қазан төңкерген», «айбалта- қылыш» көтерген, тіпті «қос қанжар», «қос шоқпар» ұстаған қиқы-жиқылары əлі алдымда еді. Оны Ақтай, Санатпай ұстаған құраннан көріп, Тауқұмдағы қыста басым əңкі-тəңкі болған ғой. Енді сонымен көрісемін-ау деп қайғыға түстім. Ол маған бүтіндей бейтаныс, шытырман орман сияқты, басымды бір айналдырса шыр айналдыратындай көрінді.
Сол шытырманға молдекем мені ертеңіне-ақ сүйрей жөнелді. Молда жетектеген соң менің желмесіме лаж бар ма? «Молда куда, мен туда» деп ере жөнелдім, «əлпісін-ə» деді молда... Бір «əліптің» үстіне қылыш, бір «əліптің» астына қылыш, бір «əліптің» маңдайына шоқпар тіреп жазды дəптеріме: «əлбусын-ə, əлбасын-и, əліптұр-ө-ə,и,ө». Бұл қиынырақ тиді маған, молда оқытқанда тілімді келтіре алмай, əрең айтып шықтым. «Биөсін-бə, биясын-би, битүр-бө-бə-би-бо». Шатақ осыны ертеңіне оқығанымда шықты.
Молданың өзіне сұрақ қойғандай-ақ тұқырып алып «бисің бе» деп қалдым. Молда жымиып қана қойған сияқты еді. Тəртіпті үлкен əйелі бұзды.
– «Би емес, молда ғой!» деді анадай жерде бірдеме істеп от- ырып, кіші əйелі күліп жіберіп еді, бетім ду ете түсті. Молда ар- тына əйелдері жаққа жалт қарап, есікке қарай иегін бір-ақ қақты. Байқасам, өңі бұзылып кеткен екен, екі əйел бірдемелерін жиысты- рып алып, қарсы үйге шығып кетті. «Көмекейімді енді суырады- ау» дедім ішімнен. Қалтырап кеттім.
– Қорықпа, қорықпа! – деп қалды молда ақырын ғана, – «биөсін- бə...» деп түзеп қайта оқытты. Бұл рет аман қалғанымды біліп, жан-дəрмен дауыстап оқи жөнелдім. – Ие, ие, міне үнің ашылды! Осылай оқысаң тілің тез үйлеседі!..
Мұны жазып үйренудің қажеті жоқ екен, күндіз-түні бақылдап жүріп, алпауит бойынша бар əріпті осы ежікпен қайта оқып шықтым. Күндізгі бақылдауым жетпегендей, түнде ұйықтап жатып та бақылдап қоятын болдым. Өлермендене жүріп, бұл сатыдан да тез өтіп едім, бұл жай ғана екен, үшінші сатыдан бұдан да сойқаны шыға келді. Қос қылыш, қос шоқпар ұстаған жойқындардың дəл
өзі! Мұны да «əліптен» қайта бастады: əлбекесін-əн, əлбақасын-ен, əлбба күтір-үн-əн, ен, үн... Май тілесең міне құйрық, тілімді келтіре алмай төбемнен түтін шықты. Бұл «егіз пəлені» тілге жеңіл «əліп» пен «биге» қоса алмай соншалық тайталақтанғанымды, «ұстат»,
«ұзат» дейтін дəулерге қосып оқуым тіпті машақат көрінеді. Мына қалыпта тіліме де, арқама да бір сойқанның бар екені қақ сияқты.
«Шын жыласа соқыр көзден жас шығады», жол-жөнекей де, тамақ үстінде де үздіксіз бақылдайтын болдым. Талай рет «ұса тексун–ұсан» деп қалып, аузымыздағы талқанды бүркіп шашып алғаным бар. Илла, иллалап жүріп бұл асудан да астым.
– «Əлбосын-ə, биге сəкін-əп», – деп бастады бір күні молда,
– жемөсін-жə-əбжа, далға сəкін-абижат. Ежіктеп шығаратын бұл бейтаныс сөзді қазақша «əпсат» деген ұқсатып үйренген едім. Тілім соған да дағдыланып қалыпты сол «əбжатты» молда алдын- да да «əбсат» деп оқып қалдым, екінші рет қайталап сұрағанда тағы солай айтыппын.
– Саған не болды?! – деп қалды молда. Əп-сəтте-ақ өн бойымнан тер бұрқ ете түсті. Молданың үйретуімен қайта бір айтқанымша киімімнің су болып кетерін сездім. Өзім өте жақсы көріп қалған ұстазымнан естіген осы сөз жүрегіме күрзідей тиді.
Əр күні бұдан да қатты сөз естіп, қату қабақ көріп жүріп, кей сабақтастар еш нəрсе болмағандай əп-сəтте жайраң қағып шыға келетін. «Молданың таяғы тиген жер тозаққа күймейді» деген ұғым бойынша кейбірі тіпті арқасын тосып беруге, тілін шығара ұстата қоюға дайын отырады. Ал мен əлгіндей сөз естіп қалудан да сақтанып келіп едім. Енді тағы естуден мыжылып кететіндей қорқып, қатты түйіліп оқыдым. Сол күні молданың алдында ғана емес, үйге қайтқанда да басымды қағаздан алмай, тұнжыраған күйі пысықтаумен болдым. «Ұстаздың таяғы тиген жер тозаққа күймейді» деп көңіл аулағаннан гөрі, «ұстаздың таяғы тиген жер тозаққа алдымен өртенеді» деп сақтануды абзал көрдім. Ал бұдан да абзалы – «таяқ еттен өтеді» деген мақал екен. Бұл маған өзінің нұрлы шындығымен ұнады: сол бір реттен кейін «саған не болған?!»
– дегендей сөзді сол сабырлы ұстаздан қайталап естімедім.
–Балаңызға бір «əптиек» иə, «кəлам шарип тауып беріңіз»,
–депті молда бір күні. Əкем таяғын алды да ел кезе жөнелді.
– «Қалам ақысына» өзімді алса да табайын! – деп жүгірді. Оқып жүрген «иман шартымның» екі-ақ беті қалып еді. «Əптиек»
– «кəлəм шариптің» қысқаша курсы! Демек, надан Жаппардың ба- ласы құранға түсуі ата-ана үшін ұлы мерекенің бірі. Бардам əке-
шешем болса баласын құранды оқуға жеткізген ұстазға «тілашар» үшін кемінде бір жақсы ат мінгізер еді. Амал қанша. «Барға мəзір», шешем шайлық сүт беріп жүрген екі ешкісін жемдеді. Бірін сойып маған кемпір-шалдардың батасын əпермек, қалған біреуін ырым үшін Бекбосын молллаға ұсынбақ. Бірақ, Бекбосын болған адам- ды жалғыз ешкімен алдаудан қатты ұялып жүрді өзі.
Бұл сыңайды байқаған құдай тағала бір ақылға келген көрінеді. Мен үшін жанын шүберекке түйіп жүрген мейірбан ата-анамды шығыннан мүлде құтқарғысы келді ме, əлде мені жақсы көріп қалып, өз дəргайына əкеткісі келді ме, білмедім. «Иманшарт- ты» бітірген күнімнің кешінде ауырып домалап түстім, оң жақ қабырғамнан құдіретті бір «темір шеңгел» бүріп ала жөнелді. Жаяу үш күн сандалып, азып-тозған əкем əрең тапқан жалба- жұлда «кəлам шарипін» əкеліп, арсы-күрсі болып жатқанымда ба- сыма жастады.
Құрметті «тергеушім», мен ислам оқуын игере алмай қалудан өлімді абзалырақ көретін осыншалық мүрит талип болғанмын. Əр қандай мұраттың алға итермелеуші күші – арман. Арма- ным – ислам туын көтеру болмаса мұншалық өлермендікпен оқыр ма едім. Бірақ, өзін соншалық сүйген құлын, өз əмірін өлермендікпен қорғауға дайындалған алал қолғанатын Алла тағаланың өзі қолдамай, мойнын астына келтіре құлатты. Улығы паруардигар өзін сүйген құлымен осылай ойнайтын, жақсы көргенін жалп еткізіп, тіпті күнге де көрсетпей ала жөнелетін ежелгі əдетін істеді. Ең сенген, ең ұлы қолдаушым сəтті кезеңімде осылай домалатқанда, оның дұшпаны болған сіздер аярсыздар ма мені? Ол үшін маған не істесеңіздер де рауа! Менің денемде құдайдың сіздерге қаратып қылмыс тамырлары- нан құрған торы бар шығар, сондағы өліп-өшіп оқығаныманың барлығы қылмыс емес пе?
IV
Жөтелгенде қабырғам қаусап түскендей қиналыстан тер бұршақтап кететін болды. Сол қаусаған қабырғалар ішек-қарныма кіріп алғандай батып ауырады. Əр жөтелгенде бір «жан-тəсілім» кезеңіне жеткендей аға-бауырлар үрпие қалысады да, əке-шеше күбірлеп, құдайға сыйына қояды. Кеште көп жөтелемін, сондықтан
«жан тəсілім» де əр күні кешті күтіп тұрғандай. Шешем көбінесе оқуға берген өкінішін айтады.
– Тіл өтті, – дейді ол, – ой, əттеген-ай, молдалықта неміз бар еді!..
– Зертең! – деп күрсінеді əкем. Қабағын қарсы жауып алып, та- мырымды ұстайды, –тіл өткен емес!
– Онда неге омпиып отырсың, бір дəру істесең болмай ма?
– Дəрі жоқ, аянып отыр деймісің, бəйбіше-ау!.. Тым болмаса жылқының майы табылса!..
–Сонда осылай отыра берсең табыла ма?
–Қайтемін енді, қаңғып жүргенімде олай-бұлай болып кетсе қайтпекпін!
– Осылай отырсаң, «олай–бұлай» болмай ма?
– Біраз тыныштала тұрса, қайдан болса да табар едім-ау!
– Тынышталар деп отырып, мүлде тыныш тапса қайттік, құдай- ау!.. Əлімжан қожаны шақырайын ба, дем салсын!
– Қой оны, қой! Құдай бетін əрі қылсын оның!
– Зертең болғанда да, бұл тілден болған зертең, ұят-намысы жоқ, шақырып келейін!
– Жоқ, бəйбіше, онда өзім-ақ дем салайын! – Əкем жүгініп алып өз білгенін оқи берді. Үшкіре берді. Онан сайын жөтеліп, онан сайын қысылдым. Бар білгенін оқып болған сияқты, қатты күрсінді де, сылқ түсіп отыра кетті.
Бұл – лажсыздығының шегіне жеткендегі еді, ажалдан сақтай алмаса да, Əлімжан қожадан сақтауға тырысты білем, бір тəуекелге бекігендей ширап, жеңін түрді бір кезде.
– Пешке отты көп жақ!.. Əкел кəресін, кəресін əкел! – деп же- дел бұйрықтар түсірді де, қабырғамды қақтап, қыздырып, сылап, сіңіріп отырып, кəресін жақты. Дəл ауырған қабырғаларымның астына ірі саусақтарын батыра келіп салды сонан соң. Мен шырқырап кеттім, рақымсыз түске еніп алыпты, жалынуыма қарайтындай емес, Бигелді мен шешеме қол-аяғымды басты- рып қойды. Қабырғаларымды сықырлата қайырды келіп. Мен талықсып кетіппін. Есімді жиғанымда үй іші болып бетіме төніп тұр екен. Тағы жөтелдім, бірақ бұрынғыдай емес, қатты қиналмай жөтелдім.
– Қандай сұрақ? – деп сұраған əкеме басымды изедім, – қойдың құйрығынан бір қасық болса да тауып əкел деп Бигелдіні жұмсап еді, шешем де, Биғазы да жүгіре жөнелді. Енді ұйықтап қалған бар көршіні оятып, май сұрауға үй іші түгел аттанды. Анда- санда бір қасық майды қыздырып, ұрттатып, əредік-əредікте қабырғамды тағы да солай майлап ақырын-ақырын қайыра берді.
«Рақымсыздығын» қойып, үнім шыққанда қолымды босата қояды.
Таң бозара жөтелім жұмсағандай, сол райына қарап қабырғам да оған кеңшілік ететін болғандай сезілді. Əкем бір құмыраны жуып, тазартып əкелді де, сүт пісірім уақытта бір рет қарным керілгенше дем шығармай үрлеп жатуымды бұйырды. Бұл – қабырғаны кер- нелген өз қарныммен көтерудің əдісі екен. Айтқанын екі есе артық орындадым. Кейде қолымды салып жіберіп, əкемше қайырамын. Өзіңді-өзің қинасаң шыңғырмайды екенсің, сөйтіп қабырғам ішке кіріп, көрге қарай тартқанда мен жанталаса өрге қарай тартып, өлімге қарсы аяусыз күрес жүргізе бердім. Маған «кəлам шарип» іздеп үш күн қаңғыған əкем тағы үш күн қаңғып, жарты құмыра жылқы майын тауып əкелді. Соны ұрттатып, жағып отырып қайырды да, «хазірейілдің» бетін қайырғандай болды.
Ажал үйден шықса да, есік–терезеден сығалауын қоймады: Əлімжан қожаның кемпірі мен келіні кезек-кезек кіреді. Кірген сайын: «ер адамның оң жағынан ұстаған ауру бекер кетпейді, шарт- тап оқыту керек». «Тіл көзден болған ауру оқып қайырмаса кем қылмай кетпейді». «Есіл баланың ес-ақылын кемітіп кетер ме екен» деп қожаның да ұйқысы бұзылып жүр. «Қожа бірнеше рет түс көріп: осы баланы бір қызыл келіншек пен қызыл сақалды шал ыңғай үйіріп ойнатып жүргенін көріпті, бұл – аурудың қызыл тілден болғанын аян еткені ғой». «Қызба қызыл қырына алған екен, япырмай, тезірек оқытсашы бейбақты деп – қожа өзінен-өзі сөйлеп кететін болды» деп
«жан тəсілімді» көзге елестетіп кетеді. Бұл сөздер əкем жоқта келіп, елеңдетіп кетіп жүрді шешемді. Қожаның кемпірі осыны айта кіріп, үй ішіндегі əр нəрсеге қарап, əр нені іздегендей, ыдыс-аяқты да, қазанды да тексеріп кетіп жүретінін білген соң ғана шешем салқын тыңдап, сайқы жауап қайтаратын болды.
Тыңғы, елшілері еш нəрсе өндіре алмағандықтан болу керек,
«орынбасар онбасының» өзі кірді бір күні. Түс уақыты еді. Құныперен болып, құмыра үрлеп жатқан маған тесірейе қарап тұра қалды. Жи- ырма рет қатты кере үрлеп дем алуға асыққандығымнан, оның неге қарап тұрғанына көңіл бөлмеппін. Ол мырс-мырс күлді:
– Япырмай, мына баланы осынша əурелегендерің-ай, арақ бөтелкесінің ішіндегі демнің өзі желіктірмей ме!.. Балаға емес, қызба қызылға медет бергендерің бе бұл, немене?!
– Ей, қожа, үйге келген болсаң былай келіп отыр, – деп қалды əкем, – онда жұмысың болмасын!
– Жаппар, мына еміңнің кімге ем екенін түсіндірші маған!
– Сен оны түсініп не қыласың, осынша тесірейетіндей ол бала сүйек ұстап отырған жоқ қой!
Өзің итке ұқсатқан бұл сөзден мойыды білем, қожа жалт беріп əкемнің қасына келіп отырды.
– «Сүйегің» не, Жаппар-ау, айтып отырған сөзің тым суық қой өзіңнің!
– Сенің суық кəсібіңді жылытып қайтейін, əр үйдің көң– қоқырынан кешке дейін сүйек іздеп таба алмайсың да, енді келіп менің баламның аузын аңдисың! Жілік екен деп қалдың ба?!
Қожа дарытпас суық күлкісімен солқ-солқ күлді.
– Астағыпыралла, астағыпыралла, дауа жоқ саған!.. Жақсы ниетпен келсе захар тіліңмен қарсы аласың! Əмиша олай болма, Жаппар! Алла тағала інсəн баласын пақат жақсылық істеуге ғана таусия қылған. Балаңа ихыласым түскендігі үшін бір жақсылық істейін деп келдім. Ғайыпқа бұйырма, мына істеп отырғаның – балалардың ойыны. Уа, һəх кəлам шарип ұстаған шəкіртке харам! Кем болып кетпесін!.. Сабыр ет, мен айтып болайын!.. Алла тағала уа табараканың еткен аяны бойынша келдім, шипа берсін, үш күн, үш түн оқимын!..
– Сонда не ауру деп оқисың?
– «Адамның тіліне аспандағы бұлт айналады», – деген бар ғой, маңайындағы қошналардың тілі өткен. Аталмыш үш күн өткенге қадар олардан ешкім кірмесін!
– Мұны кім айтты?
– Түсімде көрдім. Қошналарың əмишам осы баланы үйіріп ойнап жүреді, демек үйіру деген-айналдыру, алмай қоймаймын дегені, Алла тағала мəдет...
– Аузыңа қара қан толсын, қожеке! Бұл баланың бір ай бойы отырған дөңбегінің биіктігі, дəптер қойған тақтайларының аласалығы, мұның кешке дейін тұқиып, бүктетіліп отырғандығы, бар ықыласы қағазда болып тамақты да аз жегендігі сенің түсіңе кірмейді ме?!. Қожа, сен өзің онбасысың ғой, дұға үшкірмей- ақ қой, қалған шəкірттердің сауабы үшін, бар да сол тақтайды биіктетіп қойып бер.
– Хэ...хэ...ы, – деп қалғанда қожа орнынан ыршып кете жаздады,
– Бекбосынға малай бол дегенің бе бұл!.. Бұл мені қай қорлағаның, Жаппар!
– Қорлау емес, қожа, сауап іздеген молдаға да, халайық үшін күйінемін дейтін онбасыға да ең сауапты іс осы. Кешке шейін сүйек іздеп, тінтіп, тіміскілеп қор болмай, өзіңе лайық іс қыл дегенім қорлау ма?
Қатты шамданған қожа енді өз шынына көшті:
– «Сезікті секірер» деген осы! Сүйекті аузыңнан тастамадың ғой, қаншалық секіріп, қаншалық жасырғандарыңмен де ашылып жатыр оларың! Үкімет құрығы ұзын, көрерміз əлі!
Əкем қорқыңқырап қалса да, қазіргі ашуы одан да басымырақ еді, көзінің қалы бадырайып, сақалы тал-тал болып отырған.
– Қасам ішіп жүріп қадалғаның əлі сол сиырдың ізі ме!.. Қожа молдамын деп жүріп-ақ құрқылдайтыныңды білетінмін. Сол сүйегіңмен менің алқымыма бет тақтай қоймақ болсаң да, жоғал көзімнен, жоғал! – деп ақыра қайталады. Əлімжан қожа шығып кетісімен шешеме алақтай қарап сыбырлады, – үй, көмбей тастаған сүйектерің бар ма еді?!
– Оспақ онысы! – деп күбірледі шешем, – біздің маңайымыздан ондай нəрсе таба алмайды!
Осыдан кешке дейін үдірейіп жүрген əкем ымырт жабыла қатты қорықты. Шауып келген аттың дүбірі естілді де, шаңқылдаған
«құңқузының» дауысы шықты. Балдырлаған сөздерінің ішінен
«хаса» дегенін мүлт жібермей неше рет естідік.
– Қазақ деп шақырып тұр, шықшы Бигелді, кімді сұрар екен! – деп əкем Бигелдіні жұмсады. Бигелді күлмсірей беріп төмен қарап отырып алып еді, əкем өзі шықпақшы болып еңкеңдей жүгірді де, ауыз үйдің есігінен қарай салып қайта қашып кірді. – Мылтығын көзеп тұр, ойпырай əлгі қу қожаң бүлдірген сияқты ғой, енді қайттік?! Бигелді шик ете түсті де, басын төмен бүркеп жата кетті.
– Жанының тəттісін, əкеңнің аузын... шұбар иттің! – деді де үлкен шапанын жамыла қисайды, – ал сиыр ұрла!.. Бəйбіше, сен шық енді, – саған тиісе қоймас, шалым ауырып жатыр еді дей сал!
Шешем де, Биғазы да күліп ала жөнелгенде ғана, менің «жа- ным» ұясына қайта кіргендей болды. Шақылдаған «хұңқузыға» Биғазы шығып жауап беріп жатты:
– Қай хасаны сұрайсың, жангудей?
– Хаса бар?.. Əлимжан ма, Əлимжан хоза... ол қайда, сен айта- ды! – деп ақырды «хұңқузы».
– Қайсы Əлімжан?.. Ой əлгі Ма Сылиңшыл Əлімжан қожа ма!.. Анау үйде!..
«Хұңқузы» солай қарай шауып ала жөнелгендей болды да, шешем күлген бойы қайта кірді. «Хұңқузы» болып жасанған Нұрғазы екен.
Бүгін кеште оның қожаны бір қорқытып қоймақ болғандығын шешем күндіз естісе де, барлық кейпі мен даусынан оны мүлде тани алмай қалыпты. Бұл кезде əкем жамылған шапанын серпіп тастап, Бигелдіге ұрысып отыр еді.
– Ұрлық қылып бар пəлені өзің табасың да, өзің күлесің, шұбар ит! Осы сиырың болмаса осыншама қорқатын нем бар еді. По, ішегі жиылмай жетісе қалуын əкеңнің аузының! Сен үшін қорқып жүрмін мен!
– Ол үшін қорықсаң өзіңнің бүркене қалғаның не? – деп шешем күлді.
– Хұңқузыда ес бар ма, ұрының əкесі деп мені де, шешесі деп сені де қамай салады!
– Мені де қамайтынын білесің, миямен жаба салмай мені неге жұмсадың!
Ұялғаннан əкем қайта құлай кетті.
– Күлме, бəйбіше, божбиған иттің осы ұрлығынан биыл ішіме ас тоқтамайтын болды!..
Əлімжан қожаның бүгін қандай күйге түскенімен ісіміз де болған жоқ. «Хұңқузыға» оның қатын-баласы шығып, «қожаның жолаушылап» кеткенін, «қашан келетінін» білмейтіндіктерін шу- лай айтқанын естідік. Іңір бойындағы күлкі əкемізге қаратылды, ол орнынан тұрып ұрлық сиырдың еті туралған көжені ішкенде бұл күлкі тіпті үдеді. Бір жеңілсе қайтып үндемейтін əдетімен түксиген бойы іше берді өзі. Бигелді күлсе ғана шымбайына батқандай адырая қарайтындықтан, соның күлкісі ғана шектеліп отыр еді. Қауырт келіп қалған күлкісі көжемен бірге «пуп» деп бүркініп қалғанда, шапалақ шүйдесіне келіп шарт ете түсті. Бар күлкі сонымен ғана доғарылды. Бірақ, тамақ үстінде ғана доғарылғаны белгілі болып отырды, науқас менің көзім ғана бөтелке үрлеумен қызарып жатқаны болмаса, басқа көздердің барлығы күлкіге толы еді.
Əлімжан қожа сол күннен бастап өзінің «халайығына»
көрінбейтін болып кетті. Нұрғазы оның өз əдісі бойынша үйіне
«тыңшы» да кіргізіп жүрді. Сыртқы есігіне күндіз де күршек салатын болыпты. Сырттан біреу келе қалса, ол есік ашылғанша қожекең ауыз үйдің түп жағындағы қараңғы кілетіне кіріп жоғалады екен де, бəйбішесі құлыптап тастайды екен. «Қайда?» деп сұрағанда, жолаушылап кетіп еді, білмедік мұнша не ғып жоғалғанын» деп қана қоятын болыпты. Өзі қазған сол түрмесінен өзін сол қыста шығармау үшін «хұңқузы» оны зеріккен сайын бір іздеп шығып жүрді. Елубасы мырзаның өзі де «орынбасар онбасысын» екі рет іздеп келіп таба алмай кетті. Таба алмай кететіні, «ұлық» келе жатқанда оны «қарсы алып», Нұрғазы немесе басқа хұңқузы «тыңшылары» бірге жүретін бол-
ды. Түнде «хұңқузы» іздеп, күндіз «бірлесіп іздеуіне» қожаның тапқан шарасы «іннің» түбін «тырмалап» тереңдете беру ғана болған көрінеді. Əкемнің Бигелдіні суық қолдылықтан тыюға қасам бергені сияқты шешем мені «тіл өтетін» оқудан сақтауға тырысты. Айналып үйіріліп қабырғамды суықтан, «тіл-көзден» қорғаумен болды. Бір айда сауығып тұрсам да, Бекболсын алды- на қайтып бара алмадым. Сол бір айлық оқу мен бір айлық ауру қосылып, мені қатты титықтатып тастады. Биғаділдің күндізгі асыр салып ойнақтауына да, Биғазының буаз қаншықты қоянға қоса жүріп ши оруына да, Бигелдінің қалаға апарып ши сатуына да қатынаса алмай, үй бағумен болдым.
Былтыр күздегі жиып алған талқандары таусылғанша, Ергейтінің кедейлері біраз сауықшыл да болып жүрді. Оның дуы – Нұрғазы мен күлкіші келіншек еді. Ол екеуі бірігіп алып, бір күлкі тудырмай қоймайды. Іңірде ол күлкіге маңайдың бəрі жиналады. Өйтетіні, еш ермек таба алмай қалғанда ол екеуі айтыса кетіп, өлеңмен мүйіздесе жөнеледі. Мұнысын өздері «жын шақыру» деп атайды. Жынның бəрі жиналып болған соң, біреуге хиса, біреуге ертек айтқызады. Бұл қыстың ең көңілді шағы мен үшін осы іңірлер ғана болды.
«Жын шақырудың» дақпырты төменгі қоржалар мен Емілге жетіпті. Сол жақтағы бір кəрі ақынның «Ергейті жігіттері» де- ген тақырыптағы ұзақ өлеңінен үзінді келіп тұратын болды. Тегі біздің Нұрғазы сияқты «жындар» да бірдеме құрап шығарып, ол жақты өршелендіріп қоятын көрінеді. Ол ұсақ өлең байып, біздің қоржаны көбірек айналдырды.
«... Бекбосын – сол ауылдың молдасындай, Смайыл – қайыршының дорбасындай. Əлімжан – семген бидай масағындай, Смазы – тай айғырдың тасағындай» –
дегендей, əркімнің басына дəл теңеумен бір соғып келеді де, кедей еңбекшілердің аянышты халіне түседі.
«... Құлыстайдың10 қазағы арылмай жүр азабы»
Бұл тақырыпты бүкіл Құлыстай ретінде көрсетсе де, Ергейті жігіттерін оның ерекше өкілі ретінде суреттейді. Оған он домбай
10 Құлыстай–моңғолша қамысты деген сөз. Шəуешектен Қобыққа дейінгі
Еміл аңғары құлыстайға бөлінеді.
шиін ашақайлап байлап, бітшанаға қауқита басатынын, қалаға үш апарып сатқанда бір көз шайдың əрең келетінін, қайтып үйіне кел- генде жейтін тамағына дейін жыр етеді.
«... Аузында құрғақ талқаны, шошаңдайды сақалы...»
Ауыр тұрмыс пен азапты кəсіптің Ергейтідегі қай түрін айтқанда да жыр соңына ыңғай сол кəсіпшінің аяғын суреттеумен тоқтатады:
«... Шикі тері шақайы, көрініп тұр бақайы!»
Не істесе де, басын тауға ұрса да, тасқа ұрса да бұлардың халі осы деп ашына күлгені болса керек.
Сауықшылар өздеріне арналған осы əзілдерді де бір уақыт айтып, күлісе тарап жүрді. Мұндай жиын əредік-əредік біздің үйде де болды. Бірақ, біздің үйден көбінше жыласып тарасады: Еміл жақтан біздің үйге Харифолла дейтін рулас, туыс келіп тұратын. Ол шебер əнші, өлеңші жігіт екен. Өз елі мен туған жеріне арналған сағыныш өлеңін өзі шығарған əнмен айтқанда тыңдаушы кəрі-жастың жыламағаны жоқ, біздің үйге келгенде, қалаға асығып кетіп бара жатқанына қарамай, қоржадағы таныс, бейтаныстың бəрі жабылып, оны қондырудың ама- лын табысып жүрді. Ол келгенде Нұрғазы мен келіншегі: «Бүгін тағы бір жыласып алатын болдық!» деп қуанады.
Өксу мен өкінішін ішіне тартып алған оның өр дауысымен, өр нақышымен ышқына көтерілгенде-ақ, жан пердесін дəл басқандай тыңдаушы біткен тым-тырыс тына қалысады. Қайырмасына кел- генде оқыс кеңк–кеңк етісіп алып, үнсіз егіледі.
Шын шай іштім ем айлап, Сағындым елді көп ойлап. Қиыр жайлап, шет қондым, Қосылар ма екем дəм айдап!
Жəмила-ай, мекенің қалды-ау, дариға-ай.
– Ой, Дариға-ай! – деп күрсінеді кəрілер. Іші босағандай демдерін кең-кең алысады. Шемендей ұйып қатқан қасіреттері осы əннің жалынымен түгел еріп кеткендей, ол көз жасына айна- лып, молынан ақтарылып жатқандай сезіледі маған. Жастың да, кəрінің де – бəрінің де бетінен төгіліп жатқанын көремін. Біздің сауықшылар түгел осылай екен. Əрбір күлкінің астында көлдей лықсып жатқан қасірет бар да, соны бəсейтетін дəрі таба алмай, көз жасынан ғана дəрмен табатын сияқты. «Бүгін жыласып ала- тын болдық!» деп қуанысатыны сол екен. Бəрінен көп күлетін келіншектің, бəрінен көп жылағанын көрдім.
Біздің күліп ап жылап, жылап ап күлетін осы сауығымыз ұзаққа бармады. Жаз шыға тары-талқан таусыла бастады, бұл қоржадан жалданба кəсіп табылмады да, Смайылдың жеріне дербес бірдеме егіп алуға күш-көлік, тағы басқа мүмкіндік бол- мады. Оның үстіне əкемнің де Əлімжан қырсықтан аулағырақ кеткісі келіп, тыншымай жүргенінде, Еміл жақтан қуанышты бір сыбыс жетті: «Илхам байдың зəйімкесінде көтере алып құюға беретін мол көң бар екен. Оны айдайтын Өгізбайдан, ағызып əкеліп құятын су – құдайдан – Емілдің дəл жағасы. Бір түмен кесек қиды құюға төрт ағаш бидай, бір шəй, оның үстіне ақшасы да, көйлек-көншігі де бар!» дейді. – Əке-шешеміз құлшына түсті. «Бір түменін он күнде-ақ құйып, бес ағаш бидайын қағып алмаймыз ба!» деп Бигелді дүрілдеді. Үйдің екі көрпесі мен ескі киізін өзі арқалап, қалғанын əкеме теңдеді, ендігі қалғаны өгіз бола алмаса да, «тайынша» болған басқаларға, менің жүгім ешкіге артылды, көше жөнелдік.
«Тергеушім», талай қылмыстыны қаза тексеріп, «қарасат май- данына» айдатқан тəжірибелі кісісіз. Қылмыстының қылмыс таба алмағанда қысылып қалатынын да, қылмыс тапқан сайын құйрығы қоныс таппай қопақтай беретініне де жетік кісісіз. Біз бұл рет боқ іздеп көштік десек те, жоқ іздеп көштік десек те сізге бəрібір. Қылмыстан қысылып, тағы да қылмыс іздеп көшкеніміз көз алдыңызда тұр. Бұл – сіздің алдыңыздан өткен көп қылмыстыға ортақ қасиет. Ал, бірақ бұл көшудегі біздің одан басқа ерекше қылмысымызға қарай маған өшіге түсуге толық қақылысыз. Ме- нен басқа қай күнəһарыңыздың аурудан тұра сап жүк артып, ешкіні езгені бар?! Мұны қазіргі қылмыстар делосы түгіл, жауыздық та- рихынан да оқып көрмеген боларсыз. Менің қылмысым басқаны қойып, жүгімді ешкіге артуға да жетті. Сол жылғы көп көшуден мүйізі қарағайдай кəрі бөрте жауыр болды. Сол ешкінің аруағын шақырып алып, айғақ етсеңіз, мүйізі көзімді ағызар еді.
V
Қоқыр-соқырын көтеріп, арып-шаршай жеткен көп жалданбаға ол қи бұлдана қалды, қи емес-ау, бай бұлданды. Бəріміз түп қотарыла бір-ақ шұбырмай, біреуіміз ғана келіп келіскен болсақ, бəлденбей, өзі белгілеген ақыны толық беретін де сияқты. Аяғына келген Айсұлуды тегін күң деп тебетін бай табаны тесіліп жеткен аш жалшыларды аяй ма? Жариялаған ақысын жарымына бір-ақ
түсірді. Еңкейіп келгенімізді көрді де, шалқақтап қайта алмайты- нымызды білді. Қидың қасындағы жер тамға жаңбырдан паналай қалғанымызды көріп, тіпті білді. Əкем екі күн сөйлесіп жарым ағаш бидайды əрең қосқызды да, он мың кесек қиды екі жарым ағаш бидай жеп қана құятын болдық. Бес жүз сиыр мен екі жүз жылқының қыс бойы үйілген көңі – Бақтының тауындай көрінді маған.
– Отыз мың кесектен асады! – деді Бигелді.
– Асса жəне сол бағада ақысын аласың! – деп бай мол қолсынды. Бірақ, оның мол қолдылығы құятын қалыбының үлкендігіне толық сенгендіктен айтылған екен. Бір қалыбының өзін жөбішеңкі адам көтере алмайтындай етіп жасатыпты. «Мен де құямын» деп құлшынған Биғазы қалыпты көтере алмай жайына қалып, Бигелді мен əкеміз ғана құюға кірісті. Біз əрине, Емілден құрт-балық аулауға ғана жарадық. Бірнеше күн өткенде екі ағаш бидайдың жа- рым түменді құюға да əрең жететінін білдік, жайшылықтағыдан үш есе үлкен қалып қиды сан жағынан маңдытпай қойды. Мықты əкеміз тұзаққа түскен торғайша тыпырлады. Мойнына түскен «қыл тұзақты» ақылды торғай сыпырып кетеді. Бірақ, бұл тұзақты сы- пырып кетуге біздің ақылымыз жетпеді, олай болғаны бидайы желініп қалды ғой! Көңшілер жан алқымға түсті, азық азайған сай- ын тыпырлау күшейе түсті де қыл мойындағы тұзақ қылғындыра берді.
Негізгі кəсіп – біздің «балықшылық» кəсібіміз болды. Өзеннің ағыны бəсең ернеуінен өрге қарай шұбаған құртбалық біздің сүзген дастарқанымызға да ысыра көсіп көтерген шелегімізге де быжынап түсіп жатты. Олар тірі күйінде кішкене қазанымызда ойнайтын болды. Су ысыған сайын жақсы ойнай- ды. Дүниеде өлімге мойынсал болып, «қуанышпен» өлетін жəндік – осы құртбалық екен. Дəл өлер кезінде «асыр салады».
«Бой жылынғандығынан» су қайнасымен мыж-мыж болып, тегіс ұйқыға кетеді. Бұл кезде тіпті біз жеп жатқанымызды да білмейді. Біз қап-қара борбайымыздың жарылуына қарамай сол
«қуанышты» құрттарды ғана көретін болдық, түсте де, кеште де соны жеп рахаттанып жүрдік.
«Өлмегенге өлі балық жолығады», таудай тезектің жарымы ғана құйылып, бидай таусылған кезде құртбалық үрдіс желініп, сыпыра май тышқаққа айнала бастаған кезімізде, бізге өлі балық жолықты: Су құюға дайындап жайған көңнің арасынан кішкене былғары қалтаға салынған бір кесек апиын ескі көздей күле шықты. Əкем
де күліп жіберді. Тірсектегі көңді дереу жуып, үлкен жолға қарай жөнелді.
– Бұл апиыншыларға алтын есепті қымбат! – деп Бигелді қуанды, арзанға сатып қойма!
Бір ағаш зығыр мен екі ағаш бидай сол күні іздеп тапты бізді. Апиыны таусылғандықтан сырқаттанып жүрген бір қара сұр қазақ байы ере жетті. Жергілікті ауқатты қазақтардың да кейбірі апиын- шы болып алған екен. Бидай мен зығыр арбадан домалай түсісімен қожайын да домалай түсіп, жер үйіміздің табалдырығына отыра қалды. Əкем оның неге олай отыра қалғанын білген екен. Түйенің құмалағындай қара–қоңыр «алтынын» қолына ұстата қойып еді, байекең иіскеп–иіскеп жіберіп, бір күрсінді де, бидайдайын үзіп алып аузына сала қойды. Əкем үңіле қарады оған.
– Сіз жеуші ме едіңіз?
– Тартушы едім, қорқорым үйде қалды.
Маңдайынан бұрқ ете түскен терін алақанымен сүрте салып жөнеле берді ол. Зығыр мен бидайды шешем қуырып, қосып, келіде жаншыды да, алдымызға қойды. Біздің де маңдайымыздан тер бұрқ ете түсті.
Үй ішімізбен батып қалған сол бəле қидан осы «өлі балықтың» күшімен бір айда əрең құтылып, дереу көше жөнелдік. Мойны- на оқыс келіп қалған тұзақтан қатты шошып қалған торғай енді бұл маңайға тоқтасын ба, Шəуешек жолындағы көп жұмысшы жалдайтын мойкеге қарай тарттық. Екі ешкіден басқамызда күй де қалмапты. Алыптай Бигелді мен əкеміздің мойында- ры сол тұзақтан қылдырықтай болса да үзілмей əрең шықты. Ал шешеміздің халі бұлардан да мүшкіл еді. Бұл көште ең күшті нарымыз сол екі ешкі болды. Жүктің көбін сол екеуіне арттық та, «боталарын» қосып айдай жөнелдік. Ерекше бір күлкілі дүниеден шығып келе жатқандай, «керуеніміз» маңырай шұбады. Жол-жөнекей кезіккендер, біздің біраз ұялғанымыз болмаса, жүрісімізде пəлендей оғаштық жоқ сияқты. Кəдімгідей зор тізбекті керуен болдық. Бізде де түйе керуенінің қоңырауы сияқты даңғырлайтын леген бар. Біздің де «жүк ауып барады, бас!», «Көтер!» деп саңғырлайтын ақсақалымыз бар. Ең кемі- ақ «бұрау сал!» деген сөз шықпайды. Ешкі, сірə жүк көтеруге көнсе де бұрауға көнбейтін тəрізді. Сол райларын бағып, бұрау салмасақ та лақтарымен үздіксіз маңырасумен болды. Біздей қылмыстыларға ешкі болуларына тойған сияқты.
«Балам, менің не болғанымды көріп келесің ғой, қылмыстыларға
түйе болудан кемелектен өлудің өзі жақсы!» деп лағына үздіксіз өсиет айтып келе жатқан сыңайлары бар.
Көтерген жүгін мойкеге күн еңкейе əрең жеткізген екі ешкі, кəдімгі түйеше шөгіп дем алды. Сүт шықпай қара шай іштік. Қабағымызды теріс салып қайғыра іштік: Өйткеніміз – мойкенің жүн жуу жұмысы тоқтап қалыпты, енді кəсіпсіз шиқылдайтын болдық деп қайғырдық.
Бізден бұрын келіп шиқылдап жатқандар тіпті көп екен. Иін тіреседі. Шақырайған тымырсық ыстықта алан–ашық жатқан аш-жалаңаш жұмыссыздар бық-бық етеді. Бекер бықылдап та жатқан жоқ. Биыл бар жерге төнген ашаршылық апатты айтып,
«қырылудың» ащы түтінін морлатып жатыр. Бұл қылмысқа қалай шыдарсың! Таңертең екі ешкіні қомдап жіберіп тағы көштік. «Қала ішінде үкіметтің тасжол жұмысы бар» екен деген бір жылы сөз жылжытып ала жөнеліп еді. Бигелді мен əкеміз бастатқан «төрт түйе» ыстық топырақты бұрқылдата «бота-тайлақтарын» шұбата отырып Шəуешекке күн еңкейгенде əрең жеткізді. Жасалып жатқан тас жол жамбылдың шығыс жақ сыртында екен. Біз жол бойында ағаштың бұтақтарынан балалардың ойын үшін жасаған күркесіндей кішкене-кішкене үйшіктерге бастарын ғана тығып жатқан қалың жұмысшыларды көктей өтіп, жоғары жағындағы жарға қарай тарттық. Əдетіміз бойынша соның бір үңгірін тауып кіріп алмақ едік. Сыртымыздан таныған біреулер айқай салды. Бақсақ көпшілігі біздің елдің адамдары екен. Біз кірмекші жардың бүгін ғана екі үйлі жанды басып қалғанын, олардың сүйегін де ала алмағандықтарын айтты. Жамбыл қабырғасының былтыр
«хұйзулар» ойған үңгірлеріне паналаған жұмысшылардан қаза болғандар да көп екен. Шешемнің төркін жұртынан бірнешеуін сол үңгірлер басып қалыпты. Аман қалғандардың əдісімен біз де түнделетіп жүріп, ағаш бұтағынан үйшік жасап алдық.
«Тергеушім», есіңізде шығар, былтыр біз Шəуешекке алғаш өткенде Қайысбектің кішкене үйіне сыймағандығымыздан қала шетіндегі зар-мұңға толы бір мал қораға түнегенбіз ғой. Сонда бізге танысқан Омар атты мысқылшыл шал бізге шəугімін беріп, шай қайнатып ішуімізге көмектесіп еді. Бұл жолы тағы соның үйшігінің іргесіне келіп қоныстаныппыз. Түнделетіп бізге үйшік жасасуға Омар тағы көмектесті. Қыдырған əйелдердің «өсек тап- паса» өксіп жылап қайтатындығы жайлы мысқылдаудың орнына өзі өксіп, көрген қорлығын, туған жерінен ауған өкінішін айта жүріп көмектесті.
– Мені босқын етіп осы халге түсірген коммунистер емес, көрге кіргір немерелес інім – Бекеш!.. Қыр соңымызға түсіп бүкіл туысымызды қирата түрмелетті! Сібірге айдалудан қашып аман құтылғаны мен едім, енді осы құлдықта құритын сияқтымын!... Əттең соны! – деп қалшылдап кетті Омар.
– Ол – Бикеш не орында еді? – деп əкем ширай сұрады.
– «Ақ жүрек-белсенді» деген «мансабы» бар, шынында нағыз қара жүрек еді ол, коммунист париясына кіріп алу үшін бізді қырып беруге салынды, іздегені – пəле-жала!
– Ақтай, Санатпайдың туысы деші!..
Біздің күрке Омар мен əкемнің осылай ширығуымен тез қалқиды, ашулы-кекті қолдар ағаш бұтағын аштығына қарамай жұла беріпті.
Тасжол жұмысының ақысы – əр жұмысшы күніне үш уақыт жейтін екі жүз елу грамдық үш тоқаш еді. Жұмыс істемеген күні ол да жоқ. Байдың қыл тозағынан қашып келдгенімізде, үкіметтің бұл тозағына басымызды тұрмыс еріксіз сұғындырды. Байдың қиынан мұның артықшылығы – əутеуір айдап жүріп істететін мылтықты шеріктерінің барлығы болды. Бұрын өзімізді-өзіміз айдап əурелендік қой, мұнысына да қанағат етпей болмады.
Біздің үйден дағдылы үш адам жұмысқа орналасып, зəмбілмен тас тасуға шыққан күні мен қалтырап безгек аурумен жығылдым. Төрт «түйеміз» көтеріп келген жүктің бəрін жапқанда да лыпа құрлы көрмей селкілдедім.
Менің ауруыма шешем қалып қараса, жеті адамның жейтіні екі- ақ тоқаш болып қалмай ма? Биғаділ қалса, барлық ауырымызды көтеріп жүрген ешкіні кім бағады, оны біреу сойып жей салмай ма! Зəмбіл көтеруге жарамайтын Биғазы қараса, оның да өзіне лайық бір жұмыс іздеуі керек қой.
Жеті ауызды үш тоқаш желімдеуге жете ме!
– Апатай, менің қасымда Биғайша отырса болғаны, бара бер! –
деп жалындым мен, өз алдыма дербес дірдектей бергім келді.
Қалшылдап-қалшылдап алып, қатты терлеуге кірісемін. Көз ашқаннан уайымдап үйренген, бала болып ойнауды білмейтін Биғайша тыпыр етпей менің қасымда болады, тер ағып жатқанда мен суға тоймаймын. Ол тəлтіректей барып су əкелгенше мен тағы шөлдеп жатамын. Əрине, ол бір шыныдан артық су көтере алмай- ды, оның үстіне тəлтіректеп жүріп жарымын жеткенше төгіп бола- ды. Безгектің безілдетуі сөйтіп Биғайша шаршағанда ғана тоқтайды да, мұнан соң екеуміз де біраз тыныштық тауып, қарсымыздағы
тас жолда өтіп жатқан жұмысшыларға қараумен боламыз. Бірақ, бұл қараудың өзі де ауруша қинайды. Жұмысшылар алыстан көтеріп келе жатқан құмды тастарын жерге қойып дем ала алмай майысып-қайысып, бүрісіп-тырысып, терлерін сорғалата өтеді. Бұлардың тізбегінен біздің əке-шешеміз де көзімізге оттай басы- лып өтеді. Əлсіз нəзік шешеміздің қап-қара болып түтіккен шы- райына, ауыр зəмбілді алыстан көтергендіктен білегінің қарымы жетпей, мойнына асып алған ала жібімен көтеріп бара жатқанына, зəмбілдегі тастың үйме болып басылғанына... бар кейпіне ауыр мұңмен қараймыз. Шешеміз сол ауруымызды жеңілдеткісі кел- гендей, біздің тұсымыздан ширақы, жеңіл өтуге тырысады, бізге қаммен қарап қояды. Менің халімді біле кеткісі келіп, алды-артына жалтақтайды, бірақ, арттарында шерік бар ғой, кідіре алмайды, шіркін шеше!..
Маған жол бойындағы мылтықты шеріктерден басқасының барлығы аянышты, барлығы қылмысты, сорлы көрінеді. Сұп-сұр болып тынып тұрған аспанда, тіпті бүкіл дүниенің өзі тұтас ая- нышты, тұла бойымен сорлы қылмысты сияқты елестейді. Соның ішіндегі ең сорлысы – мына көп күрке. Күндіз ыстыққа саялылығы, түнде суыққа паналығы жоқ, қайта мойнын созып бір қырсықты өзі шақырып тұрғандай көрінеді.
Үш тоқаш жетуімізге жетіспеді. Емілдің құрт балығы, боқ- жыны аршылмай пысқан ащылығымен шиқылдатып еді, бұл тоқаш көпе-көрнеу өзінің тəттілігімен шиқылдатты. Биғазы күнде қаңғып жұмыс таба алмай, қасапшылардан қойдың қанын əрең тауып əкеліп жүрді. Əрең табатыны, қан алушылар биыл тіпті молайып кеткен екен. Таласа-тармаса күші жеткені, иə, жылпысы ғана ала алатын болыпты. Сөйтіп, тасжолшылардың көбінің күркесінің ал- дында қан қайнап, қан қуырылып, қан бауырша қатып, пысып жат- ты. Біз де оны қиялай кесіп соғатын болдық. Бүкіл қауым болып тегіс қанқұмарға, қанды шелек, қанды қол, қанды ауызға айналдық, бұдан үлкен қылмыс бола ма! Біз сияқты «айырым кəсіпші» бар,
«қолы ұзын» семьялар ұнның кебегін де тауып əкеліп жүрді. Биғазы оны «туысқаншылап» жүріп табады. Ұнның кебегін қанмен илеп, қалашқа айналдырып пісіретін өнер біздің үйден тасжол бойына таралды да, бүкіл қала кедейіне жалпыласты. Бұл қанды қызыл нан – біздің талантты шешеміздің тағам ғылымына қосқан «жаңа үлесі» болып жайылды.
Қыр соңымыздан қалмай жүрген ашаршылық атты қырсық біздің бұл далбасамызға алданғысы келмей, аузын ең мықтымызға
ашты, бір түні Бигелдіні алып ұрды. Бір түннің ішінде-ақ тұлыптай болып ісіп–кеуіп алған Бигелді таңертеңгі жұмыс уақытында ор- нынан тұра алмай қалды.
«Жығылған үстіне жұдырық», бұл жұдырық талмау жерімізден дəл тигендей əкем мелшиіп отырып қалды.
– Дəрмен болатын бірдеме тауып бере алмасақ, екі күннен қалмай үзіледі! – деп күбірледі. Шешеміз Бигелдіге көрсетпей жылап отыр, əкемізге бірдеме айтты да жұмысқа жалғыз өзі кете барды.
– Алдымен Ақанға барасың ғой! – деп жүре жалғастырған сөзін ғана естідім, – қайтып келіп соярсың!
Бүгін менің безгегім де ұстайтын күн еді, құрыштап дірілдете бастады. Бірақ, қайғы үстіне қайғы жамағым келмеді, тісімді тісіме басып отырып алдым. Биғазы көшеге қарай жүгіре жөнелді де, Биғаділ ешкісін айдап кетті. Төменгі жақтағы Ақанның үйіне қарай əкем жөнелді.
Ақан Қондыбайұлы біздің елдің орысша недəуір оқыған азама- ты болатын. Ол да бізше босып келген, былтырғы хұйзу соғысынан кейін орысша тілі кəдеге жарапты. Жол құрылысына советтен орыс техниктер көмекке келген екен. Жақында ғана Ақан соған тілмаштыққа ілініпті. Əкем сол туысынан жəрдем сұрауға кеткенін білдім.
Тістенгеніме қарамай безгек бүріп əкетіп бара жатыр еді,
«қайғышылдар» кетісімен босап кеттім де, қалтырап жығылдым. Іркіт толы сабадай болған Бигелді орнынан іркілдеп əрең көтеріліп, мені жауып тастады да, қайта құлады. Менің қарсы сірескеніме ерегескендей безгектің «81 жыны» бір-ақ бүрді бұл жолы. Есім ауысыңқырап кетіпті. Бір кезде көзімді ашып қарасам қарсы алдымызда жол жағасындағы су қайнатушылардың күркесі үстінде бір «орыс қыз» отыр, ол қолын сермеп-сермеп қояды. Тасжол жұмысшылары соның алдындағы тайқазаннан су алып жатыр, «кун истик, шайды көп ішіңдер» деп айқайлайды. Арбакеш сарт жуан көтек арбаға үйіп басқан тоқаш əкеліп еді,
«нан алыңдар, коп-коп алыңдар!» дейді тағы да. Жұмысшылар қатарға тұрып бір-бір тоқаш алып жатыр, «ей, сарт аналар жейді, бер оларга!» деп ақырды орыс қыз, қолымен бізді нұсқады. Бірақ Бигелді де, Биғайша да орнынан қозғалмай қарап отыр. Ше- шем өзіне тиесілі бір ғана тоқашын алып келеді. «Барыңдар», дедім мен қалтырап, өзім көз алмай қарап жатырмын. «Бəрін ал, көп-көп ал деді ғой! Бұрын жоқ еді, бір жақсы қыз келіпті ғой,
барыңдар!» Бигелді мен Биғайша сөйлеп жатқан маған қарап қана қояды. Арбаға қарай ұмтылмайды. Нан жегісі келіп там- санса да «ұялатын» тəрізді, міне, шешемнің бір тоқашымен қана үшеуі шай ішуге кірісті, əне, қыз тағы айқайлайды, бірақ, оның тілін алмайтындай, ешкім қарамайды да!.. Əне, су қайнатып жүрген Жолдыбай атты би тұз ұрлап жан қалтасына салды. Қасындағы Омар көрмеске салып жүре берді. «Япырмай, осын- ша үлкен кісінің бір уыс тұз ұрлағаны-ай! Япырмай, тілінен бал таматын атақты шешеннің осынша масқара болғаны-ай!» Əне, əне, бір шерік келіп тінтті де, тұзын салдырып алды. Шешем де, Бигелді де бағжиып қалды сол жаққа.
– Су! – дедім мен қатты күрсініп, шешем бір шыны су əкеліп басымды сүйеп отырғызды. Соны өлермендене жұтып алғанымда ғана есіме толық келгенімді білдім. Киімім мен жамылшым мал- мандай су болып кеткен екен.
– Не ғып сөйлеп кеттің бүгін? – деп сұраған шешеме үн қатпай алдыңғы жағыма тағы қарадым.
Жолдыбай бидің тұз ұрлағаны рас екен, өзіне–өзі қатты жəбірленгендей ол мелшиіп отырып қалыпты. Қатты тиген соққыдан ес жия алмай қалған сияқты. Оның оқыс күйреген жанына медет, көңіліне шипа айтып жатқандай Омар мен бірнеше егде адам күңірене сөйлеп, күрсініп отыр. Ал басқа көріп жатқандарым да осындай рас болғанымен, əлгі «орыс қыз» деп көргенім күрке ағашының ұшына ілінген қызыл салы болып шықты. Қол сермегендей болатыны – соққан желеміктің желпіндіруі екен. Сол орыс қыз болып көрініпті де, елеске лайық сөзі де естілгендей сезіліпті.
Əкем келді, əдеттегідей жарты қап бірдеме көтере келді, көзіміз айнадай жарқырады. Ақан біреуден алажақ бір пұт ұнын алдырыпты да, оған бір пұттай кебегін қоса көтертіпті. Келе нан илеп пісіртіп берді де, ертерек туған бір лағымызды бас салды. Кешке жақын сорпасы пыса бергенде, Биғазы қала жақтан жылап қайтты да, Биғаділ дала жақтан көгеріп қайтты. Биғазының бір көзі ісіп кетіпті, себебін əрең айтты: жаңа түйін тастаған картоп- ты екпеттеніп қазып жатқанында, сəйліктің қожасы үстінен түсіп, байлап əкеткен екен. Кешке шейін таяқты жеп-жеп əрең қайтыпты. Ал Биғаділ ешкі бағып жүріп жаңа бас алған күнбағысты мұжып жей беріпті, бет-аузы көкпеңбек, тілі қап-қара болып қайтты. Енесінен өсиет естіп, өлімге разы болған лағымыздың етін құмдай егіліп отырып жедік. Су болып тамшылап та кетіппіз.
Бигелдінің ісігі таңертеңіне тағы көбейе түсіпті. Сөйтсе де, лақтың сорпасына інілерінің ішкізген ашуы, əке-шешенің қайғысы қосылып, оның буынын біраз бекіткендей, сенделектеп жұмысқа шыға жөнелді. Шешем мүлде тыққыштап жүрген қос білезігін, қоржыннан алып, əкеме ұстата салды да жұмысқа жөнелді. Демек, екі тоқаштың сұлу жүзі тағы көрінгендей болды.
Мен ес білгеннен бері бар екі шомбал білезік шешемнің бар қазынасы болатын. Құйылып өрнектелгелі қанша жыл өтсе де, оны білегіне бір салып көрмепті. Безену бұйымынан қатты безетін шешем, ауыр деп сылтау тауып сақтаған таза да, сом күміс екен. Бұл зор ашаршылықтың арандай аузына осыны салып, өздері тірі қалуды кеше кеңесіпті.
Əкем бүгін соны Ілушін жаққа ала жөнелді. Сөйтсе де, суыт кеткен жол, қайта оралып, мені қатты шошыта кетті: былай шыға беріп қайта оралғанда екі қолын артына ұстап келе жатыр еді. Биғайшаны ым қағып сыртқа шақырып алды да, ирелеңдеген бір ұзын жыланды сумаң еткізіп маған лақтырып қалды. Мен шыр ете түсіп, ырши жөнелдім. Дəл қарныма келіп тиген тірі жылан ысқырып қалып іргеге тартты.
– Шақпайды, шаға алмайды, тісі қайырылған, – деп əкем басу айтты сонан соң, – безгегің енді жазылады!.. Ана жыланды өлтіріп, терісін сыдыр да, Бигелдіге қайнатып бер! – деп Биғазыға тапсы- рып теңселе басып жүре берді.
Безгекті əкемнің осылай қорқытып емдейтінін артынан ескердім. Терісін сыпырып алып, турап қайнатылған жалаңаш жыланмен сол күні түстікте Бигелді сорпаланып еді, ертеңіне ісігі басылыңқырап, қайта «арықтай» бастады. Безгегімнің ұстамағанына мен қуандым. Бір жыланның екі ауруға ем болғанын көрген Биғазы енді жыланшы болды. Оның жылан əкеле жатқанын алыстан байқайтын мен айдалаға қашамын. Ал мен қорқатын жыланды Бигелді жеп алады.
Бір күні қашып шығып, ағамыздың «ажалға тажал» болып отырған сол ерлігіне Омар күркесінің сыртынан қарап тұр еді. Қала жақтан қоңқақ мұрынды бейтаныс қара сұр бір жігіт келіп, су қайнатып жүрген Жолдыбайға сəлем берді де, Омардың «үйін» сұрады. Жолдыбай Омардың күркесін нұсқап көрсетті. Дем алып жатқан Омар басын көтеріп, тігіле қарады қара сұрыға. Бурыл сақал-мұрты дір қағып, тікірейе қалғандай көрінді маған!..
– Ағатай-ай, аман көретін күнім бар екен-ау, – деп қара сұр жігіт Омарға қарап қауқалақтай ұмтылды, – ассалаумағалайкум, амансың ба, аға!.. Ағекем-ай, сағынғаным-ай!
Арып, қалжырап жүрген Омар орнынан жас жігітше жеп–жеңіл ыршып тұрды:
– Ойпыр-ау, Бекешпісің! Сені де көретін күнім бар екен-ау, – деп құшақтаса кетті қара сұрымен, – бауырым-ай, мен де сағындым-ау!
Қара сұрының бетіне бетін тақай берген Омардың аузы жуан қара сұр мұрынға сап ете түсті де, қыршып жұлып кеп алды. Қара сұры Бекеш өкіріп қалды да, саңқия қалған кеңсіріген ба- сып отыра кетті. Аузы толған мұрынды артына қайырылы түкіріп тастаған Омар кемпірінен құмғанды ымдап сұрап, аузын шайқады. Бекеш тұмсығын басқан күйі атып тұрып жөнеле берді. Қарап тұрғандардан лəм деп аузын ашқан ешкім жоқ. Бекештің Омар алдындағы қылмысын бəрі де естігендей де, кек сертінің кесімі ай- нымай орындалғанына бəрі разы болғандай. Жерде жатқан тұтас мұрынға түршіге қараған мен ғана шегініп кетіп күркеме кіріп алдым. Тірі адамның тірі жұлынған мұрнынан жылан жылырақ көрінді. Бигелдінің алдындағы жыланнан сескенбедім енді.
– Омекеңнің жүрек ауруы енді жазылды-ау, шіркін! – деп күрсінді Бигелді! – əкеме Ақтай да осылай бір кезіксеші, айқара басқан қырсықтан бір арылып, сергіп қалар еді.
Омар мұрынды бір құрғақ төмпешікке апарып көме салды да, орнына кең тыныстай келіп отырды:
– Орташа тұрмысымды «құлаққа» жатқызған осы мұрын қоңқиып алып, тыныштық бермеп еді маған! Міне, енді тыныш- талдым, өзі де тынышталды!.. Бұл жерде оның арызын қай құңқузы тыңдар екен, қəне!..
– Өзі қайдан келе қалды мұнда? – деп сұрады біреу.
Қара жүрек əмсе «ақ» болып көріне бере алар ма, момын жұртқа істеген қастығы ашылып қалған соң қашып шыққан ғой! Ошаққа от жағып отырған Жолдыбай би тақпақтай жөнелді:
«Көк тұмсық неткен тұмсық, Көпке пəле еткен тұмсық, Өзгеге көр қаза жүріп,
Өз түбіне жеткен тұмсық!»
Əкем қайтып келе жатқанын көрген соң басқа сөзді тыңдамадық. Саудаға шорқақ əкеміз қаладағы бір байдың мал басқарушы дарғысымен достасып қайтқанын айтып берді. Алып келген еш нəрсесі жоқ. Білезікті «достыққа» өткізіпті де, қайтыпты. «Досы- мыз» қазақ əйелімен үйленген Мəмет тұрсын дейтін ұйғыр екен.
– Қыр-сырын, жəй-күйін білмей тұрып, қай достық еді мұның!
– деп қалды шешем, – əй алдандың-ау осы!.. Ол бір алаяқ, қу ғой
тегі!.. Білезігіңді алдап соққысы келмесе, дос болып неге қызықты дейсің!..
– Тұрмыстан қысылсаңдар көшіп кел деді!
– Қысылуды былай қойып, қырылғалы отырғанымызды айттың ба?!
– Айттым, «келісімен бір бұзаулы сиыр беремін» деді!
– Достығыңның басы-қасында болып, білезікті бергеніңді көрген ешкім бар ма?
–Білезікті жыртия күліп қара қатыны салып алған, оның қолынан ауылы көрмеді деймісің!
– Ниеті дұрыс болса, көшіп баруыңа тым болмаса бір өгіз бер- мес пе еді, жүкті жаяу көтеріп шұбыруыңды көргісі келген қандай дос ол.
– Тез жетейік соған, – деді Бигелді, – көшіп бір жаққа зытып бермесе не қылсын!..
Қоқыр-соқырымыз төрт «түйенің» үстіне тағы артылды да, тағы көштік.
– Адам іспетті сол Мəмет алдаса, достыққа, адамдыққа тіпті, құдайға да сенімім осымен аяқтасар! – деп қойып қап көтерген əкеміз алдыға түсіп теңселе жөнелді, – «Тəңір қақысынан, дос қақысы ауыр», құдайды ауызға алып дос болдық, құдай алдын- да достасқан ақиреттік дос алдаса, кім алдамас!.. Қой, бəйбіше, күнəға бекер батпай барғанда көрелік!
Əкеміз Шəуешектен недəуір алысқа – Ілушіннен, Боздақтан өтіп, одан Еміл жаққа барып достасқан екен. Біз ара қонып, аяғымыз тұтас қорғасындай ауырлап, əрең көтерілетін болғанда, тақым-тарамысымыз резеңкедей созылып болып, енді созылуға келмей қалғанда, буындарымыз дір қағып əрең жеттік. Дос ауылымыздың сары ала жұрты көрінгенде жүрегім зу ете түсті: «достың» жұрты бос қалыпты. Əкем түтігіп кетті, өзіне Бигелді көзінің қырымен қарағанда, біз бір-бірімізге жаутақтай қарасқанымызда онан сайын қысылып, онан сайын тұншықты. Жүгін жұртқа тастай салып, жыртық тақиясын қолына алды да, үн-түнсіз бүлкілдеп желе жөнелді. Көз ұшындағы бір ауылға қарап бүлкілдеп барады. «Досының» көшіп барған жерін білмек сияқты. Əкемнің төбесі əрең көрінсе де əлі бүлкілдеп бара жатқаны анық байқалды. Ойлы–қырлы сары далада ылдиға қарай домалаған доп сықылды сол бас əр қырға бір соғылып, əр кедергіге бір қағылып, əр қырсыққа бір шалынып, ырши дома- лап барады. Сары аспан, шақырайған сары күн сары уайымның лайсаң теңізіндей, сарылған сары даланың толқындары да сап-
сары сияқты, сары дөң, сары белестер көрінеді. «Қара доп»,
«сары толқындарға» сүңгіп көзден тасаланды.
Үнсіз дағдарған шешеміз сол жаққа қарап отырып ауыр күрсінді.
– Осындай дүниеде ақ көңіл адамнан сорлы жан болмайтын сияқты ғой! – деді бір кезде өзіне-өзі сөйлегендей, ешқайсымызға қарамай, – туыстыққа да, достыққа да, жақсылыққа да əбден ал- данып талай «бақытқа» кенеліп, талай сорланып көрген адамның қолындағысын көріп құйрығын бұлғаңдатқан бейтаныс біреуге тағы да алдана салуын қарашы!..
Əлгі қара доп қайта көрініп, бізге қарай қайта «домалады».
– Өзі бидайша қуырылып жүрген адамды біз тағы қуырып, күйдіре бермейік, – деп шешем Бигелдіге қарады, – енді қыжыртпай- ақ қой!.. Табармыз, таба алмасақ лаж не, құдайдан күттік!..
Басын төмен салып, ырғала жетті əкем.
– Олар Абдыра жаққа көшті дейді, – деп бар буыннан бір- ақ айырылғандай сылқ етіп отыра кетті, – «Абдыра» анау қара қабақтың ар жағы, Тарбағатайдың анау адыры ғой, қайда қашып құтылар дейсің!.. Бірақ, соның мына сұмдығынан қорықтым, дос болып жарыта қоймас, бірдеме бермесе қайтарып алсақ болғаны... Құдайдан безгеннің өзі екен!
– Енді қайтеміз, өзің қуасың ба, жабыла қуайық па?
– Бұл қу далада неміз бар, бəріміз қотарыла барып, бір-ақ ба- суымыз керек қой!
Сол жұртқа шай қайнатып іштік те, сол жұртқа түнедік. Салқында жүріп алу үшін екі ешкіні ерте қомдадық. «Төрт түйені» дағдылы жүгінен басқа ауыспалы жүк Биғайша еді, оны шешеміз бен Биғазы кезектесіп арқалады. Төтелеп Тарбағатайдың бөктеріне қарай шұбадық.
Бұл реткі көшіміздің «салтанатын» сөйлеуге қиналамын. Бəрін сөйлеу пайдасыз, себебі, оны суреттеп көрсеткеніммен, бізге сыйлық бермейсіз ғой, «тергеушім».
Сізге керегі – қылмыс, бұл үшін ел іздіп, шөл кезген иесіз бұралқы иттің делосында болатын қылмыстарды біздің деломызға да қосып жіберсеңіз болғаны. Онда иттің де ыстыққа шыжитын майы болмайды, біздікі сияқты қаны ғана кебеді. Мұрнынан алған демге ол да қанағаттанбай аузын арандай ашып, тілін салақтата обады. Оның қылмысы да қарнының қай жерінде екенін таба алмайсың. Қылдырықтай болған бел омыртқасына жасырып, жабы- стырып алады да бүктетіле бүлкілдейді. Анда-санда тұмсығын бір көтеріп қойғаны болмаса, ол да басын жерден алмай бүлкілдейді.
Тұмсығын көтеріп қоятыны – қылмыс іздегені. Басын жерден ал- майтыны – тəңірінің салақтығынан тастап кеткен бірдемесі кез- десер ме екен дегендей сасық дəмесі. Мұндайда тəңірі салақтық етпесін бе, сонда да біз сияқты бұралқының кəсібі осылай бола- ды. Біраздан соң түңілу мен дəрменсіздік салдарынан бүлкілдеуін қойып, ілбуге түседі. Бұралқы да қоламтадай ыстық тастаққа бізше тасырқаған табанын кібіртіктеп əрең басып, бір белеңге шыққанда бұраң етіп қисая кетеді. Немесе шоңқиып отыра қалады. Иен дала- да жолай отыра берсе өліп қалатындығын тағы біліп, тағы ілбиді. Бұралқы да жоқ іздеген біз сияқты, біресе олай, біресе бұлай қаңғиды. Бұралқыға да ауыл иті өш болады.
Бұралқыға біздің осындай жалпылық ұқсастығымыз болса да, біздің одан əлдеқайда артықшылығымыз барды. Бұралқы жалғыз өзі салт қаңғиды. Ал, біз шиттей-шиттей шибөрі сияқты шұбыра қаңғимыз. Бұралқының көтеретін жүгі жоқ. Ал, біз байлықты əрең көтеріп қаңғимыз жəне ол бұралқы ит емес пе, біз адамбыз. Ешкіге жүк артуды да білеміз...
Сайып келгенде иесіз бұралқыға бүтіндей ұқсай қалдық. Бүкіл Абдыраны тіміскілей шұбырып, «досымызды» таба алмадық та, бір бұлақтың бойына бұралып-бұралып құлай кеттік, екі ешкі де тас төбесінен ұрғандай сұлай кетті.
Қара үңгір жаққа келмесе, Абдыраға келмеді деген бірнешеудің сөзімен кеш бата қара үңгірге əкем мен Бигелді жөнелді. Екі ауылға барып сұраған екен, олар ондай адамды білмейтіндіктерін айтып- ты. Үшінші ауылға барып сұраса, түн ішінде ұры сияқты көрініп, өздері тергеуге түсіпті. Жалынып-жалбарынып жайын айтқан əкеме бір ғана жөн айтылыпты.
– Мəмет Тұрсының тұра тұрсын, бұл жақта тіпті Мəмет атаулы дарғы да, Еміл жақтан көшіп келген мал да жоқ. Өздерің аман ғана қайтып кетіңдер, бұл жақта мал жоғалып жатыр! – деп құдайға қараған бір қария Амандық жаққа қайта қуыпты. Сөйтіп, сойдау- ылдай екі мықтымыз бізді таң бозара əрең тапты.
– Кебек нан таусылды, – деп жариялады шешем, – енді қырылмай тұрып, көтерме бидай тауып орайық!.. Құдайдан күттік.
Осы бір «құдайдан күттік» дейтін сөз құрыдым шарасыздықтан шығатын сөз ғой. Сөйтсе де, əкеме бір тоқаштың күшін берген- дей болды, ол əбден арыған кəрі бөртенің жүгін, шешемнің жүгі
– Биғайшаны да өз жүгіне қосып бір-ақ көтерді. Оның бірнеше күннен бері дем алмағанын айтып, жүкті бөліп көтермек болған шешеме үзілді-кесілді ширақ жауап қайтара көтерді:
– Қой, бəйбіше, мені аяма енді, сені өмірлік азапқа салған – мен бұралқымын. Мына кішкене күшіктерді де көз ашқалы сор- ландырып келе жатқан менмін! Сендердің алдарыңда менен үлкен қылмысты жоқ!.. Алла тағала өмірлік лағнат қамытын кигізіп қойған мені аяудың өзі – ауыр қылмыс!
– Жə, ада-күде таусылма енді! – деп шешем жылай ерді соңынан.
Көр дегені ғой, бəрін көрейік. Бигелді де, бəріміз тең дəрежелі бұралқымыз. Бəріміз тең дəрежелі қылмыстымыз. Себебі, қылмыстының түп тамыры – құмар құлқын. Шындық осы емес пе, ендеше факт те сол. Сол тізбекте тамаққа құмартпай, тіршілік үшін тырыспай келе жатқан қайсысымыз бар. Бəріміз құлқын іздеп шұбырып келеміз ғой. Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей, осыншалық арып–ашып жанталаса іздеп жүргеніміз – қылмыстан басқа еш нəрсе емес екенін сізден басқа кім түсінбек.