«Алдын ала сезу қабілеті маған әкемнен дарыған....»
Марио БЕННЕДЕТТИ.
Әпкем менің жанымды түсінбейді. Түсінбегені сол емес пе, төрдегі құрақ көрпешенің үстінде етпеті нен түсіп жатқан інісінің көңіл түкпіріндегі шер-шеменнің сыры неде екенін сұраудың орнына, күйіп-пісіп ұрысып жүр.
– Неменеге етпетіңнен түсе қалғансың, әй. Ойыңа не түсіп кетті? Осы-ақ қай-қайдағыны бастайды да жүреді екен ылғи.
Айттым ғой түк сезбейді деп. Оған мен қаладағы әке-шешемді ойлап, сағыныштан қамығып жатқандай көрінетін болсам керек. Жоқ, қателесесің әпке! Басқа басқа, дәл осы жолғы ашуың орынсыз. Шіркін-ай, адам дегендер бір-бірінің жан дүниесіндегі қуанышы мен қайғысын неге көздеріне қарап-ақ оқып, ортақтаса бермейді екен! Біле-білсе тап қазір кеудемді от-жалынға орап жатқан күйіктің бас-ты себепкері өзі емес пе? Айттым ғой түсінбейді деп.
Түсінбеген соң, кінәлі де ылғи мен болып шығамын. Менің әпкемнің жанында қайта осы уақытқа дейін бір әдеби кітап оқып көрмеген Бақыттың әпкесі
қу. Аты – Алма. Сол Алма ылғи інісі Бақытты мақтап отырады.
– Біздің Бақыт тек тиісті сабақтарын ғана оқиды, – дейді ол әпкеме, – менің Том Сойер, Гекльбери Фин, Робинзон Крузо, Шерлок Холмс, Айвенго, Спартактар дың қи лы-қилы қызықтарына құныға түскенімді жақ тыр ма ған дай. Әпкеме де осы сөз керек. – Ми жоқ қой мұнда, пайдасыз кітаптарды оқығанша сабағыңмен шұғылданбайсың ба? – деп
табанда шап ете қлады. Бірақ менің бір қасиетім, сірә, сабақтың бұған қатысы шамалы-ау деймін, осылай отырып-ақ Алманың менің кітапқа деген құштарлығымды іштей қызғанып, інісі Бақыттың мұрнына мынау әлемдік үлгілердің иесі де бармайтынына өкініштен іші жарылғалы отырғанын сезе қоямын. Ал, әпкем Айзада аңқау-ау, аңқау. Дәл қазір оның ойы жаңа түскен қылаудай таза. Алма әпкемнің осы аузын ашса, жүрегі көрінетін ақкөңіл мінезін де көре алмайды. Ойпыр-ай десеңші, тіпті ол менің осы сезімталдығымды, яғни біреудің ойынан өзіме деген болмашы қулық-сұмдықты сезе қалсам, көңіл-күйімнің табан астында су сепкендей басылып қалатынын да біледі. Осы жолы да кеудемдегі қызғаныш отын тұтатып, үрлеп жіберген Алма...
Түс ауа штандр ойнағанбыз. Ойын маған алғашқы сәттен-ақ ұнаған жоқ. Екі-үш күн болды, Алма менің әпкеме «Нұрлан» деген бір есімді кенеше жапсырып, мазақтап жүр. Бұл менің жүрегіме шаншудай қадалды. Әрине, «Нұрлан» деген есімнің менің әпкеме қырындап жүрген жігіт екенін ойлағанда, қызғаныштан іштей күйіп-пісіп, не істерімді білмеймін. Ал әпкем, айттым ғой, түк сезбейді деп, інісінің ішіне ала мысық кіріп кеткенінен мүлде бейхабар.
Сонымен ойын басталып, Алма «Штандр, штандр...» деп әлгі әпкеме таңылған есімді атап допты бір-екі рет аспанға әулете лақтырып та үлгерді. Менің ит-жынымды ұстатқан да осы. Қызғаныштан түсім өзгеріп кетсе керек, Алма менің сезімтал көңілімнің неден алай-түлей болып тұрғанын тап баса қойды. Сол-ақ екен ол енді мені қызғаныш дертімен бір жо-
лата тұралатып тастау үшін допты тезірек қолына түсіріп, тағы да «Штандр, штандр, Нұрлан» деген әуеніне баспақшы болды.
Міне, доп Алманың қолында. Не дер екен? Допты кімді атап лақтырар екен? Мен ойым сан саққа жүгіріп, демімді ішіме тартып тұрмын. Жүрегімнің дүрс-дүрс соққанын өзім ғана емес, барлық балалар естіп тұрғандай. «Тым болмаса осы жолы атамаса екен әлгі жігітсымақтың есімін». Өкінішке орай, Алма менің қызарақтап, қобалжып тұрған көңіл-күйімді тағы да сезіп қойды. Демек, ол енді осы сәтті қалай да өз пайдасына шешуге тырысады. Бірақ бұл жолы «жауын өлтірмес» бұрын, біраз азаптап алғысы келген сияқты. «Штандр, штандр...» деп әпкеме бір, маған бір қарап күле берді...
«Штандр, штандр...». Алма әлі күліп тұр. Басқалар ұмыт қалған, әпкем екеумізге ғана кезек-кезек қарайды. Міне, енді маған жылы шырай танытқандай болды. Иә, шынында көзімен: «Таңат, қамдан, қазір сені атаймын» дегенді оқытып, қолындағы қызыл добын ыңғайлай берді. Мен сендім. Көңілімнің түкпірінде, оған деген үміт шырағынан гөрі күдік тұманы қоюырақ болса да, менің жанымды қашанғы жаралай берер дейсің деп өзімді өзім еріксіз сендіруге мәжбүр болдым. Сөйтіп Алма допты менің қолыма ұстататындай болып: «Штандр, штандр...» дей берді. Бір сәттің ішінде маған деген көңіл хошы оянып, мүсіркегеніне оның барлық «күнәсін» кешіріп, мен де ұмытыла бергем, бірақ...
Бірақ... еһ, Алмаш-ай, аямайды екенсің де адамды, аспанға ұшқан қызыл, жасыл әдемі доппен бірге Нұрлан есімі тағы әуелеп кетті. Бұдан ары мен ойыннан шықтым да, үйге келіп төрдегі құрақ көрпешеге етпетімнен түсіп жатып қалдым. Ал әпкем түкке түсінбейді, ұрсып жүр.
– Әже-ау, мына балаңызға тұр деп айтсаңызшы. Жер бауырлап жатысын қараңызшы.
Оған әжемнің қамқор үні қосылады.
– Тұра ғой, құлыным, ымырт жабылғанда үйде жатпайды, далаға шық... Қарашы, өзіндей балалардың бәрі сыртта ойнап жүр.
Әжемнің үні сондай жұмсақ. Жаныңа да жағымды. Қайтейін тұрғым-ақ келеді, бірақ белгісіз бір зілбатпан күш екі иығымнан басып көгертпейді.
– Бәрібір тұрмайды ол. Айттым ғой әке-шешесін ойлап, емешегі езіліп жатыр деп...
Әкпем тағы да шапылдап келе жатыр еді, әжем тиып тастады.
– Тек, әй! Немене жас балаға сонша шүйілгенің. Тұрады, неге тұрмайды...
Әжем неге екені белгісіз, қаладағы әке-шешем жайлы айтыла бастаса әңгімені тезірек басқа арнаға бұрып жібереді. Тегі немерелерім мені тастап, кетіп қалады деп қорқатын болуы керек. Жоқ, әжетай. Мен сені ешкімге айырбастамаймын. Тіпті, ең жақыныма да.
Сүйретіліп орнымнан тұрдым. Уақыт өткен сайын әпкеме деген «ашуым» да тартқай бастаған. Бұдан әрі «өкпелеудің» де құны түсер еді. Сыртқа шықтым. Шынында, кешкілік өрістен қайтқан малдың тұяғынан көтеріліп, тымық ауада белуарға дейін кілкіп тұрып қалған шаңның арасында балалар у-шу болып ойнап жүр екен. Күн Дүйсенбек шалдың қалың талының төбесіне қонақтап, күлімдеп тұр.
Мен балаларға барып қосылдым. Бағанағы өткін ші жауынмен араласа жүретін найзағайдай жан дүниемді осқылап өткен ашу-ыза көңілімнен бір тін-біртін арыла бастаған. Мен «ата жауым» Алманың үйіне қарадым. Өзі көрінбейді. Інісі Бақыт шырттай киі ніп, балалардың ойынын сырттай қызықтап тұр...
– Таң-а-ат, кел, тамағыңды іш, – деген әпкемнің үні жетті соңымнан. Манағыдай емес, дауысында зіл жоқ.
– Қазір.
Менің әпкеме қайтарған жауабым да қошуақ көңілден, көтеріңкі естілді. Біз әпкеміз екеуіміз менің сезімтал көңілім тағы бір нәрседен секем алып, өзімнен-өзім ой тұңғиығына батқанға дейін татумыз.
Бірақ ол менің «штандрды» өзі үшін тастап кеткенімді бәрібір сезген жоқ.