Жетісу – шаруашылығы өркендеген өңір

Жетісу – шаруашылығы өркендеген өңір

Екі миллионға жуық халқы бар Алматы облысының орталығы Талдықорған – шойынжол тартылмаған республикадағы жалғыз қала. Үш қала, 16 аудан мен 770 елді мекенді құрайтын шұрайлы өлке еліміздің экономикалық қозғаушы аймағы болып саналады. Өткен жұмада Орталық коммуникациялар қызметіне ат шалдырған өңір басшысы Аңсар Мұсаханов облыстың тыныс-тіршілігі жайлы кеңінен тарқатқан болатын.

Халық саны 1 млн 943 мыңды құрайтын облыс тұрғындарының 93 пайызы Алматы қаласы мен оның маңындағы аудандарда қоныстанған. Айталық, бүгінде Алматы маңындағы 805 саяжайдың өзінде 140 мыңнан астам адам тұрады екен. Осындай халқы тығыз шоғырланған өңірде әлеумет­тік нысандардың жетіспеушілігі бүгінде анық сезіледі. Жол мен ауызсу мәселесі – өз алдына бөлек әңгіме. Осыған қатысты әкімнің жеке блогына жыл бойы түскен 1170 сұрақтың 450-і тікелей осы мә­се­леге қатысты болып отыр. Саяжайлар­ға елді мекен атауы берілмегендіктен, қаржы бөлу көзделмеген. Есесіне сегіз қала мен 160 елді мекенді газдандыру жұмыс­тары алдағы уақытта іске асатын болады.
«Жыл басынан бері облыста 71 тұрғын үй құрылысы басталды», – деді Аңсар Тұр­сынханұлы. Ал инвестиция тарту жағынан Алматы облысына 10 ай ішінде 5 млрд теңгеден астам қаржы құйылған. Сонымен қатар өткен жылдың қорытын­дысы бойын­ша шағын және орта бизнес өндірген өнім кө­лемі бойынша Алматы облысы бірінші орында келеді. Ал жұмыс орын­дарын то­лық­тыру өсімі жағынан екінші сатыда тұр.
Алматы облысында ауыл шаруашылығы қанатын кеңге жайды
Орта және шағын бизнес бойынша Жетісу аймағында «Сыбаға» бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Мәселен, асылтұ­қым­ды ірі қараның үлесі 14 пайызға артып, қой мен ешкі 21-ге көбейген. «Соның арқа­сында 300-ден астам фермерлік шаруашы­лық, 12 мың бас мал бордақылау орталығы құрылып, қосымша жұмыс көзіне айналып отыр», – дейді өңір басшысы. Биыл жыл ба­сынан бері облыс аумағындағы ауыл­дық­тар 13 млрд теңге қаржылай қолдауға ие болды. Жалпы, ауылшаруашылық өнімдері бойынша облыс тұрғындарды толық қамтып отыр. Бір ғана Алматы қаласын картоп, көкөніс, ет, жұмыртқа, жеміс-жидекпен – 80, сүтпен 40 пайызға қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қоса өзге аймақтарға шығаруға мүмкіншілік мол.
Бағдарламаға сәйкес 21 өңдеуші кәсіп­орын мен 15 заманауи жылыжай мен қойма, 4 сүт фермасы мен мал бордақылау кешені пайдалануға беріліп, 400-ден астам жылыжай мен 128 көкөніс сақтау қой­масы жұмыс істеп тұр. Ауыл шаруа­шылығы өнімдерін өңдейтін 877 кәсіп­орында азық-түліктің 70-тен астам түрі шығарылатыны тағы бар.
«Ауыл шаруашылығында біз бүкіл еліміздің 90% өнімін, 71% жүгері, 74% қант қызылшасы, 20%-дан астам картоп мен жүзім өндіріп отырмыз. Бұл көрсеткіш­тер бойынша, біз – еліміздің жетекші ай­мақ­тарының қатарындамыз. Құс еті (70%), темекі өнімдері (99%) бойынша ал­дыңғы қатардамыз», – дейді Аңсар Мұсаханов.
Алматы дегенде ел дәмі тіл үйірген апортты еске алады. Соған орай облыста бау-бақша шаруашылығын ретке келті­ріліп, 12 мың гектар алма бағы бар. Ал оның ішінде 1400 гектары апортты құрай­ды.
Соңғы үш жыл ішінде ауыл шаруашы­лығында өндірілетін өнімнің жалпы көлемі 1,5 есе өсіп, 2012 жылы 342 млрд теңге немесе республикадағы жалпы өнімнің 17%-на жетті.
Білім мекемелері көбеюде
Білім мекемелерін салу жағынан жыл басталғалы 29 мектеп құрылысы басталып, оның 19-ы пайдалануға берілген. Тағы алтауы жыл соңына дейін аяқталады деп күтілу­де. Сондай-ақ «Балапан» бағдарла­масы бойынша 10 мемлекеттік және 11 жеке­меншік балабақша пайдалануға бері­леді. Негізінен, аймақтағы 743 мектепте 309 мың оқушы білім алуда. Тек биылғы жыл­дың өзінде 14 400 оқушы мектеп табал­дырығын аттады.
Айта кетерлігі – Алматы облысында бүгінгі таңда 227 балабақша мен 436 ша­ғын орталық жұмыс істейді. Сонау жыл­дары жекеге өтіп кеткен мемлекеттік әлеу­меттік нысандарды қайтару жұмысы да нәтижелі. Айталық, 2005 жылдан бері 82 балабақша мемлекетке өткен. Өңір әкімі бүлдіршіндерді балабақшамен қамту деңгейін ұлғайту үшін жаңа құрылысты қар­қынды етіп, жекеменшік балабақша көп­теп ашыла бастаған.
Алматы – Талдықорған арасын теміржол жалғайды
Жетісу өңірі республикалық маңызды жолдардың бір бөлігін иеленеді. Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолы басып өте­тін облыста Жетіген – Қорғас теміржолы аса маңызды магистраль болып саналады. Негізінен, Алматы – Талдықорған тас жолы – апат жиі орын алатын жолдардың бірі. Осыған орай ішкі жолдарды жөндеу үшін бюджеттен 18 млрд теңге қарастырылған. Алматы – Талдықорған бағытындағы жол­­­дың 250 шақырымы осы қаржының негі­зінде қайта қалпына келмекші. Облыста туризмнен түскен табыс соңғы үш жылда 28 пайызға артқан. Ал оның бұдан да көп болуына жолдың талапқа сай болмауы кері әсерін тигізіп отыр.
Осы уақытқа дейін Алматы мен Талды­қор­ған арасында теміржол тартылмағаны қызық. Дегенмен 350 шақырымды құрай­тын екі аралықтағы осы мәселе оң шешімін тауып отыр. Сонымен қатар Алматы мен Талдықорған арасында әуе рейсін ашу да – жоспардағы мәселе. Бүгінде Алматы –Өскемен автожолы құрылысы жүріп жа­тыр. Ал теміржол мен әуе рейсін ашу облыс бюджеті қаржысы есебінен қаржыланды­рылады.
Әуе тасымалын ашу ұсынысы қазір ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде қаралып жатса, теміржол тарту мәселесін­де «Қазақстан теміржолы» АҚ-пен келісім жасалып отыр.
Электр облыста өндіріле бастайды
Электр қуатын өзге өңірлерден сатып алу жағынан Жетісу аймағы алдыңғы қатарда тұр. Дегенмен қуатқа деген тапшылықты жабу жұмысы да жанданып жатыр. Мәселен, осыған дейін 50 пайыз энергия қуатын сатып алып келген аймақ қазір бұл көрсеткішті азайтып отыр. Биыл небәрі 39 пайызды құрады.
«Алматы – энергияға мұқтаж өңір. Алайда өңірде жаңартылмалы энергия­ның дамуына қоры жеткілікті. Облыста 65% гидроэнергиясы ресурстарының қоры бар. 60-қа жуық шағын ГЭС салуға болатын жерлер анықталған. Жоңғар қақпасы, Шелек дәлізі секілді қуатты жел дәліздері белгіленді», – деген Аңсар Мұсаханов қуаты 745 мегаватт 16 ГЭС жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Былтыр  Шарын өзенінде қуаты 300 мегаватт Мойнақ ГЭС-інің екінші желісі іске қосыл­ғаны белгілі. Бұл арқылы облыстың шеттен сатып алатын электр энергиясының көлемі азайып отырған жайы бар. Жаңартылмалы электр қуаты 2012 жылы 30-дан биыл 41%-ға артты», – дейді әкім. Қазір облыста Сарқант ГЭС-2-сі жаңғыртылып, Есік ГЭС-і құрылысы аяқталуға жақын тұр. 2017 жылдың соңына дейін 23 ГЭС, қуаты 920 мегаватт алты жел электрстансысы және екі күн электрстансысы салынады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста