Зеленский Германияны танк беруден бас тартқаны үшін сынады

Зеленский Германияны танк беруден бас тартқаны үшін сынады

Украина президенті Владимир Зеленский неміс ARD телеарнасының эфирінде Германияның Leopard танкілерін Украинаға беруге рұқсат ету туралы ұстанымын сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ақпарат агенттігі DW-ға сілтеме жасап.

 
Зеленский Берлиннің қару-жарақты өз мүмкіндіктеріне емес, басқа елдерге жеткізуге ұмтылысын қолайлы деп санамайтынын айтты.

«Бұл саудаласатын уақыт емес, аман қалатын уақыт. Біздің аман қалуымыз керек», - деді ол телеарна эфирінде.
Оның айтуынша, Батыс тағы алты ай пікірталас жүргізгісі келеді, ал Украинада адамдар күн сайын ажал құшып жатыр. Зеленский Украинаның өзін қорғайтынын, Ресейге шабуыл жасауды жоспарламайтынын айтты.

«Бұл Leopard танкілері Ресей Федерациясына бармайды. Ол  танкілермен біз қорғанамыз», - деп қосты ол.
Сонымен қатар Германияның жаңа қорғаныс министрі Борис Писториус Украинаға Leopard танкілерін жеткізу мүмкіндігі туралы мәселе бойынша ұстамын жеткізді.

«Бұл жұмыс істей ме, жоқ па, күту керек. Біз, әсіресе трансатлантикалық серіктесіміз Америка Құрама Штаттарымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді Писториус RTL және NTV-ге берген сұхбатында.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста