Жалпыұлттық тіл реформасы керек

Жалпыұлттық тіл реформасы керек

«Тілдер туралы» заңның қабылданғанына 20 жыл толғанымен, қайран тіліміздің байлаулы болғанына қазақтың билікке кейісін, орыстанған ағайынға базынасын, өзге ұлт өкілдеріне ренішін қанша айтқанмен, іс өнбей тұр. Мемлекеттің локомотиві болатын мемлекеттік тілді эшелонның соңында қалдырғанымыз, отарлық заманда есеміз кеткен ұлттық мұраттарымызды кешеуілдеткеніміз қалай? Демографиялық дүмпу, ұлттық үрдіс жедел жүргенімен, ұлттық саясатымыздың кежегесі кері тартып отыр. Үстелдің тартпасында жатқан «Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылданбайынша, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін асқақтата алмаймыз. Мәселе заңда ғана емес, әр қазақтың жанайқайы ұлттық намысқа ұласуы, тегеурінді қозғалысқа айналуы керек. Қазақтың санының 67 пайызға ұлғаюымен мемлекеттік тілді тұтынатындардың құқы аяқасты болып барады. Заң да табиғи үрдіске сай жаңаруы қажет.

Қазақстанның тілдік саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік тілдің мәртебесін күшейту және латын графикасына көшу секілді екі үлкен міндет қойылып отырған сияқты. Отарлау саясаты ана тілімізді сарапшы Айдос Сарымның сөзімен айтқанда, креолдық тілге айналдырып жіберді. Әдеби тіл қалыптастыру, лексикалық жағдайын тұрақтандыру мақсатында түбегейлі пуризм саясаты керек пе? Тіл мәселесі – лингвистикалық мәселе ғана емес, жалпыұлттық реформаны қажет ететін стратегиялық, саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани мәселе. Тіл мәселесі әбден қордаланған кезде ұлт шешуші қадамдарға баруға мәжбүр болады. Осы арқылы тіл мәселесін оңтайлы реттеген елдердің әлемдік тәжірибесіне аз-кем тоқтала кетсек. Провинциялары ондаған диалектіде сөйлейтін Жұңғо жұрты аса ауқымды тілдік реформа бойынша 1920 жылдары вэньян диалектісінің орнына путунхуа ауызекі қытай диалектісін стандартты тіл ретінде бекітті. Миллиард қытайды біріктіруші фактор – ортақ тіл. Жоғалған иврит тілі Бен-Иегуданың ежелгі еврей тілі грамматикасының жатық үлгісін құрастыруымен қайта жаңғырды. ХІХ ғасырдың аяғында Даниядан тәуелсіздік алған Норвегия дат тілінің риксмол диалектісін норвегиялық жергілікті нюнорск диалектісімен араластырып, 1929 жылы риксмол әдеби тілін буксмол деп өзгертеді. 1930 жылдары Ататүріктің бастамасымен араб қарпіндегі осман тілін латын қарпімен алмастырғаны мәлім. Сол сияқты фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде вьетнам тілі қытай тілінің ықпалынан арылды. Алғаш тәуелсіздік алған Пәкістан нар тәуекелге бел буып, халықтың сол кезде 7 пайызы сөйлейтін урду тілін ресми тіл ретінде бекіткен.

Бұдан көріп отырғанымыздай, бізге де тілдік бетбұрыс жүргізу қажет. Тілдік бетбұрыс, ең болмағанда, прагматикалық жолмен жүзеге асқаны жөн. Көрші елдерге назар аударыңыз, тілдік үрдіске сай Өзбекстан – 1995 жылы, ал Тәжікстан биыл орыс тілінің «ұлтаралық қатынас тілі» деген ресми мәртебесінен бас тартты. Ресейдің 2005 жылы қабылданған «Мемлекеттік тіл туралы» заңы барлық салада орыс тілінің қолданылуын қатаң міндеттейді. Онда орыс тілінің әдеби нормасына сәйкес келмеген жағдайда сырттан енген шетел сөздерін оның баламасы болмаған күннің өзінде қолданысқа енгізуге жол берілмейді. Сондай-ақ «орыс тілін міндетті қолдану барысында Ресей құрамындағы басқалардың құқығы аяқасты етілді деген мәселе талқылауға жатпайды» деп жазылған Ресей заңын ұялмай көшірсек, біз де өзгелердің құқығына нұқсан келтірмейтініміз анық жайт емес пе? Әзірбайжанның «Мемлекеттік тіл туралы» заңында «әрбір азамат мемлекеттік тілді білуі тиіс» деп қатаң талап қоя отырып, азаматтардың аты-жөнін, фамилиясын әзірбайжан тілінде жазу міндеттелген.

Әлбетте, тіл саясаты конструктивті және деструктивті болып екіге жіктелетіні мәлім. Конструктивті тіл саясаты тілдің функциясын ұлғайту, оның қолданыс аясы мен салаларын кеңейту, әлеуметтік-коммуникативті рөлін арттыру, әдеби тілдік базасын нығайту бағытында жасалады. Ал ұлттық азшылықтардың тілі мен әдебиетіне қысым жасауға бағытталған тіл саясатын деструктивті дейміз. Оның айқын мысалы – патшалық Ресейдің өзгелерді отарлау, орыстандыру саясаты. Тәуелсіз Қазақстанның тілдік саясатының сипаты конструктивті болғандықтан, өзге ұлт өкілдері түсіністікпен және сыйластықпен, ықыласпен қабылдаулары ләзім. Дегенмен тіл саясатының орталықтандырылмауы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қолбайлау болып отыр.

Еске  ұстар:
ЮНЕСКО-ның сарапшылары мемлекеттік тіл мен ресми тілдің айырмашылығын тайға басқандай көрсеткен болатын. Бұл бойынша мемлекеттік тіл – елдің символы әрі саяси- әлеуметтік және мәдени салада интеграциялаушы рөл атқарады. Ал ресми тіл – мемлекеттік басқару, заң шығарушы және сот жүргізу істерінде қолданылатын тіл.

Бәрекелді деуге тұрарлық
Елбасының 2001 жылғы Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нәтижесінде 2001-2005 жылдармен салыстырғанда 2007-2008 жылдары 2-3 миллиардтан астам қаржы қарастырылып, көлемі 30 есе өсті. 2006-2008 жылдарда «Орфографиялық сөздік», «Орфоэпиялық сөздік», «Қазақша-орысша сөздік», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» – 100 мың таралыммен, «Фразеологиялық сөздік», «Диалектологиялық сөздік», «Тұрақты теңеулер сөздігі», «Синонимдер сөздігі» 50 мың таралыммен шыққан екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста