Зайырлылықты атеизммен шатастырып алған жоқпыз ба?

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан қо­ғам­дық қатынас­тар­ діни нормаларға сүйенбей, азаматтық негізде реттеледі, құзы­ретті ор­ган­дардың шешімдері де діни сенім тұрғысында шешіл­мейді. Мем­лекеттің халқы қандай сенімде боламын десе де – өз еркі. Өйт­кені еліміздегі барлық конфес­сия өкілдері заң алдында бір­дей. Бірақ біз осы зайырлылық ұғымын қате түсініп жүрген жоқ­пыз ба? Мәселен, біздің саяси элита мүмкіндігінше өзінің ішкі сенімін жасы­рып қалуға тырысады. Шенділердің ішкі сенімі, рухани түсінігі, наны­мы белгілі болса, оның саяси карьерасы да түгесілетіндей көрі­неді. Осы­ның салдарынан билік пен халықтың арасындағы бай­ланыс алшақтап тұрған сияқты. Оны жақындатудың жолдары бар ма?

Рамазан айы – жақсылықтың жаршысы
Біз бүгін неге бұлай көсіліп отырмыз? Қазір он екі айдың сұлтаны болып санала­тын Рамазан айы туып, бүкіл мұсылман қауымы ауыз бекітті. Осы орайда қанша қа­зақстандықтың ораза ұстағанын білді­ретін нақты дерек жоқ болғандықтан, ло­ги­каға сүйенуге тура келеді. Мәселен, елі­міздегі халықтың 74 пайызы – мұсылман, 23 пайызы – православиелік христиан, қал­ғаны өзге дінде екенін ескерсек, қазір сол 74 пайыздың кемінде төрттен бірі (өйт­кені ол 74 пайыздың ішінде сәбилер, мұсылман бола тұра, ораза ұстамайтындар т.б. бар) ораза ұстап жатыр деуге болады. Яғни еліміздегі бұқараның 18,5 пайызы бес парыздың бірі саналатын ғибадатын өтеуде. Ақпарат құралдары 2012 жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқының саны 16 млн 835 мың адамға жеткенін ха­бар­лаған болатын. Сол 16 млн 835 мың­ның 18,5 пайызы дегеніміз – 3 114 475 адам деген сөз. Сол 3 млн-нан аса бұқара­ның ниеті елдің тізгінін ұстап отыр­ған шен­ділерді селк еткізе алып отыр ма? Тағы да нақты жауап беру қиын. Біздің әкімқаралар Рамазан айында бір мәрте ауызашар берген болады. Бұл 74 пайызы бір дінді ұстанатын елді қанағаттандыра ала ма? Белгісіз. Белгілісі – «мемлекет дін­нен бөлінген» деген сылтау ғана. Біздің ел за­йырлы екені рас. Бірақ зайырлылық жақ­сылық жасауға, кембағалдарға көмек­тесуге, игілікті істердің бастамашысы бо­лу­ға, аштарды тойдыруға қарсылық де­ген­ді білдірмесе керек. Сол үшін де осы қасиетті айда шенділеріміз ізгілікті істердің жаршысы болып, жақсылықтың басы-қа­сын­да жүруіне болады ғой... Бұл – бір...
Шенеунік ең алдымен бұқарамен жақын болуы тиіс
Мұсылмандық – көркем мінез деген сөз. Ислам – әдептілік және жақсы мінез діні. Бірақ солай екенін біле тұра, біздің атқамінерлер өздерін бұқарадан асқақ ұстауға тырысады. Сондықтан да діни мә­се­леге келгенде біз айтып отырған зайыр­лы­лық мәселесін алға тартып, жағдаятты сая­силандырып жібереді. Оған еліміз Тәуелсіздік алған жылдары шеттен келіп, бір­тұтас сенімдегі халықты ағым-ағымға бөліп жіберген миссионерлердің ісі себеп болса керек. Ол кезде түрлі саяси астары бар ағымдар бұқараны ірітіп, азаматтары­мыз­дың санасына шабуыл жасады. Сон­дықтан да біздің саяси элита діни мәселеге «екі шоқып бір қарайтын» сауысқандай сақ. Ал басқа мемлекеттерде ше? Мәселен, Түркия, Иран, Әзірбайжан секілді елдердің билік өкілдері мешітке барып тарауық на­ма­зына қатысады, бұқарамен бірге ауыз ашады, жұма намазына барып, ғибадат жа­сайды, елдің мұң-мұқтажын тыңдайды. Осы қадамдары арқылы халықпен жақын­даса түседі. Демек, олар ораза әрбір бай мен қарны тоқ адамды – кедей мен аштың кейпіне кіргізетінін, аштық пен шөл барлық адамдарды теңейтінін біледі. Ондай ше­неу­ніктер тұрмысы нашар адамдармен қа­рым-қатынас жасап, өркөкіректік пен ас­тамшылық жасаудан да тыйылады. Бұл өз кезегінде сол шендіге деген халықтың ықы­ласын, сүйіспеншілігін арттыратыны айт­паса да түсінікті. Алланың алдында сәж­деге жығылып, халқының амандығын Хақтан тілеген шенеунік ешқашан да жем­қорлық пен парақорлыққа бармайтыны белгілі. Яғни бұл қасиетті ай шенеунік пен бұқара арасын жақындасуға себепші бола алатынын білдірсе керек. Бұл – екі.
Зайырлылық – адамға қатысты емес, сенімге қатысты туған түсінік
Үшіншіден, әлемдік тәжірибеге көз жі­бер­сеңіз, әр елдің идеологиясы тұрғында­ры­ның сеніміне, ұлттық құндылығына, салт-санасына байланысты құ­ралатынын көресіз. Бұл орайда «дін – саясаттан, ал саясат діннен бөлінген» десек те, Қазақ мем­лекетінің негізінде мұсылмандық психологияның жатқанын жоққа шығара алмайсыз. Еліміздің бүкіл руханиятының өзі мұсылмандық негізде дамып жатыр. Өйткені әр қазақ өзін «мұсылманмын» деп санайды. Олай болса, өз шенеуніктерімізді сол қазақтардан, қазақтықтан бөліп қа­рас­тыруға бола ма? Олар «зайырлымыз» деп балаларына азан шақырып ат қоймай ма, сүннетке отырғызбай ма, некесін қи­май ма? Әрине, мұндай жоралғының бә­рін жасайтыны белгілі (ішінара жасамай­тындар бар болуы мүмкін). Демек, олар, ең алдымен, мұсылман, сонан кейін ғана, мемлекеттік қызметкер деген сөз. Кеңестік кезеңде біздің елді атеизмнің жалыны шарпыды. Оның нәтижесінде жаратылыс­тан тыс күштерге (Құдайға, аруаққа, рух­қа, о дүниеге т.б.) сенуді жоққа шы­ға­ратын атеистік көзқарастар жүйесі қа­лып­тасты. Содан болар біздің азаматтары­мыз әлі күнге зайырлылық пен атеизмнің ара­жігін ажырата алмай жүрген секілді. Әйтпесе осы бір қасиетті айда біздің шен­ділеріміз қисайғанға сүйеу болуға, жы­ғыл­ғанды тұрғызуға, жылаған жанардың жасын құрғатуға асығар еді.
Сөз соңы
Әрине, бүгінде біртұтас мұсылман заң­дылықтарына бағынатын ислам мемлекеті болудың пайдасы жоқ. Белгілі бір дінге не­месе діни ағымдарға басымдық берген­нен де ұтарымыз шамалы. Тек мұсылман елі болғандықтан, ата-бабамыздың ұстан­ған жолына құрметпен қарауымыз қажет секілді. Ол құрмет мұсылман мейрамда­рында, ораза секілді қасиетті айларда анық байқалуы қажет. Шенділеріміз мем­лекеттің ресми өкілі ретінде діни мәсе­ле­лерден алшақ болғанымен, азамат ретінде ұлт сенімінен сырт айналмағаны жөн. Се­бебі мемлекеттік саясаттың басым бағы­тын белгілейтін ұлттық идея, ұлттық идео­логия тікелей халықтың сенімімен астасып жатады.

Түйін
Нақты теорияға сүйенсек, зайырлы мемлекеттің заңнамасы толықтай немесе ішінара діни нормаларға сәйкес келуі әбден мүм­кін екен. Демек, мемлекеттің зайырлылығы діни түсініктерге қара­ма-қайшылықпен емес, одан азат болуымен анық­талады деген сөз. Қазіргі біздің мемлекетке қарап отырып, толығымен зайырлы жолда екенін аңғаруға болады. Бірақ сол мемлекеттің қызметін жасап жүрген «жалдамалылар» ғана қасаң түсінік салдарынан өз сеніміне, ұлттық танымына азаттық ала алмаған сияқты. Біздің айтпағымыз осы болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста