Ұлттық алдын алу механизмі деген де болады екен

Ұлттық алдын алу механизмі деген де болады екен

Тәуелсіз еліміз дамып, өркениетті қоғамға нық қадам басып келеді. Алайда солай бола тұра, көп жағдайда адами құндылықтар мен гуманизацияға көңіл бөле алмай жатамыз. Бұған соңғы жылдары ел тұрғындары тарапынан келіп түсетін шағымдардың артуы дәлел болса керек. Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілге тек өткен жылдың өзінде 1300-ден астам шағым келіп түскен екен. Ауызша келіп түсетін арыздардың саны да бұрнағы жылдармен салыстырғанда 38 пайызға өскен.
Бұл, әрине, жалаң деректерге сүйеніп ай­тылған дүние емес. Халықаралық дең­гей­дегі бірнеше ұйымның басын қосып, Астана төрінде «Қазақстандағы ұлттық алдын алу механизмі: қалыптасу және іске асыру мәселелері» атты конференция өткіз­ген адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің пікірі. Қалың бұқара әсіресе сот шешімдері мен құқық қорғау органдарының әрекетіне наразы болып жатады. Бұл – соңғы бірнеше жылда бай­қа­лып отырған құбылыс. «Өткен жылы адам құқықтарын бұзу бойынша халықтан түскен арыз-шағымдардың саны көбейді. Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, аза­мат­тар­дан келіп түскен шағымдардың басым бөлігі сот және құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне, сондай-ақ тұрғын үй сала­сын­дағы тәртіп бұзу­шы­лық­тар­ға бай­ла­нысты», – дейді Шәкіров мыр­за. Адам құ­қы­қ­тары жөніндегі уәкіл арыз-ша­ғым­дардың көбі Астана, Алматы және Қа­ра­ғанды қалаларының тұрғын­да­рынан келіп түсіп жататынын атап өтті.
Жиында Қазақстандағы адам құқық­та­ры жөніндегі уәкілдің Барыс жылы атқарған жұмыстарының есебі ғана тыңдалған жоқ. «Ұлттық алдын алу механизмі туралы» Заң жо­басына қатысты өзекті мәселелері мен халықаралық тәжірибелер де талқыланды. Қазақ елінің осы саладағы жетістігі сөз етілді. Мамандардың айтуынша, адам құ­қық­­тарын сақтау және оны дамыту жо­лын­дағы іс-әрекеті өткен жылы еліміздің ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен кезде ерекше кө­рініс тап­қан. Елімізде адам құқықтары мен заң­ды­лықтарды сақтауды барынша көз­дейтін Ұлттық алдын алу механизмі әзір­леніп жатыр. «Бұл құжат та БҰҰ-ның зор­лық -зом­былықты болдырмау жөніндегі кон­­вен­циясына сай дайындалуда. Жоба мем­­ле­кеттік органдар мен азаматтық қоғам арасында біраздан бері талқыланып келеді. Механизм әсіресе бас бостан­ды­ғынан айыру мекемелеріндегі азаматтарды азап­­тауға, олардың құқын таптауға жол бер­мей­ді», – дейді Шәкіров.
Азаптауға қарсы демекші, өткен жылы бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі заң­сыздықтар біршама азайған. Адам құқы жөніндегі уәкілдің айтуынша, азап­тау­ларға қатысты шағымдар былтыр 3 пайызға кеміген. «Превентивті механизм азаптауларға қарсы қолданылады. Біздің мемлекет азаптауларға қарсы халықаралық конвенцияға қосылған болатын, сондықтан елде осындай механизм болуы керек. Бұл механизмге адам құқы жөніндегі уәкіл мен құқық қорғау органдарының өкілдері қаты­са­ды», – деп атап өтті ол.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста