Ұлт көшбасшыларының тарихи миссиясы

«Тарихты тұлғалар жасайды» деген сөз бар. Рас, ұлт тарихын айтулы көшбасшылар дәуірімен кезеңдеу кеңінен таралған. Ұлттар мен мемлекеттер өзінің өсіп-өркендеуін, гүлденуін, тарихи тағдырын көшбасшылардың рөлімен сабақтастырады. Көшбасшы деген конвейерден топырлап шығатын өнім емес, ұлттың маңдайына ілуде бір бұйыратын бақ. Белгілі бір уақыттағы көшбасшылардың саяси бағыты елдің серпінді дамуында елеулі із қалдырып, тарихта «кемализм», «рейганомика», «тэтчеризм», «маоизм» секілді атауларға ие болды. Ендеше, біз «ұлт көшбасшы­ларының тарихи миссиясы неде?» дегенге жауап іздеп көрсек.

Ұлт көшбасшыларының үш типі бар
Ұлт көшбасшыларын ауқымына, міндеттеріне, сипатына қарай «ұлт атасы», «ұлт ағасы», «ұлттың ұлы» деген үш типке жіктеу дәстүрі қалыптасқан. АҚШ мемлекеттігінің бастауында тұрған, ұлтты өрге жетелеген алғашқы стратегтер – «ұлт аталары» бейнелері доллар банкнотынан көзімізге жиі ұшырап жүр. Дж. Вашингтон, Т.Джеферсон, А.Линкольн сынды «ұлт аталарының» арқасында АҚШ Канада мен Австралия секілді сүрлеуге емес, бүкіл әлемге даңғыл жол салатын биікке иек артты. «Ұлт атасы» деп не үшін аталады? Өйткені «ұлт аталарының» тарихи миссиясы нөлден басталып, жаңа тұрпатты мемлекет, жаңа қоғамдық формация құру секілді, жаңа дүниетаным, жаңаша өмір-салтын қалыптастыру деген сияқты түбегейлі өзгерістермен тұспа-тұс келеді. Ал екінші «ұлт ағасы» типінің тарихи миссиясы – жаңадан мемлекет, ұлт жасау емес, күн тәртібіндегі һәм заман қойып отырған талаптарға лайықты жауап беру, ұлтты төнген апаттан, қауіп-қатерден құтқарып қалу болып саналады. Өмірде ең көп кездесетін көшбасшылықтың «ұлттың ұлы» типінің өкілдері – мемлекетті, ұлтты «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай», межеленген сара жолдан ауытқытпай, сенімді, серпінді дамуына үлес қосып, алма-кезек дәуірлердің тулаған толқындарын қасқая қарсы алатын ұлт кемесінің адмиралы миссиясын атқаруымен көрінеді. Бүкіл адамзат тарихында өз ұлтының көшбасшысы атанып, елін бақытқа кенелткен тұлғалар саусақпен санарлық. Ұлтын өркениетке жеткізген бірнеше ұлт лидерлерінің қайраткерлік өмірбаяны өзгелерге үлгі-өнеге болып отыр.

Ұлтын шексіз сүйген Ататүрік
1881 жылы Осман империясына қарасты Салоникиде дүниеге келген Мұстафаға мұғалімдері есеп-қисапқа жүйрік болғандықтан, Кемал деген лақап есім береді. Жеті жасында әкесінен айырылған Мұстафа әскери жорықтарда өмір мектебін өткеріп, Әнуар паша бастаған «жас түріктер» қозғалысының белсенді жетекшілерінің бірі ретінде ел көзіне түседі. Қолбасшы Мұстафа Кемал ағылшын әскерлерімен шайқастарда елеулі жеңістерге жеткенімен, күні біткен Осман империясын біржола күйреп кетпеуі үшін жаңа түрік мемлекетін құру керектігін түсінеді. 1923 жылы Ұлы ұлттық жиналыс Түрік республикасын жариялап, оның Президенттігіне Мұстафа Кемал пашаны сайлайды. Ол ел астанасын Анкараға көшіріп, еуропалық үлгіде мемлекет құруға күш салады. Мұстафа Кемал ұлттық экономиканы реформалап, оның басты қағидаты ретінде этатизм идеясын ұсынды. Елде тұңғыш рет банк жүйесі жұмыс істеп, «экономикалық ант» қабылданды. Конституциядағы «ислам –мемлекеттік дін» деген бапты алып тастап, зайырлылыққа бет бұрады. Григориан күнтізбесін енгізіп, араб әліпбиін латынға ауыстырады. Елді түріктендіру бағытында түрік тілі қоғамы, түрік тарих қоғамы құрылады. Бұрындары ныспыдан жұрдай болған Түркияда ататек енгізіліп, Ұлы ұлттық жиналыс түрік халқының алдында сіңірген еңбегі үшін Мұстафа Кемалға «Ататүрік» деген жоғары лауазым береді. Ғази Мұстафа Кемал Ататүріктің «ататүрікшілдік» немесе «кемализм» деп аталған қағидалар жиынтығы – қазіргі Түркияның мемлекеттік идеологиясының алтын діңгегі. 1937 жылы ресми түрде Түркия Республикасының Конституциясына да енгізілген кемализмнің алты қағидасы төмендегідей: 1. республикашылдық; 2. халықшылдық; 3. ұлтшылдық (ұлтжандылық); 4. мемлекетшілдік; 5. зайырлылық; 6. революцияшылдық (тоқырауға жол бермеу, үнемі даму үстінде болу).

Америкалықтардың бостандығын баянды еткен Вашингтон
Вирджиния штатының бақуатты плантаторының отбасында дүниеге келген Джордж Вашингтон (1732—1799) 20 жасынан бастап, армия қатарында француздармен, үндістермен соғыста мол әскери тәжірибе жинақтайды. Вашингтон Бірінші және Екінші континенталдық конгрестің мүшесі болып қоймай, континенталдық армиясының қолбасшысы бола жүріп, АҚШ-тың Британиядан тәуелсіздік алуына көп еңбек сіңіреді. Ол ала-құла елде әскери диктатура орнауға жол бермей, өміршең Конституцияның негізін қалап, АҚШ-тың демократиялық жолмен дамуына даңғыл жол салды. Шебер басқарушы, өте беделді Президент Джордж Вашингтон құдіретті король, диктатор болуды емес, биліктің бейбіт, сайланбалы түрде ауысқанын қалады. АҚШ-тың тарихында өзіндік із қалдырған 44 Президенттің арасында дәл осы Вашингтонның шоқтығы биік.

Ресейді еңселі ел еткен І Петр
Орыс патшасы Александр Михайловичтің екінші әйелінен туған І Петрдің (1672—1725) еуропаландыру саясаты Ресейді құдіретті державаға айналдырды. Ол бір жыл бойы Еуропаға жасаған саяхатында кәрі құрлықтың әскери-теңіз соғыс өнерін үйреніп, фабрика, мектеп, музейлерін аралап, тіпті ағылшын парламентінің сессиясына қатысады. Петр еліне орала сала, түбегейлі реформалар іске асады: юлиан күнтізбесі енгізіледі, орыс алфавиті жаңғыртылады, тұңғыш рет орыс флоты жасақталады. Дворяндардың қауғадай сақал-мұртын күзеп, батысша киінуге жарлық шығарады. Петр заманында орыстар түрік, шведтермен соғыста жеңіске жетіп, Ресей империясы ұлғаяды. Солтүстік жердегі батпақтан өзінің атындағы Санкт-Петербор қаласын салып, 1712 жылы ел астанасын сонда көшіреді.

Қытай миллиондаған адамды қырған Маоға қарыздар
Қытай коммунистік партиясын 27 жыл бойы басқарған Мао Цзэдун (1893 — 1976) бытыраңқы жұңғо жұртын біріктіріп, қазіргі Қытай ауқымына жеткізді. 20 жасында марксизм ілімін көкірегіне құйған Мао кедей елді капитализмнен социалистік даму арнасына қарай бұрады. Оның елді индустрияландыруды, ауыл шаруашылығын, халыққа білім беру мен денсаулық саласын мықтап дамытқаны жеміс берді. Маоның режимінде 20-30 миллион адам қырғын тапса да, Қытайда өздерін Маоға қарыздар санайды. Тіпті, Маоның кезінде жұмысқа кешіккен жұмысшы Маоның суретіне қарап, одан кешірім сұрайтын болған.

Ой-тұжырым:
Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің пікірінше, ұлт көшбасшысы басты категориясы – моральдік, ұлтшылдық болып саналады. Қазақ қоғамында биліктің сакральді болуы себепті халық хандарын ерекше құрметтеген, жадынан өшірмеген. Ал ханның атақ-абыройы, сакральді билігі ешқандай заңдастыруды қажет етпеген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста