Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі талқыланды

Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі талқыланды

Кеше Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.
Конференция барысында ондаған баяндама жасалып, ғалымдар ғылыми тұ­жырымдарын ортаға салды. Конференция бірнеше секцияға бөлініп, түркілердің әлемдік өркениеттен алатын орны сала бо­йынша ғалымдар талқысына түсті. Түр­кілер өркениетін ғылымиландыру мақсатында түрлі тақырыптардағы ғылыми баяндама­лар әр секцияда оқылып, түркі бірлігінің Қазақ елі үшін берері, түркі халықтарының тарихының ортақтығы, салт-дәстүрлерінің бірегейлігі, т.б мәсе­лелер сөз болды.
Сіз не дейсіз?
Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылымының докторы, профессор:
 – Жалпы, ғалымдар түркі этнонимі арабтың «ержүрек, батыр» деген сөзінен шыққан деп жүр. Түркілер тарихын 552 жылы Бумын қағанның қағандық құрғанынан бастаймыз. Арабтар қазіргі Қазақстан аумағына VІІІ ғасырда ғана келген. Сол VІІІ ғасырда қазіргі Тараз қаласының маңында қытай, араб, түркі өркениеті тоғысып, ақырында арабтар жеңіске жетті. Еліміздегі араб мәдениеті сонан кейін ғана түркі өркениетімен ықпалдасып, Қарлұқ, Қарахан тұсында дамыды. Ендеше, неге түркі сөзінің этнонимі араб сөзі деп жүрміз. Қытай жылнамалары түркі сөзін «бас киім» деген сөзбенен мағыналастырады. Сақтардың ішіндегі Тигрохауд-сақтарын «шошақ бөріктілер» дейміз ғой. Мұнымен бірге тарихтағы «дулылар», «дулығалылар» деген атаулар түркі сөзінің этнонимін анықтауға көмектеседі деп ойлаймын. Қытай жазбаларында Алтай тауының өзі дулығаға ұқсайтыны жазылған. Түркілер өркениетін ғылымиландыра­мыз десек, алдымен сөздің шығу тарихын анықтап алайық. Екіншіден, біз түркі қағандарын түгелге дерлік тарих кітаптарына кіргізген жоқпыз. Бумын қағаннан кейін билікке Мұқан қаған, одан кейін Табар қаған келді. Табар қаған өлгенде ұлы Төременді жас болғандықтан, ел билігін Әміре қаған ұстады. Мұнан кейін ел билеген Шату (Шпана), Аба (Төременді) қағандарды зерттеуіміз керек. Қазір біз тек Енесей бойындағы Күлтегін жазбаларындағы қағандарды ғана білеміз. Үшіншіден, Түркі қағандығы батыс, шығыс болып екіге бөлінген жоқ. Бұл орыс ғалымдарының топшылауы ғана. Қазақтың үш жүзінде үш ханы болғаны секілді түркілерді екі қаған басқарды деп түсінуіміз керек.
Айта кетерлігі, конференцияға шетел­дің ғалымдары да қатысты. Сонымен бірге, Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті конференция барысында дайындалған баяндамаларды жинақтап, кітап етіп шығармақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста