«Тоқаевтың Қытайға баруында үлкен себеп бар» - АҚШ басылымы

«Тоқаевтың Қытайға баруында үлкен себеп бар» - АҚШ басылымы

Ол – өз билігін сақтап қалудың амалы еді.

Орта Азия президенттерінің Қытайда өтіп жатқан қысқы Олимпиадаға делегация болып баруының үлкен себебі бар. Ол – өз билігін сақтап қалудың (диктаторлық режім) амалы еді. Осылай деп жазады АҚШ-тың танымал The Diplomat басылымы.

Басылым Шыңжаңдағы аз ұлт өкілдерін қудалауға байланысты Қытайдағы Олимпиадаға Батыс елдері бойкот жариялаған тұста Орталық Азия елдерінің басшылары Пекинге не себепті барды деген сұраққа жауап іздейді.

Мақала авторы Кэтрин Путц қаңтар айының соңында ғана Орталық Азияның бес президенті Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған виртуал саммитке қатысқанын еске салып, «Пекинмен байланыс орнату үшін сапарлатудың қажеті жоқ еді» дейді.

Глазго университетінің Орталық Азияны зерттеу жөніндегі профессоры Лука Анчески «Орталық Азия басшыларының Олимпиада ойындарының ашылуына қатысуы олардың ғаламдық тәртіпті қайта құру үшін қалыптасып жатқан халықаралық авторитар жүйенің ажырамас бөлігі екенін көрсетеді» деген пікір айтады.

Ал Бішкектегі ЕҚЫҰ академиясының аға ғылыми қызметкері Нива Яудың айтуынша, «бүкіл әлем Шыңжаңдағы ұйғыр мәселесіне көз тігіп отырғанда Орталық Азия елдерінің өзін толық қолдайтынын көрсету Пекин үшін аса маңызды».

Нива Яу «Қытай көзімен қарасақ, Орталық Азия басшыларының Пекинге баруы «Шыңжаңдағы саясатты аймақ қолдайды» дегенге жұбаныш» дейді. «Ұйғыр мәселесін «аймақтық мәселе» күйінде сақтау сырттан араласуды болдырмаудың ең күшті жолы».

Оның айтуынша, Шыңжаңдағы саясатқа қарсы шыққаннан Орталық Азия елдері көп нәрсе ұтпайды. Өйткені Қытайды қолдау арқылы бұл елдер экономикалық пайдаға кенеледі, ал бұл биліктен айрылмауға мүмкіндік беретін ресурстар мен қолдауға ие болу деген сөз.

Пекинге сапарлау арқылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиядағы Қытай және өзге де авторитар державалардың қолдауын өз билігін сақтап қалудың шарты ретінде қарастыратынын көрсетті дейді Анчески.

Тоқаевпен кездесуде Қытай төрағасы Си Цзиньпин оны қолдайтынын ашық білдіріп, Қазақстанға сапармен келу ұсынысын қабыл алды. Қытай басшысы пандемия басталғалы өз елінен шықпағанын ескерсек, бұл ерекше оқиға дейді автор.
Басылым қаңтар соңында Орталық Азия басшыларымен кездескенде Си Циньпин «сыртқы күштердің түрлі-түсті төңкерістерді ұйымдастыру әрекетіне» тосқауыл қою, «құқықты сылтау етіп» өзге елдердің ішкі ісіне қол сұғуға қарсы тұру арқылы «тату-тәтті достықты» нығайтуды сөз еткенін еске салады. Анческидің ойынша, Қытай мен Орталық Азия елдерін жақындастырып тұрған басты нәрсе – экономика, ал оның олимпиадада төбе көрсетуден гөрі анағұрлым терең саяси мәні бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста