Тоқаев министр, әнші және блогерге марапат табыстады

Тоқаев министр, әнші және блогерге марапат табыстады

Бұл туралы Sputnik Казахстан порталы хабарлайды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды табыстады

Салтанатты жиынды ашқан Тоқаев Тәуелсіздік күні – ұлт мерейін өсіретін ұлық мейрам екенін атап өтті.

"Біз тарих тұрғысынан алғанда қысқа мерзім ішінде жаңа Қазақстанның негізін қаладық. Тұғыры берік, экономикасы қуатты, беделі биік мемлекетке айналдық. Мұның бәрі – ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының жемісі. Сонымен бірге бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі", - деді президент.

Ол кез келген халықтың табысқа жетуі азаматтарына байланысты екенін айтты. Адам капиталы мен мықты мемлекет – барлық қиындықты еңсере алады. Тәуелсіздік кезеңінде халқымыз елдіктің бірегей үлгісін көрсетті. Шын мәнінде, біздің бүгінгі жетістігіміз – барша халқымыздың ортақ жеңісі, деп жалғастырды сөзін мемлекет басшысы.

"Жаңа Қазақстанды өркендетуге азаматтарымыздың көбі сүбелі үлес қосты. Бүгінгі мерейлі сәтте еліміздің барша азаматына табанды еңбегі үшін зор алғыс айтамын", - деді Тоқаев.

Президенттің қолынан мемлекеттік марапат алғандардың арасында белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлік бар. Оған "Құрмет" ордені табысталды.

 
"BI Group" холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рақымбаев IІI дәрежелі "Барыс" орденімен, опера әншісі Зарина Алтынбаева "Құрмет" орденінмен марапатталды. Тағы бір өнер жұлдызы – "Дервиши" тобының әншісі Дильмурт Бахаров "Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi" атанды.

"Ночной дозор", "Дневной дозор" фильмдеріндегі рөлімен таныс актер Нұржұман Ықтымбаев II дәрежелі "Барыс" орденін алды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жәмила Бақбергенова марапатталды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге  ІІ дәрежелі "Даңқ" ордені табысталды.

Блогер Денис Кривошеев "Шапағат" медалін тақты. Бұл марапат белсенді және жемісті қызмет, шапағат пен қайырымдылық үшін беріледі. Дәл осы медальмен танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев та марапатталды.

Айта кетері, Ақордада өткен салтанатты рәсімде ыңғайсыз жағдай болды. Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан IІI дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. I және ІI дәрежелі ордендерге қарағанда, ол мойынға тағылады. Алайда депутаттың көңілі толқыса керек, қолын көтеріп, лентаны иығына аспақ болды. Бірақ президент оны тоқтатты.

Sputnik Казахстан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста