Төл Тәуелсіздік туралы айтқан жөн

Төл Тәуелсіздік туралы айтқан жөн

Кеше С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өткен «Тәуелсіз Қазақстан: тарихы мен тағылымы» тақырыбындағы конференцияда ел ағалары бүгінгі Тәуелсіздіктің тағылымын тағы бір мәрте таразыға салып, оның ащысы мен тұшысын жас ұрпаққа жеткізуге тырысты. Ал кейбір қоғам қайраткерлері Тәуелсіз тарихымыздың айтылмай жүрген тұстарын ашып берді.
Осындай тұстардың бірі – 1979 жылғы Ақ­мола көтерілісі. Жазушы, қоғам қай­рат­кері Алдан Смайылдың пайымдауынша, қа­­зақ жастарының ерлігі осы Ақмола өңі­рінен басталды. Сол кезде Павлодар, Ақ­мола, Қарағанды және Көкшетау облыс­та­ры­ның кейбір аудандарын қосып, неміс ав­тономиясын құру туралы Кеңестер Ода­ғы­ның Коммунистік партиясының ор­та­лық ке­­ңесі саяси бюросының құпия шешімі қабылданғаны тарихтан белгілі. «Бұл Тә­уел­сіздіктің басты тұғыры – жерімізден ай­ры­лу деген сөз еді. Сонда осындағы қазақ жас­тары қаймықпастан көшеге шығып, екі күн бойы наразылық шерулерін өткізді. Осыдан кейін Коммунистік партияның Ор­талық кеңесі саяси бюросы өзі шығарған ше­­шімнің күшін жоюға мәжбүр болды. Бұл – Кеңестер тарихында болмаған жағдай. 1979 жылғы Ақмола жастарының ерлігі бол­­маса, 1986 жылғы Алматыдағы Жел­тоқ­­сан көтерілісінің болу-болмауы не­ғай­был. Мен оны батыл айтамын. Өйткені 79-шы жыл­ғы қазақ жастары Кеңестер Ода­ғы­ның ше­шімін өзгертуге болатындығын, халық бо­лып бірігіп, жеңіске жету мүмкін екендігін дәлелдеп берді. Ол тоталитарлық жүйеге қар­сы шыққан қазақ жастарының алғашқы жеңісі еді. Олардың рухы өшкен жоқ. Сол рух Желтоқсанға ұласып, бүгінгі Тәуел­сіз­ді­гіміздің көгінде қалықтап жүр.  Өкі­нішке қа­рай, сол кездегі жастардың ер­лігі туралы та­рихшылар да, сая­сат­та­ну­шылар да айт­пайды», –  дейді А.Смайыл.
Әрине, егемендік алғаннан кейін де қо­ғам ішіндегі Тәуелсіздік үшін күрестің жал­ғас­қандығы жасырын емес. Енді ол күрес тіл үшін тартысқа ұласып отыр. Шы­ны керек, қазіргі кезде ол тартыс бар. Бірақ Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында оның салмағы бүгін­гі­ден де ауыр болды. Себебі Ақмола өңіріндегі қа­зақ халқының үлесі 20 пайыздан да асқан жоқ. Сондай кезде жер­гілікті қазақ азаматтары «Тіл және мә­де­ниет» атты қоғам ашты. Ол ұйым қазақ хал­қының білімі мен мәдениетін кө­теруге бар күш-жігерін салды. Қазақ мектептері мен балабақшаларын ашуға ат­са­лыс­ты. «Міне, осындай ұйымдар ел Тәуел­сіз­дігі ны­ғайғанша, Қазақстан өзінің парла­мен­тін құ­рып, үкіметі өз қызметіне кіріс­пе­йін­ше, күн-түн демей, бір сәтке де өз жұмысын тоқ­­татқан жоқ. Тәуелсіздік деген –  осы», – дей­ді А.Смайыл.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста