Тәуелсіздікке екі жыл толғанын қалай атап өтіп едік?

Тәуелсіздікке екі жыл толғанын қалай атап өтіп едік?

Тарихи тұрғыдан алғанда, қас қағым сәттей болып саналатын 20 жыл ішінде еліміз даму жағынан кейбір елдер бірнеше ондаған жылдар бойы өтетін тарихи кезеңді артқа қалдырып, өзінің мерейтойына аса зор табыстармен келіп отыр.
Осындай жағымды хабарлар мен жа­ңа­­лықтарды естігеннен кейін, көңілге сөз­бен айтып жеткізе алмайтын небір қуа­ныш­ты сезімдер ұялайды. Елің үшін, хал­қың үшін мерейің өсе түседі. Осындай сәт­терде тарихшы болғандықтан болар, «осы­ның бәрі қалай болып еді, неден бас­та­лып еді, қандай қиындықтар болды, олардан қалай өттік?» деген сауалдар ойға оралады. Осыған байланысты осыдан 20 жылдай бұрын сол кездегі С.М.Киров атын­дағы, қазіргі күнгі Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінің тарих фа­куль­тетінде ел Тәуелсіздігіне екі жыл толғанын қалай атап өткеніміз жайын­да айтып ө­т­сем деймін.
Ол кезде біздің жасымыз 20-ның ор­та­сында және тарих факультетіндегі жас оқы­тушылар едік. 1993 жылдың 16 жел­тоқсаны күні шамамен сағат 11-12-лер шамасында жаңадан ғана тағайындалған деканымыз, тарих ғылымының кандидаты, доцент Жамбатырова Гүлжаухар Шағатай­қызы өзі аралап жүріп, кафедра­лар­дағы оқы­ту­шыларды 402-аудиторияға жина­лыс­қа шақырды және оған бәріміздің мін­дет­ті түрде қатысуымыз керек екендігін ше­­гелеп ескертті. Апайымыз қазір бұл дү­ние­де жоқ, жатқан жері жайлы болсын, өте білімді, парасатты адам болатын. Өзі орыс­­тілді болса да, жас қазақ жігіттері мен қыз­дарының қамқоршысы, ақылшысы бо­лып жүретін. Апайымыздың сөзін екі ет­пей, біз – сол кездегі жас оқытушылар: Ш.Әмір­­беков, Т.Мекебаев, С.Сапанов, Ж.Бек­­­мағанбетов және мен аудиторияның ең артқы жағындағы орындықтарға алдын ала жайғасып алып, жиналыстың бас­та­луын күттік. Бір-бірімізден «бұл не қылған жи­налыс?» деп сұрағанымызда, ештеңе ай­та алмадық және ешқандай жауап ала ал­мадық. Бір кезде аудитория толды. Ал­дың­ғы қатарларда – факультеттің ақса­қал­дары мен кафедра меңгерушілері, одан ке­йінгі қатарда – орта жастағылар, ал біз – соң­ғы қатардамыз. Деканымыз келіп, жи­налысты ашқанша, отырғандардың бәрі не үшін бас қосып отырғандарын біле алмай, бір-біріне сұраулы көзбен қарасып отырды. Бір уақытта деканымыз келді де, жиналысты ашты. Оның жиналысты ашар кездегі сөздері есімде қалыпты. Ол былай деп еді: «Жаңа ғана жоғары жақ­­тан (ректоратты айтып отыр – Б.К.) ха­бар­­лады, бүгін, яғни16 желтоқсан – Қазақстан Рес­публикасының Тәуелсіздігін жариялаған күн. Соған байланысты біз салтанатты ж­и­на­лыс өткізуіміз керек, сол үшін сіздерді жи­нап отырмын». Біз шұғыл түрдегі жи­на­лыс­тың себебін сонда ғана білдік. Де­ка­ны­мыз­дың сөзі салтанатты болса да, ол көп­ші­ліктің арасында күбір-күбір әңгімелерді ту­ғызды. Тіпті мысқылдап күлген және ты­жы­рынған әжуа дауыстар да естіліп жатты. Ол кезде факультетімізде өзге ұлттардың өкіл­дері жетерліктей еді және солардың ығ­ы­на қарай барлық жиындар орысша өте­тін. Олардың Тәуелсіздікке қалай қа­ра­ғаны белгілі. Тіпті орыстілді қазақтардың өзі Тәуелсіздігіміздің ертеңіне сенбей, оны жай оқиғаның бірі деп қабылдағанын бә­рі­міз білеміз. Өткен ғасырдың 90-жыл­да­ры­ның басындағы еліміздегі әлеуметтік-эко­номикалық жағдайлардың қиындығын орыстілділердің көпшілігі Тәуелсіздіктің сал­дарынан деп қабылдап, бар қиын­шы­лық­тарды соған аудара салатын. Соның ай­қын көрінісі Тәуелсіздік мерекесіне ар­налған салтанатты жиында айқын бай­қа­лып тұрды.
Кіріспе сөзден соң деканымыз «кім сөй­лейді?» деп залға ұсыныс білдіргенімен, еш­кім де сөз алуға асықпады. Ұсынысын бір­неше рет қайталағанымен, мінберге еш­кім шықпады. Бір ыңғайсыз жағдай қа­лыптасты. Содан кейін Гүлжаухар Ша­ға­тай­­қызы алдыңғы қатардағы ардагер-ақ­са­­қал­­дарға жақындап барып, сөз сөйлеуін өті­ніп сұрады. Ағайларымыздың бірі амал­сыздан мінберге көтеріліп, сөзін кібіртіктеп ба­с­тады да, одан әрі шешіле сөйлеп кетті. Сон­дағы ағайымыздың сөзінен ұққанымыз: «Қазіргі кезде заман, уақыт өзгеріп жатыр, соған байланысты құндылықтар да өзге­ру­де. Бүгінгі қазақтілді газеттер көп атау­ларды бұрмалап жазып жүр. Мысалы, біз «Россия», «Москва», «Мавзолей», «Ленин» деген сөздерді естігенде, ерекше сезімге бөленіп, рухтанушы едік, ал қазіргі қазақ газеттері осы сөздерді бұрмалап «Ресей», «Мәскеу» деп жазуда. Бұл сөздер біздің рухымызға ешқандай әсер етпейді», – деп сайрап тұр. Мынадай сөздерді естігенде арт жақта отырған біз, жас оқытушылар, ағайымыздың пікірлерінің қате екендігін сездіргіміз келгендей аяқтарымызбен еденді тепкілей бастадық. Деканымыздың өзі де сөйлеушінің сөз ауанын аңғарып, оны отырғызуға асықты.
Одан кейін екінші сөз алған ағайлары­мыз­дың бірі де мереке жөнінде еш сөз айт­пай, ел тарихын зрттеудің қажеттілігін, та­ри­­хымызға қатысты жазба деректердің ше­­­телдерде көп екендігіне, сол жақтарға ба­ру қажеттігіне назар аударды. Сыйлап, құр­меттеп жүретін ағайларымыздың мы­на­­дай жиында осылай сөйлегендеріне біз, жастар жағы, наразы бола бастадық. Ағайымыз сөзін аяқтап, орнына отырған соң, деканымыздың «кім сөйлейді?» деген ұсынысына орай, бірден қолымды кө­тер­дім. Біздің, яғни жастардың, ағайла­ры­мыз­дан айырмашылығымыз – 1986 жыл­дың желтоқсанында алаңда болып, 1989 жыл­дан бастап Алматының көшелері мен алаң­да­рындағы саяси митингілерге, шеру­лер­ге жиі қатынасқандықтан, саяси бел­сен­­­ді­лігіміз жоғарылау болатын. Соның әсе­рі бо­луы керек, ызалана бірден сөйлей бас­­та­дым. Айтылған сөздерді қазір дәлме-дәл қай­талап шығу мүмкін емес, дегенмен де сол мінберде төмендегідей ойларды айтып өттім.
«Біз бәріміз тарихшымыз, тарихта тә­уелді елдердің болғанын білеміз. Олар тә­уел­сіздігін бірнеше ғасырлар бойғы кү­рес­тер барысында алған. Біз де өткен жылы еліміздің Тәуелсіздігін алдық. Қазіргі кез­дегі қиыншылықтарға байланысты бұл ме­ре­кені тойлау түгіл, әркім өз басының жағ­да­йын ойлап жүр. Бұл қиыншылық – уа­қыт­ша, өтпелі кезеңнің ауыртпалығы ғана. Экономикамызды жақсартуға болады, бірақ оған уақыт керек. Әлі бұл мерекенің 5 жылдығы, 10 жылдығы, 15, 20, 25, 50 жыл­дығы болады. Сонда бұл Тәуелсіздік ме­рекесін бүкіл ел болып тойлайды. Әрбір елде, мемлекетте әртүрлі мейрамдар бар. Олар ұлттық мереке, діни мереке, кәсіби ме­реке, мемлекеттік мерекелер болып бө­лі­неді. Әр мерекенің өз орны бар, солардың ішінде мемлекеттік мерекенің орны бөлек. Бүгінгі күн – біздің мемлекетіміздің бас ме­рекесі күні. Мен барлықтарыңызды еге­мен­дік алған еліміздің осы бас мерекесімен құт­тықтаймын», – деп сөзімді аяқтадым. Соң­ғы сөздер салтанатты және жалынды түр­де шыққан болуы керек, деканымыз бі­рінші болып қол шапалақтап, оны зал­да­ғылар қостап кетті. Мінберден түсіп келе жат­қанымда, деканымыз өзі алдымнан шы­ғып, қолымды қысты да, бетімнен сүй­ді. Сосын: «Рақмет, жастар осындай жігерлі, ба­тыл болуы керек. Бұл күн, шынында да, бас мереке болады», – деп айтты.
Қазір сол өткен күндерге қарасақ, елі­міз қиыншылықтарды артқа қалдырып, дамудың небір саты­ла­рынан өту үстінде. Мемлекетіміздің бас мерекесі – Тәуелсіздік кү­нін де дүбірлетіп атап өттік. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейлі бе­лесінде тұрып, осыдан 20 жылдай уақыт бұрын бұл күннің елі­міз­дің бас мерекесіне айналатыны туралы айтылған сөздеріміздің шын­дыққа айналғанын көріп отырмыз. Бүкіл қазақ елін мем­ле­кетіміздің бас мерекесімен құттықтай отыра, Тәуелсіздік тұғыры берік болып, көк Туымыз аспанда желбірей берсін демекпін. 

Берекет Кәрібаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымының докторы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста