Тәуелсіздік үшін күрескен тұлғалар туралы жарлық қабылдануы мүмкін

Тәуелсіздік үшін күрескен тұлғалар туралы жарлық қабылдануы мүмкін

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалар туралы» Жарлығы қабылдануы мүмкін.

Бұл туралы аумақтық тұтастық үшін тәуекелге барған дара тұлғаларды, қоғамдық және саяси ұйымдардың қозғалысына қатысушыларды, сонымен қатар қызмет бабында мемлекеттік қудалау мен қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтауға бағытталған құжаттың алдын ала жобасы дайындалды. Тиісті заң жобаны әзірлеп, Парламент қарауына ұсыну көзделген. Бұл туралы cаяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесі мен Ақтөбе облысының әкімдігі ұйымдастырған семинарда айтылды.

Сабыр Қасымов, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мемлекеттік комиссиясының мүшесі:

–  Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына өтініш жасамақшымыз. Үкіметке тапсырма беріп, тәуелсіздік үшін күрескен азаматтарды ақтау жөніндегі Заң қабылдауға. Сол заңда қаһармандар туралы заңдылық статус, олардың дәрежесі кім, сол қаһарманға сәйкес болуы керек. Онлайн және офлайн форматта өткен семинарда Қазақстанның барлық 17 аймағындағы өңірлік комиссиялардың жұмыс топтары өз ойларын білдірді. Баяндамашылар мұрағат қорларынан бұрын белгісіз саналған материалдардың табылып жатқанын және басқа да құжаттық деректердің әлі де көп екенін айтты. Жанна Қыдыралина, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының директоры: - Комиссиялардың бірқатар мүшесі осы орталық мемлекеттік архивтерде соның ішінде арнайы органдардың жабық мұрағаттарында және аймақтық мұрағаттарда құпиясыздандыру комиссияларында мүшелік етеді. Көптеген материалдарды құпия грифын алып тастау жөнінде ұсыныстар беріп жатырмыз.

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста