Шетелдегі қазақ ауылдарын біріктіре аламыз ба?

Шетелдегі қазақ ауылдарын біріктіре аламыз ба?

Біздің еліміз шеттегі 5 млн қазақты сақтап қалу үшін екі мәселені нақтылап қолға алуы керек секілді. Біріншісі – Тәуелсіздік алған тұста басталып, жалғасын тауып келе жатқан көші-қон мәселесі. Қазір іркілді дегенімізбен, болашақта қайтадан қарқын алуы тиіс игі бастама. Екіншісі – шетелдегі қазақтың жұтылып кетуіне жол бермеу мақсатында қазақ диаспоралары көп қоныстанған елдердегі қандастарымызды бір ортаға шоғырландыру ісі. Жалпы, екінші мәселені, яғни шетелдегі қазақтарды бір мекенге, бір ауданға, бір облысқа топтастыру бізге не береді? Саралап көрейікші...

...қажеттілігі
Шетелдегі Алаш жұртын бір ортаға шо­ғырландыру мәселесі – шығыстағы Үн­діс­таннан бастап, батысымыздағы Еуропа ел­дері мен АҚШ аралығындағы ұлан-ға­йыр атыраптағы сансыз мемлекетті екін­ші Отаны еткен қазақтардың бәріне қа­жетті бастама. Олар өздері тұратын мем­ле­кетте топтаса өмір сүрсе, тілін, ділін, дінін ұмыт­паған болар еді. Сол орталықта отандық телеарналардың, баспасөздің жетімділігін де жүзеге асыруға жол ашылар еді. Бұл орай­да «шетелдердегі қазақтарды бір ор­та­ға шоғырландыру мәселесі шын­дығын­да да олардың қазақтығын сақтап  қала ала ма» деген сауал туындайтыны рас. Біз­дің пікірімізше, осы арман орын­далса, сол елдегі бауырларымыз салт-санадан айы­рылмайды. Оған мысал ретін­де Моң­ғо­лияның Баян-Өлгей аймағын алуға болады. 1940 жылы Баян-Өлгей аймағын құ­­руда қазақтың біртуар тұлғасы Жеңісхан Дү­зелбайұлы ерен еңбек етті. Сол Жеңісхан Дүзелбайұлының ықпалымен бір кез­­дері Хобда аймағының батыс өңіріндегі моң­ғол мен қазақтарды басқарған, мар­­шал шенін алған, моңғол елінің әй­гілі қол­­бас­шысы Чойбалсын моңғол хал­­қы­на: «Қа­зақ халқын «бага ястан» (ұсақ сү­йек­­тілер) деуді, «хасаг» деген атау­лар­­ды тоқтату керек. Қазақ ұлтының моң­ғол ұлтынан еш айырмашылығы жоқ. Қазақ халқы Моңғолия мемлекетінің өзі­нің ұлт тілінде мектебі бар, баспасөзі бар дербес бір аймағы бола алады», – деген екен. Со­нымен қатар қазақ ұл­ты­ның 12 ерекшелігін тізіп, моңғол хал­қы­на үлгі етіпті-міс. Енді қараңыз, сол Чой­­балсынның шапағаты нәтижесінде Баян-Өлгей аймағының 97 мың қазағы Алтай сум, Толбо сум, Сагсай сум деп «сумдатып» кете баратын 15-ке жуық елді мекенде түтінін түтетіп, қазақи салт-дәстүрін сол қалпында қаймағын бұз­бай ұстап қала алды. Тіпті қазір қазақтың ұмыт болған қаншама ұлттық құндылығы сол жақтан бізге келіп жатыр.
Анадолыдағы «Қазақкент»
Сонымен қатар бір орталыққа қоныс­танудың қажеттігін шетелдегі қандаста­рымыз бізден де жақсы түсінеді. Өйткені қазақ болып қалу – олардың  басты мақ­саты. Мысалы, 1972 жылы Түркиядағы қазақтар Түрік үкіметіне өтініш жасап, құрылыс салу үшін жер беруді сұрайды. Түркия өтінішті қанағаттандырып, соның нәтижесінде Қазақкент ауданы бой көтер­ген. Қазір ол аудан Гюнешли (Күн сәулелі)  деп аталса да, Еуропадағы қазақ­тардың рухани «астанасына» айналып отыр.
Калифорниядағы Kazakh Land
Әрине, оқырман қауым «шетелдегі қазақтың басын бір орталыққа шоғыр­ландырудың жолдары қайсы?» деп сұрауы мүмкін. Оған АҚШ-тың Калифорния штатының әйгілі Малибу жағажайындағы Kazakh Land атты этникалық қазақ ауылын мысалға келтіруге болады. Бірақ бұл – біз ойлағандай ауыл емес, демалыс орны. Сол Kazakh Land-та тігілген киiз үйлерге туристер мен демалушылар ағылып жататын көрінеді. Себебі еуропалықтарға қазақ­тың ұлттық тағамдары мен сусында­ры, салт-санасы, ұлттық түсінігі таңсық. Осыны орайлы пайдаланған кәсіпкерлер қиялдарына ерік беріп, осы бір миниатю­ралық  этникалық ауылда Наурыз мере­ке­сi, Бауырсақ күнi деген секілді ұлттық мей­рам­дарды дүркіретіп өткізеді екен. Соны­мен қатар салт атқа міну, құсбегiлердiң бүркiт салу өнерін көрсету, асық ойнап, алтыбақан тебу секілді құндылықтар қонақтардың қызығушылығын оятқан. Бәлкім, өзге елдердегі қандастарымызды бір рухани орталыққа топтастыру үшін осы үлгіні де жаңғыртуға болатын шығар. Бір жағынан шетелдіктерге қазақты танытып, екінші жағынан сол елдегі қазағымыздың жайын күйттейміз... Әрине, қолдау тапса, бұл шаруаны отандық кәсіпкерлеріміз ұршықша иіріп әкетер еді. 
Қытайдағы қазақ сайты осы мәселені көтерді
2 миллионға жуық қандасымыз ірге­дегі Қытайға қарасты Іле мен Тар­бағатай сағасындағы қазақы тоғыз аудан мен екі қаланың төңірегінде қытай, дүн­ген, ұйғыр секілді ұлттармен қойы қора­лас өмір сүруде. Мұның сыртында дер­­бес Мори, Баркөл, Ақсай секілді ша­ғын автономиялы қазақ аудандары бар. Сонымен қатар Үрімжі, Шыхызы, Қа­ра­­майлы қалаларын­да Алаш баласы тір­ші­лік етуде. Санжы хұйзу (дүнген) авто­номиялы облысына қарасты Санжы, Құты­би, Манас, Жемсары, Шонжы, Фу­каң, Мишуан, ауданда­рында да қазақтар жетерлік. Демек, Қытайда үш аймақтың қазақтары қарай­тын (Тар­бағатай, Іле, Алтай) Іле автоно­миялы қа­зақ облысы бар дегенімізбен, мұның сыр­тында қаншама қазақ Қытай елінің әр мекенінде шашылып жатыр. Осы мәселені көтеріп, жуырда Қытайдағы қазақ жаста­ры­ның senkazakh.com сайты «Қазақ ав­то­номиясының халі» атты мақала жа­рия­лады. Мақала авторы Алтай, Тарба­ғатай аймағындағы қазақ­тар­дың қытай­ланып бара жатқанын сөз ете келіп, осы өлкелерді Іле аймағына қосып, үлкен қа­зақ автономиялық ауда­нын құру қа­жет­тігін айтыпты. Әрине, біздің көзқа­расы­мызбен қарасақ, жақсы идея. Бірақ алып империя саналатын Қытай үшін үй ішінен үй тігіп беру мүмкін нәрсе ме?
Мүмкін жағы
Тарихтан 1952 жылы коммунист ге­не­рал Уаң Жиң Шыңжаңдағы қазақ бай­лары мен зиялыларын қынадай қырған кезде Қытай компартиясының Батыс-Солтүстік бюросының бірінші хатшысы Си Джунсюн мырзаның Қытай басшысы Мао Цзедунға ұсыныс жасап жүріп, қазақтарды аман алып қалуға септігін тигізгенін білеміз. Сол Си Джунсюн – қазіргі Қытай басшысы Си Цзиньпиньнің әкесі. Демек, әкесінің ша­рапаты баласының бойынан табыла біл­се, дамыған Қытай үшін қазақ­тар­ды бір мекенге, бір аумаққа шоғырлан­дыру, сол арқылы ұлттығын сақтауға жәрдем ету аса қиын шаруа емес. Оның үстіне, Қы­тай билігінің қазақ диаспорасына де­ген көзқарасы әрқашанда дұрыс.

Тақырыпқа орай
Род-Айленд штатындағы қазақ ауылы...
АҚШ-тың Род-Айленд штатында қазақ ауылы бар. Бұл да бір қазақ екенімізді ұмыттырмау үшін жасалған қадам көрінеді. Бірақ атауы «Қазақ ауылы» болғаны­мен, бұл штатта ешқандай ауыл жоқ. Әл-Фара­би ­атындағы Қазақ ұлттық универ­си­тетінің журналистика факультетінің ұстазы Қарлыға Мысаева ханымның айтуын­ша, Қазақстаннан АҚШ-қа қоныс аударған балетмейстер Жанат Байдара­лин 2004 жылы қазақты таныстыру мақсатымен «Қазақ ауылы» атты ұйым құрған. Кейінірек америкалық Сьюзан Саксен атты келіншек «Қазақ ауылының» жұмысын дөңгелетіп әкеткен. Оған себеп Сьюзанның қазақ қызы Сараны асырап алуы екен. Ол қызының қазақ екенін білгенін қалайды. Қазір «Қазақ ауылына» Американың жер-жерінде тұратын қазақ балаларын бауырына басқан ата-аналар мүше. Ата-аналар жылына бір мәрте балаларымен бірге «Қазақ ауылына» (негізі лагерь) келіп, қазақтың ұлттық дүниетанымымен, бітім-болмысымен танысады, яғни әрда­йым да олардың санасына қазақ екенін сіңіруге тырысады. 

Түйін
Бір мемлекеттің екінші мемлекеттің ішкі саяси жағдайына араласуына құқығы жоқ. Десек те, демократия заңдылықтары аз ұлттар мен диаспоралардың жойылып кетпеуіне, денационализацияға ұшырамауына негізделе жасалғанын ескерсек, мұндай алаңдаушылық білдірудің әбестігі жоқ. Дүниежүзі қазақтарының І құрылта­йын­да ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақ даласын жайпап өткен 1932-1933 жылдардағы апатты ашаршылық 6 млн қазақтың 2,2 миллионының өмірін жалмап кетті», – деген болатын. 2,2 млн қазақтың қырылуы (кейбір деректерде бұдан да көп) кімнің өзегін өртемеді десеңізші! Ондай өкінішке қалмау үшін тәуелсіз еліміз шетелдегі 5 млн қазақтан тірідей айырылмаудың жолын қарауы қажет. Ол үшін еліміздегі ресми 8172 ауыл мен 86 қаланың жағдайына алаңдағандай, қазақ ұлтының өкілдері мекендейтін шетелдегі елді мекендердің жайына да бас ауыртқанымыз жөн секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста