Саммит кезінде Путиннің Тоқаевқа тапсырған хатында не жазылғаны белгілі болды

Саммит кезінде Путиннің Тоқаевқа тапсырған хатында не жазылғаны белгілі болды

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Sputnik Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хатының мазмұны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Мәскеуде өткен ЕАЭО саммиті кезінде Владимир Путиннің Қырғызстан президенті Садыр Жапаров арқылы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат бергені туралы бейнематериал әлеуметтік желіде тарады.

 

Кадрда Тоқаев жазбаны оқығаннан кейін ресейлік әріптесіне басын изеп, хатты қалтасына салғаны көрініп тұр.

 

Желдібайдың айтуынша, бұл хатта ЕАЭО елдері басшыларының шағын құрамдағы кездесуі барысында қойылған сауалға ресейлік тараптың жауабы жазылған.

 

"Әңгіме қазақстандық компанияларға Ресей темір жолымен ішкі тарифтер бойынша жүк тасымалдауға мүмкіндік беру жайында болды. Ресей үкіметі Қазақстан аумағына баратын тауарларға жеңілдікті тариф қолданылады, ал Ресей арқылы транзитпен өтетін тауарларға экспорттық тарифтер қолданылуы керек деп санайды", - деді баспасөз хатшысы.

 

Оның айтуынша, президент сол мезетте Қазақстан үкіметіне ЕАЭО құру туралы 2015 жылғы келісімнің қағидаттары негізінде осы мәселе бойынша Ресей тарапымен келіссөзді жалғастыруды тапсырған.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста