Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бұрынғыдан өзгерек болуы тиіс

Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бұрынғыдан өзгерек болуы тиіс

Президенттің халыққа арнаған биылғы Жолда­уын­да айтылған өткір мәселенің бірі –еліміздегі шағын қалаларды дамыту. Елбасы осы проблема­ны шешуді Үкіметке тапсыр­ған­нан кейін салаға басым­дық бе­ріліп, тиісті шаралар қолға алы­на бастады. Шағын қала­лар­­­дың жалпы мәселесіне тоқ­тал­сақ.
Елімізде 8 мыңнан 100 мыңға дейін халқы бар 70-ке жуық шағын қала бар екен. Оның барлығы кеңестік кезеңде бой көтергендіктен, бір салаға негізделген. Ал 90-жылдардың басындағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс кезінде өндіріс ошақтары толықтай тоқтап, ғимараттары жекеменшікке өтіп, жаппай талан-таражға түсті. Бүгінде ауылшаруашылық саласын кәсіп еткен немесе теміржол бойына салынған шағын қалалардан басқасының жағдайы мәз емес. Оған нақты дәлел – жұмыссыздық салдарынан күшейген ішкі миграция толқыны. Бір салаға негізделген шағын қалаларды дамытудың уақыты пісіп-жетілгенін Жаңаөзендегі жағдай көрсетіп берді. Бұны Елбасы өзі: «Жаңа­өзен­дегі жағдай бір салалы шағын қала­лар­дың әлеуметтік қатерге жақын екенін көр­сетті», – деп ашық айтқан еді. 
Бұрнағы бағдарлама бойынша не істелген?
Шағын қалаларды дамыту мәселесі бұрын да айтылған, жазылған. Алайда жергілікті шенеуніктердің салғырттығынан жоспардағы жұмыс шабандап, соңы шыр­ғалаңға ұрындырды. 2003 жылдары осы проблема республика деңгейінде көтерілді. Тіпті сол жылы Үкімет қаулысына сәйкес, 2004-2006 жылдарға арналған шағын қалаларды дамытудың бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның паспортында көрсетілгендей, оның мақсаты: шағын қала­лардың әлеуметтiк-экономикалық да­муы үшiн жағдайлар жасау; міндеттері: ша­ғын қалалардың функционалдық тұр­па­тына сәйкес, олардың дамуының негізгi бағыттарын, сондай-ақ экономиканың нақты секторын, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға, халықтың жұмыспен қамтылуын, арттыруға бағыт­талған шараларды айқындау деп көрсетілген екен. Бір қызығы, Президент Жолдауынан кейін осы мәселелер сөзбе-сөз қайта айтылып жатыр. Сонда дейміз-ау, бұдан 6-8 жыл бұрын жүзеге асқан ауқымды бағдарламаға салынған «Қазақстанның Даму Банкi» АҚ, «Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры» (ол кезде ЖАҚ), «Инвесторлық компания: Қазақ­станның инвестициялық қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» қаражаты қайда кетті? Сол бағдарламаның нәтижесі мынадай болу керек екен: 1) бағдарламаны iске асыру одан әрi экономикалық, әлеуметтiк және мәдени даму үшiн шағын қалаларға жағдайлар жасауға ықпал ететiн болады; 2) шағын қалалардың тұрмыс-тiршiлігінiң экономикалық негізi нығаяды, еңбек нарығындағы қауырттылық, көшi-қон бәсеңдейдi, жұмыспен қамту артады және халықтың табысы көбейедi. Ал енді осыған қарап, бұрнағы жылы қабылданып, «жүзеге асқан» бағдарлама нәтижелі болды деп айта аламыз ба? Сол жылдары Парламент депутаты болған Ерасыл Әбілқасымовқа хабарласып: «Парламент тарапынан қандай да бір бақылау болды ма?» – деп әңгімеге тартқан едік.
– Иә, бұл кезінде көтеріліп, күн тәртібіне шығарылған мәселе болатын. Парламент көтерді, Үкімет қаулы қабылдады. Алайда жергілікті әкімшілік осы жағынан осалдық танытты. Жергілікті жердегі жем­қор­лықтың асқынғандығынан, мемлекеттік дең­гейдегі мәселеге жүрдім-бардым қа­рауы салдарынан нәтижесі сіз айтқандай бо­лып шықты. Парламент оны қадағалай­тын­дай, заң шығарушы органда шағын қа­лалардың өзегі болуы тиіс шағын және орта бизнеске, өндіріске тікелей қатысы бар комитет жоқ.  
Жаңа бағдарламада ескерілуі тиіс мәселе көп
Кейінгі жылдары көші-қон үдей түспесе бәсеңдеген емес. Тіпті жоғарыда келтірген 70-ке жуық қаланың 10-нан аста­мы өзге мемлекеттермен шекаралас ау­мақ­тарда тұрғызылған. Қытай, Өзбек­стан, Ресей сияқты көршілеріміз шекаралас елді мекендерінің жағдайын жасауға ты­рысып, «қалқанын» күшейтіп жатқанда, кеңес­тік кезеңде инфрақұрылым тартылған қалашықтарымызды қайта жандандыруға біздің қауқарымыз жетпей келеді.
Бағдарлама жасап, оның жүзеге асқан­ды­ғы туралы көпе-көрінеу есеп беріп құ­ты­лудың соңы жақсылыққа әкелмейтініне көзіміз жетті. Бұрынғы бағдарламалардың жүзеге асуына жемқорлық тікелей кінәлі де­сек, халықаралық ұйымдардың зертте­уіне қарағанда, біздің елде жемқорлықпен белгілі бір деңгейде нәтижелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысының өзі осы мәселеге көңіл аударып отыр. Ен­деше нақты нәтиже болуы тиіс. Президент тап­сырмасы бойынша Үкіметтің енді әзір­лей­тін бағдарламасына қандай мәселелер қам­тылуы тиіс? Биліктің бір тармағы Пар­ла­ментке өткен партиялардың өкілдеріне «жаңа бағдарламаға не ұсынасыз?» деген сауал жолдадық.
Рамазан Сәрпеков, Мәжіліс депутаты:
– Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгенде республикадағы елді мекен­дердің барлығын қамтыдық. Сонда байқа­ға­нымыз бұрындары 30-40 мың халық тұра­­тын шағын қалаларда қазір 10 мың шамасында ғана тұрғын қалған. Бұл әрине, кезінде бір салаға есептеліп салынған қалалардағы өндірістің тоқтап, халықтың жұмыссыз қалуымен байланысты. Шағын қалаларды дамыту мәселесін Елбасының өзі көтеріп отыр ғой. Үкімет әзірлейтін бағ­дарлама көптеген көкейкесті мәселені қам­туы тиіс деп ойлаймын. Алдымен зерттеу жұмыс­тары жүргізілгені дұрыс. Бұрындары қа­лалар тұрғызылған жерлер бекерден- бекер таң­далып алынған жоқ. Олардың бірі жер астындағы қазба байлықтарды өндіру үшін өндірс ошақтарының салынуы­на байланыс­ты, енді бірі ауылшаруашы­лы­ғына қатысты бой көтерген болатын. Жергілікті халық неге бейімді соған қарай жұмыс істеу ке­рек. Кезінде Арқалықта 100 мыңнан астам ха­лық тұрған. Қазір қалада 30 мың шама­сында ғана тұрғын бар. Қа­ла­ның проб­лемасын шешудің мүмкіндіктері туатын бол­са, ескерілетін мәселелер бар. Мысалы, кезінде бүкіл республиканы, алыс-жақын шет мемлекеттерді киіз үймен қамтамасыз еткен Үштөбе қаласы болатын. Алматы облысындағы бұл қалада сол өндірістің технологиясын меңгерген аза­маттар әлі де бар. Яғни әр шағын қаланың бейімделген бағыты бойынша шаруа ұйымдастыру қа­жет. Бағдарлама нәтижелі болу үшін әрбір жұмыс тиянақты атқарыл­ғаны дұрыс.

Азамат Әбілдаев, Мәжіліс депутаты:
– Қазір бүкіл әлемде аймақтану үрдісі жүргізіліп жатыр. Ел экономикасының қуаттылығын қалайтын болсақ, алдымен аймақтағы проблемаларды шешуіміз тиіс. Мем­лекеттік бағдарламада шағын қала­лар­ды дамытудың нақты портреті көрсетіл­гені дұрыс.  Ең алдымен, шағын қалаларда­ғы экономикалық, әлеуметтік, мәдени ин­­фрас­труктураны қалыптастырып, ха­лыққа қызмет көрсетудің жаңа стандартта­рын ен­гізу қажет. Сонда ғана біз жергілікті жастар­ды тұрақты жұмыспен қамтып, ішкі мигра­цияға тосқауыл қоя аламыз.

Түйін
Мақаланы түйіндей келе, мынадай үш ұсыныс айтқымыз келеді. Біріншіден, кешенді бағдарлама қабылданып, жүзеге аса бастаған сәттен оған бақылауды күшейту қажет. Бақылауды облыс басшылары филиал жетекшілері болып табылатын билік партиясынан гөрі, жергілікті зиялылар мен жастардан, қоғамдық ұйымдардан құралған комиссияларға тапсырған дұрыс. Екіншіден, науқаншылдыққа, көзбояушылық пен асығыстыққа жол бермей ел игілігі үшін жұмыс жүргізілуі қажет. Қысқасы, ғұмырлы жоба жеті рет өлшеніп, бір рет кесілгені дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста