Қылмыскерді экстрадициялау қалай жүзеге асырылады?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Кейінгі кезде қоғам «экстрадиция» терминімен жиі бетпе-бет келіп жүр. Ақпарат құралдары құқық қорғау органдары жас банкирлердің өліміне қатысты қылмысты толық ашқандығын баяндап, қандықол қарақшыларды елге экстрадициялау туралы мәселені көтерсе,  ақпараттық кеңістігімізде құлашын еркін сермейтін ресейлік БАҚ-тан да осы терминді жиі естиміз. Экстрадиция дегенді  қылмыскерді, жалпы айыптыны бір елдің екінші елге беруі деп түсінеміз. Халықаралық құқықта экстрадиция мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрес жолындағы ынтымақтастығының халықаралық формасы деп түсіндіріледі.

Экстрадиция эрасы
Орыстан шыққан құқықтанушы Фёдор Мар­тенс өзінің еңбектерінде экстради­ция­­ның үш кезеңін бөліп қарастырады. Оның пайымдауынша, ежелден XVII ға­сырдың соңына дейін қылмыскерлерді бір елден екінші бір елге беру мүлде сирек бол­ған. Бұл уақытта негізінен саяси сат­қын­дар мен еретиктерге қолданылған. Екінші кезең деп қарастырылатын XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың алғашқы жар­ты­сында индустриялану кезінде пайда бол­ған темір жол, автомобильдерді тонау үр­дісі көбейді. Бір мемлекеттің азаматы екін­ші бір елдің территориясында қыл­мыс­тарға барған жағдайлар болған. Ға­лым экстрадицияның үшінші кезеңі деп 1840-1943 жылдар аралығын көрсеткен екен.
Ортақ келісім болмаса, экстрадицияның жыры көп
Экстрадиция туралы айтқанда қандай да бір мемлекет қылмыскер деп танылған азаматты екінші ел оңай қайтара салады деп түсінбегеніміз абзал. Себебі экстра­ди­ция – дипломатияның құндылықтарына сү­йене отырып жүзеге асатын үлкен бір про­цесс. Құқықтық негіздеріне келсек, экстра­диция екі мемлекет арасындағы ке­лі­сімдерге немесе көпжақты қабылданған кон­венцияға сәйкес жүргізіледі. Мысал ре­тінде 1957 жылы Парижде қабылданған Еу­ропалық конвенцияны айтуға болады. Егер мемлекеттер арасында қандай да осы салаға қатысты келісімдер болмаса, экс­тра­дициялау болмай қалуы да мүмкін. Ал Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер бір-бірінен қылмыскерлерді оңай экстра­ди­ция­лап, өзге елдің заңын бұзған өз аза­мат­тарын да тиісті мемлекеттерге тап­сы­ра­ды. Кейінгі кезде біздің қоғамда ше­тел­дегі қылмыскерлерді елге қайтару дегенге сен­бейтін болды. Өйткені заңымызды бе­лінен басып, Батысқа қашқан бірде-бір қыл­мыскер де, қарақшы да қайтарылған жоқ. Неге дейсіз ғой. Себебі қазынаға қол сұқ­қан жемқорлар мен ұлттық қа­уіп­сіз­ді­гі­мізге нұқсан келтірмек болған пасық­тар­дың көбі Ұлыбританияны сағалады. Ес­те­ріңізде болсын, Ұлыбритания – өмірі экс­тра­диция жасамаған ел. Испания, Ни­дер­ланды, Португалия сияқты мемлекеттер ті­сін басып жүрген Фрэнсис Дрейк бас­та­ған қарақшыларды қамқорлығына алған да – Ұлыбритания, Иран билігі өлім жаза­сы­на кескен, ислам елдерінен нон-грата алған жазушы С.Рушдидің басынан си­па­ған да  – осы ел. Сондықтан да Борис Бе­ре­зовский, Мұхтар Әблязов сияқты «түйені түгімен жұтқан» жемқорлар Лон­донды па­налады. «Нұрбанк» топ-ме­нед­жер­лерін ай­­уандықпен өлтірді деп айып­талған Әлиев, Кошляк бас­таған қылмыстық топ­ты елге экстра­ди­ция­лау мәселесі күн тәртібіне шығарылды. Ел­басының өзі істі соңына дейін жеткізуді тап­сырды. Австрия билігі алғашқы сұрау­ды кері қайтарыпты. Кеше ІІМ Қал­мұханбет Қа­сымов: «Біз енді қайтадан құжаттарды да­йындап жатыр­мыз», – деп мәлімдеді. Австрия мен Қа­зақстан арасында барлық жағынан ын­ты­мақтастық орнаған. Саяси, экономикалық, мә­дени байланыстар жо­ғар­ғы деңгейде. Алайда «Австрияда деп жүр­­ген қыл­мыс­керлер Мальта мемлеке­тін­де жүр» деген де мәлімет бар. Бұл ақ­па­рат шын болса, онда Мальтадан экстради­ция­лау ұзаққа созылатын түрі бар. Өйткені Қазақстан мен Мальта арасында осы са­лаға қатысты қабылданған ортақ ке­лісім құ­жат жоқ. Социалистік елдер экстра­ди­ция­ны қандай да бір келісімдерсіз жүзеге асы­ра береді. Мысалы, 1997 жылы куба­лық курорт­тар­дың бірінде террористік әре­­кеттер ұйым­дастырмақ болған Саль­ва­дор азаматын был­тырғы жылы Вене­суэ­ла жағы тап­сыр­ған болатын.
Экстрадициялау тәртібі
Азаматты табыс ету үрдісі бір мемле­кет­тің екінші бір мемлекетке сұрау салуы ар­қылы басталады. Сұрауға жауап жол­дан­ған тіл бойынша беріледі немесе ағыл­шын немесе француз тілдерінде жолдануы тиіс. Сұрау Сыртқы істер министрлігі не­ме­се құқық қорғау органдары (Ішкі істер ми­нистр­лігі, Әділет министрлігі, прокуратура) арқылы жүзеге асырылады.

Төл тарихтағы экстрадиция
Тарихтағы жүзеге аспай қалған экстрадициялардың бірі ретінде шүршіттер қылмыскер, қазіргі тілмен айтқанда, сепаратист, экстремист деп таныған Әмірсананы Абылайдың Қытайға бермей қоюын айтуға болады. Әрине, ол кезеңде мемлекеттер арасында қылмыскерлерді қайтару туралы ешқандай да халықаралық құжат болмаған. Яғни бұл жерде қазақтың сертіне беріктігі бәрінен жоғары тұр.

Қытай, Жапония, Израиль, Литва сынды мемлекеттер өз азаматтарын өзге елге бермейді. Тіпті Жапония басқа елдің азаматтарын да экстрадицияламайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста