Қазақстанның Украинадағы елшісі шұғыл мәлімдеме жасады

Қазақстанның Украинадағы елшісі шұғыл мәлімдеме жасады

Қазақстанның Украинадағы және Молдова республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаев соғыс болжанғандықтан, Украина экономикасы құлдырай бастағанын айтты.

Қазақстанның Украинадағы және Молдова республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаев шұғыл мәлімдеме жасады.  

Ол Информбюро бағдарламасына берген сұхбатында, елдегі жағдай тұрақыт екенін айтты. Алайда, соғыс болжанғандықтан, елдегі экономика құлдырай бастаған. 

«Украинада болып жатқан жағдайды өздеріңіз көріп, біліп отырсыздар. Бұл мәселелер Украина экономикасына өте күрделі өзгерістер енгізіп жатыр. Бүгінгі таңда, әрине, халықтың көңіл-күйі түсіп кеткен. Біреу үйіңе есігіңді теуіп кіріп жатса, қандай сезімде болар едің», - деді Дархан Қалетаев.  

Оның айтуынша, Киевте қазір тыныш. Елші «соғыс болып жатыр» деген бос сөз деп сендірді. Украинада қазір екі мың қазақстандық тіркеуде тұр.

«Олардың бәрімен тікелей хабардамыз. Қауіп төнген жағдайда қалай жұмыс істеуіміз керек екені жөнінде жоспарымыз бар. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігімен бұл мәселе келісілген. Әрине, ең бастысы – әуе жолы. Қазір ғана Air Astana әуе компаниясының басшылығымен тікелей телефон арқылы келіссөз жүргіздім. Қалай жұмыс істеуіміз керек екені жөнінде толық түсінік бар. Егер әуе жолы жабылса, басқа да жолдар бар», - деді Қалетаев. 

Еске салсақ, бұған дейін Украинаның сыртқы істер министрі Ресейдің бұрынғы Кеңес Одағын құруға тырысып жатқанын мәлімдеген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста